Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 15 мамыр №623 Астана, Үкімет Үйі Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 15 мамыр №623 Астана, Үкімет Үйі Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
страница1/15
Дата конвертации09.01.2013
Размер1.76 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2012 жылғы 15 мамыр №623 Астана, Үкімет Үйі
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. «Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi № 281 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 28, 216-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «15» мамырдағы

№623 қаулысымен

бекітілген
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидалары
Осы Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңына (бұдан әрi - Заң), Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзiрлендi және электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу тәртiбiн анықтайды.

Қағидалар мемлекеттiк сатып алуды конкурс тәсiлiмен жүзеге асырудың ерекше және арнайы тәртiптерiне, сондай-ақ Заңда көзделген қорғаныс қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбiне сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алуға қолданылмайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператор (бұдан әрi - Оператор) - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын, акцияларының (қатысу үлестерiнiң) жалғыз меншiк иесi мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттiк сатып алу саласында бiрыңғай техникалық саясатты iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;

2) мемлекеттiк сатып алу веб-порталы (бұдан әрi - веб-портал) - электрондық мемлекеттiк сатып алудың электрондық қызметтерiне бiрыңғай қол жеткiзу нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк ақпараттық жүйе;

3) мемлекеттiк сатып алу веб-порталында тiркелу (бұдан әрi - тiркелу) - мемлекеттiк сатып алу жүйесi субъектiсiнiң, оның лауазымды адамдары мен мүдделi тұлғалардың веб-порталда қатысуға қол жеткiзу;

4) веб-порталға қатысушы - (бұдан әрi - Қатысушы) - тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, веб-порталда тiркеуден өткен әлеуеттi өнiм берушi;

5) веб-порталды пайдаланушы (бұдан әрi - Пайдаланушы) - веб-порталда тiркеуден өткен Қатысушының лауазымды адамы немесе өкiлi;

6) веб-порталға қатысу - мемлекеттік сатып алу саласында электрондық қызметтер алу үшiн қатысушының атынан пайдаланушының мемлекеттiк сатып алу веб-порталын пайдалануы;

7) жеке кабинет - пайдаланушының веб-порталдағы автоматтандырылған жұмыс орны;

8) электрондық құжат - өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

9) шартты жеңiлдiк - конкурстық құжаттамада айтылған өлшемдердiң негiзiнде конкурстық комиссия ұсынатын әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық баға ұсынысын шартты азайтудың пайыздық мәнi;

10) қағаз құжаттың электрондық көшiрмесi - түпнұсқа қағаз құжаттың ақпаратын толық шығаратын, веб-порталда уәкiлеттi өкiлдiң электрондық цифрлық қолтаңбасы бар электрондық цифрлық нысандағы электрондық құжат;

11) веб-порталдағы уәкiлеттi өкiл - веб-порталға қатысушының пайдаланушысы, оған веб-порталға қатысушының бiрiншi басшысының тиiстi шешiмiмен веб-порталдағы барлық iс-қимылдарды орындауға, оның iшiнде қағаз құжаттардың электрондық көшiрмелерiн растауға құқықтар берiлген;

12) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiгiн және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.

2. Конкурс, баға ұсыныстарын сұрату, аукцион және бір көзден алу тәсiлдерiмен электрондық мемлекеттiк сатып алу осы Қағидаларда анықталған тәртiппен жүргізіледі.

Мемлекеттiк сатып алу жүйесi субъектiлерiне және басқа да мүдделi тұлғаларға көрсетілетін электрондық қызметтер веб-порталды пайдалана отырып, уәкілетті орган анықтаған тәртiппен өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

3. Электрондық мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсiмдерiн орындау үшiн тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлға болып әрекет еткен жағдайды қоспағанда, тапсырыс берушi Заңның 7-бабына сәйкес электрондық мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны (бұдан әрi - ұйымдастырушы) анықтайды.

4. Тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы веб-порталда өздерiнiң уәкiлеттi өкiлдерi болып табылатын лауазымды адамдарды анықтайды. Егер тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлға болып әрекет еткен жағдайда тапсырыс берушiнiң және ұйымдастырушының веб-порталдағы уәкiлеттi өкiлi болып табылатын бiр лауазымды адамды анықтауға жол берiледi.
2. Конкурс тәсiлiмен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу тәртібі Конкурс тәсiлiмен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi электрондық мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу
5. Конкурс тәсiлiмен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi электрондық мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу (бұдан әрi - электрондық конкурс) веб-порталда мынадай дәйектi iс-шараларды орындауды көздейдi:

1) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушiнiң ұйымдастырушыны, тапсырыс берушiнiң уәкiлеттi өкiлiн анықтауы;

2) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлға болатын жағдайды қоспағанда, тапсырыс берушiнiң веб-порталдың көмегiмен веб-порталдың қатысушысы болып табылатын ұйымдастырушыға шақыру жiберуi;

3) конкурстық құжаттаманы қалыптастыру, сондай-ақ қажет болған кезде сараптау комиссиясының құрамын (сарапшыны) қалыптастыру және бекiту;

4) тапсырыс берушiнiң конкурстық құжаттаманы бекiтуi;

5) веб-порталды пайдаланушылардың арасынан конкурстық комиссияның құрамын қалыптастыру және конкурстық комиссияның хатшысын анықтау;

6) ұйымдастырушының веб-порталда электрондық конкурс өткiзу туралы хабарландыру жариялауы;

7) веб-порталға қатысушы - әлеуеттi өнiм берушiлердiң веб-порталда оны алу фактiсiн автоматты түрде тiркей отырып конкурстық құжаттаманы алуы;

8) ұйымдастырушының веб-порталдың көмегiмен осы Қағидалардың 22 және 23-тармақтарында көзделген жағдайларда конкурстық құжаттаманы алған әлеуеттi өнiм берушiлерге оның ережелерiн түсiндiруi;

9) веб-порталда электрондық құжат нысанында берiлетiн электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi автоматты түрде тiркеу;

10) өтiнiмдердi ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталда жариялау;

11) бiлiктiлiк талаптарына, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтау үшiн электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi және шартты жеңiлдiктер мөлшерiн конкурстық комиссиясын қарауы;

12) конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысуға жiберiлген әлеуеттi өнiм берушiлер тiзбесiн айқындауы және веб-порталда жiберу туралы тиiстi хаттаманы жариялауы;

13) электрондық конкурсқа қатысуға жiберiлген әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынған конкурстық баға ұсыныстарын электрондық құжаттар нысанында веб-порталда автоматты түрде тiркеу;

14) электрондық конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын автоматты түрде ашу, бағалау, салыстыру және жеңiмпазды анықтау, қорытындылар хаттамасын веб-порталда жариялау;

15) ұйымдастырушы жүргiзген электрондық конкурс қорытындысы бойынша тапсырыс берушi мен электрондық конкурстың жеңiмпазы арасында мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу.

6. Бiртектi болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi электрондық конкурсты ұйымдастыру кезiнде ұйымдастырушы мұндай тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi конкурстық құжаттамада олардың бiртектi түрлерi бойынша лоттарға бөле отырып, аталған тәсiлмен бiрыңғай мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыра және өткiзе алады.

Бiртектi тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi электрондық конкурсты жүзеге асырған кезде ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада бiртектi тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi жеткiзiп беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледi.

Бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң бiрнеше түрлерiн мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi электрондық конкурсты жүзеге асырған кезде ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi олардың бiртектi түрлерi және (немесе) жеткiзiп беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледi.
Веб-порталда конкурстық құжаттаманы қалыптастыру және бекiту
7. Ұйымдастырушы электрондық конкурсты өткiзу шарттары мен тәртiбiн айқындау үшiн осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманың электрондық нысанын қалыптастырады және тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бір тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, оны тапсырыс берушiмен келiседi.

8. Ұйымдастырушы қалыптастырған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi анықтайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не оның мiндетiн атқаратын адам бекiтедi.

Бiрыңғай ұйымдастырушы қалыптастырған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiлердiң бiрiншi басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президентi анықтайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге лауазымды адамдар не олардың мiндетiн атқаратын адамдар бекiтедi.
Конкурстық комиссияның құрамын, сарапшыны (сараптау комиссиясын) бекiту
9. Электрондық конкурс өткiзу рәсiмдерiн орындау үшiн ұйымдастырушы әрбiр электрондық конкурсқа жеке конкурстық комиссия құрады және конкурстық комиссияның хатшысын анықтайды.

Конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссия хатшысын анықтау туралы шешiмге ұйымдастырушының бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi анықтайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не оның мiндетiн атқаратын адам қол қояды.

Егер тапсырыс берушiнiң өзi тiкелей немесе мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмдерiн орындауға жауапты өзiнiң құрылымдық бөлiмшесi атынан ұйымдастырушы болып әрекет еткен жағдайда конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссия хатшысын анықтау туралы шешiмге ұйымдастырушының бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi анықтайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не оның мiндетiн атқаратын адам қол қояды.

Жұмыстарды мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған жағдайда ұйымдастырушы конкурстық комиссияның құрамына тиiстi қызмет саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша оның веб-порталда тiркелген қызметкерлерiнiң қатарынан оның өкiлдерiн енгiзе алады.

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелiгiн әзiрлеу үшiн ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзiрлеу кезеңiнде сараптау комиссиясын құрады (сарапшыны тартады).

10. Конкурстық комиссияның мүшелері конкурстық комиссияның төрағасы, төрағасының орынбасары және басқа да мүшелерi болып табылады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды. Конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды құрауы және кемiнде үш адам болуы тиiс.

Конкурстық комиссияның төрағасы болып ұйымдастырушының бiрiншi басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам анықталуы тиiс. Егер тапсырыс берушiнiң өзi тiкелей ұйымдастырушы болып әрекет еткен жағдайда тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысының орынбасарының төмен емес лауазымды адам конкурстық комиссияның төрағасы болып айқындалуы тиiс. Егер ұйымдастырушы ретiнде тапсырыс берушi өзiнiң мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу рәсiмдерiн орындауға жауапты құрылымдық бөлiмшесiнiң атынан әрекет етсе, тапсырыс берушiнiң осы құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысынан төмен емес лауазымды адамы конкурстық комиссияның төрағасы болып анықталуы тиiс.

11. Конкурстық комиссияның төрағасы:

1) конкурстық комиссияның қызметiне басшылық етедi;

2) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

12. Конкурстық комиссия оны құру туралы шешiм күшiне енген күннен бастап әрекет етедi және тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап өз қызметiн тоқтатады.

13. Конкурстық комиссияның шешiмi веб-порталды пайдалана отырып дауыс беру арқылы қабылданады және конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол қағаз құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады. Конкурстық комиссияның тиісті хаттамаларында конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда хатшы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты веб-порталда жариялайды.

14. Конкурстық комиссияның ұйымдастыру қызметiн конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етедi. Конкурстық комиссия хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешiмдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.

Конкурстық комиссияның хатшысы ұйымдастырушының мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруға және өткiзуге жауапты құрылымдық бөлiмшесiнiң лауазымды адамдарының арасынан анықталады.

Конкурстық комиссияның хатшысы:

1) веб-порталда конкурстық құжаттаманы қалыптастырады;

2) веб-порталда электрондық конкурс өткiзілетіні туралы хабарландыруды, электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмдерін ашу хаттамасын, электрондық конкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттаманы, сондай-ақ болған кезде басқа да құжаттарды веб-порталда жариялайды;

3) веб-порталда сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын жариялайды;

4) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

15. Ұйымдастырушыда әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестiгiн анықтау үшiн тиiстi бейiндегi мамандар болмаған жағдайда ұйымдастырушы тараптардың уағдаластығы бойынша мемлекеттiк қызметшiлердi өтеусiз негiзде, ал басқа сарапшыларды ақылы негiзге де, өтеусiз негiзде де сарапшылар ретiнде тартады.

Қызметiнiң бейiнi мемлекеттiк сатып алу мәнiне сәйкес келуi қандай да бiр тұлғаны сарапшы ретiнде тарту үшiн мiндеттi шарт болып табылады.

Ақылы негiзде сарапшыны таңдауды ұйымдастырушы Заңға сәйкес жүзеге асырады.

16. Бiрнеше сарапшыларды тартқан жағдайда ұйымдастырушы тартылған сарапшылардың арасынан сараптау комиссиясын құрады және олардың арасында сараптау комиссиясының басшысын анықтайды.

Сарапшылар (сараптау комиссиясы) әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестiгi тұрғысынан сараптау қорытындысын бередi және конкурстық комиссия шешiм қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ. Егер сарапшылардың (сараптау комиссиясының) қорытындысы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар шегiнде жасалған болса ғана, оны конкурстық комиссия мiндеттi түрде ескередi. Сараптау қорытындысына сарапшылар (сараптау комиссиясының мүшелерi) қол қояды және конкурстық комиссия хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қағаз құжаттың электрондық көшiрмесi нысанында веб-порталда электрондық конкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттамаға қоса бередi.

Сарапшы сараптау комиссиясының қорытындысымен келiспеген жағдайда, мұндай сарапшы өзiнiң ерекше пiкiрiн бiлдiредi, ол сараптау комиссиясының қорытындысына қоса берiледi және оның ажырамас бөлiгi болып табылады.

17. Электрондық конкурс өткiзу басталғанға дейiн конкурстық комиссияның мүшелерi, конкурстық комиссияның хатшысы, сондай-ақ сарапшы (сараптау комиссиясы) бекiтiлген конкурстық құжаттамамен және оған қосымшалармен танысады.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 15 мамыр №623 Астана, Үкімет Үйі Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 7 тамыз №1030 Астана, Үкімет Үйі
«Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің сынамасын іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 15 мамыр №623 Астана, Үкімет Үйі Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 20 маусым №809 Астана, Үкімет Үйі
«Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 15 мамыр №623 Астана, Үкімет Үйі Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 1 қараша №1259 Астана, Үкімет Үйі
Сәйкестендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, табыс ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 15 мамыр №623 Астана, Үкімет Үйі Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 6 тамыз №1026 Астана, Үкімет Үйі
«Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет стандартын...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 15 мамыр №623 Астана, Үкімет Үйі Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 1 ақпан №185 Астана, Үкімет Үйі Электрондық астық қолхаттары жүйесін пайдалану қағидаларын бекiту туралы
«Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабының 13 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 15 мамыр №623 Астана, Үкімет Үйі Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 12 мамыр №506, Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 15 мамыр №623 Астана, Үкімет Үйі Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 31 қаңтар №178 Астана, Үкімет Үйі
...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 15 мамыр №623 Астана, Үкімет Үйі Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 3 ақпан №202 Астана, Үкімет Үйі
...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 15 мамыр №623 Астана, Үкімет Үйі Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 17 қаңтар №88 Астана, Үкімет Үйі
«Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 15 мамыр №623 Астана, Үкімет Үйі Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 10 ақпан №214 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» 2009 жылғы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница