Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы»




НазваниеАудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы»
Дата конвертации15.01.2013
Размер43.8 Kb.
ТипДокументы
Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын

біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 мамырдағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиярлардың) тiзбесiнде:

реттік нөмірі 21-1-жолдың 3-бағанында төртінші абзац алынып тасталсын;

реттік нөмірі 31-жолдың 3-бағанында «банктік қызметтің сақтандыру (және қайта сақтандыру) ұйымының аудитінен,» деген сөздер алынып тасталсын;

2) «Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 5, 30-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшін лицензиялар беру кезiнде алынатын лицензиялық алым ставкаларында:

1 «Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшін лицензиялар беру кезiнде алынатын лицензиялық алым ставкалары» тарауында:

2-тармақта:

1) тармақшада «банк қызметіне аудит; 25» деген сөздер алынып тасталсын;

3) тармақшада «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын аудиторлық тексеру; 25» деген сөздер алынып тасталсын;

3) тармақшаның бесінші абзацы алынып тасталсын.

3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы 2006 жылғы 13 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағы 2), 3) - тармақшаларын қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

200__ жылғы «___» ______

№ ____ қаулысына

қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған

кейбір шешімдерінің тізбесі

1. «Аудиторлық қызметті лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 878 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 29, 284-құжат).

2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 878 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қазандағы № 1570 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 49, 471-құжат).

3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 878 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 сәуірдегі № 505 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 14, 178-құжат).

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 878 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 51 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 2, 25-құжат).

5. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 маусымдағы № 878 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 958 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 35, 459-құжат).

____________________________________

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

200__ жылғы «___» ______

№ ____ қаулысына

қосымша
Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын

біліктілік талаптары

1. Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары аудиторлық ұйым үшін мыналардың болуын қамтиды:

1) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдастыру-құқықтық нысаны;

2) жарғылық капиталда аудиторларға және (немесе) шетелдік аудиторлық ұйымдарға тиесілі үлестің жүз пайызы;

3) құрамында осы аудиторлық ұйымда ғана аудиторлық қызметті жүзеге асыратын кемінде үш аудитор;

4) аудиторлық ұйым басшысында Аудиторларды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы берген «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігі;

5) аудиторлық ұйым басшысында соңғы бес жылдың кемiнде үш жылында экономика, қаржы, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында немесе жоғары оқу орындарында бухгалтерлiк есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында жұмыс тәжірибесі.

Шетелдік аудиторлық ұйым үшін аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде жоғарыда аталған біліктілік талаптарынан басқа мынадай қосымша талаптар қойылады:

1) оның тиісті аудиторлық ұйым – Қазақстан Республикасының резидентін құруы;

2) оның Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесі болып табылатын кәсіби ұйымда мүшелігін растайтын лицензияның нотариалды расталған көшірмесінің немесе оның нотариалды расталған аудармасы бар немесе ол резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының хаты түпнұсқасының болуы.

2. Қазақстан Республикасының аумағында аудиторлық қызметті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым Қазақстан Республикасының резиденті – басқа аудиторлық ұйымның қатысушысы бола алмайды.

3. Аудиторлық ұйымды бұрын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үш жылдың ішінде лицензиясын қайтарып алу туралы шешім шығарылған күннен бастап лицензиясы қайтарып алынған аудиторлық ұйымға басшылық еткен аудитор басқара алмайды.

________________________________________

Похожие:

Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» iconТеле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Лицензиялау туралы»
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 3 тармақшасына және «Телерадио хабарлар...
Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» iconШитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 ақпандағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» iconЖүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы...
Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» iconМедициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Егемен Қазақстан" газеті 15. 01. 2010 ж., №10-11 (25857); "Казахстанская правда" от 27. 01. 2010 г., №17 (26078); Қазақстан Республикасының...
Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» iconБілім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Азақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес...
Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» iconАудиторлық қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
РҚао-ның ескертуі. Бұл қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз
Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» iconЖәне оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы №544 Қаулысы
Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі және оған қойылатын біліктілік талаптары
Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» iconАудиторлық қызметті лицензиялау ережесі Жалпы ережелер
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі лицензиар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі қаулысымен бекітілген...
Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» iconМіндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Аудиторлық қызмет туралы»
Оса беріліп отырған міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – біліктілік...
Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» iconВетеринария саласындаєы ќызметті лицензиялау ережесін жјне оєан ќойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Лицензиялау туралы Ќазаќстан Республикасыныѕ 2007 жылєы 11 ќаѕтардаєы Заѕыныѕ 6-бабына сјйкес Ќазаќстан Республикасыныѕ Їкіметі Ќаулы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница