Ғылыми жетекші: Есенбекова З. Ж. «Микро және макро экономика»




Скачать 112.09 Kb.
НазваниеҒылыми жетекші: Есенбекова З. Ж. «Микро және макро экономика»
Дата конвертации15.01.2013
Размер112.09 Kb.
ТипДокументы
М. Қанатұлы, С.Н. Нұрланова

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті, Семей қ.

Ғылыми жетекші: Есенбекова З.Ж.

«Микро және макро экономика» кафедрасының оқытушысы.
САПА – НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ТАБЫСТЫ ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫНЫҢ БІРІ РЕТІНДЕ

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында халық тұтынатын тауарлардың ішінде тамақ өнімдеріне деген сұраныс деңгейі артуда. Тамақ өнімдеріне деген сұраныс сол тауардың сапасымен анықталады. Халық күнделікті көп тұтынатын тамақ өнімдерінің ассортиментін нарықтағы бәсекелестік жағдайына байланысты жетілдіріп отырады. Оны біз күнделікті өзімізге қажетті тауарларды сатып алған кезде байқап жүрміз. Сондықтан бүгінгі қорғағалы отырған ғылыми жұмысымыздың тақырыбы қоғамдағы өмір сүріп жатқан әрбір адамдарды толғандыратын және ағымдағы актуальды, көп талқыланатын тақырып.

Осы ғылыми жұмыстың тақырыбын талқылау үш бағытта қарастырылмақшы:

1.Сапа ұғымының жалпы сипаттамасы және өнім сапасының қажеттілігі.

2.Сапа теориясын тәжірибемен ұштастыру (макарон өнімдерін өндіретін «Ардагер» корпорациясы мысалында).

3. Өнім сапасының бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жолдары.

Осы жоғарыда аталғандарды талқылайтын болсақ:

Біріншіден: Тауарлар «сапасы» деген ұғымға олардың ассортиментінің әртүрлілігі мен толықтығы енеді. Мұның өзі тұтынушылар сұранымын өтеудің бір кепілі болып табылады. Кейде тауардың сапасы дегенде оның нормативті – техникалық құжаттарында көрсетілген талапқа тауардың сәйкес келуін ұғамыз. Яғни ол тек өндірістік сапа болып табылады. Ол «сапа» ұғымын толық қамти алмайды, бұл тек өнімнің дайындалу сапасын ғана анықтайды. Тауардың сапасы оған тән физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттердің кешені бағаланады. Соған қоса ондай тауарлар әлеуметтік, функционалдық, эргономикалық, эстетикалық, экономикалық және басқа талаптарға сай болуы қажет.

Сұраным мен тұтыну тауардың сапасына байланысты болады. Жоғары сападағы тауар халықтың сұранымын толық қанағаттандырады және жоғары сұранысқа ие болады.

Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршеңдігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді. Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты – баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне.

Сапаны жинақтап қорыту көрсеткіштері жалпы салада немесе кәсіпорындарда өнім сапасының деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткішке жататындар:

  • өнімнің әр түрлілігі;

  • жарнамалау сауаттылығы;

  • өнім сапасы;

  • пайдалылығы;

  • өнімнің дүниежүзілік стандарттарға сай келуі.

Сонымен, өнімнің сапасы – бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі.

Екіншіден: Өнім сапасының ұғымы және қажеттілігімен таныса отырып, бұдан әрі қарай тауар сапасын зерттеу тәжірибесімен жалғастырамыз. Осы ғылыми жұмыстың тақырыбына байланысты өнім сапасын зерттеуге алынып отырған тауар түрі – тамақ өнімі. Яғни, күнделікті халық тұтынатын тамақ өнімінің түрі – макарон өнімдері.

«Ардагер» корпорациясы - қаламыздағы макарон өнімдерін шығаратын бәсекелестікке қабілеттігі жоғары өндіріс орындарының бірі. «Ардагер» корпорациясы Семей қаласында 2000 жылы құрылған отандық кәсіпорындардың бірі. Өз өнімдерін сыртқы және ішкі нарықта шығарып, қаламыздағы бөлшек және көтерме сауда орындарында сатып, қала тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруда.

Жалпы, осы «Ардагер» корпорациясындағы макарон бұйымдарын өндірудің технологиялық үдерісіне тоқталып, қарастыратын болсақ:

1. Технологиялық жабдықты қосу үшін инженерлік торабтар: су құбыры, арна жүргізу, сығымдалған ауа, электр және жылу энергиясы пайдаланылады

Осы технологиялық желіде «TECALIT» Итальян фирмасының мөлшерлеу және вакуумдау жүйесі бар пресс қондырғы пайдаланылады, ол қамыр құрамын жақсартады және дайын бұйымдардың сапасын көтереді, сонымен қатар 40-50 С температурада кептіру тәртіптемесі дайын өнімнің тамақ құндылығын мейлінше ұзақ сақтауды қамтамасыз етеді. Өндірістік алаңы: 640 м2 Кәсіпорындағы өнімдерді шығару мен жұмыс істеу толық автоматтандырылған, яғни соңғы жаңа техникалық құрылығылар мен жабыдықтар 95% дейін автоматтандырылған.

2. Шығаратын макарон өнім түрлері келесідей

1. Рожок рифленный

4. Спиральки

7. Перья

2. Спирало

5. №7 Вермишель

8. Рожок гладкий

3. Трубочка

6. №9 Вермишель

9. Соломка



3. Макарон бұйымдарын өндіруге арналған бастапқы өнім – жоғары сұрыпты нан пісіретін ҰН болып табылады.



Макарон өндірісінде пайдаланатын ұн сапасына қойылатын талаптар стандартты болып келеді.

4. Макарон бұйымдарын өндірудің технологиялық үдерісі.

Желі мына технологиялық операциялардың орындалуын қамтамасыз етеді:

А) Макарон бұйымдарын өндіру барысында ең алдымен қамыр

дайындалады (иленеді). Бұл «Ардагер» корпорациясында макарон қамырын дайындау үздіксіз «TEKALIT» фирмасы шығарған «NOVA 1000C» ең жоғарғы сапалы пресінде жүзеге асырылады.

Қамырды дайындау әдістері:


р/с


Шикізаттың атауы


Базистік ылғалдығы, %.

Шикізат шығыны, 14,5% ылғалдықта, кг.

Табиғи болмысында

Құрғақ заттарда

1.

ҰН

14,5

100

85,5

2.

СУ

---

21,015-тен – 21,324-ке дейін




БАРЛЫҒЫ




100

85,5

Қамыр ылғалдығы: 31-32%

Су шығыны: 1. ((100-85,5)*100)/(100-31)= 21,015 л;

  1. ((100-85,5)*100)/(100-32)= 21,324 л.

Б) Қамыр дайын болғаннан кейін бұйымдар қалыптастырылады. Макарон бұйымдарын қалыптастыру пресстеу тәсілімен жүргізіледі. Қалыптастыру қамырды қалыптамаға орнатылған фильерлер арқылы басумен жүзеге асырылады.

В) Пресстен жартылай өнім кептіргішке келіп түседі. Бұйымдарды кептіру үш кезеңде жүргізіледі:

1. Алғашқы кептіру - Тербелмелі кептіргіш. Бұл кептіргіш – пресстен шығатын жартылай өнімді одан әрі кептіру үшін қабаттап қалағанда бір-біріне жабысып қалуын болдырмау мақсатында бірінші рет кептіруге арналған. Кептіру уақыты 3 минуттан 6 минутқа дейін.

2. Алдын-ала кептіру - Алдын-ала кептіргіш. Бұл кептіргіш – технологиялық үдеріспен берілген белгілі жағдайларда (температура және ауа ылғалдығы) қысқа кесілген макарон өнімін алдын-ала кептіруге арналған. Кептіру уақыты – 45 минут.

3. Түпкілікті кептіру - Тұрақтандырғыш кептіргіш Бұл кептіргіштің кептіру уақыты – 6 сағат.

Тұрақтандырғыш кептіргіштен шығатын дайын өнім қайта тиеу воронкасы арқылы оны тоғанақтау бөлімінің бір-бірінен оқшауланған жинақтаушы-тұрақтандырғыштарына бөлетін тербелмелі конвейерге беріледі, онда ол 6 сағаттан кем болмайтын уақытта тұрақтандыру кезеңінде болады.

Г)Өндірілетін макарон өнімінің сұрыпталымы бойынша бағдарлы технологиялық тәртіптемелер.

Д) Шығарылған өнім сұрыпталып және ақаулы өнімдері іріктеледі де қайта өңделеді.

Е) Макарон өнімдері полиэтилен пакеттерге қапталатын және өлшенетін болып шығарылады.

Ж) Дайын өнім сауда орындарына сатуға шығарылып, әрі қарай тұтынушылар тамақ түрлеріне пайдаланады.

5. Макарон бұйымдарының сапасына қойылатын талаптар

Макарон бұйымдарының сапасы «Макарон бұйымдары. Жалпы техникалық шарттары» 875-92 МСТ талаптарына қанағаттанарлық болуы керек. Макарон бұйымдары белгіленген тәртіпте бекітілген технологиялық нұсқаулықтардың және жасалу әдістерінің санитарлық ережелерін сақтаумен қабылданған стандарт ИСО 9000, 9001, 9002, 9003, 10011 талаптарына сәйкес өндіру қолға алынуда. Яғни, қазір дүние жүзінің 90-нан астам елінде ИСО стандарттары қабылданған. Қазақстанда да осы талаптар енгізілді. Оның ішінде «Ардагер» корпорациясы өнім сапасын басқаруда ИСО стандарттары 2006 жылдың қараша айынан бастап енгізілген.

Стандарт бойынша бұйым сапасы мына көрсеткіштер бойынша бағаланады: түсі, жоғарғы беті, нысаны, дәмі, исі, пісіргеннен кейінгі жағдайы, ылғалдығы, қышқылдығы, сынған, нысаны өзгерген және қиқым бұйымдардың, металл магниттік қосындылардың мөлшері және нан қорлары зиянкестерінің болуы.

Органолептикалық көрсеткіштер бойынша макарон бұйымдары келесі кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес болуы керек:

Көрсеткіш атауы

Сипаттамасы

Түсі

Ұн сұрыпына сәйкес, иленбеген ізі болмайтын, бір реңкі

Жоғарғы беті

Жылтыр. Маңызды емес кедір-бұдырлығы мүмкін болады.

Нысаны

Атауына сәйкес

Дәмі

Бөгде дәмі болмайты, аталған бұйымның өзіне тән дәм

Иісі

Бөгде иісі болмайтын, аталған бұйымның өзіне тән иісі

Бұйымдардың пісіргеннен кейінгі жағдайы

Дайын болғанша пісіру кезінде бұйымдар нысанын жоғалтпауы, бір-біріне жабыспауы, сақталынып, жік-жігімен шашылып қалмауы керек.

Физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша макарон бұйымдары келесі кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес болуы керек.


р/с

Көрсеткіш атауы

В тобының мөлшері

1 кл.

2 кл.

1.

Ылғалдығы %-ан аспайтын

13

13

2.

Қышқылдығы, град.аспайтын

4

4

3.

Нысаны өзгерген бұйымдардың жаппай үлесі, қапталған %-дан аспайтын:

Рожки, перья, лапша және фигуралы бұйымдарда

Өлшенетін:

Рожки, перья, лапша және фигуралы бұйымдарда

5.0

13.0

8.0

15.0

4.

Ұнтақтың жаппай үлесі, %-дан аспайтын:

Қапталған:

Рожки, перья

фигуралы бұйымдарда

вермишель және лапша

Өлшенетін:

Рожки, перья

Фигуралы бұйымдарда

Вермишель және лапша


4.0

5.0

13.0
7.0

7.0

12.0


6.0

7.0

15.0
13.0

13.0

13.0

5.

Металл магниттік қосындылар, 1 кг. өнімде мг-нан аспайтын

Жеке бөлшектер шамасы 0.3 мм-ден аспайтын ең жоғары желілік өлшемде

6.

Нан қорлары зиянкестерінің болуы

Мүмкін болмайды

«Ардагер» корпорациясында осы жоғарыда аталып өткен өнім түрлерін өндіруде жоғары сапаға және өнімнің құнарлығы мен жоғары өтімділігіне көп көңіл бөлуде. Осы өнімге қойылатын талаптар мен сапалы шығарылған өнім түрлерін жарнамалауға кәсіпорынның тәжірибелі маркетологтары мен менеджерлері үлес қосуда.

Сондықтан осы бөлім бойынша қысқаша тұжырымдама жасайтын болсақ: Біз күнделікті тұрмыс тіршілігімізде қаладағы өз отандық өнімдерімізді өндіретін кәсіпорындардың тауарларын тұтынып, олардың сапасын ажыратып, тағам түрлерін таңдауға үлкен мүмкіндітер алып отырмыз. «Ардагер» корпорациясы шығарған сапалы өнімдерін сатып алу арқылы сіздер өнімнің сапалығына көз жеткізерсіздер деп ойлаймыз.

Үшіншіден:

Жалпы, өнім сапасын жақсарту экономиканы үдемелі дамытуға және қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, жалпы қоғамның және жекелеген тұтынушылардың сұранымын өтеуге мүмкіндік береді. Мұның әлеуметтік зор маңызы бар. Соған қоса сапаны жақсарту арқылы белгілі бір заттың тұрмыста қолданылу мерзімін ұлғайта аламыз. Міне, осы арқылы оларға деген сұраным да сирейді, яғни көп уақытқа қолданылуға жарайтын нәрселерді тұтынушылар еселеп сатып ала бермейді.

Өнім сапасының жақсаруын біз өндіріс тиімділігінің артуы мен халықтың әлеуметтік-тұрмыс жағдайының жақсара түсуі деп білеміз. Еліміздің экономикасындағы басты міндет те осыған, яғни халықтың әл-ауқатын жақсарта түсуге, нарықты сапалы, әрі мол тауарлармен толтыруға бағытталады.

Өнім сапасын жақсарту жолындағы еңбек және технологиялық тәртіптің бұзылуы бойынша, еңбек заңдарына сәйкес, жұмысшылар мен қызметкерлер материалдық және тәртіп жөніндегі жауапкершілікке тартылады.

Тауардың сапасы тауартанудағы көкейкесті мәселелердің бірі болып саналады. Күнделікті өмірде сауда орындарына түрлі бағыттарға жұмсалатын, шикізат құрамы мен сыртқы безендірілуі жағынан бір-біріне ұқсамайтын көптеген тауарлар түседі. Соған қоса халықтың талғам-сұранысы да бір қалыпта тұрып қалмай, үнемі өзгеріс үстінде болады.

Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

  • жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

  • өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты (рынокты) табу;

  • жоғары бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;

  • өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу.

Сонымен, өнімнің сапасын басқару әрбір кәсіпорындарда жүйелі түрде іске асқан жөн.

Қорытынды:

Сонымен жоғарыда айтылғандарға қорытынды жасайтын болсақ:

  1. Тауарлардың сапасын көтеру халық шаруашылғындағы маңызды

міндеттердің бірі болып саналады. Өнімнің сапасын жақсарту арқылы оның қолданылу мерзімін ұзартуға болады, өнім сапалы болса, олардың өзіндік құны мен пайдалануға жұмсалатын шығыны кемиді.

  1. Сапа елімізде шығарылатын тауарлардың әлемдік нарықтағы алатын

орнын жоғарылатады, тұтынушыларсұранымы барынша толық өтеледі. Сондықтан да тауардың сапасы мемлекеттік көлемде басқару мен жоспарлаудың объектісі болып табылады. Өнімнің сапасын басқару әдісін дамыту арқылы сапаны жоспарлау қоғамдық өндірісті жоспарлаудың негізгі буындарының бірі болып саналады

  1. Арамызда болашақта қандайда бірі кәсіпорынның өнім түрлерінің

сапасын басқаратын менеджерлер мен маркетолог мамандар шығатыны мүмкін. Біз сияқты болашақ мамандардан, өз бизнесін бастап жүргізетін кәсіпкерлер шығып жатса сапалы өнім шығарып, өндірген өніміміздің сапасына көп көңіл бөліп, отандық тауар өндірісіне өз үлесімізді қосуа шақырамыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Международный стндарт ИСО 9001. Системы менеджмента качества [Электронный ресурс]. – Режим доступа: http://www.iso9000.ok.ru

  2. Фейгенбаум, А. Кантроль качества продукции / Пер. с англ. – М., 1996.

  3. Катькало В. Организационные факторы конкуретных преимуществ фирм, журнал «Персонал - Микс». 2003 г. № 5.

  4. Тургинбаева А.Н. Эффективная инновационная инфраструктура – фактор качества казахстанской НИС, журнал «Менеджмент качества», №1/2007.С. 14-16. 2007.

Похожие:

Ғылыми жетекші: Есенбекова З. Ж. «Микро және макро экономика» iconҒылыми жетекші: Токсеитова А. С. «Микро және макро экономика»
БӘсекелестікке қабілетті елу елдің Қатарына өтудегі жұмыссыздық деңгейінің Өзгеруі
Ғылыми жетекші: Есенбекова З. Ж. «Микро және макро экономика» iconҒылыми жетекші: Габдуллина Л. Б. «Микро және макро экономика»
Республикасы үшін тұрақты экономикалық даму күнделікті қажеттілік болып табылады. Экономикалық өсуді табиғи ресурстар арқылы белгілі...
Ғылыми жетекші: Есенбекова З. Ж. «Микро және макро экономика» iconҒылыми жетекші: Габдуллина Л. Б. «Микро және макро экономика»
Инвестициялық бағдарламада көзделген басымлықтарды іске асыру бұдан былай инфрақұрылым бөлшектерін осы заманғы талаптарға сәкфес...
Ғылыми жетекші: Есенбекова З. Ж. «Микро және макро экономика» iconҒылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес»
«Экономика және бизнес» кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
Ғылыми жетекші: Есенбекова З. Ж. «Микро және макро экономика» iconҒылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес»
«Экономика және бизнес» кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
Ғылыми жетекші: Есенбекова З. Ж. «Микро және макро экономика» iconКафедрада әр жылдарда кафедраның түлектері жұмыс жасады, Қр бғМ математика институты, ф м.ғ. д., профессор Ақыш А. Ш., ҚазҰУ, Микро-макро экономика кафедрасының профессоры Оспанов С. С., ф м.ғ. к., профессор Өтегенов К. У
Х. К., доцент Губанов В. Н., ф м.ғ. к.,доцент Розенфельд Г. О., Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі...
Ғылыми жетекші: Есенбекова З. Ж. «Микро және макро экономика» iconҒылыми жетекші: Дүйскенрва Р. Ж. «Есеп және аудит»
Статистикалық МӘліметтерді жинақтау, топтау, ЖӘне кесте қҰру негізінде ақпараттардың сапасын арттыру
Ғылыми жетекші: Есенбекова З. Ж. «Микро және макро экономика» iconҒылыми жетекші: Зиядин С. Т. «Қаржы» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты
Ақшалай жүйенің дамуы – сараптамаға көп түсетіндігімен маңызды. Яғни, ақша жүйесінің тиімді даму тенденциясы мемлекеттің әлеуметтік...
Ғылыми жетекші: Есенбекова З. Ж. «Микро және макро экономика» iconИскаков ринат
...
Ғылыми жетекші: Есенбекова З. Ж. «Микро және макро экономика» iconIii. Структурные уровни и системная организация материи
Все многообразие известных человечеству объектов и свойственных им явлений принято разделять на три различных уровня – микро-, макро-,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница