Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi есепке алу және бақылау, бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу жүргiзу туралы Нұсқаулықты бекiту жөнiнде




Скачать 458.11 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi есепке алу және бақылау, бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу жүргiзу туралы Нұсқаулықты бекiту жөнiнде
страница1/3
Дата конвертации09.01.2013
Размер458.11 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi есепке алу және бақылау, бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу жүргiзу туралы Нұсқаулықты бекiту жөнiнде

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 71 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2010 жылғы 10 қаңтарда Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 5995 болып енгiзiлдi


      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi тағайындау туралы актiлердi тiркеу туралы статистикалық есептiлiктi одан әрi жетiлдiру және Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 17 шiлдедегi «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жеке кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңының нормаларымен сәйкестендiру мақсатында, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы «Прокуратура туралы» Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып,

БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi есепке алу және бақылау, бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу жүргiзу туралы Нұсқаулық бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2007 жылғы 14 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүзеге асыратын тексерулердi мемлекеттiк тiркеу, статистикалық есепке алу және оларға бақылау жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы» № 46 бұйрығы (нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiмiнде № 5016 тiркелген) күшi жойды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) осы бұйрықты:
      1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге;
      2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiне және Комитеттiң аумақтық органдарына орындалуы үшiн жолдасын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген сәтiнен бастап қолданысқа енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                                        Қ. Мәми

Қазақстан Республикасы  
Бас Прокурорының    
2009 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 71 бұйрығымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi есепке алу және бақылау, бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу жүргiзу туралы
Нұсқаулық

1. Кiрiспе.

      1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi есепке алу және бақылау, бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу жүргiзу туралы осы Нұсқаулық (бұдан әрi – Нұсқаулық), Қазақстан Республикасының юрисдикциясындағы жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне, мемлекеттiк мекемелерiне, шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындарына қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдармен жүзеге асырылатын тексерулердi есепке алу және бақылау, бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу жүргiзу бөлiгiнде Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Заңын (бұдан әрi – Заң) және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы «Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Заңын орындау үшiн әзiрлендi.
      2. Бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу, тексерулердi есепке алу және бақылау:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүргiзiлетiн тексерулер нәтижелерi бойынша қалыптасатын құқықтық статистикалық ақпаратты жинақтау, есепке алу, талдау және шынайылы, сондай-ақ дәйектi мемлекеттiк органдарға, жеке және заңды тұлғаларға ұсыну;
      жеке кәсiпкерлiк субъектiлер, мемлекеттiк мекемелер, шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындар қызметтерiнiң тексерулерiн жоспарлау және оңтайландыру барысында елдегi құқық қорғау қызметiнiң тиiмдiлiгi мен сапасын жоғарылату мақсаттарында жүзеге асырылады.
      3. Осы Нұсқаулықта:
      тексерулердi бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және бақылау субъектiлерi – Қазақстан Республикасының заңдарымен жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн, мемлекеттiк мекемелердi, мемлекеттiк кәсiпорындар және коммерциялық емес ұйымдарды тексеруге уәкiлеттi мемлекеттiк органдар;
      уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың тексеру объектiлерi – жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi, мемлекеттiк мекемелер және мемлекеттiк кәсiпорындар, сонымен қатар коммерциялық емес ұйымдар;
      тексеру тағайындау туралы актi – Қазақстан Республикасының  заңнамалық актiлерiмен белгiленген талаптардың сақталуымен рәсiмделген мемлекеттiк органның құқықтық актiсi;
      тексерулердi жоспарлау – уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен тексерулердi жыл сайынғы жүйелеу, оңтайландыру және тәртiпке келтiру процедурасы;
      ақпараттық есепке алу құжаттары - оның негiзiнде мемлекеттiк құқықтық статистикалық және арнайы есепке алу деректерi қалыптасатын белгiленген үлгiдегi материалды (қағаз, магниттiк, оптикалық) құқықтық статистика ақпарат жеткiзгiшi түсiнiктерi қолданылады.

2. Тексерулер тағайындау туралы актiлердi мемлекеттiк тiркеу

      4. Мемлекеттiк тiркеу процедурасы өзiне тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеудi, тексеру жүргiзу мерзiмiнiң ұзартылуы, тоқтатылуы, қайта жаңғыртылуы туралы, тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеуден бас тартуды, тексеру туралы мәлiметтердi есепке алу және оның нәтижелерi, сонымен қатар өткiзiлмеген тексерiстi құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында есептен шығаруды енгiзедi.
      Тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеуден бас тарту шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қатысты жүргiзуге жол берiледi.
      Тексеру тағайындау туралы актiлердi мемлекеттiк тiркеу процедурасы және тиiсiнше, осы Нұсқаулық талаптары:
      мемлекеттiк мекемелермен өздерiнiң аумақтық және құрылымдық бөлiмшелерiн, сонымен қатар ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк органдарды, мекемелер мен ұйымдарды;
      уақытша ұстау изоляторларында, тергеу изоляторларында және қабылдау-бөлу орындарында тұлғаларды ұстау заңдылығын, қылмыстық қуғындау органдарымен жедел-iздестiру қызметiн жүргiзудi;
      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы «Мемлекеттiк құпиялар туралы» Заңының орындалуын;
      Заңның 33-бабының 4-тармағымен көзделген қатынастар саласында тексеру жүргiзумен байланысты құқықтық қатынастарға таратылмайды.
      Аймақта құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының әскери немесе көлiктiк бөлiмшесi болмаған жағдайда, есепке алуды жүргiзу және бақылау үшiн тексеру тағайындау туралы актiлердi тiркеу құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының аумақтық бөлiмшесiмен мәлiмет үшiн ақпараттық есепке алу құжаттарын кейiннен келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының тиiстi әскери немесе көлiктiк бөлiмшесiне ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
      5. Тексеру тағайындау туралы актiнiң тiркелуi құқықтық статистика және арнайы есепке алу органымен тексеру объектiсiнiң тiркеу орны бойынша немесе өз қызметiн жүзеге асыру орны бойынша тексерудiң басталуына дейiн жүзеге асырылады.
      Тiркелу үшiн құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына тексеру тағайындау туралы актiнiң екi данасы (түпнұсқа және куәландырылған көшiрме), Нұсқаулыққа қоса берiлген 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органымен жүзеге асырылатын тексеру туралы мәлiметтер толтырылған есепке алу карточкасы (бұдан әрi – № 1-П нысанды есепке алу карточка) ұсынылады.
      Тексерулердi есепке алудың ведомстволық автоматтандырылған жүйелерiн жүргiзу барысында, тексерудi мемлекеттiк тiркеу үшiн көрсетiлген электронды цифрлi қол қойылған құжаттар құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен анықталатын электронды форматта жолданады.
      Тексерулердi есепке алудың автоматтандырылған ведомстволық жүйесiнiң болмаған жағдайында, тексеру тағайындау туралы актi және № 1-П нысанды есепке алу карточкасы электронды форматта рәсiмделуi мүмкiн, содан соң, электронды цифрлi қол қойылғаннан кейiн құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының Интернет-ресурс құралының көмегiмен тiркелуi үшiн ұсынылады.
      Бақылаушы және тiркеушi органдардың орналасқан жерiнен елеулi қашықтықта орналасқан объектiлерде жоспардан тыс тексеру жүргiзу жағдайында, тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеу тексеру басталғаннан соң, келесi бес жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.
      6. Жоспардан тыс тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеу барысында мемлекеттiк орган қызметкерi Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру тағайындау үшiн негiз болған құжаттың түпнұсқасы мен көшiрмесiн ұсынады.
      Тексеру тағайындаудың негiзi болып табылған құжаттың түпнұсқасы мемлекеттiк орган қызметкерiне қайтарылады, ал көшiрмесi құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында қалады.
      7. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының қызметкерi ақпараттық есепке алу құжаттарын ала отырып, тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеуге ұсыну сәтiнен үш сағаттан кешiктiрмей:
      Нұсқаулыққа қоса берiлген 2-қосымшаға сәйкес ресiмделген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүзеге асыратын тексерулердi тағайындау туралы актiлердi тiркеу Журналына (бұдан әрi – Журнал), № 1-П нысанды есепке алу карточкасына және оған қоса берiлетiн талон-қосымшаға жазба енгiзедi;
      тексеру тағайындау туралы актiнiң қолданыстағы заңнамаға сәйкестiгiн, № 1-П нысанды есепке алу карточкасының және тексеру тағайындау туралы актiнiң толтырылуының толықтығын тексередi.
      Сонымен қатар, құжаттардың тiркелуi үшiн уақытылы ұсынылуын, мемлекеттiк органмен тексеру тағайындау барысындағы аумақтылық принциптiлiгiн сақтауды тексередi.
      Актiнi тiркеуден бас тарту үшiн негiз болмаған жағдайда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы қызметкерiмен Нұсқаулыққа қоса берiлген 3-қосымшаға сәйкес тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеу туралы мөр басылады.
      Тiркегеннен соң, актiнiң түпнұсқасы мемлекеттiк органның лауазымды тұлғасына қайтарылады. Актiнiң көшiрмесi құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында қалады.
      Құқықтық статистика және арнайы есепке алу орган қызметкерi электронды тiркеудiң аяқтағаны туралы, мемлекеттiк тiркеу субъектiсiне электронды цифрлi қол қойылған тексеру тағайындау туралы актiнiң тiркелгендiгi туралы хабарлама жолдайды.
      8. Тексеру қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiне төнген қауiп-қатердi тез арада жоюды талап ететiн қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайға байланысты туындаған ерекше жағдайларда, сондай-ақ заңнаманың бұзылуын олардың тiкелей жасалуы сәтi кезiнде алдын алу мақсатында және дәлелдемелердi бекiту үшiн шұғыл әрекет жүргiзу үшiн жұмыс уақытынан тыс мерзiмде (түнде, демалыс немесе мереке күндерiнде) тексеру жүргiзу кезiнде, тексеру жүргiзудiң өзге де шарттарын реттейтiн Қазақстан Республикасымен ратифицирленген халықаралық келiсiмдерге сәйкес тексеру жүргiзу барысында тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеу, тексеру басталғаннан соң келесi жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
      9. Тексеру мерзiмдерiн тоқтату немесе жаңғырту туралы, сонымен қатар тексеруге қатысатын тұлғалардың құрамы өзгерген кезiнде мемлекеттiк тiркеу субъектiсi құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына тексерудiң тоқтатуына немесе қайта жаңғыруына дейiн бiр күн бұрын енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар туралы ескертпенi жолдайды.
      Сонымен қатар, ескертпеде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының журналы бойынша тексеру тағайындау туралы актiнiң нөмiрi және тiркеу күнi, тексерiлушi объектiнiң толық атауы және орналасқан жерi, тексерудiң тоқтатылған, жаңартылған күнi немесе тексеруге қатысушы тұлғалар құрамының өзгеруi көрсетiледi.
      Тексеру мерзiмi ұзартылған жағдайда, мемлекеттiк тiркеу субъектiсi құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында тексеру тағайындау туралы актi нөмiрiмен, тiркелген күнiмен, құжаттардың келiп түскен күнiне сәйкес келетiн тексерудi ұзарту туралы актiнi тексерудiң аяқталу мерзiмiнен кешiктiрмей рәсiмдейдi.
      Тiркеу тексерудi ұзарту туралы актiде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының мөртабанмен тексерудi жүзеге асырған қызметкердiң тегi, аты-жөнi көрсетiлiп, қолы қойылып нақтыланады.
      Журналда тексерудi ұзарту туралы актiнi ұсыну күнi көрсетiлген белгi қойылады.
      10. Мемлекеттiк тiркеу субъектiсi тексеру аяқталуы бойынша үш жұмыс күнi iшiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына № 1-П нысанды есепке алу карточкасына талон-қосымшаны, егер электронды тiркелген жағдайда, оның электронды форматын ұсынады.
      Мемлекеттiк тiркеу субъектiсiмен тағайындалған тексерудi жүргiзуден бас тартқан, прокурордың немесе соттың шешiмi бойынша тексерудi оның аяқталуына дейiн тоқтатқан жағдайда, мемлекеттiк тiркеу субъектiсiмен ол туралы шешiм қабылданғаннан соң үш жұмыс күнi iшiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына ескертпе жолданады.
      11. Тексеру тағайындау барысында мемлекеттiк тiркеу субъектiсiмен жiберiлген Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы анықталған жағдайда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының қызметкерi (қолма қол, факс арқылы, электронды пошта арқылы) ақпараттық есепке алу құжаттарды құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының басшысына, немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғаға тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеуден бас тарту туралы шешiм қабылдау үшiн ұсынады.
      Тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеуден бас тарту туралы қорытынды (бұдан әрi – Қорытынды) Нұсқаулыққа қоса берiлген 4-қосымшаға сәйкес, ақпараттық есепке алу құжаттар құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына келiп түскен сәттен 24 сағаттан аспайтын мерзiмде жазбаша түрде екi данада жасалады.
      Көрсетiлген мерзiмiнiң аяқталуы мерекелiк немесе демалыс күндерiне сәйкес келген жағдайда, бас тарту құқығын қолдану мерзiмi келесi жұмыс күнi болып табылады.
      Тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеуден бас тарту Қазақстан Республикасы заңнамалары мен осы Нұсқаулық талаптарының нақты бұзушылықтарын көрсете отырып дәлелдi болуы тиiс.
      12. Мемлекеттiк тiркеу субъектiсiмен тексеру тағайындау барысында Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуы туралы мәселенi анықтау үшiн ұсынылған құжаттарды қосымша зерделеу қажет болған жағдайда, шешiм ақпараттық есепке алу құжаттары құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына келiп түскен сәттен екi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде қабылдануы тиiс.
      Тiркеусiз қайтарылып, бас тартылған жағдайда, тексеру тағайындау туралы актiде Нұсқаулыққа қоса берiлген 5-қосымшаға сәйкес «бас тартылған» мөртабан қойылады, № 1-П есепке алу карточкасының 19-тармағы толтырылады және Журналға тиiстi белгi енгiзiледi.
      13. Мемлекеттiк тiркеу субъектiсiне тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеуден бас тарту үшiн, егер өзгесi Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiмен, Қазақстан Республикасымен ратифицирленген халықаралық келiсiмдермен және осы Нұсқаулықпен белгiленбеген болса, келесi негiздердiң бiрiнiң болуы жеткiлiктi:
      1) тексерулер жоспарында көрсетiлмеген жоспарлық тексерудi тағайындау;
      2) жоспарлы тексеру тағайындау кезiнде алдыңғы тексеруге қатысты уақыттық ара-қашықтықтың сақталмауы;
      3) мемлекеттiк органдармен олардың құзыретiне енбейтiн мәселелер бойынша тексерулер тағайындау;
      4) Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген мерзiмдерге қатысты, тексеру тағайындау туралы актiде көрсетiлген тексеру жүргiзу мерзiмiнiң асып кетуi немесе өтiп кетуi;
      5) жасырын түрдегi өтiнiш бойынша объектiнi тексерудi тағайындау;
      6) егер осы мәселе және кезең бойынша бұрын осы, немесе оның жоғары тұрған (төмен тұрған) органмен, немесе басқа да мемлекеттiк органмен тексеру өткiзiлген болса, мемлекеттiк органмен объектi қызметiн тексерудi тағайындау;
      7) егер алдыңғы тексерумен бұзушылықтар анықталмаса, жоспардан тыс бақылаулық тексерудi тағайындау;
      8) жоспардан тыс тексеру тағайындау негiзiнiң жазбаша нақтылауының болмауы (сұрау, тапсырма, өтiнiш, шағым, жолдау, сенiм телефондары бойынша өтiнiштердi тiркеу кiтабына тiркеу туралы белгi, қарсы тексеру тағайындау барысындағы актi көшiрмесi және заңнамамен көзделген өзге де негiздер);
      9) өтiнiште немесе хабарламаларда, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылғандығы туралы өзге де жүгiнулерде көрсетiлген уақыт аралығының шегiнен шығатын кезеңге тексеру тағайындау;
      10) тексеру жүргiзудi оған тиiстi өкiлеттiгi жоқ тұлғаларға тапсыру;
      11) бiр тексеру тағайындау туралы актiде, салық органында тiркеу есебiне қою, бақылау-кассалық машиналардың болуы, этил спиртiн босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттiң, «Салық және бюджетке  төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы мәселелерi бойынша жүргiзiлетiн салықтық тексерулердi қоспағанда, тексеруге ұшырайтын бiрнеше объектiлердi көрсету;
      12) заңмен белгiленген мерзiмде ол бойынша тексеру тоқтатылған және қайта жаңғыртылмаған объектiнi тексерудi қайта тағайындау;
      13) Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген шектi мерзiмдерiнен асатын мерзiмге тексерудi тағайындау немесе оны ұзарту;
      14) алда тұрған тексеру туралы жеке кәсiпкерлiк субъектiсiн ескерту жөнiнде мәлiметтердiң болмауы;
      15) тексерулердiң жүргiзу тәртiбi мен жағдайларын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының бұзылуы.
      14. Мемлекеттiк тiркеу субъектiсiне тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеуден негiзсiз бас тартуы жоғарыда тұрған құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына немесе сотқа шағымдалуы мүмкiн.
      15. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында тiркелген тексерудi өткiзбеу жағдайында, мемлекеттiк тiркеу субъектiсiмен тексерудiң өткiзiлмеуiнiң себебiн көрсету арқылы ескертпе жасалады.
      Ескертпе құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына тексеру тағайындау туралы актiде көрсетiлген тексерудiң нақты аяқталған сәтiнен үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей ұсынылады. Осы мәлiметтер негiзiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы мәлiметтердi Журналға енгiзедi.
      16. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы тұрақты түрде тексерулер мерзiмдерiнiң ұзартылуына, тоқтатылуына және жаңғыртылуларына есепке алуды және бақылауды жүргiзедi.
      17. Мемлекеттiк тiркеу субъектiлерi құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында тiркелген актiлер және жүргiзiлген тексерiстер бойынша салыстыруды тоқсанда бiр реттен кем емес жүргiзедi.
      Орталық мемлекеттiк органдармен жүргiзiлген тексерулер бойынша салыстыру құқықтық статистика және арнайы есепке алу орталық органында жүргiзiледi.
      Салыстыру құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы басшысымен бекiтiлген кестесi бойынша жүргiзiледi.
      Салыстырулардың уақытылы өткiзуiн бақылау мемлекеттiк тiркеу субъектiсi басшысына жүктеледi.
      Салыстырудың аяқталуы бойынша актi жасалады.
      Салыстыру актiсiнде бейнеленуге келесi мәселелер жатады:
      1) салыстыру жүргiзудiң уақытылығы;
      2) тiркелуiнен бас тартылған тексерулердi тағайындау туралы актiлердiң саны;
      3) тексерулердi тағайындау туралы тiркелген актiлердiң саны;
      4) тексерулердiң түрлерi бойынша бөлумен, тiркелген актiлер бойынша жүргiзiлген тексерулердiң саны;
      5) ұзарту туралы актiлердi, тексерулер мерзiмдерiнiң тоқтатылуы мен жаңғыртылуы туралы ескертпелердiң уақытылы ұсынылуы;
      6) есепке алу үшiн талон-қосымшалардың уақытылы ұсынылуы;
      7) жүргiзiлмеген тексерулердi есептен алу туралы ескертпенiң уақытылы ұсынылуы;
      8) көрсетiлген деректемелерге сәйкес Журналға енгiзiлген мәлiметтердiң есепке алуының толықтығы.
      Салыстыру актiсiне салыстыруды жүргiзген құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы және мемлекеттiк тiркеу субъектiсi қызметкерлерiмен қол қойылады және көрсетiлген органдардың басшыларымен бекiтiледi.
      Салыстыру актiсi екi данада жасалады, оның бiр данасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында қалады, екiншi данасы салыстыру жүргiзген мемлекеттiк тiркеу субъектiсiнiң лауазымды тұлғасына берiледi.
      18. Егер салыстыру немесе мемлекеттiк тiркеу субъектiлерiнде тексеру жүргiзу барысында тiркеуден өтпеген тексеру тағайындау туралы актiнi, немесе тексеру тағайындау туралы актiнi шығармай жүргiзiлген тексерулер анықталған жағдайда, мемлекеттiк тiркеу субъектiсi алдын ала өзiнiң тiркеу журналында тиiстi жазу жазып, олардың анықтаған сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына тiркелмеген тексерулерге толтырылған № 1-П нысанды есепке алу каточкаларын және талон-қосымшаларды ұсынады.
  1   2   3

Похожие:

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi есепке алу және бақылау, бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу жүргiзу туралы Нұсқаулықты бекiту жөнiнде iconШағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң 2005 жылға арналған номенклатурасын және олардың көлемiн (пайызбен көрсеткенде) бекiту туралы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңының 8-бабының 2-2-тармағына...
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi есепке алу және бақылау, бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу жүргiзу туралы Нұсқаулықты бекiту жөнiнде iconЭлектрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы»
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 13-бабының 14 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi есепке алу және бақылау, бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу жүргiзу туралы Нұсқаулықты бекiту жөнiнде iconШағын кәсiпкерлiк субъектілерiнен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң 2004 жылға арналған номенклатурасын және олардың көлемiн (пайызбен көрсеткенде) бекiту туралы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңы 8-бабының 2-2-тармағына және...
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi есепке алу және бақылау, бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу жүргiзу туралы Нұсқаулықты бекiту жөнiнде icon«Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен өкiлдiгiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Мемлекеттiк қызмет «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi есепке алу және бақылау, бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу жүргiзу туралы Нұсқаулықты бекiту жөнiнде iconШағын кәсіпкерлік субъектiлерінен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) түрлерінiң 2003 жылға арналған номенклатурасын бекіту туралы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңының 8-бабының 2-2-тармағына...
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi есепке алу және бақылау, бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу жүргiзу туралы Нұсқаулықты бекiту жөнiнде icon«Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жерi бойынша тiркеу есебiнен шығару» мемлекеттiк қызмет стандарты
Ркеу есебiнен шығару (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасында халықтың iшкi көшi-қонын есепке алу және Қазақстан...
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi есепке алу және бақылау, бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу жүргiзу туралы Нұсқаулықты бекiту жөнiнде iconМемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы...
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi есепке алу және бақылау, бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу жүргiзу туралы Нұсқаулықты бекiту жөнiнде icon"Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу" мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту және "Жеке және заңды тұлғаларға
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы...
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi есепке алу және бақылау, бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу жүргiзу туралы Нұсқаулықты бекiту жөнiнде iconҰлттық бiрыңғай тестiлеудi өткiзу қағидаларын бекiту туралы және "Бiлiм алушылардың үлгерiмiн ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттiк аттестаттау
Бiлiм алушылардың үлгерiмiн ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттiк аттестаттау жүргiзудiң үлгi ережесiн бекiту туралы...
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi есепке алу және бақылау, бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу жүргiзу туралы Нұсқаулықты бекiту жөнiнде iconҚазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың біліктiлігін арттыру ережесiн бекiту туралы
Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттырудағы, мемлекеттік қызметтi кәсiби кадрлармен қамтамасыз...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница