Құқық қорғау органдарының жаңа бейнесі: Тиімділік, транспаренттілік және кәсібилік Мемлекет басшысы 2012 жылдың 8 сәуірінде «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы»




Скачать 66.68 Kb.
НазваниеҚұқық қорғау органдарының жаңа бейнесі: Тиімділік, транспаренттілік және кәсібилік Мемлекет басшысы 2012 жылдың 8 сәуірінде «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы»
Дата конвертации09.01.2013
Размер66.68 Kb.
ТипДокументы
Құқық қорғау органдарының жаңа бейнесі: Тиімділік, транспаренттілік және кәсібилік
Мемлекет басшысы 2012 жылдың 8 сәуірінде «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Жарлыққа қол қойды.
Еліміздің тарихында алғаш рет құқық қорғау жүйесінің жаңа кадрлық әлеуетін қалыптастыру жөнінен кең ауқымды іс-шаралар бастау алды.
Қазақстан халқына биылғы Жолдауында ел Президенті Н.Ә.Назарбаев құқық қорғау органдарын сапалы кадрлық жаңарту мәселесін шешу, барынша қысқа мерзім ішінде оның бүкіл жеке құрамын қайта аттестаттаудан өткізу туралы нақты нұсқау берді.
Құқық тәртібі мен азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, құқық қорғау органдарының еліміздің өмірлік қызметінде айрықша рөл атқаратыны белгілі.
Бұған дейінгі жылдары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша олардың жұмысының тиімділігін арттыру үшін көптеген жұмыстар атқарылды.
Құқықтық база жаңартылды, құрылым оңтайландырылды, сабақтастық айқындалды, функцияларға шектеулер қойылып, олардың бірін-бірі қай­талаушылығы жойылды, қылмыстық саясат айтарлықтай ізгілендірілді. Материалдық-техникалық базаны нығайту үшін қыруар қаржы бөлінді. Осының бәрі құқық қорғау жүйесінің қоғамның күткендегісіне сәйкес келетіндей жаңа бей­несін қалыптастыру үшін заманауи негіз қалауға жағдай жасады.
Сонымен бірге, бүгінде құқық қорғау органдарының қызметі сапалы жаңғыртуды талап етеді. Бұл салада мемлекеттің құқықтық дамуына тежеу келтіретін бірқатар объективті себептер бар.
Біріншіден, көбіне-көп қоғам құқық тәртібі органдарын күштік институттар ретіндей қабылдайды. Олардың жұмысындағы профилактика көп жағдайда екінші кезекте қалып жатады.
Екіншіден, құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлыққа бейім. 2011 жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бәрінен де ішкі істер органдарында жиі тіркелген – 379 рет. ІІБ қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық баптары бойынша 246 қылмыстық іс қозғалған, мұның өзі бүкіл мемлекеттік құрылымдар ішіндегі ең нашар нәтиже болып табылады. Бұл мемлекеттік қызметшілер үстінен қозғалған қылмыстық істердің жалпы санының 14 пайызы.
Қаржы полициясы (50 қылмыстық іс), төтенше жағдайлар (36), ҰҚК Шекара қызметі (33) органдарында және басқаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көрсеткіштер төмен.
Үшіншіден, құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі әлеует толық көлемде жүзеге асырылмайды. Қылмыстарды жасыру пайызы жоғары күйінде өзгеріссіз қалып келеді. Нәтижелерге баға беру көбіне-көп сапалық емес, сандық көрсеткіштерге негізделеді.
Жарлыққа сәйкес құқық қорғау органдарының бүкіл жеке құрамын қысқа мерзімде аттестаттаудан өткізуге тура келеді, ал ол 110 мыңнан астам қызметкер.
Осындай кең ауқымды науқанға дайындық барысында шетелдер тәжірибесі, атап айтқанда, ТМД-ның бірқатар елдерінің, АҚШ-тың, Францияның, Норвегияның, Ұлыбританияның, Швецияның және басқалардың тәжірибелері жан-жақты зерттелді.
Мәселен, 2010 жылы Англияда құқық қорғау органдары қызметін оңтайландыруға бағытталған «Әлеуметтік жауапкершілік және полицияны реформалау туралы» Заң қабылданды. Нәтижесінде, 2011 жылы Ұлыбритания полициясы 3,2 пайызға қысқарды.
Шотландияда 2012 жылы полиция мен өрт қызметін реформалау туралы билл қабылданып, соның шеңберінде аталған мемлекеттік құрылым қызметіне оны қайта құрылымдау және қызметтің тиімділігін арттыру бағытында оңтайландыру жүргізілді.
Польшада құқық қорғау жүйесіне реформалар жүргізу нәтижесінде Польша полициясы қызметінің тиімділігін айтарлықтай арттырудың сәті түсті.
Осылайша, қоғамдық пікірге жүргізілген сұрау салуларға сәйкес, тұрғындардың 72 пайызы полиция қызметкерлеріне сенеді, 68 пайызы полиция жұмысын жақсы деп есептейді.
Дәл осындай реформалар Балтық бойы елдерінде де жүзеге асырылды.
Көршілес Ресейде құқық қорғау жүйесін реформалау жұмыстары 2010 жылдан бері жүргізіліп келеді. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың стратегиялық бағыты «Полиция туралы» Федералдық заңда бекітілген.
Аталған заңнамалық акт шеңберінде 2011 жылдың 1 наурызынан 1 тамызына дейінгі кезеңде Ресей ІІМ-нің барлық қызметкерлері кезектен тыс қайта аттестаттаудан өтті, соның нәтижесінде, ІІМ органдарынан 226900 адам жұмыстан шығарылды, ол жалпы санның 22 пайызын құрайды.
Оның сыртында 340 генералдың 143-і қайта аттестаттаудан өтпей қалды, жоғары командалық құрамның 73 басшысы тікелей де, көлбеу деңгейде де өзге өңірлерге ауыстырылды.
Бұлар жеке және іскерлік сапалары дәрежесіне, кәсіби тәжірибесінің төмендігіне орай қайта аттестаттаудан өте алмаған және ІІМ қатарынан кетуге мәжбүр болған ІІМ қызметкерлері.
Ресейлік тәуелсіз сарапшылардың пайымдауларынша, бұл шара ІІМ-нің кадрлық құрамын айтарлықтай қысқартуға және өзгертуге жағдай жасады, құқық қорғау жүйесін, әсіресе, оның басқарушы құрамын елеулі түрде қайта құрылымдау жүзеге асты, ал ол сыбайлас жемқорлық схемасын төмендетудің айтарлықтай тәсілі болып табылды.
Бүтіндей алғанда, әлемдік тәжірибе құқық қорғау жүйесі сияқты үлкен де күрделі мемлекеттік жүйенің қызметін сапалық өзгерту мен тиімділігін арттырудың тез және барлық жерде бірдей жүзеге аса бермейтінін көрсетіп отыр.
Ол үшін аталған мерзім ішінде бүкіл жаңартылған тетіктер сапаласып болатындай, барлық деңгейлер мен аумақтарда кадрлар кәсіби тұрғыда орнығатындай, жеке құрамның мінез-құлқында өзгерістер орын алатындай «өтпелі кезең» қажет.
Сондықтан да Қазақстандағы аттестаттау мақсаты – құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби даярлық деңгейін және олардың қазіргі заманғы талаптарға сәйкестігін анықтау. Органдарды бүтіндей алғанда мемлекеттің беделіне нұқсан келтіретін моральдық-өнегелілік сапалары төмен және жемқорлық пиғылдағы біліксіз қызметкерлерден тазарту да үлкен маңызға ие.
Аттестаттауды өткізу үшін Президент Жарлығымен құрамына Президент Әкімшілігінің Басшысы, Бас прокурор, ҰҚК, Қаржы полициясы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағалары, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Қаржы, Әділет министрлері, Президент Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі кіретін Жоғары аттестациялық комиссия құрылды.
Президент Жарлығымен Жоғары аттестациялық комиссия туралы Ереже, Аттестаттауды өткізу ережесі бекітілді.
Аттестаттауды өткізу жөнінен қағидалар, ережелер мен әдістемелік нұсқаулықтар, аттестация жүргізілетіндерге арнайы ақпараттар туралы сұрау формалары әзірленіп, бекітілді.
Үкімет пен өңірлер әкімдерінің құқық қорғау органдарының басшылық құрамының қызметіне баға беруі қарастырылды.
Қысқа мерзім ішінде әрбір аттестаттаудан өтушіге объективті және барынша толық ақпарат қалыптастыру үшін кең көлемді мәліметтерге талдау жасауға тура келеді.
Жоғарыда атап өтілгендей, барлығы 110 мыңнан астам адамды аттестаттаудан өткізуге тура келеді, оның ішінде 449-ы Жоғары аттестациялық комиссиядан өтеді.
Ол үшін елде құрамына 500-ден астам адам кіретін 90-нан астам аттестациялық комиссиялар құрылатын болады. Комиссиялардың бәрінің құрамына Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, жұртшылықтың, саяси партиялардың, ардагерлер ұйымдары мен БАҚ өкілдері енгізіледі.
Аттестаттау барысы БАҚ-тарда кеңінен жазылып көрсетіледі. Президенттің ресми сайтында аттестациядан өтетін адамдар туралы жұртшылық пікірін білу үшін арнаулы айдар ашылатын болады.
Кезектен тыс аттестаттау жөніндегі бүкіл жұмыстарды үш сатыда өткізіп, оны жыл аяғына дейін аяқтау міндеті тұр.
Бірінші сатыда (2012 жылғы мамыр-маусым) Жоғары аттестациялық комиссияның аттестаттауына жататын қызметкерлер аттестацияланады.
Олар құқық қорғау органдары басшыларының орынбасарлары, ведомстволар мен аумақтық бөлімдердің басшылары, сондай-ақ олардың орынбасарлары, жоғары оқу орындарының басшылары және орталық аттестациялық комиссияларға кандидаттар.
Екінші сатыда (2012 жылғы маусым-тамыз) орталық аттестациялық комиссиялардың аттестаттауына жататын қызметкерлер аттестацияланады. Бұл адамдардың тізімін тиісті құқық қорғау органының басшысы белгілейді. Олардың қатарында өңірлік аттестациялық комиссияларға кандидаттар бар.
Үшінші сатыда (2012 жылғы маусым-қараша) өңірлік аттестациялық комиссиялар аумақтық органдардың жеке құрамын аттестаттайды.
Кезектен тыс аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу кезінде формальдылыққа біржақтылыққа, тамыр-таныстыққа жол берілмеуі керек. Әрбір қызметкерге дербес көзқарас таныта отырып, олардың құқықтарын сақтауға кепілдік бере отырып, барлық процедуралардың мөлдірлігі мен объективтілігін қамтамасыз ету қажет. Аттестаттауды өткізу тәртібін бұрмалауға және орынсыз шешімдер шығаруға жол бермеу үшін барынша қатаң шаралар қабылданатын болады.
Біздің міндетіміз – қызметкерлер арасынан өз міндеттерін қоғамның күткендегісіне сәйкес тиімді атқаруға қабілетті құқық қорғау органдарының бөлімдерін қалыптастыру. Сондықтан осы міндетке қол жеткізу үшін аттестаттауды өткізуді мейлінше жіті қадағалау тетігі енгізілген.
Аттестаттау іс-шараларын өткізу барысында құқық қорғау органдарының үздіксіз қызмет істеуінің қамтамасыз етілетіндігін атап көрсету қажет.
Осылайша, алдымызда жалпы мемлекеттік маңызға ие үлкен де жауапты жұмыстар тұр. Сонымен бірге, ел үшін аса маңызды іс-шараны науқаншылдыққа айналдырып жібермеудің де маңызы өте зор.
Нәтижесінде, қоғам азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін жоғары деңгейде қорғауға қабілетті білікті адал қызметкерлерден, өз елінің патриоттарынан тұратын құқық қорғау органдарының сапалық жағынан жаңарған жеке құрамына қол жеткізетін болады.
Аслан МУСИН, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы.

Похожие:

Құқық қорғау органдарының жаңа бейнесі: Тиімділік, транспаренттілік және кәсібилік Мемлекет басшысы 2012 жылдың 8 сәуірінде «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» iconҚазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу
Азақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізудің осы қағидалары (бұдан әрі Қағидалар)...
Құқық қорғау органдарының жаңа бейнесі: Тиімділік, транспаренттілік және кәсібилік Мемлекет басшысы 2012 жылдың 8 сәуірінде «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» icon«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру туралы 2012 жылғы 21 мамырдағы №310 бұйрық «Құқық қорғау қызметі туралы»
Арулы Күштерінде, басқа да әскерлері және әскери құрылымдарында әскери қызмет өткеру ережесіне, «Қазақстан Республикасы құқық қорғау...
Құқық қорғау органдарының жаңа бейнесі: Тиімділік, транспаренттілік және кәсібилік Мемлекет басшысы 2012 жылдың 8 сәуірінде «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» iconЖарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясы туралы
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен...
Құқық қорғау органдарының жаңа бейнесі: Тиімділік, транспаренттілік және кәсібилік Мемлекет басшысы 2012 жылдың 8 сәуірінде «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» iconБізге азаматтардың сенімі артты Елімізде құқық қорғау жүйесінің жаңа кадрлық әлеуетін жасауға бағытталған құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау өткізілуде
Айвар Боданов, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының...
Құқық қорғау органдарының жаңа бейнесі: Тиімділік, транспаренттілік және кәсібилік Мемлекет басшысы 2012 жылдың 8 сәуірінде «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» iconЗаңы Құқық қорғау қызметі туралы
Республикасының құқық қорғау қызметіне тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан...
Құқық қорғау органдарының жаңа бейнесі: Тиімділік, транспаренттілік және кәсібилік Мемлекет басшысы 2012 жылдың 8 сәуірінде «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» iconЗакон о служб правоохр органов п каулы Қазақстан Республикасының Заңы Құқық қорғау қызметі туралы
Республикасының құқық қорғау қызметіне тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан...
Құқық қорғау органдарының жаңа бейнесі: Тиімділік, транспаренттілік және кәсібилік Мемлекет басшысы 2012 жылдың 8 сәуірінде «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» iconОқыту мақсаты: Өткізу түрі: тесттер шығару, сұрақтарға жауап беру. Тақырып бойынша тапсырмалар
Тақырыбы: Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және ұйымдастыруының негіздері
Құқық қорғау органдарының жаңа бейнесі: Тиімділік, транспаренттілік және кәсібилік Мемлекет басшысы 2012 жылдың 8 сәуірінде «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына кiретiн кейбiр мемлекеттiк органдардың ведомстволық наградалары туралы
Андардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық наградалары...
Құқық қорғау органдарының жаңа бейнесі: Тиімділік, транспаренттілік және кәсібилік Мемлекет басшысы 2012 жылдың 8 сәуірінде «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» iconКеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери және арнаулы атақтар
...
Құқық қорғау органдарының жаңа бейнесі: Тиімділік, транспаренттілік және кәсібилік Мемлекет басшысы 2012 жылдың 8 сәуірінде «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» iconҚазақстан Республикасының Заңы
Республикасының құқық қорғау қызметіне тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница