Қазақстан Республикасында спорттық iс-шараларды өткiзу мен халықаралық спорт жарыстарына қатысудың ережесi туралы




Скачать 327.19 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасында спорттық iс-шараларды өткiзу мен халықаралық спорт жарыстарына қатысудың ережесi туралы
страница1/3
Дата конвертации11.01.2013
Размер327.19 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
Қазақстан Республикасында спорттық iс-шараларды өткiзу мен халықаралық спорт жарыстарына қатысудың ережесi туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң 2004 жылғы 21 шiлдедегi N 06-2-2/229 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2004 жылғы 19 тамызда тiркелдi. Тiркеу N 3030

      "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755  қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасында спорттық iс-шараларды өткiзу мен спорт түрлерi бойынша құрама командалардың халықаралық спорт жарыстарына қатысу тәртiбiн реттеу мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында спорттық iс-шараларды өткiзу мен халықаралық спорт жарыстарына қатысудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының бюджеттен қаржыландырылатын спорт ұйымдары өз жұмыстарында осы Ереженi басшылыққа алсын.
      3. Ұйымдастыру және қаржы жұмыстарын жоспарлау басқармасы (Г.С.Әлiмбекова) белгiленген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
      4. Бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.

      Төрағаның м.а.

Қазақстан Республикасы Туризм  
және спорт жөнiндегi агенттiгi 
Төрағасының м.а. "Қазақстан   
Республикасында спорттық    
iс-шаралар өткiзу мен     
халықаралық спорт жарыстарына 
қатысудың ережесi туралы"   
2004 жылғы 21 шiлдедегi    
N 06-2-2/229 бұйрығымен    
бекiтiлген           

  Қазақстан Республикасында спорттық iс-шараларды өткiзу мен халықаралық спорт жарыстарына қатысудың ережесi

1. Жалпы ереже

      1. Осы Қазақстан Республикасында спорттық iс-шараларды өткiзу мен халықаралық спорт жарыстарына қатысудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755  қаулысына сәйкес әзiрлендi және дене шынықтыру және спорт саласында спорттық iс-шаралар (бұдан әрi - жарыстар) өткiзу тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      Қазақстан Республикасының чемпионаты - үздiк спортшылар (командалар) арасында, қатысушылардың жасына шек қойылмайтын және орындарды бөлiсетiн спорт түрi бойынша өткiзiлетiн жарыстар;
      Қазақстан Республикасының бiрiншiлiгi - қатысушыларының жасы жарыс ережелерiмен анықталатын және спортшылар (командалар) арасында орындар бөлiсетiн спорт түрiнен өткiзiлетiн жарыстар;
      халықаралық жарыстар - кемiнде 5 (бес) мемлекеттiң өкiлдерiнiң қатысуымен спортшылар (командалар) арасында спорт түрiнен өтетiн жарыстар;
      ресми халықаралық жарыстар - спорт түрлерi бойынша халықаралық федерациялардың бұқаралық-спорттық iс-шаралар күнтiзбесiне енген жарыстар;
      кешендi жарыстар (iс-шаралар) - спортшылар (командалар) арасында бiрнеше спорт түрi бойынша орындарды бөлiсетiн және командалар арасында кешендi сынақ өткiзетiн жарыстар;
      Кешендi ғылыми топ - спортшыларды даярлауда әдiстемелiк көмек көрсету және спортшыларға бақылау жүргiзу үшiн ғалым мамандардан құрылған спортшылардың функционалдық және техникалық деңгейiн бақылауды жүзеге асыратын ұжым.

      3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жарыс ұйымдастырушылары болып табылады. Жарыстың өтетiн уақытын жарысты ұйымдастырушылар (бұдан әрi - ұйымдастырушылар) анықтайды.

      4. Жарыстар спорт түрлерiнен қоғамдық бiрлестiктер (бұдан әрi - федерациялар) бекiткен және дене шынықтыру мен спорт жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлген спорт түрлерi бойынша жарыстар өткiзудiң ережесiне сәйкес жүргiзiледi. Ұйымдастырушылар белгiлi бiр жарысты өткiзу үшiн жарыстың (бұдан әрi - регламент) регламентiн (ережесiн) бекiтедi, онда өткiзу шарты, қатысушылар құрамы, қаржыландыру көздерi көзделедi.

      5. Мыналар спорттық iс-шараларға қатысушылар болып табылады: спортшылар, жаттықтырушылар, жаттықтырушы-дәрiгерлер, психологтар, әкiмшiлер, команданың немесе спортшылар тобының жетекшiлерi мен өкiлдерi, спорт мектептерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары жарыстар мен спорт түрлерiнен өткiзiлетiн оқу-жаттығу жиындары туралы Регламентте (Ережеде) көрсетiлген жағдайларда қажеттi механиктер, жөндеушiлер, атбегiлер, сүйемелдеушiлер және басқа да қатысушылар.

      6. Жарысты өткiзу орындарында қызмет ететiн осы спорт түрiнен белгiленген Регламенттiң (Ереженiң) ережелерiне сәйкес төрешiлер алқасының (бригадасының) құрамындағы адамдар осы спорт жарысының төрешiлерi болып табылады.

      7. Спорт жарыстары (1-қосымша) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органның және аумақтық атқару органдарының бекiткен күнтiзбелiк жоспарына сәйкес өткiзiледi және бөлiнген қаражаттың шегiнде мыналар көзделедi:
      спорт түрi, спорттық iс-шараның атауы
      өтетiн орны мен уақыты
      қатысушы ұйымдар
      сандық құрам (бiр команданың, спортшылардың, жаттықтырушылар мен төрешiлердiң)
      өткiзушi ұйымдар.

      8. Спорттық iс-шаралардың бекiтiлген күнтiзбелiк жоспарының негiзiнде жарысты өткiзушi спорт ұйымының басшысы (немесе оның орынбасары) жарыс туралы Регламенттi (Ереженi) бекiтедi, онда мыналар көзделуi қажет:
      жарыстың мақсаты мен мiндетi;
      оны өткiзу жүйесi;
      қатысатын ұйымдар;
      спортшылар құрамы мен басқа да қатысушылардың, төрешiлердiң саны;
      спортшылардың жынысы мен туған жылы;
      нәтижелердi бағалау жүйесi;
      медико-санитарлық қамтамасыз ету мен техника қауiпсiздiгi;
      төрешiлер алқасының сандық құрамы;
      өтiнiмдердi берудiң мерзiмi мен тәртiбi;
      қатысушылар мен төрешiлердi қабылдау шарттары;
      наразылық беру және оны қарау тәртiбi;
      жарыстың өтетiн орны мен уақыты;
      жарысқа қатысушылар мен төрешiлердiң келу және қайту күндерi.

      9. Жарыстар өткiзу сипатына қарай:
      - жекелеген спортшылардың (жынысына, жасына, спорттық бiлiктiлiгiне қарай) иеленетiн орындарын анықтайтын жекелей;
      - жеке бiрiншiлiктен басқа оған қатысушы командалардың орнын анықтайтын жекелей-командалық
      - спортшылардың разрядтық нормалары мен бiрыңғай жiктеме талаптарын орындауды анықтайтын жiктеу;
      - нәтижелерi бойынша спорт түрлерiнен құрама командаларды жасақтайтын және спортшылар мен командаларды спорт жарыстарының келесi кезеңiне жiберуге рұқсат беретiн iрiктеу, бiлiктiлiк жарыстары болуы мүмкiн.
      Сондай-ақ, спорт жарыстары Олимпиада, Ойындар, Спартакиадалар, Универсиадалар түрiндегi кешендi және спорт түрлерiнен чемпионаттар, бiрiншiлiктер (спортшылардың жас топтары бойынша чемпионаттар), Кубокты ұтысқа салу, турнирлер, командалар арасындағы матчтық және жолдастық кездесулер түрiнде өткiзiлуi мүмкiн.

      10. Жарысты ұйымдастырушылар:
      - спорт жарыстарын өткiзу жөнiндегi күнтiзбе жоспарлар мен Регламенттi (Ереженi) әзiрлеу кезiнде әрбiр жеке жағдайда оларды өткiзудiң неғұрлым үнемдi жүйесiн таңдауы;
      - спортшылар мен спорт командаларын ең жақын жолдармен қамтамасыз етуi;
      - спортшылардың спорттық бiлiктiлiгiне қойылатын талаптарды  қатаң сақтауы;
      - оқу-жаттығу жиындарының, жарыстардың күнтiзбе жоспарына және олардың Регламентiне (Ережесiне) сәйкес спорттық iс-шаралар өткiзуi;
      - спорттық iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзуге бөлiнген қаражатты тиiмдi пайдалануы, қатысушылар мен спорт төрешiлерiн материалдық қамтамасыз етуi қажет.

      11. Қазақстан Республикасының аумағында өткiзiлетiн жарыстардың жеңiмпаздары Уәкiлеттi органның бұйрығымен және (немесе) жергiлiктi атқару органдарының шешiмiмен бекiтiлген мөлшердегi жүлделермен (заттай, ақшалай) марапатталады. Ескерткiш жүлделер саны жарысты өткiзу туралы Регламентпен (Ережемен) белгiленедi. Жүлделердi алуға кететiн шығыстар бұқаралық спорттық iс-шараларды өткiзуге көзделген қаражаттың есебiнен бөлiнедi.

      12. Республикалық және халықаралық негiзгi жарыстар уәкiлеттi орган бекiтетiн спорттық-бұқаралық, сауықтыру iс-шараларының және негiзгi республикалық және халықаралық жарыстардың күнтiзбелiк жоспарына енгiзiлуi қажет.
      Белгiлi бiр облыс аумағында өткiзiлетiн облыстық бұқаралық, соның iшiнде халықаралық спорт жарыстары дене шынықтыру және спорт саласындағы аумақтық атқару органы бекiтетiн спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарына енгiзiледi.
      Аудандық спорттық бұқаралық жарыстар дене шынықтыру және саласындағы аудандық атқару органы бекiтетiн спорттық бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарына енгiзiледi.

      13. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органның және жергiлiктi атқару органдарының бекiткен күнтiзбелiк жоспарларына сәйкес бөлiнген қаржының шегiнде қалаларда, аудандарда, облыстарда және республикалық деңгейде өтетiн жарыстарға қатысу жарыс регламентiне (ережесiне) сәйкес реттеледi.
      Осы жарыстарға, соның iшiнде кешендi Спартакиадаларға, Ойындарға, Универсиадаларға қатысатын спортшылардың, жаттықтырушылардың, төрешiлердiң құрамын дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган және тиiстi жергiлiктi атқару органы бекiтедi. Тиiстi дене шынықтыру және спорт жөнiндегi орган басшысы өндiрiстiк қажеттiлiктi ескере отырып, осы жарыстарда қызмет көрсететiн қызметшiлердiң құрамын бекiтедi.

      14. Халықаралық спорттық iс-шараларға қатысу уәкiлеттi орган және дене шынықтыру және спорт жөнiндегi облыстық (республикалық маңыздағы қалалық) атқару органы бекiткен күнтiзбелiк жоспарға қосылған жарыс регламентiне (ережесiне) сай бөлiнген қаражат шегiнде реттеледi.
      Халықаралық, соның iшiнде кешендi: олимпиялық, Азиялық, Орталық Азия, Шығыс Азия және басқа да спорттық iс-шараларына қатысатын спортшылардың, жаттықтырушылардың, төрешiлердiң құрамын жарыс регламентi (ережесi) негiзiнде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi орган басшысы бекiтедi. Жарыстың регламентi (ережесi) негiзiнде және өндiрiстiк қажеттiлiкке (спортшылардың сапалы қатысуына ықтимал жағдайлар жасау) үшiн уәкiлеттi орган басшысының шешiмiмен осы жарыстарда қызмет көрсететiн қызметшiлердiң құрамы анықталады. Спорттық жетiстiктердi насихаттауды жүзеге асыру үшiн делегация құрамына бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қосылуы мүмкiн. Спортшыларға практикалық нақты көмек көрсету және олардың бiлiктiлiк деңгейi мен шеберлiгiн одан әрi дамыту үшiн ақпарат алу мақсатында дене шынықтыру және спорт жөнiндегi жергiлiктi атқару органының және осы жарысқа спортшыларды даярлауға үлес қосқан басқа да спорт ұйымдарының басшылары делегация құрамына алынады. Халықаралық Олимпиада Комитетiнiң (ХОК) талаптарына сай ХОК өткiзетiн немесе соның қолдауымен өтетiн жарыстардың делегация құрамына Ұлттық Олимпиада Комитетiнiң (ҰОК) және спорт түрлерiнен республикалық федерациялардың өкiлдерi, соның iшiнде халықаралық дәрежедегi төрешiлер де қосылуы мүмкiн.

      15. Команда құрамына алынған және жарысқа қатысуға дайындалушы спортшылардың спорт шеберлiгiн арттыру және спорт жарыстарында табысты өнер көрсетуi үшiн оқу-жаттығу жиындары өтуi мүмкiн.
      Спортшылардың құрамы және жиындардың ұзақтығы оқу-жаттығу жиындарының сыныптамасымен (2-қосымша) реттеледi.

      16. Оқу-жаттығу жиындары бекiтiлген жылдық күнтiзбелiк жоспарға және мынадай тармақтарға сәйкес бөлiнген қаражат шегiнде өткiзiледi:
      спорттың түрi, оқу-жаттығу жиынының атауы
      өтетiн орны мен уақыты
      қатысушы ұйымдар
      сандық құрамы (бiр команданың, спортшылардың, жаттықтырушылар мен төрешiлердiң)
      өткiзушi ұйымдар

      17. Спорт жарыстары мен оқу-жаттығу жиындарының күнтiзбелiк жоспарының негiзiнде Қазақстан Республикасында спорттық iс-шараларды өткiзудiң және халықаралық спорттық iс-шараларға қатысудың қаржылық күнтiзбесi (3-қосымша) жасалады.

      18. Негiзгi жұмыс көлемi спортшыларды тактикалық және спорттық техникалық дайындау болып табылатын оқу-жаттығу жиындары спорт жарыстарына тiкелей даярлау жөнiндегi жиындардың санатына жатады.

      19. Жалпы дене дайындығы бойынша спортшыларға тексеру жүргiзу жөнiндегi (тереңдетiлген медициналық кешендi) қалпына келтiру оқу-жаттығу жиындары арнаулы жиындарға жатады.

      20. Оқу-жаттығу жиындарын өткiзетiн спорт ұйымдары:
      теориялық және практикалық сабақтардың, тәрбие жұмыстарының, спортшыларды даярлаудың дербес жоспарларын, кешендi ғылыми топтың жоспарын, медициналық қамтамасыз ету және сабақта қауiпсiздiктi сақтау шараларының жоспарын бекiтуi;
      оқу процесiн өткiзудiң сапасына басты назар аударуы, спортшылардың техникалық және тактикалық шеберлiгiн жетiлдiруi, тәрбие жұмысын ұйымдастыруы, қатысушылар арасында тәртiптi сақтауы, мүлiктi сақтауы;
      бiлiктi жаттықтырушыларды, дәрiгерлердi, массажшыларды, сондай-ақ басқа да қажеттi қызмет көрсетушiлердi анықтауы;
      тамақпен, iссапар шығыстарымен, медико-биологиялық және қалпына келтiру құралдарымен қамтамасыз етуi;
      спорт ғимараттарымен және базалармен, қажеттi мүкәммалдармен және жабдықтармен қамтамасыз етуi;
      оқу-жаттығу жиындарындағы материалдық жауапты адамға осы ұйымға ведомстволық бағыныстағы спорт базаларында өткiзу кезiнде қаржы-шаруашылық қызметтi жүргiзу үшiн сенiмхат беруi;
      техника қауiпсiздiгi жөнiндегi ережелердi қатаң сақтауы;
      спортшылардың және басқа оқу-жаттығу жиындарына қатысушылардың дербес тiзiмiн бекiтуi;
      Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасын ресми халықаралық жарыстарға даярлау кезiнде бiр мәрте сақтандыруды жүзеге асыруы қажет.
      Оқу-жаттығу жиындарының нәтижелерi бойынша талдау жүргiзу үшiн тиiстi спорттық ұйымға жиын нәтижелерi туралы ақпарат жiберiледi.

      21. Спорт жарыстары мен оқу-жаттығу жиындарын өткiзушi спорт ұйымдары спорттық iс-шараларды өткiзудiң қаржылық күнтiзбесiне және жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарын өткiзудiң күнтiзбелiк жоспарына сәйкес әрбiр спорттық iс-шараны жеке өткiзу үшiн нормаға сәйкес қаржы шығыстарының сметасын бекiтедi.

  2. Спорттық iс-шаралардың шығыстарын жабу тәртiбi

      22. Спорт ұйымдары спорттық iс-шараларды өткiзу кезiнде Регламентке (Ережеге) сәйкес мынадай шығыстар жұмсауы мүмкiн:
      жарысты өткiзудi ұйымдастырушылар:
      спорт ғимараттарын жалға алу;
      төрешiлердiң жұмысына және iссапарына ақы төлеу;
      марапаттау;
      баспаханалық және кеңселiк шығыстар;
      көлiк шығыстары;
      медициналық қамтамасыз ету, жарысқа дайындалу және өткiзу орындарда қызметшiлерге ақы төлеу;
      МАИ-дың iлесуiн қамтамасыз ету және жарыс кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау;
      егер жарыс Регламентiмен (Ережемен) көзделген болса, жарысқа қатысушыларды тамақтандыру мен орналастыру.
      Қазақстан Республикасының аумағында кешендi және халықаралық спорттық iс-шаралар өткiзу кезiнде режиссерлiк-қойылым топтарына ақы төлеу, iс-шараның салтанатты ашылуы мен жабылуын (реквизиттер, киiмдер, мүкәммалдар, жабдықтар, жарықпен және дыбыспен әрлеу, жарыстың орнын безендiру) материалдық қамтамасыз етуге шығыстар көзделуi мүмкiн.
       Жарысқа iссапарға жiберушi ұйымдар:
      Жолақысы, спортшылардың және басқа қатысушылардың жолда болған уақытына төленетiн тәулiкақы бойынша;
      спорт жарыстарында болған уақытта қатысушыларды тұрғын үй-жаймен, тамақпен және тәулiкақымен, спорттық киiммен және шерулiк киiммен (кешендi жарыстарда) қамтамасыз ету, спортшыларды сақтандыру, өтiнiм жарналары, спорт ғимаратын және спорттық мүкәммалды жалға алу, егер жарысты өткiзу Регламентiнде бұл шығыстар көзделсе, онда төрешiлердi iссапарға жiберу бойынша;
      жарыс республикадан тыс жерде өтетiн болса шығу құжаттарын ресiмдеу (визалар, сауалнамалар, консульдық алым және т.б.);
      ойындардың Регламентiне (Ережесiне) сәйкес, ресми халықаралық жарыстарға Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының қатысуы кезiнде спортшыларды бiр мәрте сақтандыру үшiн;
      спортшыларға, жаттықтырушыларға, төрешiлер мен қызмет көрсетушi қызметшiлерге егер тамақтануға (тәулiкақы) немесе тәулiкақыда қалталық шығыстар үшiн (Олимпиада және Азия, Шығыс Азия ойындарында) қаражат қаралмаса, немесе тәулiкақыға бөлiнген қаражат Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормадан аз болса;
      өкiлдiк шығыстар үшiн (Олимпиада және Азия, Шығыс Азия және Орталық Азия ойындарында).

      23. Қазақстан Республикасының шегiндегi халықаралық жарыстарды өткiзу кезiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ашық чемпионаттарында қатысушыларды материалдық қамтамасыз етумен байланысты барлық шығыстарды егер жарыс Регламентiмен (Ережесiмен) өзгеше көзделмесе, онда командаларды сол жарыстарға жiберушi спорт ұйымдары көтередi.

      24. Уәкiлеттi орган жекелеген, атап айтқанда футболдан, хоккейден және басқа спорт түрлерiнен республикалық жарыстар өткiзудi спорт ұйымдарына тапсырған жағдайда және кейбiр халықаралық жарыстарға қатысу кезiнде жарыс Регламентiне (Ережесiне) көрсетiлген соманы есептеудiң негiздемесiмен бiрге өтiнiмдiк жарналар қарастыруы мүмкiн.
      Федерациялар немесе Уәкiлеттi орган (немесе) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi жергiлiктi атқару органы осы спорт ұйымдарының жарысты өткiзу Регламентiнде (Ережесiнде) көзделген мақсаттарға, көлемде және мерзiмде өтiнiм жарналарын аударады.

      25. Спорттық iс-шараларға (спорт ғимараттарын, спорт жабдықтарын жалға алу, медициналық қамтамасыз ету, қызмет көрсетушi қызметшiлердi ұстау) арналған қаражатты неғұрлым тиiмдi пайдалану және шығыстарды қысқарту мақсатында осы iс-шараға қатысушы әрбiр мемлекеттiк немесе қоғамдық ұйымның келiсiмi және шешiмi бойынша мемлекеттiк және қоғамдық қаражат кооперациялануы мүмкiн.
      Кооперациялау тәртiбiн ұйымдар өзара келiседi, күнтiзбелiк жоспарлар мен iс-шараны өткiзу туралы Регламенттi (Ереженi) әзiрлеу мен бекiту кезiнде ескередi.

      26. Спорт жарыстарына қатысу үшiн оқу-жаттығу жиындарын өткiзу кезiндегi жиынға қатысушыларды материалдық қамтамасыз етумен байланысты барлық шығыстарды сол жиындарды өткiзетiн спорт ұйымдары көтередi. Оқу-жаттығу жиындарына қосымша өткiзушi ұйымның келiсiмi бойынша спорт ұйымдарын жiберушiлердiң есебiнен спортшылар мен жаттықтырушылар тартылуы мүмкiн.
      Оқу-жаттығу жиындарын өткiзу шығыстары мыналарды бiрiктiредi:
      Жолақы, спортшылардың және басқа қатысушылардың жолда болған уақытына төленетiн тәулiкақы;
      жиындарда болған уақытта қатысушыларды тұрғын үй-жаймен, тамақпен және тәулiкақымен, спортшыларды сақтандыру, спорт ғимараттары мен спорттық мүкәммалды жалға алу;
      көлiк шығыстары және (немесе) ЖЖМ;
      медициналық қамтамасыз ету;
      медико-биологиялық препараттармен және қалпына келтiру құралдарымен қамтамасыз ету;
      қажеттi мүкәммалдар мен жабдықтар жеткiзу;
      жиындар республикадан тыс жерде өтетiн болса шығу құжаттарын ресiмдеу (визалар, сауалнамалар, консульдық алым);
      ресми халықаралық жарыстарға Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының қатысуы кезiнде спортшыларды бiр мәрте сақтандыру.

  3. Қатысушылар мен спорт төрешiлерiн спорттық
  1   2   3

Похожие:

Қазақстан Республикасында спорттық iс-шараларды өткiзу мен халықаралық спорт жарыстарына қатысудың ережесi туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы n 551 Қаулысы
Республикасында лотереяларды (мемлекеттiк (ұлттық) лотереядан басқа) ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi...
Қазақстан Республикасында спорттық iс-шараларды өткiзу мен халықаралық спорт жарыстарына қатысудың ережесi туралы iconР/с Іс-шараның атауы
Шығыс Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы 2012 жылдың 8-14 қазаны аралығында Шығыс Қазақстан облысында...
Қазақстан Республикасында спорттық iс-шараларды өткiзу мен халықаралық спорт жарыстарына қатысудың ережесi туралы iconР/с Іс-шараның атауы
Шығыс Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы 2012 жылдың 1-7 Қазаны аралығында Шығыс Қазақстан облысында...
Қазақстан Республикасында спорттық iс-шараларды өткiзу мен халықаралық спорт жарыстарына қатысудың ережесi туралы icon«Спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресімдеу кезінде «Қазақстан Республикасының құрама командасы» атауын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Мемлекеттік қызметті 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру...
Қазақстан Республикасында спорттық iс-шараларды өткiзу мен халықаралық спорт жарыстарына қатысудың ережесi туралы iconІ. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2010 жыл көлемінде атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары
Ауданда «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының және «Қазақстан Республикасында» дене шынықтыру мен...
Қазақстан Республикасында спорттық iс-шараларды өткiзу мен халықаралық спорт жарыстарына қатысудың ережесi туралы icon276 от 21. 09. 2012 года Атақтар беру туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы»
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №1539 қаулысына және «Спорттық атақтар мен разрядтар беру туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасында спорттық iс-шараларды өткiзу мен халықаралық спорт жарыстарына қатысудың ережесi туралы iconҚазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңестiң ережесi мен құрамын бекiту туралы
Оса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңестiң ережесi мен құрамы...
Қазақстан Республикасында спорттық iс-шараларды өткiзу мен халықаралық спорт жарыстарына қатысудың ережесi туралы iconҚазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бұйрығы
Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезінде қауіпсіздік, азаматтардың денсаулығын...
Қазақстан Республикасында спорттық iс-шараларды өткiзу мен халықаралық спорт жарыстарына қатысудың ережесi туралы icon2011 жылғы 14 сәуір №02-02-18/59 Астана қаласы Спорт ғимараттарын пайдалану ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы»
Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ереженің 14-тармағына сәйкес және спорт ғимараттарын пайдалануды одан әрі жетілдіру,...
Қазақстан Республикасында спорттық iс-шараларды өткiзу мен халықаралық спорт жарыстарына қатысудың ережесi туралы iconҚазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөнiндегi мемлекеттiк комиссия құру туралы
Азақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтердiң жоғары идеялық және көркемдiк деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница