Катонқарағай аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 12 айында атқарылған




Скачать 78.78 Kb.
НазваниеКатонқарағай аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 12 айында атқарылған
Дата конвертации15.01.2013
Размер78.78 Kb.
ТипДокументы
Катонқарағай аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 12 айында атқарылған

жұмыстары туралы мәлімет
2011 жылдың 12 айында білім, дене шынықтыру және спорт саласы бойынша жоспарлы түрде жұмыстар атқарылды. Жыл көлемінде 150 мұғалім Өскемен, Алматы қалаларындағы облыстық, республикалық білім жетілдіру институттарында өз білімдерін жетілдірді.

Аудан мектептерінде 2010 жылдың 25 желтоқсанынан 2011 жылдың 25 қаңтарына дейінгі аралықта жалпыға бірдей міндетті оқуға тарту айлығы және 2011 жылдың 10 қаңтармен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» республикалық айлығы ұйымдастырылып өткізілді. Мектеп ұжымдары жергілікті әкімшілік органдарымен, құқық қорғау қызметкерлерімен бірлесе отырып, мектеп жасындағы балалардың мектепке толық қамтылуын қамтамасыз етті.

Биылғы жылы аудандағы 28 орта мектептің 11 сынып бітіруші 552 түлегінің 513-і 2011 жылғы 4, 6 маусымда Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті. Ал 39-ы дәстүрлі емтихан тапсырды.

Ұлттық бірыңғай тестілеуді 385-і қазақ, 128-і орыс тілінде тапсырды. Жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатына 18 үміткердің 14-і, ал үздік аттестатқа үміткер 5 түлектің 3-і растады. Аудан бойынша орташа балл 99,87. Бірыңғай ұлттық тестілеу тұтастай алғанда түлектер мен мұғалімдердің жоғары дайындық нәтижесін көрсетті.


ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ КӨРСЕТКІШТЕРІ





Алтын белгі” аттестатын растаған түлектер саны

Аудандық олимпиадаға 11 пән бойынша барлық мектептерден 352 оқушы қатысты. Жеңімпаздар анықталып, 2 орынды: Казанцева Марина орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнінен облыстық олимпиадада 2 орынды, Шыңғыстай орта мектебінің оқушысы Мантаева Аяулым биология пәнінен 3 орынды иеленді. 12 оқушы облыстық қашықтық олимпиадада 2,3 орындарды иеленді. 2011 жылғы 15 сәуірде бастауыш сыныптарда 6 пән бойынша 198 оқушысы қатысып, жәңімпаздары анықталды.
Жеңімпаздар 2011 жылғы 1 мамырда ШҚӨҒП «Дарын» орталығы 4 сыныптарға ұйымдастырған облыстық олимпиадада Жамбыл орта мектебінің 2 оқушысы және Катонқарағай ауылы, В.Ленин атындағы орта мектебінің оқушылары 2,3 орындарды иеленді. «Күншуақ» республикалық балалар шығармашылығының байқауында балалар саз мектебінің оқушысы Ерболов Мирас І дәрежелі дипломмен және кубокпен марапатталды.

2011 жылдың 12 айында ғана мектеп оқушылары көптеген облыстық, республикалық жарыстарда жеңімпаз атанды. Айта кетсек, аудан көлемінде «Кенгуру – лингвист» - 57, «Тұлпар» - 332, «Русский медвежонок»-284, «Кенгуру-математика» - 275, «Славянская культура» - 48, «Золотое руно» - 261, «Малахит» - 98, «Сәйгүлік» - 224, «Айналайын» - 150, «Ақбота» - 175 оқушы интеллектуалдық сайыстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. «Күз-қыс 2011» (КИО) қашықтық олимпиадасына Д.Тоқтаров, А.Малахов, Д.Муктархан

Сондай-ақ, ШҚӨҒП «Дарын» орталығы Д.Серікпаев атындағы ШҚМТУ-мен бірлесіп, математика пәні бойынша ауыл мектептері арасында ұйымдастарған «Жас математик» олимпиадасына 11 сынып оқушылары қатысып, өз білімдерін көрсете білді. «Айналайын», «Кенгру», «Тұлпар» сайыстарында жеңіп шыққан 16 оқушы ШҚӨҒП «Дарын» орталығы ұйымдастырған «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығынан жолдама алып, демалды.

Биылғы жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен Халықаралық «Орман жылы» болып жарияланғанына байланысты сайыстық бағдарламалар ұлттық парктің орманын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау тақырыптарына арналды. 23 наурыз 13 мамыр аралығында қатысушылардың 600-ден астам жұмыстары қабылданды.

Мерекелік іс-шара 1972 жылы Стокгольм қаласында БҰҰ бас ассамблеясының келісімімен бекітілген және жылда дүниежүзінде 5 маусымда аталынатын Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне ұштастырылды.

Еске түсірер болсақ, сәуір айының басында ұлттық парк «Парктер шеруі 2011» табиғатты қорғау акциясын өткізу бойынша аудан мектептері мен ұлттық парктің орманшылықтары арасында сайыс жариялады. Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін тойлар алдында, яғни 2 маусым күні ұлттық парктің оқу-білім орталығында сайыстың қорытындысын жасап, жеңімпаздарды анықтау үшін комиссия мүшелерінің отырысы болып өтті.

Комиссия мүшелерінде Катонқарағай ауылдық округінің, аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, «Маметек» қоғамдық бірлестігінің және «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері болды.

Аудандақ білім беру мекемелерінің арасында «Ең үздік мектеп» номинациясын Өрел орта мектебі иеленді. Ал орманшылықтар арасында ең үздік деп танылған Аршаты орманшылығы болды. «Парктер шеруі» сайысының жеңімпаздары Катонқарағай ұлттық паркінің құрмет дипломдарымен, «Ең үздік мектеп», «Ең үздік орманшылық» атты ауыспалы кубоктарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

2011 жылғы 23 наурыздан 15 маусым аралығында «Таза болсаң – табиғат, адам болар – адамзат» атты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К.Масимовтың дипломына республикалық ізденіс конкурсына 40-тан астам балалардың жұмыстары жіберілді.

2011 жылғы 30 мамырда Өрел орта мектебінің мұғалімі Пономарева М. Семей қаласында өткізілген «Аймақтық компонентті қолдану» атты облыстық-ғылыми конференцияға қатысты.

Үлкен Нарын ауылында 2011 жылғы 6 шілдеде өзі жас қала, өзі бас қала, әсем қала Елордасы – Астананың мерейтойына және Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған «Туған күнінмен, Астана» атты мектеп оқушылары арасында сурет көрмесі өтті. Оқушылар Астана күніне орай Абылайхан көшесі бойындағы ғимарат қабырғаларында өз суреттерін салды.

Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынды Белқарағай орта мектебінің оқушысы, Облыстық, Республикалық сайыстардың жеңімпазы - Жанаев Рустем, 2 орынды– Рыков атындағы орта мектебінің оқушысы – Клан Даулет, Балғын орта мектебінің оқушысы – Файзоллин Магжан, 3 орынды: Ново-Хайрузовка орта мектебінің оқушысы – Исабаева Аида және Ново-Березовка орта мектебінің оқушысы – Ошанова Зейнап иеленді.

Ұстаздар арасында ұйымдастырылып, өткізілген сайыстардың жеңімпаздары: «Үздік информатик- 2011» - Уалканова Д., «Жыл мұғалімі – 2011» - Асылбаев Е., «Жыл директоры – 2011» - Джумагулова А.К., «Үздік бастауыш сынып мұғалімі – 2011» - Жагабаева Г.А., « Жыл мектебі – 2011» - Өрел орта мектебі. 2011 жылғы 30 қарашада Өскемен қаласында тарих пәні мұғалімдерінің панорамалық сабақтар сайысына Қ.Дамитов атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Садуова Н. Қатысып, 1 орынды иеленді.



Аудан көлемінде директорлар мен оқу-тәрбие ісі меңгерушілерінің 14 кеңесі өткіізілді.

Есептеме кезеңінде келесі семинарлар өткізілді:

  • Ново-Березовка орта мектебінде мұғалімдердің өзін-өзі тану пәнінен «Мектептегі оқу-тәрбие жұмысында оқушының рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру және қайырымдылыққа тәрбиелеу» атты тақырыбында аудандық семинар

  • В.Ленин атындағы орта мектебінде түзету кабинетінің мамандарымен бірлесе психологтардың аудандық семинары

  • В.Ленин атындағы орта мектебінде тарих пәні мұғалімдерімен «Республика Казахстан – правовое государство» атты семинар-конференция

  • 2011 жылғы 30 наурызда Үлкен Нарын ауылдық лицейінде ауданның математика мұғалімдерімен «Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстар» тақырыбында семинар–практикум өткізілді. Семинарда аудан мұғалімдерін дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың жүйесімен және осы бағытта атқарылған жұмыстың нәтижесімен таныстырылды.

  • 2011 жылғы 7 ақпанда Катонқарағай ауылындағы «Айгөлек» және «Қарлығаш» бала бақшаларында «Мектепке дейінгі мекемелерде жаңа әдіс-технологияларын пайдалану» атты тақырыпта тәрбиешілер үшін семинар

  • 2011 жылғы 21 ақпанда Қ.Дамитов атындағы орта мектебінде «Мемлекеттік рәміздердің балаларды тәрбиелеудегі маңызы» атты тақырыпта аудандық семинар

  • 2011 жылғы 25 сәуір күні Қ.Дамитов атындағы орта мектебінде ең бір маңызды тақырыпқа арналған «Патриоттық тәрбиедегі мемлекеттік рәміздердің маңызы» атты аудандық семинар

  • 2011 жылғы 12 мамырда Катонқарағай ауылы, В.Ленин атындағы орта мектебінде «Мұғалімнің кәсіби біліктілігі – нәтижеге бағытталған білім сапасының кепілі» атты тақырыпта информатика пәнінен аудандық семинар

  • 2011 жылғы 12 мамырда Катонқарағай ауылы, Ленин атындағы орта мектебінде «Мұғалімнің кәсіби біліктілігі. Электрондық портфолио жасау» атты тақырыпта оқу ісі жөніндегі директордың орынбасарларына арналған аудандық семинар

  • 2011 жылғы 24 мамырда Катонқарағай ауылы, Рыков атындағы орта мектебінде «Оқу - білімнің көзі» атты тақырыпта оқу ісі жөніндегі директордың орынбасарларына арналған аудандық семинар

  • 2011 жылғы 11 қарашада Үлкен Нарын ауылындағы, №1 балабақшада «Мектепке дейінгі мекемелерде жаңа әдіс-технологияларын пайдалану» атты тақырыпта тәрбиешілер үшін семинар

  • 2011 жылғы 25 қарашада Катон ауылы, В.Ленин атындағы орта мектебінде «Жеке тұлғаға бағытталған оқытуды ақпараттандыру арқылы оқушы құзіреттілігін қалыптастыру» атты тақырыпта бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар

  • 2011 жылғы 30 қарашада Топқайын орта мектебінде «Үйірме жұмыстары арқылы оқушылардың рухани-адамгершілігін, қасиеттерін қалыптастыру және салауатты өмір салты дағдыларын қамту» атты тақырыпта мектеп директорларының орынбасарлары мен тәлімгерлеріне арналған аудандық семинарлар өткізілді.

Ауданның барлық мектептерінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс-шаралар жеке жоспарлар бойынша ұйымдастырылып, өткізілді. Сонымен қатар, «Туған жерге тағзым», «Туған өлкем», «Қазақстандық патриотизм» байланысты іс-шаралар жүйелі түрде атқарылды.




С.А.Назарбаеваның 70 жылдық мерейтойына байланысты мектептерде тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылып, жүзеге асырылды.

Жыл көлемінде оқушыларды салауатты өмір сүруге насихаттау, денсаулығын нығайту, спортқа деген ұмтылысын ұштау мақсатында 60- тан астам түрлі спорттық сайыстар, жарыстар, турнирлер өткізілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге байланысты 20 жұлдызды күн шеңберінде «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» деген атпен оқушылар мен жастар арасында спортық жарыстар ұйымдастырылып, өткізілді.
2011 жылгы 18-21 акпан аралығында Риддер қаласында оқушылар және ШҚО колледждері оқушылары арасында V-ші Қысқы облыстық спартакиадада спорттық бағдарлау бойынша ауданның құрама командасы облыс көлемінде 2 орын алып, облыстық «Саулетай» спартакиадасында 7 орынға ие болды.



2011 жылғы 20 шілдеде Алматы қаласында бокстан жастар арасында өткізілген әлем чемпионатына жерлесіміз Қалибеков Аян қатысып, 3 орынды иеленіп, қола медаліне ие болды.


2011 жылғы 25-30 қазан аралығында Зарипов Жарас Тоқтағанович басқарған оқушылардың құрама командасы Семей қаласында, волейболдан облыс біріншілігіне қатысып, 2 орынды иеленді.

Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі

Похожие:

Катонқарағай аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 12 айында атқарылған iconАбай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы
Жылдың 5 айында аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша жылдық жоспар негізінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Жоспарланған...
Катонқарағай аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 12 айында атқарылған icon2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Миссиясы мен пайымдауы
«Катонқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік...
Катонқарағай аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 12 айында атқарылған icon2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Үлкен Нарын 2010ж Мазмұны
«Катонқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік...
Катонқарағай аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 12 айында атқарылған iconҚызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2012 жылдың 9 айындағы атқарылған жұмыстары
Облыста өткізілетін бұқаралық-спорттық және дене шынықтыру сауықтыру іс-шараларынының саны артып келеді, 2011 жылы 1440 іс-шараға...
Катонқарағай аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 12 айында атқарылған icon2010 жылдың І тоқсаны ішінде Бесқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімімен атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Бесқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімімен атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Катонқарағай аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 12 айында атқарылған icon«Аягөз аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мм 2010 – 2014 жылдарға арналған сратегиялы қ жоспар
ШҚО, Аягөз аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің міндеттері мен көріністері
Катонқарағай аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 12 айында атқарылған iconБекітемін: «Жылыой ауданы білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы Елтезеров Ізбасар Бекболатұлы Бұйрық
Мемлекеттік сатып алу бойынша: №1 лот Жылыой ауданы білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі ғимаратына өрт қауіпсіздігі дабылқаққышын...
Катонқарағай аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 12 айында атқарылған icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Салауатты өмір салты қағидаттарына ену тетігін тиімді құрылуын пайымдау бойынша Бесқарағай ауданында дене шынықтыру және спорт саласындағы...
Катонқарағай аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 12 айында атқарылған icon2010 жылдың қортынды мәліметі. 2010 жылдың 23 қаңтарында Зайсан қаласыда 6 сынып мектеп оқушылары бағдарламасы бойынша «Ең үздік спорт сыныбы»
Жиынды аудандық білім бөлімінің бастығы С. Абдығалиева салтанатты түрде ашып, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы...
Катонқарағай аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 12 айында атқарылған iconІ. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2010 жыл көлемінде атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары
Ауданда «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының және «Қазақстан Республикасында» дене шынықтыру мен...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница