Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы




НазваниеҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
страница5/11
Дата конвертации15.01.2013
Размер1.63 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

69. Сенімділік – бір жақтың берген және екінші жақтың пайдалануына арналған бекімнің сенімділігіне қатысты аудитордың қанағаттанушылығын білдіруі ретінде қарастырылады. Сенімділікті қамтамасыз ету үшін аудитор жүргізген әрекеттер нәтижесінде жиналған дәлелдемелерді бағалайды және қорытынды жасайды. Қамтамасыз етілуі мүмкін сенімділік деңгейі жасалған әрекеттер және олардың нәтижесімен анықталады.

70. Қаржылық есептің бекітулері–клиент басшылығының тікелей немесе басқа жолмен берілетін пікірі, ол қаржылық есепке кіреді және келесідей категорияларға бөлінуі мүмкін:

а) нақты бары : активтер немесе міндеттемелер белгілі бір уақытта болады;

б) құқықтар мен міндеттемелер: активтер немесе міндеттемелер белгілі бір уақытта клиенттің иелігінде болады;

Дәрістер

1 тақырып. Қорытынды қаржылық есеп аудитінің ақпараттық жүйесі, мақсаты және тәсілдері.

  1. Аудиттің ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар.

  2. Қаржылық есептіліктің бөлшектеу кезеңдері.

Аудит экономика мәліметі жүйесіне негізделген. Ол сонымен қатар басқарушылық шешімге негіз болады. Әз кезегінде, мәлімет ағымын тиімді үйымдастыру үшін белгілі принциптерді анықтау кажет. Ол принциптер: мәлімет қажеттілігін анықтау, оны тиімді түрде қажетіне сай етіп дайындау; өндіріс барысын нақты; дұрыс көрсету; бөліну, тұтыну жэне сату барысының мәліметін анықтау; еңбек, қаржы, материалдар ресурсының есебі; әр түрлі есептеуші құрылымдардан анықталатын мөліметтердің бірдей болуы; оперативтік мөлімет ЭВМ қолдануда жан-жақты талдау жасауға ыңғайланған; мәліметті жоспар жасауға және басқару барысында қолдану принципі.

Қазіргі кездегі кәсіпорын мөліметіне, мазмұнына төмендегідей түсініктеме беруге болады. Экономикалық мәлімет мазмұны жағынан өте күрделі, құрамы жан-жақты болып келеді. Ал келешекте оның мазмүны және құрамы одан әрі күрделі бола бермекші. Сонымен қатар қазіргі өндіріс технологиясының ерекшелікгеріне сәйкес олардың мазмұнын басқару шешімен қабылдау үшін жеткіліксіз болуда. Ал мәлімет ағымы күннен күнге көбеюде. Сондықтан да оған ғылыми таддау жолын қарастыру өте қажет. Ондағы мақсат оның ағымын жүйеге келтіру, керексіз мәлімет ағымына тежеу жасау.

Аудит мәліметінің көзі, олар бухгалтерлік, аналитикалық жөне есептен тыс мәліметгер. Бухгалтерлік есеп мәліметінің көзіне жататындар: бухгалтерлік есеп жөне ақпаратгары; статистика және статистика ақпараттары; талғамалы есеп кәрсеткіштері. Бухгалтерлік есеп және оның ақпараты аудит мәліметінің көзі ретінде ең негізгі болып саналады. Себебі, ондағы мәліметтер әрқашанда дұрыс, есеп құжаттары арқылы анықталған мәліметтер. Оның көрсеткіштері кәсіпорының бизнес-жоспарының орындалуын жүйелі түрде бақылау, талдау арқылы қорытындыланған нәтижесін көрсетеді. Онда кэсіпо-рынның негізгі құралының, өндіріс қорының, дайын онімнің қозғалысы түгелдей нақты есеп арқылы топталынған, бір жүйеге келтірілген. Ол үшін бухгалтерлік есептің ғылыми әдістері қолданылған. Мысалы, үздіксіз түгелдей бақылау арқылы шаруашылық әрекеттерін құжатқа тіркеу арқылы бухгалтерлік есептер жүйесіне тіркеп, топтау әдістері қолданылған.

Статистикалық есеп және оның ақпараттары аудит мәліметі ретінде қоғамды экономикалық көп санды қүбылыстар арасындағы заңдылықтарды жүйеге келтіретін есеп түлғасы. Оның ерекшелігі шаруашьшық барысындағы фактілерді, іс-әрекеттерді тек санымен ғана көрсетіп қоймай оның мазмұнын толық қамтиды. Соңдықтан да, ол құнды мөлімет. Себебі, статистика есебінің мәліметі арқылы экономикалық талдау жасалынады да оның қорытындысы аудит қызметінде өте құнды материал.

Оперативтік есеп және оның ақпараты, өзінің негізгі міндетіне сәйкес кәсіпорьш шаруашылшының әр кезендегі барысын қамтитын болғандықтан және де басшылық барысында тікелей қолданылатын болғандықтан оның аудит мөліметі ретінде алатын орны ерекше болады. Әсіресе, ішкі аудит қызметінде оның рөлі өте күшті. Өйткені, ішкі аудиттің жүмысшылары да, кәсіпорын басшысы да оперативтік есеп мәліметіне сүйене отырып жедел дұрыс шешім қабылдайды. Қажет болған жағдайда жедел түрде фактілерге талдау жасап тиімді шешім қабылдайды, аудит қызметінің даму жолында талғамалы есеп көрсеткіштері өте қажет мәлімет болып отыр. Себебі, аудит өте тығыз уақытта өткізіледі, оған көптеген себептер бар. Сондықтан бухгалтерлік, статистикалық, оперативтік есеп көрсеткіштерінің ішінен тек қажеті болған мәліметті талғамалы әдіспен қолдану, аудит қызметінде тиімді мөлімет көзі болып отыр. Тағы оның ерекшелігі мәлімет ретінде алғашқы есеп құжаттан алынады.

Есептен басқа аудит мәліметі көзіне жататындар: ішкі және сыртқы тексеру материалы, ішкі және сыртқы аудит материалы; салық инспекциясының материалы; басылымға шыққан материалдар; ұжым жиналысының материалдары; қаржы, банк мекемелерінің анықтамалары, жеке іздестіру материалдары; сыбайлас кәсіпорындардың пікіріне, көзқарасына анықтамалар. Кәсіпорын шаруашылығына аудит тексеруін жүргізу үшін нормативтік құжаттар колданылады. Оның ішіңце кәсіпкерлік (бизнес) жоспары ерекше орын алады, себебі барлық өндірістік шаруашылық, даму жолының жоспары кәсіпкерлік — жоспарымен тығыз байланысты. Одан басқа, аудит процесінде көптеген нормативтік қүжаттар тексеруге негіз болады. Мысалы, жан-жақты жоспар көрсеткіштері, ереже-нұсқау құжаттары, мүлікті бағалау төртібін анықтайтын қүжаттар, мемлекеттік, шет елдің мемлекеттік құжаттары қодданылады. Сонымен қатар аудит тексеруі барысында аудитор әр түрлі мөліметтерді пайдаланады, оларды өз кезегінде тікелей және қосалқы мәлімет көзі деп бөлінеді.

Тікелей мәлімет көзі - фактілерге тікелей кепілдік анықтама беретін құжаттар, бухгалтерлік есеп кестелері, түгелдеу (опись) қүжаттары, түгелдеу барысының қорытындысын анықтау актісі. Яғни, нақты материалдық құжаттар тікелей мәлімет көзі болып саналады. Қосалқы мәлімет көзі — олар материалдық емес, бірақ сол кәсіпорын шаруашьшығының кәсіпкерлік жұмысына қатысты мөліметтер. Мысалы, шаруашылық субъектісінің басқа сыбайлас кәсіпорындармен қарым-қатынасын сипаттайтын мәліметтер.

Бухгалтерлік есеп құжаттары өзінің дәлел көзі мағынасында төрт топқа бөлінеді; алғашқы қүжаттар -топтаушы, өзінше ерікті және қосымша құжаттар болып бөлінеді. Алғашқы есеп құжаттары деп - шаруашылық әрекетінің нақты орындалғанын немесе орындалуына негіз болатын жазбаша анықтама, онда фактінің саны және сапасы, құрамы туралы өлшемдер көрсетіледі.

Топтаушы құжаттар — олар шаруашылық барысындағы өзара ішкі мағынасы бірдей өлшемдермен топталғандарын жинақтап, бір жүйеге келтірілген құжаттар. Теорияда оларды екінші сатыдағы құжаттар дейді. Оған фактілер, шаруашылық іс-әрекеттері алғашқы құжаттар арқылы тіркеледі.

Өзінше ерікті құжаттар - ол құжаттарға мүліктік жауапкершіліктегі жұмысшылардың, немесе басқалай қызметкерлердің өз еркімен жасайтын құжаттары. Олар мағынасы, мазмұны, зандылығы жағынан белгіленген талапқа сай, шаруашылық барысын бақылау жасап отыруға арналған құжаттар.

Қосымша құжаттар - ол құжаттар кәсіпорын шаруашылығына бақылау жасаушы жеке қызметкерлердің пікір, ойын көрсететін, негізінде экономикалық фактілерді, құбылыстарды анықтайтын, аудиттік тексеруде көптеген мәлімет көзі болатын құжаттар.

Алғашқы есеп құжаттары арқылы нақты материалдар ресурсының жетпегендігін, ақша қаржысын пайдалануда жіберілген қылмыскерлік, өндіріс процесіндегі кемшіліктер анықталса, топтаушы құжаттар арқылы - бухгалтерлік есеп кестесіндегі көрсеткіштерінің дұрыстығы анықталады. Ерікті құжаттар мен қосымша құжаттар арқылы нақты фактілер дәлелденбейді, бірақ олардың мәліметі арқылы аудитордың тексеру бағытын, қызметкерлердің жауапкершілігін анықтау негізделеді.

Аудитор өзінің жұмысында осы құжаттар арқылы, фактілерді дәлелдеу мақсатымен жұмыс қағазын жүргізеді. Себебі, тексеру барысындағы фактілер тек құжаттар арқылы анықталады.

Аудит барысындағы жиналған құжаттарда жүйелеу, мазмұн - мағынасына сәйкес топтау, ол аудитор мамандығының деңгейіне байланысты аудитордың жұмыс қағазында тіркеледі. Аудитор тексеру актісін жасау үшін сол жұмыс қағазындағы мәліметтерді талдау арқылы өз ойын, қорытындыларын дәлелдейді.

Қорыта келгенде, аудитор өр түрлі құжатгар арқылы жан-жақты материалдар дайындап шаруашылық субъектісінің табыстылық, қаржылық есептерін тексеріп, таза пайда сомасының дұрыс анықталғандығын дәлелдеп аудиторлық қорытынды дайындайды. Онымен қоса жұмыс қағазындағы жиналған фактілерге сүйене отырып кәсіпорын шаруашылығының тиімді даму жолына байланысты өзінің пікірін айтады.

Аудиттің негізгі мақсаты шаруашылық субъектісінің бухгалтерлік есебін тексеру болғандықтан, оның мәлімет негізі -бухгалтерлік есеп және топталған мазмұндағы қорытынды есебі болады. Осы орайда мәлімет көзі ретінде есеп кестелері ерекше орын алады, себебі қандай есеп болсада есеп көрсеткіштері есеп жасау үшін есеп кестелері арқылы бір жүйеге келтіріледі. Өз кезегінде есеп көрсеткіштері сол есеп кестелерінің топталған екі жақты жазу әдісін қолданып негізделген мәліметтер арқылы жасалынады.

Аудит тұрғысынан мәлімет көзінің ең негізгісі - ол қаржы есебі. Қаржы есебі арқылы шаруашылық субъектісінің барлық жағынан жетістіктері, қаржылық жағдайы, табыстылығы толығымен көрсетіледі.

Қазіргі кезде біздін елімізде қабылданган "Бухгалтерлік есеп стандарты" заңына сөйкес кәсіпорындар үш түрлі қаржылық есебін тапсырады:

  1. бухгалтерлік баланс;

  2. қаржы - шаруашылық нәтижесінің есебі;

  3. ақша қаражатының есебі.

Қандай құрылымдық түрде болса да, шаруашылық саласына қарамастан, әр түрлі меншіктегі шаруашылық субъектілері қазіргі мемлекетіміздің заңды талабына сәйкес, кәсіпорындар және жалпы кәсіпкерлікпен айналысатын мекемелер жылдық бухгалтерлік есебін жасайды. Оның негізгісі жылдық бухгалтерлік баланс, пайдалар мен залалдар туарлы есеп, ақша қаражаттары қозғалысы туралы есеп.

Бухгалтерлік баланс өте күрделі бухгалтерлік есеп әдісі. Ол кәсіпорын мүлкін арнайы экономикалық топтау арқылы, оның қаржыландыру көзімен жүйелеуге келтіріп, оларды экономикалық топтаумен немесе, кәсіпорын нақты қаржыландыру көзімен байланыстырып көрсетеді. Қазіргі кездегі бухгалтерлік баланстың ерекшелігі, инвестиция жолымен келген мүлікті және қаржыны да осы баланста көрсетеді.

Бухгалтерлік баланс көрсеткішіне сәйкес, кәсіпорынның шаруашьшық құрылымын, өндірістік деңгейін, қаржылық көлемін, негізгі құнмен қуаттылығын, шаруашылық тиімділігін, табыстылық деңгейін тағы басқа жан-жақты мәліметтерді анықтауға болады. Қазіргі кезде бухгалтерлік баланс "Бухгалтерлік есеп стандарты" талабына сәйкес жасалынады. Онда бухгалтерлік баланс қаржы есебі тұрғысынан қаралынып, оның мақсаты, міндеті, жалпы кәсіпкерлік шаруашылық алатын орны анықталған.

Стандартта бухгалтерлік баланстың мақсаты, ол — біріншіден, қаржы есебі оның мазмұны қаржылық мәліметін толық көрсету және онда болған өзгерістерді анықтау. Екіншіден, пайдаланушыларды кажет мәліметпен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, қаржы есебінің негізгі принциптері көрсетілген.

Біздің елімізде қазіргі баланс, халықаралық үлгідегіде сәйкес формада іске асырылуда. Ондагы мақсат баланс мәліметі өте түжырымды, көлемі жағынан тиянақты, мазмұны жағынан түсінікті болуы қажет. Оның негізгі принципі баланс-нетго немесе өлшемі тазаланған, баланс баптарының көрсеткіштері қайталанбайды деген сөз. Мысалы, баланстың активіндегі негізгі құрал бабының қасында, оның тозу сомасы көрсетіледі. Ал, қорытынды сомасы саналған кезде негізгі құрал тозу табысы (сомасы) шығарылып тасталады. Ондағы мақсат негізгі құрал бабындағы көрсетілген негізгі құралдың қолдық бағасын анықтау. Сол сияқты өндіріс қорының өзіндік құнын анықтауда материалдық емес активтің, тауардың өзіндік құнын анықтауда баланс баптарының нақты құнын шығару үшін екінші сатыдағы толықтыру баптары қолданылады.

Балансты тексеру, оның бухгалтерлік есеп көрсеткіштерімен анықталады. "Бас кітап" көрсеткіші баланс көрсеткішіне дәлел болуы қажет. Ал одан әрі нақты тексеру қажет болған жағдайда бухгалтерлік есептің аналитикалық керсеткіштерімен дәлелденуі қажет.

Қаржы — шаруашылық нәтижесінің есебін жасаудың алдында кәсіпорын табысына түсініктеме беру қажет. 18 халықаралық қаржылық есеп стандарты шаруашьшық субъектісінің табыс соммасын анықтауға арналған. Бұл құжаттың ерекшелігі сол, ол шаруашылық субъектісінің өнім, тауар сатудан, қызмет керсетуден алған төлемі кәсіпорын табысы деп анықталған. Сонымен қатар табысқа басқа шаруашылық субъектілерінің несие түрінде пайдалануы әсерінен алынған "процент", акцияға жұмсалған қаржыдан дивиденд, құнды қағаз операциясынан түскен табыстар жатады.

Стандарт талабына сәйкес "қаржы-шаруашылық нәтижесінің есебін " жасаған кезде шаруашьшық субъектісі өзінің түсініктеме хатывда анықтама беруге тиісті: 1) кәсіпорын табысын анықтауға арналган есеп саясатында көрсетілген ереже нүсқауға түсініктеме беруге; нақты табыстар түріне түсініктеме беруге міндетгі; тауар сату табысына; қызмет көрсету табысына; "процент" нөсие беру операциясынан; роялти - компьютер программасын, патенит, сауда маркасын пайдаланғаны үшін төлем, дивиденд табысына "акцияға" жүмсалған ақша қаржысынан түскен табысқа;

Ақша қаржысының есебі

Қаржылық есеп стандартының талабына сәйкес шаруашылық субъектісінің қаржылық есебінің құрамына жетінші халықаралық стандартқа сәйкес жасалатын ақша қаржысының есебі кіреді. Бүл есепке көсіпорын ақша қаржысының кіріс - шығыс операциялары үш топқа бөлініп көрсетіледі: операциялық, инвестициялық және қаржы кәсіпкерлігі.

Төртінші, бухгалтерлік есеп стандарты бойынша ақша қаржысының есебіне анықтама мақсатымен қамтитын әрекеттеріне түсініктеме берілген. Осы стандартқа байланысты ақша қаржысы есебінің негізгі мақсаты, ол әрбір заңды түлғаның қаржылық жағдайын анықтау, ақша қаржысының кіріс — шығыс әрекеттеріне толық мәлімет беру, оны өз кезегінде іс-өрекеттік инвестициялық және қаржы кәсіпкерлік тобына бөліп көрсету.

Төртінші стандарт бойынша берілген анықтамалар:

  1. Ақша қаржысы кассадағы, банктегі есептегі нақты ақша;

  2. Ақша қаржысының қозғалысы - ақша қаржысының кіріс -

шығыс әрекеттері.

3. Операциялық кәсіпкершілік - заңды түлғаның ақша

қаржысымен кәсіпкерлік жасап табыс табуы;

4. Инвестициялық кәсіпкерлік - үзақ мерзімдік активтік сатыл

алу, сату әрекеттері;

5. Қаржы кәсіпкерлігі - заңды тұлғаның кәсіпкершілік

барысындағы меншікті қорына және несие қаржысына

әсерін тигізетін әрекеттер.

Заңды тұлға өзінің ақша, қаржы әрекеттерінің мазмұн, мағынасын екі түрлі әдіспен анықтайды:

1. Тікелей әдіс - онда ақша қаржысының іс-әрекеті кіріс-

шығыс құжаты негізінде көрсетіледі.

2. Қосалқы немесе жанама әдіс - ақша қаржысының құбылысы инвестициялық кәсіпкерлік әсеріне байланысты және каржы кәсіпкерлігі іс-әрекетінің әсерінен табыстылықты реттейді.

Шаруашылық субъектілері қазіргі бухгалтерлік стандарт бойынша осы жоғарыда көрсетілген үш түрлі қаржылық есебін тапсырады. Аудит тұрғысынан оларды тексеру өте күрделі. Аудиттің негізгі мақсаты көсіпорындарға аудитор бір жылдық жұмыс қорытындысын анықтап, өзінің аудиторлық қорытындысын беру үшін осы қаржылық есептерді түгелдей тексеруге міндетті. Балансты тексеру үшін аудитор оның әр бабын жеке-жеке анықтауы қажет. Ол үшін "Бас кітап" көрсеткішін аналитикалық есеп кестелеріндегі жазушы салыстырып, оның жеке-жеке жүргізілетін аналитикалық есеп тізбегімен салыстырып, одан кейін ең соңында түгелдеу құжаттарымен беттестіру, қарама-қарсы анықтау жасау арқылы түгелдеу барысының құжаттарына талдау жасағаннан кейін ғана тексеру толық жүргізілді деуге болады.

Қаржы-шаруашылық нәтижесінің есебін тексеру үшін аудитор алдымен бухгалтерлік есеп жұмысының ұйьмдастыруын, есеп жүргізу әдісін анықтауға міндетті. Есептің әр бір жолын тексеру үшін оның есебін жүргізу тәртібін анықтап одан кейін ғана тексеруге болады.

  1. Дайын өнімді сатудан түскен табыс - бүл көрсеткіштің
    анықтығын шаруашылық субъектісінің "есеп саясатының"
    талабына сәйкес, табысты есептеу әдісіне сәйкес анықтау
    қажет. Онда "кассалық әдіс" немесе "есептің есептеу өдісі"
    қолданылуына сәйкес анықталады.

  2. Дайын өнімнің өндірістік өзіндік құны — бүл көрсеткішті
    тексеру үшін аудитор кәсіпорынның технологиялық
    ерекшелігіне сәйкес өндіріс өнімінің өзіндік құнын анықтау
    әдісіне сүйене отырып оның "калъкуляциясын" тексеруі
    қажет, ал оның әр бабын тексеру үшін өндіріс шығынын
    есептеуді тексеру қажет.

Аудит барысында осы өндіріс шығынын есептеу бабының бухгалтерлік есебін жүргізу ерекшеліктерін жан-жақты тексеруі қажет. Осы орайда аудитор тексеру барысында сол шаруашылық субъектілерінің "есеп саясатын" басшылыққа алады.

Өндіріс өнімінің өзіндік құнын анықтауда көптеген қосалқы есеп көрсеткіштерін дүрыс анықтау өте күрделі жүмыс. Мысалы, бітпеген өнім табысы анықтау, өндірісте бүлінген өнім сомасын анықтау, жалпы өндірістік шығындарды бөлу, тағы басқа көрсеткіштерді анықтау.

Шаруашылық субъектілерінің "ақша - қаржысының есебі ақша операцияларының негізіне сәйкес үш түрде жасалынады: нақты ақша қаржысының әрекеттері. Касса кіріс-шығыс әрекеттері нақты құжаттар арқылы тексеріліп анықталады. Аудит барысында есеп кестелері, касса есептері тексеріледі. Кәсіпкершілік операциясы - касса есебінде алғашкы құжаттар арқылы жеке-жеке негізгі құралдың сату табысу, материалдық емес активті сату табысы, тағы басқа түрлі кірістер жеке-жеке көрсетіледі.

Үшіншіден, касса арқылы жүргізілген инвестиция әрекеттерінде алғашқы құжат арқылы жеке-жеке көрсетіледі. Мысалы, құнды қағаз шығарудан түскен табыс несие алу нәтижесінде түскен табыс тағы сол сияқты кіріс әрекеттері. Шығыс болған табыстары несиені төлеу, құнды қағаз сатып алу, тағы басқа осы топтағы төлемдер. Аудит барысында алғашқы құжат есеп кестелері арқылы олардың заңдылығын, дұрыстығын анықтау жасалынады.

Алғашқы қүжаттарды және есеп кестелерін тексеру

Аудит барысында тексеру жұмысы бухгалтерлік есеп — кестесінің алатын орны ерекше. Себебі, есеп көрсеткіштері сол есеп кестелері арқылы жүйеге келтіреді. Есеп кестелерінің түрі, мазмұны есеп түрлеріне сәйкес әр түрлі болады. Қазіргі кезде шаруашылық субъектілерінде есеп түрлері әр түрлі. Қазіргі кезде компьютерлік есеп жүргізу көп қолданылғанмен алғашқы есеп құжаттарын жүйеге келтіру үшін есеп кестелері, кітап, ведомость ретінде қолданылып отыр. Ондағы мақсат сол есеп кестелері арқылы бухгалтерлік есеп мәліметін бір жүйеге келтіру, олардың мазмұн — мағынасын есеп жүргізу талабына сәйкес келтіру. Заң талабына сәйкес есеп мәліметін топтау.

Сондай жүйеге келтірілген есеп кестелері есеп жасауға, оперативтік анализ жасауға, әр жүйедегі мәлімет көрсеткіштерінің арасындағы байланысты анықтауға тиімді есеп құралы болады. Аудит барысында тиімді есеп кестелері үлкен қызмет көрсетеді. Дұрыс жүргізілген есеп кестелері арқылы аудиттік тексеру жүргізіп қорытынды жасауға болады.

Аудит барысында алғашқы есеп құжатымен жұмыс істеу өте күрделі. Себебі, есеп құжаттары барлық мәлімет көзі, қандай мәлімет болса да ол тек бухгалтерлік құжат арқылы ғана дәлелденеді. Сол бухгалтер құжаттарының өзінде көптеген түрлі қателер немесе қылмыстық мақсатпен жөндеулер, заңсыз жөндеу немесе санды түзету, қол қоюдың жасанды болуы, арифметикалық қате жіберілуі тағы сол сияқты көптеген кездейсоқ жағдайлар кездесуі мүмкін. Сондықтан, аудитор алғашқы есеп құжатын тексеруде ерекше мұқият, ынталы, ерекше талаптанып қарауы қажет. Бухгалтер құжаты тек қана сиямен немесе пастамен толтырыпған болуы қажет.

Ақша әрекетінің бухгалтерлік құжаттары ерекше мұқияттылықпен толтырылады, онда қате жіберілген жағдайда ондай құжаттарда түзету жасауға болмайды. Ақша құжатгары тәртіп бойынша арнайы тіркеуден өткізіледі, сондықтан да бухгалтерлік құжатта қате жіберілген болса ондай ақша құжаттары жойылмай сақтауға алынуға тиісті. Ондай құжаттарга "күші жойылған" ("аннулирован") деп қызыл сиямен жазылып сақтауға алынады. Касса әрекетін жүргізу ережесі бойынша кіріс жэне шығыс касса ордерлерін үшінші қызметкер толтыруы қажет, оны әнім өз бүйрығымен анықтауы қажет. Касса ордерін толтыруға кассирдің де, аға бухгалтердің де қүқысы жоқ.

Касса әрекетінде қате немесе қылмыскершілік жіберілсе ондай фактілер касса түгелдеу, тексеру жасаған кезде анықталады. Ондағы қолданылатын ең сенімді тексеру әдісі ол -қарама-қарсы құжаттарды салыстыру әдісі. Мысалы, дүкенші кассаға нақты ақша өткізсе, кіріс касса ордері касса есебіне тіркеледі де оның (карточкасы) тіркеме үзіндісі дүкенші есебіне тіркеледі. Яғни, кассир есебі мен дүкенші есебінің тіркеуінде бірдей ақша көрсетуі қажет. Немесе кассир банкіден чек кіташпасымен нақты ақша алған болса сол ақшаны банк көшірмесімен қарама-қарсы тексереді. Касса есебінде бір құжаттың қайталануы да мүмкін (шығыс ордерлерінің немесе басқадай ақша шшыс қүжаттарының). Касса барысын тексеруде касса ордерлерінің тіркеу кітабын, касса кітабын, касса есебін мұқият тексеру қажет.

Материалдың алғашқы бухгалтерлік есебін құжаттау барысы да өте күрделі. Бүл тексеру материалға жауапкершіліктегі жұмысшылар есебін тексеру арқылы анықталады. Материалды кіріске алу есебінде алғашқы құжаттарды тексеру үшін жабдықтаушылармен есеп айырысу журнал - ордері арқылы тексеру ерекше орын алады. Себебі, материалды кіріске алу, ол үшін төлем жасау қарама-қарсы тексеру жолын қамтамасыз етеді. Материалды шығысқа шығару есебінің құжаттарын тексеру, материадды кіріске алған цехтардағы есеп арқылы қарама-қарсы тексеріледі.

Шаруашылық субъектілерінде алғашқы бухгалтерлік құжаттар-есептеу кестелері болады. Оларды тексеру бухгалтерлік нормативтік күжаттар арқылы жүргізіледі. Мысалы, жұмысшьшарға еңбек ақы төлемін есептеу немесе тауардың табиғи шығыс соммасын есептеу, өндірісте өндіріс өнімінің өзіндік құнын есептеу калькуляциясын тағы басқа көптеген құжаттар тексеріледі.

Қорыта келгенде қандай алғашқы есеп құжаты болмасын барлығы мемлекеттік бухгалтерлік есеп жүргізу заңы талабына сай болуы қажет.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы «БАҒалау және бизнес» кафедрасы
«050908 Бағалау» мамандықтарына Мемлекеттік Білім Стандарттарына сәйкес және Білім және Ғылым Министрлігі жанындағы 06. 06. 2006...
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
«Бағалау және бизнес» кафедрасының аға оқытушысы, Жуматаева Бақытжамал Әшімқызы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
Бұл бағдарлама «Маркетинг» пәнін оқитын экономикалық мамандықтардың студенттері үшін бастапқы бастауышы болып табылады
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
СОӨЖ және сож тапсырмалар жүйесінің мақсаты, білімді жетілдіру және нақты талдау жасау, тариха және қазіргі кездегі жағдайларды,...
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
Жуматаева Бақытжамал Әшімқызы, аға оқытушы, «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
«Жерді бағалау және жер кадастры» оқу-әдістемелік кешен оқу жоспары мен пәннің талаптарына сәйкес құрастырылған және пәнді оқып білуге...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница