Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласындағы Зырян қалалық қазынашылық бөлімі ғимаратын




НазваниеШығыс Қазақстан облысы Зырян қаласындағы Зырян қалалық қазынашылық бөлімі ғимаратын
страница2/3
Дата конвертации09.01.2013
Размер0.49 Mb.
ТипДокументы
1   2   3


Жұмыстарды орындау орны: Шығыс Қазақстан облысы, Зырян қаласы, Советская көшесі, 30/1.

Шартқа қол қойылғаннан кейінгі 3 ай жұмысты орындау мерзімі болып табылады. 3 жылға кепіл.

Төлемақы шарттары: осы шарттың қазынашылық органдарында тіркелген күнінен бастап 5 операциялық күн ішінде Тапсырыс беруші Жеткізушіге шарт сомасының 30% мөлшерінде аванстық төлемақыны жүргізеді.

Кейінгі төлемдерді Тапсырыс беруші жұмыстарды орындағанына қарай бөліп төлейді, бұл ретте орындалған жұмыстар көлеміне пропорциялы мөлшердегі аванстық төлемақылар сомасы алынып тасталып, төлемдер түзетіліп отырады. Тапсырыс беруші жұмыстың орындалған бөлігі үшін төлемақыны орындалған жұмыстарды қабылдау актісі мен шот-фактура негізінде, осы құжаттардың ұсынылған күнінен бастап 10 операциялық күн ішінде жүргізеді. Түпкілікті есеп айырысу Шартта белгіленген тәртіппен жұмыстардың аяқталуы және қабылдау жөніндегі жұмыс комиссиясының актісіне қол қойылған және Мердігер берген шот-фактураны алған күннен бастап 10 операциялық күн ішінде жүргізіледі.

Баға ұсыныстары мөр басылған конверттерде Өскемен қаласы, Ушанов к., 87/2, 204 кабинет, тел. 26-29-16 мекен жайы бойынша ұсынылуы тиіс.

Баға ұсыныстарын қабылдаудың басталу күні 13.06.2008ж. 17 сағ.00 мин.

Баға ұсыныстарын қабылдауды тоқтату күні 19.06.2008ж. 17 сағ. 00 мин.

Әлеуетті Жеткізушінің баға ұсынысына жұмыстарды орындауға байланысты барлық шығындар енгізілуі тиіс.

Шарт жобасы қоса беріліп отыр.

Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қою мерзімі: қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын ұсынған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (7232) 26-36-04 телефоны арқылы алуға болады.


жоба

Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласындағы

Зырян қалалық қазынашылық бөлімі ғимаратын

күрделі жөндеуден өткізу жөніндегі мердігерлік жұмыстарды

мемлекеттік сатып алу туралы

_______ шарт
Өскемен қ. «___» ___________ 2008ж.

Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті» мемлекеттік мекемесі атынан, Ереженің негізінде әрекет ететін бастық Нұрпейісов Ілияс Нұрсейітұлы бір тараптан және бұдан әрі Жеткізуші деп аталатын __________________________________________________ атынан ________________________ негізінде әрекет ететін ______________________

__________________________________екінші тараптан, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) және 2008 жылғы «___»______________ баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысы негізінде, мемлекеттік сатып алу туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:
1. Осы Шарт талаптарына сәйкес Мердігер 2008 жылдың ____________ мерзіміне дейін Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласындағы Зырян қалалық қазынашылық бөлімі ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу жөніндегі мердігерлік жұмыстарды орындауға міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтер үшін төлемақы төлеуге міндеттенеді. Шарт бағасы ________ (________________________) теңгені құрайды.

2. Жұмыстар «Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласындағы (Советская к., 30/1) Зырян аудандық қазынашылық бөлімінің әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу» жобалау-сметалық құжаттама бойынша жүргізіледі. Бас жобалаушы–«ВК АЛМА Сервис» ЖШС.

3. Сатып алынатын жұмыстар тізбесі, өлшем бірлігі және саны осы Шарттың ажыратылмайтын бөлігі болып табылатын 1-қосымшада көрсетілген.

4. Осы Шартта төмендегі ұғымдар мына мағыналарды білдіреді:

1) «Қосалқы мердігер» - учаскеде (нысанда) Шарт бойынша жұмыстардың бір бөлігін орындауға Мердігермен жасасқан шарты және (немесе) келісімі бар тұлға не ұйым;

2) «Нысан» - Зырян аудандық қазынашылық бөлімінің әкімшілік ғимараты;

3) «Учаске» - Нысанның жөнделетін ішкі үй-жайлары;

4) «Шарт бағасы» - Шарттың жалпы сомасы;

5) «Шарт» - «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ғимараттар мен құрылыстарды салу және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу жөнінде Тапсырыс беруші мен Мердігер арасында жасасқан азаматтық-құқықтық акті. Барлық толықтырулар мен өзгерістер Шартқа қол қойылғаннан кейін өзгерістерді қабылдау арқылы жасалуы мүмкін. Шарт Жобалаушы мен Мердігер, Тапсырыс беруші мен Қосалқы мердігер арасында қандай да бір шарттық қатынастар туғызуға мүмкіндік беретін мағынада болмауы тиіс;

6) «Уақытша құрылыс» - Нысанды салуға және жөндеуге қажетті, Мердігер тұрғызып, салатын және Нысан құрылысы аяқталғаннан кейін алып тастайтын барлық уақытша ғимараттар мен құрылыстар;

7) «Материалдар» - Мердігер мен Қосалқы мердігер Нысан құрылысы үшін пайдаланатын барлық шығыс материалдары;

8) «Жабдықтар» - Нысан құрылысы учаскесінде уақытша орналасқан Мердігер мен Қосалқы мердігердің барлық машиналары және тетіктері;

9) «Құрылыс ұзақтығының мерзімі» - Мердігердің Нысан құрылысын аяқтауға тиіс мерзімі;

10) «Күндер» - күнтізбелік күндер, «айлар» - күнтізбелік айлар;

11) «Өзгерістер» - Тапсырыс берушінің Шартқа қол қойылғаннан кейін берген өзгерістері;

12) «Ақау» - Шарт талаптары бұзылып орындалған жұмыстар бөлігі;

13) «Ақаулар мен кемшіліктерді жою кезеңі» - орындалған жұмыстарды тексеруде анықталған ақаулар мен кемшіліктерді жою кезеңі.

5. Шарт тараптардың әрқайсысына бір данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде құрастырылады.

6. Жеткізушіні таңдауға негіз болған сапа мен басқа да шарттар өзгермесе, мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізуге жол беріледі:

1) егер мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу процесінде осыған ұқсас сатып алынатын жұмыстардың бағалары азаю жағына өзгерсе, орындалған жұмыстарға берілетін бағаны және тиісінше шарттың бағасын азайту бөлігінде тараптардың өзара келісуі бойынша өзгерістер енгізуге жол беріледі;

2) егер мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе және Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамаларында белгіленген тәртіппен осындай өзгеріс сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса, шарт сомасын арттыру бөлігіне өзгерістер енгізуге жол беріледі;

3) Мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілген жұмыс бірлігі үшін баға өзгермесе, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстардан басқа сатып алынатын жұмыстардың көлеміндегі қажеттіліктің азаюына не артуына байланысты Шарт сомасын азайту не арттыру бөлігіне өзгерістер енгізуге жол беріледі. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында аталған жұмыстарды сатып алу үшін көзделген соманың шегінде Шартты осылай өзгертуге жол беріледі;

4) Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты салық, кеден және басқа да салалардағы заңнаманың немесе еңбек құны мен материалдық ресурстардың өзгеруінен аяқталу мерзімі келесі (кейінгі) жылға (жылдарға) ауысатын жұмыстарды орындау жөніндегі шарт сомасын азайту не арттыру, сондай-ақ мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға тиісті өзгерістер енгізілсе, жылдар бойынша қаржыландыру өзгертілген жағдайда шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігіне өзгерістер енгізуге жол беріледі;

7. Тапсырыс беруші мен Мердігер арасындағы Нысан құрылысы мәселелеріне қатысты ресми қатынастың тек жазбаша түрде ғана күші бар.

8. Мердігер жұмыстың жалпы көлемінің (мердігерлік бағасы) 2/3 бөлігінен артылмайтын көлеміне қосалқы мердігер ұйымдармен Шарт жасаса алады және Тапсырыс берушінің жазбаша рұқсатынсыз Шартты үшінші тұлғаға бере алмайды. Қосалқы мердігерлердің бар-жоғы Тапсырыс беруші мен Мердігер арасындағы Шарт талаптарын өзгертпейді.
9. Учаскеде Қосалқы мердігерлер болған жағдайда, Мердігер өз жұмысын олармен үйлестіруі тиіс.

10. Тапсырыс беруші Мердігерге қажетті жұмыстарды орындауға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы табыстайды.

11. Егер Тапсырыс беруші Мердігердің не қосалқы мердігердің қызметкері болып табылатын тұлғаны Мердігерден себебін көрсете отырып, нысанда жұмыс істеуден босатуын өтінсе, Мердігер бұл тұлғаны 72 сағат ішінде құрылыс нысанынан шығаруы тиіс, кейін бұл тұлғаның осы Шарт бойынша жұмыстардың орындалуына ешқандай қатысы болмауы тиіс.

12. Мердігер шығындарға немесе Тапсырыс берушінің мүлкіне, өз қызметкерлерінің меншігі мен денсаулығына келтірілген залалдарға байланысты, сондай-ақ өз қызметкерлерінің мерт болуына байланысты және Шарттың орындалу барысында не орындалу салдарынан туындаған барлық қауіп-қатерлер үшін жауапты болады.

13. Тараптардың әрқайсысы олардың бірлескен іс-әрекеттері нәтижесінде не қателерінен туындаған шығындар, шығыстар мен шығындар жөніндегі талап-арыздар үшін, адамдардың денсаулығына зиян келтіргені және адамдардың мерт болғаны үшін жауапты болады және екінші тарапқа осы шығындарды өтеп береді.

14. Мердігер Нысанда жұмыс жүргізудің қауіпсіздік техникасы үшін толық жауапкершілікте болады.

15. Тапсырыс беруші Мердігерге Нысан құрылысына бөлінген барлық Учаскені пайдалануға рұқсат етеді. Егер құрылыс Учаскесінің бір бөлігі Учаскені тапсыру күніне табысталмай және сол себептен жұмыстардың орындалуы кешіктірілсе, бұл жағдайда Тапсырыс беруші жұмыстарды аяқтау мерзімін осы Учаскені табыстауды кешіктірген мерзімге ұзартуы тиіс.

16. Тапсырыс берушіге не оның уәкілетті тұлғасына, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттама әзірлеушілеріне Учаскеге не Шарт бойынша жұмыстар орындалып жатқан не орындалатын кез келген басқа жерге кіруге әрқашан рұқсат етіледі.

17. Шарт бойынша не оған байланысты Тапсырыс беруші мен Мердігер арасында туындайтын келіспеушіліктер мен дауларды барлық күштерін сала отырып, тікелей келіссөздер арқылы шешуі керек.

18. Егер Тапсырыс беруші мен Жеткізуші Шарт бойынша дауды осындай жай келіссөздер басталған күннен кейінгі 21 (жиырма бір) күн ішінде даусыз шеше алмаса, тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

19. Егер Мердігер шарт құжаттарының талаптарын сақтамай орындаған жұмыстарын түзету жөніндегі міндеттемелерін орындамаса, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жұмысты аяғына дейін орындау қабілетінен айырылса, Тапсырыс беруші Мердігерге тоқтату себептері жойылғанға дейін жұмыстарды тұтас не жартылай тоқтату жөнінде жазбаша ұйғарым арқылы өкім бере алады.

20. Егер Мердігер жұмысты түзете алмаса не түзеткісі келмесе (жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестендіру) және Тапсырыс берушінің жазбаша ескертуін алғаннан кейін жеті күн ішінде жазбаша жауап қайтармаса не әрекет етпесе, көрсетілген жеті күндік мерзім аяқталған соң, Тапсырыс беруші өз талабын қайталауға құқылы. Егер Мердігердің келесі жеті күндік мерзім ішінде көрсетілген ақауларды түзетуге жағдайы болмаса, Тапсырыс беруші өзінің басқа ықпал ету әдістерін қолдану құқығынан бас тартпай, бұл жұмысты өз күшімен орындай алады. Бұл жағдайда өзгерістер туралы тиісті бұйрық шығарылып, оның негізінде Мердігерге төленетін сомадан қосымша қызметтер үшін Тапсырыс берушінің шығындалуына мәжбүр болған өтемақыны қоса, аталған ақауларды түзету бағасы алынып тасталады. Егер көрсетілген шығындарды өтеу үшін Мердігерге төленетін сомалар жеткіліксіз болса, Мердігер айырмашылықты өз қаражатынан төлеуі тиіс.

21. Мердігер ___________ мерзімі ішінде Тапсырыс берушіге жөндеу жұмыстарының орындалу тәртібі мен мерзімі көрсетілген жұмыс кестесін бекітуге ұсынады.

22. Егер форс-мажор жағдайлары орын алса не Тапсырыс беруші ұсынған ауытқулар жұмыстарды орындау үшін қосымша мерзімдерді талап етсе, сондай-ақ жұмыстың орындалу барысында қосымша шығындарды талап ететін жасырын ақаулар анықталған жағдайда, Тапсырыс беруші жұмыстарды орындау мерзімін ұзартады. Бұл ретте Мердігер азаматтық заңнамада көзделген рәсімге сәйкес Тапсырыс берушіні жазбаша хабардар етуі тиіс.

23. Мердігер білімі мен қолдағы барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жұмысты бақылауы және бағыттауы тиіс. Мердігер жұмыстарды орындаудың құралдары, әдістері, техникасы, реті мен сапасын бақылайды және олар үшін толық жауапкершілікте болады, сондай-ақ Шарт бойынша бар жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асырады.

24.Мердігер Тапсырыс берушінің алдында өз қызметкерлері, Қосалқы мердігер(лер), Қосалқы мердігер(лер)дің қызметкерлері мен сенім білдірген адамдары, сондай-ақ Шарт шеңберінде Мердігермен жасасқан келісім негізінде жұмыстардың бір бөлігін орындап жүрген басқа да тұлғалардың іс-әрекеттері және жіберген қателері үшін жауапкершілікте болады.

25. Тапсырыс беруші жұмысты тексеру үшін сынақ өткізе алады. Егер өткізілген сынақтан кейін тексерілген жұмыста не құрылыста ақау анықталса, Мердігер жұмыстың ақауын түзетеді.

26. Тапсырыс беруші кез келген анықталған ақаулар жөнінде түзету мерзімін көрсете отырып, Мердігерді жазбаша хабардар етеді.

27. Ақаулар туралы хабарламаны алғаннан кейін, Мердігер Тапсырыс беруші көрсеткен мерзім ішінде ақауды жоюы тиіс.

28. Төлемақы түрі: Мердігердің есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы.

29. Төлемақы түрлері және мерзімдері: төлемақы осы шарттың 31-тармағында белгіленген тәртіппен аванстық төлемақыны аудару арқылы жүзеге асырылады, кейін Тапсырыс беруші Мердігер орындаған жұмыстардың нақты көлемін қабылдаған соң және қаржыландыру бөлінгенге қарай ағымдағы төлемдер жүргізіліп отырады, осы шарт талаптарына сәйкес түпкілікті төлемақы жүргізіледі.

30. Төлемақы жүргізуге дейін қажетті құжаттар: шот-фактура және орындалған жұмыстарды қабылдау актісі, жұмыстардың аяқталуы және оларды қабылдауы туралы жұмыс комиссиясының актісі.

31. Тапсырыс беруші төлемақыны Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері құрылымының «Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету» 217001 бағдарламасы, «Мемлекеттік органдарының ғимараттарын, үй-жайларын, құрылыстарын күрделі жөндеуден өткізу» 008 кіші бағдарламасы, «Ғимараттарды, үй-жайларды, құрылыстарды күрделі жөндеуден өткізу» 431 ерекшелігі бойынша жүргізеді. Шарттың қазынашылық органында тіркелген күнінен бастап 5 операциялық күн ішінде Тапсырыс беруші Мердігерге шарт сомасының 30% мөлшерінде аванстық төлемақыны (алдын ала төлеу) жүргізеді. Мердігер төленген аванстық төлемақыны осы Шарт бойынша жұмыстардың орындалуына қажетті материалдар, жабдықтар мен еңбекақыға жұмсауы тиіс. Мердігердің жұмыстарды орындағанына қарай Тапсырыс беруші кейінгі төлемдерді бөліп төлейді, бұл ретте орындалған жұмыстар көлеміне пропорциялы мөлшердегі аванстық төлемақылар сомасы алынып тасталып, төлемдер түзетіліп отырады. Тапсырыс беруші жұмыстың орындалған бөлігі үшін төлемақыны орындалған жұмыстарды қабылдау актісі мен шот-фактура негізінде, осы құжаттардың ұсынылған күнінен бастап 10 операциялық күн ішінде жүргізеді. Түпкілікті есеп айырысу Шартта белгіленген тәртіппен жұмыстардың аяқталуы және қабылдау жөніндегі жұмыс комиссиясының актісіне қол қойылған және Мердігер берген шот-фактураны алған күннен бастап 10 операциялық күн ішінде жүргізіледі.

32. Егер Тапсырыс беруші Мердігерге Шартта көрсетілген мерзімде тиісті соманы төлемесе, бұл жағдайда ол Мердігерге мерзімі өткен әр күн үшін тиісті соманың 0,1% мөлшерінде төлемдерді кешіктіргені үшін тұрақсыздық төлейді. Тұрақсыздықты төлеу келесі төлеммен бірге жүргізіледі. Тұрақсыздық пайызы төлем жүргізілетін күннен бастап есептеледі және соңғы төлем жүргізілген күнімен аяқталады.

33. Мына жағдайларда жұмыс мерзімінің ұзақтығы өзгереді немесе Мердігерге ақшалай өтемақы төленеді:

1) Тапсырыс беруші Нысанның барлық учаскесін пайдалануға рұқсат бермейді, бұл жұмыстардың орындалуын кешіктіреді. Бұл жағдайда Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша жұмыстардың орындалу мерзімін ұзартуы тиіс;

2) Тапсырыс беруші Мердігерге Шартта жоспарланбаған сынақты өткізу үшін жұмыстарды тоқтату жөнінде нұсқау береді. Егер өткізілген сынақтар нәтижесінде ақаулар анықталмаса, сынақ өткізу үшін жұмыстарды тоқтату уақыты шарттағы жұмыстарды орындау мерзіміне қосылады;

3) аванстық төлемақы кешіктіріледі;

34.Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін және кемшіліктер мен ақаулар жойылғаннан кейін, ұсталынған сома Мердігерге төленеді.

35.Мердігер Тапсырыс берушіге шарт бойынша жеткізілетін материалдар мен жабдықтардың сапасына және өзіндік техникалық ерекшеліктері мен жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігіне, жұмыс сапасы жобалау-сметалық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін деңгейге дейін төмендетілмей, ақаусыз орындалатынына кепіл береді. Осы талаптарға сай емес, соның ішінде жөнсіз және заңсыз өзгерістері бар жұмыс ақаулы деп танылады. Пайдалану ережесінің бұзылуы, Мердігердің (Қосалқы мердігердің) қатысуынсыз жаңартылуы, дұрыс ұсталмауы не жеткіліксіз техникалық қызмет көрсетуі, сондай-ақ жабдықты қалыпты пайдалану кезінде ықтималдық тозуы не бүлінуінен туындаған залалды өтеу немесе Ақауды түзету Мердігер ұсынатын кепілдемеге кірмейді. Тапсырыс берушінің талабы бойынша Мердігер материалдар мен жабдықтардың сапасын куәландыратын құжаттарды ұсынуы тиіс.

Мердігер Тапсырыс берушіге пайдалануға 3 жыл мерзіміне кепіл береді.

36. Егер тараптардың біреуі Шарт талаптарын едәуір бұзып, соның салдарынан екінші тарап Шартта көзделген басты жағдайларынан айырылатын болса, Тапсырыс беруші не Мердігер Шартта көрсетілген мерзімге дейін Шартты бұза алады.

37. Шарт талаптарын едәуір бұзу мыналар болып табылады, бірақ бұлармен шектелмейді:

1) Егер Мердігер жұмыс кестесінің орындалуын неше дүркін бұзса, Тапсырыс беруші Шартты бұза алады;

2) Мердігер 10 күн мерзіміне дейін жұмысты тоқтатады, бірақ Тапсырыс беруші жұмысты тоқтатуға рұқсат бермеген;

3) Тапсырыс беруші белгілеген уақытта Мердігер Тапсырыс беруші көрсеткен ақауларды жоймайды;

4) Тапсырыс беруші Мердігерге жұмысты тоқтата тұруға нұсқау береді және бұл нұсқаудың күші 10 күн ішінде жойылмайды;

5) я Тапсырыс беруші, я Мердігер банкротқа ұшыраса немесе қайта ұйымдастырылуы мен қосылуынан басқа қандай да бір себептермен жойылса;

6) Мердігер жобалау құжаттамасы мен шарт құжаттамасында көрсетілген жұмыс тәртібін, нұсқауларды және ережелерді орындамайды.

38.Егер Шарт Мердігердің Шартты едәуір бұзу себебінен бұзылса, Тапсырыс беруші Мердігерге аванстық төлемақы мен Тапсырыс берушінің жаңа Мердігерді таңдауына жұмсалған шығындарды ұстап, нақты орындалған жұмыс үшін қалған соманы төлейді. Егер Тапсырыс берушінің Шартты бұзуға байланысты шығындарының жалпы сомасы Мердігерге тиесілі жалпы сомадан артса, айырмашылығы Тапсырыс берушіге төленетін қарыз болып табылады.

39. Тапсырыс беруші Шартты ары қарай орындау жөнсіз болғанда, Мердігерге тиісті жазбаша хабарламаны жолдай отырып, Шартты кез келген уақытта бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетілуі және жойылған шарт міндеттемелерінің көлемі, сондай-ақ Шартты бұзудың күшіне енген күні айтылуы тиіс.

40. Бұл жағдайда, Тапсырыс беруші барлық орындалған жұмыстар, сатып алынған материалдар, Нысаннан машиналар мен механизмдерді шығаруға жұмсалған шығындар және Нысанның тоқтатылуы үшін ақы төлейді.

41. Шарт жоғарыда көрсетілген себептермен бұзылса, Мердігер Шарттың бұзылуына байланысты бұзылған күніне қарасты нақты шығындарды ғана төлеттіруді талап етуге құқылы.

42. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт мына фактілердің біреуі анықталған жағдайда кез келген сатыда бұзылады:

1) Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы;

2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізушіге Заңда көзделмеген көмек көрсетсе.

Егер Шарт бұзылса, Мердігер жұмысты тез арада тоқтатып, Нысанның жабылуын және оны белгіленген тәртіппен Тапсырыс берушіге тапсырылуын қамтамасыз етуі тиіс.

43. Егер Шарт Мердігердің Шарт талаптарын едәуір бұзу себебінен бұзылса, Нысандағы барлық материалдар мен жабдықтар, сондай-ақ уақытша құрылыстар мен орындалған құрылыс жұмыстары Тапсырыс берушінің меншігі болып есептеледі және Шарттың бұзылуына байланысты қаржылық тексеру аяқталғанға дейін оның иелігінде болады.

44. Егер табиғи апат, соғыс іс-қимылдары немесе Тапсырыс берушіге, не Мердігерге бағынысты емес қандай-да бір басқа форс-мажор жағдайы Шарттың орындалуын бұзса, Тапсырыс беруші Шарттың тоқтата тұрылуын растайды. Мердігер тоқтата тұру жөніндегі хабарламаны алғаннан кейін, өте қысқа мерзім ішінде Нысанның жабылуын және жұмыстың тоқтатылуын қамтамасыз етеді. Тапсырыс беруші Мердігерге Нысанның тоқтатылу күніне дейінгі барлық орындалған жұмыс көлемі және Нысанның жабылуына байланысты жұмыстар үшін төлемақы төлейді.

45.Мердігер орындалған жұмыстар мен барлық материалдар, жабдықтар, ресурстарды және жұмыстарға қатысты басқа да орындарды ауа райының жауын-шашыны, топан су, аяз, өрт, ұрлық және басқа да себептерге байланысты залалдың барлық түрінен, бұзылудан, жойылудан қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс. Мердігер өз жұмысын орындау барысында жоба бойынша басқа жұмыстардың, сондай-ақ Тапсырыс берушінің меншігінің, оның иелігіндегі құрылыстардың, жолдар, ғимараттар, материалдар қоймасы мен жылжымалы және жылжымайтын мүліктің өзге түрлерін қоса (бірақ мұнымен шектелмейтін), қандай да бір бұзылу түрінен және басқа да себептерден қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс. Мердігердің жоғарыда айтылғандарға байланысты барлық шығындары Тапсырыс берушінің тарапынан қосымша өтеуіне жатпайды.

46. Тапсырыс беруші жоғарыда айтылғандардың салдарынан Мердігер жұмысының толық аяқталуы мен қабылдануына дейінгі қандай да бір залал, не бүліну үшін жауапкершілікте болмайды, ал Мердігер жоғарыда айтылғандардың нәтижесіндегі қандай да бір залалды, қандай да бір бүлінуді және өзге де ақауларды түзетуді қосымша өтеусіз жүзеге асырады.
47. Мердігер Нысанға жеткізілуі тиіс барлық материалдар мен жабдықтардың жеткізілуін, тасымалдауын, түсірілуін және сақталуын ұйымдастыру үшін жауапты болады. Жеткізулер тек қана Мердігер атына жүзеге асырылады. Тапсырыс беруші жеткізу, өндеу, сақтау және көлік құралдарының тұрып қалуына ақы төлеуге байланысты шығындар үшін ешбір жағдайларда жауапкершілікте болмайды. Тапсырыс берушінің атына ешбір жеткізулер жасалмауы тиіс.
48. Мердігер материалдар мен жабдықтарды сақтау, жиыстыру не жинап қою үшін Тапсырыс беруші рұқсат еткен учаскелерді ғана пайдаланады.
49.Мердігер Учаске аумағын таза ұстайды. Мердігер Учаскеден барлық құрылыс қоқыстарын шығаруға және Учаскені тез арада ретке келтіруге міндетті.

50.Мердігер Шартта айтылған барлық жұмыстарды аяқтағаннан кейін, Тапсырыс берушіге жұмыстардың аяқталуы жөнінде хабарламаны жолдайды. Тапсырыс беруші жеті күннен кешіктірмей, Шарт бойынша жұмыстардың аяқталуын бағалау комиссиясын (Жұмыс комиссиясы) тағайындайды.
51. Жұмыс комиссиясы Мердігердің қатысуымен жүргізіледі.
52.Жұмыс комиссия актісінің күні жұмыстардың аяқталу күні болып есептеледі.
53. Жұмыс комиссиясы кемістіктер тізбесін құрастырады және оларды жою мерзімін көрсетеді. Кемістіктерді жою күні Шарттың аяқталу күні болып табылады.
54. Егер Мердігер форс-мажор жағдайлардан басқа жағдайларда жұмыстарды Шартта көзделген мерзімде орындамаса, Тапсырыс беруші Шарт шеңберінде өзінің басқа құқықтарына зиян келтірмей, өткен мерзімнің әр күні үшін Шарт бағасынан 0,1% сома тұрақсыздықты ұстап қалады.

55.Осы Шарт күшіне енген күн жұмыстардың басталу мерзімі болып саналады.
56.Мердігер осы Шарт бойынша жұмыстардың барлық түрін аяқтауды 2008 жылдың «__» __________ қамтамасыз етуге міндеттенеді.

57.Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша орындалған жұмыстар көлемі үшін Мердігерге осы Шартта айтылған соманы төлеуге міндеттенеді.

58. Мердігер осы Шарт бойынша міндеттемелерді және ақауларды түзетуде барлық міндеттемелерін толық орындаған жағдайда, Тапсырыс беруші Мердігерге осы Шарт бойынша түпкілікті төлемақыны жүргізеді.
59. Осы Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және 2008 жылдың 31 желтоқсанына дейін күші бар.
60. Тараптардың мекенжайы мен деректемелері:

1   2   3

Похожие:

Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласындағы Зырян қалалық қазынашылық бөлімі ғимаратын iconШығыс Қазақстан облысы Зырян қаласындағы Зырян қалалық қазынашылық бөлімі ғимаратын
Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті
Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласындағы Зырян қалалық қазынашылық бөлімі ғимаратын iconШығыс Қазақстан облысының Ақсуат аулындағы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті Тарбағатай аудандық қазынашылық бөлімінің әкімшілік ғимаратын
Шығыс Қазақстан облысының Ақсуат аулындағы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті Тарбағатай аудандық қазынашылық...
Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласындағы Зырян қалалық қазынашылық бөлімі ғимаратын iconШығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласындағы Зайсан аудандық қазынашылық бөлімінің
Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті
Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласындағы Зырян қалалық қазынашылық бөлімі ғимаратын iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен
...
Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласындағы Зырян қалалық қазынашылық бөлімі ғимаратын iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментінің қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен
Тарбағатай аудандық қазынашылық басқармасы үшін терезеперделерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу
Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласындағы Зырян қалалық қазынашылық бөлімі ғимаратын iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы
Бесқарағай аудандық қазынашылық басқармасының ғимараттарын дезинфекциялау қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік...
Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласындағы Зырян қалалық қазынашылық бөлімі ғимаратын iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен
Курчатов аудандық қазынашылық басқармасының ваз-21074 автокөлігін ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстарын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен...
Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласындағы Зырян қалалық қазынашылық бөлімі ғимаратын iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен
ШҚО бойынша қазынашылық департаментіның жылу желісің ағымдағы жөндеу жұмыстарын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып...
Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласындағы Зырян қалалық қазынашылық бөлімі ғимаратын icon2010-2015 жылдарға арналған «Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Северное селолық округі әкімінің аппараты» мм стратегиялық жоспары
«Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Северное селолық округі әкімінің аппараты» мм стратегиялық жоспары
Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласындағы Зырян қалалық қазынашылық бөлімі ғимаратын iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен
ШҚО бойынша қазынашылық департаментіның сумен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстарын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница