Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы




НазваниеҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
страница8/11
Дата конвертации15.01.2013
Размер1.63 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

7 тақырып. Инвестициялау кезеңінің аудиті және міндеттемелер аудиті

  1. Инвестициялау кезеңі шоттарының өзара байланысы және аудиттің бағыттары.

  2. Инвестициялау кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі.

Инвестициялардың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бөлінісі қаржылық құралдармен операциялардағы пайда болатын қатынастардың барлық мәнін аша алмайды. БЕХС-39 «Қаржылық құралдар: тану және бағалау» стандарты қаржылық инвестициялардың жіктелуін бекітеді:

- сатуға арналған;

- өтелуге дейін ұсталатын;

- қарыздар мен дебиторлық берешек;

- сатуға арналып қолда бар.

ҚЕХС 32 қаржылық құралдарды көрсеті үшін ережелерді бекітеді және баланстық (баланста танылған) және баланстан тыс (баланста танылмаған) қаржылық құралдарға қатысты ашылатын ақпаратты анықтайды. ҚЕХС қаржылық құралдардың барлық түрлеріне қолданылады.

Үлестік құрал - бұл компанияның барлық міндеттемелерін шегергеннен кейін, оның активтерінің үлесіне құқықты растайтын кез келген келісім-шарт. Үлестік құралды шығару бойынша міндеттеме қаржылық міндеттеме болып табылмайды, өйткені капитал өсіміне әкеледі және компанияға залал әкеле алмайды

Қаржылық құралдар базистік құралдар (дебиторлық мен кредиторлық берешек және үлестік бағалы қағаздар) және туынды құралдар (қаржылық опциондар, фьючерстік және форвардтық келісім-шарттар, пайыздық және валюталық своптар) болып бөлінеді.

ҚЕХС ерекше назарды әр түрлі тәуекелдерге аудартады, оның ішінде бағалық тәуекел, нарықтық және несиелік тәуекелдер, өтімділік тәуекелі және ақша ағымдарының тәуекелі.

Қаржылық құралдардың мәнін қаржылық жағдай мен ұйым қызметінің нәтижелері ұстанымдарынан пайдаланушыға бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты ашу қажет.

Кәсіпорынның міндеттемелерін аудиторлық тексеру кредиторлық қарыздардың құрылуынан басталады. Ол үшін міндеттемелер бөлімінің синтетикалық шоттары бойынша есебінің дұрыс жүргізілуін тексереді.

Еңбекақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттеледі. Еңбекақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтынысына және олардың бағасына елеулі әсер етеді.

Еңбекақының номиналды және шынайы түрлері болады. Номиналды еңбекақы дегеніміз – жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды еңбекақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл-ауқаты жайлы айту мүмкін емес.

Шынайы еңбекақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады.

Еңбекақы өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтерінің бірі болып табылады, сондықтан да еңбекақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуын аудиторлық тексеру еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.

Қызметкерлермен есеп айырысу есебін аудиторлық тексерудің негізгі міндеттері:

  1. Еңбектің саны мен сапасын, шығарылым нормасының орындалуын, жұмыс уақыты мен жалақы қорын пайдаланылуын тексеру;

  2. Субъектінің әрбір қызметкеріне жалақыны дер кезінде және уақытылы есептеуді тексеру;

  3. Жалақыдан дер кезінде және дұрыс ұстап қалуды тексеру;

  4. Белгіленген мерзімдегі қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысуды жүргізуді тексеру;

  5. Есептелген жалақыны өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дер кезінде және дұрыс енгізуді тексеру;

  6. Өндірістік процеске басшылық жасау операцияларына қажетті еңбек пен жалақы туралы деректерді алуды тексеру;

  7. Еңбек және жалақы бойынша статистикалық есептемені жасауды тексеру.

Шаруашылық қызметінің процесінде жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару нәтижесінде қызметкерлердің саны өзгереді, жұмысы бойынша ауысулар жүргізіледі. Сондықтан оны аудиторлық тексеру маңызды орын алады. Жалпы кәсіпорын бойынша, оның құрылымдық бөлімшелері бойынша қызметкерлердің саны туралы және осы санның өзгерісінің себептері туралы; жынысы, жасы, санаты, лауазымы, мамандығы, жұмыс стажы, білімі және басқа белгілері бойынша қызметкерлер құрамы туралы деректер алуды қамтамасыз етеді. Адам құрамын есепке алу үшін № Т-2 нысанындағы жеке карточка, ал ғылыми қызметкерлер үшін № Т-4 нысанындағы ғылыми қызметкерді есепке алу карточкасы қолданылады. Жұмысқа келген адамдар соңғы жұмыс орны туралы жазулар жазылған еңбек кітапшасын кадрлар бөліміне көрсетуі тиісті.

Аудитор қызметкерлер еңбекақыдан басқа әлеуметтік сақтандыру қаражаттары есебінен еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі жәрдемақыны алуды тексереді.

Негізгі және қосымша еңбекақылар еңбекақы қорын құрады. Еңбекақы қорының құрамына еңбекақының барлық түрлері сыйақылар, үстемелер, қосымша ақылар, заңға сәйкес қызметкердің жұмыс жасамаған уақытына есептелген ақша сомаларын қоса алғанда, ақшалай немесе натуралды нысанда есептелген жеке әлеуметтік жеңілдіктер қосылады.

8 тақырып. Капитал аудиті

    1. Жарғылық капитал аудиті

    2. Резервтік капитал аудиті

Меншіктік капитал -бұл субъектінің міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі оның активтері деген анықтама берілген. Яғни меншіктік капиталдың шамасы бухгалтерлік есептің балансында бағаланып көрсетілген активтер мен міндеттемелердің құнына тікелей байланысты. «Бухгалтерлік баланс және қаржы есептеріндегі негізгі ашылымдар» бухгалтерлік есептің стандартында меншіктік капиталға: жарғылық, резервтік төленбеген, косымша төленген және төленбеген, айналымнан шығарылған капитат және бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) жатады деп көрсе-тілген. Демек, бүл аталғандар меншіктік капиталдың элеменітері ретінде аудиттің зерттеу объектісіне айналады. Алдымен меншіктік капиталдың элементтері аудитін қарастырмай тұрып, меншіктік капиталдың элементтерінің қалыптасуына ықпал ететін меншік түрлеріне сәйкес әрқайсысы шаруашылық жүргізушісі мәртебесіне ие бола алатын шаруашылық жүргізуші шаруашылықтардың ұйымдық-құқықтық нысандарын анықтап алу қажет.

Қазақстан Республикасының күшіндегі заң актілерінде мына төмендегідей ұйымдық-құқықтық нысандағы субьектілер көрсетілген:

  1. мемлекеттік ұйым;

  2. коммерциялық емес ұйымдар;

  3. өндірістік кооперативтер;

  4. шаруашылык серіктестіктер.

Резервтік капитал (қор) күшіндегі заң актілерінің баптарына сәйкес және құрылтайшыларының құжаттарында қаралған тармаққа сәйкес шаруашылықтың күтпеген шығындардың (зиянды) жабу үшін, сондай-ақ есепті жылдың табысы жетпеген жағдайда инвесторлардың табысын төлеу үшін құрылады. Бір сөзбен айтқанда, резервтік капитал дегеніміз шаруашылықтың сақтандыру капиталы. Резервтік капиталға бөлінбеген қаржылар шаруашылықтың түрақты жүмыс істеуінің және үшінші тұлғаның мүддесін қорғаудың кепілдігі болып саналады. Осылай құралған қаржы көзі шаруашылықтың үшінші тұлғаның алдындағы міндеттемесін орындайтындығына олардың сенімін арттырады.

Резервтік қапиталды құру міндетті жөне ерікті сипатта болуы мүмкін. Бірінші жағдайда, ол Қазақстан Республикасының Заң актілерінде қаралған баптарға сәйкес құрылса, ал екіншісінде - шаруашылықтың құрылтайшыларының жүргізіп отырған саясатына сәйкес құрылады.

Егер құрылтайшыларының құжаттарында резервтік қор қүру қаралмаса, онда шаруашылыққа өз еркімен қор құруына рұқсат етілмейді.

Акционерлік қоғам және басқа да ұйымдық құқықтық нысанда құрылған субъектілерге Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес міндетті түрде резервтік қор қүру қаралса, резервтік капитал бабы бойынша құрылтайшыларының құжаттарында жарияланған жарғылық капиталдың кемінде 5% мөлшерінде резервтік капиталға бөлініп жинақталған сомасын көрсетеді.

9 тақырып. Аудитте талдау тәсілдерін пайдалану

  1. Тест жүргізгенде қолданылатын аналитикалық әдістер. Аудиттің іс құжаттарында және қаржылық есепте талдауды пайдалану.

2. Коэффициенттерді талдау және шешім қабылдау.

Кәсіпорын шаруашылығын басқаруда ғылыми негізделген шешім болуы қажет. Ол үшін кәсіпорын басшысы білімді, мамандығы жоғары, шаруашылықты және даму келешегін жақсы білетін адам болуы керек. Басқару — ол шешім қабылдау. Ол үшін басқарушы бар білімін, талапкерлігін басқарушылық шешім қолдануға жұмсауы қажет. Яғни тиімді, тиянақты басқару жүргізу үшін арнайы дайындық жасау керек. Барлық өзіне мәлім мәліметтерге экономикалық талдау, сараптау жасап, бір жүйеге келтірілген материалдарға сүйене отырьш басқарушылық шешім қабылдауы керек.

Шаруашылық субъектілерді басқару барысын үш этапқа бөлуге болады: экономикалық мәліметті жинап, топтап бір жүйеге келтіріп талдау және сараптау жасап пайдалануға дайындау; аудит — басқарушылық шешім қабылдау. Осы көрсетілген басқару құрылымын іске асыру үшін мәлімет жинау барысы бухгалтерлік есеп, статистика, жоспарлау арқылы орыңдалады. Сонымен мәлімет жүйесі құрылады, оны төмендеп, сызба арқылы жүйелеуге болады.

Шаруашылық субъектісі мен басқару жүйесінің арасындағы байланыс

сызба


Басқару жүйесі




Мәлімет жүйесі




Шаруашылық субъектісі





Басқарушылықтағы шаруашылық субъектісі мен басқару жүйесінің арасын мәлімет жүйесі құрайды. Басқаруға қажет мәлімет жүйесінде жан-жақты қарастырылып пайдалануға дайындалады. Ол үшін бухгалтерлік есеп мәліметі аудит жасау үшін оны алдымен тексеру қажет, одан кейін топтап, бір жүйеге келтіргеннен кейін оны тіркеу қажет. Яғни, мәліметті шаруашылық операцияларының мазмұнына сәйкес оған мағына беріп оның шаруашылықтағы қажетгілігін, кәсіпорынды басқару үшін нақты қажеттігін анықтау керек. Басқару процесінде, мәліметті тиімді пайдаланып, оптималды шешім қабылдау үшін мәліметгі санау өлшемі мен сапалық өлшемі арасыңдағы байланыстың негізін анықтау қажет. Аудит барысында осы мәлімет құндылығы анықталып, басшылық процесіңде қолдануға дайындалады. Тағы осы мәліметтер негізінде кәсіпорын шаруашылығының дамуына болжам жасалады.

Нарықты экономика жағдайында болжам, бағдарлама жасау өте қажет. Кәсіпорынның даму бағдарламасы болмаса оның өндіріс, сату процесі дағдарысқа ұшырап нарықты қатынас принциптерін сақтай алмай қалады. Сондықтан да шаруашылық субъектілері өздеріне бизнес-жоспар жасайды, онсыз шаруашылықты жүргізуге болмайды. Кәсіпорын үшін бизнес-жоспар ол бағдарлама, күнделікті шаруашылықты қалай жүргізу керек екенін, даму жолын, табыстылық деңгейін, өндіріс шығынын күнделікті қадағалап отыруға негіз болатын қүжат.

Өндірістік кәсіпорындардың бизнес-жоспары бірнеше бөлімнен түрады: жоспар кіріспесі, өңдіріс мақсаты - өндірілетін өнім тізбегі, сату жоспары. Негізгі көрсеткіштерге сүйене отырып бәсекелестікті болжау; маркетинг стратегиясы; өндіріс жоспары (өндіріс қуаттылығы, шикізат ресурсы); коммерциялық күдік (қамсыздандыру); қаржы жоспары (өнім сату, шығын және табыс есебі, табыстылықтын аналитикалық есебі). Бизнес- жоспардың, осы жоғарыда көрсетілген әр бөлімі аудит арқылы анықталады. Соған сәйкес аудитгің басқалай басқару функциялары іске асады. Мысалы:

  • өндірісті ұйымдастыру, оның әр түрлі варианттары
    қарастырылып, өте тиімді, басқару құрылымы қаланады.

  • бақылау, басқарушылық шешімнің орындалуын тексеретін
    мәліметтер жиналады.

Қорыта келгенде, шаруашылықтағы субъектілерді басқаруда аудиттің атқаратын ролі өте жоғары. Олай дейтініміз, басқарушылыққа қолданылатын мәліметті аудит арқылы бір жүйеге келтіріп, талдап, анықтап, тексеру жасап дайындалған материал аудиттің барлық басқарушылық функциясында қолданылады.

Аудит өзінше жеке ғылым саласы. Басқа ғылым саласы сияқты аудит те объективтік себептермен өз бетінше дами бастаған жаңа ғылым саласы. Оған себеп болған кәсіпорын шаруашылығындағы тексеру процесінің қоғамдық деңгейге көтерілуіне байланысты, әр елдің экономикасының тиянақты дамуын қамтамасыз ету үшін қаржылық жағдайын тексеріп отыруға қойылатын талап қатайған сайын аудит ғылыми сала ретінде жедел даму жолына түсті.

Аудит экономикалық ғылым саласындағы топқа қосылады, оған қоса нарықтық қатынас экономикасында, оның заңдылықтарын іс жүзінде қолдану процесінде ерекше әсерін тигізетін нақты функцияларды орьшдайтын ғылым. Аудит фундаменталдық емес, іс-әрекетке қолданылатын ғылым саласы. Ол жалпы ғылым тану теориясына сүйене отырып жұмыс бабында адамдарға экономикалық білім жолын анықтайтын, шаруашылықтың білімділііін бағалап, оның келешегіне болжау жасауға негіз беретін ғылым саласы. Аудит жеке ғылым саласы ретінде өзіне жақын ғылым түрлерінің әдістерін қолдана отырып, шаруашылық субъектілерінің жұмысын зерттеп, оны әділ бағалап тапсырушыларға өзіне тиімді шешім қабылдауды анықтап береді.

Қоғам тану ғылым саласында диалектикалық процесс әсерінен экономикалық ғылым тобында менеджмент, маркетинг, қаржы, бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау, статистика сияқты ғылым түрлері пайда болды. Қазіргі кезде осы топқа қосылатын жаңа ғылым саласы ол - аудит. Осы аталған ғылым салаларының ішіңде аудит бухгалтерлік есеппен тығыз байланысты.

Бухгалтерлік есеп аудит үшін ең негізгі мәлімет көзі, екіншіден, зерттеу, іздестіру объектісі. Бухгалтерлік есеп нақты бухгалтерлік құжат арқылы белгілі өлшемдермен тіркелген шаруашылық көрсеткіштерін үздіксіз өзара байланыста тіркеуге алады. Кәсіпорын шаруашылығында орындалған жұмыстар, фактілер арнайы құжаттарға түсірілгеннен кейін шаруашылық операциясы деп аталынып, бухгалтерлік есепке алынады. Бухгалтерлік есептің соңғы сатысы, қорытындысы, ол кәсіпорының қаржылық ақпараттары. Онда кәсіпорын мүліктерінің қорытынды есебі, қаржылық жағдайы, өткен уақытта болған шаруашылық нәтижесі, табыстылығы көрсетіледі (жылдық). Сол ақпарат көрсеткіштерін аудитор тексеріп дұрыстығын анықтайды. Қазіргі кезде аудиторлық тексеруді аудит фирмасы немесе жеке аудиторлар жүргізеді. Аудитті тексеру барысында аудитор бухгалтерлік есептің заң талабына сәйкес, нормативтік ереже нұсқауды дұрыс қолданып жүргізілгенін анықтайды. Бухгалтерлік есеп мәліметінің дұрыстығын анықтау үшін "алғашқы есеп" есеп құжаттарын тексереді. Одан кетін аналитикалық және синтетикалық есеп кестелерінің дұрыстығын тексереді.

Қорыта келгенде аудитор бухгалтерлік есепті жақсы білетін, есеп заңын және нормативтік құжаттарды, салық есебінің ерекшеліктерін білетін жетік білімді маман болуы керек.

Арнайы оқулықтарда, ғылыми зерттеу басылымдарында "аудитті" экономикалық талдау деп анықтайды. Олай деп айтылуы орынды деуге болады. Себебі, тиянақты аудиторлық қорытынды жасау үшін кәсіпорын ақпаратына экономикалық талдау жасау өте қажет. Қазақстандық стандартта және халықаралық нормативте аудит қызметінің ішінде "қаржылық ақпаратының" экономикалық талдауы арнайы көрсетілген. Мысалы, аналитикалық процедура айтылған: аудитор өз қорытындысын жасау үшін кәсіпорынның барлық қаржы-табыс туралы мәліметінің, оның шаруашылығында экономикалық жағдайының дұрыс көрсетілгенін анықтау үшін аналитикалық есептеу процедурасын жасауы қажет. Онда ол қаржылық-табыстылық ақпараттың әр элементі өзі жасаған есептеу жолымен анықталуға тиісті.

Аудиторлық қорытынды жасау алдындағы экономикалық талдаудың құндылығы сол, ол кәсіпорын шаруашылығында болған толқулардың, өзгерістердің қандай себептерден болғанын, оның тиімді немесе тиімсіз, зиянды болу себептерін анықтап, олардың нәтижесінің қаржылық ақпаратына қандай әсерін тигізгенін тексеруінде, ақпарат көрсеткіштерінің дурыстығын, факторлардың оған әсерін анықтауында. Аудитор аналитикалық процедура жасаудың алдында өзінің экономикалық талдау жасау бағдарламасын жасайды, ол үш этаптан тұрады: қойылған мақсатқа толық жауап алу үшін тиімді экономикалық талдау әдісін белгілеу; талдау жасалынатын мәлімет базасын анықтау; экономикалық талдауда анықталған ауытқу құбылыстарын шектеуге, түзетуге шешім қабылдау.

Аудит барысында қолданылатын бірнеше экономикалық талдау әдістерін қарастырайық.

  1. Ақпаратты оқу әдісі. Бұл әдістің мақсаты қорлардың,
    мүліктің нақты мөлшерін анықтау, олардың тиімді пайдалану
    жолын және кәсіпорынның табыстылық деңгейін тексеру.
    Шаруашылық субъектілерінің қаржы ресурстары қандай шаруа-
    шылыққа жұмсалғанын және ақпараттан тыс көрсеткіштер
    көрсетілген болса соның заңдылығын, экономикалық тиімділігін
    анықтап, талдау жасау. Ақпаратты оқу барысында, қосымша
    мәліметгерге, тіркеулерді көрсетілген мәліметтерге ерекше көңіл
    бөлінеді.

  2. Шаруашылық саласындағы салыстырмалы талдау әдісі.
    Шаруашылық саласындағы бірнеше кәсіпорындар ақпаратын салыстыру арқылы экономикалык талдау жасаған кезде олардың арасында бір-біріне экономикалық жағдайларының айырмашы- лықтары анықталады. Аудитор салыстырмалы көрсеткіштер арқылы әр бір жеке шаруашылық субъектілерінің жетістіктері мен кемшіліктерін, қаржылық жағдайын талдап, өз қорытындысын жасайды. Осы орайда аудитор салыстырмалы талдау арқылы салыстырмалы уақытта қандай толқу, өзгерістер қандай себептерден болғанын анықтап, оны нақты ақша, өлшемімен және процент көрсеткішімен көрсетеді.

3. Ақпаратпен нақты көрсеткіштерді салыстырмалы талдау
әдісі. Қазіргі кезде шаруашылық субъектілері өздерінің шару-
ашылығына бизнес-жоспарын және табыстылық нәтижесін
көрсетуіне бағдарлама жасайды. Бұл бағдарлама кәсіпорынның
басқарушылық есебінің негізін анықтады. Салыстырмалы
талдауда бағдарлама көрсеткіштері кәсіпорын үшін орындалуға;
тиісті көрсеткіш пе жоқ болмаса жыл бойында өзгертіле беретін
көрсеткіш пе? — соны анықтау қажет. Осы орайда салыстыр-
малы талдау арқылы, кәсіпорының бағдарламада көрсетілген
қаржы сметасының тиімді орынды жаратылғанын, бағдарлама
мақсатының орындалғанын анықтау қажет.

4. Коэффициентгік өлшем қолдану әдісімен талдау. Коэффициент өлшемі статистика тілімен айтқанда экономикадағы
құбылыстардың сапалылық деңгейін көрсететін өлшем. Мысалы,
табыс-пайда коэффициенті, дивиденд коэффициенті т.б. сол
сияқты өлшемдер. Инвесторлар акция сатьш алғанда келешекте
жұмсайтын капиталынан түсеіін табыс мөлшерін есептейді.
Яғни, инвестиция жасаған берген кәсіпорын табыс-пайдалы
жүмыс істейтін болса онда инвестор өзіне тиімді дивидентін
алады. Осы көрсеткішті, акцияға алатын пайда коэффициентімен
өлшейді, оны таза пайда ақшасын барлық акция ақшасына бөлу
арқылы анықтайды.

Акцияның базардағы бағасымен бір акцияның пайда табу мөлшерін "баға-пайда" коэффициенті деп атайды. Оның мөлшерін, көрсеткіштерін бір акция бағасымен оның пайда ақшасын барлық акцияға бөлумен анықтайды. "Баға-пайда" коэффициентін акционерлік коғамдар, инвесторлар өз кәсіпкерлігін басқаруда кеңінен қолданады. Осы көрсеткіштер аркылы олар өз акцияларының құнының өскенін немесе керісінше пайдалылығының, төмендеуін көрсетеді.

Келесі коэффициент көрсеткіші ол - "дивиденд төлем коэффициенті" кәсіпорынның ағымдағы пайда ақшасынан дивидент түрінде төленетін ақшаның мөлшерін көрсетеді. Бұл коэффициент дивиденд ақшасын акция ақшасына бөлумен анықталады. "Дивиденд табыстылығының коэффициенті" - ол дивиденд ақшасының проценттік өлшемінің, акциясының базар бағасымен өлшеміндегі ақшасына бөлу арқылы анықталады.

10 тақырып. Аудиттің қорытынды кезеңі және аудиттің басқа да түрлері және ілеспе қызметтері.

  1. Аудиттің қорытынды кезеңінде пайдаланатын аудит тәсілдері

  2. Клиентке ұсыныстар беру.

  3. Қоршаған ортаның аудиті.

4. Ішкі аудит. Операциялық аудит. Басқа да ілеспе қызметтер.

Ішкі аудит бұрын қалыптасқан ішкі бақылау жұмысының жүйесіне жатады. Оның ерекшелігі кәсіпорын шаруашылығына ішкі бақылау арқылы тәуелсіз қызмет көрсету. Ішкі аудиттің тәуелсіздігі сыртқы аудит төуелсіздігі сияқты өте қажет жұмыс төртібі. Сырттан қарағанда ішкі аудиттің тәуелсіздік сақтауы мүмкін емес сияқты. Соған қарамастан ішкі аудит өзінің жұмысы, ақпарат тапсыру барысында түгелдей дербестігін сақтайды.

Аудит қызметі қалыптасқан елдерде ішкі аудит, үлкен және орталау шаруашылық субъектілерінен құралады. Оның ұйымдастыру ерекшеліктері:

1) шаруашылық субъектілерінің басшылары, әкімшіліктері ішкі аудит қажет деп тапқан жағдайда өзіне, ішкі тобын құруға шешім қабылдап, аудиторлық куәлігі бар маман іздейді;

2) аудитор маманы мен кәсіпорын басшылары келісім-шарт жасасып:

  • аудитор тобының атқаратын қызметін нақты анық-
    тайды;

  • жұмыс атқару төртібі, жұмыс орны, аудитордың жөне
    тапсырушының міндеті нақты көрсетіледі;

  • аудитор тобының штаты анықталып, еңбек ақы төлем
    сомасы анықталады.

Бұл келісім-шарттың заңдылық құқысы бар, осы орайда ескеретін жағдай аудитор тобы келісім-шартта көрсетілген еңбек ақысы туралы тапсырушыға тәуелді емес. Яғни, қаржылану, төлем мәселесі аудит қызметіне ешқандай әсерін тигізбейді. Сондықтан да, ішкі аудит тобы өз қызметін жүргізуде, барлық өзіне қажет мәлімет жинауда кәсіпорын басшыларынан ешқандай қысым немесе тергеушілік кездестірмейді. Тағы да ішкі аудит тобының туәелсіздігі жоғарғы сатыдағы аудит фирмаларының бақылауы арқылы іске алады. Себебі, ішкі аудит тобы өз жұмысы туралы тікелей жоғарғы сатыдағы аудит құрылымына, директорлар қоғамынын комитетіне акпарат тапсырып отырады. Сондықтан да ішкі аудит тобына тапсырушылар немесе басқа әкімшілік құрылымы ешқандай қысымшылық немесе өздерінің тарапынан ешқандай талап, міндет қоя алмайды.

Ішкі аудиттің ең негізгі мақсаты — ол, кәсіпорын шаруашылығы туралы құралған мөліметтің дұрыстығына, шындығына бақылау жасау, сөйтіп басқару барысында қолданылатын мәліметтің шындығын, дұрыстығын қамтамасыз ету.

Ішкі аудиттің мақсаты кәсіпорынның экономикалық саясатының орындалуына бақылау жасау, қазіргі кезде біздің елімізде есеп саясатының орындалауына немесе өзгеріс болса оның себебін орынды немесе орнысыз екеніне аудиторлық анықтама жасау. Ішкі аудит тобы осы өзінің ізгі мақсатын іске асыру үшін жүйелі түрде бухгалтерлік есеп жұмысына, ішкі бақылау жұмысына үздіксіз тексеру жүргізіп отырады.

Ішкі аудит қызметі қалыптасқан елдерде аудит қызметі қаржы ақпаратын, информация құрылымын, бухгалтерлік есеп жұмысын ғана тексеріп қоймай басқалай да көптеген экономикалық қызметтер көрсетеді. Олар шаруашылық субъектілерінің кәсіпкершілік көрсеткіштерше экономикалық талдау жасап оның экономикалық даму жолына болжам жасау, қаржы стратегиясын белгілеу, маркетинг зерттеуін жүргізу, басқару жұмысына түсініктеме беру тағы басқа сол сияқты қызметтер. Яғни, ішкі аудит тобы тапсырушылар талабына сәйкес жан-жақты қызмет көрсетеді. Сонымен қатар ішкі аудитор тобы сол кәсіпорын құрылымының бір бөлімі болып саналады. Кәсіпорын шаруашьшығында аудит тобы ішкі бақылаушы болып қана қомай ол есеп саясатының орындалуын бақылап, баға беріп отыратын сарапшы ролін атқарады.

Қорыта келгенде, ішкі аудит кәсіпорын саласында басқарушылық жұмысын жүргізуге өте қажет қызмет. Аудит жұмысы арнайы анықталған "Ереже" талабына сәйкес жүргізіледі. Ішкі аудит ережесінде оның құрылымы, аудитордың қызметкерлік ережесі, аудит стандарты, нормативтік құжаттары, әдістемелік ереже-нұсқаулары анықталған. Ішкі аудит жұмысының тиянақты және жақсы жүргізілуі сол ішкі аудит жағдайының сапасына, онда қарастырылған талаптардың құндылығына, кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты болады. Ішкі аудит жағдайы өз кезегінде "контракт" келісім-шарты міндетін атқарады. Себебі, онда ішкі аудит тобының құқысы, міндеті бір жағынан, екінші жағынан кесіпорын басшыларының құқы мен міндеті анықталған. Осы ішкі аудит жағдайында оның негізгі мақсаты, жұмыс көлемі, ішкі бақылауындағы және анықталған экономикалық қылмыстарға жауапкершілігі белгіленген.

Ішкі аудит ережесін дайындауға шаруашылық субъектілерінің жауапты қызметкерлері қатысуы қажет. Біріншіден, экономика және қаржы директоры, бас бухгалтер, тексеру комиссиясының бастығы. Әрине, бұл құжаттың жоғарғы сатыдағы құрылымда, акционерлер қоғамында немесе жалпы жиналыста бекітілгені жөн. Сонда ол ішкі аудит тобының тәуелсіздігіне көп көмегін тигізеді. Ішкі аудит тобының тәуелсіздігі тексеру комиссиясының және директордың нақты келісім, билік жасап оның құқы мен өкілдігін анықтап бекітуімен кепілдік алады.

Ішкі аудиторлық тексерудің объектісі, қаржы ақпараты, өндіріс процесі және компьютер жүйесі. Себебі, шаруашылық субъектілерінің негізгі шығыны осы керсетілген шаруашьшыққа тиісті. Оның ішінде .өңдіріс барысының шығыны, әсіресе материал шығыны, өндіріс қызметкерлеріне еңбек ақы шығыны, табиғи және өндірістік қосалқы шығын, ішкі аудитті ұйымдастыру шығыны, тағы басқа шығындар кәсіпорын жоне олардың басшысы үшін арнайы тексеру немесе ішкі бақылау барысын ұйымдастыру ішкі аудит жағдайында жан-жақты қарастырылуы қажет. Жалпы ішкі аудит жан-жақты көптеген бақыпау және тексеру қызметін атқаруға міндетті. Ішкі аудит тексеру жасаумен қатар барлық бухгалтерлік құжаттардың дұрыс жазылуын, әкімшілік тәртіптің орындалуын, қабылданған директивтік шешімнің және кәсіпорын бойьшша шығарылған бұйрықтың орындалуын қадағалап тексеріп отыруға міндетті. Онымен қоса түгелдеу процесін жүргізу және оның нәтижесін шығарып басқарушылық мәліметін талдау арқылы жалпы шаруашылықтың даму жолын қарастырады.

Ішкі аудит жалпы бақылау жоспарын жасайды, оның ішінде шаруашылық іс-әрекеттеріне оперативтік, жедел бақьшау-тексеруді жетілдіру, әсіресе сату барысы, өндіріс шығыны, таза табысты болжау, өндіріске негізгі кұралды енгізу, қаржыландыру көзін қарастыру мәселелерімен айналысады.
Машықтану (семинарлық) сабақтардың жоспары
1 тақырып - Қорытынды қаржылық есеп аудитінің ақпараттық жүйесі, мақсаты және тәсілдері

Семинар жоспары:

  • Экономикалық ақпараттың жіктелуі

  • Есепті ақпаратқа қойылатын талаптар

  • Есептік ақпараттың құрылымы

2 тақырып – Сатып алу кезеңінің аудиті

Семинар жоспары:

  • Ішкі бақылау жүйесін бағалау

  • Жүргізілуі мүмкін аналитикалық процедуралар

  • Мәні бойынша тексеріс жүргізу

3 тақырып – Өндіріс кезеңінің аудиті

Семинар жоспары:

  • Ішкі бақылау жүйесін бағалау

  • Жүргізілуі мүмкін аналитикалық процедуралар

  • Мәні бойынша тексеріс жүргізу

4 тақырып – Қаржылық қорытындының қалыптасуымен сату кезеңінің аудиті

Семинар жоспары:

  • Сатып алушылар және тапсырыс берушілерменн есеп айырысуды бақылау

  • Ішкі бақылау жүйесін бағалау

  • Жүргізілуі мүмкін аналитикалық процедуралар

  • Мәні бойынша тексеріс жүргізу

5 тақырып – Активтер аудиті. Ақша қаражаттарының аудиті

Семинар жоспары:

  • Ақша қаражатының аудиті;

  • Дебиторлық берешекке аудит жүргізу.

  • Есепті сома аудитін жүргізу

6 тақырып- Ұзақ мерзімді активтердің аудиті

Семнар жоспары:

  • Ұзақ мерзімді активтерді сақтау, қолдану жағдайларын тексеру

  • Амортизациялық есептеулердің дұрыстығын тексеру

  • Негізгі құралдарды жөндеу шығындарының дұрыстығын тексеру

7 тақырып -Инвестициялау кезеңінің аудиті

Семнар жоспары:

  • Ішкі бақылау жүйесін бағалау

  • Жүргізілуі мүмкін аналитикалық процедуралар

  • Мәні бойынша тексеріс жүргізу

8 тақырып - Міндетемелер мен капиталдардың аудиті

Семнар жоспары:

  • Тексерілуі тиіс негізгі тұжырымдар

  • Бақылау құралдарын тесттілеу

  • Мәні бойынша тексеріс жүргізу

9 тақырып - Аудитта қаржылық талдауды қолдану және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау

Семинар жоспары:

  • Аналитикалық тәсілдерді пайдалана отырып кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізу.

  • Қаржылық коэффициенттер түсінігі мен қолдануы.

  • Қаржылық коэффициенттер түрлері, оларды есептеу әдістемесі мен қолдану ерекшіліктері Коэффициенттерді талдау және шешім қабылдау.

10 тақырып- Аудиттің басқа да түрлері және ілеспе қызметтері

Семинар жоспары:

  • Экология сферасындақолданылатын нормативтік-құқықтық актілер

  • Аудиттің ақпараттық базасының құрамы

  • Экологиялық аудит бағдарламасын құру

  • Операциялық аудит түрлері


СӨЖ өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар


Студенттердің өзіндік жұмысының құрылымы оның жоспары мен мазмұнынан тұрады. Егер жұмыс қолмен жазылған болса, онда өзіндік жұмыс кем дегенде 8-12 беттен тұруы керек.

Бірінші кезеңде кіріспеден, содан кейін тараулардан, ең соңында қортындыдан тұрады. Студенттердің өзіндік жұмысының кіріспесінде тақырыптың мәні, маңызы, актуальділігі анықталады. Кіріспе 1-2 беттен тұруы керек. Өзіндік жұмыстың негізгі бөлімі берілген тақырыпқа сай кішігірім тарауларға бөлініп, соңғы басылымдар мен әдебиеттер бойынша жинақталып, тақырыптың мазмұнын талдау сұрақтары бойынша студенттің пікірі ашылады. Егер студент мысал ретінде бір шаруашылық субъект бойынша нақты мәліметтер алып, зерттеу объектісіне қаржылық бақылау жүргізсе, оның заңдылыққа сәйкестігін тексеріп, бақылау қорытындыларын жазуы тиіс.

Өзіндік жұмыс 1-2 беттік қорытындымен аяқталуы керек. Қолданылған әдебиеттер тізімінде өзіндік жұмысты жазуға пайдаланылған барлық материалдар көрсетілуі тиіс.

«Аудит» пәнінен студенттердің өзіндік жұмыстарды (СӨЖ) орындауға арналған әдістемелік нұсқаудың мақсаты – білімгерлердің өз бетінше экономикалық әдебиеттер мен қаржылық мәселелерді шешу мақсатында алған білімдерін тереңдетіп, нығайту:

  • Аудит түрлерімен танысу;

  • Аудит принциптерімен танысу.

Осыған байланысты «Аудит» пәнінен студенттердің өзіндік жұмысын орындау реферат түрінде орындалып, қорғалады.

1 есеп




  1. “ККК” АҚ-ы сату үшін тауарлы-материалдық құндылықтар алған:

  • 6 сәуір күні 10 дана 1 данасының бағасы - 200 теңге

  • 17 сәуірде 100 дана бағасы -120 теңге

  • 30 сәуірде 40 дана бағасы - 100 теңгеден



  1. Қоймадағы 1 сәуірдегі осы материалдық құндылықтардың қалдығы

10 дана, бағасы бір дана үшін - 250 теңгеден


  1. Бірінші мамырда өткізілген түгендеу кезінде қоймада осы материалдардың қалдығы 30 дана болды, соның ішінде 10 данасы 17 сәуірде алынғаннан, 20 данасы 30 сәуірдегі алынғандардан қалған.

  2. ТМҚ сатудан түскен түсім – 28400 теңге

Орындау керек:

  1. Сатылған материалдардың құнын әртүрлі бағалау әдістерімен есептен шығару керек.

  2. ТМҚ қалдығын бағалап, мүлік құрамына енгізу керек (бухгалтерлік баланста)

  3. ТМҚ-ны сатып алу және сату бойынша жүргізілген мәміленің қаржылық нәтижесін анықтау

2 жағдай

“Әділ” аудиторлық фирмасы “Айдын” ЖШС-нің өтініші бойынша 2006 жылдың 25 қазанында ерікті аудит жүргізген. Тексеріс барысында кәсіпорындағы есеп айырысу жағдайы қаралған. Соның нәтижесінде серіктестікте тексеру күніне 2 256 000 теңге дебиторлық берешек бар екені анықталды. Кәсіпорын күмәнді берешектер бойынша резерв құрады. Тексеру жүргізген мерзімде “Күдікті борыштар бойынша резерв” шотының кредиттік қалдығы 3000 теңге. Есеп айырысуды жүргізетін бухгалтер Қабиева Ә. жаңадан келгендіктен аудитордан резерв сомасын анықтауда көмек сұраған және аудитордың талабы бойынша мынадай деректер берген:

Төлем мерзімі

Төлеу мерзімі өтіп кеткен берешектер сомасы, теңге

Күмәнді берешектердің болжамды пайызы

Күмәнді берешектер сомасы, теңге

Төлем мерзімі әлі жетпеген

1500 000

1 %




Төлем мерзімі:










1 күннен 30 күнге дейін

360 000

2 %




31 күннен 60 күнге дейін

240 000

15 %




61 күннен 90 күнге дейін

120 000

30 %




90 күннен асқан

36 000

80 %




Барлығы

2 256 000








Тапсырма:

  1. Бухгалтер Ә.Қабиеваға күмәнді берешектер бойынша резерв сомасын анықтауға көмектесіңіз.

  2. Құрылған резерв сомасына бухгалтерлік жазу беріңіз және резерв құру кезінде бұдан басқа тағы қандай әдіс қолданылуы мүмкін екенін атаңыз.

3 есеп

“А” компаниясы өз клиенті “Б” компаниясына 5 % жеңілдік беретін болып келісті, егер “Б” компаниясы тауар үшін төлемді 10 күн ішінде жасаса. Төлем жасаудың ұзақтығы – 30 күн. Счет-фактураның бастапқы құны 550 мың теңге; ҚҚС соның ішінде. Тауар 1 маусым күні жөнелтілді. Сатып алушы жақ жеңілдікті пайдаланды да тауар үшін төлемді 9 маусым күні төледі. Бұл операциялардың бухгалтерлік есепте қалай көрініс табатынын көрсетіңіз.
4 есеп

“Ақниет” ЖШС жаңа өндіріс технологиясын 300 мың теңгеге сатып алған. Пайдалы қызмет мерзімі 5 жыл. Амортизация жыл сайын тікелей әдіспен 20 пайызбен есептен шығарылады. Екі жылдан кейін ноу-хау 200 мың теңгеге сатылған. Делдалға төленген шығын –50 мың теңге. ЖШС-нің бухгалтериясында мынадай жазу берілген:

Дт 2700 Кт 1030 300000 тенге

Дт 1210 Кт 6210 200000 тенге

Дт 7410 Кт 1010 50000 тенге
Талап етілетіні:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы «БАҒалау және бизнес» кафедрасы
«050908 Бағалау» мамандықтарына Мемлекеттік Білім Стандарттарына сәйкес және Білім және Ғылым Министрлігі жанындағы 06. 06. 2006...
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
«Бағалау және бизнес» кафедрасының аға оқытушысы, Жуматаева Бақытжамал Әшімқызы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
Бұл бағдарлама «Маркетинг» пәнін оқитын экономикалық мамандықтардың студенттері үшін бастапқы бастауышы болып табылады
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
СОӨЖ және сож тапсырмалар жүйесінің мақсаты, білімді жетілдіру және нақты талдау жасау, тариха және қазіргі кездегі жағдайларды,...
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
Жуматаева Бақытжамал Әшімқызы, аға оқытушы, «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
«Жерді бағалау және жер кадастры» оқу-әдістемелік кешен оқу жоспары мен пәннің талаптарына сәйкес құрастырылған және пәнді оқып білуге...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница