«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»




Название«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
страница4/5
Дата конвертации15.01.2013
Размер0.58 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5

73-1. Банк клиенттердің мынадай өтініштерімен жұмыстарды іске асырады:

1) қолма-қол, пошта байланысы бойынша, Банктің электрондық поштасына және интернет-ресурсына түскен жазбаша өтініштер;

2) телефон арқылы немесе клиент тікелей Банкке келген кезде түскен ауызша өтініштер.

73-2. Банктің уәкілетті тұлғалары Банктің Орталық аппаратында және филиалдарында Банк Басқармасының Төрағасы, филиал директоры (филиалда) бекіткен қабылдау кестесіне сай кем дегенде айына бір рет жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау жүргізеді.

Қабылдау жұмыс орны бойынша жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға хаабрланған, белгіленген күндер мен сағаттарда жүргізіледі.

Егер Банктің уәкілетті тұлғасы өтінішті қабылдау кезінде шеше алмаса, оны клиент жазбаша түрде баяндайды және онымен жазбаша өтінішпен жүргізілетін жұмыстар жүргізіледі.

73-3. Клиенттердің жазбаша өтініштері Банктің ішкі құжаттарына сәйкес деректемелерден тұратын жазбаша өтініштерді тіркеу журналына тіркеледі.

73-4. Банктің жауапты қызметкері тіркегеннен кейін мазмұнына қарай өтінішті Банк басшылығының немесе тиісті құрылымдық бөлімшелердің қарастыруына жібереді.

73-5. Клиентке оның қағаз тасымалдаушыдағы жазбаша өтінішінің қабылданғанын растайтын құжат беріледі немесе өтініштің көшірмесіне тиісті белгі жасалады. Өтінішті қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді.

73-6. Жазбаша өтінішке қойылатын талаптар:

1) Өтініш Банктің Бірінші басшысының атына жазылуы немесе құзыретіне өтініште қойылған мәселелерді шешу кіретін лауазымды тұлғаға берілуі тиіс.

2) Өтініште аты-жөнін, еркіне қарай әкесінің атын, байланыс телефондарын және пошта мекенжайын көрсету қажет. Өтінішке өтініш берушінің қолы қойылуға тиіс.

Шағым берген кезде іс-қимылдарына шағым айтылған тұлғалардың лауазымы, аты-жөні, өтініш беру себептері мен талаптар көрсетілуі қажет.

73-7. Банктің интернет-ресурсы арқылы түсетін өтініштер Банктің ішкі құжаттарында көзделген тәртіпте тіркеледі.

73-8. Клиенттердің телефон арқылы түскен өтініштері тіркеледі. Клиентпен болған телефон әңгімесін жазып алу әңгіменің басында ол туралы ескерте отырып, оның келісімімен жүргізіледі.

73-9. Банкке ауызша нысанда түсетін өтініштер (телефон арқылы немесе клиент Банкке өзі келген кезде) жедел түрде қарастырылады және егер ондай мүмкіндік болып жатса, клиенттің жазбаша өтінішіне бірден жауап беріледі. Егер ауызша өтінішті жедел шешу мүмкін болмаса, клиент оны жазбаша нысанда баяндайды және онымен жазбаша өтінішпен жүргізілетін жұмыстар жүргізіледі.

Клиентке ондай өтініштерге жауап алу үшін қажетті рәсімдер және қарау мерзімі туралы хабарланады.

73-10. Банк өтінішті қараған кезде берілген ақпарат жеткіліксіз болған жағдайда, клиенттен қосымша құжаттар мен мәліметтер сұрайды.

73-11. Банк жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті түрде, жан-жақты және уақтылы қарауды қамтамасыз етеді, клиенттерге олардың өтініштерін қарау нәтижелері және қабылданған шаралар туралы хабарлайды.

73-12. Клиентке өтінішті қарау нәтижелері туралы жазбаша жауап мемлекеттік тілде немесе өтініш тілінде беріледі және Қазақстан Республикасы заңнамасының, Банктің ішкі құжаттарының, қарастырылып отырған мәселеге қатысты шарттардың талаптарына сәйкес келетін, сондай-ақ қабылданған шешімге дауа айтуға оның құқықтары туралы түсінік берумен, қарастырылып отырған мәселенің нақты жағдайларына сілтеме жасала отырып, клиент баяндаған әрбір тілекке, талапқа, қолдау-хатқа, кепілдемеге және басқа мәселеге қатысты негізді түрде және уәжді тұжырымдардан тұрады.

73-13. Клиенттің өтініші негізделген және заңға сай болған жағдайда, Банк тәртіп бұзушылықты жою және клиенттің құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды.

73-14. Жазбаша өтінішке берілген жауапқа Банктің уәкілетті тұлғасының қолы қойылады.

73-15. Пошта байланысы бойынша немесе қолма-қол түскен клиенттің жазбаша өтінішінің жауабын беру клиенттің өтінішінде көрсетілген мекенжай бойынша хабарламамен, пошта арқылы тапсырысты хатпен немесе клиент Банкке келген кезде қолын қойғызып ала отырып, жеке өз қолына тапсыру жолымен жүргізіледі, ол туралы жазбаша өтініштерді тіркеу журналында белгі жасалады.

73-16. Өтініштердің қаралуын сараптау және бақылау міндеттері Банктің сапа бөлімшесіне жүктелген және оларға мыналар кіреді:

1) тиісті өтінішке негіз болған себептерді анықтау және жою үшін Банк клиенттерінің өтініштерін сараптау және жинақтау;

2) Банк клиенттерінің өтініштерімен жүргізілетін жұмыстардың ұйымдастырылуын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу;

3) Банк клиенттерінің өтініштерін қарастыру нәтижелері бойынша анықталған барлық аталған қаржылық қызметті тұтынушыларға қатысты тәртіп бұзушылықтарды жоюға қажетті шаралар және Банк қызметінде ондай тәртіп бұзушылықтарды болдырмау үшін алдын алу шаралары туралы Банк басшылығына ұсыныстар енгізу.

Банкте қызмет көрсету кезінде қандай да бір қиындықтар туындаған жағдайда, сондай-ақ банктік қызмет көрсетудің сапасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар болған жағдайда, Банк клиенттері кері байланыстың мынадай арналары арқылы өтініш жасай алады:

1) Бірыңғай ақпарат қызметі;

2) Электрондық мекенжай;

3) Банктің интернет-ресурсының «Сапаны бақылау қызметі» тарауы;

4) Факс;

5) Банктің операциялық залдарында орналасқан Пікірлер мен ұсыныстар жәшігі;

6) Банктің операциялық залдарында орналасқан Пікірлер мен ұсыныстар кітабы;

7) Пошта мекенжайы;

8) Сенім телефоны.

73-17. Мынадай өтінімдер қарастырылмайды:

1) анонимді өтінім, егер ондай өтінімде дайындалып жатқан немесе іске асырылған қылмыстар немесе мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төнуі туралы мәліметтер болатын болса және жедел түрде құзыреттілігіне сәйкес мемлекеттік органдарға қайыра бағытталуға тиіс өтінімдерді қоспағанда;

2) мәселенің мәні ашып баяндалмаған өтініш.

Егер өтінімді қарастырусыз қалдыруға негіз болған жағдайлар кейіннен жойылған болса, Банк көрсетілген өтінімді тиісті тәртіпте қарастыруға міндеттенеді.
10-2-бөлім. Банктік қызмет көрсету туралы шешім қабылдаудың шекті мерзімдері
73-18. Тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар (депозиттер) қабылдауды, салымшылардың шоттарын ашуды, кассалық, аударым және айырбастау операцияларын Банк клиент Банкке өтініш жасаған күні іске асырады.

Кредиттік өтінімді, кредит беру талаптарын өзгерту туралы өтініштерді қарастырудың және Кредиттік комитетке шығарудың шекті мерзімі кредит беру ережесін реттейтін ішкі құжатпен белгіленеді және кредиттік өтінім, кредит беру талаптарын өзгерту туралы өтініш тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.

Банктің клиентке банктік заемды беру немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, бас тарту туралы хабарлама беру мерзімі кредит беру ережесін реттейтін ішкі құжатпен белгіленеді және банктік заем бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрайды.

Банкпен айрықша қатынастарда байланысқан тұлғалардың кредиттік өтінімдері және кредит беру талаптарын өзгерту туралы өтініштері тіркелген күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде қарастырылады.

Қарастыру үшін басқа субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу немесе сол жерге барып тексеру талап етілмейтін, банктік қызмет көрсету үрдісінде туындаған клиент өтініші Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Банкке түскен күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде қарастырылады.

Банктік қызмет көрсету үрдісінде туындаған клиент өтініші, соның ішінде қарастыру үшін басқа лауазымды тұлғалардан ақпарат алу немесе сол жерге барып тексеру талап етілетін, банктік қызмет көрсету туралы шешім қабылдау мәселесі бойынша өтініш қарастырылады және ол бойынша Банкке түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде шешім қабылданады.

Қосымша зерттеу және тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, Банк Басшылығы қарастыру мерзімін отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, ол туралы өтінім берушіге қарастыру мерзімі ұзартылған күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде хабарланады.

Егер өтінімде баяндалған мәселелерді шешуге ұзақ уақыт талап етілсе, онда өтінім оның толық орындалған күніне дейін қосымша бақылауға қойылады, ол туралы өтінім берушіге үш күнтізбелік күн ішінде хабарланады.
11-бөлім. Қорытынды ережелер
74. Банктің банктік операцияларды (қызметтерді) жүргізу (көрсету) талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Банктің ішкі құжаттарымен және шарттардың типтік және өзге нысандарымен белгіленеді. Мұнымен қоса Банк мыналарға ұмтылады:

1) клиенттерге көрсетілетін қызметтердің сапасын көтере отырып, клиенттерге ұсынылатын қызметтер тізбесін кеңейту, банктік операцияларды жүргізу кезінде туындайтын тәуекелдерді азайту және Банк ресурстарын тиімді пайдалану жолымен Банк тарифтері мен комиссиялық сыйақы мөлшерлерін бір мезгілде төмендету;

2) банктік операцияларды жүргізу кезінде қолданылатын технологияларды жетілдіру;

3) Қазақстан Республикасының қаржы секторында және әлемдік қаржы нарықтарында болып жатқан өзгерістерге адекватты түрде іс – қимыл жасау;

4) бизнес жүргізудің әлемдік стандарттарына жету және халықаралық қаржы нарықтарына шығу.

Клиенттерге қызмет көрсетуге қатысатын Банк қызметкерлері банктік қызметтер көрсету кезінде клиенттерге қызмет көрсету, клиент өткізетін құжаттарға қойылатын талаптар және қызмет көрсеткені үшін алынатын Банк комиссиялары жөнінде кеңес береді.

Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 22 шілдедегі №79

шешімімен бекітілген «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің жалпы талаптары

туралы ережелердің № 1 Қосымшасы

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ комиссияларының тізбесі



р/с

Атауы

Комиссиялық алымдардың мөлшері

Ескерту


1


Тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасау үшін комиссиялық алым

Шарттық соманың 0,55 %

Қазақстан Республикасының интернаттық ұйымының 21 жасқа толмаған тәрбиеленушісіне тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасаған кезде алынбайды.

(ең азы 5 000 теңге)

2

Шартты соманың көбейтілгені үшін комиссия

Шарттық соманың көбейтілген сомасының 0,55%

Тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша басқа параметрлерді бір мезгілде өзгерткен кезде тұрғын үй құрылыс жинақ шартының қосымша келісімін жасау үшін комиссия ең жоғарғы комиссияға сәйкес келетін мөлшерде алынады.

(ең азы 5 000 теңге)

3

Салымшының жинақ шотына ақша енгізілгені үшін комиссия

Алынбайды




4

Әрі қарай беру мақсатында тұрғын үй құрылыс жинақ шартын қайта табыстағанда транзиттік шотқа ақша енгізілгені үшін комиссиялық алым

Аударым сомасының 0,5% (комиссияның ең аз сомасы –

1 500 теңге, ең көбі – 10 000 теңге)




5

6

Тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының қосымша келісімдерін жасау үшін комиссия

Банктік заем шарттарының, кепілге қою, кепіл шарттарының қосымша келісімдерін жасағаны үшін комиссия


5 000 теңге

10 000 теңге

Тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша бірнеше параметрлерді бір мезгілде өзгерткен кезде (шартты соманы көбейтуді қоса алғанда) тұрғын үй құрылыс жинақ шартының қосымша келісімін жасау үшін комиссия ең жоғарғы комиссияға сәйкес келетін мөлшерде алынады.

Мыналар үшін комиссия алынбайды:

- ҚР тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007жж. арналған мемлекеттік бағдарламасы мен ҚР тұрғын үй құрылысының 2008-2010жж. арналған мемлекеттік бағдарламасына және Алматы қ. «Қалалық ипотекалық тұрғын үй құрылысы» бағдарламасына қатысушылар үшін тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша шартты соманы азайту (заем алуға өтініш берген сәтке дейін) (тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша бірнеше параметрлерді бір мезгілде өзгерткен кезде шартты соманы азайтудан басқа тұрғын үй құрылыс жинақ шартының қосымша келісімін жасау үшін комиссия белгіленген тәртіпте алынады);

- салымшы/заемшы қайтыс болған жағдайда, құқықтарды басқаға берумен байланысты тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының қосымша келісімдерін жасау;

- клиенттің деректемелерін өзгерткен кезде шарттардың қосымша келісімдерін жасау;

- айыппұлдар мен өсімпұлдың мөлшерін өзгертуге қатысты банктік заем, кепілзат шарттарының қосымша келісімдерін жасау;

- банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымына өтумен байланысты шот деректемелерін өзгерткен кезде тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының қосымша келісімдерін жасау;

- 2009-2011жж. арналған «Нұрлы көш» бағдарламасының клиенттері-қатысушылары үшін тұрғын үй құрылыс жинақ шартымен бір мезгілде рәсімделетін тұрғын үй құрылыс жинақ шартының қосымша келісімін жасау;

- Қазақстан Республикасының интернаттық ұйымының 21 жасқа толмаған тәрбиеленушісімен жасалған тұрғын үй құрылыс жинақ шартының қосымша келісімін жасау;

- салымға енгізілетін жарналардың ұсынылған сомасын бір мезгілде өзгерте отырып, тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша жинақтау мерзімін қысқартуға қатысты тұрғын үй құрылыс жинақ шартының талаптарын өзгертуді көздейтін Тарифтік комитеттің шешіміне (03.06.10ж. №12 хаттама) сәйкес жасалатын тұрғын үй құрылыс жинақ шартының қосымша келісімдерін жасау немесе ҚР тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007жж. арналған мемлекеттік бағдарламасы мен ҚР тұрғын үй құрылысының 2008-2010жж. арналған мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар үшін салымға енгізілетін жарналардың ұсынылған сомасын өзгерту;

- салымға енгізілетін жарналардың ұсынылған сомасын бір мезгілде өзгерте отырып, «Кемел» тарифтік бағдарламасы бойынша жасалған тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша жинақтау мерзімін қысқартуға қатысты тұрғын үй құрылыс жинақ шартының талаптарын өзгертуді көздейтін Тарифтік комитеттің шешіміне (25.06.12ж. №8 хаттама) сәйкес жасалатын тұрғын үй құрылыс жинақ шартының қосымша келісімдерін жасау немесе «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасына қатысушылар үшін салымға енгізілетін жарналардың ұсынылған сомасын өзгерту;

- бір ТҚЖ шарты шеңберінде алдын ала/аралық тұрғын үй заемынан тұрғын үй заемына өту үшін банктік заем, кепілзат, кепіл шарттарының қосымша келісімдерін жасау (заемшылас(-тар), кепілзаттық қамтамасыз ету бір мезгілде ауыстырылған және/немесе алып тасталған жағдайда және тұрғын үй заемына өтумен байланысты емес басқа да жағдайларда банктік заем шарттарының, кепіл шарттарының қосымша келісімдерін жасау үшін комиссия белгіленген тәртіпте алынады)

- заемшыға тәуелді емес себептер бойынша растаушы құжаттарды берген жағдайда) оларды қайта рәсімдеу үшін заемшыға берілген жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші, сәйкестендіруші және басқа құжаттардың түпнұсқаларын беру мерзімдерін ұзартумен байланысты жылжымайтын мүлікті кепілге қою шартының қосымша келісімін жасау

7

Жаңа кепілге қою шартын жасағаны үшін комиссия

15 500 теңге

Заемшы қайтыс болған жағдайда, басқаға берумен байланысты жаңа кепілзат шартын жасау үшін комиссия алынбайды.



8


Тұрғын үй құрылыс жинақ шартын бұзған, тұрғын үй заемын алудан бас тартқан және шартты соманы төлеген кезде қаражаттарды қолма-қол ақшамен алғаны үшін комиссия

Алынбайды




9

Тұрғын үй заемын алуға өтінімді қарастыру үшін комиссия.

Алынбайды




10


Тұрғын үй заемдарын берудің ұйымдастырылғаны үшін комиссия.

Алынбайды




11

Аралық тұрғын үй заемын, алдын ала тұрғын үй заемын алуға өтінімнің қарастырылғаны үшін комиссия.

15 000 теңге




12

Төмендегі бағдарламалардың қатысушылары үшін төлем қабілетін бағалау және банктің хабарлама рәсімдегені үшін комиссия:

  • - 2005-2007 жж. арналған ҚР-дағы тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы;

  • - 2008-2010 жж. арналған ҚР-дағы тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы;

  • - Батыс Қазақстан облысында «Жас отбасылары үшін тұрғын үй салу» жобасы;

  • - Алматы қ. «Қалалық ипотекалық тұрғын үй құрылысы» бағдарламасы;

15 000 теңге




13

Аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдарын берудің ұйымдастырылғаны үшін комиссия

Заем сомасының 1%




14

Заемдардың қолма-қол ақшамен берілгені үшін комиссия

Қолма-қол ақшамен төленген заем сомасының 0,5%

(ең азы 1 500 теңге)





15

Жинақтар мен заемдарды қолма-қолсыз сыртқы аударым үшін комиссия

Аударым сомасының 0,4%

(ең азы - 1 500 теңге,

ең көбі - 25 000 теңге)





16

Банк жүйесінің ішінде қолма-қолсыз аударым үшін комиссия


1) Банктегі меншікті жинақ шотына – тегін;




2) Банктегі 3-ші тұлғаның жинақ шотына – 500 теңге;





17

Жинақ, несиелік шот жағдайы, несиелік берешектің бар/жоқтығы туралы анықтамаларды және өзге анықтамаларды бергені үшін комиссия

1 000 теңге




18

Клиенттің шоттарынан үзінді бергені үшін комиссия

Алынбайды




19

Құжаттардың (шарттың, қосымша келісімнің, т.б.) телнұсқаларын бергені үшін комиссия

1 500 теңге




20

Салым құжатының телнұсқасын бергені үшін комиссия

1000 теңге




21

Кепілзаттық қамтамасыз ету бойынша құқық белгілеуші және өзге құжаттардың көшірмелерін түсіргені үшін комиссия

1 500 теңге




22

Қайта рәсімдеу/нотариаттық куәландыру үшін жылжымайтын мүліктің құқық белгілеуші, сәйкестендіруші және басқа құжаттарының түпнұсқаларын бергені үшін комиссия

5 000 теңге

Комиссия:

- Банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен жылжымайтын мүлік жоспарлауындағы айырмашылықтармен заем берген кезде қайта рәсімдеу үшін жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші/сәйкестендіруші және басқа да құжаттардың түпнұсқаларын берген кезде алынбайды.

23

Ағымдық шоттан заемдар мен жинақтарды төлеуге байланысты емес ақша алғаны үшін комиссия

Қолма-қол ақшамен төленген соманың 0,5%

(комиссияның ең аз сомасы

1 500 теңге)

Ағымдық шотты жабу күні шоттағы ақша қалдығы 2 000 теңге (және одан аз) болған жағдайда комиссия алынбайды. 

24

Ағымдық шоттан заемдар мен жинақтарды төлеуге байланысты емес ақша аударғаны үшін комиссия

Аударым сомасының 0,5%

(комиссияның ең аз сомасы –

1 500 теңге, ең көбі – 10 000 теңге)




25

Мемлекет сыйлықақысымен ынталандырылмаған, жинақтау кестесінен артық салынған ақшаны шоттан алғаны үшін комиссия

Қолма-қол алған соманың 0,5%

(комиссияның ең аз сомасы –

2 000 теңге)




26

Банк салымшысының басқа қаржы ұйымдарының алдындағы міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету үшін депозитті кепілге қоюды рәсімдеу үшін комиссия

Кепілге қойылатын соманың 2% (комиссиялық алымның ең аз сомасы 15 000,00 теңге, ең көбі – 50 000,00 теңге).




27

«Жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасына қатысушылар үшін банктің төлем қабілетін бағалағаны және хабарлама рәсімдегені комиссиялық алым

10 000 теңге



1   2   3   4   5

Похожие:

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» icon«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелер
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconАлдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын алудың талаптары «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
...
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» icon2011 жылғы «23» сәуірдегі №109 шешімімен бекітілген Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылар пулын қалыптастыру ережелері
Публикасы Үкіметінің 31. 03. 2011 жылғы №329 қаулысымен бекітілген 2011-2014 жж арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы...
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» icon«Қазақстанның ТҰРҒын үЙ ҚҰрылыс жинақ банкі» АҚ
ТҰРҒын үй жағдайларын жақсартуғА (ҚР аумағында): ҮЙ, жер телімін, ПӘтер сатып алу, ЖӨндеу, ҚҰрылыс, басқа банктегі ипотекалық кредитті...
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconҚкж жабдығын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconТұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың жалпы шарттары Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартының Жалпы шарттары (бұдан әрі – Жалпы шарттар) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Салымшы мен Банк арасында және/немесе салымшы, Банк және үшінші тұлғалар арасында, сондай-ақ Банктің агенттері арқылы жасалған, Жалпы...
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconҚызметтерін сатып алу бойынша ашық тендердің
Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 91 мекенжайында орналасқан «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі Банк)
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconҚазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі: 9 жыл Қазақстанда, қорытындылары мен даму жоспары
«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі туралы» Заңның қабылдануынан бастау алды. Аталған заңды әзірлеу негізіне...
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconТұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алатын салымшылардың пулына қатысу үшін балл тағайындау критерийлері
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алатын салымшылардың пулына қатысу үшін әрбір тұрғын үй құрылыс жинақ шарты...
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconЭлектронды мекенжайы
Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 91 мекенжайында орналасқан «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк)...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница