Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Аудиторлық қызмет туралы»




Скачать 50.98 Kb.
НазваниеМіндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Аудиторлық қызмет туралы»
Дата конвертации15.01.2013
Размер50.98 Kb.
ТипДокументы



Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
7-бабының 1-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі –  біліктілік талаптар) бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 3 қарашадағы № 434 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4489 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2007 жылғы 12 қаңтарда № 5 (1208) жарияланған);

2) «Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 3 қарашадағы № 434 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 12 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5125 болып тіркелген, 2008 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 6 жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті Қаржылық есептілік депозитарийға тиiстi бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетін аудиторлық ұйымдардардың тiзiмiн, оны одан әрі орналастыруды және мерзімдік жаңартуды қамтамасыз ете отырып, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастыруды жүзеге асырсын.

4. Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада  белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

5. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізілетін біліктілік талаптарының 4-тармағын қоспағанда, алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр Б. Жәмішев

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық банкі төрағасы 

      ___________ Г.А. Марченко

      «____» ________ 2012 жыл
Қазақстан Республикасы    

Қаржы министрінің       

_____ жылғы «___»________

№____бұйрығымен бекітілген 
Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық

ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптар

1. Осы міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптар (бұдан әрі - Біліктілік талаптар) «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ұйымдарға, оның ішінде ұлттық компанияларға, ұлттық холдингтерге, ұлттық басқарушы холдингтерге және қаржы ұйымдарына міндетті аудит жүргізуге жіберілетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді.

2. Ұйымдарға міндетті аудит жүргізу үшін аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйым мынадай:

1) аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымда мүшелігі;

2) аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуы;

3)  мүшесі аудиторлық ұйым болып табылған өткiзiлген сыртқы сапаны бақылаудың нәтижелері бойынша аудиторлық ұйымның халықаралық аудит стандарттары және Этика кодексі талаптарының сақталуын растайтын аккредиттелген кәсiби аудиторлық ұйымның қорытындысының бар болуы;

4) соңғы бір жыл ішінде әкiмшiлiк бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасы кодексіне сәйкес аудиторлық қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін салынған әкiмшiлiк жазаның болмауы біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

3. Ұлттық компаниялардың, ұлттық холдингтердің, ұлттық басқарушы холдингтердің міндетті аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйым осы Біліктілік талаптарының 2-тармағында көзделген біліктілік талаптарына қосымша мынадай:

1) аудиторлық қызметпен айналысу мерзiмi кемінде 5 (бес) жыл;

2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес кемінде 10 (он) аудиттелген ұйымының болуы;

3) кәсiби бухгалтер сертификаты бар кемінде 2 (екі) маманның болуы біліктілік талаптарына сәйкес келуі керек.

4. Қаржылық ұйымдардың және акционерлiк қоғамның «Қазақстан Даму Банкi» міндетті аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйым осы Біліктілік талаптарының 2 және 3-тармақтарында көзделген біліктілік талаптарына қосымша «аудитор» деген бiлiктiлiк куәлiгi және соңғы бес жылдың 3 (үш) жыл ішінде қаржылық ұйымдардың аудиті саласында жұмыс тәжірибесімен аудиторлық біліктілік куәлігі бар маманды топ жетекшісі етіп тағайындайды, сондай-ақ мынадай толық бiлiктiлiктерiнiң CPA және ACCA-ның біреуі бар немесе соңғы бес жылдың 2 (екі) жыл ішінде қаржылық ұйымдардың аудиті саласында жұмыс тәжірибесімен аудиторлық біліктігі бар кемінде 2 (екі) қызметкерінің болуы керек.

Осы норма қаржылық қызметтерді көрсететін ұлттық компанияларға қолданылмайды.

5. Осы Біліктілік талаптарымен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен шешіледі.
_________________________

Қазақстан Республикасы  

Қаржы министрінің   

____ жылғы «__»________

№ _____ бұйрығына қосымша
Нысан

Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық

ұйымдар қойылатын біліктілік талаптарының тiзiмi



№ р/б

Аудиторлық ұйымның атауы

Лицензияның топтамасы, нөмiрі

және беру күні

Мiндеттi аудиттi жүргізуге рұқсаттама, оның ішінде:

ұлттық компаниялардың, ұлттық холдингтердің, ұлттық басқарушы холдингтердің міндетті аудитін жүргізуге


қаржы ұйымдардың мiндеттi аудитін жүргізуге


өзге ұйымдардың мiндеттi аудитін жүргізуге







































­­­­­_________________________


Похожие:

Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Аудиторлық қызмет туралы» iconАудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы»
Республикасының «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық...
Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Аудиторлық қызмет туралы» iconАккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың есептілікті беру тізбесін, нысандары мен мерзімділігін бекіту туралы «Аудиторлық қызмет туралы»
«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Аудиторлық қызмет туралы» iconАудиторлық қызметті лицензиялау ережесі Жалпы ережелер
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі лицензиар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі қаулысымен бекітілген...
Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Аудиторлық қызмет туралы» iconАудиторлық қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
РҚао-ның ескертуі. Бұл қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз
Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Аудиторлық қызмет туралы» iconҚазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың есептілікті беру тізбесін, нысандары мен мерзімділігін бекіту туралы»
«Аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысанын бекіту туралы» 2008 жылғы 1 ақпандағы...
Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Аудиторлық қызмет туралы» iconЖәне оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы №544 Қаулысы
Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі және оған қойылатын біліктілік талаптары
Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Аудиторлық қызмет туралы» iconАстық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 2012. 02. 08 №213 (ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң...
Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Аудиторлық қызмет туралы» iconЖүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы...
Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Аудиторлық қызмет туралы» iconТеле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Лицензиялау туралы»
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 3 тармақшасына және «Телерадио хабарлар...
Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Аудиторлық қызмет туралы» iconШитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 ақпандағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница