ҚҰрманбаева шынар қапантайқызы қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың Ғылыми-әдістемелік негіздері




НазваниеҚҰрманбаева шынар қапантайқызы қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың Ғылыми-әдістемелік негіздері
страница4/7
осым Г С
Дата конвертации15.01.2013
Размер0.73 Mb.
ТипДиссертация
1   2   3   4   5   6   7

«Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың лингвистикалық негіздері» тармағында жеделдете оқытудың лингвистика ғылымының басты салаларымен байланысы мен лингвистикалық ұстанымдары ғылыми негізделді. Үйрету нысаны – тіл болғандықтан, жеделдете оқыту әдістемесі лингвистика ғылымының басты салаларының негізгі ұғымдары мен заңдылықтарын басшылыққа алады. Соған сәйкес қазақ тілін жеделдете оқыту әдістемесі тілді меңгертудің антрополингвистикалық, әлеуметтік, нейропсихологиялық мәселелерімен, лексикалық деректердің этностанымдық, мәдениеттанымдық, ұлттанымдық, құндылық бағдарымен, тілдік бірліктердің құрылымдық, салғастырмалы, қолданбалы қасиеттерімен, сөйлесім бірлігі – мәтіннің дискурстық, вербалды, прагматикалық сипаттарымен байланысты мәселелерді қарастырады.

Диссертацияда қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың лингвистикалық ұстанымдары ретінде тілді үйрету әдістемесінің лингвистикамен, ғылыми грамматикамен байланысын реттейтін ғылымилық ұстанымы; аз уақыттың ішінде қамтылатын тілдік материалдың молдығына байланысты олардың жүйелі түрде ұсынылуын қадағалайтын жүйелілік ұстанымы; тілдік бірліктерді іріктеуде олардың қолданылу ерекшелігін, жұмсалымдық сипатын ескере отырып, прагматикалық құзыреттілікті жетілдіру жолдарын анықтап беретін қатысымдық-функционалды ұстаным; тілдік, сөйлесімдік бірліктер арқылы рухани құндылықтарды меңгертуді көздейтін танымдық ұстаным; дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы негізінде жүзеге асатын тілдік және сөйлесімдік бірліктерді кешенді оқыту ұстанымы; қатысымдық құзыреттілік деңгейін анықтауға, әр деңгейге сәйкес грамматикалық, лексикалық минимумды іріктеуге мүмкіндік беретін деңгейлерге сәйкес оқыту ұстанымдары ғылыми негізделді.

Жұмыстың «Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдетіп үйретудің дидактикалық негіздері» атты тармағында тіл үйрету теориясының жиынтығы ретіндегі дидактика ілімі мен қазақ тiлiн мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың дидактикалық ұстанымдары ғылыми-теориялық тұрғыдан дәйектелді. Жеделдете оқытудың лингводидактикалық негіздері мен қолданылатын технологияларының психодидактикалық талаптарға сәйкестігі түпкі мақсат – қатысымдық құзыреттілікке жетудің алғышарттарын белгілейді, тілдік тұлғаның қатысымдық құзыреттілігін дамытуды көздейді. Объективті өмірдегі құбылыстардың өзара байланысы жөніндегі диалектика-материалистік қағидалар қазақ тілін жеделдете оқыту үдерісін жан-жақты түсінуге, ерекшеліктерін айқындауға, болашақ бағдарын болжауға мүмкіндік береді.

Ғалымдар ұсынған жалпы дидактикалық классикалық ұстанымдарды негізге ала отырып, диссертацияда қазақ тiлiн мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың қатысымдық бағдарлы сипатына сәйкес өзіндік жеке дидактикалық ұстанымдары айқындалды. Олар - оқу материалдарының мемлекеттік қызметшілердің мамандықтарына және жеке психо-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келуін реттеп отыратын сәйкестік ұстанымы; деңгей аралық байланысты сақтай отырып, оқу материалдарының сатылап берілуін; аралық, қорытынды бақылаулар мен сынақтардың дұрыс ұйымдастырылуын жүзеге асыратын деңгейлік ұстанымы; тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім әрекеттерін кешенді түрде дамытуды көздейтін сөйлесімнің түрлерін меңгерту ұстанымы; ерікті шешім қабылдап, тіл үйренуге кірісіп, ақпаратты саналы түрде түсініп, өз бетімен тілдік орта іздеп, меңгерген білімді сөйлесім әрекетінде саналы түрде қолдануды жүзеге асыратын саналылық ұстанымы; тіл үйренуші тұлғаның жеке бас ерекшеліктерін ескеріп, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруды, сапалы білім нәтижесіне көз жеткізу арқылы ынталандыруды мақсат ететін білімді ізгілендіру ұстанымы; мемлекеттік қызметшілерге қоғамдағы әлеуметтік-лингвистикалық жағдайды түсіндіріп отыруды, этностардың тең құқылығын, сенім бостандықтарын назарға ала отырып, тілді үйренудің әлеуметтік мәнін саралап беруді көздейтін әлеуметтік орта мен жағдайды ескеру ұстанымы.

«Қазақ тілін жеделдете оқыту үдерісі» атты үшінші тараудың бірінші тармағында қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың әдістемелік жүйесі айқындалды. Жеделдете оқытудың әдістемелік жүйесі - білім беру мақсаттарына сәйкес нәтижеге, сапаға бағытталып жүргізілетін, тіл үйренушінің сөйлесім әрекетін жетілдіретін ерекше амал-тәсілдер, әдістер, формалар мен басқару жүйесін оңтайландыратын дидактикалық категория.




4-сурет – Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың әдістемелік жүйесі

Қазақ тілін жеделдете оқытудың әдістемелік жүйесі мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін үйретудің жүйелі жүргізілуі мен нәтижелі болуына атсалысатын оқу мақсаты мен мазмұны, теориялық негіздері, оқу-танымдық уәждемелері, сөйлесім әрекетін дамыту формалары, технологиялары, өздік жұмыс түрлері, нәтижелері, құзыреттілік деңгейлері т.б. құраушы бөлшектерін нақтылайды. Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың күрделі құрылымдық әдістемелік жүйесі әлемдік, отандық әдістеме іліміндегі жаңашыл бағыттарды сұрыптап, қабылдауға, заман талабына сай өңдеуге бейім ашық жүйе болып табылады. Ол тіл үйренушінің өзін-өзі дамыту жолындағы үздіксіз білім алу жүйесінің ең жоғарғы сатысы бола отырып, кең көлемді ақпараттық жүйе ретінде тіл үйрету әдістемесіндегі толассыз ақпараттар легін реттеп, саралайды, жинақтап, талдап, жеделдете оқытудың талаптарына сәйкес іріктеп қолданады.


Үшінші тараудың «Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете үйрету деңгейлері» атты екінші тармағында тіл үйрету деңгейлерінің жеделдете оқыту кезеңдерімен байланысы және тіл үйренушілерді білім деңгейлеріне қарай топтастыруда олардың «тілдік» және «сөйлеу» типін ескеру мәселелері қарастырылды. Қазақ тілін жеделдете оқыту үдерісіне деңгейлік оқыту тәжірибесі біртіндеп енгізіле бастағанымен, көптеген қиыншылықтар әлі күнге дейін өз шешімін таппай келеді. Олар - тіл үйренуші топтарды деңгейлерге сай жіктеудің нақты критерийлері болмауы; деңгей алды, аралық және қорытынды бақылау формаларының жетілдірілмеуі; ұсынылған оқу материалының деңгейлерге сәйкес іріктелмеуі нәтижесінде қайталау факторының орын алуы т.б.

Тілді деңгейлік оқыту жүйесінің талаптарын есепке ала отырып, қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың үш құрылымдық кезеңі айқындалды (5-сурет). Оқытудың бұл үш кезеңі тіл үйретудің үш деңгейіне сәйкес келеді.




5-сурет – Тіл үйрету деңгейлерінің жеделдете оқыту кезеңдерімен байланысы

Жеделдете оқытудың дағдыларды қалыптастыру және орнықтыру кезеңі тілдік қатынасты практикалық тұрғыдан қамтамасыз етуді, қажетті коммуникативтік ядроны қалыптастыруды көздейді. Мол тыңдалым әрекеті түрлі қолданыстағы құрылымдар ішінен тілдік формаларды ажыратып, тануға мүмкіндік береді. Екінші сөйлесім әрекетін дамыту кезеңі тілдік қатынасқа тікелей ену арқылы жүзеге асады. Сөйлеу механизмін іске қосу тіл үйренушілердің контингентіне, сабақтардың саны мен жиілігіне байланысты жүзеге асады. Үшінші тілдік қатынасты жетілдіру кезеңінде интерактивті оқыту технологиясы арқылы орындалатын көпнұсқалы сөйлеу жаттығулары сабақ үстінде тығыз қарым-қатынас жүргізуге мүмкіндік беріп, тіл үйренушілердің үздіксіз қатысымдық белсенділігін қамтамасыз етеді.

Психологтар мен физиологтардың зерттеулеріне сәйкес адамның таным үдерісі мидың қос жарты шарының алма-кезек қызметі арқылы жүзеге асады. Үйреніп жүрген тілде жазылым әрекетін жақсы меңгерген адамның ауызша айтылымға қабілеті төмендігі, немесе, керісінше жағдайлар жиі кезедеседі. Адам миының қос жарты шарларының ойлау әрекетінде атқаратын қызметін жеделдете оқыту үдерісінде дұрыс пайдалану - нәтижеге жылдам қол жеткізудің басты алғышарты. Осыған байланысты қазақ тілін үйрену типі тілдік және сөйлесімдік болып екіге жіктеледі.


2-кесте – Тіл үйренушінің тілдік және сөйлесімдік типтері



ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНУ ТИПІ


Тілдік (танымдық)

Сөйлесімдік (қатысымдық)

Сол жақ жарты шар

Оң жақ жарты шар

Тіл үйренушінің тілдік материалды логикалық танымы арқылы қабылдауы жүзеге асады

Тіл үйренушінің тілдік материалды эмоционалдық сезімі арқылы қабылдауы жүзеге асады

Тіл үйренушінің фонетикалық, грамматикалық дағдыларын қалыптастырады

Тіл үйренушінің образды ойлауын, сөйлесім дағдысын қалыптастырады

Тіл үйренушінің грамматикалық формуламен, модельдермен ойлау әрекеттерін басқарады

Әзіл-қалжыңға жүйріктік, автоматты түрде жылдам жауап қайтару реакциясын дамытады

Логикалық рационалдық ойлауды жүзеге асырады

Көркем-образдық, сезімдік ойлауды жүзеге асырады

Сөйлесім әрекетінің интеллектуалды сипаты басым болады

Сөйлесім әрекетінің эмоционалды сипаты басым болады


Алдын-ала жүргізілген психологиялық диагностикаға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің қатысымдық-лингвистикалық, яғни аралас типі көбірек болып шықты. Мемлекеттік қызметшілердің әрі логикалық ойлауы, әрі шығармашылық, сөйлеу белсенділігі қатар дамыған өмірлік тәжірибесімен келетін осындай жас ерекшелігіне байланысты қазақ тілін жеделдете оқытуда лексикалық бірліктерді танымдық бағдарлы ұсыну, сөйлесім мәтіндерін меңгерту тапсырмаларын қатысымдық бағдарлы құру міндеті қойылды.

Үшінші тараудың «Қазақ тілін жеделдете деңгейлік оқытуда аралық және қорытынды сынақтарды ұйымдастыру» атты үшінші тармағында жеделдете оқытудың нәтижесі – мемлекеттік қызметшінің қатысымдық құзыреттілігін анықтау мақсатында ұйымдастырылатын аралық және қорытынды сынақ тапсырмаларының түрлері айқындалды.


3-кесте – Аралық, қорытынды сынақ тапсырмалары


р/с

Бақылау түрі

Ұпай саны

Барлығы

1

Лексика-грамматикалық тест

15



100 ұпай

2

Диктант

10

3

Тыңдалым

15

4

Оқылым

15

5

Шығарма

20

6

Ауызша тілдесім

15

7

Тілдік портфельді бағалау

10


Лексика-грамматикалық тест. Қазақ тілін жеделдете оқытуда белгілі тестолог В.С.Аванесов ұсынған бірнеше дұрыс жауаптарды белгілеу, сәйкестіктерді табу және рет-ретімен орналастыру түріндегі тест тапсырмалары қолданылды [28, 32]. Мысалы:

І. Берілген жауап нұсқаларының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты белгілеуге арналған тест тапсырмалары

қарама-қарсы

1. СӨЗДЕР

мағыналас

1) сұлу, әдемі

5) білімді, дана

2) үлкен, кіші

6) биік, аласа

3) көп, мол

7) кең, тар

4) жоғары, төмен

8) қатал, қатыгез

мезгіл

2. МАҒЫНАЛЫ СӨЗДЕР

мөлшер

1) бірталай

6) кешке

2) кеше

7) биыл

3) көп

8) ертең

4) былтыр

9) бүрсігүні

5) мол

10) аз


ІІ. Бос орындарды толтыруға арналған ашық тест тапсырмалары

1. Бос орындарға тиісті төл дыбыстарды жазыңыз

....асыр, ....арыз, ....арыш, ....аражат, ....ызмет.

2. Сөйлемдерді аяқтаңыз

- Бастық жоспар құр………….., мен жоспарды орында……….. .

- Жұмыс аяқтал………….., мен үйге қайт…………… .

3. Тиісті қосымшаларды жазыңыз

- Алтай..... шығамын, іссапар..… барамын, қонақүй…. тұрамын.

4. Сөйлемдегі ойды толықтырып, жалғастырыңыз

Егер бiз жоспарды орында…….., сыйақы аламыз, ал егер орындама…....., онда ………….…………………………….... .

5. Берілген жауаптарға сәйкес сұрақтар жазыңыз

- ...................................................... . - Иә, біз тапсырманы орындадық.

- ..................................................... . - Жоқ, бізге әлі тексеру келген жоқ.

ІІІ. Рет-ретімен орналастыруға арналған тест тапсырмалары

1. Берілген сөйлемді дұрыс орналастырып, әңгіме құрастырыңыз

1)

а) Жексенбi күнгi қызықтары жайлы айтқанша асығамын.

2)

ә) Ол жұмысқа келгенше бiраз уақыт өтедi.

3)

б) Ол ұйқыдан тұрғанша қайта-қайта телефон соғамын.

4)

в) Түскi үзiлiс болғанша екеуiмiз бiраз жұмыс iстеймiз.

5)

г) Түскi үзiлiсте әрiптесiм барлық әңгімесін айтып береді.

6)

ғ) Оның отбасы жоқ, өзi жалғыз бiр үйде тұрады.

7)

д) Мен әрiптесiм келгенше бастыққа бiлдiрмеймiн.

8)

е) Өзi ұйқыны, әдемi заттарды, еркiн өмiрдi жақсы көредi.

9)

ё) Себебi ол жексенбiде көп қыдырады, ұйқыға кеш жатады.

10)

ж) Менiң бiр өте жайбасар әрiптесiм бар.

11)

з) Сағат ондарда ол жұмысқа жетедi.

12)

и) Мен оны әр дүйсенбiде таңертең ұйқыдан оятамын.

IV. Сәйкестіктерді табуға арналған тест тапсырмалары

1. Сәйкес сөздерді табыңыз

А. Бастықтың

1. бояуы

Ә. Хатшының

2. құлыны

Б. Оқушының

3. хаттамасы

В. Суретшінің

4. орынбасары

Г. Жылқының

5. дәптері

2. Берілген сұрақтарға тиісті жауаптарды табыңыз

А. Қандай?

1. ақырын

Ә. Нешінші?

2. жұмыстан

Б. Кімге?

3. білікті

В. Қалай?

4. оныншы

Г. Қайдан?

5. хатшыға

Диктант. Жазылым әрекетіне қатысты сауаттылық мәселесі бүгінде дүние жүзінің тілші, әдіскер мамандарын алаңдатып отырғаны белгілі. Ф.де Соссюрдің айтуынша: «Жазу арқылы тілдің сөздік қорын жасанды түрде ұлғайтуға мүмкін болады. Жазудың қалыптасуымен қатар тілдік нормалар мен ережелер де қалыптасады [29, 9 б.]. Аталған жайт өзінің өзектілігімен жеделдете оқытуда да ең басты мәселелердің қатарынан орын алады. Сауатты жазу мемлекеттік қызметшінің іс қағаздарын жүргізу құзыреттілігінің алғышарты болып табылады. Біздің тәжірибемізде саналы түсінуге бейім, грамматикалық, фонетикалық дағдылары жақсы қалыптасқан когнитивтік-лингвистикалық типті тіл үйренушілер жоғары сауаттылық деңгейін көрсетті.

Тыңдалым, оқылым. Тіл үйренушілердің қатысымдық құзыреттілігін анықтауда жиі қолданылатын тапсырмалардың бірі – тыңдалым мен оқылым. Сынақтың бұл түрлерінде деңгейлерге лайықталған түрлі көлемдегі монолог және диалог мәтіндер іріктеліп, үнтаспаға, диктофонға жазылып, магнитофон, компьютер арқылы оқылады және жазбаша түрде ұсынылады. Мәтіндерді қабылдап, түсіну деңгейін анықтау мақсатында қатысымдық бағдарлы тапсырмалар беріледі.

Шығарма. Жеделдете оқытудың қарапайым деңгейінің алғашқы сабақтарынан бастап жиі шығарма жазып дағдыланған тіл үйренуші сынақ кезінде де көп қиналмастан бұл тапсырманы лайықты орындап шыға алады. Әркімнің өз шығармасы кітапта дайын берілген материалдан гөрі өзіне жақын, таныс болып әсер етеді. “Мен!”, “Мен өзім жасадым!” деген мақтаныш, меншіктік сезімдері болады. Әркім өздігінен орындағандықтан, ол шығармаларын жақсы есте сақтап алады, келесі сабақтарда өзіне таныс тақырыптарда ешқандай қағазға қарамай, еркін әңгімелеп бере алады.

Ауызша тілдесім. Ауызша әңгімелесу барысында тілдік тұлғаның қатысымдық құзыреттілік деңгейінің ең шарықтау шегі болып табылатын тілдесім әрекеті бағаланады. Тіл үйренушінің ауызша тілдік қатынасқа түсу деңгейін бағалау екі түрлі тапсырма арқылы жүргізіледі: 1. Айтылым – берілген мәтін үлгісімен монолог мәтін құрау; 2. Тілдесім - ұсынылған тақырып бойынша сұхбаттасу. Бұл кезде тіл үйренушінің өз кәсібіне, мамандығына, жұмысына, қоршаған ортасына қатысты сөздер мен фразаларды, әртүрлі сөйлеу жағдаятына қатысты сөйленістерді қатысымда қолдана алу мүмкіндігі тексеріледі.

Тілдік портфельді бағалау. Тіл үйренушінің тілдік портфелі – оның қатысымдық құзыреттілігінің тәжірибе жүзінде іске асуының көрінісі, жеделдете оқыту курсы бойында жинақтаған дәріс қоржыны. Дәріс қоржынының толықтығы тіл үйренушінің өзіндік, шығармашылық жұмыстарын уақытында, жүйелі түрде, сауатты орындағанының көрінісі болады. Мемлекеттік қызметшінің жазба жұмыстарын бағалау құралы ретіндегі тілдік портфель жеделдете оқыту үдерісінде үздіксіз қайтарымды байланыс орнатып, оқу-танымдық уәждемені арттыруға ықпал жасайды.

Үшінші тараудың төртінші тармағы «Мемлекеттік қызметшілердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға арналған ақпараттық білімдік орта» деп аталады. Жеделдете оқытуда тәрбие - өздігінен тәрбиеленуге, оқыту - өз бетімен оқуға, білім беру - өз бетімен білім алуға ауысады. Сондықтан жеделдете оқытуда тіл үйренушілердің сабақтан тыс уақытта қазақ тілін өздігінен оқып-үйренуіне жағдай туғызатын ақпараттық білім кеңістігін қамтамсыз ету қажет. Мол электронды білімдік ресурстармен жабдықталған ақпараттық білім кеңістігінде мемлекеттік қызмтеші өз бетімен ақпарат көздерін таңдайды, уақыт үнемдеу дағдысын меңгереді, өз әлеуетін, іскери, тұлғалық сапаларын объективті және мақсатты бағалауды үйренеді.

Тіл үйренуші тұлға жеделдете оқытудың аудиториялық сабақтарына үздіксіз қатыса жүріп, ақпараттық білімдік ортаны әуелде тек қана өздік жұмысты орындау барысында қолданса, кейін курстан қол үзіп кеткенде де ақпараттық ортаны өз бетімен қолдану мүмкіндігі шектелмейді. Осы тұрғыдан өздік жұмысты ақпараттық білімдік ортада ұйымдастыру формалық жағынан қашықтықтан оқыту үдерісімен сипаттас болып келеді.

Диссертацияның «Қазақ тілін жеделдете оқытудың әдістемелік негіздері» атты төртінші тарауының бірінші тармағында қазақ тілін жеделдете оқытуда меңгерілетін лексика-грамматикалық бірліктерді іріктеу ұстанымдары, лексикалық минимумды оқытудың когнитивтік бағдары мен грамматикалық минимумды формулалар арқылы оқыту мәселелері ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан дәйектелді. Лексикалық минимумды ғылыми-әдістемелік талаптарға сай дұрыс іріктеу жеделдете оқытудың соңғы нәтижесіне неғұрлым жылдам қол жеткізуге үлкен ықпал етеді. Жеделдете оқытудың толық курсында максимум 3000-3500, әр деңгейінде 1200 лексикалық бірлік шамасындағы оқу материалы қажеттілікті өтейді деп есептеледі. Лексикалық бірліктерді мәтін аясында, тақырыптық-модульдік негізде іріктеу жағдаяттық; кәсіптік; тұлғалық бағдарлы оқыту; қатысымдық-функционалдық ұстанымдарға сәйкес жүзеге асырылады.

Лексикалық минимумды танымдық бағдарлы оқыту тілдік тұлғаның әлемнің тұтас бейнесін қабылдау мүмкіндігін арттыруға, құндылық бағдарын қалыптастыруға ықпал етеді. Жеделдете оқытудың әрбір сабағы тілтану арқылы ұлттану, елтану мақсатын көздейді. Дегенмен, жеделдете оқытуда тіл үйретуге кедергі келтіретін шамадан тыс этноматериалды жүйесіз ұсына бермей, ғалым Ә.Жүнісбек айтқандай: «...Қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы жайлы айту керек болса, оны орысша әңгімелеп беру керек» [30, 68 б.]. Біздің тәжірибеде қолданылған авторлық «Сөз маржандары» атты компьютерлік бағдарлама қазақ тіліндегі фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер жайлы терең мағлұмат беруге көп әсер етті.

Қазақ тілін жеделдете оқытуда грамматикалық минимумды деңгейлерге сәйкес ұсынылатын мәтіндер аясында іріктеу барысында аналитикалық ойлау қабілеттері жоғары дамыған ересектердің өз ана тілі мен үйренетін тілдің айырмашылықтарын айырықша сезінетін қабілетіне сәйкес ана тілінің ерекшелігін ескеру ұстанымы ескеріледі. Грамматикалық бірліктерді ірілендіру ұстанымына сәйкес ұқсас грамматикалық бірліктерді, мысалы, жіктеу есімдігі мен жіктік, тәуелдік жалғауларын, етістіктің ауыспалы осы және келер шағын, ілік септігі мен тәуелдік жалғауын және түрік изафетін, зат есім, сын есім, етістіктердің жіктелуін бір-бірімен салыстыра, байланыстыра отырып, кешенді түрде бірге оқыту жақсы нәтиже береді. Тілді меңгертуде граматикалық материалды айқындаудың жетекші ұстанымы оқыту мақсатына сәйкес тілдік қатынас үшін қажетті материал таңдауға мүмкіндік беретін қатысымдық ұстаным болып табылады.

Логикалық таным мен шығармашылық ойды талап ететін грамматикалық формулалар – грамматикалық құрылымдарды алгоритмдеп, көрнекі түрде ұсынудың бір жолы. Мысалы пысықтауыш қызметіндегі көсемше тұлғалы етістіктердің формуласы:




Мысалы:

1. Әдiл есiктi ашты

+ = Әдiл есiктi ашып, далаға шықты.

Әдiл далаға шықты

2. Мен жұмысымды бітірмедім бітірместен

+ = Мен жұмысымды үйге қайттым.

Мен үйге қайттым (бітірмей)


Келесі формула есімшеден болған анықтауышты зат есім тіркесін беруге құрылған:

-қан/-кен

+ (-МАо/-МЕо) + ЗАТ ЕСIМ

-ған/-ген


Жаттығу үлгісі: Жiгiт Астанаға кеттi + Жiгiт қайтып келдi = Астанаға кеткен жігіт қайтып келді.

Жақында үй сатып алдым + Үйіме жөндеу жүргіздім = ...........................

Бастық тапсырма берді + Тапсырма орындалды = ....................................

Жеделдете оқыту тәжірибесінде дайын формула тіл үйренушінің көз алдында сақталып қалды, формула арқылы кез келген өзі білетін сөздерін грамматикалық дайын қалыптарға салып, сөйлемдер құрай алды, сөздікпен белсенді жұмыс жүргізуге кірісті, қызығушылықтары артты.

Төртінші тараудың екінші тармағы «Жеделдете оқытудағы мәтіндер мен жаттығулардың қатысымдық бағдары» деп аталады. Қатысымдық бағдарлы оқытуда тіл үйренушінің қазақ тіліне деген көзқарасы өзгереді, ол тілді танымдық объект ретінде ғана емес, топ мүшелерімен арнаулы қарым-қатынастағы жетістіктерін қанағаттандыратын құрал ретінде бағалайды. Жеделдете оқытуда қатысымдық бағдарды жүзеге асыру бүгінгі күнде аз зерттелген сөйлесімдік мәтіндер мен сөйлеу жаттығуларын қолданудың қажеттілігін тудырды. Жеделдете оқытуда сөйлесім әрекетінің түрлерін меңгертуге арналған сөйлесімдік мәтіндер қолданылады.

Сөйлесімдік мәтіндердің оқу мәтіндерінен айырмашылығы – оған ауызекі сөйлесудің аутентикалық, дискурстық, диалогтық және полилогтық белгілері тән. Тілді қолданушылардың бір-бірімен шынайы өмірлік жағдаяттардағы тілдік қатынасы барысындағы өзіндік сөйлеу стилін бейнелейтін мәтіндер аутентикалық (гр. Authentikos – шынайы, ақиқат, жалғандықты жоққа шығару) мәтіндер деп аталады. Тілдік қатынас көлемді мәтіндердің болуын қажет етпейді, тек үзінді түріндегі сөйлесімдік бірліктердің арнаулы тізбегінен тұрады. Бұл қатысымдық мақсатта қолданылатын сөйлесімдік мәтіндердің дискурстық сипатын (фр. discovers – сөйлесім (речь) танытады. Диалогтық сөйлеудің 25 пайызға жуығын дайын сөйлеу блоктарының репродукциясы құрайтыны белгілі, сондықтан диалог, полилог түріндегі сөйлесімдік мәтіндерді меңгерту тіл үйренушінің спонтанды сөйлесім әрекетіне қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Сөйлеу жаттығулары – қабылдауға, ойлауға, еліктеуге және сөйлеу үлгілерін есте сақтауға бағытталып, тіл үйренушілерді белсенді айтылым әрекетіне жетелейді. Жеделдете оқытуда сөйлеу жаттығуларының төмендегідей түрлері қолданылды: Тірек сызбалар арқылы ауызша мәтін құрау; тірек сөздерге сүйене отырып өз мәтінін құрастыру; кестелерде берілген мәліметтер бойынша ауызша мәтін құрау; мәтінді өзгертіп әңгімелеу; диалогтарды толықтыру; берілген диаграммаға сүйене отырып, жаңа мәтінін ұсыну; берілген жағдаяттық тапсырмаға сәйкес әңгіме құрау; берілген сұрақтарға жауап беру; сурет бойынша әңгіме құрау; берілген жоспар бойынша әңгіме құрау жаттығулары.

Мысал ретінде бірнеше жаттығулар ұсынамыз:

1. Үзіндіні оқыңыз және Асанның қандай қызметші екенін айтыңыз:

Асан таңертең ұйқысынан әрең оянады. Асықпай баптанып отырып таңғы асын ішеді. Әйелі дайындап қойған киімдерін киіп, портфелін алып, талтаңдай басып жұмысына кетеді. Жұмысына кешігіп келеді. Бастығының алдында құрдай жорғалайды. Мәселенің мән-жайына бармастан әріптестерімен дауласа кетеді. Есепті уақытында өткізбейді. Жұмыс үстелін, құжат папкаларын ретсіздік жайлаған. Жиналыстарда ұйықтап отырады. Кешке елден бұрын үйіне асығады. Үйінде етке тойып алып, теледидардан фильмдер көріп жатқанды ұнатады.

2. Кестеде берілген ақпараттарды салыстыра отырып, өз пікіріңізді білдіріңіз. Пікіріңізді дәлелдеу үшін бағалау, салыстыру, түсіндіруге қажетті тілдік құралдарды пайдаланыңыз.


Көрсеткіштер

«Ақжол» компаниясы

«Сана» компаниясы

Қызметшілерінің саны

155

270

Орташа айлық жалақы

90 000 тг.

150 000 тг.

Мамандардың біліктілігін арттыру бағдарламасы

Семинарлар ұйымдастыру;

Курстарға жіберу

Шет елдермен мамандар алмасу; Интернетте білімдік портал ашу

Жас мамандардың әлеуметтік жағдайын көтеру бағдарламасы

Жас нәрестелі отбасыларға көмек көрсету – 8 отбасы

Жаңа пәтермен қамтамасыз ету – 5 отбасы

Орындалған жобалар саны

7

10

Жобаларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру

20 000 000 тг.

100 000 000 тг.


3. Кеше ғана орналасқан жұмысына көңілі толмай тұрған досыңызбен сұхбаттасыңыз. Сендіру, дәлелдеу, түсіндіруге қажетті тілдік құралдарды қолдана отырып, оны ойлануға, асығыс шешім қабылдамауға үгіттеңіз.

- Білесің бе, бұл жұмыс соншалық ұнаған жоқ. Үйіме алыс екен, автобуспен екі сағатта әрең жеттім.

- ...............................................................................................................

- Бастық та онша ұнаған жоқ. Өзі менен жас, соншама кеудесін көтереді.

- ...............................................................................................................

- Маған тура есіктің жанындағы орынды берді, кірген-шыққан адамдардан ойым бөліне берді.

- ...............................................................................................................

Бәрібір басқа жақсы жұмыс іздемесе болмайды.

- ...............................................................................................................

4. Төмендегі сызбаны тірек ете отырып, адам өмірі жайлы өз ойыңызды айтыңыз:

көктем жаз күз қыс

1 жас 20 жас 40 жас 70 жас 90 жас


Сөйлеу жаттығуларын қолдана отырып жүргізілген жеделдете оқыту барысында тiл үйренушiнiң өз ойы мен пiкiрiн тұжырымдай алуы, сөйлеу машығы мен негізін меңгеруі, ойды сөзбен жеткiзудiң қатысымдық амалдарын игерiп, оларды күнделiктi өмiрде кездесетiн шынайы жағдаяттарда жұмсай алуы жүзеге асты.

Төртінші тараудың үшінші тармағы «Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқыту технологиялары» деп аталып, онда қазақ тілін жеделдете оқытуда қолданылатын ақпараттық-коммуникациялық және интерактивті технологиялар ғылыми негізделіп, тиімділігі тәжірибе арқылы дәлелденді. Компьютердің шексіз мүмкіндіктерін кеңінен қолдана отырып дайындалған авторлық «Қазақша үйренеміз» атты мультимедиалық (ағ. multi – көп, media – орта) бағдарламалар кешенін қолдану жеделдете оқытуда нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Бағдарламалармен мультимедиалық кабинеттерде, сабақтан тыс уақытта өз беттерімен жұмыс істеу нәтижесінде тіл үйрету үдерісінде нағыз өз мәніндегі жеделдік пен қарқындылық пайда болды. Оқу үдерісінің дәстүрлі оқытудан ерекшеленіп, жеделдете жүргізілуін екі фактор арқылы айқындадық. Олар: 1. Уақыттың үнемделуі; 2. Қарқынды, белсенді оқу-танымдық әрекеттің жүзеге асуы.

Тікелей уақыт тұрғысынан, дәстүрлі сабақтарға ең кемі 50 минут уақыт кететін болса, мультимедиалық бағдарламалар арқылы осы уақыт ішінде бір сабақты 3-4 рет қайталап шығуға мүмкіндік туды. Адамның психо-физиологиялық белсенділігі тұрғысынан тіл үйренушілер құлшыныс, қызығушылық, ынталану, орындай алмаған кездерде торығу тәрізді түрлі эмоциялық күйлерді бастарынан кешірді, ерекше жылдамдық, адам мүмкіндігінің барынша қарқынды жұмсалуы байқалды. Бар жан-тәнімен беріліп, тек қана алға жылжуға, неғұрлым көбірек ұпай жинауға тырысты, жақсы ұпай жинау үшін алдыңғы өткен материалды есте сақтап отыру керектігін ұғынды. Бір сабақты үш-төрт рет орындап шығып, компьютер барлық қуаттарын «жұтып алып», әбден шаршаған кезде дөңгелек үстел басына жиналып, белсенді тілдік қатынасқа көшті, сабақ интерактивті технологиялар арқылы жүйелі жалғасын тапты.

Тәжірибе көрсеткендей, оқытудың интерактивті (ағ. «interact» «Inter» – «өзара», «act» – әрекет) технологиясы топпен, ұжыммен жұмыс істеуге, досының, әріптесінің пікірін тыңдауға жұмылдыра отырып, қатысымдық құзыреттілікті арттыруға игі әсер етті. Оқу уәждемесін дамытуға бағытталған интерактивті технологиялардың бір түріқатысымдық ойындар. Г.А.Китайгородскаяның: «К сожалению, примитивное понимание преподавателем игры иногда приводит к излишней инфантилизации обучения, к примитивным коммуникативным задачам, т.е. к снижению интеллектуального творческого уровня обучения. Взрослые обучаемые мгновенно чувствуют эту несерьезность и фальшивость», - деген пікірі жеделдете оқытуда ойын әдісін ұйымдастыруға үлкен стратегиялық дайындықпен келудің қажеттілігін көрсетеді [32, 10 б.]. Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқыту тәжірибесінде топтық, жағдаяттық (рөлдік және іскери) ойындар мен тренингтерді қолдандық.

Жеделдете оқытудың қарапайым деңгейінде жиі қолданылған топтық ойындардың тіл үйренушілердің қатысымдық белсенділіктерін арттырудағы маңызы зор болды. Мысалы:

1. Тіл үйренушілер екі топқа бөлініп, бірінші топ адамның (бастықтың, кәсіпкердің, мемлекеттік қызметшінің, әйелдің, баланың т.б.) жақсы қасиеттерін, екінші топ жаман қасиеттерін айтып жарысады.

2. Оқытушы ілік септікті бір есім сөз айтады, тіл үйренушілер тәуелдік жалғауының ІІІ жағын қосып, сөз тіркесінің жалғасын айтады. Мысалы: «Бастықтың... - ...орынбасары» т.б.

3. Сөйлемдер тізбегі ойыны: Тіл үйренушілер шеңбер құра отырады. Бірінші адам “Мен ертең...” деп бастап, ауыспалы келер шақта бір сөйлем айтады. Келесі адам “Ал мен оны кеше орындағанмын...” деп, жаңағы айтылған әрекетті нақтылы өткен шақта қайталап шығады да, “Мен ертең ...” деп өзі жаңа бір сөйлем бастайды. Мысалы: “Мен ертең ант қабылдаймын - Ал мен кеше ант қабылдадым, ертең жұмысқа кірісемін - Ал мен кеше жұмысқа кірістім, ертең жалақы аламын”.

Жеделдете оқытуды жағдаяттық ойындар арқылы жүргізу оқу үдерісін тілдік қатынастың табиғи болмысына жақындатып, меңгерілген дағдыларды шынайы өмірлік жағдаяттарда да қолдана алуға мүмкіндік берді. Тәжірибе барысында қатысымдық жағдаяттарға құрылған рөлдік және іскери ойындар жиі қолданылды. Рөлдік ойындар - дайындықсыз сөйлей білуді талап ететін, топтың құрамын, экзистенциалды проблемаларын ескере отырып ұйымдастырылатын бір уақыттағы әрі ойнау, әрі оқу, әрі сөйлесім әрекетін жан-жақты іске асыру.

Мысалы: «Демалыста» рөлдік ойыны. Ойынға қатысушылар: Отбасы мүшелері, олардың достары. Қатысымдық жағдаят: Бір жексенбіде бос уақыттарын бірге өткізуге тырысқан әке-шешесі мен есейіп қалған балаларының тағы да әдеттегідей бірге демалу мүмкіндігінің болмауы. Сөйлеу ниеттері: ұсыныс, талап, кеңес, шақыру, келісу немесе келіспеу, бас тарту, рұқсат беру немесе тыйым салу, кешірім сұрау, алғыс пен кешірімге жауап беру, мәлімдеу, ұсыныс жасау, шақыру, сұрақ қою, баға беру, өкіну т.б.

Ойынның барысы: 1. Жексенбілік таңғы ас үстінде отбасы мүшелерінің демалысты бірге өткізу туралы сұхбаты; 2. Отбасы мүшелері әрқайсысы өз достарымен, таныстарымен телефонмен сөйлесіп, әркім өз жоспарларын құруы; 3. Кешкі ас үстінде бәрінің қайта жиналып, қалай демалғандары туралы әңгімелесуі.

Іскерлік ойындар рөлдік ойындардың логикалық және табиғи жалғасы ретінде тіл үйренуші қазақ тіліндегі кәсіби сөйлесім әрекетін іске асыруға дайын болған кезде қолданылады.

Мысалы: «Іссапарда» іскерлік ойыны. Ойынға қатысушылар: Бастық, бөлім бастығы, хатшы, мамандар. Қатысымдық жағдаят: Бір бөлімде қызмет істейтін екі маманның біреуі Аастанаға, екіншісі шалғай бір ауылға іссапарға кетеді. Оларға хатшы қыз қажетті құжаттар папкасын ауыстырып беріп қояды. Сөйлеу ниеттері: талап ету, үгіттеу, дәлелдеу, өтініш, ұсыныс, келісу, келіспеу, бас тарту, рұқсат беру, тыйым салу, кешірім сұрау, көңіл аударту, қайталап сұрау, есіне салу, сенімсіздік білдіру, кіналау, аяу т.б.

Ойынның барысы: 1. Бастықтың іссапарға мамандарды жіберу туралы бөлім бастығына тапсырма беруі; 2. Бөлім бастығы мен мамандардың сұхбаты: Мамандардың отбасы, денсаулық жағдайын айтып, іссапарға барудан бас тартуы, бөлім бастығының үгіттеуі, талап етуі, көндіруі; 3. Мамандардың хатшы қыздан келіп құжаттарды алуы; 4. Іссапарға келгеннен кейін, құжаттарды ауыстырып алғандары жөнінде бөлім бастығына мәлімдеулері; 5. Бөлім бастығы мен бастықтың, хатшының өзара сұхбаттары; 6. Іссапар мақсатын орындамай оралғаннан мамандардың сөгіс алулары.

Рөлдік және іскерлік ойындарды дұрыс ұйымдастыру тіл үйренушілердің психологиялық кедергілерден арылып, жасырын мүмкіндіктерінің ашылуына, қатысымдық мақсаттарға жету үшін топ мүшелерімен бірлесе әрекет ете отырып, өз пікірлерін дәлелді жеткізе алуларына мүмкіндік берді.

Тренингтер жеделдете оқытуда ерекше тиімді, полифункционалды әсері бар интерактивті технология болып табылады. Мысалы, базалық деңгей тыңдаушыларына арналған тіл үйрену курсының алғашқы аптасында «Қоғамдық көлікте» тренингі ұйымдастырылды. Тренингтің мақсаты: топ мүшелерінің жақынырақ танысуы, оларды өзара сыйласты қарым-қатынасқа қол жеткізу. Оқытушы топ мүшелерінің аудиторияның ыңғайлы бір жеріне, автобуста тұрғандай бір-біріне жақын, сығылыса тұруларын сұрайды. Автобустың жүргізушісі, билет таратушы сайланады. «Автобус» кезекті аялдамаларда тоқтайды, жолаушылар автобустан түсіп, қайта мініп жатады. Бұл қимылдардың барлығын топ мүшелері бір орындарында тұрып бейнелейді. Ең маңыздысы - автобус жүргізушісінің аялдамаларды хабарлап отыруы, кондуктордың әркімнен жол ақысын талап етуі, ыңғайсыз келе жатқан жолаушылардың бір-бірлерінен жол сұрауы, орын беруі, рұхсат, кешірім сұрауы т.б. түріндегі өзара сұхбаттарды белсенді ұйымдастыру.

Төртінші тараудың соңғы тармағында қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқыту тәжірибесінің нәтижелері жинақталып ұсынылды. Тіл үйренушілердің бастапқы білім деңгейлерін анықтау тәжірибесі компьютерлік бағдарлама арқылы (7-сурет) жүргізілді.




7-сурет – Тіл үйренушілердің бастапқы білім деңгейі


Тәжірибе нәтижесінде тіл үйренушілер мен оқытушының алдында нақты жағдайдың көрінісі пайда болды, болашақ жұмыс бағдары айқындала түсті.

Тіл үйренушілердің оқу-танымдық уәждемелерінің бастапқы және соңғы даму деңгейін анықтау тәжірибелері арнайы құрастырылған сауалнамалар арқылы анықталды (8-сурет).





8-сурет – Мемлекеттік қызметшінің оқу-танымдық уәждемесі


Бастапқыда тіл үйренушілердің рухани, қатысымдық, жеке бас және танымдық уәждемелері төмен деңгейде болды, олар негізінен қоғамдық және материалдық уәждемелердің жетегінде тіл үйренуге кірісті. Ал инновациялық технологияларды қолдана отырып жүргізілген жеделдете оқытудың соңына қарай әуелде төмен деңгейде болған жеке бас уәждемелері материалдық уәждемемен бірдей көрсеткішке жетті. Қатысымдық бағдарлы оқыту қатысымдық уәждеменің өсуіне, елтанымдық деректер танымдық және рухани уәждемелердің артуына көп әсер етті.

Релаксопедиялық оқыту тәжірибесінің барысы төмендегідей болды:

  1. Жаңа лексикамен алдын-ала таныстыру: Сабаққа жаңадан енгізілген жүз сөздің жуан және жіңішке түрі, үндестік заңына бағынбайтын сөздер, сөздердің құрамындағы қазақ тілінің төл дыбыстары, беретін мағынасы т.б. жан-жақты компьютерлік ұсыным арқылы түсіндірілді.

  2. Релаксация күйіне енгізу: Жаңа сөздер тыныш музыка әуенімен компьютерлік бағдарлама арқылы ұсынылды.

  3. Жаңа лексиканы меңгеру: Сөздерді тақырыптық топтарға бөлу, модельдер құру т.б. шығармашылық жұмыстар жүргізілді.

  4. Релаксация күйінен шығарып, меңгеру дәрежесін тексеру: Компьютерлік бағдарлама арқылы жүргізілді. Есте сақтау сеансы Г.Лозановтың суггестопедиялық әдісі бойынша «Сіздер бүгін 100 жаңа сөз меңгердіңіздер» деген тұжырыммен аяқталды. Бастапқы және соңғы нәтиженің айырмашылығын тіл үйренушілер өз көздерімен көрді, өз күштері мен мүмкіндіктеріне деген үлкен сенім туды.





9-сурет – Релаксопедиялық оқыту тәжірибесінің нәтижелері

1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

ҚҰрманбаева шынар қапантайқызы қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың Ғылыми-әдістемелік негіздері iconАвтореферат 2010 жылы «15» мамырда таратылды. Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы, филология ғылымдардың докторы, профессор Қосымова Г. С. Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Бастауыш сыныпта қазақ тілін қатысым әдісі арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері

ҚҰрманбаева шынар қапантайқызы қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың Ғылыми-әдістемелік негіздері iconСатбекова айгүл амантайқызы қазақ тілін өзгетілді дәрісханада жобалай оқыту технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздері (гуманитарлық бөлім)
...

ҚҰрманбаева шынар қапантайқызы қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың Ғылыми-әдістемелік негіздері iconЖҰмабаева әзия елеупанқызы бастауыш мектепте қазақ тілі синтаксисін дамыта оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

ҚҰрманбаева шынар қапантайқызы қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың Ғылыми-әдістемелік негіздері iconҚолжазба құқығында аяпбергенова клара қҰмарқызы қазақ тілі сабағында медицина лексикасын мамандыққа сәйкес оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
...

ҚҰрманбаева шынар қапантайқызы қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың Ғылыми-әдістемелік негіздері iconҚазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Республикасының Мемлекеттік стандартына сәйкес «вмк(О) т отт 3214», «050102–Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына...

ҚҰрманбаева шынар қапантайқызы қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың Ғылыми-әдістемелік негіздері iconБалтабаева жаңалық Қылышқызы жоғары оқу орнында студенттер тілін дамытудың Ғылыми-әдістемелік негіздері (қазіргі қазақ тілінің морфология саласы бойынша)
Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі қазақ тілі)

ҚҰрманбаева шынар қапантайқызы қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың Ғылыми-әдістемелік негіздері iconРахметова райгуль садуакасовна қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері (жоо филолог мамандықтары үшін)
Диссертация 2010 жылы «29» қарашада сағат 14. 00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде (050010, Алматы қаласы,...

ҚҰрманбаева шынар қапантайқызы қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың Ғылыми-әдістемелік негіздері icon«Қазақ тілі-шет тілі немесе екінші тіл ретінде» үздіксіз білім беру моделі арқылы кілтті тапсырмамен қазақ тілін оқытудың типтік оқу-әдістемелік кешенінің стандарт-технологиясын әзірлеу бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттерді ашу рәсімінің

ҚҰрманбаева шынар қапантайқызы қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың Ғылыми-әдістемелік негіздері iconУчебник для взрослых
Бұл оқу құралы қазақ тілін оқытудың белсенді әдістемесінің элементтерін пайдалану негізінде құрастырылды. Ол бұрын қазақ тілін оқып-үйренбеген...

ҚҰрманбаева шынар қапантайқызы қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың Ғылыми-әдістемелік негіздері iconАбенова лайла куантаевна
Негізгі мектептің 7-9 сыныптарындағы «физика және астрономия» курсын оқытудың ғылыми- әдістемелік негіздері

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница