Тарбағатай аудандық білім беру бөлімінің 2011 жылдың 4 айында атқарған жұмыстарынан




Скачать 45.12 Kb.
НазваниеТарбағатай аудандық білім беру бөлімінің 2011 жылдың 4 айында атқарған жұмыстарынан
Дата конвертации10.07.2014
Размер45.12 Kb.
ТипДокументы
Тарбағатай аудандық білім беру бөлімінің 2011 жылдың 4 айында атқарған жұмыстарынан

Аудандық білім беру бөліміне қарасты 50 мектеп, оның ішінде 1 гимназия–интернаты, 36 орта мектеп, 2 негізгі мектеп 11 бастауыш мектеп бар. 9271 оқушы білім алуда.

2011 жылы наурыз айынан Жәнтікей ауылындағы Қ. Сатбаев атындағы 180 орындық, Көкжыра ауылындағы М. Әуезов атындағы 600 орындық екі мектеп ғимараты жаңадан салынып пайдалануға берілді.Осы арқылы 715 оқушы жаңа оқу ғимараттарда білім алуда.

Осы оқу жылынан бастауыш сыныптағы 3380 оқушы, 100% ыстық тамақпен қамтылып отыр.

Ауданда «Балапан» бағдарламасы бойынша 4 балабақша ашылды. Ойшілік ауылындағы «Әсем», Жаңаауыл ауылындағы «Қарлығаш», Көкжыра ауылындағы « Асыл» және Қызылкесік ауылдарындағы « Еркеназ» балабақшалары. 2011 жылы аудандағы 7 балабақшада 688 бала және аудан мектептері жанынан ашылған 43 шағын орталықта 879 бүлдіршін, барлығы 1567 бала (57,7 %) қамтылған. 2010 жылы 5 балабақшада мен 39 шағын орталықта 1492/ 54,4%/бала қамтылған болатын. Жыл ішінде мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеуге қамту үлесін 67-70 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Жыл ішінде оқушылардың оқулықтармен қамтамасыз етілуі 89% болып, 193269 дана оқулықтар мен оқу әдістемелері сатып алынды.Жергілікті бюджеттен бөлінген 7000,0 теңге қаражатқа 9,10,11 сынып оқулықтары мен қосымша оқулық қорын толықтырылды.

Аудан мектептерінде білім беру сапасын арттыру мақсатында пән сабақтарында жаңа оқыту технологияларын қолдану және электронды оқулықтарды пайдалану жолға қойылған. Аудандағы барлық мектептер (1035 компьютер) компьютерлік сыныптармен қамтамасыз етілген, 8 оқушыға 1 компьютерден болып келеді. Соңғы 5 жылда материалдық техникалық базаны нығайтуда 24 мультимедиалық кабинеттер 60%, 17 физика 43%, 7 химия 17,5%, 9 биология 22,5%, 3 оқу шеберханалары пайдалануға берілді. 22 мектепте медициналық кабинеттер жұмыс істейді.

Аудан бойынша « Компьютер мен ақпараттық байланыс технологияларын қолданып кіріктірілген сабақтар өткізу» сайысы өткізіліп, 25 мұғалімнің жұмыстары бағаланды.

Жаратылыстану пәндерінің оқытылу сапасына талап қойылып отырылған кезеңде аудандағы 8 орта мектепте ( химия,физика, математика ) пәндері тереңдетіп оқыту ұйымдастырылған. Сонымен бірге аудандағы 37 орта мектепегі 10-11 сыныптардың 77 сынып- комплектісі жаратылыстану- математикалық бағытта ұйымдастырылған, онда 988 оқушы қамтылған.

Оқу жылы ішінде аудан педагогтары оқушылардың интеллектуалды – шығармашылық дамуын қамтамасыз етуге, оларға патриоттық тәрбие беруге, оқушылардың кешенді спорттық – бұқаралық шараларға белсене қатысуына көңіл бөлуде.

Қазақстан мен Рессейдің білім берудегі ынтымақтастығы аясында оқушыларды әлемдік және қоғамдық тарихқа телу, білім көздерін өз беттерімен игеруге дағдыландыру мақсатымен Республикалық ғылыми- практикалық « Дарын» орталығы 3-11 сынып оқушылары арасында «Золотое руно» конкурсы өткізілді.Конкурстың тақырыбы «Күн баршамызға ортақ». Сайысқа аудан мектептерінен 78 оқушы қатысты.

Өскемен қаласында « Нұр орда» халықаралық мектебінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәдени дүниетанымын дамыту мақсатымен « КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қорының 7-11 сынып оқушылары арасындағы «Жарқын болашақ» олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.Облыстық кезеңге ауданнан 12 оқушы қатысты. «Сахна саңылақтары» конкурсында Би Боранбай атындағы орта мектебі оқушыларының «13 жасар Би Боранбай» атты сахналық қойылымы 1-орын иеленіп, олимпиаданың республикалық кезеңіне жолдама алды. «Жазушылар» конкурсында 1 оқушы 2- орынды және үш оқушы 3-орын иеленді.

Шәкәрім атындағы Семей мемлекттік университеті Гуманитарлық факультетінің Қазақ филология кафедрасының ұйымдастыруымен М.Мақатаевтың 80 жылдығына байланысты «Қазақ тілі мен әдебиеті» апталығы өтті.Апталық аясында мектеп оқушылары арасындағы қазақ тілі мен әдебиетінен пәндік олимпиада болып,оған Тарбағатай ауданынан 7 оқушы қатысып, 4-уі І орын, 3-уі ІІ орындарды иеленді.

19 ақпан күні Жетіарал орта мектебінде «Жалпы білім беретін мектептерде бағдарлы оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында аудандық семинар өтті.Семинарға аудан мектептері директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және пән мұғалімдері қатысып өзара тәжірибе алмасты.

2010-2011 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді. Ауданымыздан барлығы 35 мектептен 581 оқушы қатысты.

Аудандық олимпиада 14 пән бойынша өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша жалпы командалық бірінші орынды №2 Ақсуат орта мектебінің оқушылары, екінші орынды Абай атындағы орта мектебінің оқушылары, үшінші орынды Қ.Билялов атындағы гимназия және М.Әуезов(Көкжыра) атындағы орта мектеп оқушылары жеңіп алды.

Шығыс Қазақстан облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты «Ресурсты орталығы-бағдарлы және қашықтықта оқыту мектебі» ММ-мен бірлесе 12сәуір күні сағат-14.00-де «Мектептегі математикалы білім беруді дамыту,бүгінгі жағдайы және болашағы» атты on-lain режимінде интернет-конференция өткізді.Конференцияға аудан мектептері математика пәні мұғалімдері қатысты.

№2 Ақсуат орта мектебінің математика пәні мұғалімі Р.Қалиолдина конференцияда «Дарынды балармен жұмыстың әдістемелік ерекшеліктері» тақырыбында баяндама оқыды.Баяндама жоғары деңгейде бағаланып, Р.Қалиолдина 10-12 мамыр күндері Астана қаласында өтетін Қазақстанның І-математиктер съезіне аудан атынан делегат болып баратын болды.

Өскемен қаласында Республикалық іріктеу сынында ауданымыздың боксшылары қатысып қанжығаларына 5 алтын, 2 қола медальдарын байлап, Республикалық жарысқа 5 чемпион ілікті.

Жалпы іріктеуде Тарбағатай ауданы команды бойынша І орынды иеленді.

2011 жылдың 29 сәуірі күні Би Боранбай атындағы орта мектепте « Абай оқулары» өтті. Оқуға аудан мектептерінен 92 оқушы қатысты. « Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» -Абай шығармаларын жатқа оқу конкурсында Би Боранбай атындағы орта мектеп оқушысы Ә. Рамазанов, « Көңілім әнді ұғады» -Абай әндері мен күйлерін орындау конкурсында 1 – орынды Ю. Гагарин атындағы орта мектебінің оқушысы Д.Еркінов, « Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» -жас дарындар конкурсында 1- орынды Жаңа талап орта мектебінің оқушысы А.Базарханова иеленді.

23 сәуір күні аудандық мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында мектеп оқушыларының айтысы ұйымдастырылды. Аудан мектептерінен 20 оқушы қатысып, 1 орынды Қ. Ақынов атындағы орта мектебінің оқушысы Ә. Солтанбеков пен Өкпеті орта мектебінің оқушысы Қ. Нұржанов ие болды.

Аудандық білім беру бөлімі мен №134 ҰТО арқылы мектеп бітіруші түлектерден 8 рет байқау сынағы алынып, қорытындысы аудандық білім беру бөлімі кеңесінде тыңдалды.Бүгінгі күнде мектеп бітіруші «Алтын белгі» белгісі мен «Үздік» аттестатқа үміткер оқушылар анықталып, жекелеме жұмыстар жүргізілуде.Мектеп бітіруші түлектерді ҰБТ –ге дайындауда аудандық білім беру бөлімі жоспарлы жұмыстар жүргізуде.

2011 жылдың қаңтар айынан мектеп асханаларына қажетті 726,0 мың теңгеге 11 дана тоңазытқыш, 1930,5 мың теңгеге 13 дана электроплита және 4580,0 мың теңгеге спорт құралдары, 722,0 мың теңгеге « Өзін-өзі тану» кабинетіне жиhаздар алынды.

Похожие:

Тарбағатай аудандық білім беру бөлімінің 2011 жылдың 4 айында атқарған жұмыстарынан iconТарбағатай аудандық білім беру бөлімінің 2009-2010 жылғы оқу жылында атқарған жұмыстары туралы
Аудан бойынша бүгінгі күні 0-6 жастағы бала саны – 6469. Оның ішінде 6 жастағы 831 бала бастауыш сыныпта, 5 жастағы 896 баланың 655-і...
Тарбағатай аудандық білім беру бөлімінің 2011 жылдың 4 айында атқарған жұмыстарынан iconТарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Ауданда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» -атты Жолдауын аудан тұрғындары...
Тарбағатай аудандық білім беру бөлімінің 2011 жылдың 4 айында атқарған жұмыстарынан iconКатонқарағай аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 12 айында атқарылған
Жылдың 12 айында білім, дене шынықтыру және спорт саласы бойынша жоспарлы түрде жұмыстар атқарылды. Жыл көлемінде 150 мұғалім Өскемен,...
Тарбағатай аудандық білім беру бөлімінің 2011 жылдың 4 айында атқарған жұмыстарынан iconАбай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы
Жылдың 5 айында аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша жылдық жоспар негізінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Жоспарланған...
Тарбағатай аудандық білім беру бөлімінің 2011 жылдың 4 айында атқарған жұмыстарынан iconАбай ауданының ішкі саясат бөлімінің 2011 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауларынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Басты мақсат Жолдауды халыққа...
Тарбағатай аудандық білім беру бөлімінің 2011 жылдың 4 айында атқарған жұмыстарынан iconТұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2010 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары
Жолдар. Абай ауданы бойынша жолдар жүйесі 372,91 шақырым. Оның ішінде 293 шақырым облыстық маңыздағы жолдар, қалған 79,91 шақырымы...
Тарбағатай аудандық білім беру бөлімінің 2011 жылдың 4 айында атқарған жұмыстарынан iconАудандық білім беру бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Мақсаты: Білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілікке бағытталып жаңғыруы жағдайында білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігі...
Тарбағатай аудандық білім беру бөлімінің 2011 жылдың 4 айында атқарған жұмыстарынан icon2010 жылдың қортынды мәліметі. 2010 жылдың 23 қаңтарында Зайсан қаласыда 6 сынып мектеп оқушылары бағдарламасы бойынша «Ең үздік спорт сыныбы»
Жиынды аудандық білім бөлімінің бастығы С. Абдығалиева салтанатты түрде ашып, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы...
Тарбағатай аудандық білім беру бөлімінің 2011 жылдың 4 айында атқарған жұмыстарынан iconАудандық білім беру бөлімінің 2007-2008 оқу жылында атқарылған жұмыстары
Халыққа білім беру реформасы «ғылыми негізге сүйенген пәнді оқытудың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуді» міндеттеді
Тарбағатай аудандық білім беру бөлімінің 2011 жылдың 4 айында атқарған жұмыстарынан iconЖалпыға бірдей міндетті білім беру айлығын өткізу туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 бабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28
Еңбекшиқазақ аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің №3 бұйрығын және Көктөбе орта мектебінің №20 бұйрығын орындау мақсатында...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница