Жоба Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Астана қ. Мазмұны




НазваниеЖоба Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Астана қ. Мазмұны
страница1/13
Дата конвертации15.01.2013
Размер1.47 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің Жоба № 1222 қаулысымен

бекітілген

Жоба

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау

министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

Астана қ.
Мазмұны

1. Миссия және пайымдау


2. Ағымдағы ахуалды талдау


3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қызметінің стратегиялық бағыттары,

мақсаттары және міндеттері


4. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің функционалдық мүмкіндіктері және

ықтимал тәуекелдер


5. Бағдарламалық және өзге нормативтік құқықтық құжаттардың тізбесі


6. Бюджеттік бағдарламалар


  1. Миссия және пайымдау


Миссия: қазіргі және болашақ ұрпақтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қоршаған ортаны сақтау, өсімін молайту және сапасын жақсарту, Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуін қамтамасыз ету жөнінде жағдайлар жасау.
Пайымдау: экологиялық заңнама және ең жақсы халықаралық тәжірибе және стандарттар негізінде оны сақтау тетіктері қоршаған ортаға эмиссияларды төмендетуді қамтамасыз етеді, ең жақсы технологияларды енгізу және табиғат қорғау іс-шаралары табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануды және қалпына келтіруді қамтамасыз етеді, институционалдық шаралар орнықты даму қағидаттарын елдің әлеуметтік экономикалық дамуының әртүрлі аяларына енгізуге мүмкіндік береді, қоршаған орта мониторингінің жүйесін және гидрометқызметті жаңғырту ауа-райын, сұрапыл табиғат құбылыстарын сенімді болжауды және халықтың қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпаратқа қол жетімдігін қамтамасыз етеді.
2. Ағымдағы ахуалды талдау
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 14 қарашадағы № 216 Жарлығымен бекітілген 2007 – 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) басымдықтар ретінде ресурстарды және энергияны тиімді пайдалану мәселелерін, теңгерімделген демографиялық саясатты, экологиялық орнықтылықты қамтамасыз етуді қояды. Дәл осымен экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешудегі мемлекеттің рөлі артады. 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 848 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен орнықты дамуға көшудің нысаналы көрсеткіштері қабылданды. Бұл құжатта маңызды экономикалық, әлеуметтік, экологиялық параметрлердің нақты мәндері анықталған, оларға біздің ел 2009, 2012, 2018 және 2024 жылдарға қарай қол жеткізуді көздеп отыр.

2007 жылы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін қабылдау халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етуге және Қазақстан қолданатын қағидаттарды ең жақсы халықаралық тәжірибемен үндестіруге мүмкіндік берді.

Сол уақытта табиғат ресурстарын ұтымсыз пайдаланумен және қоршаған ортаны ластаумен үйлесетін отандық индустрияның қазіргі заманғы сатыдағы интенсивті дамуы қоршаған ортаға антропогендік әсерді төмендету жөніндегі неғұрлым прогрессивті тетіктерді қолдануды талап етеді.

Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарының атмосфераға шығарындылары жылына үш миллион тоннадан астамды құрайды, олардың ішінде 85 %-ы 43 ірі кәсіпорынға келеді. Жер беті суларын ластау, қоқыстау және тозу үдерісі жалғасып келеді, оны басты себебі су айдындарына тазартылмаған немесе жеткіліксіз тазартылған сарқынды суларды төгу болып табылады. Су объектілеріне жыл сайынғы төгінділер 2,5 миллион тоннадан астамды құрайды. Әлі күнге дейін халықтың сапалы ауыз суға қол жетімдігінің проблемасы өзекті тұр.

Жеке оң қозғалыстарға қарамастан, ауаның, топырақтың және судың ластануы сияқты факторлардың адамдардың денсаулығына және экожүйеге кері әсерін байқаулы төмендетуге жалпы қол жеткен жоқ.

Ауаны автомобиль көлігімен ластау көлемдері неғұрлым қауіпті болып келеді, бұл республика аумағындағы автокөлік құралдары санының қарқынды өсуімен шартталған. Бұл проблема республиканың ірі қалаларына неғұрлым өзекті, мұнда ауа бассейнін ластауға автокөлік үлесі жалпы қалалық жиынтық шығарындылардың 60 %-ына және одан астамына жетеді. Автокөлік құралдарына және автомотор отындарына техникалық талаптар бөлігінде экологиялық қауіпсіздік жөніндегі жаңа нормативтерді және заңнамалық актілерді, халықаралық стандарттарды енгізу, сондай-ақ автокөліктік құралдарының экологиялық әсерін ғылыми негізделген талдау қажет.

Өндірістік қалдықтарымен ахуал барынша қанағаттандырарсыз болып қалып отыр. Қабылдап жатқан шараларды біздерді дамыған елдердің стандарттарына әлі де жақындатпайды. Қазіргі уақытқа қарай қазақстандық кәсіпорындарда 16 миллион тоннадан астам қалдық жинақталған. Жыл сайын олардың саңы 650 миллион тоннадан астамға өседі, бұл уақытта түзілген қалдықтардың шамамен 15 % кәдеге жаратылады. Салыстыру үшін: дамыған елдерде бұл көрсеткіш
30 %-дан асады.

Осыған байланысты барынша проблемалық мәселелер болып мыналар тұрады:

1) ірі қалалар мен өнеркәсіптік орталықтардың ауа бассейндерінің ластануы. Каспий және Балқаш өңірлері;

2) жер беті және жер асты суларының ластануы, трансшекаралық су проблемалары;

  1. өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы;

  2. су бұру жүйелерінің және канализациялық тазарту құрылыстарының қанағаттандырарсыз жай-күйі;

  3. шөлейттену үдерістері;

  4. Арал және Семей экологиялық апат аймақтары;

  5. «тарихи» ластанулар.

Көрсетілген проблемаларды шешу үшін бірінші стратегиялық бағыт ретінде қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту ерекшеленген, оның мақсаттарына қоршаған ортаға эмиссияларды төмендету және табиғи ортаны қалпына келтіру кіреді.

Қоршаған ортаға эмиссияларды төмендету индустриялық объектілерді диверсификациялау және техникалық
қайта жарақтандыру, озық қолжетімді технологияларды енгізу, «30 корпоративтік көшбасшы» Бағдарламасын іске
асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады. Еуроодақ тәжірибесі бойынша нормативтік эмиссиялардан өзге энергия тиімділік, энергия және ресурс үнемдеу критерийлерін, сондай-ақ озық қолжетімді технологияларға көшу мерзімдері мен тәртібін қосатын кешенді экологиялық рұқсаттар енгізілуде. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері негізінде экологиялық нормалау енгізілетін болады, сондай-ақ нормаланатын заттардың тізімі мәнді қысқартылатын болады.

Олардың кәсіпорындарына елдің стационарлық көздерден ауаға шығарындыларының 10 %-ы, уытты қалдықтардың мәнді үлесінің түзілуі келетін шикі мұнайды және ілеспе газды өндіруден қоршаған ортаға жүктемені төмендету мақсатында мұнайды өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі кәсіпорындарды «Жасыл мұнай – Зеленая нефть» қағидаты бойынша экологиялық стандарттарға сәйкестікке мемлекеттік сертификаттау ұйымдастырылатын болады.

Қазақстан Республикасының аумағында айналуға шығарылатын автокөліктік құралдардың зиянды (ластаушы) заттарының шығарындыларына техникалық регламентті қолданысқа енгізумен Еуро-2 экологиялық кезеңде 2009 жылғы қаңтардан бастап аталған техникалық регламенттінің 3-қосымшасында көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келмейтін автомоторлық отынды өндіру мен импорттауға және 4-қосымшаға сәйкес келмейтін автомобильдерді Қазақстанға әкелуге тиым салынды. 2011 жылдан бастап Еуро-3 экологиялық кезеңде отынның сипаттамаларына және автокөліктік құралдарға оларды республиканың аумағында пайдалануға шығару және пайдалану кезіндегі талаптар қатаңдатылады. Автокөлік шығарындыларын төмендету мақсатында Министрлік жоғарыда аталған техникалық регламентті сақтауды, сондай-ақ бөлшектеп сату желісінде сатылатын автомобильдік отынның сапасын мемлекеттік экологиялық бақылауды күшейтуді көздейді.

Бұл кезеңдегі негізгі кедергі пайдаланылған газдарды және бензин сапасын талдау үшін тиісті аспаптар мен аппаратураның жоқ болуы болып табылады, қажеттілік орташа елдің ірі қалалары үшін кемінде екеуден бағаланады. Бұдан өзге, ескі автомобильдерді пайдаланудан шығару үшін автокөлік құралдарына салықты қайта қарау қажет, ол қозғалтқыштың қуатын да, оны шығару жылын да авто ескі болған сайын салық көбірек қағидаты бойынша ескеруі тиіс.

Табиғат пайдаланушыларды экологиялық-экономикалық ынталандыру тетіктерін енгізу, оның ішінде экологиялық салықтарға көшуді қамтамасыз ету, мемлекеттік экологиялық реттеу мен бақылаудың тиімділігін арттыру, табиғат пайдаланушыларды ISO 14001 стандартына сәйкес қоршаған ортаны қорғау жүйесін енгізуге ынталандыру тәжірибесін кеңейту қажет. Бұл Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру қарсанында қазақстандық компаниялардың бәсекеге қабілеттіліктерін арттыруға мүмкіндік береді.

Рұқсаттық жүйенің тиімді жұмыс істеуі барлық ірі табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға эмиссиялар параметрлерін де, энергия және ресурс үнемдеуге, озық қолжетімді технологияларды енгізуге міндетті талаптарды да қосатын кешенді экологиялық рұқсаттарды алуға кезеңдік көшірумен қамтамасыз етілетін болады.

2009 жылы 26 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Климаттың өзгеруі туралы Негіздемелік Конвенциясының Киото хаттамасын бекітті, сонымен көмірсутекті отынын жағудан парниктік газдар көлемінің үнемі ұлғаюымен шартталатын жаhандық жылынуды болдырмау бойынша дүниежүзілік қозғалысқа қосылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 21-пленарлық отырысында Киото хаттамасын ратификациялау энергиялық тиімді технологияларды дамыту саласында жаңа мүмкіндіктер ашатындығын атап өтті және Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне Қазақстанда квота саудасының тетіктерін әзірлеуге тапсырма берді. Аталған тапсырманы орындау мақсатында Министрлікте Киото хаттамасын орындау бойынша 2009 жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді. Парниктік газдар шығарындылары бойынша ұлттық мониторинг және есептілік жүйесін құру бойынша және Киото хаттамасының қызметін реттейтін уәкілетті орган құру бойынша шаралар қабылданып, техникалық және консультациялық көмек көрсетуге халықаралық банктермен және ұйымдармен келіссөздер белсендендірілетін болады.

СО2 көмірқышқыл газының (бұдан әрі – СО2) эмиссияларын қысқарту сценарийі МАРКАЛ-Қазақстан үлгісі көмегімен есептелді, бұл үлгі климатқа әсерді жұмсарту саясатының экономикалық тиімділігін және парниктік газдарға эмиссиялардың қысқаруын бағалауға мүмкіндік береді. Технологияның өзгеруіне байланысты өзгермелі тұтынушылар сұранысы өтеліп, алынған сценарийлер энергия өндіру үдерісін ықшамдайды. Сондай-ақ, энергетика қызметтеріне сұраныс ЖІӨ өсуіне байланысты болады.

Қазақстан Республикасының 2007 – 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасына сәйкес үлгіге 2020 жылға дейінгі кезеңге мынадай көрсеткіштер еңгізілді: ЖІӨ энергия сыйымдылығын 1,5-2 есе азайту, өнімділікті 3-3,5 есе арттыру, ел экономикасының жыл сайынғы өсу қарқынын 2012 жылға дейін 10%, 2018 жылға дейін 12%, 2024 жылға дейін 14% шамасында сақтап тұру.

Сонымен қатар, пессимистік болжамдар да қолданылды, атап айтқанда экономика саласына байланысты ел экономикасының өсу қарқыны 5–7 %-ға дейін.

МАРКАЛ үлгісіне сәйкес энергетика саласындағы қолданыстағы технологиялар мен саланың жалпы жағдайында (базалық сценарий) парниктік газдар шығарындылары 1992 жылғы деңгейге 2012-2014 жылдарда жетеді. Энергияға деген сұраныс өскен сайын энергетика секторында көмір жағудың тиімді технологияларын ендірген жағдайда бұл көрсеткішке 2024 жылы жететін боламыз. Сонымен қатар, базалық сценарийге қатысты парниктік газдар шығарындыларының жалпы төмендеуі 2016 жылы 15 - 30 млн. тонна, 2024 жылы 30-50 млн. тонна құрау мүмкін.

Қазақстанда экономиканың түрлі салаларында қолданыстағы және қолда бар озық технологияларды пайдалану арқылы парниктік газдар эмиссияларын қысқарту әлеуеті зор. Аталған іс-шаралар Біріккен Ұлттар Ұйымының Негіздемелік Конвенциясының міндеттемелерін ескере отырып, энергия тиімділігін арттыру және энергия сыйымдылығы мен көміртек сыйымдылығын азайту жолымен орнықты экономикалық өсуге қол жеткізу үшін іске асырылуы мүмкін.

Қазақстанда гидроэнергия, жел энергиясы, күн, геотермалдық энергия, биомасса түріндегі жаңартылатын энергияның едәуір ресурстары бар. Қазіргі уақытта еліміздің гидроэнергетикалық әлеуеті жылына 170 миллиард киловатт сағатына бағаланады. Күн энергиясын әлеуетті ықтимал өндіру жылына 2,5 миллиард киловатт сағатына бағаланады. Қазақстанда жел энергетикасы едәуір әлеуетке ие. Жоңғар қақпасы мен Шілік дәлізі аудандарында желдің орташа жылдамдығы секундына 5-9 м аралығында болады.

Бұл бағытта жаңартылатын энергия ресурстары мен көздерін тиімді әрі ұтымды пайдаланудың заңнамалық базасын құру жоспарланып отыр. 2009 жылғы шілдеде «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдары қабылданды, олардың мақсаты экономиканың энергия сыйымдылығын және электроэнергия өндірісі секторының қоршаған ортаға әсерін, оның ішінде парниктік газдар шығарындыларын төмендету үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың үлесін арттыру болып табылады. Осы бағыттағы жұмыс республикадағы баламалы энергия көздерінің үлесін 2014 жылға қарай 0,1 % арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, энергетикадан жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы парниктік газдар шығарындыларының жалпы қысқаруы СО2 500 мың тоннадан 2,5 млн. тоннаға дейін құрауы мүмкін. Орнықты дамудың ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес жаңартылатын энергия көздері саласындағы прогресс қоршаған ортаға салмақты төмендетуге, экономиканың одан әрі диверсификациясын ынталандыруға, Казақстан үшін оң экологиялық имидж құруға мүмкіндік туғызады.

Сонымен қатар жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласында заңдарды мұнан ары жоғары сатыға көтеруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданды. Осы бағыттағы жұмыс республикадағы балама энергия көздерінің үлесін 2011 жылға қарай 0,03 %-дан кем емеске арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша энергетикада жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы ПГ шығарындыларының қысқаруы 500 мың тоннадан 2,5 млн. тоннаға дейін құрауы мүмкін. Осылайша, 2010 – 2014 жылдары Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуін қамтамасыз ету, Қазақстанның барлық аумағында қоршаған ортаның сапасын жақсарту үшін алғышарттар құрылатын болады. Болашақта елдің электр энергиясының жалпы теңгерімі жаңартылатын энергия көздері үлесімен айтарлықтай ұлғаюы мүмкін.

Табиғи ортаны қалпына келтіру жөніндегі мақсатты іске асыру үшін Тараз, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Семей, Орал, Балқаш, Жаңаөзен, Бейнеу, Ақтау және басқа қалалардағы Құрық ауылда су бұру жүйелерін және канализациялық тазарту құрылыстарын салу, қалпына келтіру және жаңғырту, тарихи ластануларды жою жөніндегі жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету бойынша әрі қарай қадамдар және экологиялық қияпат аймақтарында қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Ел Президентінің Ақтөбедегі алты валентті хроммен және Шымкенттегі қорғасынмен тарихи ластануларды жою туралы тапсырмаларын орындау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады, бұл үшін қоршаған ортаны тазартудың қазіргі заманғы технологиялары әзірленетін болады. Қазақстан аумағын орнықты органикалық ластағыштардан тазарту, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің ластануының алдын алу жөніндегі әрі қарай шаралар қабылданатын болады. Ірі қазақстандық өзендердің, жекелегенде Ақмола облысындағы Бурабай, Щучье, Жәкей өзендерінің биологиялық ластануларын («қайырлану») жою жөніндегі шаралар қабылданатын болады. Семей сынақ полигонының «шартты таза» аумақтарында кешенді қосымша зерттеу жүргізілетін болады. Негізгі жұмыстардың нәтижесі Семей сынақ полигонының 80-95 %-ға дейінгі жерлерін халық шаруашылығы айналымына енгізу болып табылады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режиміне талаптар барлық жерде күшейтіледі.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Похожие:

Жоба Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Астана қ. Мазмұны iconҚоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспардың
Р Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 жылғы 8 ақпандағы №98 ҚР Үкімет қаулысымен бекітілген 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық...
Жоба Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Астана қ. Мазмұны iconҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Астана қаласы 2008 жыл Мазмұны
Республикасы Қаржы министрлігінің 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары
Жоба Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Астана қ. Мазмұны iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2010 жылғы 31 желтоқсан №1532 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Жоба Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Астана қ. Мазмұны iconҚазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Егемен Қазақстан 2011 жылғы 14 маусымдағы №249-250 (26648); Қазақстан Республикасының ПҮаж-ы, 2011 ж., N 18, 215-құжат
Жоба Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Астана қ. Мазмұны iconҚазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары астана қаласы 2008 ж. Мазмұны
Денсаулық сақтау министрлігі қызметінің стратегиялық бағыты, стратегиялық даму мақсаттары және негізгі нысаналы индикаторлары
Жоба Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Астана қ. Мазмұны iconҚазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Астана 2008 Мазмұны
Азақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің миссиясы мен пайымдауы
Жоба Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Астана қ. Мазмұны icon2009 жылғы 30 желтоқсан №2304 қаулысымен
Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Жоба Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Астана қ. Мазмұны iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1732 Астана, Үкімет Үйі «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы»
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Жоба Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Астана қ. Мазмұны iconҚазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 201
Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Жоба Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Астана қ. Мазмұны iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Стратегиялық жоспардың құрылымы
Бүгінгі таңда республиканың агроөнеркәсіптік кешеніндегі жағдай өндіріс тиімділігінің өсуімен, ауылдағы қаржы қызметі нарығының дамуымен,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница