Тауарлар сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2009 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы»




Скачать 224.23 Kb.
НазваниеТауарлар сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2009 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы»
Дата конвертации18.01.2013
Размер224.23 Kb.
ТипДокументы
Тауарлар сатып алу туралы

КЕЛІСІМШАРТ №
Алматы қ. « »_____________ 2009 жыл
(1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» деп аталып, 13.07.2009 ж. күнгі № І-29/705.1 Сенімхатының негізінде әрекет етуші «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарушы директоры – «Хабар» Агенттігі» АҚ АФ директоры С.В. Федорова атынан, бірінші тараптан, және

(2) _____________________ алдағы уақытта «Жеткізуші» деп аталып, _____________ негізінде әрекет етуші ________________________ атынан, екінші тараптан, алдағы уақытта бірлесіп «Тараптар» деп атала отырып, «___» ___________ 2009 ж. баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен сатып алу хаттамасы негізінде тауарды сатып алу туралы осы келісімшартқа (алдағы уақытта – Келісімшарт) қол қойды және төмендегідей келісімге келді:


  1. Келісімшарт негізі

Жеткізуші Келісімшарттың № 1 Қосымшасында көрсетілген саймандар мен материалдарды, жалпы сомасы ҚҚС қоса алғанда _______________ ( ______________________) теңге (алдағы уақытта – Келісімшарт Бағасы) көлемінде жеткізуге міндеттеледі.

1.2. Жеткізуші Тауарды жеткізушінің есеп-шотына 100% алдын ала төлем түскен күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде Келісімшарттың №1 Қосымшасында көрсетілгендей толық көлемінде Алматы қ. Желтоқсан көш., 185 мекен-жайы бойынша жеткізуге міндеттеледі.


  1. Тараптардың міндеттері

2.1. Жеткізуші міндетті:

2.1.1. тиісті сападағы Тауарды өз қолымен жеткізуге;

2.1.2. Тауарды толық көлемінде және Келісімшарттың 1.2. бөлімінде көрсетілген мерзімде жеткізуге;

2.1.3. Тапсырысшыға Тауарды Келісімшарттың шарттарына сәйкес және Тауарды тапсыру-қабылдау Актісі бойынша оның барлық құжатнамаларын беруге. Тауарды беру күні болып Тауарды тапсыру-қабылдау Актісіне Тараптардың қол қою күні саналады;

2.1.4. Сатып алушының хабарламасын алған сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Тауардан анықталған кемшіліктерді қайтарымсыз жоюға және (немесе) басқасына ауыстыруға.

2.2. Жеткізуші Тауарды мерзімінен бұрын жеткізуді жүзеге асыруға құқылы.

2.3. Тапсырысшы міндетті:

2.3.1. жеткізілген Тауарды осы Келісімшарттың 3 бабында көрсетілген баға бойынша және мерзім ішінде төлеуге;

2.3.2. Келісімшарт шарттарына сәйкес келетін, Тауарды тапсыру-қабылдау Актісі бойынша Тауарды қабылдауға.

2.4. егер Жеткізуші Келісімшартты орындауға уақытында кіріспесе, Тапсырысшы Келісімшартты орындаудан бас тартуға құқылы.

2.5. Жеткізуші Келісімшарт бойынша өзінің құқықтарын немесе міндеттерін Тапсырысшының жазбаша рұқсатынсыз үшінші жақ тұлғаларға толықтай немесе бөлшектеп беруге, не болмаса алып қоюына жол беруге құқылы емес. Келісімшарт шарттарына қайша жүзеге асырылған кез-келген осындай құқықтарды немесе міндеттерді беру, не болмаса алып қоюына жол беру жарамсыз және Тараптар немесе үшінші жақ тұлғалары үшін құқықтық нәтижелерге ие емес деп табылады.
3. Келісімшарт бағасы және есептер тәртібі

3.1. Келісімшарт бағасы _______________ ( ______________________) теңгені құрайды, ҚҚС қоса алғанда. Келісімшарт бағасына Тауардың құны мен оны жеткізу бойынша барлық шығындар кіреді.

Келісімшарт бағасын осы Келісімшарттың бүкіл әрекет ету мерзімі кезеңінде өсу жағына қарай өзгертуге болмайды.

3.2. Тапсырысшы Келісімшарт бағасын Жеткізушінің есеп-шотына 100% төлем жағдайында жеткізуші шығарған төлем есебіне сәйкес Келісімшартқа қол қойған күннен бастап 10 (он) операциялық күн ішінде жүргізеді.

.
4. Ыдыс және қаптама

4.1. Тауар ГОСТ немесе техникалық шарттардың талаптарына жауап беретін және тасымалдау және сақтау кезінде Тауардың бүтіндігін қамтамасыз ететін ыдысқа (қаптамаға) қапталуы тиіс.

4.2. Ыдысты таңбалау және тиісті құжатнамасы бекітілген стандарттарға сәйкес келуі керек.
5. Басқа да жағдайлар

5.1. Тауар Келісімшарттың шарттарына сәйкес жағдайда берілуі тиіс.
6. Тараптардың жауапкершіліктері

6.1. Келісімшарт бойынша міндеттерді орындамау немесе тиісті емес орындау жағдайында, Тараптар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.

6.2. Келісімшарттың 1.2. бөлімінде көрсетілген Тауарды жеткізу мерзімін бұзғаны үшін, Жеткізуші Тапсырысшының талабы бойынша бұзылған мерзімнің әрбір күні үшін 0,5% мөлшерінде есепті шығарған сәттен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде өсімпұл төлейді.

6.3. Тауарды жеткізбегені үшін, түрі немесе ассортименті сәйкес емес, тиісті емес сападағы Тауарды жеткізгені үшін Жеткізуші Тапсырысшының талабы бойынша Тауар үшін Келісімшарт бойынша төленген соманы толық мөлшерінде қайтаруға және Тапсырысшының талабы бойынша Келісімшарт бағасының 20% мөлшерінде тұрақсыздық төлемін есепті шығарған сәттен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде төлеуге міндетті.

6.4. Тұрақсыздық төлемін төлеу, сондай-ақ шығындарды өтеу Тараптарды өз міндеттерін орындаудан босатпайды.
7. Форс-мажор

7.1. Егер игерілмейтін күш жағдайларының, яғни апаттық құбылыстар, өрт, жер сілкіністері, электр энергиясын жаппай өшіріп тастау, лаңкестік акциялар, әскери іс-қимылдар секілді төтенше және алдын алу мүмкін емес жағдайлар, жоғарғы билік органдарының шешімдер қабылдауы салдарынан осы Келісімшарт бойынша міндеттерді толықтай немесе бөлшектеп орындамағаны үшін және осы жағдайлар осы Келісімшарттың орындалуына тікелей әсер етсе, онда Тараптар жауапкершіліктен босатылады. Бұндайда осы Келісімшарт бойынша міндеттерді орындау мерзімі аталған жағдайлардың әрекет еткен уақытына мөлшерлес кейінге шегеріледі.

7.2. Егер 7.1. бөлімде көрсетілген жағдайлар бір айдан астам уақытқа созылса, онда әрбір Тарап бір-бірін 5 (бес) жұмыс күн бұрын хабарландыра отырып, Келісімшарттың күшін жоюға құқылы. Бұл жағдайда Тараптар қандай да бір шығындардың орнын толтыруды талап етуге құқылы емес.
8. Дауларды шешу тәртібі

8.1. Осы Келісімшартқа сәйкес туындауы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешілетін болады.

8.2. Егер келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тараптар келісімге келе алмай, Келісімшарт бойынша дауды шеше алммаса, дау Қазақстан Республикасының сот органдарының қарауына жіберіледі және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
9. Қорытынды ережелер

9.1. Осы Келісімшарт Тараптардың оған қол қою сәтінен бастап күшіне енеді және Тараптардың Келісімшарт бойынша өздеріне қабылдаған міндеттерін толықтай орындағанына дейін әрекет етеді.

9.2. Осы Келісімшарт Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған негіздеме бойынша немесе Тараптардың келісімі бойынша өзгертіле, толықтырыла немесе бұзыла алады. Оның кез-келген өзгерістері және толықтырулары егер олар жазбаша түрде жасалып, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойғанда ғана жарамды болады.

9.3. Тараптар бір-бірін заңды статустың, орналасу орнының, банк деректемесінің, бағыныштылықтың кез-келген өзгерісі туралы жазбаша түрде жедел хабарландыруға, сондай-ақ келіссөздерде қаржылық және басқа да құжаттарға қол қою үшін өзінің өкілдеріне уәкілетті құжаттар (сенімхаттар) ұсынуға міндеттеледі.

9.4. Бірінші Тарап екінші Тарапқа Келісімшартқа сәйкес жіберетін кез-кезген хабарландыру кейіннен түпнұсқасын бере отырып, хат, телеграмма, телекс немесе факс түрінде кейіннен түпнұсқасы жіберілетін болып аттандырылады.

9.5. Осы Келісімшарттың барлық шарттары құпия болып табылады. Жеткізуші Тапсырысшының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз кімге болмасын осы Келісімшарттың мазмұны мен қандай да бір оның ережесін, сондай-ақ осы Келісімшартты орындау үшін Жеткізуші тартқан тұлғадан басқа адамдарға Тапсырысшының және оның атынан берілген техникалық құжатнаманы және ақпаратты ашуға тиісті емес. Көрсетілген ақпарат осы тұлғаға құпия түрде және келісімшарттық міндеттерді орындау үшін қажетті шамада ғана берілуі керек.

9.6. Осы Келісімшарт бойынша қарастырылмаған басқа жайттарда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

9.7. Осы Келісімшарт екі данамен, мазмұны бойынша бірдей және бір заңды күшке ие, Тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан шығарылды.
11. Заңды мекен-жайлар мен банк деректемелері


Тапсырысшы:

«Хабар» Агенттігі» АҚ

Мекен-жайы: Астана қ., Сарыарқа даң., 30

СТН 600400087853

ЖИК 000363501 «Нұрбанк» АҚ филиалында

БЖК 190501749 Алматы қ.

Кбе: 17
«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарушы директоры – «Хабар» Агенттігі» АҚ АФ директоры
__________________ С.В. Федорова.




Жеткізуші:



«___» _______________ 2009ж.

тауарларды сатып алу туралы

№ ___ келісімшарттың

№1 Қосымшасы
Тауарлар тізімі




Тауар атауы

Тауарлардың сипаттамасы

өлшем бірлігі

Мөлшері

Бағасы, теңге

Сомасы, теңге

1

Сурет қылқаламдары

Колонок

жинақ

3







2

Сырлау бояужаққыштары

Қылдары табиғи, жалпақтығы 25-70мм.

дана

10







3

Гайка кілттері

Хромдалған

жинақ

1







4

Слесар балғасы

Металл, сабы 150, 500гр.

дана

2







5

Металл кескіш қайшылар

Механикалық

дана

2







6

Тігін қайшылары

Кәсіби

дана

3







7

Метал кескіш пышақ

Слесарлық

дана

2







8

Шегелеуге арналған құрал

Механикалық, екі сапты

дана

1







9

Тескіш

Металл 15-25мм

дана

2







10

Өлшеу рулеткасы

Металл -10м.

дана

4







11

Жиһаз степлері

Механикалық

дана

4







12

Шуруп бұрағыш

Көп жылдамдықты

дана

1







13

Ажарлағыш машина

Тегіш ажарлағыш

дана

1







14

Электр сүргі

Көп функционалды

дана

1







15

Ацетон

Түссіз сұйық

литр

5







16

Акварель

«Гамма»

қаптама

3







17

Фигуралы сақалар

Металл, аса берік

дана

100







18

Ватман

86 х 61мм

дана

100







19

Жіп

Синтетикалық 3мм

бобина

2







20

Ұсақ шегелер

Металл, 15-35мм

кг

10







21

Гуашь

«Мастер класс»

қаптама

4







22

Түрлі тойтармалар

10-35мм

дана

2000







23

Желім

ПВА-801

дана

12







24

Түсті картон

Өлшемі – А-4

қаптама

10







25

Люверстер

Диаметрі – 25мм

дана

500







26

Оракал кесуге арналған пышақ

Ұстара жалпақтығы 20мм

дана

10







27

Тігін жібі

Армирленген

40S/2 5000Y

бобина

40







28

Монтаждай пленкасы

Жалпақтығы -1000 мм

М.п.

20







29

Профиль

Мырышталған 60мм Х 27мм

М.п.

60







30

Резина қолғаптар

Маталы негізде, бақшалық

жұп

10







31

Шаруа қолғаптары

Шаруашылық

жұп

60







32

Тоқу сымдары

Диаметрі 2-3мм

орама

5







33

Металлға арналған төсем

25-35 см

дана

20







34

Еріткіш

646

литр

5







35

Түрлі бұрандалы шегелер

30-80мм.

дана

2000







36

Үлкен скотч

50-80мм

дана

30







37

Екі жақты скотч

50-80мм

дана

15







38

Жиһаз степлерінің қапсырмалары

Артикул 487-08

қаптама

20







39

Супер желім

10 – гр.

дана

20







40

Қара тушь

«Гамма»-аязға шыдамды

қаптама

5







41

Уайт спирит

ГОСТ 3134-78

литр

5







42

Шпагат

Кендір

бобина

1







43

Зімпара қабық

№ 0,1,2, 3.

М2

30







44

Электр лампалары

220/15вт-25вт

дана.

200







45

Діңгек

Ағаш 5х4 см

М.п.

60







46

Кескіш диск

230 х 2,5 х 22 сталь

дана

20







47

Ажарлағыш диск

Ағаш бетіне

дана

20







48

Нейлон дюбель

30-70 мм

дана

2000







49

Әмбебап желім

«Момент» 125 мл.

дана

25







50

Аэрозоль сыр

Металға 400 мл

құты

20







51

Абразивті шеңбер

Ұсақ дәнді

150 х 20 х 20 мм

дана

4







52

Пластик кесуге арналған ұстара

Кәсіби

қаптама

5







53

Монтаждық көпіршік

Кәсіби

құты

10







54

Металлға арналған бұрғы

3 – 12 мм

дана

20







55

Ағашқа арналған бұрғы

5 – 12 мм

кмплект

3







56

Қатқыл бұрғы

3 - 10 мм

комплект

2







57

Электродтар

3 мм

кг

50







58

Әмбебап электр бұрғысы

Көп функционалды

дана

1







59

Термопистолет

Электр

дана

1







60

Қорғаныш көзілдіріктері

Пластикалық

дана

5







61

Дәнекерлегіш

220в/100вт

дана

2







62

Металл кесуге арналға ара

500 х 40 мм

дана

2







63

Тозаңдатқыш пистолет

Лакты сырлы төсем жағу үшін

дана

1







64

Қысқаш

Металл, қорғанышы бар

дана

3







65

Тістеуік

Аса берік

дана

3







66

Шеге жұлғыш

Металл (үлкен)

дана

2







67

Ою ара

Электр

дана

1







68

Шой балға

Металл, ағаш сапты

дана

1







69

Жұлғышы бар балға

Металл, сапты

дана

2







70

Пластика кесуге арналған ұстара

Электр ою араның алмасу ұстарасы

дана

5








Барлығы:




Тапсырысшы:

«Хабар» Агенттігі» АҚ

Мекен-жайы: Астана қ., Сарыарқа даң., 30

СТН 600400087853

ЖИК 000363501 «Нұрбанк» АҚ филиалында

БЖК 190501749 Алматы қ.

Кбе: 17
«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарушы директоры – «Хабар» Агенттігі» АҚ АФ директоры
__________________ С.В. Федорова.




Жеткізуші:


Похожие:

Тауарлар сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2009 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» iconТауарлар сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. ««2010 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы»
«Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» деп аталып, 12. 07. 2010ж күнгі №01-09/818 Сенімхатының негізінде...
Тауарлар сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2009 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» iconТауарлар сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2010 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы»
«Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» деп аталып, 12. 07. 2010ж күнгі №01-09/818 Сенімхатының негізінде...
Тауарлар сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2009 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» iconТауарлар сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. ««2010 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы»
«Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» деп аталып, 12. 07. 2010ж күнгі №01-09/818 Сенімхатының негізінде...
Тауарлар сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2009 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» iconТауарлар сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. ««2010 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы»
«Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» деп аталып, 12. 07. 2010ж күнгі №01-09/818 Сенімхатының негізінде...
Тауарлар сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2009 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» iconТауарлар сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. ««2010 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы»
«Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» деп аталып, 12. 07. 2010ж күнгі №01-09/818 Сенімхатының негізінде...
Тауарлар сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2009 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» iconТауарлар сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. ««2010 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы»
«Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» деп аталып, 12. 07. 2010 ж күнгі №01-09/818 Сенімхатының негізінде...
Тауарлар сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2009 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» iconЖұмыстар сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2010 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы»
«Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» деп аталып, 13. 07. 2009 ж күнгі № і-29/705. 1 Сенімхатының негізінде...
Тауарлар сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2009 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» iconҚызметтерді сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2009 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы»
«Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» деп аталып, 13. 07. 2009 ж күнгі № і-29/705. 1 Сенімхатының негізінде...
Тауарлар сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2009 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» iconҚызметтерді сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2009 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы»
«Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» деп аталып, 13. 07. 2009 ж күнгі № і-29/705. 1 Сенімхатының негізінде...
Тауарлар сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2009 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» iconЖұмыстарды сатып алу туралы келісімшарт № Алматы қ. 2009 жыл (1) «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы»
«Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы алдағы уақытта «Тапсырысшы» деп аталып, 13. 07. 2009 ж күнгі № і-29/705. 1 Сенімхатының негізінде...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница