Авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2010




НазваниеАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2010
страница1/6
Дата конвертации15.01.2013
Размер0.53 Mb.
ТипАвтореферат
  1   2   3   4   5   6


ӘОЖ 595.771(574.4) Қолжазба құқығында

ОМАРОВА ЖАНАР Сагатовна


Шығыс Қазақстандағы қансорғыш масалардың (Diptera, Culicidae) алуантүрлілігі мен экологиясы


03.00.16 – экология

Биология ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

авторефераты



Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010
Жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде орындалған




Ғылыми жетекшілері:

биология ғылымдарының докторы,

профессор Қанаев Ә.Т.





биология ғылымдарының кандидаты, ҚазҰУ-профессоры Дәуітбаева К.Ә.





Ресми оппоненттері:


биология ғылымдарының докторы,

профессор Исаева А.Ө.
биология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Қапасова М.С.




Жетекші ұйым:

Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті


Қорғау 2010 жылы «01» шілдеде сағат ___ҚР Білім және ғылым министрлігі РМК «Биологиялық зерттеулер орталығы» МЕК «Микробиология және вирусология институтының» жанындағы ОД 53.24.01 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 103.


Диссертациямен ҚР Білім және ғылым министрлігі РМК «Биологиялық зерттеулер орталығы» МЕК «Микробиология және вирусология институтының» жанындағы кітапханасында танысуға болады.


Автореферат «20» мамыр 2010 жылы таратылды.


Диссертациялық кеңесінің ғылыми хатшысы,

биология ғылымдарының докторы Бекмаханова Н.Е.
КІРІСПЕ

Зерттелген жұмыстың жалпы сипаттамасы. Шығыс Қазақстанның әртүрлі экологиялық аймақтарында таралған қансорғыш масалардың алуантүрлілігін, таралуын, экологиялық ерекшеліктерін зерттеп, жергілікті жағдайда олармен күресу шараларының мерзімін анықтауға немесе ауру таратушылардан табиғи ландшафтты сауықтыруға бағытталған.

Тақырыптың өзектілігі. Culicidae тұқымдасының өкілдері беймаза қансорғыш қос қанаттылардың (сона, шіркей, құмыты, үнсіз маса) бір құрамдас бөлігі болып табылады. Олар адам мен малдың инфекциялық және инвазиялық ауруларын тасымалдайды [Беклемишев В.Н., 1944; Дубицкий А.М., 1970; Ichimora K., 2001; Van Den Hurk A.F., 2003; Russell R., 2004] және табиғи стацияларда адам мен малға жайсыздық туғызып, малдан алатын өнімнің мөлшерін төмендетеді.

Табиғатта химиялық және радиациялық ластауыштардан басқа биологиялық ластауыштар бар. Биологиялық ластауыштарға қансорғыш масалар тарататын аурулардың қоздырғыштары жатады.

Қазақстан саясат, экономика, сауда-саттық, мәдениет, спорт жағынан Еуропалық аймақтың көптеген елдерімен тығыз байланыста. Осы қарым- қатынаста сырттан әкелінген аурулардың жаңа ошақтарының пайда болу қаупі бар. Бұған Тәуелсіз Мемлекеттер Достығының (ТМД) көршілес республикаларының барлық облыстарындағы жыл сайын тіркелген безгектің жағдайы дәлел бола алады [Шапиева Ж.Ж., 2007].

Шығыс Қазақстанның оңтүстік бөлігінде безгек ауруын таратушы - Anopheles maculipennis messeae, туляремия микробын таратушы - Aedes caspius caspius, Culex modestus, жапон энцефалитінің вирусын, шығыс жылқы энцефаломиелитін, лимфоцитарлы хориоменингитін, Сан-Луи энцефалитін тасымалдайтын - C.pipiens pipiens түрлері доминантты және бұл өңірде ауру таратушы масалардағы инфекция қоздырғышының дамуына табиғи климаттық жағдай қолайлы. Осының барлығы масалар тарататын ауруларға байланысты эпидемиологиялық жағдайды алдын ала қауіпті ал, оның жергілікті берілуінің алдын алу мәселесін айтарлықтай маңызды деп айтуға негіз бола болады. Осыған байланысты Шығыс Қазақстанның әртүрлі экологиялық жағдайындағы қансорғыш масалардың алуантүрлілігі мен таралуын, доминантты түрлердің фенологиясын, маусымдық және тәуліктік динамикасын зерттеп, аутэкологиялық, антропогендік факторлардың әсерін көрсету өзекті мәселе болып табылады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты: Шығыс Қазақстандағы әртүрлі экологиялық аймақтағы қансорғыш масалардың алуантүрлілігін, таралуын, дамуы мен фенологиясын зерттеп, олардың санын азайтатын алдын ала күрес шараларының мерзімін ұсыну. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер қойылды:

- Шығыс Қазақстандағы әртүрлі экологиялық аймақтағы (радиациялық, техногенді, курорттық, рекреациялық, бақылау) қансорғыш масалардың (Diptera, Culicidae) алуантүрлілігін және таралуының экологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

- Доминантты түрлердің фенологиясын бақылау;

- Табиғи экологиялық аймақта таралған қансорғыш масалардың популяциялық ерекшеліктерін зерттеу;

- Дернәсілдердің температуралық режимге байланысты маусымдық динамикасын зерттеп, талдау;

- Доминантты түрлердің фенограммалық көрсеткіштері арқылы қансорғыш масалармен күресу шараларының мерзімін ұсыну.

Қорғауға ұсынылған тұжырымдамалар:

1. Шығыс Қазақстанның әртүрлі экологиялық аймақтарында (радиациялық, техногенді, курорттық, рекреациялық, бақылау аймағы) таралған Culicidae тұқымдасының 5 туысқа жататын (Anopheles-3, Culiseta-3, Aedes-18, Culex-5, Mansonia-1) 30 түрі мен түршесі анықталды. Табылған түрлердің көпшілігі олиготермофиль. Доминантты түрлер далалы және шөлді кешенге жататын, экологиялық төзімді: A.c.caspius, A.c.dorsalis, C.modestus, C.p.pipiens, A.m.messeae.

2. Шығыс Қазақстанның табиғи экологиялық жағдайында таралған доминантты түрлердің фенологиясы зерттелді. Полициклды доминантты түрлердің дамуы сәуірден қазан айына дейін жалғасып, A.m.messeae 5-6, A.c.caspius 3-5, C.modestus 3-4, C.p.pipiens 4-5 генерация берді. Осы фенологиялық зерттеулер нәтижесінде фенограммалары жасалды.

3. Зерттелген табиғи экологиялық аймақтағы қансорғыш масалардың маусымдық динамикасы аутэкологиялық факторларға байланысты. Маса популяциясының ұшуы сәуірден қазан айына дейін жалғасып, саны мамырдың соңынан маусымның ортасына дейін және шілденің ортасынан тамыздың ортасына дейінгі аралықта жоғары болды. Масалар негізінен таңертең және кешке белсенді. Белсенділікті беретін далалы және шөлді комплекстің өкілдері. Олар 10-32ºС аралығында шабуылдайды, оптималды температура 20-30ºС.

4. Суқоймалардағы дернәсілдердің дамуы мен маусымдық динамикасы температураға байланысты. Даму мерзімі сәуірден қазан айына дейін жалғасып, ерте көктемдік моноциклды түрлер (A. cataphylla, A. leucomelas т.б.) 8-12ºС температурада 33-39 күн дамыды. Кеш көктемдік моноциклды түрлердің (A. cantans, A.excrucians т.б.) дамуы 12-27ºС-да 22-39 күнде, полициклды A.m.messeae - 15-27ºC-15-36, A.c.caspius - 14-30ºС-7-36, C.p.pipiens – 16-26ºС-23-32 ал, C.modestus түрінің дамуы 22-30ºС-да 12-20 күнде аяқталды. Саны сәуірдің соңынан мамырдың басына дейін және мамырдың ортасынан тамыздың ортасына дейінгі аралықта жоғары болды.

5. Фенограммалық көрсеткіштер арқылы дернәсілдердің санын азайтуға бағытталған алғашқы шаралар жүйесі, суқоймаларда сәуірдің соңында, кейінгі шаралар дамудың III-сатысындағы дернәсілдердің саны жоғарылаған мерзімде (мамыр-тамыз), соңғы күздік шаралар (дернәсілдер болса) қыркүйектің басында жүргізілу қажет. Ал, қанаттанған даралармен күресу шаралары мамыр айының басынан маусым айының соңына дейін, келесі шаралар шілденің ортасынан тамыздың ортасына дейінгі аралықта жүргізілу ұсынылды. Суқоймаларды деларвациялауды өте қажет жағдайда ғана жүргізу керек.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы

  • Әдебиеттердегі мәліметтер бойынша Шығыс Қазақстанда қансорғыш масалардың 51 түрі мен түршесі таралған, біздің зерттеуде олардың ішіндегі 5 туысқа жататын (Anopheles-3, Culiseta-3, Mansonia-1, Aedes-18, Culex-6) 31 түрі мен түршесі анықталды, доминантты түрлер экологиялық төзімді: A.m.messeae, A.c.caspius, A.c.dorsalis, C.modestus, C.p.pipiens;

  • Алғаш рет - Шығыс Қазақстанның оңтүстік бөлігіндегі табиғи экологиялық жағдайда қансорғыш масалардың доминантты түрлеріне фенологиялық бақылаулар жүргізіліп, генерация саны анықталды;

  • Алғаш рет – анықталған дернәсілдердің алуантүрлілігі мен экологиясы көрсетілді;

  • Әртүрлі экологиялық факторларға байланысты қансорғыш масалардың доминантты түрлерінің ұшуы мен шабуылдауының оптималды температурасы, популяциялық ерекшеліктері зерттелді;

  • Фенограммалық көрсеткіштер нәтижесінде қансорғыш масалардың доминантты түрлерінің санын азайтатын күрес шараларының мерзімі ұсынылды.

Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің химия және биология факультетінде «Омыртқасыздар зоологиясы» пәнінің мазмұнына енгізілді. Қансорғыш масалардың экологиясы мен таралуы бойынша алынған мәліметтер санитарлық-эпидемиялогиялық станция қызметкерлеріне қансорғыш масалардың эпидемиологиялық және эпизоотологиялық жағдайын бағалауға мүмкіндік береді. Диссертациялық жұмыстың материалдарын зоологтар, экологтар, энтомологтар мен паразитологтар, ветеринария мамандары және жоғары оқу орындарында жүргізілетін «Зоология», «Энтомология», «Жалпы паразитология», «Медициналық паразитология» пәндерінде пайдалануға болады.

Автордың қосқан жеке үлесі:

Автор диссертациялық жұмыстағы стационар және бағытты далалық зерттеулерді, қансорғыш масалардың алуантүрлілігін анықтау, дамудың барлық сатысын жинау жұмыстарын, маусымдық және тәуліктік, фенологиялық бақылауларды жүргізді. Зерттеу нәтижелерін талдау, қорытындылау жұмыстары толығымен ізденушінің өзінің қатысуымен орындалды.

Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі. Диссертацияның негізгі нәтижелері “Инновационные модели обучения в магистратуре” мәселесі жөніндегі халықаралық конференцияда (Алматы, 1997), «Ғылым әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың екінші халықаралық конгресінде (Алматы, 2008), «Биологиялық әртүрлілік және табиғат пен қоғамның тұрақты дамуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында (Алматы, 2009) баяндалып, талқыланды.

Диссертация тақырыбы бойынша басылымдар. Диссертацияның тақырыбы бойынша 7 мақала, 4 тезис жарияланды.

Диссертацияның көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс 140 бетті қамтыған, кіріспе, әдебиеттерге шолу, зерттеу нысандары мен тәсілдері, өзіндік зерттеу нәтижелері, қорытынды және пайдаланылған 247 әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың нәтижелері 1 картада, 44 суретте және 15 кестеде берілген.
Негізгі бөлім

1 Әдебиеттерге шолу. Culicidae тұқымдасының алуантүрлілігін, таралуындағы экологиялық ерекшеліктері мен аутэкологиясын және эпидемиологиялық маңызын зерттеген Қазақстан республикасы мен шет елдердегі ғалымдардың ғылыми нәтижелері көрсетілген.

2 Зерттеу нысандары мен тәсілдері

2.1 Зерттеу нысандары. Ғылыми зерттеу жұмыстары Шығыс Қазақстанның Семей аймағындағы Жарма, Үржар аудандары мен Өскемен аймағының Катонқарағай аудандарында орналасқан 19 экологиялық аймақта ерте көктемнен күздің аяғына дейін жүргізілді. Қансорғыш масалардың (Diptera, Culicidae) алуантүрлілігін, биологиясын және фенологиясын, экологиялық жағдайын зерттеу мақсатында стационарлы және бағытты зерттеулер жүргізілді. Стационарлы зерттеулер Мақаншы ауылынан оңтүстік батысқа қарай 45 км қашықтықта жатқан Үржар өзенінің оң жақ жағалауында өтті. Бұл аймақта қансорғыш масалардың фенологиясы, маусымдық және тәуліктік динамикасы зерттелді. Ал қалған 18 аймақта бағытты зерттеулер жүргізіліп, қажетті материалдар жиналды. Антропогендік факторлардың әсер етуіне байланысты Шығыс Қазақстанның зерттелген 19 экологиялық аймағынан 5 нүкте алынды: 1. Радиациялық аймақ - Семей сынақ полигоны (ССП). 2. Техногенді ластанған өндірістік аймақ - Семей, Өскемен (Қалбатау). 3. Курорттық аймақ - Катонқарағай, «Рахмановские ключи» шипажайы. 4. Рекреациялық аймақ - Алакөл жағалауы («Барлықарасан» шипажайы). 5. Бақылау аймағы - Үржар өзенінің жайылмасы (Мақаншы, Келді Мұрат).

2.2 Шығыс Қазақстан облысының табиғи аймақтарының физикалық және географиялық сипаттамасы. Әдеби мәліметтер арқылы Шығыс Қазақстанның табиғи аймақтары мен климаты сипатталған.

2.3 Зерттеу тәсілдері. Қансорғыш масалардың түр құрамы, экологиясы, фенологиясы А.С. Мончадский, З.А Радзивиловская [1948], А.С. Мончадский [1952], А.В. Гуцевич, А.С. Мончадский, А.А. Штакельберг [1970], А.М. Дубицкий [1970], Б.В. Добровольский [1969], П.А. Петрищева [1959] ұсынған классикалық әдістерді пайдалану арқылы зерттелді.

Әр санақ алдында сыртқы ортаның абиотикалық факторлары: ауаның ылғалдылығы мен температурасы - Ассман психрометрі, судың температурасы - су термометрі, желдің жылдамдығы - қол аниомометрі, жарық - Ю-16 фотоэлектрлік люксметр, бұлттылық көзбен 10 балдық шкала арқылы анықталды.

Түрлерді анықтау үшін аталықтарының гипопигиінен, дернәсілдердің құрсақ бөлімінен тұрақты препараттар А.В. Гуцевич, А.С Мончадский, А.А. Штакельберг [1970] ал, уақытша препараттар А.М. Дубицкий [1970] ұсынған классикалық әдістер арқылы жасалды. Жалпы ересек түрлерінен - 239 тұрақты, дернәсілдерден - 137 тұрақты және 759 уақытша препараттар дайындалды. Қансорғыш масалар бойынша анықталған материалдың дұрыстығын б.ғ.к., ҚазҰУ-профессоры К.Ә Дәуітбаева тексеріп, растады.

Зерттелген жылдары қансорғыш масаларға 108 маусымдық, 324 мерзімдік, дернәсілдердің даму сатысына 180 санақтық жинау жүргізілді. Нәтижесінде 39210 ересек даралары, 15325 дернәсілдері мен қуыршақтары жиналды. К.В. Скуфьиннің [1949] шкаласын пайдалану арқылы доминантты, субдоминантты, сирек және аз кездесетін түрлер анықталды.

Алынған қорытындыларды статистикалық өңдеу, арнайы компьютерлік “STATISTICA”бағдарламасы арқылы орындалды.

3 Зерттеу нәтижелері мен талқылау

3.1 Шығыс Қазақстанның әртүрлі экологиялық аймақтарындағы қансорғыш масалардың алуантүрлілігі мен таралуы. 1995-2008 жылдар аралығында зерттелген 5 нүктеден, Culicidae тұқымдасының ересек түрлері және дернәсілдерінің 31 түрі мен түршесі анықталды (1-кесте, 1-сурет).

1. Бұрынғы Семей сынақ полигоны (ССП) үш администрациялық облыс: Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды аймағының бөлігін алып жатыр. Материал жиналған «Дегелең» сынақ алаңы, Дегелең тау сілемдерінің аумағында орналасқан. Сынақ полигонының аумағында антропогендік фактордың әсері популяциялық қауымдастыққа әсер еткен. Дегелең сынақ алаңында даму орындарының аздығы мен суқоймалардың тұздылығы басым болғандықтан масалар түр және сан жағынан төмен. Бұл аймақтан сирек таралған 8 түр табылды.

2. Республикамыздың ірі өндірістік өңірі, Шығыс Қазақстанда түрлі-түсті металлургия, вольфрам, уран, қорғасын, мырыш, тау-кен, энергетикалық өнеркәсіптері орналасқан. Бұл өнеркәсіптерден шығатын өндірістік қалдықтар, улы заттар мен ауыр металдар, автокөліктерден бөлінген улы түтіндердің әсерінен Семей, Өскемен қаласының (Қалбатау ауылы) аймағындағы топырақ, су көздері мен ауа бассейні жоғары техногенді ластануда. Бұл аймақта қансорғыш масалардың 30 түрі кездесті. Доминантты түрлері далалы және шөлді аймақта таралған, дернәсілдері полисопробты суқоймаларда дамитын A.c.caspius, C.modestus, C.p.pipiens.

3. Катонқарағай ауданындағы «Рахмановские ключи» шипажайы табиғаты салыстырмалы таза, таулы аймақта орналасқан. Бұл жерде масалардың 26 түрі кездесті. Температураның төмендігіне байланысты суқоймаларда негізінен стенобионтты, Aedes туысының моноциклды олиготермофильді өкілдері дамиды. Сондықтан бұл аймақта қансорғыш масалар түр жағынан көп, сан жағынан аз.

4. Алакөл жағалауында рекреациялық аймақтың қарқынды дамуына байланысты, ол маңдағы суқоймалар органикалық қалдықтармен ластанған және жаз маусымында температураның жоғарылауына байланысты уақытша суқоймалар құрғап ал, тұрақты суқоймалардың көлемі азаяды және судағы тұздың мөлшері өседі.
Кесте 1 - Шығыс Қазақстанның зерттеу нүктелеріндегі Culicidae тұқымдасының алуантүрлілігі



Culicidae
Түрлер

1

2

3

4

5

ССП

Семей

Өске

мен

Қалба

тау

Катон

қара

ғай

«Рахмановс

кие клю

чи»

Алакөл жаға

лауы, Барлықарасан

Үржар өзенінің жайыл

масы, Мақаншы, Келді Мұрат

Anopheles m.messeae Fall.

A.hyrcanus Pall.

A.claviger Mg.

Culiseta longiareo

lata Macq.

C.alascaensis Ludl.

C.morsitans Theob.

Aedes c.caspius Pall

A.c.dorsalis Mg.

A.cantans Mg.

A.riparius D.K.

A.behningi Mart.

A.excrucians Walk.

A.flavescens Mull.

A.cyprius Ludl.

A.communis Deg.

A.pionips Dyar.

A.punctor Kirby.

A.diantaeus H.D.K.

A.intrudens Dyar.

A.pullatus Coq.

A.cataphylla Dyar.

A.leucomelas Mg.

A.v.vexans Mg.

A.c.cinereus Mg.

Culex modestus Fic.

C.p.pipiens L.

C.p.molestus Forsk

C.hortensis Fic.

C. territans Walker.

C.theileri Theob.

Mansonia richiardii Fic.
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2010 iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2010

Авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2010 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010

Авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2010 iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2010

Авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2010 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010

Авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2010 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010

Авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2010 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010

Авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2010 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010

Авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2010 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010

Авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2010 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010

Авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2010 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 жыл

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница