Аудандық білім беру бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны




Скачать 427.18 Kb.
НазваниеАудандық білім беру бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
страница1/6
Дата конвертации15.01.2013
Размер427.18 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6


Аудандық білім беру бөлімінің

2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Мазмұны


  1. Аудандық білім беру бөлімінің мақсаттары мен

түпкі нәтиже



  1. Ағымдағы жағдайларға сараптама



  1. Аудандық білім беру бөлімінің іс-әрекеттерінің

стратегиялық бағыттары, даму мақсаттары және негізгі

қызметтік индикаторлары



  1. Аудандық білім беру бөлімінің қызметтік мүмкіндіктері



  1. Сектораралық байланыс




  1. Қосымша бағдарламалық құжаттар тізімі және

нормативтік-құқықтық актілері



  1. Бюджеттік бағдарламалар



1. Аудандық білім беру бөлімінің мақсаттары мен түпкі нәтиже
Мақсаты: Білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілікке бағытталып жаңғыруы жағдайында білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігі негізінде шығармашылық әлеуетін қалыптастыру.
Түпкі нәтиже: Шығармашыл, қабілетті, зияткер жеке тұлға.
2.Ағымдағы жағдайларға сараптама

2009-2010 оқу жылында 50 мектептің 38 орта, 2 негізгі,10 бастауыш мектеп болды. 2008-2009 оқу жылында аудан бойынша 9732 оқушы мектепті бітіріп, сыныптан-сыныпқа көшкен, оның ішінде 9- сыныпты – 1148, 11- сыныпты – 679 оқушы бітірді. Осы 2008-2009 оқу жылы қорытындысы бойынша үздікке бітіргендердің саны – 1443(14%), екпінділер саны – 2678 (26%). Білім сапасы – 41,6%.

2007-2008 оқу жылының қорытындысымен салыстырғанда 2008-2009 оқу жылында білім сапасы – 1,7 % өсті.
Аудан мектептеріндегі оқушылар санының динамикасы



Аудан бойынша 0-6 жас арасындағы жалпы бала саны 6469, оның ішінде 6 жастағы 831 бала бастауыш сыныпта, 5 жастағы 896 баланың 55-і мектепалды даярлық сыныбында білім мен тәбие алуда.

2-5 жас аралығындағы 2990 баланың мектепке дейінгі мекемелерде 1072-і (35,8%) қамтылып отыр.Оның ішінде 663-і (61,8%) 28 мектеп жанынан ашылған шағын орталықта (36 топ) тәрбиеленуде.3 балабақшаға ( « Балауса»,» Балдырған», «Жасұлан») 409 (38,1 %) бүлдіршін қабылданған.Ақсуат ауылында орналасқан 150 орындық «Балдырған» балабақшасы 2009 жылдың наурыз айынан пайдалануға берілді.
Мектепке дейінгі білім және тәрбие ұйымдарына қамтылған бала саны

Балабақшалар мен шағын орталықтарда балалардың интеллектуалдық дамуына ерекше көңіл бөлініп, әр тұлғаның дарындылығын ескере отырып оќыту, дамыту, тєрбиелеу жұмыстары жүргізіледі. Ауданда мектеп жасына дейінгі балаларды толық қамту мақсатында мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің санын көбейту қажеттілігінен 2010 жылдың қаңтар айынан М.Әуезов /Ақжар/, М.Әуезов /Көкжыра/, Абай, Сейфуллин /Жаңалық/ орта мектептер және Жаңатілеу бастауыш мектептері жанынан шағын орталық топтарын ашып 125 бала қабылдау жоспарланды. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражатқа пайдалануға жарамды ғимараттарды мектепке дейінгі тәрбие мекемелеріне қайтару негізінде Қызыл кесік, Көкжыра ауылдарынан ашылатын балабақшаға 150 бала қабылдау, Тұғыл ауылындағы жекешелендірілген ғимаратты кеңейту арқылы балабақшадағы бала санын 75 –ке көбейту белгіленді. 2010 жылдан мектеп жанындағы шағын орталықтағы бала саны 788 балаға, балабақшалардағы бала саны 559 көбейеді. Мектепке дейінгі мекемелерге 45 % бала қабылданады.

2011-2015 жыл аралығында аудан бойынша 10 мектеп жанынан шағын орталық ашып 250 бала қабылдау,республикалық бюджет есебінен пайдалануға жарамды ғимараттарды мектепке дейінгі тәрбие мекемелеріне қайтару негізінде Құйған, Қарасу. Ойшілік, Қабанбай ауылдарынан балабақша ашып 275 бала қамту, Жаңа ауыл, Ойшілік, Ақжар елді мекендерінен 300 балаға жаңадан балабақша құрылысын салу жоспарлануда.
Жалпы орта білім беру
Аудан бойынша жалпы білім беретін мектептер желісі мен оқушылар

контигентінің динамикасы


Оқу жылы

2002

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

Мектеп саны

50

50

50

50

50

50

50

50

Оқушы саны

14315

13538

12386

11902

11388

10511

9808

9501


Мектептерде бала санының азаюына байланысты шағын комплектілі мектептер саны артты. 2008-2009 оқу жылы 50 мектептің 37 шағын комплектілі (74 %).Алыс елді мекендерден қушыларды оқуға қамту мақсатында 10 елді мекеннен 183 оқушының тасымалы ұйымдастырылды.

2008 жылы Кабеков, Мұратбаев, Әуезов/Ақжар/, Сатбаев /Шеңгелді/ мектептері оқушыларының тасымалына Шаолинь» маркалы автобустар берілсе, 2009 жылы Асусай мектебіне УАЗ автокөлігі алынды.

Оқушылардың білім сапасын бағалау
Соңғы 5 жылдан бері оқушылардың оқудағы жетістіктерін анықтауда біыңғай мемлекеттік тапсырмалар негізінде орталықтандырылған мемлекеттік бағалау жүйесі – Ұлттық бірыңғай тестілеу мен мемлекеттік аралық бақылау енгізілген.ҰБТ мен МАБ нәтижесі арқылы мектептегі білім сапасы анықталып, мұғалім еңбегі бағаланады.

Осы оқу жылында мемлекеттік аралық бақылауға 36 мектеп қатыстырылды. 4 сыныптар бойынша 803 оқушыдан қатысқан 792 оқушының қазақ тілінен, 9 сыныптардан 1134 оқушыдан қатысқан 1112 оқушының орыс тілі, ағылшын тілі, география пәндерінен білім сапасы анықталды. 4 сыныптарда қазақ тілінен орташа балл-16,3.болды.

9 сыныптар бойынша 3 пәннен орташа балл 58 болып, 70 баллдан жоғары нәтиже көрсеткен №2 Ақсуат, Би Боранбай атындағы орта мектептер. МАБ рәсімдерінің нәтижелері бойынша білім алушылары шекті деңгейден өте алмаған мектептер жоқ.

ҰБТ-ге 2009 жылы мектеп бітіруші 679 оқушының 571, яғни 84% қатыстырылды. Бұл көрсеткіш өткен 2008 жылдан 10% жоғары /2008 жылы 74%/, облыстық көрсеткіштен 5,1% төмен /облыс 89,2%/.

Аудан бойынша орташа балл 71,6 болып, 2008 жылғы орташа баллдан 8 балл жоғары болды. /2008 жылы орташа 63,6 балл/.

Аудан бойынша « Алтын белгі» белгісіне 6 мектептен 10 оқушы ұсынылып, оның 7-уі білімдерін қорғады. «Алтын белгі» белгісін қорған оқушылар 110-122 арасындағы балл жинады.

2005-2009 жылдар аралығындағы оқушылардың ҰБТ- ке қатысу көрсеткіштері

2005-2008 жылдар бойынша ҰБТ орташа баллы

Облыспен салыстырмалы көрсеткіш


Биылғы оқу жылында мектеп бітірген 679 оқушының 512–і /75% / білімдерін жоғарғы оқу орнында және орта кәсіптік оқу орындарында жалғастыруда. Соның ішінде 168 /25%/ мектеп бітіруші жоғарғы оқу орнының, 102 /15%/ орта кәсіптік оқудың грант иегері.
Білім гранты бойынша оқуға түскендер саны


4 сыныптар бойынша салыстырмалы көрсеткіш

Жыл

Мектеп саны

Барлық оқушы саны

Қатысу

көрсеткіші

Орташа балл

Қазақ тілі

Дүние тану

2008

19

477

466 /98%

16,6




16,6

2009

36

802

791/ 99%/

16,3

16,3




9 сыныптар бойынша салыстырмалы көрсеткіш

Жылы

Мектеп саны

Барлық оқушы саны

Қатысқан оқушы саны

Орташа балл

2008

19

592

575 / 97%/

16,6

2009

36

1134

1112/ 98%/

16,3


Пәндер бойынша салыстырмалы талдау

Жылы

Қазақ тілі

ағылшын

Химия

география

2008

19,1

19,2

17,4

2009

21,0

17,3

17,3



12 жылдық білім беруге көшу жағдайында білім беру мекемелерінің мүмкіндік жағдайы

Аудандағы жалпы білім беретін мектептердің жағдайы: 50 мектептің 25-і типтік (50%) ғимаратта, 25-і бейімделген (50%) ғимаратта орналасқан, 1 мектеп авариялық жағдайда тұр. Бүгінгі күнге мектептердің 65% күрделі жөндеуді қажет етеді. 33 мектеп 1990 жылға дейін салынған. 2008 жыл Үштөбе ауылында 180 орындық Өкпеті орта мектебі, Шорға ауылында 80 орындық Алтынсарин атындағы орта мектептерінің құрылысы салынып, пайдаланылуға берілді.
Жалпы білім беретін мектептердін материалдық-техникалық жағдайы



2005-2008 жылдар аралығында аудан мектептеріне мультимедиялық кабинет-13, интерактивті тақта-12, физика кабинет-16, химия кабинет-6, биология кабинет-2, медициналық кабинет-10, шеберхана-2 алынды.

2008 жылы республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға 1 мультимедиялық лингофон, 7 физика кабинеті, жергілікті бюджеттен 1 физика, 2 мультимедиялық лингофон, 1 биология, 1 химия,8 медициналық кабинет және 1 шеберхана алынды. Облыстық бюджеттен 5 мектепке 10+1, 5+1 компьютер сыныптары берілді.

2009 жылы жергілікті бюджеттен 2 химия, 1 биология, 1 физика, 1 шеберхана, 2 мультимедиялық кабинеттер және республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға 5 мультимедиялық кабинет, 3 биология кабинеттері алынды. Оқушылардың бүгінгі күн талабына сай білім алуына қажетті жағдай жасалынды.13 мектептің бастауыш сыныптарына балалар бойына сәйкес келетін жиhаз берілді.
Мектептердің пәндік кабинеттермен қамтамасыз етілуі


Жылдар

Физика

Биология

Химия

Мультимедиа

Шеберхана

Медициналық

2005ж










2







2006ж

3




2

4

1

2

2007ж

5

1

2

4







2008ж

8

1

1

3

1

9

2009ж

1

4

2

7

1





Ауданда 20 мектепте мультимедиялық кабинет, 22 мектепте интерактивтік тақта жұмыс істейді. Барлық мультмедиясы бар мектептерде пәндерді өткізуге арнайы сабақ кестесі қойылып, оқушылардың дәріс алуы реттеліп, қамтамасыз етілген. Пән мұғалімдері электрондық оқулықты кеңінен пайдаланып сабақтар өткізу жолға қойылған. Аудан мектептері 949 компьютермен қамтамасыз етілген саны, 10 оқушыға бір компьютерден келеді. 11 мектеп спутниктік, ал 39 мектеп модемдік байланыс арқылы Интернетке қосылған. Алайда модемдік жүйе арқылы қосылған мектептердің Интернеттік байланысқа шығуы шектеулі.
Аудан мектептерінің компьютермен қамтамасыз етілуі

Міндетті білім беру қорынан 28760,0 теңге бөлінді. Бұл қаржы ағымдағы шығындардың 2 пайызын құрайды. Аудан мектептері бойынша 20 типтік асхана және буфеттік жүйедегі 20 асхана бар. Бастауыш сынып оқушыларының 3481-і (100%) ыстық тамақпен қамтылды. 10 мектепке асхана жабдықтары сатып алынды.
Оқушылардың оқулықтармен қамтылуы
Ауданда мектеп оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету мақсатында 2007 жылы республикалық, жергілікті бюджеттен 21782,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде республикалық трансферттен 6489,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 14222,0 мың теңге. Осы қаржыға 11 сынып оқулықтары мен қосымшалары, бағдарламаға өзгерістер енгізілген 7 сынып оқулықтары, кітапхана қорын толықтыру мақсатында көркем әдебиеттер және оқу бағдарламасына қажетті әдебиеттер сатып алынды.

2008 жылы оқулықтар сатып алуға 22925,0 мың теңге бөлінді. Осы қаржыға 57387 дана кітап сатып алынды. 2009 жылы аудандық бюджеттен 21768,0мың теңге бөлініп 56760дана оқулықтар мен оқу әдістемелері сатып алынды.Жалпы оқулықтар саны 280416.

  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Аудандық білім беру бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon2010-2014 жылдарға арналған Мұнайлы аудандық ішкі саясат бөлімінің стратегиялық жоспары Мазмұны
Мұнайлы аудандық ішкі саясат бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Аудандық білім беру бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconМазмұны Миссиясы мен пайымдауы 1 Ағымдағы жағдайдың сараптамасы 5
Тарбағатай аудандық жер қатынастары бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Аудандық білім беру бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconМұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімінің 2010–2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Аудандық экономика және қаржы бөлімінің негізгі қызметі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын және тұрақтылығын, аудандық бюджеттің...
Аудандық білім беру бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconКатон-Қарағай аудандық білім беру бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жаспары Мазмұны
Катон-Қарағай аудандық білім беру бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жаспары
Аудандық білім беру бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған
Аудандық білім беру бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconАтырау облысы Білім беру басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары Атырау қаласы Мазмұны
...
Аудандық білім беру бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconМұнайлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Мұнайлы ауданының жалпы ауданы 492189,0 мың. га, халқы саны 2009 жылдың қаңтар айына қарағанда 76,24 мың. адам құрайды. Ауданның...
Аудандық білім беру бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconТарбағатай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Аудандық білім беру бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлетеқ мекемесінің 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
«Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлетеқ мекемесінің 2010 2014 жылдарға арналған
Аудандық білім беру бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconШымкент қаласы білім бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Миссиясы: бәсекеге қабілеттілікті және тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница