№
| Құжаттың атауы
|
1
| Овердрафт беруге қарыз алушының қолы қойылған, мөрмен куәландырылған өтініш (Банк нысаны бойынша)
|
2
| Қарыз алушының Кредит Бюросынан қарыз алушы туралы кредиттік есеп алуға жазбаша келісімі (қарыз алушы Банкке алғаш рет жүгінгенде)
|
3
| Заңды тұлғалар үшін:
- Құрылтайшылық шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (жарғы капиталында қатысушылардың үлесін бөлу туралы ақпарат жарғыда болмаса)
- Жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі
- Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі
- Статистикалық карточка
|
4
| АҚ үшін – қосымша:
- Акционерлер тізілімінен көшірме
- Акциялар эмиссиясын тіркеу туралы куәлік;
- Акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту жөніндегі куәлік
- Бағалы қағаздар бойынша ҰСН берілуі туралы куәлік
|
5
| Жеке кәсіпкерлер үшін:
Кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
|
6
| Шаруа (фермерлік) қожалығы үшін:
- Жер теліміне құқықты куәландырушы құжат / жерді пайдалану құқығы (жер теліміне жеке меншік құқығын беретін акт, жерді пайдалану құқығын беретін акт) жер телімінің құнының немесе жалға алу төлемдерінің төленгенін растайтын төлем құжаттарымен қоса;
- Шаруа (фермерлік) қожалығы мүшелерінің отбасылық кәсіпкерлік нысанына не жай серіктестікке, оның басшысы атына берген Банкпен өзара қарым-қатынастағы шаруа қожалығы мүддесін және шаруа қожалығы мүлкін иелену құқығын беруге негізделген сенімхат.
- Бірлескен қызмет туралы шарт – жай серіктестік түрінде құрылған шаруа қожалығы
|
7
| Жай серіктестік үшін:
- Жай серіктестік мүшелерінің берілген Банкпен өзара қарым-қатынастағы серіктестік мүддесін серіктестік басшыларының біріне беруге берілген сенімхат.
- Бірлескен қызмет туралы шарт
|
8
| Салық төлеушінің куәлігі (СТН)
|
9
| Идентификациялық нөмір (бизнес-идентификациялық) беру туралы құжат1
|
10
| Нотариалды куәландырылған құжат қол қою және мөр бедері үлгілерімен қоса
|
11
| Бірінші басшының жеке тұлғасын куәландыратын құжат
|
12
| Қарыз алушының уәкілетті органының овердрафт алуға берген шешімі
|
13
| Овердрафт не /немесе/ қарыз алушы атынан барлық құжаттарға қол қою құқығына ие өзге тұлғаға сенімхат алуға шешім қабылдаған басқару органын сайлау/тағайындау жөнінде
|
14
| АҚ үшін, егер овердрафт мөлшері АҚ активтері құнының жалпы мөлшерінің 25%-ынан асса:
1) ірі мәміле (егер мәміле АҚ Жарғысымен ірі мәміле деп танылса);
2) қызығушылық бар мәміле;
3) сомасы меншікті капиталдың мөлшерінің 10 %-ын және одан көбін құрайтын қоғамның міндеттемелерін көбейту туралы мәміле:
- Акционерлердің / Директорлар кеңесінің жалпы жиналысының Мәміле жасау туралы шешімі;
- Мәміле жасау туралы баспадан шыққан жарияланым растамасы (Жарғыда қарастырылса)
|
15
| Қарыз алушының қаржылық есебі:
қарыз алушының соңғы тоқсандағы (өтініш қаралған күндегі және қарыз алушының ағымдық шоттары бойынша айналымына мониторинг жүргізілген кезеңдегі дебиторлық және кредиторлық берешектің шифрі ашылған қосымшасымен бірге ) 2 және соңғы есепті жылдағы қаржылық есебінің (соңғы есепті жылдағы қаржылық есепке салық органының декларациясы не /немесе/ веб-сайттарда орналастырылған қарыз алушының қаржылық жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін ақпарат тіркелген қосымшамен бірге)3 көшірмесі;
бір реттік талондар, патенттер, өз қызметін Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес шағын және орта бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдері негізінде жүзеге асырушы кәсіпкерлерге арналған жеңілдетілген салық декларациясы.
|
16
| Басқа қызмет көрсетуші банктерден несие берешегі барлығы/жоқтығы туралы шоттар бойынша айналымдардың шифрі ашылып, айдың басы мен соңындағы қалдық ақшаның кірісі мен шығысы көрсетілген (ұсыным жасалған кезең – жыл басынан бергі күннен өтінім берілген күнге дейінгі күн (6 ай) анықтама;
Заңды тұлғалар үшін– ҚР резиденттері емес – соңғы 3 (үш) ай үшін;
|
17
| Соңғы 3 (үш) айда қарыз алушыда салық және міндетті төлемдер бойынша бюджетке берешектің жоқтығын растайтын салық қызметі органдары берген құжат
|
18
| Кредит бюросынан алынған қарыз алу бойынша кредитік есеп
|
19
| Кредиттің пайдаланылу мақсатын растайтын құжаттар, айналым капиталын алып берілген кредиттен және біртекті капиталдан басқа (қажеттілігіне қарай)
|