Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүниетану оқу бағдарламасы




Скачать 288.64 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүниетану оқу бағдарламасы
страница1/3
Дата конвертации15.01.2013
Размер288.64 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

ДҮНИЕТАНУ

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
1 - 4 сыныптар

Аcтана 2010

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

ДҮНИЕТАНУ
жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Астана 2010

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Бағдарлама авторлары: Кәрібаева Ш.Ш, Аймағамбетова Қ.А, Жүнісова К. Ж, Бірмағамбетов Ә. Б, Мамырова К.Н.

Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған «Дүниетану» оқу бағдарламасы.– Астана, 2010. – 21 б.

© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім беру академиясы, 2010



І. ТҮСІНІК ХАТ
«Дүниетану» бастауыш білім беру деңгейінде білім алушылардың бойында қалыптасатын адам, табиғат және қоғам, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі туралы білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пән.

Дүниетану оқушылардың қоршаған ортаның әртүрлі нысандары мен құбылыстарын оқып-үйренуге бағытталған танымдық іс-әрекеттердің әдістері мен тәсілдерін біртіндеп меңгеруін қарастырады. Оны оқып-үйренудегі негізгі мәселелер бастауыш білім беру деңгейінде оқушылардың оқу үдерісінде дүниені танып-білуі, сол арқылы оларды тәрбиелеу және дамыту болып табылады.

«Дүниетану» оқу пәнінің жалпы мақсаты бастауыш білім беру деңгейінде білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық құндылық ретінде табиғат, адамды қоршаған әлеуметтік орта, табиғат пен қоғамның бір-бірімен байланысы және өзара тәуелділігі түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.

Оқу пәнінің міндеттері:

  • білім алушылардың бойында қоршаған ортаны құраушылардың

біртұтастығы мен өзара байланыстылығы туралы қарапайым

түсініктер қалыптастыру;

  • білім алушыларға құндылықтар жүйесі, әлеуметтік ортадағы мінез–

  • құлық және қауіпсіздік нормалары және экологиялық мәдениет туралы алғашқы түсініктер беру;

  • білім берудің бастауыш деңгейінде білім алушыларды оқытудың

  • келесі деңгейлерінде жаратылыстану және қоғамтану пәндері шеңберінде қоршаған орта туралы тереңірек білім алуға даярлау және олардың бойында өзбетінше қоршаған орта туралы білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру.

«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұнын іріктеуде бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп, оқыту үдерісінің тұлғалық-бағдарлы тәсілі қарастырылды.

«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны мен құрылымын іріктеу кіріктіру, сабақтастық, біртұтастық ұстанымдарын негізге ала отырып құрылды. Оқу материалдарының мазмұны:

1. Адам.

2. Табиғат.

3. Қоғам тәрізді үш мазмұндық желілер бойынша топтастырылған. Осы мазмұндық желілерге сәйкес берілген оқу материалдары сыныптан сыныпқа өткен сайын күрделендіріліп беріледі.

«Адам» мазмұндық желісіне сәйкес оқушылар адамның физиологиялық дамуы, денсаулық оны сақтау, адамның тіршілік іс-әрекетіне қолайлы жағдай тудыру және салауатты өмір салтын құру туралы қарапайым білімді меңгереді. Мұнда адам биологиялық түр ретінде әлеуметтік тұрғыдан қарастырылады.

«Табиғат» мазмұндық желісі бойынша оқушылар қарапайым биологиялық (жануарлар мен өсімдіктердің белгілері, олардың алуан түрлілігі, тіршілік ортасына бейімделуі, бір-бірімен байланысы) және географиялық (жергілікті жерде бағдарлана алу тәсілдері, план және карта, жер қыртысының формасы, пайдалы қазбалар, табиғаттағы су айналымы, ауа райы, климат, Жер ғарыш денесі) ұғымдармен танысады.

«Қоғам» мазмұндық желісі оқушыларға адам мен қоғамның дамуы, Қазақстан халқының мәдени-тарихи мұралары туралы алғашқы түсініктер береді және онда оқушылар адамның қоршаған ортамен өзара қатынасы және өзара байланысы туралы қарапайым білім мен біліктерді меңгереді.

Пән бойынша оқу жүктемесі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес «Дүниетану» оқу пәнінің апталық жүктеме сағаты:

1 сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

2 сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

3 сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

4 сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.

Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі

Білім мазмұнының вариативті бөлігі білім алушылардың тұлғалық сипатын қамтамасыз ете отырып, балалар мен ата-аналардың сұраныстарын қамтамасыз етеді. «Дүниетану» оқу пәні бойынша келесідей қосымша оқу бағдарламаларын жасау ұсынылады. Мысалы, «Өзіңді тани біл», «Табиғат және адамдар», «Әлем және адам», «Табиғатта қонақта», «Жасыл дәріхана», «Туған ел», «Туған өлкенің табиғи байлықтары» және т.б.

ІІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
Базалық білім мазмұнын оқыту кезеңдері бойынша сағаттарға бөлу

1 сынып

(барлығы – 68 сағат, аптасына – 2сағат)
Кіріспе (1 сағат)

Қоршаған орта туралы қарапайым түсініктер. Қоршаған ортаның әртүрлі жағдайына алғашқы бақылау жасау. Көргенін және оқығанын әңгімелеп беру. Дүниетану – қоршаған орта туралы пән. Оқу пәнінің маңызы мен оны оқып-үйренудің әдістері.

Адам (6 сағат)

Мен – адаммын. Адам денесінің бөліктері. Адамның физиологиялық өсуі үшін не керек (тағам, дәрумендер, ұйқы). Күн тәртібі.

Көрсетілімдер: Заттарды формасына, түсіне, көлеміне, сапасына қарай ажырату (үлкен-кіші, жұмсақ-қатты, мата, ағаш, темір және т.б. материалдардың ерекшеліктері). Әртүрлі дыбыстарды тыңдап, үндерді ажырату (адамның сөзі, сиырдың мөңіреуі, иттің үруі және т.б.).

Табиғат (36 сағат)

Тірі және өлі табиғат. Табиғаттағы өзгерістер (4 сағат)

«Ауа», «су», «топырақ», «күн» ұғымдары туралы алғашқы түсініктер. Ауа және оның маңызы. Су және оның маңызы. Топырақ және оның маңызы. Жердегі тіршілік үшін Күннің маңызы.

Жыл мезгілдері. Ауа райы: ашық және бұлтты күндер. Жауын-шашын түрлері.

Өсімдік (16 сағат)

Өсімдік туралы алғашқы түсініктер. Бөлме өсімдіктері және олардың өсуі. Өсімдік бөліктері және олардың маңызы. Ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер. Өсімдіктердің өсуіне жағдай жасау. Өсімдіктердің тіршілігіне табиғаттағы мезгілдік өзгерістердің әсері.Табиғат және адам өмірінде өсімдіктердің маңызы. Өсімдіктерді қорғау.

Жануарлар (12 сағат)

Жануарлардың негізгі топтары туралы жалпы түсініктер: сүтқоректілер (хайуанаттар), құстар, үй жануарлары, балықтар, бауырымен жорғалаушылар, жәндіктер. Жануарлар және олардың қылықтары. Үй жануарлары және хайуанаттар. Тірі бұрыш жануарлары. Жануарларды бағып-күту.

Адам еңбегі (4 сағат)

Адамдардың мезгілдік жұмыс түрлері. Күз: қыстық отын дайындау, дәнді дақылдар мен жеміс-жидектерді жинау, ағаш отырғызу, үй жануарлары үшін жылы орын дайындау, олардың қыстық азығын, жем-шөптерін дайындау. Қыс: үйлерді жылыту, үй жануарларын бағып-күту, құстар мен хайуанаттарға жем шашу. Көктем: бау-бақшаларды тазалау, топырақты қопсыту, егін егу, көшет егу, малдарды жайылымға айдау. Айнала қоршаған ортаны қорғау.

Практикалық жұмыстар:Өсімдіктің бөліктерін анықтау. Үй жануарлары мен хайуанаттардың қылықтарына қысқаша сипаттама беру.

Топсеруендер:Табиғаттағы жыл мезгілдері мен өсімдік тіршілігіне бақылау жасау.

Қоғамдық-пайдалы еңбек. Үй өсімідіктері мен тірі бұрыш жануарларын күту.

Қоғам (22 сағат)

Отбасы (4 сағат)

Отбасы мүшелері. Отбасы мүшелерінің бір-біріне қамқорлығы. Әке мен ананың отбасындағы рөлі. «Мен», «біз», «менікі», «біздікі» ұғымдарының мәні.

Жеке отбасы мүшелерінің міндеттері. Үйде және қонақта өзін-өзі ұстау ережелері. Этикет. Көршімен. Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас мәдениеті.

Тұрмыстық техникалар мен құрал-жабдықтарды қолданудағы қауіпсіздік ережелері (электр токтары, газ балондары және т.б.). Электр энергиясын және суды үнемдеу.
Мектеп (4 сағат)

Мен оқушымен. Мектеп оқушысының міндеттері. Оқушының мекен-жайы. Оқушының күн тәртібі, сабақ кестесі. Менің сыныбым. Сынып ұжымы. Менің мектебім. Мектеп ұжымы.

Мектепте өзін-өзі ұстау ережесі. Мектеп және оның маңайы. Мектептің мекен-жайы.

Туған қала (облыс/аудан) (6 сағат)

Туған қаланың (облыс/аудан) аталуы., негізгі көшелері, алаң. Жол. Адам жүретін және машиналар жүретін жолдар. Көше қилыстары, бағдаршам. Көшеде жүру ережесін сақтау. Үйден мектепке дейінгі жол. Көлік түрлері, онда жүріп-тұру ережелері.

Мемлекеттік мекемелер туралы ұғым. Мамандық ұғымы, олардың түрлері.

Туған ел (8 сағат)

Менің елім – Қазақстан. Қазақстан республикасының рәміздері – ән ұраны, ел таңбасы, елдің жалауы (туы). Астана – Қазақстанның астанасы.

Республикада тойланып, атап өтілетін ұлттық мерекелер. Наурыз мерекесі.

Көрсетілімдер:Қазақстан туралы, Астана туралы кинодеректер.

Практиклық жұмыстар. Көшеде жүру және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелеріне рөлдік ойындары.

Қоғамдық-пайдалы еңбек. Үй шаруасына көмектесу. Мерекелік іс-шараларға қатысу.

2 сынып
Адам (8 сағат)

Адамның тіршілік іс-әрекетіне қажетті жағдайлар (үй, киім-кешек, техникалық құралдар, өсімдік өсіру, үй жануарларын ұстау). Адамның тіршілік іс-әрекеті үшін қажетті еңбек.

Адамның сезім мүшелері, олардың маңызы. Тілдің ерекше қызметі. Сезім мүшелерін күту, Салауатты өмір салты.

Табиғат (33 сағат)

Тірі және өлі табиғаттың өзара байланыстары туралы ұғымдар. Өлі табиғат денелері, олардың қасиеті (12 сағат)

Ауа – газ тәрізді зат. Ауаның жалпы қасиеттері. Табиғаттағы және адам өміріндегі ауаның маңызы. Ауаны ластанудан сақтау.

Су. Суддың қасиеті (түсі, дәмі). Су – еріткіш. Ерігіш және ерімейтін заттар. Табиғаттағы және адам өміріндегі судың маңызы. Суды үнемдеу.

Топырақ. Топырақтың құрамы мен оның құнарлылығы туралы түсініктер. Топырақтың маңызы. Топырақты қорғау шаралары.

Күн - жарық пен жылу көзі.

Көрсетілімдер: ауада оттың жаңғыштығына, суды түсіне қарай басқа да сұйықтықтармен салыстыруға, судағы ерігіш заттарға қарапайым тәжірибе жасау.
Өсімдік (7 сағат)

Өсімідіктердің тіршілігіне ауаның, судың, жарық пен жылудың қажеттігі. Өсімдіктердің өсуі мен көбеюі. Өсімідік мүшелері және олардың қызметі.

Жануарлар (8 сағат)

Жануарлар тіршілік ету үшін ауаның, судың, жарық пен жылудың, азықтың қажеттігі. Жануарлардың көбеюі.

Өсімдіктер мен жануарлардың адам өміріндегі маңызы (6 сағат)

Егіншілік. Мал шаруашылығы. Өсімдік және мал шаруашылығы ұғымдары, олардың шикізаттарын кәсіпорындарда қайта өңдеу туралы жалпы түсініктер. Адамның айнала қоршаған ортаны қорғаудағы жауапкершілігі. Өсімдіктер мен жануарларды қорғау.

Көрсетілімдер: өсімдік мүшелерінің, олардың құрылысының, ұрығының, жемісінің кептірмелері. Үй өсімідіктерін ыдысқа отырғызу техникасы. «Көбелек, бақалардың әр түрлі даму кезеңдері» туралы диафильм.

Қоғамдық-пайдалы еңбек: Үй өсімдіктерін көбейту. Мектеп ауласындағы өсімдіктерді күту. Үй жануарларын бағып-күту.

Топсеруендер: Қала жағдайында: саябақтардағы өсімдіктермен, хайуанаттар бағындағы жануарлармен танысу. Жергілікті жерде: мектеп ауласындағы,өз бау-бақшаларындағы өсімдіктермен және үй жануарларымен танысу.

Қоғам (27 сағат)

Отбасы (6 сағат)

Отбасында балаларды қоғамдық-әлеуметтік өмірге дайындау. Ата-анасының жұмыс орны, олардың мамандығы. Отбасындағы ата-әжесінің рөлі. Туыстық қатынастар. Жақын және алыс туыстармен өзара қатынастары. Отбасылық дәстүрлер. Отбасы мүшелерінің дем алуы, бірге дем алу түрлері, оның отбасы мүшелері үшін маңызы.

Мектеп (6 сағат)

Мектеп жұмысының тәртібі: сабақ кестесі, сабақтың басталуы мен аяқталуы, үзіліс. Оқушылар ержесі. Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас. Қоғамдық-пайдалы және жалпы мәдени жұмыстар.жауапкершілік пен тәртіп. Сынып ұжымының іс-шараларға қатысуы. Мектеп кітапханасы мен шеберханасында жұмыс істеу ережесі.

Туған қала (облыс/аудан) (8 сағат)

Қала (облыс/аудан) республика әкімшілігінң құрамдас бөлігі. Шаруашылық туралы алғашқы ұғым. Қаланың (облыс/ауданның) негізгі шаруашылық салалары. Тарихи назар аударарлық орындар және мәдени мұралар. Халықтың демалыс орындары. Көшеде және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелері.

Туған ел (7 сағат)

Біздің Отанымыз Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Мемелекеттік рәміздердің авторлары. Отанымыздың ірі мемлекет қайраткерлері.

Еліміздің шаруашылық салалары туралы жалпы түсініктер: ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік қатынастары, құрылыс, эенергетика.

Қазақстанның мәдениеті, ғылымы мен білімі туралы жалпы түсініктер. М.Әуезов – ұлы жазушы. Қ.Сәтбаев – көрнекті ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы.

Қазақстан республикасының бүкіл халықтық мерекелері: Наурыз – Жаңа жыл. Республиканың тәуелсіздік күні.

Көрнекіліктер. «Астана – менің сүйікті қалам» атты диафильм.

Практикалық жұмыстар. Мектеп кітапханасының ережелеріне сәйкес ұймдастырылған рөлдік ойындар.
3 сынып
Адам (8 сағат)

Адам - табиғаттың бір бөлшегі. Адам ағзасының құрылысы туралы жалпы түсініктер. Қаңқа және бұлшық еттер. Қимыл-қозғалыс. Дем алу мүшелері. Өкпе және оның қызметі. Ас қорыту мүшелері. Қан айналымы. Жүрек және оның қызметі. Жүйке жүйесі. Дене мүшелерінің өзара байланысы.

Дене шынықтырудың қимыл-қозғалыс еңбектерінің бұлшық еттерді қатайту үшін маңызы. Тамақтану гигиенасы. Таза ауада демалу.

Көрнекі құралдар: Қаңқаның моделі, адам жүрегінің үлгі түріндегі көшірмесі (муляж), кестелер, секундомер, спидометр.

Көрсетілімдер: Адам ағзасы мүшелері, олардың қызметтері туралы әртүрлі диафильмдер.

Практикалық жұмыстар: Қалыпты күйдегі және әртүрлі дене жаттығуларынан кейінгі адам пульсінің соғуын өлшеу және салыстыру.
Табиғат (34 сағат)

Табиғатты оқып-үйрену әдістері (4 сағат)

Тірі және өлі табиғат денелеріне бақылау жасау. Бақылау және тәжірибе – табиғатты танып-білудегі негізгі әдістер. Тәжірибе жүргізуді жоспарлау, оның жүргізілуіне бақылау жасау, алынған нәтижелерді қорытындылау.

Көлем және оны өлшеу (уақыт, температура, ұзындық және т.б.), олардың табиғат объектілері мен құбылыстарын оқып-үйренудегі маңызы.

Көрнекі құралдар: Күнтізбе, сағат, термометр, сызғыш және т.б.

Көрсетілімдер: Көлемді өлшеуіш құралдар. Бөлме өсімдіктері жапырақтарының жарыққа қарағандағы жағдайына бақылау жасау.

Практикалық жұмыстар: Көлемді өлшеуіш құралдарымен жұмыс жасау, олардың көмегімен көлемді анықтау.

Дене. Заттар. Құбылыс (4 сағат)

Дене туралы алғашқы түсінік. Табиғи және жасанды денелер. Заттар. Заттың агрегаттық күйі. Табиғаттағы құбылыс.

Көрнекі құралдар. Түрлі заттардың үлгісі.

Практикалық жұмыстар. Табиғи және адам қолымен жасалған денелермен танысу.

Ауа. Су. Ауа райы (4 сағат)

Ауа: жылы және суық ауа. Жел – ауаның қозғалысы. Табиғаттағы су. «Жер асыты сулары», «өзен», «көл», «теңіз», «мұхит» ұғымдары. Бұлт, оның түрлері. Жауын-шашын. Тұман. Ауа райы. Ауаның тазалығын сақтау. Ауа мен судың маңызы.

Көрнекі құралдар: Өзен, көл, теңіздің суреттері. Шыны түбіртек, химиялық колба және т.б.

Көрсетілімдер: Есікті ашып екі бөлме арасындағы ауаның қозғалысына бақылау жасау.

Практикалық жұмыстар: Қазақстандағы және дүние жүзі бойынша ең ірі өзен, көлдердің аттарын дәптерге жаздырту.
  1   2   3

Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүниетану оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы технология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүниетану оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүниетану оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы химия оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүниетану оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүниетану оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы жаратылыстану оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүниетану оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүниетану оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүниетану оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы алгебра оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүниетану оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүниетану оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы химия оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница