Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 9 тамыз №920 Астана, Үкімет Үйі Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы




Скачать 348.09 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 9 тамыз №920 Астана, Үкімет Үйі Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы
страница2/3
Дата конвертации18.01.2013
Размер348.09 Kb.
ТипДокументы
1   2   3

4. Аукционды өткiзу
27. Сауда-саттықтың ағылшындық әдiсiн қолдана отырып, аукционды өткiзу кезiнде жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы алғашқы бағаға тең.

Сауда-саттықтың голландтық әдiсiн қолдана отырып, аукционды өткiзу кезiнде бастапқы баға алғашқы бағаны арттырылатын коэффициентке көбейту арқылы айқындалады. Бұл коэффициенттi сатушы белгiлейдi, бiрақ 5-тен кем болмауы тиiс.

Аукцион өткізілетін кезде алғашқы, бастапқы және ең төменгi бағаны сатушы белгілейді.

28. Аукционға қатысуға арналған кепiлдiк жарна аукционға қойылатын барлық жекешелендiру объектiлерi үшiн бiрдей мөлшерде белгiленедi және мынадай әдiстеме бойынша есептеледi.

1) әрбiр жекешелендiру объектiсi бойынша жекешелендiру объектiсiнiң алғашқы бағасынан 1 пайыздан 20 пайызға дейiнгі көлемі айқындалады;

2) осы тармақтың 1) тармақшасында алынған орташа арифметикалық шамасы айқындалады;

3) аукционға қойылатын жекешелендiру объектiлерiнiң iшiнен жекешелендiру объектiсiнiң ең төменгi бастапқы бағасы айқындалады;

4) кепiлдiк жарнаның мөлшерi осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында алынған ең төменгi шамасына тең мөлшерде қабылданады.

29. Қатысушыларға кепiлдiк жарнаны кез-келген санда енгiзуге құқылы, бұл орайда бiр кепiлдiк жарна бiр жекешелендiру объектiсiн сатып алуға жол беріледi.

30. Жекешелендiру объектiсi алғашында аукционға сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi қолданыла отырып шығарылады. Екiншi және одан кейiнгi аукциондардағы сауда-саттықтың әдiсiн комиссия анықтайды.

31. Аукционды аукционшы жүргiзедi. Аукцион оның өткiзу тәртiбiн жариялаудан басталады. Қатысушылар мен қатысып отырған адамдарға аукцион барысына ықпал етуге немесе оны өткiзу ережесiн бұзуға жол берілмейді, олай болмағанда оларды аукционшы аукцион өткiзiлiп отырған залдан шығарып жiберуi мүмкiн.

Жекешелендiру объектiлерiн сауда-саттыққа қоюдың дәйектілігі хабарламада белгiленген тәртiпке сәйкес келуi тиiс.

32. Әрбiр жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттық аукционшының сату объектiсiн, қойылып отырған жекешелендiру объектiсiнiң қысқаша сипаттамасын сауда-саттықты өткiзудiң әдiсiн, бастапқы бағасын және бағаның өзгеру қадамын жариялауынан басталады. Аукционшыға сауда-саттық процесi кезiнде қадамды осы туралы хабарлай отырып, өзгертуге жол беріледі.

Өзгерту қадамы былайша белгіленеді:

– жекешелендiру объектiсiнiң алғашқы және ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіштің 100 000 есесіне дейінгі мөлшерде болған жағдайда өзгерту қадамы 5 пайыздан 10 пайызға дейiн белгiленедi;

– жекешелендiру объектiсiнiң алғашқы және ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіштің 100 000 есесінен бастап 500 000 есесіне дейінгі мөлшерде болған жағдайда өзгерту қадамы 1 пайыздан 5 пайызға дейiн белгiленедi;

жекешелендiру объектiсiнiң алғашқы және ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіштің 500 000 есесінен жоғары мөлшерде болған жағдайда өзгерту қадамы 0,1-ден 1 пайызға дейiн белгiленедi.

Аукционшының объект бағасын қайталап жариялауы арасындағы үзiлiс кемінде 5 секунд болуға тиiс.

33. Сауда-саттық төменде сипатталған екi әдiстiң бiрi бойынша өткiзiледi:

1) Сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi:

Аукционшы жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасын және бағаның арттырылу қадамын жариялайды. Сауда-саттыққа қатысушылар нөмiрдi көтере отырып бастапқы бағаны арттырады, бiрақ жарияланған қадамнан кем болмауы тиiс. Аукционшы сауда-саттыққа қатысушылардың аукциондық нөмiрлерiн жариялайды, бағаларын бекiтедi және оны көтерудi ұсынады. Жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттық ұсынылған ең жоғары бағаға дейiн жүргiзiледi. Жекешелендiру объектiсi үшiн бiршама жоғары баға ұсынған қатысушыны аукционшы жариялайды. Аукционшы жекешелендiру объектiсiнiң соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа нөмiр көтерiлмеген жағдайда балғаны соғып, осы жекешелендiру объектiсiнiң сатылғандығы туралы жариялайды.

Жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасын, егер ең болмағанда екi қатысушы бағаны арттырудың кемiнде екi қадамына арттырған жағдайда ғана, жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттық өткiзiлген болып саналады.

2) Сауда-саттықтың голландтық әдiсi:

Аукционшы жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасын жариялайды және жаңа бағаны жариялай отырып, оны мәлiмделген қадаммен төмендетедi. Аукционшы баға жарияланған кезде аукциондық нөмiрдi бiрiншi көтерген қатысушының нөмiрiн атайды және балғаны соғып, осы жекешелендiру объектiсi бойынша оны жеңiмпаз деп жариялайды. Егер аукционшы жекешелендiру объектiсiнiң ең төменгi бағасын жариялаған кезде қатысушылардың бiрде-бiрi осы жекешелендiру объектiсiн сатып алуға ниет бiлдiрмесе, онда бұл жекешелендiру объектiсi сауда-саттықтан алынып тасталады.

Егер бағаны жариялаған сәтте екi немесе одан көп нөмiр көтерiлсе, ондай жағдайда Аукционшы бағаны Жеңiмпаз анықталған сәтке дейiн тiркелген қадам көлемiне көтере бередi. Жарияланған қадам сауда-саттықтың голландтық әдiсi бойынша белгiленген қадамына, бiрақ ұлғайту жағына тең болуы тиiс. Егер бағаны арттыру кезiнде өз нөмiрлерiн бiр мезгiлде көтерген сауда-саттыққа қатысушы тұлғалардың бiрде-бiрi оны арттырылған баға бойынша сатып алуға тiлек бiлдiрмесе, онда Аукционшы жеребе тастау рәсiмiн қолданады.

Егер сауда-саттық өту сәтiнде жекешелендiру объектiсiн бiр ғана қатысушыға сатуға жол берілетін үшiншi және одан кейiнгi сауда-саттықты қоспағанда, пайдаланылмаған кепiлдiк жарнасы бар тек бiр ғана тiркелген қатысушы қалса, жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттық өтпеген болып саналады.

34. Әрбiр сатылған жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттық нәтижелерi сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамамен ресiмделедi, оған әрбiр жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттық аяқталғанда комиссияның төрағасы, комиссияның барлық мүшелерi, аукционшы және жеңiмпаз қол қояды және ол Тізілімге енгізуге жатады. Комиссия мүшесi қажет болған кезде өзiнiң айрықша пiкiрiн хаттамада жазбаша баяндайды немесе хаттамаға қоса береді. Аукционшы қажет болған кезде хаттамаға қол қою үшiн он минуттан аспайтын уақытқа үзiлiс жариялайды. Хаттама сатушы, сатып алушы және ұйымдастырушы үшін бiр-бiр данада жасалады. Ұйымдастырушы аукцион өткiзiлгеннен кейiнгi күннен кешiктiрмей, сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттаманың бiр данасын сатушыға бередi.

35. Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттама сауда-саттық нәтижелерi мен жеңiмпаздың және сатушының сату бағасы бойынша жекешелендiру объектiсiнiң сатып алу-сату шартын жасасу мiндеттемелерiн тiркейтiн құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Жеңімпаз сатып алу-сату шартына белгіленген мерзімде қол қоймаған жағдайда осы жекешелендiру объектiсi тағы да сауда-саттыққа қойылады.

36. Сатушының аукционды ұйымдастыру және өткiзу үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын ұйымдастырушыны, ал аукционды өткізу үшін - аукционшыны тартуына жол беріледі. Сатушының, ұйымдастырушы мен аукционшының құқықтары мен міндеттері мемлекеттік сатып алу туралы тиісті шартпен реттеледі.

5. Тендердi өткiзу
37. Тендердi ұйымдастыру мен өткiзудi сатушы жүзеге асырады. Объектiнi бiрiншi тендерге қойған кезде жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы алғашқы бағасына тең болады.

38. Тендерге қатысуға арналған кепiлдiк жарна әрбiр жекешелендiру объектiсi үшiн жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасының 20 пайызы мөлшерінде жеке белгiленедi.

40. Тендердiң шарттары мынадай:

жекешелендiру объектiсiне тартылатын инвестициялардың көлемi, түрi және мерзiмi бойынша мiндеттемелер;

өндiрiс көлемiнiң, шығарылатын өнiмдер номенклатураларының немесе көрсетiлетiн қызметтердiң белгiлi бiр деңгейiн қамтамасыз ету;

баға белгілеу шарттары, оның iшiнде бағаның шектi деңгейi бойынша шектеу;

табиғат қорғау іс-шараларын жүргiзу;

қызмет бейінінің сақталуы;

жұмыс орындарын сақтау немесе құру;

өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң қолданыстағы тәртiбi мен пайдалану шарттарын сақтау;

кредиторлық берешектердi белгiленген мерзiмiнде өтеу;

жалақы төлемдерi бойынша берешектердi өтеу;

мәмiлелердi жасауды шектеу (қайта сату, кепiлге, сенiмдi басқаруға беру және т.б.) және/немесе жекешелендiру объектiсiне қатысты белгiлi бiр уақыт iшiнде белгiлi бiр iс-қимылдарға тыйым салу болуы мүмкiн;

комиссияның қалауы бойынша басқа да шарттар.

40. Комиссияның шешімі негізінде сатушы тендер шарттарын, жекешелендiру объектiсiнің бастапқы бағасын, кепілдік жарнаның мөлшерін айқындайды.

41. Егер тiркелген қатысушылардың саны екеуден аз болса, онда жекешелендiру объектiсi бiр ғана қатысушыға сатылуы мүмкiн үшiншi және одан кейiнгi сауда-саттықты қоспағанда, тендер өтпеген болып саналады.

42. Комиссияның отырысында қатысушылардың ұсыныстары жазылған өтiнiмдердi комиссияның барлық мүшелерi зерделейдi және салыстырады. Комиссия барлық формалдылықтардың сақталуын тексередi, талап етiлетiн мәлiметтер мен құжаттардың бар-жоғын айқындайды.

43. Коммерциялық тендердi өткiзу барысында комиссия ұсынысы жекешелендiру объектiсi үшiн бiршама жоғары мәнге ие болған және тендердiң шарттарын қанағаттандырған қатысушыны тендердiң жеңiмпазы деп жариялайды.

Егер коммерциялық тендерде екi және одан көп қатысушының ұсынысы бiрдей бағаға ие болса және тендер шарттарын қанағаттандырса, онда жеңiмпазды анықтау үшiн олардың арасында жекешелендiру объектiсiнiң бағасы бойынша сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi қолданыла отырып аукцион өткiзiледi.

44. Инвестициялық тендер өткiзу кезiнде ұсынысы неғұрлым тиiмдi инвестициялық бағдарламаға ие және тендер шарттарын қанағаттандыратын қатысушы жеңiмпаз деп жарияланады.

Егер инвестициялық тендерде екi және одан көп қатысушының инвестициялық бағдарламалары инвестициялар және басқа да факторлар бойынша бiрдей ұсыныстарға ие болса және тендер шарттарын қанағаттандырса, онда жеңiмпазды анықтау үшiн олардың арасында жекешелендiру объектiсiнiң бағасы бойынша сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi қолданыла отырып аукцион өткiзiледi.

45. Әрбiр сатылған жекешелендiру объектiсi бойынша тендердiң нәтижелерi сауда-саттық аяқталғанда комиссияның төрағасы, комиссияның барлық мүшесi және тендердiң жеңiмпазы қол қоятын әрбiр жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамамен ресiмделедi және Тізілімге енгізуге жатады. Комиссия мүшесi қажет болған кезде өзiнiң айрықша пiкiрiн хаттамада жазбаша баяндайды немесе хаттамаға қоса береді.

Тендер аяқталғаннан кейiнгi күннен кешiктiрмей, комиссия барлық қатысушыларға тендердiң нәтижелерiн жариялайды.

46. Хаттама сатушы және сатып алушы үшiн бiр-бiр данада жасалады.

47. Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттама сауда-саттық нәтижелерi мен жеңiмпаздың және сатушының тендердiң нәтижесi болып табылатын шарттармен жекешелендiру объектiсiнiң сатып алу-сату шартын жасасу мiндеттемелерiн тiркейтiн құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Жеңімпаз сатып алу-сату шартына белгіленген мерзімде қол қоймаған жағдайда осы жекешелендiру объектiсi тағы да сауда-саттыққа қойылады.

48. Егер объектi тендерде сатылмаған жағдайда комиссияның сату тәсілін, бағасы мен тендердің шарттарын өзгерту туралы шешім қабылдауына жол беріледі.

49. Мемлекеттiң қауiпсiздiгiн, қоршаған табиғи ортаны қорғауды, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындаған ерекше жағдайларда тендер жабық өткiзiлуi мүмкiн.

Жабық тендердi өткiзу кезiнде мерзімді баспа басылымдарында және Тізілімнің веб-порталында хабарлама жариялау жүргізілмейді. Жабық тендерге мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде комиссия айқындайтын қатысушылардың шектеулi тобы қатысады. Жабық тендерге қатысуға арналған жазбаша шақыруды жабық тендердiң барлық шарттарымен қоса сатушы жiбередi. Жабық тендерге қатысуға шақыру жiберiлген және қатысуға тiлек бiлдiрген тұлғаларды тiркеу жазбаша шақыру жiберiлген күннен бастап жүргiзiледi және жабық тендердiң өткiзiлуiне бiр күн қалғанда аяқталады.

50. Жабық тендердi өткiзу тәртiбi осы Қағиданың 37-48-тармақтарымен реттеледi.
6. Екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурс
51. Екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурс жекешелендiру бағасының басымдығын және/немесе өзге де шарттарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен өткiзiледi.

52. Екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурс мынадай iс-шаралар жоспарын қамтиды:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен қаржы кеңесшiсiн тарту;

2) жекешелендiру объектiн жан-жақты талдау, оның құнын бағалау және әлеуетті сатып алушылар (инвесторлар) үшiн жекешелендiру объектiсi туралы ақпараттық дерекқорды қалыптастыpу;

3) сатушының жекешелендiру объектiсiн сату туралы хабарламаны мерзімді баспа басылымдарында және Тізілімнің веб-порталында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялауы, сондай-ақ қаржы кеңесшiсiнiң әлеуетті сатып aлушыларға (инвесторларға) сату туралы ұсыныстар жiберуi;

4) қаржы кеңесшiсiнiң әлеуетті сатып алушылардың (инвесторлардың) ұсыныстарын қамтитын өтiнiмдер тiзбесiн қалыптастыруы;

5) сатушының қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен келiссөздер барысында ең үздік ұсыныстар (конкурстың бiрiншi кезеңi) ұсынған кемiнде екi әлеуетті сатып алушыны (инвесторды) анықтау мақсатында өтiнiмдер тiзбесi бойынша әлеуетті сатып алушылармен (инвесторлармен) келiссөздер жүргiзуi;

6) сатушының қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен бұрын ұсынылған шарттарды жақсарту тұрғысынан бiрiншi кезеңнiң жеңiмпаздарымен келiссөздер жүргiзуi (екiншi кезең).

53. Сатушы, қаржы кеңесшiсi және екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың барлық қатысушылары келiссөздiң әрбiр кезеңiнiң өткiзiлу қорытындылары бойынша оның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қояды.

54. Екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың екiншi кезеңi барысында ең үздік шарттарды ұсынған әлеуетті сатып алушы (инвестор) екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың жеңiмпазы болып танылады.

55. Екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың жеңiмпазы сатып алу-сату шартына сатушы белгiлеген мерзiмде қол қоюдан бас тартқан немесе жалтарған жағдайда, сатып алу-сату шартына ұсынысы жеңiмпаздың ұсынысынан кейiн ең жақсы деп танылған әлеуетті сатып алушы (инвестор) қолын қояды.

7. Есеп айырысулар тәртiбi
56. Сатып алу-сату шарты жазбаша түрде сатушы мен сатып алушының арасында жасалады және келiсiм-шарт жасасудың негiзi ретiнде сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға жасалған сiлтеменi қамтуы тиiс.

Сауда-саттықта ұтқан тұлға сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға немесе сатып алу-сату шартына қол қоюдан жалтарған жағдайда, ол енгізген кепілдік жарнасын жоғалтады және сатушыға кепілдік жарнамен жабылмаған бөлігінде оның іс жүзінде шеккен залалының орнын тролтырады.

57. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар сатушы мен сатып алушы арасында жүргiзiледi, бұл орайда сатып алушы есеп айырысуларды мынадай тәртiппен жүргiзедi:

1) аванстық төлем жекешелендiру объектiсiн сату бағасының кемiнде он бес пайызы мөлшерiнде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешiктiрiлмей енгiзiледi. Кепiлдiк жарна тиесiлi аванстық төлем есебiне есептеледi;

2) қалған сома тараптардың уағдаласуы бойынша, бiрақ сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей енгiзiледі.

58. Аванстық немесе түпкiлiктi төлемнiң мерзiмi өткен жағдайда сатушыға шартты бiр жақты тәртiппен бұзуға және сатып алушыдан iс жүзiндегi зиянның кепiлдiк жарнамен жабылмаған бөлiгiн өтеуді талап етуге жол беріледі.

59. Бөлiп-бөлiп төлеудiң ықтимал шарты сауда-саттыққа қатысушыларның назарына алдын-ала жеткiзiлген жағдайда ғана бөлiп-бөлiп төлеуге жол беріледi. Бұл ретте бастапқы жарнаның мөлшерi сату бағасының 15 пайызынан кем болуы мүмкін емес, ал бөлiп-бөлiп төлеу кезеңi үш жылдан аспауға тиiс.

Бастапқы жарнаны сатып алушы сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн iшiнде енгiзеді. Одан кейiнгi соманы енгiзген кезде, әлi енгiзiлмеген сомаға сатушы пайыздарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде қайта қаржыландырылатын ресми ставкаға сүйене отырып есептейдi.

Егер сатып алу-сату шартында қамтамасыз етудің өзге тәсілі көзделмеген болса, төлемдердiң уақтылы өтелуiн қамтамасыз ету сатып алушы сатып алған жекешелендiру объектiсiне сатушының кепiл құқығы болып табылады.

60. Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн қоспағанда, объектiлердi беру сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы сату бағасын толық төлегеннен кейiн меншiк иесiнiң сатылған және Тізілімге енгізуге жататын жекешелендiру объектiсiн өзгерткендiгi туралы мемлекеттiк тiркеу жүргiзу үшiн негiз болып табылатын жекешелендiру объектiсiнiң қабылдап алу-тапсыру актiсiне қол қою арқылы жүргiзiледi.

Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн беру сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы сату бағасын толық төленгеннен кейiн бағалы қағаздарды аудару туралы бұйрыққа қол қою жолымен жүргiзiледi.
1   2   3

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 9 тамыз №920 Астана, Үкімет Үйі Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 27 шілде №867 Астана, Үкімет Үйі
«Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жөнiнде сауда-саттық жүргiзу ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 9 тамыз №920 Астана, Үкімет Үйі Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 7 тамыз №1030 Астана, Үкімет Үйі
«Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің сынамасын іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 9 тамыз №920 Астана, Үкімет Үйі Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 20 маусым №809 Астана, Үкімет Үйі
«Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 9 тамыз №920 Астана, Үкімет Үйі Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 27 маусым №713 Астана, Үкімет Үйі
Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 9 тамыз №920 Астана, Үкімет Үйі Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 7 тамыз №1028 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы №36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 9 тамыз №920 Астана, Үкімет Үйі Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 16 мамыр №520 Астана, Үкімет үйі
Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен-техникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 9 тамыз №920 Астана, Үкімет Үйі Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 13 желтоқсан №1518 Астана, Үкімет Үйі
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын арттыруды субсидиялауға...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 9 тамыз №920 Астана, Үкімет Үйі Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 28 тамыз №1098 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 9 тамыз №920 Астана, Үкімет Үйі Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 18 шілде №827 Астана, Үкімет үйі
Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және тұрақта тұру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 9 тамыз №920 Астана, Үкімет Үйі Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 20 желтоқсан №1554 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница