ҚҰрманбаева шынар қапантайқызы қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың Ғылыми-әдістемелік негіздері




НазваниеҚҰрманбаева шынар қапантайқызы қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың Ғылыми-әдістемелік негіздері
страница1/7
осым Г С
Дата конвертации15.01.2013
Размер0.73 Mb.
ТипДиссертация
  1   2   3   4   5   6   7


ӘОЖ 811.512.122`243:352 Қолжазба құқығында


ҚҰРМАНБАЕВА ШЫНАР ҚАПАНТАЙҚЫЗЫ


ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ЖЕДЕЛДЕТЕ ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ


13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі қазақ тілі)


Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты


Алматы, 2009

Жұмыс С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында орындалды



Ғылыми кеңесші:

Педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Ф.Ш.Оразбаева


Ресми оппоненттер:

Педагогика ғылымдарының докторы, доцент К.Б.Жақсылықова


Педагогика ғылымдарының докторы, доцент Н.Ж.Құрманова


Педагогика ғылымдарының докторы, Ж.Н.Сүлейменова


Жетекші ұйым:

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті



Диссертация 2009 жылдың 25 ақпанында сағат 14.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде (050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13; кіші конференция залы) филология, педагогика ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.09.04 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.


Мекен-жайы: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13; кіші конференция залы.


Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30)


Автореферат 2009 жылдың 23 қаңтарында таратылды.


Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы,

филология ғылымдарының докторы,

профессор Қосым Г.С.


КІРІСПЕ


Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тілін меңгеруде қатысымдық құзыреттілікке қол жеткізу үшін жеделдете оқытудың теориялық тұрғыда негізделген, тәжірибеде дәлелденген тиімді технологиясын қолдану керек екенін уақыт талап етіп отыр. Бұл, атап айтқанда, оқу мүмкіндіктері шектеулі мемлекеттік қызметшілерге қатысты. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының мемлекеттік тілді еркін әрі тегін меңгеруі үшін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдайдың бәрін жасау туралы Конституцияның 93-бабы мен [1], Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңының 4-бабының [2], ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке тұлғаны қалыптастыруды дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау жөніндегі Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» заңының 8-бабының [3] талаптары аталған топтағы көкейтесті мәселені қозғайды.

Бастапқы білім беру сатыларынан өтіп, қызмет атқарып жүрген мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін жеделдете үйрету мәселесі ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыдан бүгінгі күнге дейін зерттеу нысанасы болған жоқ. Өзара сабақтасты байланыс, жүйелі оқыту болмағандықтан, бір сатыда меңгерген білімдер мен дағдыларды келесі сатыларда қайталау, соған байланысты адам ресурстары мен уақыт үнемсіздігі, таптаурындық факторлары тіл үйренушілерге кері ықпал етті.

Қазіргі заманғы қолданылып келген тіл үйретудің көптеген әдіс-тәсілдері құзыреттілікке бағытталған оқытудың басты шарттарын қанағаттандыра алмауда. Бүгінгі қоғамдық қажеттіліктің көрінісі болып отырған әлеуметтік-лингвистикалық жағдай тіл үйрету әдістемесіндегі жеделдете оқыту мәселесіне баса мән беріп, терең зерттеуді талап етеді.

Мемлекеттік қызметшілерді жеделдете оқытудың теориялық және технологиялық құралдарын негіздеу мен оны жүзеге асырудың қажеттілігі бірнеше қарама-қайшылықтарға келіп тіреледі. Олар:

- мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін жеделдете оқыту үдерісін енгізуге қоғамдық-әлеуметтік қажеттілік пен аталған мәселенің ғылыми-теориялық тұрғыдан жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қайшылықтар;

- қазақ тілін жеделдете оқытуға қойылатын жоғары талаптар мен мемлекеттік қызметшілердің оқу-танымдық уәждемелерінің төмендігі арасындағы қайшылықтар;

- жеделдете оқытуда мемлекеттік қызметшінің өздік жұмысын тиімді ұйымдастырудың қажеттілігі мен оның басты алғышарты болып табылатын ақпараттық білімдік ортаның шектеулі мүмкіндіктері арасындағы қайшылықтар;

- жеделдете оқытуда педагогикалық технологияларды тиімді қолданудың жоғары маңыздылығы мен қатысымдық бағытта жеделдете оқыту технологиясын жүзеге асырудың жеткіліксіздігі арасындағы қайшылықтар.

Қазіргі қоғамымызда мемлекеттік қызметшілердің қазақ тіліне деген қызығушылығы мен оны меңгерудің мәнін түсінуі үздіксіз білім беру жүйесінде қазақ тілін жеделдете оқытудың теориялық тұжырымдамасын қалыптастырудың қажеттілігін тудырды. Соған байланысты оқу жоспарымен шектелген уақыт аралығында бағдарлама қойған міндеттер төңірегінде неғұрлым жоғары деңгейдегі қатысымдық құзыреттілікке қол жеткізудің қажетті алғышарттарын жасайтын, сөйлесім әрекетін дамытуды көздейтін қатысымдық бағдарлы жеделдете оқыту технологиясын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеу, мемлекеттік қызметшілерге тіл үйрету курстарында қазақ тілін жоғары деңгейде жеделдете оқыту – бүгінгі әлеуметтік міндет болып отыр.

Ғылыми жұмыстың өзектілігі еліміздің тілдік егемендігінің бірден-бір талабы, уақыт сұранысы болып табылатын қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың қазіргі жүйесі мен қоғамдық-әлеуметтік талап арасындағы сәйкессіздіктің табиғатын ашып, оқу үдерісін жеделдетудің жаңа бағыттарын саралап беруді көздейді.

Зерттеу нысаны: Жеделдете оқытудың инновациялық технологиялары арқылы мемлекеттік қызметшінің қатысымдық құзыреттілігін дамыту үдерісі (қарапайым, базалық деңгейлер).

Зерттеу пәні: Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқыту әдістемесі.

Зерттеу мақсаты: Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың әдіснамалық және теориялық негіздерін тұжырымдау; деңгейлерге сәйкес жеделдете оқыту технологиясын айқындай отырып, әдістемелік кешен ұсыну; оның тиімділігін тәжірибе арқылы дәлелдеу.
  1   2   3   4   5   6   7

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

ҚҰрманбаева шынар қапантайқызы қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың Ғылыми-әдістемелік негіздері iconАвтореферат 2010 жылы «15» мамырда таратылды. Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы, филология ғылымдардың докторы, профессор Қосымова Г. С. Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Бастауыш сыныпта қазақ тілін қатысым әдісі арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері

ҚҰрманбаева шынар қапантайқызы қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың Ғылыми-әдістемелік негіздері iconСатбекова айгүл амантайқызы қазақ тілін өзгетілді дәрісханада жобалай оқыту технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздері (гуманитарлық бөлім)
...

ҚҰрманбаева шынар қапантайқызы қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың Ғылыми-әдістемелік негіздері iconЖҰмабаева әзия елеупанқызы бастауыш мектепте қазақ тілі синтаксисін дамыта оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

ҚҰрманбаева шынар қапантайқызы қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың Ғылыми-әдістемелік негіздері iconҚолжазба құқығында аяпбергенова клара қҰмарқызы қазақ тілі сабағында медицина лексикасын мамандыққа сәйкес оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
...

ҚҰрманбаева шынар қапантайқызы қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың Ғылыми-әдістемелік негіздері iconҚазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Республикасының Мемлекеттік стандартына сәйкес «вмк(О) т отт 3214», «050102–Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына...

ҚҰрманбаева шынар қапантайқызы қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың Ғылыми-әдістемелік негіздері iconБалтабаева жаңалық Қылышқызы жоғары оқу орнында студенттер тілін дамытудың Ғылыми-әдістемелік негіздері (қазіргі қазақ тілінің морфология саласы бойынша)
Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі қазақ тілі)

ҚҰрманбаева шынар қапантайқызы қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың Ғылыми-әдістемелік негіздері iconРахметова райгуль садуакасовна қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері (жоо филолог мамандықтары үшін)
Диссертация 2010 жылы «29» қарашада сағат 14. 00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде (050010, Алматы қаласы,...

ҚҰрманбаева шынар қапантайқызы қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың Ғылыми-әдістемелік негіздері icon«Қазақ тілі-шет тілі немесе екінші тіл ретінде» үздіксіз білім беру моделі арқылы кілтті тапсырмамен қазақ тілін оқытудың типтік оқу-әдістемелік кешенінің стандарт-технологиясын әзірлеу бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттерді ашу рәсімінің

ҚҰрманбаева шынар қапантайқызы қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың Ғылыми-әдістемелік негіздері iconУчебник для взрослых
Бұл оқу құралы қазақ тілін оқытудың белсенді әдістемесінің элементтерін пайдалану негізінде құрастырылды. Ол бұрын қазақ тілін оқып-үйренбеген...

ҚҰрманбаева шынар қапантайқызы қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың Ғылыми-әдістемелік негіздері iconАбенова лайла куантаевна
Негізгі мектептің 7-9 сыныптарындағы «физика және астрономия» курсын оқытудың ғылыми- әдістемелік негіздері

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница