Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
страница1/2
Дата конвертации19.01.2013
Размер0.56 Mb.
ТипДокументы
  1   2
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 Қаулысы
"Егемен Қазақстан" газетi 3, 5 ақпан 2010 ж., № 38-39, 40-42 (25885, 25888); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., N 5, 61-құжат


      «Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3)тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Ескерту. Кiрiспе жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.07.22 N  842 (алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      1. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2010.07.20 N 745 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
      2. Қоса берiлiп отырған мемлекеттiк қызмет стандарттары бекiтiлсiн:
      1) «Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою»;
      2) «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу»;
      3) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мұрағаттарынан шығатын және шетелге жiберiлетiн мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерiн апостильдеу»;
      4) «Мұрағаттық анықтамалар беру».
      3. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.07.22 N 842 (алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2315 қаулысымен    
бекiтiлген       

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.07.22  N 842(алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

«Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызмет тiзбесi осы стандарттың 1 және  2-қосымшаларында көрсетiлген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi – ЖАО), баламалы негiзде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi – Орталық) арқылы көрсетедi, сондай-ақ «электронды үкiмет»: www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетiледi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 23 шiлдедегi Заңының 4-4-бабы 2) тармақшасы, «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылдың 29 шiлдесiндегi № 843 қаулысы негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi мен қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат электронды Үкiмет порталында: www.egov.kz, ресми ақпарат көздерiнде, және осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетiлген облыстардың, Астана, Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының интернет-ресурстарында, Орталықтың стендiлерiнде орналастырылады.
      5. Мемлекеттiк қызметтiң аяқталу түрi шетелдiк бұқаралық акпарат құралдарын (бұдан әрi – БАҚ) есепке алу туралы анықтама беру немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – тұтынушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      ЖАО өтiнiш бiлдiрген кезде:
      1) мемлекеттiк қызмет:
      а) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап – он бес жұмыс күн iшiнде;
      б) мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн өтiнiш тiркелген сәттен бастап – он бес жұмыс күн iшiнде;
      в) мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн портал арқылы электрондық сұраныс берiлген сәттен бастап – он бес жұмыс күн iшiнде;
      2) тiркелген кезде тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 5 минут;
      3) өтiнiш берушi өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 5 минут;
      Орталыққа өтiнiш бiлдiрген кезде:
      1) мемлекеттiк қызмет:
      а) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап – он бес жұмыс күн iшiнде;
      б) мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн өтiнiш тiркелген сәттен бастап – он бес жұмыс күн iшiнде;
      в) мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн портал арқылы электрондық сұраныс берiлген сәттен бастап – он бес жұмыс күн iшiнде;
      2) өтiнiш берушi өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 30 минут;
      3) өтiнiш берушi өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 10 минут;
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет:
      1) ЖАО өтiнiш бiлдiрген кезде:
      демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын көрсетiледi. Құжаттарды қабылдау осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайларда қабылданады. Қабылдау кезекке тұру тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады, жұмыс кестесi сағат 9-00-ден 18-00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13-00-ден 14.00-ге дейiн;
      Портал арқылы өтiнiш бiлдiрген кезде электронды сұраныстарды өңдеу ЖАО жұмыс кестесi бойынша жүзеге асырылады.
      2) Орталыққа өтiнiш бiлдiрген кезде:
      демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына алты күн, оның сағат 9-00-ден 20-00-ге дейiн үзiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн кесте белгiленедi, филиалдар мен өкiлдiктер үшiн сағат 9-00-ден 19-00-ге дейiн жұмыс кестесi белгiленедi, түскi үзiлiс 13.00-ден 14.00-ге дейiн. Қабылдау «электронды» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      10. Құқықтық тәртiптi қорғау үшiн үй-жайларда тәулiк бойы күзет бекетi, өртке қарсы сигнализация және басқа қауiпсiздiк шаралары бар. Ғимаратқа кiреберiс дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға арналған пандуспен жабдықталған.
      Мемлекеттiк қызмет тұтынушының тұрғылықты жерi бойынша Орталық ғимаратында да көрсетiледi, мұнда дене мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн жағдай көзделген. Залда анықтама бюросы, тосып отыратын отырғыштар, толтырылған бланк (өтiнiш) үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер орналастырылған.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызмет алу үшiн, тұтынушы мыналарды ұсынады:
      ЖАО өтiнiш бiлдiрген кезде:
      1) шетелдiк БАҚ-ты есепке алу туралы өтiнiш, онда:
      өтiнiш берiлетiн жергiлiктi атқарушы органның атауы;
      таратушының мәртебесi (жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға), оның ұйымдастыру-құқықтық нысаны, атауы (тегi, аты, әкесiнiң аты), орналасқан орны (тұрғылықты жерi);
      Қазақстан Республикасының аумағына таратылатын шетелдiк БАҚ атауларының толық тiзбесi;
      шетелдiк БАҚ таратылу аумағы;
      таратылатын шетелдiк БАҚ тiлi (тiлдерi);
      таратылатын шетелдiк БАҚ негiзгi тақырыптық бағыттары көрсетiлуi тиiс;
      2) таратушы жеке тұлғалар үшiн – кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың нотариалдық түрде куәландырылған көшiрмесi;
      3) таратушы заңды тұлғалар үшiн (филиал немесе өкiлдiк) – заңды тұлғаны (филиалды немесе өкiлдiктi) мемлекеттiк тiркеу (есептiк) туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      Тұтынушы портал арқылы өтiнiш бiлдiрген жағдайда электронды сұранысты жiберген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады;
      Орталыққа өтiнiш бiлдiрген кезде:
      1) шетелдiк БАҚ-ты есепке алу туралы өтiнiш, онда:
      өтiнiш берiлетiн жергiлiктi атқарушы органның атауы;
      таратушының мәртебесi (дара кәсiпкер немесе заңды тұлға), оның ұйымдастыру-құқықтық нысаны, атауы (тегi, аты және әкесiнiң аты), орналасқан орны (тұрғылықты жерi);
      Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк БАҚ атауларының толық тiзбесi;
      шетелдiк БАҚ таратылу аумағы;
      таратылатын шетелдiк БАҚ тiлi (тiлдерi);
      таратылатын шетелдiк БАҚ негiзгi тақырыптық бағыттары көрсетiлуi тиiс;
      3) таратушы жеке тұлғалар үшiн – кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың нотариалдық түрде куәландырылған көшiрмесi;
      4) таратушы заңды тұлға (филиал немесе өкiлдiк) үшiн – заңды тұлғаны (филиалды немесе өкiлдiктi) мемлекеттiк тiркеу (есептiк) туралы куәлiктiң көшiрмесi.
      Құжаттар пакетiн қабылдаған кезде Орталық қызметкерi көшiрмелердiң түпнұсқамен сәйкестiгiн салыстырып, түпнұсқаны тұтынушыға қайтарып бередi.
      12. Мемлекеттiк қызметтi ЖАО арқылы алу үшiн бланкiлер толтыру талап етiлмейдi.
      Портал арқылы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн электронды сұраныс нысаны толтырылады.
      Орталықта өтiнiш бланкiлерi күту залындағы арнайы тағанда не Орталықтың консультанттарында болады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi ЖАО арқылы алу үшiн құжаттар осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша тапсырылады.
      Электрондық сұранысты қабылдау www.egov.kz порталында «Электрондық қызметтер» бетбелгiсiнде жүргiзiледi.
      Орталықта құжаттарды қабылдау «терезелердiң» мақсаты мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналасқан, сондай-ақ Орталық инспекторының аты, әкесiнiң аты, тегi және лауазымы көрсетiлген «терезелер» арқылы жүзеге асырылады. Орталықтардың мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген.
      14. Шетелдiк бұқаралық акпарат құралдарын таратуға анықтама беру үшiн тұтынушының мемлекеттiк қызметтi алу күнiн көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды тiркеу кiтабына (журналына) тiркеуi ЖАО-ның осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген барлық қажеттi құжаттарды қабылдап алуын растайды.
      Тұтынушының электронды жәшiгiне немесе порталдағы Жеке кабинетiне мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн өтiнiш қабылданғаны туралы мемлекеттiк қызметтi алу күнiн көрсете отырып хабарлама есеп жолданады.
      Құжаттарды Орталық арқылы қабылдаған жағдайда тұтынушыға:
      1) сұраудың нөмiрi мен қабылдаған күнi;
      2) сұратылған мемлекеттiк қызмет түрi;
      3) қоса берiлiп отырған құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орны;
      5) Орталықтың құжаттарды ресiмдеуге арналған өтiнiштi қабылдаған инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi.
      15. Шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын таратуға анықтаманы ЖАО тұтынушыға жеке өзi келгенде бередi, не портал арқылы жiбередi. Тұтынушыға дайын құжаттарды беру осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайларда жүргiзiледi.
      Орталықта тұтынушыға дайын құжаттарды берудi Орталық инспекторы қолхаттың негiзiнде онда көрсетiлген мерзiмде «терезелер» арқылы жүзеге асырады.
      16. Тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың бiреуiн ұсынбауы мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтата тұруға негiз болып табылады. Құжаттар дұрыс рәсiмделмегенде немесе бөтен тұлғалар өтiнiш бiлдiргенде ЖАО тұтынушыға не Орталыққа бас тарту себебiн жазбаша негiздеп құжаттарды қайтарады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. ЖАО және Орталық қызметтердi тұтынушыға қатысты мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтiк борышты орындау кезiнде заңдылықты сақтау;
      3) сыпайылық
      4) түпкiлiктi әрi толық ақпарат ұсыну;
      5) жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын сақтау және құпиялылығы.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету жұмысының нәтижелерi осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Мемлекеттiк органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапасы және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. ЖАО-ның уәкiлеттi лауазымды тұлғаларының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетiнiң бұқаралық ақпарат құралдары басқармасының бастығы мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Есiл ауданы, Орынбор көшесi, 8-үй, 14-кiреберiс, 207-кабинет, телефон: (7172) 74-04-82, сондай-ақ байланыс мәлiметтерi осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген облыстардың, Астана, Алматы қалаларының iшкi саясат басқармаларының басшылары түсiндiредi және шағым дайындауға жәрдемдеседi.
      Орталық инспекторының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым беру тәртiбiн түсiндiру және шағым дайындауға жәрдемдесу үшiн тұтынушы осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген байланыс мәлiметтерi бойынша Орталық басшысына жүгiнедi.
      Орталық инспекторының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым беру тәртiбi туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметiнiң телефоны бойынша алуға болады: 58-00-58.
      21. Қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi басшылығының атына шағым мына мекенжай бойынша берiледi: Астана қаласы, Орынбор көшесi 8, 14-кiреберiс, 225-кабинет, телефон: (7172) 74-01-21, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда күн сайын, жұмыс күндерi сағат 9-00-ден бастап, 18-00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн, интернет-ресурс: www.mсi.gov.kz.
      22. Дұрыс қызмет көрсетiлмеген жағдайда осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша облыстық, Астана және Алматы қалаларының Iшкi саясат басқармаларының басшыларының атына, сондай-ақ осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша Орталық басшысына шағым берiледi.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқылы.
      24. Шағым еркiн нысанда ресiмделедi. Өтiнушi өз шағымында мiндеттi түрде мыналарды көрсетедi:
      1) тегi, аты, әкесiнiң аты;
      2) жауап жiберiлетiн пошталық мекенжайы;
      3) шағымның мәнiн баяндау;
      4) жеке қолы және күнi.
      Қажет болған жағдайда, өтiнушi өз дәлелдерiн растайтын құжаттар мен материалдарды немесе оның көшiрмелерiн жазбаша шағымға қоса бередi.
      25. Шағымның екiншi данасы не шағымның көшiрмесi, шағымды қабылдағанын растайтын құжат болып табылады, онда шағымды қабылдайтын тұлға берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын және шағымның қаралу барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерiн көрсетедi.
      26. Ұсынылатын мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген облыстық, Астана және Алматы қалалары әкiмдiктерiнiң телефондары арқылы алуға болады.

«Облыстардың (республикалық      
маңызы бар қаланың, астананың аумағында
таратылатын шетелдiк бұқаралық    
ақпарат құралдарын есепке қою»    
мемлекеттiк қызмет стандартына    
1-қосымша             

Жергiлiктi атқарушы органдардың мекенжайы



Жергiлiктi атқарушы органның атауы

Жергiлiктi атқарушы органның мекен-жайы

Телефон нөмiрлерi

1

2

3

4

1

Астана қаласы Iшкi саясат басқармасы

Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 11

(8-7172)556692
ф. 557285

2

Алматы қаласы Iшкi саясат басқармасы

Алматы қаласы, Республика даңғылы, 4

(8-7272)716647
ф. 716647

3

Алматы облысының Iшкi саясат басқармасы

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 38

(8-7282)247722
ф. 247722

4

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң Iшкi саясат басқармасы

Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 89

(8-7162)
ф. 25-20-80

5

Ақтөбе облысының әкiмдiгi Iшкi саясат басқармасы

Ақтөбе қаласы, Әбiлхайырхан даңғылы, 40

(8-7132) 56-26-69
ф. 56-25-26

6

Атырау облысы әкiмдiгiнiң Iшкi саясат басқармасы

Атырау қаласы, Әйтеке би, 77

(8-7122) 27-08-96
ф. 27-11-57

7

Шығыс Қазақстан облысы Iшкi саясат басқармасы

Өскемен қаласы, Горький көшесi, 40

(8-7232) 26-42-54
ф. 26-42-54

8

Батыс Қазақстан облысы Iшкi саясат басқармасы

Орал қаласы, Достық даңғылы, 201

(8-7112) 50-02-36
ф. 50-09-46

9

Жамбыл облысы әкiмдiгi Iшкi саясат басқармасы

Тараз қаласы, Абай көшесi, 125

(8-7262) 43-08-54
ф. 45-76-20

10

Қарағанды облысы Iшкi саясат басқармасы

Қарағанды қаласы, Бульвар Мира, 39

(8-7212) 56-19-80
ф. 56-19-79

11

Қызылорда облысының әкiмдiгi Iшкi саясат басқармасы

Қызылорда қаласы, Ы.Жақаев көшесi, 76

(8-7242) 26-24-79
ф. 27-73-62

12

Қостанай облысы әкiмдiгi Iшкi саясат басқармасы

Қостанай қаласы, Әл-Фараби көшесi, 66

(8-7142) 57-51-90
ф. 57-53-53

13

Маңғыстау облысы әкiмдiгi Iшкi саясат басқармасы

Ақтау қаласы, 14 шағынаудан, 1

(8-7292) 42-66-10
ф.42-13-00

14

Павлодар облысы әкiмдiгi Iшкi саясат басқармасы

Павлодар қаласы, Жеңiс даңғылы, 15

(8-7182)
т.ф. 32-21-03

15

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi Iшкi саясат басқармасы

Петропавл қаласы, Конституция көшесi, 53

(8-7152) 46-31-33
ф. 46-31-33

16

Оңтүстiк Қазақстан облысы Iшкi саясат басқармасы

Шымкент қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 3

(8-7252) 56-37-97
ф. 50-08-69

«Облыстардың (республикалық     
маңызы бар қаланың, астананың аумағында
таратылатын шетелдiк бұқаралық   
ақпарат құралдарын есепке қою»   
мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына
2-қосымша             
  1   2

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы icon"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту
Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы №1278 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы iconМемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница