Сот билігін жүзеге асыру жұмысына қатысты азаматтардан жиналған қоғамдық пікірлері бойынша 2011 жылдың 3-ші тоқсанына талдау




Скачать 35.52 Kb.
НазваниеСот билігін жүзеге асыру жұмысына қатысты азаматтардан жиналған қоғамдық пікірлері бойынша 2011 жылдың 3-ші тоқсанына талдау
Дата конвертации19.01.2013
Размер35.52 Kb.
ТипДокументы
Сот билігін жүзеге асыру жұмысына қатысты азаматтардан жиналған қоғамдық пікірлері бойынша 2011 жылдың 3-ші тоқсанына талдау

28 қазан 2011 ж. Тараз қаласы
Жамбыл облыстық соты кеңсесінің 2011 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарын орындау мақсатында осы талдау жасалды.

ҚР Жоғарғы Сотының бастамасымен сот билігінің, жалпы судьялар қызметіне, яғни олардың сот билігін жүзеге асыру жұмысына мониторинг жүргізілу қолға алынып, ол қазіргі уақытта өзінің оңды нәтижесін беруде. Оның бір дәлелі ретінде халық арасында олардың сот билігі мен оның жұмысына деген көзқарасын білу үшін арнайы сауалнама парағы дайындалып, ондағы тоғыз тараптан тұратын әртүрлі сұрақтар қойылып, оған сотқа келген әртүрлі санаттағы азаматтар жалпы сот билігіне деген өзіндік пікірлерін білдіруде. Осы сауалнама қорытындыларына қарағанда сот билігі жұмысына деген жалпы халықтың пікірінің жақсаруы байқалуда.

2010 жылдың ақпан айынан облыс соттарында осы жұмысты жүзеге асыру мақсатында аудандық сот төрағаларына міндеттер жүктеліп, бұл сауалнама жүргізу үшін соттан бір маман арнайы бекітілген.

2011 жылдың сәуір айынан бастап сауалнама парағының жаңа үлгісі қолданысқа енгізілген. Осыған байланысты талдау 2011 жылдың 2-ші тоқсанында жүргізілген сауалнама бойынша жасалды.

2011 жылдың 3-ші тоқсанында жалпы 985 азаматтан сауалнама алынып, олардың пікірлері анықталды. Ол көрсеткіш төмендегідей:

талапкерлер - 178, жауапкерлер – 173, ал сотталушылар – 62, жәбірленушілер – 98, әкімшілік құқықбұзушы тұлғалар – 146, адвокаттар – 121, прокурорлар - 62, куәлер – 94, және басқа да тұлғалар /өкілдер, аудармашылар/ - 51.

974 /98,9 пайыз/ сұралған азаматтар сот кеңсесінің қызметкерлері жылы шырайда және орынды деген сұраққа иә деп жауап берген, ал 11 азамат сот кеңсесінің қызметкерлері жылы шырайда және орынды әрдайым емес деп көрсеткен, бұл 1,1 пайызды құраған. 972 азамат /98,7 пайыз/ сот кеңсесінің қызметкерлері сіздің барлық сұрақтарыңыздың жауабын білді ме деген сұраққа иә деп жауап берген, 13 /1,3 пайыз/ азамат барлығына емес деп жауап берген.

Атап айтатын мәселе ретінде сұралған азаматтардың 979-ы / немесе 99,4 пайызы/ судья сіздің мәселеңізді құлақ салып тыңдады ма деген сұраққа иә деп жауап берген, азаматтардың 5-і / немесе 0,5 пайыз/ әрдайым емес деп, 1-і /немесе 0,1 пайыз/ тыңдамады деп көрсеткен. 978 азамат /99,3 пайыз/ судья құрметпен қарады деген, 7 азамат /0,7 пайыз/ судья құрметпен қарамады деп көрсеткен. Сізге дауды шешудің барлық мүмкіндігін және сіздің қалағаныңызды түсіндірді ме деген сұраққа 979 азамат иә деп жауап берген, 6 азамат жоқ деп жауап берген. Сіздің ісіңізді әділ қарады ма деген сұраққа 979 азамат иә деп жауап берген, 6 азамат жоқ деп жауап берген.

Сот процесі белгіленген уақытта басталды ма деген сұраққа 934 азамат иә, көрсетілген уақытта деп жауап берген, 49 азамат біраз кешігумен, 2 азамат едәуір кешіккендіктен уақытында емес деп жауап берген.

Судья немесе сот қызметкері істің нәтижесіне қандай да болмасын қызығушылық танытты ма деген сұраққа 1 азамат сот қызметкері жағынан орын алды деп көрсеткен, 1 азамат судья жағынан және сот қызметкері тарапынан да орын алды деп көрсеткен, 983 азамат еш жақтан қызығушылық болған жоқ деп көрсеткен.

Сіздің ойыңызша, судьяның кәсіби деңгейі қандай деген сұраққа 957 азамат жоғары деңгейде деп көрсеткен, яғни 97,2 пайызды құраған. 8 азамат орташа деңгейде деп жауап берген, 2 азамат төмен деңгейде деп жауап берген, 18 азамат жауап беруге қиналамын деп жауап берген.

Сотта қандай жағдай наразылық тудырады деген сұраққа 8 азамат түсінікті және қажетті ақпараттың жоқтығы деп жауап берген, 12 адам бөлмелер мен мәжіліс залдарының тапшылығы, кезекте тұру деп жауап берген, 1 азамат сарсаңға салу мен бюрократизмнің болуы деп жауап берген, 966 азамат сот жұмысы бойынша ескерту жоқ деп жауап берген.

Шешіммен (үкіммен, қаулымен) келіспеген жағдайда қандай әрекет жасайсыз деген сұраққа 978 азамат жоғары сатыларға шағымданамын деп жауап берген, 7 азамат бірдеңе өзгеретініне сенбегендіктен, ештеңе жасамаймын деп жауап берген.
Жалпы сәуір, мамыр, маусым айларында жасалған сауалнама нәтижесін қорыта келе жалпы халықтың көпшілік үлес салмағы қоғамдық пікірі сот билігіне сенетіндігін анық байқауға болады, дегенмен жұмысты әрі қарай жандандыру қажеттігін міндеттейді.

- Басты жағымсыз жәйттер ретінде атап көрсететін болсақ, ол сот отырыстарының белгіленген уақытта басталмауын атауға болады, сондықтан сот төрағалары мен судьяларға әлі де болса сот процесстерін ұйымдастыру жұмыстарына баса назар аудару қажеттігін көрсетеді.

- Халықтың сот билігі мен сот жүйесі қызметінің ашықтығы, оған деген сенімдерінің жоғары болу мақсатында және сот процесстері кезінде келеңсіз жәйттерге жол бермеу үшін мүмкіншілігінше бейне-дыбыс құрылғыларын қолдануы жөн, сонымен қатар сот жұмыстары жөнінде және де өзгеріс енгізілген заң мен басқа да заңдылықтар бойынша судьялар мен сот қызметкерлеріне бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі шығып отыруы қажет.

- Сот төрағаларына сауалнама жауаптары толыққанды болу мақсатында сотқа келуші тараптардан, олар қатысып отырған істер бойынша соттың қандай-да бір нақты шешімі қабылданғанға дейін алу қажеттігін ұсынуға.

- Аталған сауалнама қорытындысы бойынша талдауды аудандық /қалалық/ соттарға жолдап, онда талқыланып, жалпы сот билігінің жұмысын жақсарту жолында қажетті іс-шаралар ұйымдастыру жүктеледі.
Ұйымдастыру-талдау бөлімі

Похожие:

Сот билігін жүзеге асыру жұмысына қатысты азаматтардан жиналған қоғамдық пікірлері бойынша 2011 жылдың 3-ші тоқсанына талдау icon2012 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелiгiн жүзеге асыру қорытындылары туралы
...
Сот билігін жүзеге асыру жұмысына қатысты азаматтардан жиналған қоғамдық пікірлері бойынша 2011 жылдың 3-ші тоқсанына талдау icon2011 жылғы 30 қыркүйек Атырау қаласы
Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы сот төрелігі институты магистратурасының түлектері-судьялардың...
Сот билігін жүзеге асыру жұмысына қатысты азаматтардан жиналған қоғамдық пікірлері бойынша 2011 жылдың 3-ші тоқсанына талдау iconАтырау облысы соттарымен 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі ақпарат
Атырау облысы соттарымен 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге
Сот билігін жүзеге асыру жұмысына қатысты азаматтардан жиналған қоғамдық пікірлері бойынша 2011 жылдың 3-ші тоқсанына талдау icon«бекітемін» Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2011 жылдағы сот әділдігін іске асыру жұмысына...
Сот билігін жүзеге асыру жұмысына қатысты азаматтардан жиналған қоғамдық пікірлері бойынша 2011 жылдың 3-ші тоқсанына талдау icon2012 жылдың қазан айындағы партия қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қызметі туралы брифингтің материалдары Партиямыздың қоғамдық қабылдау бөлмелері үстіміздегі жылдың 15 тамыз және 2 қараша күндері республикалық «Халықтық ipo»
Партиямыздың қоғамдық қабылдау бөлмелері үстіміздегі жылдың 15 тамыз және 2 қараша күндері республикалық «Халықтық ipo» бағдарламасын...
Сот билігін жүзеге асыру жұмысына қатысты азаматтардан жиналған қоғамдық пікірлері бойынша 2011 жылдың 3-ші тоқсанына талдау iconҚылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты жылдығында және 2011 жылдың 1 тоқсанында шығарылған жеке қаулылыр бойынша анықтама
Ақтөбе облыстық сотының 2011 жылғы бірінші жарты жылдығына арналған жоспар негізінде қылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты...
Сот билігін жүзеге асыру жұмысына қатысты азаматтардан жиналған қоғамдық пікірлері бойынша 2011 жылдың 3-ші тоқсанына талдау iconҚұрметті салық төлеушілер!
Салық комитетімен 2009 жылдың 3 тоқсаны үшін қосылған құн салығы бойынша 2010 жылдың 26 тамызы жағдайына қатысты тапсырылған декларациялар...
Сот билігін жүзеге асыру жұмысына қатысты азаматтардан жиналған қоғамдық пікірлері бойынша 2011 жылдың 3-ші тоқсанына талдау iconАтырау облыстық сотымен ағымдағы жылдың 1 жартыжыдығында кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау жөніндегі сот тәжірибесіне талдау
Тырау облыстық сотының ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына арналған іс-шаралар жоспарының талаптарын орындау мақсатында 2011 жылдың...
Сот билігін жүзеге асыру жұмысына қатысты азаматтардан жиналған қоғамдық пікірлері бойынша 2011 жылдың 3-ші тоқсанына талдау iconКатонқарағай ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2011 жылдың 1 тоқсанына жұмыс қорытындылары бойынша ақпарат Автомобиль жолдары
Катонқарағай ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2011 жылдың 1 тоқсанына жұмыс қорытындылары бойынша...
Сот билігін жүзеге асыру жұмысына қатысты азаматтардан жиналған қоғамдық пікірлері бойынша 2011 жылдың 3-ші тоқсанына талдау iconҚұрметті салық төлеушілер!
Салық комитетімен 2011 жылдың 3 тоқсаны үшін қосылған құн салығы бойынша 2012 жылдың 6 ақпанның жағдайы бойынша тапсырылған декларациялар...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница