«самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамының ішкі аудитін ұйымдастыру бойынша саясат мазмұНЫ




Скачать 384.31 Kb.
Название«самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамының ішкі аудитін ұйымдастыру бойынша саясат мазмұНЫ
страница1/4
Дата конвертации15.01.2013
Размер384.31 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4
«Самұрық-Энерго» АҚ

Директорлар кеңесінің

2009 жылғы 8 қазандағы

шешімімен бекітілген

№26 хаттама

«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ІШКІ АУДИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША САЯСАТ

МАЗМҰНЫ

  1. Жалпы ережелер.............................................................................................................

3


  1. Сапалы сипаттамалар стандарты................................................................................

3


2.1. Тәуелсіздік және объективтілік.................................................................................

3


2.2. Кәсіби құзыреттілік....................................................................................................

3


2.3. Жұмыс сапасын бақылау...........................................................................................

4


  1. Этикалық стандарттар...................................................................................................

4


  1. Қызмет стандарттары....................................................................................................

5


    1. Жылдық аудитті жоспарлау.......................................................................................

5


    1. Жеке аудиторлық тапсырманы жоспарлау...............................................................

8


Аудиторлық тапсырманың мақсаттары.......................................................................


8

Аудиторлық тапсырманы алдын ала жоспарлау.........................................................


9

Аудиторлық тапсырманы орындау үшін ресурстарды анықтау................................


10

Аудиторлық тапсырманы жоспарлау туралы меморандум құру..............................


10

Аудиторлық тапсырманы құру.....................................................................................


11

4.3.Аудиторлық тапсырманы орындау............................................................................


11

4.4. Аудиторлық есеп.........................................................................................................


16

4.5. Берілген кеңестердің орындалу мониторингі...........................................................


19

4.6. Жұмыс құжаттамасы...................................................................................................


20




  1. Жалпы ережелер




  1. Ішкі аудитті ұйымдастыру бойынша осы саясат (бұдан әрі – Саясат) «Самұрық-Энерго» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) ішкі аудитін ұйымдастырудың біртекті негізгі принциптері мен рәсімдерін орнату мақсатында әзірленген.




  1. Сапалы сипаттамалар стандарттары




    1. Тәуелсіздік мен объективтілік


2. Қоғамның Ішкі аудит қызметінің (бұдан әрі – Қызмет) тәуелсіздігі өз міндеттері мен қызметін орындау кезінде сәйкесінше ұйымдастырушылық мәртебемен қамтамасыз етіледі, ол Қызметтің Қоғамның Директорлар кеңесіне бағынушылығын және есептілігін мегзейді. Қызмет әрекетін тікелей басқаруды Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитет жүзеге асырады.

3. Қызмет өзіне жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындау барысында олардың дұрыс орындалуы мен объективті және алалаусыз пікірді қамтамасыз ету мақсатында қандай да бір тұлғаның әсер етуінен тәуелсіз болуы тиіс.

4. Қызметтің тәуелсіздігінің критерийі жылдық аудиторлық жоспарды құру, қойылған мақсатқа жету және аудиторлық қорытындыларды көрсету үшін ішкі аудит әдістері мен рәсімдерін, жұмыс көлемін таңдау кезіндегі тәуелсіздік болып табылады.

5. Ішкі аудиторлар өз жұмыстарында адал және теріс пікірде болмауы тиіс және мүдделер қақтығысына жол бермеуі қажет.

6. Өз қызметін орындау кезіндегі объективтілік пен адалдылық принциптерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ішкі аудиторлар кейінірек ішкі аудитке ұшырауы мүмкін қандай да бір қызмет түріне тартылмауы және аудитке ұшырайтын мерзім аралығында атқарылатын аудит қызметімен немесе функциясымен айналыспауы тиіс.



    1. Кәсіби құзыреттілік


7. Ішкі ауторлар дербес міндеттерін орындауға қажетті білім және дағдыны иеленуі қажет.

8. Қызмет қызметкерлер құрамы өз рөлін орындауға қажетті ұжымдық білімді игеруге және оны үздіксіз біліктілікті көтеру процесінде жетілдіріп отыруға міндетті.

9. Ішкі аудиторлар аудиторлық тапсырма мақсаттарына жету үшін қажетті жұмыс көлемін, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау жіне корпортативтік басқару жүйелерінің барабарлығы мен тиімділігін бағалай отырып, жұмысқа деген кәсіби қатынастарын көрсетуі қажет.

10. Егер Қызмет қызметкерлер құрамы аудиторлық тапсырма немесе осы тапсырма бөлімдерін орындауға қажетті жеткілікті білім мен дағдыны иеленбесе, Қызмет белгіленген тәртіпте кеңесшілерді тартуға немесе ішкі аудитте аутсорсинг/косорсинг пайдалануға құқылы.


    1. Жұмыс сапасын бақылау


11. Қызмет жетекшісі жұмыс сапасын қамтамасыз ету бойынша қабылданған іс-шаралардың орындалуын үнемі қадағалап отыруы керек. Іс-шаралар жұмыс сапасын және Қызмет әрекеті Қоғамда қабылданған ішкі аудитті ұйымдастыру жөніндегі саясатқа сәйкес орындалып жатқандығына сенімді қамтамасыз ету мақсатында әзірленуі тиіс.

12. Қызмет жетекшісі жұмыс сапасын қамсыздандыру бойынша шаралардың жалпы тиімділігінің мониторингін жүргізуді қамтамасыз етеді. Аталған процесс сыртқы бағалаудан және дербес бақылаудан тұруы қажет.

13. Қызмет жұмысының сапасына шолу бойынша сыртқы бағалау белгіленген тәртіпте және/немесе Қоғам акционерлерінің Жалпы жиналысында таңдалған сыртқы аудитормен 3 жылда бір реттен кем емес жүргізілуі қажет.

14. Қызмет жетекшісі аудиторлық тапсырманың жоспарлы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету үшін аудиторлық тапсырманың орындалу процесінің барысында жұмыс сапасын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар тиімділігінің жалпы мониторингін жүргізіп отыруы шарт.

15. Ішкі аудиторлар жұмысының сапасын бақылау жүйесі стандартты рәсімдер мен саясаттарға, сондай-ақ нақты объектінің аудиторлық тапсырмасын орындауға тартылған қызметкерлер құрамын басқару және аудиторлық тапсырманы орындау тапсырылған Қызмет жетекшісі мен аудиторлық тапсырма жетекшісінің кәсіби пікіріне негізделіп:

1) Ішкі аудиторлардың тәуелсіздік, адалдық, объективтілік, құпиялылық және кәсіби этика стандарттарын сақталуын;

2) Ішкі аудит әдістері мен рәсімдерінің және оның нәтижесі бойынша әзірленген жұмысшы құжаттаманың Қоғамда қабылданған ішкі аудитті ұйымдастыру бойынша саясатқа сәйкестігін;

3) Аудиторлық тапсырма жетекшісі мен Қызмет жетекшісінің назарына аудиторлық қорытындының мазмұнына әсер етуі мүмкін ішкі аудиттің негізгі нәтижелерін жеткізуін;

4) Ішкі аудиторлар өздеріне жүктелген міндеттерді орындамаған немесе толық орындамаған жағдайда оларға қатысты қажетті шаралар қабылдауды біріктіреді.

16. Ішкі аудиторлар жұмысының сапасын бақылау жүйесі сондай-ақ Қызмет жетекшісінің аудиторлық тапсырмаларды жоспарлау және орындау кезіндегі ішкі аудиторлардың кәсіби сапаларын тиімдірек пайдалану үшін және жұмыс сапасын көтеру мақсатында ішкі аудиторларды кәсіби оқытуды одан әрі жоспарлауға арналған қажетті ақпаратты алуына септеседі.

17. Қызмет жетекшісі сапаны бақылау үлгісіне сәйкес ішкі аудиторлар жұмысының сапасын бақылау жүйесі бойынша рәсімдер әзірленуін қамтамасыз етуі тиіс (1-қосымша нысанында).


  1. Этикалық стандарттар


18. Ішкі аудиторлардың этикалық мінез-құлқы келесі принциптерге негізделуі қажет: адалдылық, объективтілік, құпиялылық, кәсіби құзыреттілік.

19. Адалдылық – оған сәйкес ішкі аудиторлар өз жұмысын адал және жауапкершілікпен орындауға міндетті және егер ішкі аудиттің кәсіби стандарттарын талап ететін болса, сәйкесінше ақпаратты жариялауға тиіс принцип.

20. Объективтілік – оған сәйкес ішкі аудиторлар аудит объектісі туралы ақпаратты жинау, бағалау және беру процесінде кәсіби объективтіліктің ең жоғары деңгейін көрсетуге міндетті және өз пікірлерінде өзіндік мүдделер мен өзге тұлғалардың мүдделері әсеріне ұшырамайтын принцип.

21. Құпиялылық – оған сәйкес ішкі аудиторлар өз өкілеттіктеріне сәйкес алатын ақпаратты жарияламауға тиіс принцип, мұндай ақпаратты жариялау оны ұсыну шарттарымен немесе заңнамаға сәйкес қажет болған жағдайдан басқа.

22. Кәсіби құзыреттілік – оған сәйкес ішкі аудиторлар ішкі аудит қызметін көрсетуге қажетті білім, дағды және тәжірибесін толық көлемде қолдануға, өзінің кәсіби шеберлігін, сонымен қатар жұмыс сапасын үздіксіз көтеріп отыруға міндетті принцип.


  1. Қызмет стандарттары




    1. Жылдық аудитті жоспарлау


23. Қызмет жетекшісі Қоғам үшін ішкі аудиттің толыққанды пайдалылығын қамтамасыз ету мақсатында Қызметті тиімді басқаруы шарт.

24. Ішкі аудиттің тиімділігін көтеру мақсатында Қызметке арнайы мамандандырылған аудиторлық бағдарламалық қамсыздандыруды пайдалану ұсынылады. Сондай-ақ қызмет әрекеті үшін тәуекелдерді басқару саласындағы бірыңғай бағдарламалық қамсыздандыру және жалпы корпоративтік масштабқа ие бағдараламалық қамсыздандырумен интеграция лайық.

25. Жыл сайын, 1 қарашадан кешіктірмей Қызмет келесі жылға аудиторлық жоспардың жылдық жоспарын әзірлеуді бастап, онда ішкі аудитке тиесілі бизнес процестерді, рәсімдерді, не қызмет түрін, не функциясын (Қоғам бөлімшелері) көрсетуі қажет.

26. Жылдық аудиторлық жоспар әзірлеудің алдындағы алдын ала рәсім Аудит салаларының картасын (тізбесін) құру/жаңалау болып табылады, ол Қоғамның барлық бизнес процестерімен анықталады, соның ішінде еншілес және қажет болғанда қоғамның тәуелді және бірлесе бақылайтын ұйымдарымен жүзеге асырылатын жобаларды алып жүруі бойынша. Сонымен қатар Аудит салаларының картасын құру/жаңарту кезінде еншілес, тәуелді және қоғамның бірлесе бақылайтын ұйымдарындағы қатысу үлесін алу немесе сатуды қоса алғандағы Қоғам активтерінің құрылымы есепке алынады.

27. Аудит салаларының картасы белгіленген тәртіпте Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитетімен мақұлдануы қажет.

28. Жыл сайын немесе қажет болғанда аудит салаларының картасы жаңартылып, белгіленген тәртіпте мақұлдау рәсімінен өтеді.

29. Қоғамның Директорлар кеңесінің тапсырысы бойынша Қызмет Аудит саласы картасымен көзделмеген бизнес процестердің осындай бизнес процестердің ішкі бақылау жүйесін алдын ала бағалау негізінде аудиторлық тексеріс жүргізуі мүмкін.

30. Ішкі аудитке жататын салаларды анықтағаннан кейін ішкі аудиторлар әрбір саланың маңыздылығын Қызмет алдына қойылған міндеттер тұрғысынан бағалап, жылдық аудиторлық жоспармен қамтылуы тиіс бағыттарды анықтауы тиіс. Мұның өзінде Тәуекелдер картасына сәйкес ең жоғары тәуекелдермен байланысты Қоғам қызметінің бизнес процестері мен бағыттарына және/немесе ішкі бақылау жүйесі ең сенімсіз болып келетін бизнес процестерге ерекше мән беріледі.

Осылайша жылдық аудиторлық жоспарды әзірлеу үшін негіз оны құрастыру тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау тиімділігі үшін жауапкершілік жүктелетін қоғам жетекшілігімен қамтамасыз етілетін Тәуекелдер картасы және ішкі аудиторлармен құрастырылған Аудит салаларының картасы болып табылады. Қызмет қоғам кезігетін өзекті тәуекелдердің бағалануын тексеруі, сонымен бірге орындалған аудиторлық тапсырмалармен ұсынылған ақпараттар негізінде ұсыныстар әзірлеу жолымен тәуекелдерді басқаруды көмек көрсетуі шарт.

31. Қызмет жетекшісі жоспарды орындау үшін қызмет ресурстарын, соның ішінде ішкі аудитті өткізуге кететін уақыт пен ішкі аудиторларды біліктілігін көтеруге қажетті уақыт шығындарын және олардың жыл сайынғы еңбек демалыстарын (3-қосымша нысаны бойынша) есептерін ескере отырып жылдық аудиторлық жоспарды (2-қосымша нысаны бойынша) құрастыруды қамтамасыз етуі тиіс. Бұған қоса сыртық аудиторлармен жүргізетін қоғам аудитындағы ішкі аудиторларды қатыстырумен байланысты уақытты есепке алу қажет.

32. Жылдық аудиторлық жсопардың қажетті масштаб ауқымын анықтау үшін Қызмет келесілерді ескеруі қажет:

1) Ресурстар жоғары тәуекелдер тән бизнес процестерге және қызмет әрекетінің бағыттарына шоғырлануы керек;

2) Аудиторлық жоспарға қоғам жетекшісі тәуекелдерді бағалау процесі нәтижесінде «өзекті» («жоғары») деп анықтаған өзекті тәуекелдер қосылуы шарт;

3) Аудиторлық жоспарға рейтинг критерийлерінің дұрыстығын және тәуекелдер тобын анықтау мен аудиттің жан жақты қамтылуын қамтамасыз етудің дұрыстығын растау үшін өзекті емес (орташа) және төмен тәуекелдердің дұрыс саны қосылуы тиіс;

4) Қоғам бюджетінің құны мен құрылымын, еншілес және қажет болғанда қоғамның тәуелді және бірлесе бақылайтын ұйымдарының бизнес жоспарлары;

5) Қоғамның корпоративтік құрылымындағы өзгерістерді;

6) Қоғам қызметінің нақты бағыттары бойынша, соның ішінде ішкі бақылау жүйесінің сапасына және соңғы уақытта ішкі бақылау жүйесіне енгізілген өзгертулерге қатысты қызметке өкілеттілік берілген ақпаратты;

7) Процестерді/жобаларды енгізуге және әзірлеуге жоспарланған және модификацияланған шолу нәтижелерін;

8) Жетекшінің және қоғамның салалық бөлімшелерінің аудит жүргізу туралы ұсыныстарын;

9) Қызмет басқалардың, мысалы, сыртқы аудиторлардың, реттеуші және қадағалаушы органдардың, сарапшылардың, бағалаушылардың жұмысын пайдалануы мүмкін дәрежесін.

33. Жылдық аудиторлық жоспарды құру кезінде қызмет сәйкесінше ұсыныстар берумен және бағалаумен байланысты маңызды міндеттердің біріне қажетті назарын аударып, келесі мақсаттарға жету үшін корпоративтік басқару процесін жетілдіруге бағытталуы қажет:

1) Қоғам шеңберінде сәйкесінше этикалық стандарттар мен құндылықтарды енгізу, сақтау және дамыту;

2) Қоғамның бөлімшелері мен сәкесінше органдардың бақылауы және тәуекелдер мәселелері бойынша ақпаратпен тиімді қамсыздандыру;

3) Қызметті тиімді үйлестіру және Директорлар кеңесі, қоғамның атқарушы органы, сыртқы және ішкі аудиторлар арасындағы ақпарат алмасуы.

34. Қызметтің іс-әрекетін жоспарлауға негіз ретінде алынған бағаларды пайдаланудың негізделгенін растау үшін Қызмет Қоғамның тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-әрекетін, тым болмағанда, жыл сайын тексеріп отыруы қажет.

35. Жылдың аудиторлық жоспардың жобасын (алдағы жылға) бекітуге Қоғамның Директорлар кеңесі 1 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынуы керек. Мұнымен қоса, аудиторлық тапсырмаларды орындау мерзімі аудит объектісінің ағымдағы іс-әрекетіне барынша аз әсер ету мақсатымен бекітілуі тиіс.

36. Аудиторлық жоспармен қамтылмайтын облыстармен байланысты тәуекелдерді бағалауда Қоғамның Директорлар кеңесіне көмек көрсету мақсатында жылдық аудиторлық жоспар жобасымен бірге Қызмет аудиттің аудиторлық жоспарға енгізілмеген негізгі облыстары мен олардың қосылмауының себептері көрсетілген аудиторлық жоспар негіздемесі бойынша сараптамалық жазбаны қоса тапсырады.

37. Қызмет Басшысы жаңа тәуекелдер анықталған жағдайда және/немесе бұрыннан бар тәуекелдерді қайта бағалау нәтижесінде бекітілген тәртіп бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігін анықтау үшін, сондай-ақ Қоғамның Директорлар кеңесінің Қызметтің жеткілікті ресурстарын талап ететін жаңа тапсырмаларын енгізу үшін белгілі бір уақыт аралығында жылдық аудиторлық жоспарды қайта қарап отыруы керек.

38. Директорлар кеңесі бекіткен жылдық аудиторлық жоспарын, ақпарат беру мақсатында, Қызмет басшысы Қоғамның атқарушы органының басшысына ұсынады.

39. Бекітілген жылдық аудиторлық жоспарға сәйкес Қызмет тоқсандық аудиторлық жоспарды1 әзірлейді, оны Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитетінің төрағасы бекітеді.

40. Тоқсандық аудиторлық жоспар аудиторлық тапсырмалардың күнтізбелік жоспары түрінде дайындалады, оның ішінде:

1) аудиторлық тапсырмалардың атаулары;

2) аудитке түсетін бизнес процестердің (аудит объектілерінің) атаулары;

3) аудиторлық тапсырмаларды орындау мерзімі;

4) аудиторлық тапсырмалардың мақсаттары қамтылады.

1 Тоқсандық аудиторлық жоспар барынша оңтайлылық беру мақсатында (аудиторлық жоспарға) әзірленген жылдық аудиторлық жоспарға енгізілген аудиторлық тапсырмалардың күнтізбелік графигі түрінде жасалады, себебі аудиторлық тапсырмалардың орындалу кезектілігі (жылдық аудиторлық жоспарда қарастырылған) жыл барысында алынған жаңа ақпарат пен Қоғамның Директорлар кеңесінің тапсырмаларын есепке ала отырып, Қоғамның Директорлар кеңесі Аудит бойынша комитеті төрағасының келісімімен қайта қарастырылып, түзетулер енгізілуі мүмкін.
4.2. Жеке аудиторлық тапсырманы жоспарлау
41. Ішкі аудиторлар, ішкі аудиттің нәтижелі өтуі мақсатында, әрбір аудиторлық тапсырманың жоспарлану процесін әзірлеп, құжат түрінде ресімдеуі тиіс.

Аудиторлық тапсырманың басшысы жеке аудиторлық тапсырманы жүргізу үшін шығындар есебін әзірлейді (4-қосымшаның нысаны бойынша)

42. Аудиторлық тапсырманы жоспарлау процесі келесі кезеңдерді қамтиды:

1) аудиторлық тапсырманың мақсаттарын анықтау;

2) аудиторлық тапсырманы алдын ала жоспарлау, оның ішінде аудиторлық бағдарламаны әзірлеу және ішкі аудитті жүргізу үшін жұмсалатын уақытты есептеу;

3) аудиторлық тапсырманы орындау үшін ресурстарды анықтау;

4) аудиторлық тапсырманы жоспарлау туралы меморандумды құру;

5) аудиторлық тапсырманы құру.

43. Аудиторлық тапсырманы жоспарлауды аудиторлық тапсырманың басшысы ішкі аудиторларды қосу арқылы жүзеге асырады.

44. Аудиторлық тапсырманы жоспарлау процесі, ереже бойынша, күнтізбелік аудиторлық жоспарға сәйкес, аудиторлық тапсырманы жүзеге асырудан 15 жұмыс күні бұрын басталады.

45. Аудиторлық тапсырманы жоспарлау бойынша материалдар Қызмет басшысының қарастыруына аудиторлық тапсырманы жүзеге асыру басталардан 5 жұмыс күні бұрын ұсынылады.

46. Аудиторлық тапсырманы жоспарлаудың сапасы, толықтығы және уақытында дайын болуы, сондай-ақ жоспарлау бойынша материалдарды Қызмет басшысына ұсыну үшін жауапкершілік аудиторлық тапсырма басшысына жүктеледі.

47. Қызмет аудиторлық тапсырманың негізінде, жоспарлау рәсімдерін жүзеге асырмай-ақ, кезектен тыс аудиторлық тапсырманы орындауға (оларды орындау мерзімінің қысқалығы жағдайында) немесе мүлік пен міндеттемелерді инвентаризациялауға құқылы.

  1   2   3   4

Похожие:

«самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамының ішкі аудитін ұйымдастыру бойынша саясат мазмұНЫ icon«Самұрық-Энерго» АҚ дивидендтік саясаты астана қ., 2011 ж. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго»
«Самұрық-Энерго» АҚ осы дивидендтік саясаты (бұдан әрі – Саясат) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына,...
«самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамының ішкі аудитін ұйымдастыру бойынша саясат мазмұНЫ icon«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Басқармасы туралы ереже Жалпы ережелер Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы»
Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі Қоғам)...
«самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамының ішкі аудитін ұйымдастыру бойынша саясат мазмұНЫ icon«Kазпошта» АҚ ішкі аудитті ұйымдастыру бойынша саясаты «Kазпошта»
Осы Саясат (бұдан әрі – Саясат) «Казпошта» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) ішкі аудитін ұйымдастыру үшін бірегей негіздік қағидаттар мен рәсімдерді...
«самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамының ішкі аудитін ұйымдастыру бойынша саясат мазмұНЫ icon«Самұрық-Энерго» АҚ Ақпараттық саясаты
Саясат) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы»...
«самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамының ішкі аудитін ұйымдастыру бойынша саясат мазмұНЫ icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы «24» наурыздағы шешімімен бекітілді
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір...
«самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамының ішкі аудитін ұйымдастыру бойынша саясат мазмұНЫ iconМүшелерінің сыртқы сарапшыларды тартуы бойынша саясат астана қ., 2011 ж. 1-бөлім. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго»
Саясат Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне,...
«самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамының ішкі аудитін ұйымдастыру бойынша саясат мазмұНЫ icon«Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасы шешімімен
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның (бұдан әрі Қоғам) 2008-2010 жылдарға арналған Кадрлық саясаты (бұдан әрі – Кадрлық саясат) адами ресурстарды...
«самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамының ішкі аудитін ұйымдастыру бойынша саясат мазмұНЫ icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен 2011 жылғы 11 мамырдағы №47 хаттама «Самұрық-Энерго» АҚ
Саясатының (бұдан әрі Саясат) мақсаты – халықаралық ohsas 118001-2007 стандартына сай келетін менеджмент жүйесін енгізу
«самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамының ішкі аудитін ұйымдастыру бойынша саясат мазмұНЫ icon2007 жыл 1-бап. Жалпы ережелер
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі Қоғам) Директорлар кеңесінің Хатшысы – Корпоративтік хатшы туралы осы Ереже (әрі...
«самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамының ішкі аудитін ұйымдастыру бойынша саясат мазмұНЫ icon«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасы Мазмұны
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница