2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке азаматтардың кезектi шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы




Скачать 36.76 Kb.
Название2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке азаматтардың кезектi шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Дата конвертации15.01.2013
Размер36.76 Kb.
ТипДокументы
2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке азаматтардың кезектi шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 20 наурыздағы N 165 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық әдiлет басқармасында 2012 жылғы 12 сәуiрде N 5-6-159 тiркелдi

      РҚАО ескертпесi.
      Мәтiнде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 8) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшiлерiнiң мәртебесi туралы» Заңының 27, 28, 29, 31 баптары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 «Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын iске асыру туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, Аягөз ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
       1. Шақыруды кейiнге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегiзден жиырма жетi жасқа дейiнгi ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жетi жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, Қазақстан Республикасының басқа да Әскерлерi мен әскери құрамаларының қатарына кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақырылсын.
       2. 2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыруды жүргiзу үшiн аудандық шақыру комиссияның кұрамы бекiтiлсiн (1 қосымша).
       3. Аягөз қаласының қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiккен бөлiмiнiң бастығына (М. Жақашев) ұсынылсын:
      1) шақыру пунктiн жұмыс жүргiзуге дайындау;
      2) дәрiгер-мамандармен және шақыру пунктiнiң әкiмшiлiгiмен әдiстемелiк-нұсқаулық сабақтар жүргiзу;
      3) шақыруды өткiзу үшiн қажеттi құжаттарды әзiрлеу.
       4. «Аягөз аудандық медициналық бiрлестiгi» коммуналдық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының бастығына (Ж. Жұмаханов) ұсынылсын:
      1) шақырушылардың талдауларының зертханалық, кеуде органдарының флюорографиялық зерттелуiн ұйымдастыру;
      2) шақырушыларды медициналық тексеруден өткiзу үшiн емдеу мекемесiн қажеттi орындар санымен қамтамасыз ету;
      3) шақырушыларды медициналық тексеруден өткiзу үшiн қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiккен бөлiмiне дәрiгерлер мен орта медицина персоналдарының қажет санын бөлу;
      4) шақырушылардың уақтылы және сапалы медициналық тексерiлуi мен емделуiн бақылауға алу.
       5. Қала, кент және барлық ауылдық округтерi әкiмдерi 2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында әскерге шақыруға тиiстi азаматтарды аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiккен бөлiмiне шақырылғандығы туралы хабардар және келуiн қамтамасыз етсiн.
       6. Аягөз қалалық және аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығына (Ш.Құнанбаев) ұсынылсын:
      1) шақырушыларды әскерге аттандыру және аудандық шақыру комиссиясының жұмысы кезеңiнде шақыру пунктiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз ету;
      2) қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiккен бөлiмiнiң хабарламасы бойынша мерзiмдi әскери қызметке шақырылудан бас тартатын азаматтарды iздестiру мен оларды қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмге жеткiзуге жәрдемдесу.
      7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Аягөз ауданының әкiмiнiң орынбасары С. Ысқақовқа жүктелсiн.
       8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

      Аягөз ауданының әкiмi                      Ә. Мұхтарханов
 

      Келiсiлдi:

      Аягөз қаласының қорғаныс
      iстерi жөнiндегi бiрiккен
      бөлiмiнiң бастығы                          М. Жақашев
                                                 20.03.2012 ж.

      Аягөз қалалық және
      аудандық iшкi iстер
      бөлiмiнiң бастығы                          Ш. Құнанбаев
                                                 20.03.2012 ж.

      Аягөз аудандық медициналық
      бiрлестiгiнiң бастығы                      Ж. Жұмаханов
                                                 20.03.2012 ж.

Аягөз ауданы әкiмдiгiнiң
2012 жылғы 20 наурыздағы № 165
қаулысына 1 қосымша

2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi
мерзiмдi әскери қызметке шақыруды жүргiзу үшiн аудандық
комиссияның құрамы

Ысқақов Сейлбек Әбиұрұлы

Аягөз ауданы әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы

Жақашев Мұрат Асқарұлы

Аягөз қаласының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiнiң бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша)

Комиссия мүшелерi:

Жакупов Мұхтар Омарханұлы

Аягөз қалалық және аудандық iшкi iстер бөлiмi бастығының орынбасары (келiсiм бойынша)

Санқайбаев Нұрлан Өртбайұлы

Аягөз аудандық медициналық бiрлестiгi бастығының орынбасары, медициналық комиссияның төрағасы (келiсiм бойынша)

Жақсыбаева Сәуле Төлеужанқызы

Аягөз аудандық медициналық бiрлестiгiнiң медбикесi, комиссия хатшысы (келiсiм бойынша)

Похожие:

2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке азаматтардың кезектi шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы icon2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды
Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына, «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргiзу...
2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке азаматтардың кезектi шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы icon2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыруды өткiзу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 28 наурыздағы n 446 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әдiлет департаментiнiң...
2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке азаматтардың кезектi шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы iconҚазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында
Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында...
2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке азаматтардың кезектi шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы icon2012 жылғы сәуір – маусым және қазан -желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды
Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы №274 Жарлығына сәйкес 2012 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында...
2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке азаматтардың кезектi шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы icon2010 жылғы сәуір – маусым және қазан -желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы №960 Жарлығына сәйкес 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында...
2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке азаматтардың кезектi шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы iconАудан әкімдігінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі №95 қаулысы 2010 жылдың сәуір-маусымында
Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы...
2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке азаматтардың кезектi шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы icon2009 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді
Жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында шақыруы кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ 18 ден 27 жасқа дейінгі азаматтардың...
2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке азаматтардың кезектi шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы icon2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды
Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі №779 Жарлығына сәйкес, мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдасқан түрде өткізу...
2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке азаматтардың кезектi шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы iconШақыру жасындағы азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан- желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы №1163 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы «Азаматтарды...
2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке азаматтардың кезектi шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы iconЛисаков қ. №526 2008 жылғы 8 сәуір
Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымын-да және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница