2009 жылдың 1 тоқсанына арналған Ұлан ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы




Скачать 146.35 Kb.
Название2009 жылдың 1 тоқсанына арналған Ұлан ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы
Дата конвертации10.07.2014
Размер146.35 Kb.
ТипДокументы
2009 жылдың 1 тоқсанына арналған Ұлан ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

1. ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ

Ұлан ауданында қоғамдық саяси-ахуал тұрақты. Оған ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының алға басқандығы, партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара қарым-қатынасы ықпал етуде.

Ауданда «Ұлан ауданының «Ұлан жастары» ұйымы» қоғамдық бірлестігі, үкіметтік емес ұйымдар: ақсақалдар, ардагерлер, әйелдер және «Атамекен» оралмандар кеңестері, Елбасының жылсайынғы халыққа Жолдауын, республика, облыс, аудан көлемінде болып жатқан өзгерістермен жаңалықтарды халық арасында түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жүргізетін құрамында 245 адам бар 32 ақпараттық-насихат топтары өз жұмыстарын белсенді атқарады.

2009 жылғы 1 тоқсанда аудан көлемінде  бірқатар  қоғамдық-саяси, мәдени – бұқаралық іс-шаралар өткізілді, олардың ішінен 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауын және Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шыққанына 20 жыл толуына арналған салтанатты шеру, Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының мемлекеттік инспекторы А. Б. Шопшыкбаевтың Ұлан ауданына іс-сапармен келуін атап айтуға болады.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында, аудандық және ауылдық округтердегі ақпараттық-насихат топтары азаматтық қоғам өкілдерін қатыстыра отырып, 2009 жылдың 1 тоқсанында 175 кездесу, 55 «дөңгелек үстел» өткізді. Осындай кездесулер ауданның қоғамдық-саяси жағдайын жақсартуға үлкен ықпалын тигізеді.

Тұрғындармен өткізілетін жиындарда, ірі кәсіпорындармен ауыл шаруашылық құрылымдарының еңбек ұжымдарындағы кездесулерде белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Осы атқарылып жатқан істердің нәтижелері аудан аумағындағы ішкі саяси жағдайдың тұрақтылығын, ұлтаралық келісім мен бірлікті сақтауға, нығайтуға ықпал етеді.

2. БЮДЖЕТ

2009 жылдың 1 сәуіріне аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 100,9 пайызға орындалған, оның ішінде меншік түсімдер 103,5 пайызға орындалды, есепті кезеңге жоспарланған 107920,0 мың теңгенің орнына 111739,4 мың теңгеге орындалды 3819,4 мың теңге болжамнан артық түсті.

Жеткізілген 41 түрден кіріс болжам деректеменің әлеуметтік салық түрінен түсім 4052,0 мың тңегеге орындалмады, себебі «Шығыс сүт» ЖШС, «Восток холод» ЖШС, «Шығыс сүт корпарациясы» ЖШС Ұлан ауданының салық басқармасының тіркеуінен шығып, басқа жаққа ауысуынан.

2009 жылдың 1 сәуіріне  аудандық бюджеттің шығысы 438243,9 мың теңгене орындалды немесе 99,1 пайызға.
2009 жылдың 1 сәуіріне республикалық және облыстық бюджеттен 31573,0 мың теңге ағымдағы трансферт жоспарланып, 31139,0 мың теңгесі игерілді немесе 98,6 пайызға соның ішінде:

- есепті кезеңге облыстық бюджеттен бөлінген ағымдағы трансферт 29615,0 мың теңге, орындалғаны 29181,0 мың теңге немесе 98,5 пайыз, игерілмегені 434,4 мың теңге оның ішінде:
- 207,0 мың теңге ЖОО оқитын студентердің төмен үлгерімі үшін;
-60,0 мың теңге жәрдемақы алатын ауған соғысы жесірлері санының азайуынан;
-167,0 мың теңге  жәрдемақы алушылардың санының азайуынан, ауданнан көшуінен және қайтыс боуынан.
Есепті кезеңге республикалық бюджеттен бөлінген ағымдағы трансферт 1958,0 мың теңге бөлініп 100 пайызға орындалды.

3. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

2008 жылғы егістік көлемімен салыстырғанда 9 мың гектарға ұлғайту жоспарланды, соның ішінде дәнді және жемшөптік дақылдарының алаңдарын ұлғайту бойынша.

Ылғалды үнемдеу технологиялары бойынша 2009 жылы 35 мың гектар жерге дала жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда, соның ішінде 24 мың гектарға дәнді дақылдар, ол барлық дәнді дақылдар аумағының  48,9% құрайды және 11 мың гектар жерге күнбағыс егіліп, ол 52,3% құрайды.

Ауданда 3 МТС жұмыс істейді, олар ұсақ шаруашылықтарға және аудан тұрғындарына қызмет көрсетуде. 2009 жылғы 1 сәуіріне 5,4 млн. теңгенің қызметі көрсетілді.

Аудан шаруашылықтарын жоғары сапалы және аудандастырылған тұқымдармен қамтамасыз ету үшін ауданда 4 тұқым шаруашылықтары және 1 элиталық тұқым шаруашылығы құрылып, жұмыс істеуде. Тұқым өндіретін шаруашылықтарда 2008 жылғы астықтан 1400 тонна бидайдың және  60 тонна күнбағыстың тұқымдары сатуға дайындалды.

«Украинское» ЖШС суармалы жердегі жемшөптік дақылдарының 3 шетелдік «Vallei» фирмасының жаңбырлатқыш машиналарын қолданып 519 гектарға ұлғайтуды жоспарлануда. «Екимбаев» шаруа қожалығы 40 гектар жерге жаңа технология бойынша көкөніс өсіруді ұлғайтады, оған екінші жаңбырлатқыш машинасын сатып алды. Ауданда алғаш рет «Багратион» және «Жер-су» шаруа қожалықтары 10 гектар ашық жерде тамшылатып суару тәсілімен картоп, көкөніс өсіреді. «Екимбаев» шаруа қожалығында I, II, III репродукция картоп тұқымын өсіретін тұқым шаруашылығы мәртебесін алу үшін ұйымдастыру жұмыстары басталды.

Ауданда азық түлік өнімдерін қайта өңдейтін 59 кәсіпорын тіркелген, оның ішінде 1 ірі және 2 орта.  2009 жылғы үш ай ішінде ірі шаруашылықтарда 614682,4  мың. тенгенің ауыл шаруашылық өнімдері қайта  өңделді.

Ағымдағы жылдың шілде айында Бозанбай және Тарғын ауылдырында 2 мал сою пунктерін ашылуы жоспарланды. «Украинка» шаруа қожалығында 1000 бастық сүтті алғашқы өңдеуден өткізетін сүт-тауарлы фермасын салу басталады. «Багратион-2» шаруа қожалығында мал сою цехін салу басталып «ВК Бекон» ЖШС мал сою цехін қайта жабдықтау жұмыстары аяқталады. Алмасай, Бозанбай және Тарғын округтерінің ауылдарында қосымша 3 орталықтандырылған сүт жинау орындары ұйымдастырылады. . «Багратион-2» шаруа қожалығында шұжық және кулинарлық цехтары ашылады.

Ауданда 13 асыл тұқымды шаруа қожалықтары бар, оның төртеуі 2008 жылы және екеуі 2009 жылдың басында асыл тұқымды шаруашылық мәртебесіне ие болды. Ағымдағы жылы қосымша төрт шаруа қожалығы асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алуды жоспарлануда. Барлық малдардың ішнде асыл тұқымды малдардың саны ірі қара малының 7%, ұсақ малдың 8,3%, жылқыдан 8,1% және шошқа 12,4% құрайды.

Сонымен қатар ауданда 13 қолдан ұрықтандыру пунктері жұмыс істейді, оның екеуі 2008 жылы ашылған. 2009 жылы қосымша 4 қолдан ұрықтандыру пунктерін ашу жоспарлануда.

2009 жылдың 1 сәуіріне ауыл  шаруашылығы  өнімдерінің өңдеу көлемі: Ет – 4503,5 тонна, былтырғы жылғы көрсеткіштің 93,6%  сүт – 7219,1 тонна, немесе 79,8% жұмыртқа 3 220 мың дана, немесе 76,3% құрайды.

Ауданында мал басы төменгі санды құрады: Ірі қара мал 49247 бас, былтырғы жылғы көрсеткіштің 99,4%, қой және ешкі 113969 бас, немесе 107%,  жылқы 12080 бас, немесе 114,9%   шошқа 7128 бас, немесе 81,1%  құс 784407 немесе 67,7% құрайды. Жылқы, қой, ешкі, басы тұрақты түрде өсіп келе жатыр.

2009 жылы «Колос» шаруа қожалығының негізінде құс фермасы ашылып 2000 бас тауқ алынды.

2009 жылы «Айыртау-несие»  серіктестігінде несие желісі 100,8 млн. теңгеге жеткізіліп, шаруа қожалықтарына 4 560 мың. теңге берілді.

4. КӘСІПКЕРЛІК

Ұлан ауданында 2009 жылдың 1 сәуріне аудан бойынша өндіріс саласында тауар өнімінің нақты көлемі 537154 мың теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26%- ға артты, соның ішінде тау-кен өндірісі бойынша 91918 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда 64 %-ға артты, қайта өңдеу өндірісі бойынша 376173 мың теңге құрап отыр.
Салық басқармасының жедел мәліметі бойынша 2009 жылдың 1 сәуріне аудан бойынша 2403 шағын кәсіпкер субъектісі тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 120,2% - ға артық.

Тіркелген ШКС 99-і заңды тұлғалар, 1156 шаруа қожалықтары, (2007 жылмен салыстырғанда 101,1% - ға артты). 1148 жеке кәсіпкер (2007 жылмен салыстырғанда  105% - ға артты). 

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен барлығы 69142,5 мың теңге мемлекеттік бюджетке салық түсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 101,4% - ға артты. Соның ішінде жергілікті бюджетке шағын кәсіпкерлік субъектілерінен 31900,5 мың теңге салық түсті, өткен жылмен салыстырғанда 103,9% пайызға артты.

2009 жылдың 1 сәуіріне шағын кәсіпкерлікті дамытуда қаржылық көмек көрсету мақсатында «Көмек» шағын несиелеу ұйымы арқылы барлығы 20 адамға  7090 мың теңге несие берілді.
Бүгінгі күнге Ұлан ауданы бойынша «Ерай» шаруақожалығы сомасы 14,0 млн. теңгені құрайтын жобасы мақұлданып, екінші деңгейлі банктен қаржыландырылды.

Сонымен қатар «Парасат» шаруақожалығының жобасы облыста құрылған комиссия қарауынан өтіп бүгінгі күні «Халық Банкі» АҚ арқылы жұмыстар жүргізілуде.

Ауданымыз бойынша құнсыздану үдерістерін тежеу бағаны тұрақтандыру мақсатында негізгі азық- түлік өнімдері және жанар-жағармай бағаларына күнделікті мониторинг жүргізіліп отыр.  

Сонымен қатар ауданымызда ауылшаруашылық өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру мақсатында әр сенбіде демалыс күн жәрмеңкесі ұйымдастырылып, барлығы 13 рет өткізілді

Осы кесте бойынша бүгінгі күні аудан орталығы Молодежный кентінде 12 рет, Асубұлақ кентінде 1 рет болып өтті.  Ауданның ауылшаруашылық өнімін өндірушілер аудандық жәрмеңкеден басқа облыс орталығында ұйымдастырылған  жәрмеңкеге 10 рет белсенді қатысты.

Облыстық тұрақтандыру қорынан нан-тоқаш өнімдеріне құнсыздану үдерістерін тежеу мақсатында және наубайханаларды қолдау барысында 2009 жылдың наурыз айында  барлығы 20 тонна 1 сұрып әлеуметтік ұн бөлініп, таратылды.

2009 жылдың қаңтар айынан бастап 1 «Ардагер» дүкені және 2 сауда нүктелеріне қосымша Асубұлақ кентінде 1 «Ардагер» дүкені 1 сауда нүктесі және Айыртау ауылдық округінде сауда нүктесі ашылды.

Жыл басынан аудан бойынша барлығы 9 жаңа шаруашылық субъектісі ашылды. Олардың ішінен: 3- аяқ киім жөндеу нүктесі, 2- шаштараз, 1-шағын базар, 1- ветеринарлық дәріхана, 1- фото салон, 1-жылыжай.
Ұлан ауданы бойынша 2009 жылдың 27 ақпанында «Ұлан ауданы кәсіпкерлерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі аккредитациядан өтіп өз жұмысын бастады.

5. БІЛІМ БЕРУ

Ауданда 42 білім беру ұйымдары мен мекемелері жұмыс атқарады. Жалпы білім беру мектептері-36, 2008 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 1 мектепке ахзайды оқушы саны 4905, ал 2008 жылы оқушының саны 5170, балалардың саны 265 адамға азайды. 2 мектептен тыс балалар мекемесіжұмыс істейді: музыкалық мектеп және жасөспірімдерге арналған спорт мектебі, олар облыстық бюджетен қаржыландырылат.4 бала-бақшасы жұмыс істейді, балалардың саны 225. Қазіргі таңда 25 шағын орталықтар жұмыс істейді. Ондағы балалар саны-693.

Ағымдағы мерзімге ағымды жөндеу екі мектепте 3543,0 мың теңгеге жасалынды:
- Абай атындағы орта мектеп Алмасай ауылы 1000,0 мың теңге (желілерді орнату және жөндеу жұмыстары);
- Алтынсарин атындағы бастауыш мектеп Борсақ ауылы 2543,0 мың теңге (мектеп ғимаратын жөндеу).
Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен ағымды мерзімде 6199,0 мың теңге бөлініп, 100 % -ға игерілді.

Республикалық бюджеттен ағымды мерзімде интерактивтік оқытуға 112,0 мың теңге бөлінді, соның 100 % игерілді. 
1-4 сыныптарды ыстық тамақпен қамтуға 2009 жылдың ағымды мерзімінде 2784,0 мың теңге бөлініп, 2737,0 мың теңгесі игерілді. Жалпы білім қорына 3193,0 мың теңге бөлінді, былтырғы жылмен салыстырғанда 2720,0 мың теңгеге көбейді.

2009 жылы Ұлан ауданы әкімдігінің 2009 жылдың 8 қаңтардағы № 1052 Қаулысы негізінде мектептерге қосымша - 59,25 штаттық бірлік бөлінді: бала-бақшаларға-14; білім беру бөліміне-3.

6. ӘЛЕУМЕТТІК САЛА, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, білім беру мен кәсіптік қайта даярлауға ерекше көңіл бөлінген. Бағдарлама бойынша 2009 жылы 70 адам жұмыссыз тұлғаларды оқуға жіберуге жоспарланған, нақты 72 адам жіберілді. Ұлан ауданы бойынша жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, шығынның орнын толтыру-барлығы (жол, жатар орын, тамақ, медициналық куәландыру). 2009 жылға бекітілген жоспар бойынша 3486,7 мың теңге бөлінді немесе 2008 жылмен салыстырғанда 1352,0 мың теңгеге үстем. Есеп беру күніне төлемдер 179,0 мың теңгені құрайды және жұмыссыздардың шығынының орнын толтыру (жол, жатар орын, тамақ, медициналық куәландыру) 171,0 мың теңгені құрайды.

Оқыту және кәсіби даярлау жөніндегі бағдарлама бойынша оралмандарға көп көңіл бөлінуде. 72 оқуға жіберілген тұлғаның 30-ы оралмандар. Жұмыссыз тұлғалар «BELISIMA» ЖШС, «ПРОГРЕСС», «ИСХ-ХХ1», «Ұлан» Кәсіптік лицей мекемелерінде оқып жатыр. Жоғарыда айтылған оқу орындар биылғы жылғы лицензияларын алып, әр түрлі мамандықтар бойынша оқыту жүргізуде. 2009 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен Сенаты бірлескен отырысында үкімет Басы Н.Ә.Назарбаев халыққа «Дағдарыстан жаңарту мен дамуға» атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасы деп аталатын 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарының негізгі бағыты – халықты еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету және елімізде жұмыссыздықтың белең алуына жол бермеу болып табылады. Жол картасына байланысты аудан бойынша 512 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланды.

Оның ішінде әлеуметтік жобаға – 150 жұмыс орны, білім беру бөліміне – 85 жұмыс орны, денсаулық сақтау бөлімі – 83 жұмыс орны, тұрғын үй коммуналдық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне – 139 жұмыс орны, әлеуметтік жұмыс орындарына – 40 жұмыс орны, жастар іс-тәжірибесіне – 15 жұмыс орындарын ашу көзделіп отыр.

Аудан бойынша 360 адам – 11 сынып бітірушілері мен 90 адам – жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының түлектері болып табылады. Мектеп бітірушілерімен және түлектермен кездесулер өткізілуде. Осы жылы 35 адам мұғалім мамандығы бойынша оқу орындарын аяқтаған, оның ішіндегі 3 адамға бос жұмыс орындарына жолдама берілді. Сондай-ақ, Саратовка ауылындағы Шығыс Қазақстан Ауыл Шаруашылық колледжінің 23 түлегі Ұлан ауданының тұрғындары болып табылады.

Осы жылдың наурыз айында Саратовка ауылындағы Шығыс Қазақстан Ауыл Шаруашылық колледжін аяқтаған 4 түлегіміз Гордеев Я.И. – «Евгения» шаруа қожалығында механизатор болып жұмыс істеуде, Касенов Р.Б. – «АгроБам» шаруа қожалығында механизатор болып, Мукушев А.З. - «АгроБам» шаруа қожалығында механик болып, Сарсекенов А.Е. – «Көктем» шаруа қожалығында механик болып жұмыс істеуде.

Ұлан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2009 жылдың 4 наурызында Саратовка ауылындағы Шығыс Қазақстан Ауыл Шаруашылық колледжінің түлектерімен және жұмысберуші шаруа қожалықтарының басшыларымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді.

Бұл жиынға «Нестеренко», «Солтанбек», «Байсаков», «Жайнақ», «Плешков», «Агро-Бам», «Аулье-2», «Хан» шаруа қожалықтарының басшылары қатысты. 63 түлектердің ішінен 23 адам Ұлан ауданының тұрғындары, 12 адамға осы шарушылықтарға жұмысқа орналасуға жолдама берілді.

«Нестеренко» шаруа қожалығының басшысы «Шығыс Қазақстан облыстық арнайы Жеткіншектер үйі» Мемелекеттік мекемесінде тәрбиеленген жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 4 ауыл шаруашылық колледжінің түлектерін болашақ мамандықтары бойынша жұмысқа алып, тұратын орнымен қамтамасыз етеді.

Осы Жолдауға сәйкес «Жұмыссыздарды оқыту, қайта даярлау» бағдарламасы бойынша 200 адамға 14640,0 теңге, «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 15 адамға 1349,8 теңге, «Әлеуметтік жұмыс орындар» бағдарламасына 40 адамға 3591,5 теңге бөлінген.

Жұмыссыз тұлғалардың білім деңгейін көтеру немесе қайта даярлау үшін аудан бойынша 66 адамнан сұраныстар жиналды.

7. АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Ұлан ауданының жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының ұзындығы 463 шақырымды құрайды, соның ішінде: қара қатты қиыршық тас жабындысымен – 255 шақырым, қиыршық тас жабындысымен -199 шақырым, топырақты жол – 9 шақырым.

Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы  № 437 және 19 желтоқсандағы № 202 қаулыларына сәйкес «Өскемен - Самар»  автомобиль жолының 15-107 шақырымдар аралығы (жалпы ұзындығы 92 шақырым), Тарғын ауылында орналасқан жылыту пункті мен жөндеу шеберханалары «ШҚО жолаушы көлігі және автомомбиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекеменің балансына берілді.

2008 жылғы 25 желтоқсандағы аудандық маслихаттың шешіміне сәйкес 2009 жылға автомобиль жолдарын ағымды жөндеу және ұстауға 42000,0 мң теңге бөлінді, оның ішінде 16000,0 мың теңге ауылдық округтер мен кенттер әкімдеріне берілді.

«Мемлекеттік сатып алу» Заңының 4 бабы, 31-тармағына сәкес бюджеттік бағдарламаның әкімшісі «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен 2009 жылғы 14 қаңтарда автомобиль жолдарын ұстау және ағымды жөндеу бойынша «Ұлан жолдары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынымен 26000,0 мың теңгеге шарт жасалынды. Мемлекеттік мекемесінің қаржы жоспарына сәйкес автомобиль жолдарын ағымды жөндеу жұмыстары 2009 жылғы 20 сәуірден басталады. Жөндеу жұмыстардың кесте жобасы құрылды.

Ауылдық округтер мен кенттер әкімдерімен елді мекендердегі жолдар мен көшелерді ағымды жөндеу және ұстауды «Мемлекеттік сатып алу» Заңының негізінде бағалық ұсыныстарды сұрау арқылы жүзеге асырылады.
2009 жылғы 1 сәуірге автомобильжолдарын қысқы мерзімде ұстау бойынша 7499,5 мың теңгеге игерілді немесе 28,8 пайыз.

Ұлан ауданы бойынша орталықтандырылған сумен қамту 14 елді мекендерде  бар, оларда 198865 адам тұрады немесе аудан тұрғындарының 47 пайызын құрайды. Су құбырлардың жалпы ұзындығы 110,7 шақырым.
2009 жылы аудандық бюджеттен елді мекендердегі сумен қамту және су қайтарғы жүйелерінің қызмет етуіне 8090,0 мың теңге бөлінді, ол 2008 жылмен салыстырғанда 100,4 пайызды құрайды. Бұл қаражат Манат, Жантас, Баяш, Борсақ ауылдарында және Асубұлақ кентінде қоғамдық скважиналар бұрғылау үшін және Привольный, Таврия, Айыртау ауылдарында және Молодежный кентінің су құбырлар жүйелерін ағымды жөндеуге жұмсалады.

8. ҚҰРЫЛЫС

2009 жылдың І тоқсаны бойынша 5 жеке тұрғын үй пайдалануға қабылданды жалпы аланымен – 625,6 шаршы метр, сонымен қатар ауданда азық-жем өндіретін өндіріс ғимараты, бір мал дәрігерлік дәріхана, бір саяжай үйі, бір жазғы үй және бір дүкен мен наубайхана ғимараты пайдалануға қабылданды.

Қазіргі уақытта жер телімдері әлеуметтік инфрақұрылыммен  қамтамасыз етілмегендіктен жеке тұрғын үй құрылыстарына рұқсат беру уақытша тоқталды.

Қазіргі уақытта Молодежный кентінде 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жалғастырылуда. Бюджеттен 2008 жылы 210 млн. теңге, және 2009 жылы 191,0 млн. теңге бөлінді. 2009 жылдың 1 тоқсанына 47100,0 мың теңге бөлініп толығымен игерілді. Жоспар бойынша пайдалануға беру уақыты 2009 жылдың IV тоқсанында.

Бүгінгі күнге дейін 8 сәулеттік-жобалау тапсырма берілді, 3 жобалық құжаттар келісілді.

2009 жылға аудандық бюджеттен ауылдық округтер мен кенттерге санитарлық тазалауға – 3030,0 мың теңге, көріктендіру және көгалдандыруға – 7150,0 мың теңге қаражат бөлінді.

Аудандық бюджеттен елді мекендерде көше жарықтарын орнатуға 11520,0 мың теңге қаражат қарастырылған. Бұл қаратқа ауданның 12 елді мекендерінде көше жарықтандыру жұмыстарын жүргізіледі.

9. МӘДЕНИЕТ

«Ұлан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту» мемлекеттік мекемесінің «Дарын» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының (МКҚК) торабына 22 клуб мекемелері кіреді. Олар: 1-аудандық мәдениет үйі, 2-ауылдық мәдениет үйлері, 19-ауылдық клубтар. Аталған 22 клуб мекемелерінің ішінде Алғабас, Гагарин ауылдық клубтары бейімделген клуб ғимаратында, аудандық мәдениет үйі, Бозанбай, Таврия ауылдық мәдениет үйлері, Ұлан, Завидное, Герасимовка, Огневка, Баяш, Екатериновка, Ново-Канайка, Ново-Азово ауылдық клубтары клуб мекемесіне арнайы салынған типтік ғимаратта орналасқан. Ал, қалған  Украинка, Саратовка, Привольное, Алмасай, Каменка, Донское, Асубұлақ, Тарғын, Ленинка ауылдық клубтарында ғимараттар жоқ. Ғимараттары жоқ клубтардың мәдениет қызметкерлері мектептермен, ауылдық округтермен бірлесіп халыққа мәдени қызмет көрсетуде.

Ауданның клуб мекемелері мәдени шараларды ұйымдастыруда және өткізуде ауданның мәдени өміріне жастарды тартуды, олардың шығармашылық және жеке қабілеттерін, эстетикалық танымдарын дамытуды, аға ұрпақты құрметтеуге тәрбиелеуді, мемлекеттік тілді дамытуды негізге ала отырып, әр түрлі формаларды пайдаланды. Атап айтсақ: ресми мерекелерге арналған мәдени шаралар, байқаулар, сайыстар, көгілдір от, мерекелік концерт, үгіт бригадалары, демалыс кештері, тақырыптық кештер, дискотека, сахналық көріністер.

2009 жылдың І тоқсанында аудан бойынша барлығы 227 мәдени шаралар өткізіліп, оған 11350 адам қатысты. Оның ішінде: 70 мәдени шара аудандық мәдениет үйінде, қалған 157 мәдени шара ауылдық клубтарда өткізілді.
Аталған мәдени шаралардың ішінде 14 жасқа дейінгі балаларға арналған 98 шара өткізіліп, 4900 балалар мен жасөспірімдер қатысты.

Жастарға арналған ақылы би кештері аптасына 2 рет сәрсенбі, сенбі күндері өткізілуде.

Аудан көлеміндегі клуб мекемелерінде барлығы 54 клуб үйірмелері бар. Оған 606 адам қатысады.

Мәдениет қызметкерлерінің жұмысын жақсарту, үйірмелердің жұмысын жандандыруға жағдай жасау үшін қажетті қызмет бөлмелерін жасап беру мақсатында аудандық мәдениет үйінің астындағы жер асты бөлмелері (подвал) мен коридоры толық жөндеуден өткізіліп, үйірме жетекшілеріне берілуде. Атап айтсақ, костюмерге, тігін цехына, домбыра жасау шеберханасына, ВИА жетекшісіне, электрикке жеке-жеке бөлмелер берілді.

2009 жылдың ақпан айының басында клуб мекемелеріне өрт сөндіруге қарсы 20 дана өрт сөндіру құралы (огнетушитель) алынды.

Ағымдағы жылдың ақпан айында Алғабас ауылдық клубына музыкалық орталық алынып берілсе, Таврия ауылдық мәдениет үйіне музыкалық аппаратура алынып берілді.

Өкінішке орай, қиындықтар да бар. Клуб мекемелерінің ғимараттарына жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Кейбір клуб мекемелерінде ғимарат жоқ.

Ақшалай қаражаттың жетіспеуі клуб мекемелерінің материалдық – техникалық базасының нашарлауына себеп болып отыр, жұмыс сапасын заман талабына сай жақсарту үшін компьютерлік техникалар жетіспейді. Елді мекендердегі клуб қызметкерлерімен байланыс жасау үшін телефондық байланысының болмауы жұмысты сапалы жүргізуге кері әсерін тигізеді. Оның үстіне заман талабына сай музыкалық аппаратуралар, кеңсе жиһаздары жетіспейді. Мұның өзі мәдени шаралардың сапалы ұйымдастырылуына, халық шығармашылығының даму қарқынына тікелей кері әсерін тигізуде.

10.  ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ

Дене шынықтыру және спорт бөлімінің ережесі бойынша барлық ауылдық округтар мен кентерде Ауған жерінен әскерлердің шығарылуына 20 жыл толуына байланысты 2009 жылдың 2 - 15 ақпан аралығында спорттық жарыстар өткізілді.

Сонымен қатар 2009 жылдың 7 ақпанында Привольный ауылында Ауған соғысының жауынгері Мурат Қожановты шайбалы хоккейден еске алу турниры аудан көлемінде оқушылар арасында өткізілді. Бұл жарыста 1 орынды Привольный мектебі, 2 орынды Аханов мектебі, 3 орынды Бозанбай мектебі, 4 орынды Сейфуллин мектебі иеленді.
Ауданда шайбалы хоккейді дамытуда 2009 жылдың 14 ақпанында Совет Одағының Батыры Николай Лутты еске алу турниры ауылдық округтер мен кентер арасында өткізілді. Бұл жарысқа 3 команда қатысты 1 орынды Таврия, 2 орынды Привольное, 3 орынды Алғабас ауылдарының спортшылары иеленді.

Аудан көлемінде волейболдан 2009 жылдың 21 ақпанында Бестерек ауылында «Сағыр» шаруа қожалығының жүлдесіне арналған жарыс ұйымдастырылды.Бұл жарысқа 15 командадан 150 спортшы қатысып жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамотамен және бағалы силықтармен марапатталды.
ХІІІ халықтар ойындарының бағдарламасы бойынша 2009 жылдың 6 наурызында Молодежный кентінде әйелдер арасында волейболдан аудандық жарыс өткізілді.

Молодежный кентінде 20 наурызда «Наурыз -2009» мерекесіне арналған еркін күрестен аудандық жарыс өткізілді.
Наурыз мейрамын қарсалуда 20-22 наурыз аралықтарында ауданның барлық ауылдық округтерімен кентерінде спорттық жарыстар өткізілді.

Көктемгі каникул уақытында барлық жалпы білім беретін мектептерде спорттық жарыстар ұйымдастырылды және 24-28 наурыз аралығында спорттың 5 түрінен мұғалімдер спартакиадасы өткізілді.

 

Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің бастығы   Е. Турганов

Похожие:

2009 жылдың 1 тоқсанына арналған Ұлан ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы iconRegion2. htm 2010 жылдың І тоқсанына арналған Ұлан ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы
«Экстремистік, лаңкестік және деструктивтік діни ұйымдар демократиялық қоғам құрудағы қауіп қатер» тақырыбында семинар ұйымдастырылды...
2009 жылдың 1 тоқсанына арналған Ұлан ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы iconҰлан ауданының 2010 жылғы 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы Анықтама
...
2009 жылдың 1 тоқсанына арналған Ұлан ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы icon«2012 жылдың бірінші тоқсанына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» ақпарат
Скемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы оңды динамикамен сипатталады
2009 жылдың 1 тоқсанына арналған Ұлан ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы iconШарбақты ауданының 2009 жылдың 1-ші жарты жылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
...
2009 жылдың 1 тоқсанына арналған Ұлан ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы iconСайрам ауданының әкімі Уалихан Қайназаровтың 2011 жылдың әлеуметтік- экономикалық даму қорытындысы бойынша есебі
Еліміз өз тәуелсіздігін жариялаған 20 жыл ішінде ғасырларға бергісіз даму жолынан өтті
2009 жылдың 1 тоқсанына арналған Ұлан ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы iconБұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе
Ауданның 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы «27» тамыздағы...
2009 жылдың 1 тоқсанына арналған Ұлан ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы iconШығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
Республикасының Бюджет кодексіне, «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
2009 жылдың 1 тоқсанына арналған Ұлан ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы icon2013-2017 жылдарға арналған Қостанай ауданының әлеуметтік – экономикалық даму болжамы Кіріспе
Республикасы Үкіметінің №423 қаулысымен бекітілген әлеуметтік – экономикалық даму болжамын рәсімдеу ережесіне енгізілген өзгерістерге...
2009 жылдың 1 тоқсанына арналған Ұлан ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы iconКатонқарағай ауданының 2009 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы ақпарат
Ауданның 2009 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық...
2009 жылдың 1 тоқсанына арналған Ұлан ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы iconАудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2012 жылдың І жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған міндеттері туралы» халық алдында есеп беру баяндамасы

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница