56 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы №84 қаулысының күші жойылды деп тану туралы




Скачать 54.93 Kb.
Название56 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы №84 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Дата конвертации09.01.2013
Размер54.93 Kb.
ТипДокументы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы

56 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы

84 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 56 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2004 ж., № 2, 28-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесiне:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 66-бабының 1-тармағында көрсетілген құрылыстар мен техникалық құрылғыларды қолдана отырып, жер үсті суларын жинап алу және (немесе) пайдалану (бұдан әрі – жер үсті суларын жинап алу және (немесе) пайдалану).»;

4-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;

6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жалылсын:

«1 қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органдары – барлық жағдайда»;

3) тармақшада «пайдалану мен қорғау» деген сөздер «зерделеу мен пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) тармақшада «жер асты суларын» деген сөздер «суды» деген сөзбен ауыстырылсын;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары – балық шаруашылығында маңызы бар тоғандардан жер үсті суларын жинап алу кезінде және оған сарқынды және қашыртқы суларын ағызу кезінде.»;

7-тармақта:

1) тармақшада «сарқынды және қашыртқы суларын ағызу» деген сөздер «арнайы су пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) тармақшадағы «су ағызуды» деген сөздер «суды» деген сөзбен ауыстырылсын;

3) тармақшада «сарқынды және қашыртқы суларын» деген сөздердің алдынан «су жіберу және (немесе)» деген сөздермен, «тұлғаларға» деген сөзден кейін «жер үсті суларын жинап алуға және (немесе) пайдалануға» деген сөздермен толықтырылсын;

8-тармақтың 4) тармақшасында «пайдалану мен қорғау» деген сөздер «зерделеу мен пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;

9-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) осы ережеге қосымшада келтірілген мәліметтерді көрсете отырып арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтінішті;»;

3) тармақша алынып тасталсын;

5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«5) салық органында есепте тұрғаны туралы куәліктің немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесін;

6) осы ереженің 6-тармағында белгіленген арнайы су пайдалану шарттарын келісуді.»;

7) тармақша алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2 және 9-3-тармақтармен толықтырылсын:

«9-1 Су жинап алуға арналған су объектiлерiн пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшiн осы ереженiң 9-тармағында көрсетiлген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:

1) су тұтынушылар мен олардың суға қажеттiлiктерi туралы мәлiметтер;

2) су жинауды есепке алу мен жинап алынатын су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер.

9-2. Гидроэнергетика мақсаттары үшiн су объектілерiн пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшiн осы ереженiң 9-тармағында көрсетiлген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:

1) гидроэлектр станциясының белгiленген қуаты туралы деректер;

2) энергетикалық, су ағызу және өзге де құрылыстардың өткізу қабiлетi туралы мәлiметтер;

3) балық қорғау және балық өткiзу құрылыстары туралы мәлiметтер;

4) жоғарғы және төменгi бьефтердегi су режимi мен су сапасының көрсеткiштерiн бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәлiметтер;

5) гидроэнергетика мұқтаждарына су ресурстарын пайдаланудың өтініш берілген көрсеткіштерi туралы деректер.

9-3. Су жинап алусыз жер үстi су объектілерiн пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшiн осы ереженің 9-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:

1) кеменің техникалық сипаттамалары;

2) кеменің тіркелген порты (тіркелу орны) көрсетiле отырып оны пайдалануға Кеме қатынасы тіркелімiнiң рұқсаты;

3) кемеде жиналатын сарқынды сулардың, қалдықтар мен шығарындылардың бүкіл көлемін қабылдауға арналған жағалаулық және жүзу құрылғыларымен қамтамасыз етiлу туралы деректер;

4) су объектiсінің және қоршаған ортаның жай-күйiне келеңсіз әсер ететiн немесе әсер етуi мүмкін объектiлердi пайдалану және жұмыстарды жүргiзу кезiнде акватория учаскесiндегi су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәлiметтер.»;

Осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетілген ережеге қосымшамен толықтырылсын.

2. «Арнайы су пайдалану жөніндегі қызметтi лицензиялау ережесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы № 84 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2004 ж., № 3, 44-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы « »

№ қаулысына

қосымша

Арнайы су пайдалануға

рұқсат беру ережесiне

қосымша

Арнайы су пайдалануға рұқсат беруге

арналған өтініште көрсетілетін мәліметтер
Арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште мынадай мәліметтер көрсетіледі:

1) су пайдаланудың түрі (осы Ереженің 2-тармағына сәйкес);

2) жер үсті суларын жинап алу және (немесе) пайдалану (сарқынды суларды ағызу, жер асты суы көзінің) орындарының координаттары көрсетілген ахуалдық схема;

3) су пайдалану мақсаты;

4) су объектісінің атауы, негізгі гидрологиялық және гидрогеологиялық сипаттамалары, су пайдаланудың басқа да шарттары;

5) жер үсті суларын жинап алу және (немесе) пайдалану (ағызылатын сарқынды сулардың, жинап алынатын жер асты суларының) болжанып отырған көлемі (мың м3/жыл, м3/тәулік, л/с);

6) өнім бірлігіне кететін жер үсті, жер асты және сарқынды сулардың үлестік шығыстары;

7) су пайдалануды бастау мен аяқтаудың болжанып отырған мерзімдері;

8) су тұтыну мен су жіберудің теңгерімдік схемасы мен есептемелері;

9) су пайдалануға жауапты тұлғаның аты-жөні, байланыс телефоны;

10) су пайдаланушының өндірістік қызметіне сипаттама (шығарылатын өнімнің көлемі, қызметкерлердің, қызмет көрсетілетін халықтың саны, қуаты, суарылатын учаскелердің алаңдары);

11) өтініш берушінің техникалық және технологиялық іс-шараларды, қайта өңдеуді және жұмыстардың қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуді қоса алғанда, жер үсті және жер асты суларын сарқылу мен ластанудан қорғауға, сарқынды суларды қабылдағышқа, қоршаған ортаны қорғауға қатысты ниеті;

12) өтініш берушінің кен орнынан (оның учаскесінің) жер асты суларын жинап алу кезіндегі су пайдалану шарттары туралы ниеті;

13) арнайы су пайдалануға бұрын берілген рұқсаттың деректері (нөмірі, берілген күні, кім берді, қолданылу мерзімі, егер осылар өтініш берушіде бар болса, жер үсті және жер асты суларын жинап алу және (немесе) пайдалану жөніндегі пайдалану, өнеркәсіптік және басқа да сарқынды суларды жер беті су объектілеріне ағызу тәжірбиесі);

14) жер үсті және жер асты суларын пайдаланғаны үшін төленетін төлемдердің болжанып отырған есебі;

15) суды пайдалануды есепке алуға, режимдік байқауларды және зертханалық талдаулар жүргізуге арналған жабдықтардың сипаттамалары;

16) суды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін іс-шаралар.

___________________________


Похожие:

56 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы №84 қаулысының күші жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 5 шілде №910 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы №1063 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
56 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы №84 қаулысының күші жойылды деп тану туралы iconҚазақстан инвестициялық қоры туралы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
56 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы №84 қаулысының күші жойылды деп тану туралы icon«Реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы жер учаскелерін жалға беру ережесін бекіту туралы»
Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы №1063 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
56 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы №84 қаулысының күші жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 12 мамыр №506, Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
56 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы №84 қаулысының күші жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 25 қыркүйектегi №885 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы
Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң...
56 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы №84 қаулысының күші жойылды деп тану туралы icon«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күші жойылды деп тану туралы»

56 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы №84 қаулысының күші жойылды деп тану туралы icon"Медициналық және фармацевтикалық қызметтің біліктілік талаптары мен лицензиялау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы
Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы №1894 қаулысына езгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009...
56 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы №84 қаулысының күші жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 3 маусым №622 Астана, Үкімет үйі
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 қазандағы №1100 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
56 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы №84 қаулысының күші жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу...
56 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы №84 қаулысының күші жойылды деп тану туралы icon«Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница