«Самұрық-Энерго» АҚ Ақпараттық саясаты




Скачать 177.94 Kb.
Название«Самұрық-Энерго» АҚ Ақпараттық саясаты
Дата конвертации15.01.2013
Размер177.94 Kb.
ТипДокументы
«Самұрық-Энерго» АҚ

Директорлар Кеңесінің шешімімен

БЕКІТІЛДІ

2007 жылғы «24 » маусымдағы

№48 хаттама


«Самұрық-Энерго» АҚ

Ақпараттық саясаты

Астана 2011


Мазмұны:
1. Жалпы ережелер

2. Негізгі принциптер

3. Ақпаратты ашу және жіктеу тәртібі

4. Ақпаратты ашу құралдары мен тәсілдері

5. Ақпарат беру тәртібі

6. Қызметтік және коммерциялық ақпаратты қорғау

7. Ішкі ақпаратты пайдалану

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы «Самұрық-Қазына» АҚ ақпараттық саясаты (бұдан әрі - Саясат) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңдарына, «Самұрық-Энерго» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Жарғысына, сонымен бірге өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.

1.2. Осы Саясат акционерлер мен әлеуетті инвесторлардың, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының, сонымен бірге жұртшылықтың Қоғам мен оның қызметі туралы анық ақпаратқа деген ақпараттық сұранысын қанағаттандыру принциптерін белгілейді.

1.3. Мемлекеттік құпияға жатқызылған міндетті ақпарат беру тәртібі Қазақстан Респубикасының осы санаттағы ақпарат туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді және жүзеге асырылады.
2. Негізгі принциптер

2.1. Осы Саясат Қоғам туралы, оның ашықтығы мен тазалығын арттыру есебінен Қоғамның инвестициялық тартымдылығын көтеруге септігін тигізетін анық ақпаратты уақытылы ашу мақсатында қабылданады.

Ақпараттық саясатты жүзеге асыру барысындағы негізгі принциптер келесілер болып табылады:

  1. тұрақтылық – Қоғам туралы ақпаратты мүдделі тұлғаларға тұрақты және жүйелі түрде беру;

  2. шұғылдық – Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметіне ықпал етуге қабілетті, сонымен қатар мүдделі тұлғалардың мүддесін қозғайтын анағұрлым елеулі оқиғалар мен деректер туралы ақпаратты мүделлі тұлғаларға өте қысқа мерзім ішінде беру;

  3. қолжетімділік – ашылатын ақпаратқа мүдделі тұлғалардың еркін, қиындық тудырмайтын және аз шығын жұмсалатын қолжетімділікті қамтамасыз ететін Қоғам туралы Қоғамның ақпарат жеткізу тәсілдері;

  4. дұрыстық – мүдделі тұлғаларға бұрмаланбаған және қате болып табылмайтын нақты ақпарат беру;

  5. толықтық – мүдделі тұлғаларды қызықтыратын мәселе бойынша істің нақты жағдайы туралы анағұрлым толық мағлұмат қалыптастыруға жеткілікті көлемде ақпарат беру;

  6. теңдестірілгендік – Жалғыз акционер - Қоғамның заңмен қорғалатын мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық және өзге де құпиясын құрайтын ақпаратқа қол жеткізуді шектеу үшін Қоғам мүдделерін қатаң сақтау қағидасы бойынша ақпарат алуға мүдделі тұлғалардың құқығын барынша жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында, бір жағынан, ақпараттың ашықтығы мен тазалығының қажетті теңгерімімен, екінші жағынан, құпиялылылығын Қоғамда қамтамасыз ету.

  7. тең құқық – Қоғам барлық мүдделі тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қоғамның ішкі құжаттарында көзделген жағдайлардан басқа, ақпарат алу мен қол жеткізу мүмкіндігі мен тең құқығын қамтамасыз етеді;

  8. қорғаныштық – Қоғам заңмен қорғалатын Қоғамның мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық және өзге де құпиясын құрайтын ақпаратты қорғауда Қазақстан Республикасындағы заңдарында рұқсат етілген қорғау құралдары мен тәсілдерін қолданады;

  9. объектівтілік – Қоғам өз қызметін айшықтау барысында позитивті ақпараттың да, негативті ақпараттың да тең дәрежеде ашылуын жүзеге асырады.


3. Ақпараттық саясатты жетілдіру тұрғысындағы Қоғам қызметкерлері мен жауапты тұлғаларының құзыреті мен жауапкершілігі

3.1. Директорлар кеңесі Ақпараттық саясатты бекітеді, қайта қарайды және жетілдіреді, сонымен бірге Заңнамамен қорғалатын мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық және өзге де құпиясын құрайтын ақпаратты қорғау және ақпаратты ашу тәртібін белгілейді.

3.2. Басқарма Заңнама мен Қоғам құжаттарының талаптарыны сәйкес Қоғам қызметі туралы ақпаратты қорғауды және ашуды жүзеге асырады.

3.3. Корпоративтік хатшы белгіленген тәртіпте Қоғамның уақытылы ақпарат беруін, сонымен бірге ақпараттық тазалығының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

3.4. Ішкі аудит қызметі Заңнама талаптары мен Қоғам құжаттарын ақпаратты ашу, оның сақталуы мен қорғалуы тұрғысынан сақталуына баға береді.

3.5. Лауазымдық тұлғалар мен қызметкерлер Заңнамада және Қоғам құжаттарында белгіленген тәртіпте Қоғам қызметі туралы ақпаратты ашуға, сонымен бірге оның сақталуы мен қорғалуына жауапты болады.
4. Ақпаратты ашу және жіктеу тәртібі

4.1. Ашылуға міндетті ақпаратты беру Қоғамның қор биржаларындағы бағалы қағаздар айналымына байланысты міндеттемелері мен қолданыстағы заңнамаға сәйкес және Қоғамның тиісті міндеттемелері мен Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген мерзімдерде және кезеңділігімен жүзеге асырылады.

4.2. Қоғам қызметі туралы ақпаратты іріктеу, дайындау және таратуды Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес ақпаратты ашу жөніндегі міндеттерді орындайтын лауазымдық тұлғалар мен құрылымдық бөлімшелер жүзеге асырады.

4.3. Қоғамның барлық құрылымдық бөлімше басшылары міндетті түрде ақпаратты ашу жөніндегі міндеттерді орындаушы лауазымдық тұлғалар мен құрылымдық бөлімдерді оларға БАҚ өкілдерінен тікелей келіп түскен барлық сұраулар туралы хабарлап отыруы қажет.

4.4. Тек қана Директорлар кеңесінің төрағасы немесе оның өкілеттік берген мүшесі Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдерді ресми түрде түсіндіруге, сонымен қатар Қоғамның Директорлар кеңесі мәжілістерінде қаралған мәселелер бойынша Директорлар кеңесінің ресми көзқарасын айтуға құқылы.

4.5. Директорлар кеңесінің Төрағасымен/Қоғам Басқармасының Төрағасымен немесе олардың тапсырмасы бойынша Қоғамның өкілетті лауазымдық тұлғаларымен Директорлар кеңесі мәжілістерінің қорытындылары бойынша инвесторлар және сарапшылардың қатысуымен телефон конференцияларын өткізуге рұқсат беріледі.

4.6. Қоғам Басқармасының Төрағасы, сонымен қатар өзге де Қоғамның лауазымдық тұлғалары (алқалы атқарушы орган белгілеген өкілеттер аясында) Қоғам қызметімен байланысты мәселелер бойынша ресми мәлімдемені Қоғам атынан көпшілік алдында сөйлеу құқығына ие.

4.7. Директорлар кеңесінің мүшелері Директорлар кеңесі мәжілістерінде қаралған мәселелер бойынша өз көзқарасын, сонымен бірге заңмен қорғалатын коммерциялық, мемлекеттік және өзге де құпия мазмұндалатын ақпаратты ашу жөніндегі шектеулерді ескере отырып, Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша көпшілік алдында білдіруге құқылы.

4.8. Қоғам өз қызметі туралы келесі ақпаратты дайындайды және жариялайды (заңнама талаптарында қарастырылғандардан, сонымен бірге Қоғамның бағалы қағаздар айналымымен байланысты, оның міндеттемелерінен шығатындардан басқа):

- Қоғамның өндірістік, қаржылық-шаруашылық және ішкі корпоративтік қызметі туралы мерзімді ақпаратты;

- Қоғам қызметі мен жұмысының маңызды оқиғалары мен нәтижелері туралы ақпаратты;

- Қоғамның әлеуметтік саясаты туралы ақпаратты;

- Қоғамның экология саласындағы қызметі туралы ақпаратты;

- Қоғам басшыларының БАҚ-да сөйлеген сөздері мен Қоғамның баспасөз хабарламалары туралы ақпаратты.

4.9. Қоғам міндетті түрде келесі ақпаратты жариялайды:

- жарғылық капиталдың ұлғайюы (азаюы) туралы қабылдаған шешімдерін;

- Қоғам атауының өзгеруін;

- Қоғамның жылдық есебін;

- Қоғамның жылдық қаржылық есептілігін;

- Қоғам Жарғысының мазмұны мен қызметін регламенттейтін өзге де ішкі құжаттар туралы мәліметтерді, оның ішінде өзгертулер мен толықтыруларды;

- әр есепті тоқсанның аяқталу күніне ықпалдасқан тұлғалардың тізімі түріндегі Қоғамның ықпалдас тұлғалары туралы және есепті тоқсан ішінде болған ықпалдас тұлғалар тізіміндегі өзгерістер туралы мәліметтерді;

- Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламаны;

- Қоғам қызметінің басым бағыттарының өзгеруін;

- аудитордың, тіркеушінің емесе депозитарийдің өзгеруін;

- ҚР заңнамасына сәйкес жарияланатын өзге де ақпаратты.

4.10. Қоғам тоқсан сайынғы эмитент есебінде Қоғам акцияларының 5 (бес) немесе одан көп пайызына ие акционерлері туралы ақпаратты жариялайды.

4.11. Қажет болған жағдайда, Қоғам қызметін толық айшықтауды қамтамасыз ету үшін берілген көрсеткіштер тізбесі Қоғам Басқармасының шешімімен кеңейтілуі мүмкін.


  1. Ақпаратты ашу құралдары мен тәсілдері

5.1. Акционерлердің ақпаратқа деген құқығын жүзеге асыру, сонымен бірге акционерлер, инвесторлар және бағалы қағаздар нарығының қатысушылары үшін маңызды болып табылатын ақпараттың шұғылдығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қоғам келесі ақпараттандыру құралын пайдаланады:

- деректі ақпаратты (қағаз бетінде) тапсыру (беру);

- ақпаратты электрондық жеткізгіштер арқылы (заңнамада белгіленген жағдайларда) беру;

- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпаратты ашу;

- отандық және шетелдік қор биржаларының арнайы ақпарат арналары арқылы ақпаратты ашу;

- Қоғам басшылығы атына ресми сауалдар жіберу арқылы ақпараттандыру;

- Қоғамның ресми веб-сайты арқылы ақпараттандыру;

- көпшілік алдында сөз сөйлеу, баспасөз конференциялары, брифингтер, сонымен бірге акционерлермен және инвесторлармен Қоғамның өкілетті лауазымды тұлғаларының қатысуы арқылы топпен және жеке кездесулер барысында ақпараттандыру.

5.2. Қоғам ақпаратты ашу барысында осы Саясатқа сәйкес және бұл қолданыстағы заңнамада рұқсат етілген әрі нақты жағдайда (синхронды аудармаға рұқсат етілмеген және осы сияқты жағдайда сұхбат беру, көпшілік алдында сөз сөйлеу) ақпаратты ашу мәніне қайшы келмейтін барлық жағдайларда ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде, қажет болған жағдайда ағылшын тілінде жариялайды. Қоғам ақпаратты мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде толық көлемде және бір мезгілде ашуға ұмтылады.

5.3. Қоғамның бағалы қағаздар құнына елеулі ықпал ететін маңызды деректер мен мәліметтерді шұғыл түрде БАҚ-ның ресми мәртебесіне ие (белгіленген нысанда есептік тіркеуі туралы Куәлігі бар болған жағдайда) ақпараттық агенттіктердің электрондық тарату арналы арқылы бере алады.

5.4. Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметін қозғайтын елеулі деректер (оқиғалар, іс-әрекеттер) туралы хабарламалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім ішінде мерзімді баспа басылымына жарияланады.

5.5. Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу және Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған шешімдері, сонымен қатар Қоғамның жылдық қаржылық есептілігі мен аудиторлық қорытындысы туралы хабарлама заңнамада, Жарғыда және Қоғамның нормативтік құжаттарында беліленген мерзім ішінде Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын мерзімді баспа басылымына жарияланады.

5.6. Қоғам корпоративтік веб-сайтына өзінің, еншілес және тәуелді қоғамдарының қызметі, сонымен қатар құжаттары, баспасөз хабарламалары, жаңалықтары, мақалалары, сұхбаттары, жарнамалық және өзге де ақпараттары туралы ақпаратты жариялайды. Қоғамның ресми веб-сайтының мекенжайы: www.samruk-energy.kz

5.7. Қоғамның веб-сайтында міндетті түрде келесі ақпарат орналастырылады:

- компанияның жылдық есептері;

- компания туралы, оның ішінде компания миссиясы (мұраты, міндеті, мақсаты), қызметінің негізгі міндеттері, мақсаттары мен түрлері, жеке капиталының мөлшері, активтері мен таза табысының мөлшері және компания қызметкерлерінің саны (Компанияның орталық аппараты мен топтары бойынша) туралы жалпы ақпараты;

- компания даму стратегиясының/қызметінің басым бағыттарының көпшілікке ұсынған нұсқасы;

- компания органдарының қызметін реттейтін Жарғысы мен ішкі құжаттары;

- Корпоративтік басқару кодексі;

- Іскерлік әдеп кодексі мен оны сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған механизмдер туралы ақпараты;

- компанияның ішкі құжаттары, соның ішінде Тәуекелдерді басқару саясаты, Директорлар кеңесінің комитеттері туралы ережелер, Ішкі аудит қызметі туралы ереже;

- компанияның дивиденттік саясаты;

- компанияның ұйымдық құрылымы;

- компанияның Директорлар кеңесі мүшелері туралы, оның ішінде мына мәліметтерді қамти отырып: фотосуреті, аты-жөні, тегі, туылған күні, азаматтығы, Директорлар кеңесі мүшесінің мәртебесі (тәуелсіз директор, акционердің өкілі), Директорлар кеңесі мүшесінің функцияларына нұсқау, оның ішінде Директорлар кеңесі комитеттеріндегі мүшеліктер саны немесе Директорлар кеңесі төрағасының функцияларын атқару, білімі, оның ішінде негізгі және қосымша білімі (білім мекемесінің атауы, бітірген жылы, біліктілігі, алған дәрежесі), соңғы бес жыл ішіндегі жұмыс тәжірибесі, негізі жұмыс орны мен басқа да осы уақытта алып отырған лауазымы, кәсіби біліктілігі, Директорлар кеңесіне алғаш сайланған күні және қазіргі кезде әрекет етіп отырған Директорлар кеңесіне сайланған күні, ықпалдас компанияларға, өнім жеткізушілеріне, бәсекелестерге тиесілі акциялар үлесі мен саны (жарғылық капиталға қатысу үлесінің мөлшері), тәуелсіз директорлар санаттары;

- компанияның басқарма мүшелері туралы, соның ішінде мына мәліметтерді қамти отырып: фотосуреті, аты-жөні, тегі, туылған күні, азаматтығы, лауазымы және атқаратын функциялары (міндеттері), білімі, оның ішінде негізгі және қосымша білімі (білім мекемесінің атауы, бітірген жылы, біліктілігі, алған дәрежесі), соңғы бес жыл ішіндегі жұмыс тәжірибесі, негізі жұмыс орны мен басқа да осы уақытта алып отырған қосымша лауазымы, кәсіби біліктілігі, ықпалдас компанияларға, өнім жеткізушілеріне, бәсекелестерге тиесілі (жарғылық капиталға қатысу үлесінің мөлшері) акциялар үлесі мен саны;

- Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақы саясаты (бар болса);

- компания басқармасы мүшелерінің сыйақы саясаты (бар болса);

- қызметтің басқарма мүшелері белгілеген мақсатты көрсеткіштері мен жетістігі (бар болса);

- қызметтің Директорлар кеңесінің мүшелері белгілеген мақсатты көрсеткіштері мен жетістігі (бар болса);

- ҚЕХС сәйкес аудирленген жылдық және жартыжылдық қыржылық есептілік пен аудиторлық қорытынды; қаржылық есептілікке пайдалар мен зияндар туралы, бухгалтерлік теңгерім туралы есеп, қаржы құралдарының қозғалысы туралы есеп, жеке капиталдың барлық өзгерістері туралы есеп кіреді;

- компания басшылығының қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне түсініктеме хаты;

- компанияның есептік саясаты туралы ақпараты, мемлекеттің субсидиялары мен кепілдіктері туралы ақпараты, Компания қатысатын мемлекеттік, инвестициялық, өндірістік бағдарламаларды жүзеге асыруы туралы ақпараты;

- компанияның сыртқы аудиторы туралы, соның ішінде мына мәліметтерді қамити отырып: сыртқы аудитордың атауы, бір жыл ішіндегі сыртқы аудитор сыйақысының мөлшері (аудиторлық қызметіне бөлек және аудиторлық емес қызметіне бөлек), сыртқы аудит саясаты, аудиторлық қызметтен басқа сыртқы аудитор көрсететін қызметтердің тізбесі, сыртқы аудиторды тағайындау процесінің сипаттамасы және компания органдарының онымен өзара іс-әрекеті, сыртқы аудитормен қарым-қатынасының ұзақтығы;

- компанияның сатып алушылық қызметі туралы ақпарат (соның ішінде қазақстандық қамту тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің пайызы туралы ақпарат), тендерлер өткізу және жүргізілген сатып алу рәсімдері мен ережелері туралы хабарландырулар;

- компанияның жарғылық капиталының құрылымы туралы, соның ішінде келесі мәліметтерді қамти отырып: шығарылған акциялардың саны мен номаналды құы, берілетін акциялар құқығының сипаттамасы, жарияланған, бірақ орналастырылмаған акциялардың саны мен номиналды құны, акционерлер құрамы мен саны және оларға тиесілі жай акциялардың үлесі, жеке меншік құқығына билік ету тәртібі;

- биржадағы листинг туралы ақпарат(егер болса);

- тікелей емес (жанама) иелік ету туралы ақпарат (айырбасталатын құралдар) (егер болса);

- корпоративтік оқиғалардың жылдық күнтізбесі (айларға бөліп);

- компанияны корпоративтік басқару іс-тәжірибесі туралы ақпарат: компания органдарының құрылымы мен құзыреті, Директорлар кеңесі комитеттерінің функциялары мен тізімі, Директорлар кеңесі комитеттерінің құрамы, Директорлар кеңесі мәжілістеріне қатысушылық және мәжілістерінің саны, Директорлар кеңесі комитеттерінің сырттай және көзбе-көз мәжілістерінің арақатынасы; Директорлар кеңесіне үміткер ұсыну рәсімі, акционерлердің жалпы жиналысы шақырылымының рәсімі, акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне ұсыныстар енгізу рәсімі, ішкі аудит туралы ақпарат, Директорлар кеңесі жұмысын бағалау саясаты туралы ақпарат, Директорлар кеңесі мүшелеріне арналған тренингтер туралы ақпарат, ішкі бақылау жүйесі мен тәуекелдерді басқару жүйесі туралы жалпы ақпарат, мемлекеттің ықпал ету сипаты туралы, соның ішінде мемлекеттік органдармен келісуді талап ететін мәселелер тізбесі;

- жасасуға мүдделік бар мәмілелер туралы ақпарат, оның ішінде тараптар туралы, мәміле мәні мен мәмілені мақұлдау туралы шешім қабылдаған компания органы туралы ақпарат;

- компанияның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің іс-тәжірибесі мен саясаты туралы ақпарат;

- дивидендтер туралы ақпарат (дивидендтер төлеу туралы шешімнің қабылданған күнін, дивидендтер мөлшерін, төлеу мерзімдерін қоса);

- еншілес компаниялар туралы ақпарат пен тізім;

- ықпалдас тұлғалар тізімі;

- тұрақты даму туралы есептер және басқа қаржылық емес есептілік;

- жаңалықтар мен баспасөз хабарламалары;

- ақпараттық саясатты белгілейтін құжат және ақпаратты ашу процестерінің тиімділігі мен тазалығы туралы есептерді Директорлар кеңесінің тұрақты түрде қарауы туралы ақпарат;

- саланың реттеуші ортасына шолу;

- саланың тенденцияларына шолу;

- кері байланыс.

5.8. Қоғам жылдық есеп құрамына мыналарды енгізеді:

- Директорлар кеңесі төрағасының сөзін;

- Басқарма төрағасының сөзін;

- қызметтің түйінді нәтижелерін;

- компанияның даму стратегиясы туралы ақпаратты (көпшілік нұсқасы) (миссиясы, дамудың басым бағыттары, мақсаттары мен міндеттері);

- қызметтің негізгі түрі және негізгі өндірілетін өнім, көрсетілетін қызметтер;

- бір жыл ішіндегі компания қызметінің нәтижелерінің бағасы, соның ішінде жоспарланғандарымен қоса қол жеткізген нәтижелерді салыстыру, сонымен бірге соңғы үш жыл қарқыны ішіндегі;

- өндірістік қуаты туралы жалпы ақпарат;

- түйінді нарықтар;

- қызметтің негізгі түрлері бойынша компанияның нарықтық үлесі;

- болашақ кезеңдерге арналған мақсаттары және компанияның инвестициялық жоспары туралы жалпы ақпарат;

- елеулі корпоративтік оқиғалар туралы ақпарат;

- компанияның тәуекелдерді басқару жүйесі туралы жалпы ақпарат;

- акционерлер құрамы туралы ақпарат;

- компанияның корпоративтік басқару жүйесі туралы, соның ішінде корпоративтік басқару режімін сақтау, компанияның ұйымдық құрылымы, компания органдарының құрылымы, олардың функциясы, өкілеттігі және құрамы, компания органдарының мүшелерін іріктеу және біліктілігі туралы ақпарат;

- Директорлар кеңесінің және компания Директорлар кеңесі комитеттерінің қызметі туралы, анағұрлым маңызды қабылданған шешімдері туралы есептер;

- компания басқарма мүшелері мен Директорлар кеңесінің сыйақысының негізгі принциптері;

- корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік туралы ақпарат, соның ішінде қызметкерлердің денсаулығын сақтау мәселелері жөнінде, олардың кәсіби оқыту, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;

- компанияның жылдық қаржылық есептілігі және аудиторлық қорытынды.

5.9. Қоғам типографиялық әдіспен Қоғам туралы ақпараттық материалдарды (брошюралар, бүктемелер және басқа да материалдар) және жылдық есептерді әзірлеуді жүзеге асырады. Жылдық есептердің немесе аталған ақпараттық материалдардың көшірмелері Қоғам акционерлеріне олардың сұрауы бойынша беріледі, көпшілік іс-шараларында таратылады және Қоғамның ресми веб-сайтына орналастырылады.

5.10. Қоғамның өкілетті құрылымдық бөлімшесі (қызметкері) белгіленген ішкі тәртіп бойынша БАҚ-да Қоғам дамуының келешегі мен қызметі туралы ресми мәлімдемелер таратады, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап береді, Қоғамның өкілетті лауазымды тұлғаларының қатысуымен сұхбаттар, брифингтер және баспасөз конференцияларын ұйымдастырады.

5.11. Қоғам акционерлермен, әлеуетті инвесторлармен кездесулер, сарапшылармен және өзге де мүдделі тұлғалармен тақырыптық дөңгелек үстелдер өткізеді.

5.12. Қоғам қазақстандық және халықаралық конференциялар, көрмелер жұмысына, халықаралық және қоғамдық (салалық) ұйымдардың қызметіне қатысады.

5.13. Қоғам қызметі туралы ақпаратты ашуды көздейтін іс-шараларға қатысатын Қоғам өкілдері, сонымен бірге ашылатын ақпараттық тақырыбы Қоғамның БАҚ-пен өзара іс-әрекетті жүзеге асыруға өкілетті құрылымдық бөлімдерінің, акционерлерінің, инвесторларының, сыртқы байланыстарының, билік органдарының және қоғамдық ұйымдардың келісімімен анықталады

5.14. Қоғам қызметі туралы ақпаратты көпшілік алдында ашуды көздейтін іс-шараларға қатысатын Қоғамның өкілетті өкілдері (Қоғам қызметерлерінің ішінен) Қоғамның іскери беделіне және акция құнына (бағалары) ықпал ететін әдепсіз сөздеріне, ақпаратты бұрмалағанына (сөйлеген сөздері, мәлімдемелері, сұхбаттары, жарияланымдары және т.б.) жауап береді.
6. Ақпарат беру тәртібі

6.1. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес акционерлерге, кредиторларға, әлеуетті инвесторларға және өзге де мүдделі тұлғаларға беруге және сақтауға міндетті ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Акционерлерге ақпарат беруді Қоғам акционерлерімен жұмысына жауапты өкілетті тұлға немесе құрылымдық бөлімше қамтамасыз етеді.

6.2. Қоғам акционерлердің жалпы жиналысын дайындау және өткізу барысында ақпаратты акционерлерге Қазақстан Респубикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп пен мерзімде беруді қамтамасыз етеді.

6.3. Қоғам танысуға арналған құжатты Қоғамның атқару органының немесе Қоғамның Директорлар кеңесінің Төрағасының функциясын орындаушы тұлғаның атына ерікті жазбаша түрде құрастырылған тиісті талаптарын көрсеткеннен кейін береді.

6.4. Қоғам акционерлерге заңнамаға сәйкес берілуге тиісті ақпаратқа жататын құжаттарды немесе олардың көшірмелерін беруді акционерлердің сұрауы бойынша тиісті талаптарды көрсеткен күннен бастап бес күн ішінде қамтамасыз етеді.

6.5. Қоғам және оның қызметі туралы ақпарат Қоғам акционерлері және БАҚ өкілдері болып табылмайтын мүдделі тұлғаларға, егер ол коммерциялық мемлекеттік және басқа да құпия мазмұндалған мәліметтерге жатпайтын болса, жазбаша сұрау салу негізінде беріледі. Осындай ақпаратты беру туралы шешімді ішкі корпоративтік өкілеттілікті таратуға сәйкес ақпаратты ашу жөніндегі функцияларды жүзеге асырушы Басқарма төрағасы немесе өзге өкілетті лауазымдық тұлға қабылдайды.

6.6. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына шығарылған мәселелерді шешу үшін акционерлерге берілетін құжаттар мен материалдар жыл сайын Қоғамның Директорлар кеңесімен бекітіледі. Осыған сай олардың ішінде міндетті түрде келесілер болады:

- Қоғамның жылдық есебі;

- жылдық қаржылық есептілік, оның ішінде пайдалар мен зияндар туралы есептер;

Қоғам пайдасын бөліп беру жөніндегі Директорлар кеңесінің ұсынымдары, оның ішінде дивидендтер төлеу жөніндегі және әр осындай ұсынымның негіздемелері;

- Қоғамның ішкі аудит қызметі комиссиясының қорытындысы;

- Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметін жылдық тексеру нәтижелері бойынша Қоғамның аудиторлық ұйымының (аудитордың) қорытындысы;

- Қоғам аудиторына үміткерлер туралы мәлметтер.
6.7. Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелері өз міндеттерін орындау барысында қажетті барлық ақпаратпен қамтамасыз етіледі.

6.8. Қоғамның лауазымды тұлғалары мен құрылымдық бөлімше қызметкерлері Директорлар кеңесі мәжілістерінің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша және Директорлар кеңесінің кез келген мүшесінің сұраулары бойынша толық және дұрыс ақпаратты уақытылы беруге міндетті. Аталған міндетті орындамау Қоғамдағы еңбек қатынастарын реттейтін Қоғамның ішкі құжаттары мен қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес аталған тұлғалардың жауапкершілігіне әкеп соғады.

6.9. Директорлар кеңесі мүшелерінің сұрауы бойынша келіп түскен ақпарат оларға Қоғамның корпоративтік хатшысы арқылы беріледі.
7. Қызметтік және коммерциялық ақпаратты қорғау

7.1. Коммерциялық немесе қызметтік құпияны құрайтын ақпарат қорғалуы тиіс.

7.2. Қоғам атынан Басқарма Төрағасы және Басқарма коммерциялық және қызметтік құпияны қорғау жөніндегі толық шараларды қабылдайды, құпиялылық пен жұмыс тәртібін тиісті ақпаратқа сәйкес, Қоғам мүддесіне зиян келтірмеуге ұмтылыс пен ашықтық арасындағы саналы теңгерімді сақтай отырып қамтамасыз етеді.

7.3. Қоғамның лауазымдық тұлғалармен және қызметкерлермен жасасқан шарттарында міндетті түрде құпия ақпаратты жарияламау туралы шарт енгізіледі.
8. Ішкі ақпаратты пайдалану

8.1. Ішкі ақпаратты заңсыз пайдалану акционерлерге елеулі зиян келтіруге қабілетті және Қоғамның қаржылық жағдайы мен іскери беделі үшін елеулі теріс зардаптарға әкеп соқтырады.

8.2. Осындай ақпараттың белгілері болып келесілер табылады:

1) Оның Қоғамға немесе бағалы қағаздарға, бизнес келешегіне, оның тікелей қатысы, Қоғамның ЕТҚ (еншілес және тәуелді қоғамдары) қоса алғанда;

2) нақты және дәл сипаты;

3) ол жалпы қолжетімді болып табылмайды;

4) оны көпшілікке жариялаған жағдайда, ақпараттың Қоғамның кез келген бағалы қағаздарының құнына немесе бағамына елеулі ықпал ету тәуекелі болады.

8.3. Инсайдерлерге кез келген оларға қолжетімді ішкі ақпаратты жариялауға және ішкі және құпия ақпаратты пайдалану арқылы операцияларды жүзеге саруға тыйым салынады.

8.4. Ішкі ақпаратпен жұмыс істеу және оны пайдалану тәртібі Директорлар кеңесімен белгіленеді.

8.5. Қоғамның құрылымдары мен қызметкерлері арасындағы ішкі ақпаратты пайдалану барысында асыра пайдалану мен мүдделер қақтығысын болдырмау үшін Қоғамның ішкі құжаттарында қарастырылған арнайы талаптар мен қолданыстағы заңнама нормаларын сақтауды бақылау мыналарға жүктеледі:

- Директорлар кеңесі мүшелері мен Басқарма Төрағасына қатысты – Директорлар кеңесі Төрағасына;

- Басқарма мүшелеріне қатысты – Басқарма Төрағасына;

- Қоғамның өзге лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне қатысты – Қоғам Басқармасы өкілеттеген тиісті бөлімдерге.





Похожие:

«Самұрық-Энерго» АҚ Ақпараттық саясаты icon«Самұрық-Энерго» АҚ дивидендтік саясаты астана қ., 2011 ж. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго»
«Самұрық-Энерго» АҚ осы дивидендтік саясаты (бұдан әрі – Саясат) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына,...
«Самұрық-Энерго» АҚ Ақпараттық саясаты icon«Самұрық-Энерго» АҚ экологиялық саясаты астана қаласы Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго»
Республикасы мойындаған халықаралық құқық және халықаралық шарт ережесі нормаларына, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз...
«Самұрық-Энерго» АҚ Ақпараттық саясаты icon«Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасы шешімімен
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның (бұдан әрі Қоғам) 2008-2010 жылдарға арналған Кадрлық саясаты (бұдан әрі – Кадрлық саясат) адами ресурстарды...
«Самұрық-Энерго» АҚ Ақпараттық саясаты icon«Самұрық-Энерго» АҚ-ның тәуекелдерді басқару саясаты
Жалпы ережелер
«Самұрық-Энерго» АҚ Ақпараттық саясаты icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен 2011 жылғы 11 мамырдағы №47 хаттама «Самұрық-Энерго» АҚ
Саясатының (бұдан әрі Саясат) мақсаты – халықаралық ohsas 118001-2007 стандартына сай келетін менеджмент жүйесін енгізу
«Самұрық-Энерго» АҚ Ақпараттық саясаты icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы «24» наурыздағы шешімімен бекітілді
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір...
«Самұрық-Энерго» АҚ Ақпараттық саясаты icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитеті туралы ереже І. Жалпы ережелері «Самұрық-Энерго»
Ереже Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитетінің мәртебесін, құзыретін, құрамын, жұмыс тәртібін және функцияларын,...
«Самұрық-Энерго» АҚ Ақпараттық саясаты icon«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Ішкі бақылау жүйесі туралы ереже І. Жалпы ережелері
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) Ішкі бақылау жүйесі туралы ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қоғамның бірлескен басқару Кодексіне...
«Самұрық-Энерго» АҚ Ақпараттық саясаты icon«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Басқармасы туралы ереже Жалпы ережелер Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы»
Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі Қоғам)...
«Самұрық-Энерго» АҚ Ақпараттық саясаты icon«Қазпочта» АҚ АҚпараттық саясаты бекітілді
«Қазпочта» АҚ Ақпараттық саясаты (бұдан әрі – Ақпараттық саясат) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына (бұдан әрі –...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница