2009 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді




Скачать 37.84 Kb.
Название2009 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді
Дата конвертации15.01.2013
Размер37.84 Kb.
ТипДокументы
НҰРА АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫ

2009 жылғы 30 наурыздағы № 05/01

Қарағанды облысы Әділет Департаментінің

Нұра аудандық Әділет басқармасында

2009 жылдың 30 cәуірдегі тіркелінген,

мемлекеттік тіркеу № 8-14-95

2009 жылы сәуір-маусым және

қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді

әскери қызметке шақыруды

өткізу туралы


Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес, және 2009 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында шақыруы кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ 18 ден 27 жасқа дейінгі азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілсін.

2.Аудандық шақыру комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3. Ауыл және кент әкімдері:

1) 2009 жылы мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын 1982-1991 жылдары туған азаматтарды қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің тізбесі бойынша шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін;

2) әскерге шақырылғандарды шақыру комиссиясынан өткізу және жіберу үшін жеткізуін ұйымдастырсын.

4. Нұра ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі (Қайролла Шәріпұлы Жолболдин-келісім бойынша) әскерге шақыру мәселелері бойынша қажетті шараларды жүзеге асырсын.

5. Аудандық медициналық бірлестігі (Бөкеш Орақұлы Еспаев-келісім бойынша) аудандық шақыру комиссиясын шақыру мерзіміне маман-дәрігерлермен, орта медициналық персоналмен жиынтықтасын, кабинеттерді медициналық құрал-жабдықармен және аспаптармен қамтамасыз етсін.

6. Нұра ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Гүлсара Құрашқызы Досполова-келісім бойынша) шақыру учаскесінің күйіне санитарлық бақылауды қамтамасыз етсін.

7. Аудандық ішкі істер бөлімі (Қанат Ісләмұлы Әпеков-келісім бойынша):

1) әскерге шақырудан жалтарғандардың іздестіруін және ұстауын қамтамасыз етсін;

2) әскерге шақырылғандарды жіберу және жеткізу кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын, олардың шақыру комиссиясына және әскерге жіберу кезінде қорғаныс бөліміне және Қарағанды қаласының облыстық жиналыс пунктіне дейін ере жүруін қамтамасыз етсін.

8. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі «2008 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы»(2008 жылдың 22 сәуірінде Қарағанды облысы Әділет Департаментінің Нұра ауданының Әділет басқармасында тіркелінген, мемлекеттік тіркеу № 8-14-69) № 05/03 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.

10.Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі С.Шайдаров
КЕЛІСІЛДІ

Нұра ауданы бойынша

мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау

басқармасының бастығы

Г.Қ.Досполова_____________

«30» 03.2009 жыл
КЕЛІСІЛДІ

Аудандық медициналық

бірлестігінің

директоры__________

Б.О.Еспаев

«30» 03.2009 жыл
КЕЛІСІЛДІ

Нұра ауданының қорғаныс істер жөніндегі

бөлімінің бастығы

Қ.Ш.Жолболдин___________

«30» 03.2009 жыл
КЕЛІСІЛДІ

Аудандық ішкі істер бөлімінің

бастығы

Қ.І.Әпеков___________

«30» 03.2009 жыл


Қосымша

аудан әкімдігінің

2009 жылғы «30» наурыздағы

№ 05/01 қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы:

1.Жолболдин Қайролла -комиссия төрағасы,

Шәріпұлы Нұра ауданының қорғаныс

істер жөніндегі бөлімінің бастығы

(келісім бойынша)
2.Гизатулин Фаниль -комиссия төрағасының

Фанауивич орынбасары, аудан әкімі

аппаратының азаматтық қорғаныс

және төтенше жағдайлар жөніндегі

бас маманы
3. Насихатова Лязат -комиссия хатшысы,

Өскембайқызы (келісім бойынша)


Комиссия мүшелері:
4.Протасенко Константин -Нұра ауданының ішкі істер бөлімі

Викторович бастығының орынбасары

(келісім бойынша)

5.Гизатуллина Лилия -аудандық медициналық

Фанауиовна бірлестігінің терапевт-дәрігері

(келісім бойынша)

Похожие:

2009 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді icon2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды
Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі №779 Жарлығына сәйкес, мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдасқан түрде өткізу...
2009 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді icon2012 жылғы сәуір – маусым және қазан -желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды
Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы №274 Жарлығына сәйкес 2012 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында...
2009 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді icon2010 жылғы сәуір – маусым және қазан -желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы №960 Жарлығына сәйкес 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында...
2009 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді iconҚазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында
Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында...
2009 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді iconШақыру жасындағы азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан- желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы №1163 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы «Азаматтарды...
2009 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді iconЛисаков қ. №526 2008 жылғы 8 сәуір
Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымын-да және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы...
2009 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді iconАудан әкімдігінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі №95 қаулысы 2010 жылдың сәуір-маусымында
Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы...
2009 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді iconЖаңаарқа ауданы аумағында 2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Жаңаарқа ауданы әділет басқармасында №8-12-53 санымен 3 сәуір 2009 жылы мемлекеттік тіркеуден өткізілді, «Жаңаарқа» газетінде №19...
2009 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді icon2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды
Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына, «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргiзу...
2009 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді iconСәрсенбі 2010 жылы 06 қазан, 09. 00 Судья Нұралиев Б. Е. 1-62/10 санды қылмыстық іс Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу
Жамбыл облысы Жуалы аудандық сотымен 2010 жылы 04. 10-08. 10 қазан аралығында қаралып жатқан істер бойынша ақпарат
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница