Су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы




Скачать 76.08 Kb.
НазваниеСу қорғау аймақтары мен белдеулері туралы
Дата конвертации09.01.2013
Размер76.08 Kb.
ТипДокументы


ЖОБА


Су қорғау аймақтары мен

белдеулері туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексі мен Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» № 42 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Белгіленсін:

1) осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес Арал ауданы Қамыстылыбас көлінің әкімшілік-аумақтық шекарасы шегіндегі жобалық құжаттама негізінде су қорғау аймақтары мен белдеулері;


2) осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес Арал ауданы Қамыстылыбас көлінің әкімшілік-аумақтық шекарасы шегіндегі су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдалану тәртібі мен ерекше шарттары.

2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б. Жахановқа жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қызылорда облысының

әкімі Б. Қуандықов

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстар комитеті «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы»

мемлекеттік мекемесінің бастығы

____________ Ә. Қарлыханов

«__»________ 2011 жыл










2011 жылғы «__» _________

Қызылорда облысы әкімдігінің № ___ қаулысына

1- қосымша
Арал ауданы Қамыстылыбас көлінің

әкімшілік-аумақтық шекарасы шегіндегі су қорғау аймақтары мен белдеулері


№ р/с

Су нысандарының атауы

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Ұзындығы

(м)

Көлемі

(га)

Ені

(м)

Ұзындығы (м)

Көлемі (га)

Ені (м)

Арал ауданы Қамыстылыбас көлі

1.

Қамыстылыбас көлі

83

4150

500-1000

82

373,5

35


Ескерту: су қорғау аймағы мен белдеуінің шекарасы мен ені «Арал ауданы Қамыстылыбас көліне су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу» жобасының картографиялық құжатында көрсетілген.
Аббревиатуралар түсінігі:

га – гектар;

м – метр.

2011 жылғы «__» _________

Қызылорда облысы әкімдігінің № ___ қаулысына

2- қосымша

Арал ауданы Қамыстылыбас көлінің әкімшілік-аумақтық шекарасы шегіндегі су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдалану тәртібі мен ерекше шарттары

1.Су қорғау белдеулерiнiң шегiнде: 1) су объектiлерiнiң сапалық және гидрологиялық жай-күйiн нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметiне немесе өзге де қызметке;
      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпiрлердi, көпiр құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстердi және су көлiгi қызметiне байланысты өзге де көлiк инфрақұрылымдары объектiлерiн, сондай-ақ су объектiсiндегi рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға; 3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерiн беруге;
      4) су объектiлерiнiң және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерiнiң ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етiлмеген қазiргi бар объектiлердi пайдалануға; 5) жекелеген учаскелердi шалғындандыруға, егiн егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлердi өңдеудi қоспағанда, топырақ және өсiмдiк қабатын бұзатын жұмыстарды жүргiзуге (оның iшiнде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндiруге); 6) шатыр қалашықтарын, көлiк құралдары үшiн тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға; 7) тыңайтқыштардың барлық түрлерiн қолдануға тыйым салынады. 2. Су қорғау аймақтарының шегiнде:   1) су объектiлерiн және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етiлмеген жаңа және реконструкцияланған объектiлердi пайдалануға беруге; 2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектiлерге реконструкция жүргiзуге, сондай-ақ құрылыс, су түбiн тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргiзуге, пайдалы қазбалар өндiруге, кәбiл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгiленген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органдармен, уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органдармен және басқа да мүдделi органдармен келiсiлген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргiзуге; 3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнiмдерiн сақтайтын қоймаларды, көлiк құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерiн, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсiп қалдықтарын төгетiн құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргiзуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына керi әсер ететiн басқа да объектiлердi орналастыруға; 4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерiн, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егiстiктердi, зираттарды, мал көмiндiлерiн, сондай-ақ жерүстi және жерасты суларының микробпен ластану қаупiне себепшi болатын басқа да объектiлердi орналастыруға;
      5) жүктелiм нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимiн нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметiнiң басқа да түрлерiне; 6) су көздерiндегi су кемерiнен екi мың метрге жетпейтiн қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерiн улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендiру тәсiлiн қолдануға; 7) концентрациясының жол берiлетiн шегi белгiленбеген пестицидтердi қолдануға, қардың үстiне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретiнде пайдалануға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлi санитариялық өңдеу жүргiзу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсiз және орташа тұрақсыз пестицидтердi қолдануға жол берiледi. 3. Су объектiлерiнде және (немесе) су қорғау аймақтарында (су қорғау белдеулерiнен басқа) жаңа объектiлердi (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерiн және коммуникацияларды) жобалау, салу және орналастыру, сондай-ақ олар алып жатқан жер учаскелерi су қорғау аймақтарына және белдеулерге немесе өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызылғанға дейiн тұрғызылған қолданыстағы объектiлердi реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейiндеу) уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен, жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен келiсiледi. Ықтимал сел қаупi бар су объектiлерiндегi нақ осындай қызмет - табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органмен, ал су кемелерi жүретiн су объектiлерiнде су көлiгi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiледi.
      4. Қолданылуы су объектiлерiнiң жай-күйiне терiс әсер етуi мүмкiн жаңа объектiлердiң құрылысын немесе қолданыстағыларын реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейiндеу) жобаларында техникалық сумен жабдықтаудың тұйық (ақпайтын) жүйесi көзделуге тиiс. 5.Су объектiлерiнiң жай-күйiне терiс әсер етуi мүмкiн қолданыстағы (салынып жатқан) объектiлердi консервациялау және жою (кейiннен кәдеге жарату) уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен және өзге де мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргізіледі. 6. Су объектiлерiнiң аумағы арқылы көлiктiк немесе инженерлiк коммуникациялар салу жобалары тасқын суларды өткiзудi, су объектiлерiн пайдалану режимiн, судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбауды, олардың зиянды әсерiнiң алдын алуды қамтамасыз ететiн iс-шаралардың жүргiзiлуiн көздеуге тиiс.   Көрсетiлген жобалар уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, энергиямен жабдықтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлуге жатады.
      7. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен келiсiлген жобалары болмаса және мемлекеттiк экологиялық сараптаманың, мемлекеттiк сараптаманың оң қорытындыларын (экологиялық және басқа да сараптамалардың қорытындыларын қамтитын) алған жобалары болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсiпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделi жөндеуге) тыйым салынады. 8. Су объектiлерiндегi немесе су қорғау аймақтарындағы су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн құрылыс, түбiн тереңдету және жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды және басқа да ресурстарды өндiру, кабельдердi, құбырлар мен басқа да коммуникацияларды төсеу, орман ағаштарын кесу, бұрғылау және өзге де жұмыстар су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен, кеме қатынасына жатқызылған су объектiлерiнде - қосымша су көлiгi органдарымен де келiсiм бойынша жүргiзiледi. 9. Су объектiлерiнде және олардың су қорғау аймақтарында жұмыстар жүргiзу тәртiбi су объектiлерiнiң жай-күйiн, қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығын сақтау талаптарын ескере отырып, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және өзге де мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша әрбiр су объектiсi бойынша жеке-дара айқындалады.



Похожие:

Су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы iconАтырау облысы шегінде Жем, Сағыз, Ойыл өзендері мен Қамыскөл көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекарасын белгілеу туралы
«Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, жерүсті суларының ластануын, қоқысталуы мен...
Су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы iconСу қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережесiн бекiту туралы
Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексінің 116-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді
Су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы iconЖоба ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы №42 «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу Ережесін бекіту туралы» қаулысына...
Су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы iconАқтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық селосы және Кендiрлi демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу туралы
Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 20 наурыздағы n 181 қаулысы. Маңғыстау облысы Әдiлет департаментiнде 2008 жылғы 30 сәуiрде...
Су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген...
Су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы icon3 тақырып. Діннің негізгі формалары мен географиясы. Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері
Оқушыларға діннің негізгі формаларының құрылымы, функциялары мен рөлі, таралу аймақтары туралы тың мәліметтер беру, жалпы рухани-адамгершілік...
Су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы iconБатыс Қазақстан облыстық Әділет департаментімен 2012 жылғы 8 мамырында Нормативтік құқықтық
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік...
Су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы icon«Алматы қаласындағы тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мен пайдаланудың кейбір мәселелері туралы»
Азақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану» туралы Заңының 5, 27 және 28 баптарына сәйкес және Алматы қаласындағы...
Су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы iconЖәне оларды Өскемен қаласы әкімінің әкімшілік бағынышты жерлерінде шаруашылықтық пайдалану режимін белгілеу туралы
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы №42 қаулысына, «Өскемен су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің...
Су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы iconАзаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница