Скачать 162.15 Kb.
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 2–4 сыныптар Астана 2010 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің 2–4 сыныптарына арналған ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ Астана 2010 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген Бағдарлама авторлары: Рахметова С., Жаманқұл П.К., Қабатай Б.Т., Мадиева А.Т. Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің 2–4 сыныптарына арналған «Әдебиеттік оқу» оқу бағдарламасы.– Астана, 2010. – 15 б. © Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы, 2010І. ТҮСІНІК ХАТ «Әдебиеттік оқу» пәні бастауыш білім берудің маңызды компоненті ретінде «Тіл мен әдебиет» білім беру саласына енгізілген. Әдебиеттік оқу пәнінің негізгі нысаны – балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармалары. Көркемдік циклға жататын бұл пәннің оқушының жеке тұлға ретінде дамуында, саналы оқу мен сауатты жазу дағдыларының қалыптасуында, мәтінмен алғашқы жұмыс істеуде алатын орны ерекше. Әдебиетік оқу адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын дамытуға, адамгершілік-имандылыққа тәрбиелеуге, сөз өнерін түсінуге, тілін, қиялын арттыруға мүмкіндік береді. Жоғарғы сыныптардағы «Әдебиетті» оқудың жүйелі курсына дайындайтын әдебиеттік оқу сабақтарында бірінші кезекте көркем мәтіннің негізі сөздің көркем бейне екендігіне назар аударуға, оқушыны сөз өнері әлеміне баулуға көңіл бөлінеді. Әдебиетті сөз өнері ретінде қабылдау- әдебиеттік оқу курсының әдіснамалық негізі. Бастауыш білім беру деңгейі оқушысының бойында оқырмандық және тілдік дағдыларды қалыптастыру, олардың адамгершілік және әдеби-эстетикалық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейту жолдары. Білім мазмұнының тақырыптары оқушының дүниетанымын арттыратын және айнала қоршаған дүние туралы дұрыс көзқарасын қалыптастыратын, оның тұлға ретінде өсіп-дамуын қамтамасыз ететін мәселелерді қозғайды. Білім мазмұны идеялық-тақырыптық, көркемдік-эстетикалық ұстанымдар негізінде жүзеге асырылады. Оқырмандық білікті мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі (оқу, мәтінді талдау, мәтінге жоспар құру, кейіпкерлерді сипаттау т.б.) құрайды. Оқырмандық білік негізінде сөйлеу білігі (сөйлеуде жазушы тілін қолдануға әрекеттену, шығармадан алған әсерін ауызша, жазбаша жеткізе алу, мәтіндегі оқиғаға өз көзқарасын білдіру, халық ауыз әдебиеті үлгілерін шығармашылықпен пайдалана отырып, өзіндік әрекеттерін дәлелдей білуге баулу т.б.) қалыптасады. «Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты. Оқушылардың әдеби сауатын ашу негізінде рухани байыту, оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу, оқу дағдыларын және оқырмандық біліктілігін қалыптастыру, әдеби-эстетикалық талғамын жетілдіре отырып, ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу. «Әдебиеттік оқу» пәнінің міндеттері. «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:
«Әдебиеттік оқу» оқу пәні материалдарын сұрыптауда монографиялық ұстаным басшылыққа алынады. Бұл ұстанымның талабы бойынша Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың, Ш.Құдайбердіұлының, С.Көбеевтің, С.Торайғыровтың, С.Дөнентаевтың, А.Байтұрсынұлының, М.Дулатұлының, М.Жұмабайұлының, Ж.Аймауытұлының, С.Сейфуллиннің, І.Жансүгіровтің, Б.Майлиннің, М.Әуезовтің т.б. классик ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармалары әр сыныпта қайталанып отырады. Оқушылар жас ерекшеліктеріне қарай олардың әр түрлі жанрда, әр түрлі тақырыпта жазған шығармаларын оқуға мүмкіндік алады. Оқу материалдары 2-4 сыныптардың тақырыптары маусымдық-тақырыптық ұстаным бойынша жүйеленеді. 1-сыныпты бітірген оқушыда оқу дағдысын қалыптастырып, жетілдіре түсу үшін халық ауыз әдебиеті үлгілерінің осы жастағы балаларға арналған нұсқалары жеткілікті түрде қамтылуы тиіс. Оқулыққа материалдар таңдауда қазақ балалар фольклорының оқушыларды адамгершілік, ізгілік қасиеттерге тәрбиелейтін ең сенімді құрал екендігіне ерекше көңіл бөлінеді. Маусымдық - тақырыптық ұстанымға сәйкес топтастырылған материалдар оқушылардың туған ел табиғаты туралы (аспан – жер, аң – құс, өзен – көл, тау – тас, өсімдіктер дүниесі мен оларға адамдардың қарым -қатынасын байқататын) танымын арттыру, көркем және ғылыми-танымдық шығармаларды оқыту арқылы қоршаған ортаға, табиғатқа сүйіспеншілік сезімін ояту, экологиялық мәдениетін тәрбиелеу көзделеді. «Әдебиеттік оқу» пәні оқушыны жоғарғы сыныптардағы «Әдебиеттің» жүйелі курсын меңгеруге дайындауға, әдеби сауаттандыруға, сөз өнері құралдары арқылы мәдени дамытуға баса көңіл бөлінеді. Бұл деңгейдің материалдарын оқытуда қазақ балалар әдебиеті тұтас бітімінің қысқа нұсқасы ұсынылады. Бастауыш білім беру деңгейінде оқытудың қолжетерлігі ұстанымы, оқушылардың қызығушылығын ескеру ұстанымы, көрнекілік ұстанымы т.б. дидактиканың жалпы ұстанымдарының талаптары сақталады. Пән бойынша оқу жүктемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 2-4 сыныптардағы «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 2-сыныпта аптасына - 4 сағат, жылына барлығы - 136 сағат; 3-сыныпта аптасына - 4 сағат, жылына барлығы - 136 сағат; 4-сыныпта аптасына - 4 сағат, жылына барлығы - 136 сағат. Бастауыш білім беру деңгейінде барлығы - 408 сағат. «Әдебиеттік оқу» пәні мазмұнының вариативті бөлігі. «Әдебиеттік оқу» пәні мазмұнын толықтыруға, оқушының пән бойынша білімін арттыруға, танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы тиіс. Пәнді тереңірек білу үшін оқушыларға қосымша вариативті курстар ұсынуға болады. Мәселен: 2-сыныпқа: «Ертегілер еліне саяхат»; 3-сыныпқа: «Ұлттық шешендік өнер», «Сөздер сөйлейді»; 4-сыныпқа: «Фантастикалық әлем», «Өлең - сөздің патшасы», т.б. ІІ «ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ» ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ 2-СЫНЫП Оқу материалдары төмендегідей 7 тарауды құрайды:
Оқу аясы екі бөлімнен тұрады:
Көркем шыгарма бөлімі балалар әдебиетінің екі саласын қамтиды:
Ауыз әдебиеті үлгілерінен:
Жазба балалар әдебиеті үлгілерінен:
3 –СЫНЫП Оқу материалдары төменде көрсетілген 10 тарауды қурайды:
Көркем шыгарма бөлімі балалар әдебиетінің екі саласын қамтиды:
Ауыз әдебиеті үлгілерінен:
Жазба балалар әдебиеті үлгілерінен:
4 -СЫНЫП Оқу материалдары төменде көрсетілген 5 тарауды құрайды:
4. Туған өлкем — тұғырым. 5. Әлем әдебиеті үлгілері. Оқу аясы екі бөлімнен тұрады:
Көркем шығарма бөлімі балалар әдебиетінің екі саласын қамтиды:
Ауыз әдебиеті үлгілерінен:
Жазба балалар әдебиеті үлгілерінен:
2-4-сыныптарда сыныптан тыс оқуға ұсынылатын шығармалардың авторлары: 1.Ауыз әдебиеті үлгілері: аңыздар, әр халықтың ертегілері, шешендік сөздер, эпостық жырлар, айтыс үлгілері, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, т.б. 2.Жазба балалар әдебиеті үлгілері: Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердіұлы, С.Көбеев, С.Торайғыров, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, М.Әуезов, Ж.Жабаев, Ө.Тұрманжанов, А.Тоқмағамбетов, С.Бегалин, Б.Соқпақбаев, Б.Момышұлы, М.Мақатаев, О.Бөкеев, Т.Айбергенов, С.Жүнісов, Ш.Смаханұлы, М.Әлімбаев, Қ.Мырза Әли, Т.Молдағалиев, Ф.Оңғарсынова, М.Шаханов, М.Айымбетов, Н.Айтов, Е.Өтетілеуов т.б. Әлем әдебиетінен: Ш.Айтматов, И.А.Крылов, Л.Толстой, А.Чехов, Х.Андерсен, Ж.Родари, т.б. ІІ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 2-сыныпты бітірген оқушы:
белгілерін қоса есептегенде 40-45 сөз оқуды; екінші жарты жылдықта – 50-55 сөз оқуды меңгереді. 3-сыныпты бітірген оқушы:
белгілерін қоса есептегенде 55-60 сөз оқуды; екінші жарты жылдықта – 60-65 сөз оқуды меңгереді. 4-сыныпты бітірген оқушы:
IV ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Сөз өнерінде тек сыртқы объективті шындық қана емес адамның ішкі жан дүниесі суреттеледі. Адам факторы, оны зерттеп – зерделеу – әдебиеттің айнымас мақсаты, негізгі тақырыбы ғана емес, жалпы көркемдік дамудың басты бағытын айқындайтын ажырамас темірқазығы. Осы тұрғыдан алып қарағанда әдебиеттік оқу қоғамдық, тәрбиелік, эстетикалық категориялар тұрғысынан табиғат әлемін, қоғамдық құбылыстарды, жеке адамның рухани - психологиялық болмысын негізгі нысана етеді. Адам жаны диалектикасының ашылу дәрежесі сөз өнерінің интеллектуалдық және эстетикалық байлығының өлшемі болып қала береді. Кез келген көркем мәтін бірнеше рухани шындықтың қиылысы ретінде қарастырылады: мәтінді тудырушы автордың көзқарасы мен сол мәтінді қабылдаушы оқырманның, бақылаушының, тыңдаушының ішкі жан дүниесі. Әдебиеттік оқуда қабылдаушы кішкентай оқырманды тәрбиелеу, мәтін арқылы оның сезіміне әсер ету, рухани дамыту басты назарда болады. Оқырманды тәрбиелеу ісі сауатты оқушы жағдайында ғана мүмкін болмақ. Сауатты оқушы – кітап оқуға әдеттенген, кітапты өзін қоршаған әлемді білуге және оның өзін - өзі танудағы құрал ретінде пайдалануға дағдыланған адам; ол оқу техникасын меңгерген, оқығанын түсіне алатын деңгейге жетеді. «Әдебиеттік оқу» – 2 сыныптан басталатын пән. Оқушылардың дұрыс, түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқуын жетілдіруге, әдеби сауатын ашуға басты көңіл бөлінеді. Сауаттылықтың түпкі негізгі бастауыш сыныптарда қаланатын болғандықтан, оқушылар сөйлеу әрекетінің түрлеріне (оқылым мен жазылым, айтылым мен тыңдалым) де осы сыныптарда үйрене бастайды. 2-сыныпқа келген оқушыларда «Әдебиеттік оқуды» ұғынуға тірек болатындай бір жыл бойы жүйелі оқу барысында бойларында қалыптасқан білім, білік, дағдылары ғана емес, таным мүдделері мен таным әрекеттері болады. Сондықтан олар мәтіндердегі оқиғалардың өрбуін, оған қатысты адамдардың істерінің барысын бақылап, нәтижесін іздестіре алады. Бұл сыныптың оқу материалдары ретінде халық ауыз әдебиетінің балаларға арналған үлгілері кеңінен пайдаланылады. 4-сыныпқа келген оқушыларда «Әдебиеттік оқуды» ұғынуға тірек болатындай бір жыл бойы жүйелі оқу барысында бойларында қалыптасқан білім, білік, дағдылары ғана емес, таным мүдделері мен таным әрекеттері болады. Сондықтан олар мәтіндердегі оқиғалардың өрбуін, оған қатысты адамдардың істерінің барысын бақылап, нәтижесін іздестіре алады. Бұл сыныптың оқу материалдары ретінде халық ауыз әдебиетінің балаларға арналған үлгілері кеңінен пайдаланылады. «Әдебиеттік оқу» пәні оқушыны жоғарғы сыныптардағы «Әдебиеттің» жүйелі курсын меңгеруге дайындауға, әдеби сауаттандыруға, сөз өнері құралдары арқылы мәдени дамытуға баса көңіл бөлінеді. 4-сынып – бастауыш сатыдағы «Әдебиеттік оқу» мен жоғарғы сыныптардағы «Қазақ әдебиеті» курсы арасындағы жетекші буын, жалғастырушы көпір. 4-сыныптың «Әдебиеттік оқу» мазмұнын құруда жанрлық-хронологиялық ұстаным алынып, қазақ балалар әдебиетінің тұтас бітімінің қысқа нұсқасы ұсынылады. Балалар әдебиетінің бастау көзі – халықтың сонау ерте дәуірлерде шығарған өлең– жырлары, мақал-мәтелдері, нақыл сөздері, аңыз ертегілері. Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» – балалар әдебиетінің жазба нұсқасының алғашқы үлгісі. Балалар әдебиетінің жаңаша үлгіде өркендеп кемелденген тұсы Абай шығармашылығынан басталып, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев т.б. шығармашылығында жалғасып, бүгінгі күндері жаңа жанрлық түрлермен, үлгілермен толығып, дамып келеді. Балалар әдебиетін тарихи кезеңдерге бөліп қарастыруға жалпы әдебиет туралы ой қозғаған Ш.Уәлиханов зерттеулері, Ә.Диваев пен С.Көбеев, С.Торайғыров және басқа ағартушы демократтардың баспасөз беттеріндегі әдебиет мәселесіне арнаған мақалаларды, А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, М.Әуезов, М.Ғабдуллин, М.Қаратаев, З.Ахметов, Қ.Жұмашев, Б.Кенжебаев, Ш.Ахметов т.б. зерттеулері мүмкіндік берді. Осы орайда жалпы әдебиетімізбен бірге балалар әдебиетінің де қаз басып, қалыптасып кетуіне зор ықпал еткен А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров сияқты классиктеріміздің отызыншы жылдардағы ойранның құрбандығына айналуы, республикамыздағы зиялы қауымның жаппай дерлік жазалануы, отызыншы жылдарда әлемдегі ешбір елдің, ешбір халықтың тарихында болып көрмеген сұрапыл ашаршылықтың зардабын бүгін де қайталап айтуға әрі мәжбүрміз, әрі міндеттіміз. Сондықтан оқулықта осындай ақын-жазушыларымыздың балаларға арналған шығармаларымен қатар олардың өмірлерінен нақты мәліметтер беріледі. Оқушыларға қазақ балалар әдебиетінің тарихпен байланысын, үздіксіз дамуын, көркемдігін ұғындыру мақсатында халық ауыз әдебиеті үлгілері, әр дәуірдегі жазушылардың балаларға арналған шығармалары, сондай-ақ әлем әдебиетінің кейбір классикалық үлгілері сұрыпталып алынады. |