Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттiк аттестаттау және өзіндік бағалау ұйымдастыру және өткізу жөнiндегi бағдарлама және әдiстемелiк ұсынымдар




НазваниеТехникалық және кәсіптік, орта білімнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттiк аттестаттау және өзіндік бағалау ұйымдастыру және өткізу жөнiндегi бағдарлама және әдiстемелiк ұсынымдар
страница1/5
Дата конвертации15.01.2013
Размер0.55 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5
ҚР БҒМ

Білім және ғылым

саласындағы бақылау

комитеті төрағасының

міндетін атқарушының

2009 жылғы 6 тамыздағы

1125 бұйрығымен бекітілген


Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттiк аттестаттау және өзіндік бағалау ұйымдастыру және өткізу жөнiндегi

бағдарлама және әдiстемелiк ұсынымдар

1. Жалпы ережелер

1. Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға мемлекеттiк аттестаттау мен өзіндік бағалау ұйымдастыру және өткізу жөнiндегi бағдарлама және әдiстемелiк ұсынымдар (бұдан әрi - Бағдарлама), «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына (бұдан әрi – Заң), «Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына (бұдан әрi - Аттестаттау ережеcі), «Білім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымындағы №452 қаулысына (бұдан әрі- Лицензиялау ережесі), Бiлiм және ғылым министрі міндетін атқарушының 2008 жылғы 5 наурыздағы № 109 бұйрығымен бекiтiлген Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттаудан өткiзуді ұйымдастыру және өткізу туралы нұсқаулыққа (бұдан әрi - Нұсқаулық) және білім беру саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзiрленген.

2. Бағдарлама мен ұсынымдар меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейiнгi білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға (бұдан әрi – білім беру ұйымдары) мемлекеттiк аттестаттау (бұдан әрi - Аттестаттау) және өзіндік бағалау өткiзу кезінде біріңғай тәсілді және оның ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейiнгi білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарын аттестаттау кезінде қажеттi құжаттар тiзбесiн анықтауға арналған.

3. Аттестаттау толығымен білім беру ұйымы бойынша және білім беру ұйымының мемлекеттік лицензиясына сәйкес білім беру қызметін жүргізуге құқығы бар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейiнгi білім кәсіптері (мамандықтары) к аудың алдында тиісті уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) дайындық жұмыстарын жүргізеді.

Білім беру ұйымын аттестаттау уәкілетті орган келесі күнтізбелік жылға бекітетін кестеге сәйкес жүргізіледі және ол білім беру ұйымына аттестаттау өткізуге дейін үш ай бұрын хабарланады (бұдан әрі – кесте).

6. Дайындық жұмыстары мынадай кезеңдерден тұрады:

1) білім беру ұйымын аттестаттаудың келесі күнтізбелік жылға арналған кестесін жасау;

2) кестеге енгізілген білім беру ұйымының өзіндік бағалау қорытындылары бойынша есебін қарау және сол бойынша қорытынды дайындау;

3) аттестаттау комиссиясының (бұдан әрi - Комиссия) құрамын құру білім беру ұйымдарының, сондай-ақ білім беру ұйымы қызметінің бейіні бойынша жұмыс беруші қауымдастықтар мен тапсырыс беруші кәсіпорындар өкілдерінің ресми ұсыныстары бойынша уәкілетті орган құрастырған «Сарапшылар жөнiндегi деректер базасынан» кандидатуралар қосу жолымен жүргізіледі.

Комиссияның құрамына кандидатураларды іріктеу бiлiм беру ұйымдарының бейiнi, мамандықтары бойынша жүзеге асырылады. Комиссия құрамына еңбегі сіңген педагог-еңбек ардагерлері, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қосылуы мүмкін.

Комиссияның төрағасы болып уәкілетті органның өкiлi тағайындалады.
3. Аттестаттауды өткiзу
7. Комиссия өз қызметiнде Казақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, бiлiм беру ұйымдарының қызметтерін регламенттейтін басқа да құжаттарды басшылыққа алады (осы Бағдарламаның 1- қосымшасы).

8. Бiлiм беру ұйымдарын аттестаттау мынадай тәртiпте жүргізіледі:

Комиссия төрағасы:

1) сарапшыларды бiлiм беру ұйымдарының өзiндік бағалау материалдарымен және сол бойынша уәкілетті органның қорытындысымен таныстырады;

2) сарапшылардың арасында бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң нақты бағыттарын бағалау бойынша нақты тапсырмалар бөледi;

3) сарапшыларды осы Бағдарламамен, сондай-ақ бiлiм беру саласындағы қажеттi нормативтiк құқықтық актiлермен және басқа да құжаттармен қамтамасыз етедi;

4) бiлiм беру ұйымдарымен кешендi тестiлеудiң рәсiмдерiн және білім алушылардың білімдерін бақылаудың басқа да түрлерін жүргізуді келiседi;

5) Комиссияның жұмысын жалпы жоспарлауды және оған басшылық жасауды жүзеге асырады;

6) аттестаттау өткізу мәселесі жөнінде бiлiм беру ұйымдарының педагогикалық кеңесiнің кеңейтiлген отырыстарында Комиссия жұмысының жоспар-кестесiн және аттестаттаудың қорытындыларын ұжымның назарына жеткiзедi.

9. Комиссия мүшелерi:

1) аттестаттау өткiзу мәселелерi жөнiндегi бiлiм беру ұйымдары педагогикалық кеңестерінің кеңейтілген отырыстарының жұмыстарына қатысады;

2) бiлiм беру ұйымдарының оқу, оқу-өндірістік, материалдық-техникалық, әлеуметтiк базаларының (оқу ғимараттарын, зертханаларын, сыныптарын, өндірістік шеберханаларын, спорттық құрылыстарын және т.б.), әлеуметтiк қамтамасыз ету объектiлерiнің (медициналық пункт, асхана, жатақхана), кiтапханаларының, компьютерлiк сыныптарының ҚР МЖБС талаптарына, санитарлық және өртке қарсы күрес талаптарына сәйкестiгiн қарауды және бағалауды жүзеге асырады;

3) бөлiнген тапсырмаға сәйкес бiлiм беру ұйымдары қызметінің бағыттарын бағалайды және талдау жүргiзедi, бағалау қорытындылары бойынша анықтама әзірлейді.

4) оқу сабақтарына қатысуды; білім алушылармен, педагогикалық құраммен (бұдан әрі – ПҚ) әңгімелесуді жүзеге асырады;

5) бiтiрушi курстағы бiлiм алушыларды кешенді тестiлеуден өткiзедi (бақылау жұмыстары, шығармашылық тапсырмалар) және тестiлеу барысына бақылау жасайды;

6) бітіруші курстардың білім алушыларының білімдері мен дағдыларын бағалау (кешенді тестілеу, бақылау жұмыстары, шығармашылық тапсырмалар) нәтижелерін талдауды жүзеге асырады.

7) білім беру ұйымындағы білім алушылар мен педагогикалық қызметкерлер арасында ішінара сауалнама жүргiзедi, білім алушыларға, ПҚ-ға арналған сауалнамаларды өңдейді және сауалнама нәтижелеріне талдау жасайды.

10. Бітіруші курстарда білім алушылардың білімдері мен дағдыларын бағалау үшін білім беру ұйымының әдістемелік комиссиялары (бұдан әрі - ӘК) кәсіптік пәндер бойынша ҚР МЖБС-ның уәкілетті орган бекітетін 2-4 пәнінің тізбес ұсынылады.

Қажет болған жағдайда ӘК-ның ұсынысы бойынша пәндер тізбесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін.
4. Кешендi тестiлеудi ұйымдастыру және өткiзу
11. Білім беру ұйымын аттестаттау кезiнде комиссия күндiзгi оқыту нысанындағы (керек болған жағдайда сыртттай оқыту нысанындағы) бітіруші курс білім алушыларына кешенді тестілеу өткізеді.

12. Білім беру ұйымындағы білім алушыларды тестілеу Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – ҰТО) әзірлеген тестілеу технологиясы бойынша өтеді.

13. Бiлiм беру ұйымы тестiлеуді өткізу үшiн:

1) оқу аудиторияларын дайындауды жүргізеді;

2) Комиссия жұмысын ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады.

14. Тестілеуді өткізу үшін пәндер саны 2-ден кем емес, бірақ 4-тен артық болмауы тиіс. Тест тапсырмаларының жалпы саны – 120. Бiр тестік тапсырманы орындауға 1,5 минут есебiмен уақыт бөлінедi.

15. Тестiлеудiң нәтижелерi мамандық (кәсіп) бойынша «Бiтiрушi курс білім алушыларын тестiлеудiң нәтижелерi» ведомосы түрiнде берiледi.

16. Комиссия төрағасы бiлiм беру ұйымының басшысымен бiрлесе отырып, аттестаттау басталғанға дейін 5 күн қалғанда бiлiм алушыларды тестiлеу кестесiн келiседi.

17. Білім алушыларды тестiлеуді тiкелей комиссия мүшелерi жүзеге асырады. Комиссия төрағасы мен мүшелерi оқу кабинеттеріндегі тәртiптi қамтамасыз етедi.

18. Комиссия төрағасы тестiлеу күнi:

1) Комиссия мүшелерiн аудиторияларға бекітеді.

2) тестiлеу рәсімін бақылайды;

3) тәртiп бұзушылықтар анықталған жағдайда шұғыл шешiм қабылдайды.

19. Тестілеуге қатысатын білім алушылардың тiзiмiне сәйкес тестiлеуге қатысқандар мен келмегендердiң нақты саны анықталады.

Тестілеуге қатысуға тиісті білім алушылардың жалпы санының 95%-ы қатысқан кезде ғана тестілеу жүргiзiледi. Олай болмаған жағдайда, тестілеу аттестаттаудың келесі күніне ауыстырылады.

Тестіленетін білім алушылардың жалпы санының 5%-нан көбi тестілеуге қайта себепсiз келмеген жағдайда, оларға емтихан ведомосына «0» балл қойылады.

20. Тестілеуге келген білім алушылардың өздерімен бірге жеке куәлігі, білім алушы билеті немесе жеке тұлғаны растайтын басқа да құжаттары болуы тиіс.

21. Тест материалдарының пакетi тест өткізу кестесіне сәйкес уақытта Комиссия мүшесінің, білім беру ұйымы өкілінің қатысуымен ашылады.

Әрбір білім алушы тест материалдарының жинағын (жауап парағы мен сұрақ кiтапшасы) алады.

22. Тестілеу нәтижелерін өңдеу Комиссия төрағасы мен мүшелерінің және білім беру ұйымы өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.

23. Кәсіп (мамандық) бойынша бiтiрушi курс білім алушыларының тестiлеу қортындыларын «Бiтiрушi курс білім алушыларын тестiлеудiң нәтижелерi» ведомстары (бұдан әрi - тестiлеудiң нәтижелерi) 2 данада (біріншісі – комиссия үшiн, екіншісі – білім беру ұйымы үшiн) берiледi.

Тестiлеу қортындылары ведомостарының бiр данасы міндетті түрде уәкілетті органға берiледi.

Бiтiрушi курс білім алушыларын тестiлеу қорытындылары ведомостарында оқыту тiлiне және нысанына қарамастан әр кәсіп (мамандық) бойынша оң бағалардың жалпы пайызы көрсетiлуi керек.

Барлық ведомостарға комиссия төрағасы мен комиссия мүшесi қол қояды.

24. Тестiлеудiң және бiлiмдi бақылаудың басқа да нысандарының нәтижелерi емтихан ведомостары түрiнде бiлiм беру ұйымының басшысына берiледi.

25. Білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттаудың қорытындыларын (бұдан әрі – Қорытынды) аттесттаттау нәтижелері туралы анықтамалар негізінде кәсіп (мамандықтар) бойынша 2 данада комиссия төрағасы жасайды.

Аттестаттау нәтижелері Қорытындысының бiр данасы мiндеттi түрде уәкілетті органға тапсырылады.

Кәсіптер (мамандықтар) бойынша анықтамаларды жауапты комиссия мүшелерi дайындайды және қол қояды, оған осы Бағдарламада қарастырылған барлық бөлiмдер енгiзіледі.

26. Қорытындыға Комиссия төрағасы және барлық комиссия мүшелерi қолдарын қояды және танысып қол қою үшiн бiлiм беру ұйымының бiрiншi басшысына ұсынылады.

Қорытындының бiр данасы бiлiм беру ұйымының бірінші басшысына берiледi.

27. Қорытындыға кесте түрiндегі мынадай Қосымшалар қоса беріледі:

1-Қ. Білім беру ұйымы қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi;

2-Қ. Оқу және өндірістік бөлiмшелерiнiң құрылымы;

3-Қ. Білім беру ұйымы басшылығының құрамы туралы мәлiмет;

4-Қ. Оқу жылындағы күндізгі, сырттай, кешкі оқыту түрлері, экстернат және оқу тілі бойынша білім алушылардың контингентi туралы мәлiметтер;

5-Қ. Педагогикалық (инженерлік) кадрлар мен штаттық құрам жөніндегі мәліметтер;

6-Қ. Білім беру ұйымының кәсіптер (мамандықтар) бойынша қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi;

7-Қ. Комиссия мүшелері қатысқан сабақтарды талдау;

8-Қ. Бiтiрушi курс білім алушыларын тестiлеудiң нәтижелерi;

9-Қ. Оқу-тәрбие және оқу-өндірістік процестерді жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын орын-жайлар мен ғимараттар туралы мәлiметтер;

10-Қ. Оқу-тәрбие процесiнiң мамандандырылған және зертханалық жабдықтармен, оқытудың жаңа құралдарымен қамтамасыз етiлуi туралы мәлiметтер.

Құрылтайшылық құжаттардың көшiрмесi, лицензия және лицензияға қосымшалар; Қорытындыда келтiрiлген мәлiметтерді растайтын басқа да құжаттардың көшiрмелерi қоса берiледi.
5. «Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау қорытындыларының» құрылымы мен мазмұны

5.1 Бiлiм беру ұйымдарының жалпы сипаттамасы
28. Бөлiмде білім беру ұйымының қысқаша сипаттамасы беріледі. Білім беру ұйымының тарихы және құрылу уақыты жөніндегі; лицензиясына (қосымшасының көшірмесіне) сәйкес іске асырылатын мамандықтар (кәсіптер) туралы ақпараттар енгізіледі. Құрылымдық бөлімшелер туралы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау, жетілдіру, білім беру ұйымдарын басқарудың әдістері жөнінде, оның қызметі жөнінде мәліметтер келтіріледі.

Білім беру ұйымында мемлекеттік тілде мамандар (қызметкерлер) даярлау бойынша, Мемлекеттік білім беру бағдарламаларын іске асыру, тілдердің қызмет етуі және дамуы жөнінде, Қазақстан Республикасындағы дене тәрбиесі мен спорттың дамуы бойынша қабылданған шараларға сараптау жүргізіледі.

29. Білім беру ұйымы Комиссияға мынадай материалдарды (бұдан әрі – материалдар) ұсынады: құрылтайшылық құжаттар және ұйым қызметінің iшкi тәртiптерін регламенттейтін құжаттар, басқару құжаттары, оның iшiнде:

1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу/қайта тiркеу туралы куәлiк (бiлiм беру ұйымдарының толық атауы, құрылған жылы, заңды мекен-жайы, электрондық адресi, телефоны, факсi);

2) статистикалық карта;

3) құрылтайшылық шарт, бiлiм беру ұйымының Жарғысы;

4) бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына берілген лицензия (лицензияның нөмiрi, берiлген күні) және оның қосымшалары;

5) оқу процесі үшiн отырған орын-жайға жекеменшiк немесе заңды тұлғаның жылжымайтын мүлiктi жедел/сенiмдi басқару құқығын, арендаға/жалға алуын растайтын құжаттар; ғимараттардың техникалық паспорты және схема-жоспары;

6) бiлiм беру процесі үшiн орын-жайды пайдалануға берген мемлекеттiк өртке қарсы және санитарлық эпидемиологиялық қызметтердiң қорытындылары мен анықтамалары;

7) медициналық қызмет көрсету және тамақтандыру пунктерімен қамтамасыз етілуін растайтын құжаттар;

8) кiтапхана қорының оқу, оқу-әдiстемелiк әдебиеттермен (оның iшiнде орта оқу орынынан кейінгі білім беру ұйымдарынына арналған электрондық және магниттiк тасымалдағыштардағы оқу-әдiстемелiк әдебиеттер) қамтамасыз етiлуiн растайтын құжаттар;

9) бiлiм беру ұйымының құрылымы және құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелер;

10) бiлiм беру ұйымы дамуының алдағы жоспарлары;

11) соңғы үш жылдағы сабақ кестелерi;

12) iстер номенклатурасы;

13) қызметкерлер мен педагогикалық кадрлардың штаттық кестесi мен лауазымдық нұсқаулықтары;

14) оқу процесін ұйымдастыру жөнiндегi iшкi басқару құжаттары, ережелер, регламенттер;

15) педагогикалық кеңестiң, пәндер циклдер комиссиясының және өзге де құрылымдық бөлімшелердің жұмыс жоспарлары мен отырыстарының хаттамалары, басқа да жоспарланатын құжаттамалар;

16) оқыту түрлері және оқу тілі бойынша мамандықтар бөлісіндегі білім алушылар контингентi туралы (мемлекеттік тапсырыс, бюджет,және ақылы негiзде, мемлекеттiк тiлде оқитын білім алушылар үлесi жөнiндегі, бітірушілер санының өнерлеудегі білікті қызметкерлер мен мамандар саласындағы қажеттіліктер арақатынасы) соңғы үш жылдағы мәлiметтер;

17) соңғы 3 жылдағы қабылдау жөнiндегi құжаттар, қабылдау комиссиясының отырыс хаттамалары және есептерi, талапкерлердiң бiлiмiн бақылаудың нысандары бойынша мәлiметтер, білім алушылардың жеке iстерi, қабылдау туралы бұйрықтар, кәсiптiк бағдар беру жұмыстары туралы мәлiметтер;

18) қатаң есептегi құжаттарды есепке алу және беру туралы мәлiметтер (Дипломдардың бланкілерiн беру және есепке алу кiтабы, Академиялық анықтама бланкілерiнің шығысы мен кiрiсiн есепке алу кiтабы, біліктілік беру туралы куәлік);

19) соңғы 3 жылдағы статистикалық есептіліктің формалары;

20) басқа да құжаттар.
5.2 Кадрлық әлеуетті талдау
30. Бөлiмде соңғы 3 жылда мынадай мәлiметтер мен талдаулар келтіріледі:

1) жұмыс шарттары мен жұмыспен қамтылуы көрсетiлген жеке еңбек шарттары мен келiсiм-шарттар жасасқан қызметкерлер мен ПҚ - ның жалпы саны; оқытушылардың орташа жасы;

2) толық және одан жоғары педагогикалық ставкада жұмыс iстейтiн ПҚ-ның; қосалқы штатта қызмет ететін 0,5-0,25 және одан да төмен ставкадағы ПҚ-ның штаттық саны;

3) пайыздық қатынастағы және орташа жастағы штаттағы ПҚ-ның үлесi;

4) жоғары және бірінші санатты (орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін ғылыми академиялық дәрежелі) штаттық оқытушылардың ПҚ-ның жалпы санынан пайыздық үлесi;

5) мемлекеттiк тiлде сабақ жүргiзетiн оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің (бұдан әрі – ӨОШ) саны;

6) соңғы 3 жылда біліктілік арттыру курстарынан өткен оқытушылар саны;

7) базалық бiлiмдерi жоқ оқытушылар мен ОӨШ – лардың саны;

8) «Үздік педагог» атағының (грантының), мемлекеттік стипендияның иегерлері;

9) ОҚ- ны аттестаттау (кезеңділіктің сақталуы, аттестатау комисиясының құрамы туралы бұйрықтар, отырыс хаттамалары, аттестаттау комиссиясы қабылдаған шешімдердің шынайылығы, категорияларды беру жөніндегі бұйрықтар және т.б.).

10) 5-6 разрядтағы ӨОШ-лар саны.

31. ОҚ және ӨОШ-лардың, қызметкерлерді iрiктеу және орналастырудың, оларды даярлау мен қайта даярлаудың қолданылатын жүйесiнiң ұтымдылығына және тиiмдiлiгiне талдау жасалады. Соңғы үш жылда кадрлардың жұмысты ауыстыру және тұрақтамауы, алған қызметтiк марапаттаулары мен ескертпелерi, оларды моральдық және материалдық ынталандыру жөнiндегі мәлiметтердi талдау. Ұйымдастыру, бақылау және орындауды тексеруді жетілдіру, еңбек және орындаушылық тәртіпті, салауатты моральдық-психологиялық ахуалды қолдау жөнінде білім беру ұйымының қызметiне сипаттама берiледi. Соңғы үш жылдағы штаттағы оқытушылардың сапалық және сандық көрсеткіштерінің динамикасы сарапталады.

32. Комиссия мынадай материалдарды қарастырады:

1) штаттық кесте;

2) ғылыми, академиялық дәрежесi (орта бiлiмнен кейінгі білім беру ұйымдары бойынша), құрметтi атағы, мамандандырылуы, өтілі, оқытатын пәнi, орындайтын жүктемесi көрсетiлген ПҚ-ның және ӨОШ-нің тiзiмi (тұтастай білім беру ұйымдары және құрылымдық бөлімшелер бойынша),;

3) білім беру ұйымының құрылымы мен құрылымдық бөлімшелері туралы ереже, ішкі тәртіп, қызметкерлер мен оқытушылардың лауазымдық нұсқаулықтары;

4) оқытушылармен және қызметкерлердiң жеке iстерi (кадрларды есепке алу жөнiндегi жеке парағы, жеке параққа қосымша, арызы, өмірбаяны, жеке еңбек шарты (келiсiмшарты), бiлiмi туралы, ғылыми дәрежесi, құрметті атағын беру туралы дипломның куәландырылған көшiрмелерi, жұмысқа қабылдануы туралы бұйрықтың көшiрмесi, аттестаттау парағы, бiлiктiлiгiн арттыру курстарынан өткендiгi туралы сертификаттың (куәлiктiң) көшiрмесi, еңбек кiтапшасы немесе нотариалды куәландырылған еңбек кiтапшасының көшiрмесi, басқа да құжаттардың көшiрмелерi; құжаттардың тiзбесi);

5) ағымдағы қызметi жөніндегі, ПҚ бойынша, жеке құрам бойынша бұйрықтар;

6) тарификациялық ведомостар, оқытушылардың жеке жоспарлары, сабақ кестелерi, оқу жүктемесiн орындау журналдары, өзара ауысым журналы;

7) педагогикалық кеңес отырыстарының жұмыс жоспарлары мен хаттамалары.
  1   2   3   4   5

Похожие:

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттiк аттестаттау және өзіндік бағалау ұйымдастыру және өткізу жөнiндегi бағдарлама және әдiстемелiк ұсынымдар iconБастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды және өзіндік бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік ұсынымдар
Р бғм білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушының
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттiк аттестаттау және өзіндік бағалау ұйымдастыру және өткізу жөнiндегi бағдарлама және әдiстемелiк ұсынымдар iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық...
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттiк аттестаттау және өзіндік бағалау ұйымдастыру және өткізу жөнiндегi бағдарлама және әдiстемелiк ұсынымдар iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық...
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттiк аттестаттау және өзіндік бағалау ұйымдастыру және өткізу жөнiндегi бағдарлама және әдiстемелiк ұсынымдар iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық...
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттiк аттестаттау және өзіндік бағалау ұйымдастыру және өткізу жөнiндегi бағдарлама және әдiстемелiк ұсынымдар iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
Тын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және...
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттiк аттестаттау және өзіндік бағалау ұйымдастыру және өткізу жөнiндегi бағдарлама және әдiстемелiк ұсынымдар iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі
Тын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және...
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттiк аттестаттау және өзіндік бағалау ұйымдастыру және өткізу жөнiндегi бағдарлама және әдiстемелiк ұсынымдар iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі
Тын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және...
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттiк аттестаттау және өзіндік бағалау ұйымдастыру және өткізу жөнiндегi бағдарлама және әдiстемелiк ұсынымдар iconТехникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі
Рі – Ереже «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес меншік нысаны және ведомстволық бағыныстылығына...
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттiк аттестаттау және өзіндік бағалау ұйымдастыру және өткізу жөнiндегi бағдарлама және әдiстемелiк ұсынымдар iconТехникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі
Заңының 5- бабының 19-тармағына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және...
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттiк аттестаттау және өзіндік бағалау ұйымдастыру және өткізу жөнiндегi бағдарлама және әдiстемелiк ұсынымдар iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы №587 Бұйрығы «Білім туралы»
Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница