Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу




Скачать 35.21 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу
Дата конвертации10.01.2013
Размер35.21 Kb.
ТипДокументы
2011 жылғы 9 наурыздағы № 82

Қазақстан Республикасының

жалпы білім беретін оқу орындары

оқушыларының емтихандарын өткізу


және 2010 - 2011 оқу жылын аяқтау туралы

2010 - 2011 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау және Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының көшіру мен бітіру емтихандарын өткізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Оқу жылын аяқтау және бітіруші сыныптардың оқушыларының қорытынды аттестаттауын өткізу мынадай тәртіпте белгіленсін:

1) барлық типтегі жалпы білім беретін күндізгі және кешкі (кезекті) оқу орындарындағы мектепалды, 1-11(12)- сыныптарда оқу сабақтары 2011 жылғы 25 мамырда аяқталады;

2) 9(10)-сынып оқушыларын негізгі орта білім курсы бойынша қорытынды аттестаттау 2011 жылғы 30 мамыр - 16 маусым күндерінде, 11-сынып оқушыларын жалпы орта білім курсы бойынша қорытынды аттестаттау 2011 жылғы 31 мамыр - 20 маусым күндерінде өткізіледі;

3) 9(10)-сынып бітірушілері негізгі орта білім курсы бойынша үш міндетті емтихан тапсырады:

ана тілі мен әдебиетінен (оқыту тілі) жазбаша емтихан - 30 мамырда (гуманитарлық пәндерді тереңдете оқытатын мектептердің және гимназиялардың оқушылары - шығарма, қалғандары – диктант жазады);

алгебрадан жазбаша емтихан - 2 маусымда;

орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде оқытатын мектептердегі мемлекеттік тілден ауызша емтихан - 6 маусымда;

қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілінен ауызша емтихан - 6 маусымда;

Негізгі орта білім беру ұйымы бітірушісінің таңдауына кез келген пәннен ауызша емтихан тапсыру ұсынылады, бірақ 2 пәннен артық болмауы қажет.

4) ағымдағы оқу жылында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына оқуға түскісі келетін жалпы орта білім беру ұйымдарының 11 (12)-сыныптарын бітірушілер мемлекеттік қорытынды аттестаттауды ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нысанында тапсырады.

Өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің бітірушілері өз қалаулары бойынша ҰБТ-ді мемлекеттік немесе орыс тілінде тапсыруға қатыса алады.

Оқу бітірген жылы республиканың жоғары оқу орындарына оқуға түсуді және ҰБТ-ге қатысуды қаламайтын жалпы орта білім беру ұйымдарының 11(12) сынып бітірушілері төрт міндетті емтихандарды мына мерзімдерде тапсырады:

орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердегі мемлекеттік тілден ауызша емтихан – 31 мамырда;

қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілінен ауызша емтихан – 31 мамырда;

ана тілі мен әдебиетінен (мектептегі оқыту тілі) шығарма түрінде жазбаша емтихан (кешкі жалпы білім беретін мектептер үшін - диктант) – 4 маусымда;

алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан – 8 маусымда;

Қазақстан тарихынан ауызша емтихан – 11 маусымда.

Бітірушінің таңдауына кез келген, 2-ден артық емес пәндерден ауызша емтихан тапсыру ұсынылады.

2. Облыстық, Алматы және Астана қалаларының білім басқармалары жалпы орта білім беру ұйымдарында 2010-2011 оқу жылын осы бұйрықтың талаптарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5191-мен тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 (1481) санында жарияланған) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесіне сәйкес аяқтауды қамтамасыз етсін.

3. Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының білім басқармалары өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептер үшін жазбаша бітіру емтихандарын өткізуге арналған емтихандық материалдарды уақытында дайындасын.

4. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Б. С. Кәрімжанов):

1) республикалық білім ұйымдарының 9(10) және 11(12)-сыныптарын бітірушілері үшін және өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестат алуға үміткер 11-сынып бітірушілері үшін ана тілі мен әдебиетінен шығарма тақырыптарын, қазақ тілі мен әдебиетінен, орыс тілі мен әдебиетінен, математикадан емтихандық тапсырмалар пакеттерін дайындасын;

2) қазақ тілі мен әдебиетінен шығарма тақырыптарын ТМД елдерінің және Моңғолияның Білім министрліктеріне жеткізсін;

3) шығарма тақырыптарын жариялау үшін «Қазақстан мұғалімі» және «Учитель Казахстана» газеттерінің редакцияларына ұсынсын;

4) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізілгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н.Сарыбековке жүктелсін.

6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғанынан он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр Б. Жұмағұлов

Похожие:

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу iconАқтөбе қаласының білім бөлімі бойынша БҰйрық
«2006-2007 оқу жылын аяқтау және Ақтөбе облысының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу туралы» бұйрығы...
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу iconҚазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында қазақ тілінен өтетін katev халықаралық қоғамдық қорының V «Жарқын болашақ» олимпиадасын өткізу ережелері
Осы ережелер Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында қазақ тілінен өтетін katev халықаралық...
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу iconБекітемін аудандық білім бөлімінің бастығы Ж. Алданазарова
Осы ереже Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында өткізілетін Абай оқулары байқауының мәртебесін,...
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу iconАқтөбе қаласы №443 “16” 09 2009 жыл Жалпы орта білім беретін мектептердегі эксперименттер мен инновациялар туралы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 24 қыркүйектегі №693 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының жалпы білім...
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 3 қарашадағы №511 бұйрығы Жалпы білім беретін мектептерде «Дінтану негіздері»
Жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбына арналған «Дінтану негіздері» үлгілік білім беретін оқу бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу icon407 28. 12. 2010 жыл 2010-2011 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңін өткізу туралы
Облыстық білім басқармасының 2010 жылғы 12 желтоқсандағы №380 бұйрығына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың...
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу icon2010 жылы қазақстан республикасы жоғары оқу орындары студенттік контингентін қалыптастырудың Қорытындылары қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Бт өткізу пунктерінде (бұдан әрі – Ұбт өП) өткізілуде. 2010 жылы республика бойынша 154 Ұбт өткізу орталығы жұмыс істеді, олардың...
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы
Оқу-әдістемелік кешен типтік бағдарлама бойынша құрастырылған. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы білім беретін стандартына...
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы әдебиеттік оқу оқу бағдарламасы
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің 2–4 сыныптарына арналған
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
Тын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница