«2008 жылдың 9 айындағы облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және оны тұрақтандыру бойынша шаралар туралы»




Скачать 40.48 Kb.
Название«2008 жылдың 9 айындағы облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және оны тұрақтандыру бойынша шаралар туралы»
Дата конвертации10.01.2013
Размер40.48 Kb.
ТипДокументы
«Облыс аумағындағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және жұқпалардың таралуының алдын алу бойынша шаралар туралы»

«2008 жылдың 9 айындағы облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және оны тұрақтандыру бойынша шаралар туралы»

2008 жылдың 29 қазанында ШҚО мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында негiзгi ұйымдастыру iс-шараларының жоспарына сәйкес «2008 жылдың 9 айындағы облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және оны тұрақтандыру бойынша шаралар туралы» алқа өткiзiлдi.

2008 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп бағаланды. Өндiрiлетiн және сатылатын тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн, ауыз су сапасын бақылау бойынша жүргiзiлген жұмыс көлемi қызметтiң негiзгi басым бағыттарының бiрi - азық-түлiктi пайдаланумен және сумен таралу факторларына байланысты жаппай тамақтан улану мен жаппай жұқпалы ауруларды болдырмауды қамтамасыз еттi.

Карантиндiк жұқпалар, паратиф, туляремия, дифтерия, сiреспе, полиомиелит, геморрагиялық қызба, құтырма, риккетсиоз аурулары, жiтi вирусты гепатитiнiң сирек кездесетiн Д және Е түрлерi тiркелмеген.

Бiрқатар жұқпалар: сальмонеллез, қызамық, менингококты жұқпа, паротит, туберкулез, мерез, қышыма қотыр, педикулез, сарып, лептоспироз, трихинеллез, эхинококкоз, «В» вирусты гепатитi, бактериялық тамақтан уланулар бойынша аурушаңдықты төмендетуге қол жеткiзiлдi
Бiрқатар аурулар бойынша аурушаңдықтың бiрен-саран жағдайы тiркелген, не болмаса жалпы аурушаңдық саны (жiтi iшек жұқпаларының, иерсиниоз, «А» және «С» вирусты гепатитi ауруларының жиыны) былтырғы есептiк кезең деңгейiнен 10%-дай ғана артқан.

Тұрақтану үрдiсi байқалғанымен, «А» вирусты гепатит, күйдiргi, сарып ауруларымен аурушаңдық жағдайы шиеленiскен қалпында.
Тарбағатай, Аягөз, Үржар аудандары мен Риддер, Семей қалаларында АВГ аурушаңдық деңгейi орташа облыстық көрсеткiштен (18,7) жоғары.
5-14 жас аралығындағы балалар ауру жұқтыруға бейiм, “осал” топтар болып табылады, соның iшiнде аурушаңдық көбiнесе 6–13 жастағы балалар арасында тiркелген.

Облыс бойынша туберкулез ауруының төмендеуiне қарамастан, Зайсан, Катонқарағай, Зырян, Шемонаиха аудандарында және Риддер қаласында қолайсыз жағдай сақталуда (14,4 %). Туберкулезбен алғаш науқастанғандардың 51,9%-ын жұмыссыздар құрайды. Туберкулез көбiнесе 18-44 жас аралығындағы тұлғаларда (56,6%) тiркелген.

Облыс бойынша сарып ауруы 11,9%-ға төмендегенiмен, Абай, Бородулиха, Көкпектi, Ұлан аудандарында және Өскемен қаласында аурудың өсуi байқалған.
Сарып ауруының төмендеуiне қарамастан, сарыппен аурушаңдық бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда. Тарбағатай, Үржар, Көкпектi аудандарында сарып ауруы бойынша барынша шиеленiскен эпидемиологиялық жағдай қалыптасқан. Бұл аудандарға облыстағы аурушаңдықтың 67%-ы келедi, соның iшiнде Үржар ауданында аурушаңдықтың 43%-ы, науқастанған балалардың 50%-ы тiркелген.

Жiтi iшек жұқпалар тобы бойынша дизентерия қоздырғыштарының белсендiлiгi артқан. Аурушаңдық 1,8 есе өстi. Тасымалдаушылар саны 4 есе көбейген. Эпидпроцесс этиологиялық фактор ретiнде Шигелл Флекснердiң 4 нұсқасын көрсеттi: (2а, 3а, 2в, 6). Шегелл Зонненiң үлес салмағы былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есеге өстi, бұл жұқпа таратуда тұрмысмыстық қатынас факторларымен қатар азық-түлiк рөлiнiң артқандығын көрсетедi.

2008 жылдың 9 айы ішінде 1-2 қауіпті аймақтар тұрғындарын туляремияға қарсы егу жоспары қанағаттанарлықтай орындалды – 42660 адам егілді.
Туляремия бойынша қолайсыз аймақтарда тұратын 27559 адамның иммунитет жағдайы тексерілген. Олардың ішінде 34,4%-ы немесе теріс нәтиже көрсеткен 10196 адам егілді, бұл барлық тиісті контингенттерде екпе жұмыстарын жүргізу және контингенттер санын көбейту қажеттілігін көрсетедi.
Серологиялық әдіспен туляремия ауруына күдiктi 286 адам тексерілді, олардың ішінен 43 адамда оң сынама анықталды: осы нәтижелер комиссиямен екпеден кейінгі деп бағаланды.

Ауруханаiшiлiк аурушаңдық көрсеткіші өткен жыл деңгейiнде және 0,08-дi құрады, бұл Республика бойынша көрсеткіштен 2 есе төмен.
Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша су құбырлары суының сапасы бұрынғы деңгейде және 1,1%-ды құрайды, ал санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша 0,8%.

Бiрақ, Ұлан, Аягөз, Көкпекті, Күршім, Бесқарағай аудандарының көрсеткіштері облыстық көрсеткіштен жоғары.
Тамақ нысандарына жүргізілетін мемелекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың тиімділігі артқан. Анықталған бұзушылықтардың үлес салмағы 30%-дан 37%-ға дейін көтерiлген: Риддер қаласында – 60%-ды, Глубокое ауданында – 52%-ды, Курчатов қаласында – 51%-ды, Ұлан ауданында – 49%-ды, Көкпекті ауданында – 48%-ды, Шемонаиха және Бородулиха аудандарында – 45%-ды құрайды. Қалған аймақтардың көрсеткіштері 25%- 35% құрайды, тек Абай ауданында ғана 11%.

СанЕмН талаптарына тамақ объектiлерiнiң сай келу дәрежесінің сандық бағалау критерилері көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалған.
Санитарлық-гигиеналық мониторинг бойынша жоспарланған зертханалық зерттеулердің көлемі негізінен орындалуда. Тамақ өнiмдерiнiң микробиологиялық қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштер тұрақты қалпында.

Ұйымдастырылмаған көше саудасы орындарындағы азық-түліктерді сату ішек жұқпаларымен аурушаңдық көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етуде.
Сатылатын азық-түліктердің қауіпсіздігін бақылау кезінде мамандармен 4 тоннадан астам (2007 ж. – 3420 кг.) денсаулыққа қауіпті азық-түлік сатудан алынған. Негізгі себебі – сатушылардың сатылатын азық-түліктердің сату мерзімі мен сақтау жағдайларын сақтамауы, сонымен қатар, қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттардың болмауы болып табылады. 9 айдың ішінде облыс бойынша 215 рейд өткізілдi, 929 хаттама толтырылып, 193 ескерту жасалды.

Біздің қызмет мамандарының алдында тұрған басты мiндеттердiң бірі облыстағы мектептердiң жаңа оқу жылына дайындығын қадағалау болып табылады.
Оқушыларға ыстық тамақты ұйымдастыру өзектi проблема болып отыр. Бүгінгі таңда тамақтандыруды ұйымдастыру жүйесі жетілдірілмеген және оқушыларды ыстық тамақпен тиісті түрде қамтамасыз ете алмайды. Оқушыларды ыстық тамақпен қамту 32,6%-ды құрайды, ал 2007 жылы - 29%. Оқушыларды ыстық тамақпен қамту мәселесiн шешу үшiн ШҚО МСЭҚБ мен бiлiм басқармасының оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру жағдайын жақсарту жөнiндегi бiрлескен жоспары жасалған.

 

Басқарма бастығы Т. Ерубаев

 

Похожие:

«2008 жылдың 9 айындағы облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және оны тұрақтандыру бойынша шаралар туралы» iconХалықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасы халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң құқықтық, экономикалық және...
«2008 жылдың 9 айындағы облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және оны тұрақтандыру бойынша шаралар туралы» iconҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің
Сыйымдылыққа құйылған ауыз суын, минералды табиғи және жасанды минералдындырылған суларды өндіруге, сапасына және қауіпсіздігіне...
«2008 жылдың 9 айындағы облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және оны тұрақтандыру бойынша шаралар туралы» iconҚарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің 2007 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша алқасы
Мсэқ департаментінің Алқасы қызметтің органдары мен мекемелерінің іс-әрекеті ҚР «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы...
«2008 жылдың 9 айындағы облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және оны тұрақтандыру бойынша шаралар туралы» icon466 от 3 августа 2007 г. Туберкулезге қарсы күрес жөніндегі кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы «Халықтың санитарлық – эпидемиологиялық салауаттылығы туралы»
«Халықтың санитарлық – эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7- бабының 6 тармақшасына, 24-бабының...
«2008 жылдың 9 айындағы облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және оны тұрақтандыру бойынша шаралар туралы» icon2008 ж. Жылдың 1 – 30 СӘуір аралығындағы дсұ санитарлық ЖӘне фитосанитарлық шаралар жөніндегі жарияланған хабарламалар тізілімі
ДСҰ-ға мүше елдерден және басқа халықаралық ұйымдардан ұсынған кестелік нысандағы ақпарат (oie, Codex, ippc)
«2008 жылдың 9 айындағы облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және оны тұрақтандыру бойынша шаралар туралы» icon2009 жылдың 1 30 АҚпаны аралығында дсұ санитарлық ЖӘне фитосанитарлық шаралар жөніндегі комитеті жариялаған хабарлама тізілімдемесі
Жылдың 1 30 АҚпаны аралығында дсұ санитарлық ЖӘне фитосанитарлық шаралар жөніндегі комитеті жариялағАН
«2008 жылдың 9 айындағы облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және оны тұрақтандыру бойынша шаралар туралы» icon2009 жылдың 1 30 мамыры аралығында дсұ санитарлық ЖӘне фитосанитарлық шаралар жөніндегі комитеті жариялаған хабарлама тізілімдемесі
Жылдың 1 30 мамыры аралығында дсұ санитарлық ЖӘне фитосанитарлық шаралар жөніндегі комитеті жариялағАН
«2008 жылдың 9 айындағы облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және оны тұрақтандыру бойынша шаралар туралы» icon2008 жылдың 1 30 желтоқсаны аралығындағы дсұ санитарлық ЖӘне фитосанитарлық шаралар жөніндегі комитеті жариялаған хабарламалар тізілімі
Техникалық регламент жобасы. 2003 жылдың 29 тамызындағы №165 Резолюциясына өзгертулер енгізу. Қауын дақылдарына карфентразон-этилді...
«2008 жылдың 9 айындағы облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және оны тұрақтандыру бойынша шаралар туралы» icon2012ж 1 қазаннан 31 қазанға дейінгі дсұ Санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша, Комитетпен жарияланған хабарламалар тізімі
Санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша, Комитетпен жарияланған хабарламалар тізімі
«2008 жылдың 9 айындағы облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және оны тұрақтандыру бойынша шаралар туралы» icon«Мектеп асханаларында оқушыларға ыстық тамақты ұйымдастыру» әдістемелік ұсынымдарын бекіту туралы 2002 жылғы 4 желтоқсандағы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы»
Жылғы 4 желтоқсандағы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1 бабының 11 тармақшасына...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница