Атырау облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының




НазваниеАтырау облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының
страница1/6
Дата конвертации20.01.2013
Размер0.59 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6




Облыс әкімдігінің

2009 жылғы «24» желтоқсандағы

№339 қаулысымен бекітілген.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ

ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

2010-2014 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ

Мазмұны
1. Миссия және пайымдау ........…………………………………………………………………………….…..…...……...........3

2. Ағымдағы ахуалды талдау ...………………………………………………………………………….……...……….….......3

3. Мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері мен көрсеткіштері ……….…....….11

4. Мемлекеттік органның функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал қатерлер .............………….….…………….…. 17

5. Сектораралық өзара іс-қимыл............ …..……………………………………………….…….………….….…………...... 19

6. Нормативтік құқықтық актілер …..…….….………………………………………...…………………….………………... 21

7. Бюджеттік бағдарламалар.......………….……...………………………………….………………………….……….…..….22

Бюджеттік бағдарлама 001 (1-қосымша) ...……………...………………………………………………...………………...... 23

Бюджеттік бағдарлама 004…………………………………………………..……………...………………………………….. 24

Бюджеттік бағдарлама 006 ……..….………………………………………..…………...…………………………………….. 26

Бюджеттік бағдарлама 007……...………………….……………………..……………...…………………………..…….…... 28

Бюджеттік бағдарлама 020……...………………….……………………..…………...……………………………..…….…... 30

Бюджеттік бағдарлама 113 ..……………………………………………..…………...…………………….………..…….…...32

Бюджеттік шығындардың жиынтығы (2-қосымша) ……………..... ........……...……………................….………………. 33

Шығыстарды бөлу (3-қосымша) ... …..............…………..…………………………………….……….…….……………….. 35

  1. Миссия және пайымдау


Облыстың энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының миссиясы – экономиканың энергоресурстарға өсіп отырған қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында облыс экономикасының энергетикалық секторын дамыту, коммуналдық, су және газ шаруашылығының инженерлік желілерін дамытуға ықпал ету арқылы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Пайымдау: Дамыған отын-энергетикалық кешен энергия қауіпсіздігі және энергия үнемдеу қағидаларын іске асыруды қамтамасыз ететін облыстың секторы және тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын дамыған сумен жабдықтау, су тарту, жылумен жабдықтау және газбен жабдықтау желілері.


  1. Ағымдағы ахуалды талдау


Атырау облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы казіргі уақытта халыққа коммуналдық қызметтер көрсететін кәсіпорындардың жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, облыс орталығын және елді мекендерді абаттандыру жұмыстарына бағыт береді, жылу, электр, газ, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін дамытуға және жаңғыртуға бағытталған өңірлік бағдарламаларды іске асыруды жүзеге асырады.

Атырау облысында коммуналдық қызметтерді 58 кәсіпорын көрсетеді, олар 375,7 шақырым жылу, 11076 шақырым электр, 23758 шақырым газ құбыры, 2119,3 шақырым су құбыры және 324,08 шақырым кәріз желілеріне қызмет көрсетеді.

Атырау облысының қатал табиғи-климаттық аймақта орналасқандығы, сонымен қатар, топырақтың тұздылығы инженерлік желілердің тез тозуына әкеліп соқтырады. Бүгінгі күні коммуналдық сектор инфрақұрылымының жалпы тозуы 50%-ды, су құбырларының коммуналдық желілерінің табиғи тозуы-50%-ды, кәріз желілері-60%-ды, жылу желілері-80%-ды, электр желілері-50%-ды, газ желілері-29%-ды құрайды. Сумен жабдықтау жүйелеріндегі судың ескерілмеген шығыны және ағып кетуі су тапшылығын тудырады, бұл табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалануға әкеледі. Ресурстардың едәуір шығындары және ағып кетуі желілердің тозуына әкеліп соқтырады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының негізгі қорларының иесі ретінде коммуналдық кәсіпорындар осы қорларды жаңғырту мен жаңарту бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті қаржыға аса мұқтаж. Жергілікті бюджеттің шектеулілігі қажетті қаржыны тауып бере алмайды, соның салдарынан жылдан-жылға коммуналдық сектор кәсіпорындарында ескірген өндірістік қорлар көлемі артып, инженерлік желілер жарамсыз болуда, көрсетілетін қызметтердің сапасы төмендеп, оларды қалпына келтіру шығындары өсуде. Бөлінген қаржының аз мөлшері коммуналдық сектор объектілерін толықтай қайтадан жаңғыртуға мүмкіндік бермейді.

Коммуналдық мекемелердің қиын қаржылық жағдайы көп жағдайда тарифтердің қызмет көрсетуге жұмсалған нақты шығындарға сәйкес келмеуінен туындап отыр. Қолданыстағы тарифтер коммуналдық сектордың шығынсыз қызметін жүзеге асыруына мүмкіндік бермейді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында, кәсіпорындар мен ұйымдарда жабдықтарды жаңарту және энергия үнемдейтін технологиялар енгізу үшін табиғи және сапалық тозған жабдықтарды кезең-кезеңімен ауыстыру жөнінде бизнес-жоспар әзірлеп, бекіту, барлық жерде энергия ресурстар шығынының жеке есебін жүргізуді, энергия тұтынуды бақылау мен реттеудің автоматтандырылған жүйесін жолға қою қажет.

Электр энергиясын ұтымды пайдаланудың бірден-бір жолы сатылы және көп мөлшерлі тариф белгілеуді енгізу және «күн-түн» қағидасы бойынша энергияны тұтынудың жеке есебін жүргізу болуы тиіс. Жеке есеп жүргізу және тариф белгілеу өндіріс саласында да едәуір экономикалық нәтиже береді. Бұл үшін технологиялық режимдерді қайта қарап, реттеу, энергия тұтынуды «қарбалас» кездерде қысқарту, электр желілерінің жүктемелерін азайту және энергияны көп қажет ететін процестерді барынша түнгі мезгілге ығыстыру қажет.

Жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыру өнім өндірудің, қызмет көрсетудің энергияны көп қажет етуін төмендетуге, тұрмыстық тұтыну кезінде электр және жылу энергияларының шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Әлемдік экономика біртіндеп энергия үнемдейтін өмір салтына көшіп келе жатыр. Біз әлі де электр энергиясын, жылуды, суды, т.б. үнемдеуге кіріскен жоқпыз. Болашақта күннен қуат алатын батареялар, энергия үнемдейтін шамдар, сутекті отынмен жүретін автомобильдер, электромобильдер пайдаланылатын болады. Энергия үнемдеудің өсуі экономиканың энергияны көп қажет етуінің төмендеуіне, соның нәтижесінде өркендеу мен орнықтылыққа әкеледі.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында келесідей өңірлік бағдарламалар қолданылады:

1. «Атырау қаласы және Атырау облысы аудандарының энергиямен жабдықтау жүйелерін оңтайландыру мен жаңартудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы»;

2. «Атырау облысының елді мекендерін газдандырудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы»;

3. «Атырау облысының тұрғын үй-коммуналдық секторын дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы»;

4. «Атырау облысының 2003-2010 жылдарға арналған ауыз суы» өңірлік бағдарламасы.
Тұрғын үй қоры

Облыстағы тұрғын үй қорының жалпы ауданы 10 265 мың шаршы метрді құрайды, оның ішінде жалпы ауданы 3 123 мың шаршы м. 1443 көпқабатты үйлер.

Облыста 66 пәтер иелері кооперативі (ПИК) жұмыс жасайды, олар 871 көпқабатты үйлерге қызмет көрсетеді. Қалған 39% үйлер ешқандай басқару нысанына біріктірілмеген.

Топырақтың тұздылығы тұрғын үй қорын инженерлік қамтамасыз ету жүйесі мен ғимараттардың құрылымдық элементтеріне жағымсыз әсерін тигізеді. Облыста 121 авариялық жағдайдағы және 111 ескі үйлер бар. Жыл сайын 1995 жылға дейін тұрғызылған тұрғын үй қорының жай-күйі нашарлап келеді, тұрғын үй қорының жалпы санының 16 %-ы ескірген және авариялық жағдайда, яғни бұл 232 үй.

Қазіргі уақытта тұрғын үйлердің жабындарын, қасбеттері мен жертөле тармақтарын күрделі жөндеу үшін шамамен 5 млрд. 810 млн. теңге қажет, оның ішінде:

- 426 үйдің жабындарын жөндеуге – 2 млрд. теңге;

- 391 үйдің қасбетін жөндеуге – 1 млрд. 540 млн. теңге;

- 394 үйдің жертөле тармақтарын жөндеуге – 2,270 млрд. теңге.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын демонопализациялау нәтижесінде тұрғын үй қорын басқару мемлекеттен жаңадан құрылған жеке және ұжымдық құрылымдарға өтті. Ең көп тараған басқару органы пәтер иелері кооперативтері (ПИК) болып табылады.

Абаттандыру

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары қызметінің негізгі бағыттарының бірі – елді мекендерді абаттандыру болып табылады.

Жыл сайын облыс бойынша 500 мың тонна қалдықтар пайда болады, соның ішінде 300 мың тонна коммуналдық және 200 мың тонна өндірістік қалдықтар. Атырау қаласы қатты-тұрмыстық қалдықтарды орталықтандырылған - жүйелі жинаумен қамтылған. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау мен сақтаудың негізгі орны Атырау қаласындағы полигондар және селолық елді мекендердің ұйымдастырылған қалдық орындары болып табылады.
Энергетика

Қазіргі уақытта Атырау облысында келесідей электр станциялары жұмыс жасайды: қуаты 215 МВт «Атырау ЖЭО» АҚ-ы, «АМӨЗ» ЖШС ЖЭО (18 МВт), Құлсары қаласында ТГЭС екі газтурбиналық станция (136 МВт) және ТГТЭС-480 (111 МВт).Электр станцияларының қосынды электр қуаты 2009 жылдың басында 722 МВт құрады.

Электр энергиясын жіберу «Атырау Жарық» АҚ өңірлік электр желілік компаниясының желілері арқылы жүзеге асырылады.

«Атырау Жарық» АҚ-ның 9 853 шақырым электр берілісі желісі, 78 дана қосалқы станциясы, 1 702 бірлік таратушы және тарнсформаторлық қосалқы станциясы бар. Желілердің тозуы – 27%. 2006 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі кезеңде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге кәсіпорынның жеке қаражаты есебінен 1 302,5 млн. теңге көзделді.

«Атырау қаласы мен Атырау облысы аудандарының электрмен жабдықтау жүйелерін оңтайландыру мен жаңарту өңірлік бағдарламасы электр энергиясына өсіп отырған тұтынуды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

2 жыл ішінде 1000 шақырымнан астам электр берілісі желілері және 90 бірлік электрмен жабдықтау объектілері салынды. Атап айтқанда 40 трансформаторлық қосалқы станция және 13 таратушы қосалқы станция және т.б.

Мұнан басқа, ұзындығы 400,38 шақырымнан аса иесіз электр желілері және 25 трансформаторлық қосалқы станция жөнделді.

Инфрақұрылымдарды дамыту және тұтынушылар тарапынан электр және жылу энергиясына сұранысты ұлғайту есебімен Атырау облысы мен Атырау қаласының тұтынушыларын энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету.

Көздерден электр энергиясын беру және тарату «Атырау Жарық» АҚ өңірлік электр желілік компаниясының (ӨЭЖК) балансындағы электр желілері боймен жүзеге асырылады, оған қуаты 35-110 кВ электр берілісі желілерінің кешені (магистральдық ЖЭБ), кернеуі 10-6-0,4 кВ (таратушы ЖЭБ), кернеуі 35-110 кВ электрлік қосалқы станциялар және кернеуі 10-6-0,4 кВ таратушы трансформаторлық пункттер кіреді.

2010 жылға дейін Атырау облысы және Атырау қаласының электр желілерінің перспективалық даму жоспарын іске асыру мақсатында «АтырауЖылуЭлектрОрталығы» АҚ-ның өз қаражаты есебінен 16,5 млрд. теңге мөлшерінде қаржыға «АЖЭО» АҚ-ның ІV кезегінің құрылысы басталды.

Жоспар бойынша 2009 жылдың аяғында 1- кезеңнің аяқталуы бойынша «АЖЭО» АҚ-ның қуаты 25 МВТ-ға ұлғаятын болады.

2010 жылы 2-кезең аяқталғаннан кейін қуат тағы да 50 МВТ-ға ұлғаяды.

Қорытындысында бұл «АЖЭО» АҚ-ның жалпы қуатының қазіргі 215 МВТ-тан 290 МВТ-ға ұлғаюына әкеледі.

Бұдан басқа, Атырау облысының энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ, электр энергиясының жіберу тарифін тұрақтандыру мақсатында қазіргі уақытта облыста қуаты 90 МВТ газ турбиналық электр станциясының құрылысын салуға арналған ТЭН дайындалды.

Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және облыс экономикасын орнықты дамыту мақсатында электр энергиясы саласының стратегиялық міндеттерін шешу үшін облыс әкімиятының 2005 жылғы 23 мамырдағы №175 қаулысымен «Атырау облысының аудандары мен Атырау қаласының электрмен жабдықтау жүйелерін оңтайландыру мен жаңартудың 2006-2008 жылдарға арналаған өңірлік бағдарламасы әзірленіп, бекітілді. Бағдарлама тұтынушыларды энергиямен үздіксіз қамтамасыз етуге, оны іске асыру бойынша қаржыландыру көздері мен инвестициялардың қажетті көлемін анықтау, энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шаралар кешенін әзірлеуге бағдарланған.

Газдандыру
Мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі табиғи энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану, халықты арзан және қолжетімді отын түрімен қамтамасыз ету болып табылады. Табиғи газды өңдеу пункттерінен тұтынудың өнеркәсіптік орталықтарына дейін өндіру мен тасымалдаудың барлық өсіп отырған рөлі соңғы жылдары Атырау облысының елді мекендерін газдандыруға мүмкіндік береді, өйткені табиғи газ тиімділігі жоғары энергия тасымалдағыш болып табылады және халықтың еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсартуды, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануын төмендетуді қамтамасыз ете алады.

Атырау облысын газдандыру республикалық маңызы бар Орта Азия Орталық және Мақат-Солтүстік Кавказ магистральдық газ құбырларынан жүзеге асырылады. Облысты газбен жабдықтайтын кәсіпорындар «ОблТрансГаз» КМК, «АтырауГазИнвест» ЖШС, «ҚұлсарыГаз» ЖШС.

Облыс бойынша газ құбырларының жалпы ұзындығы 23 758 шақырым құрайды, оның ішінде авариялық жағдайда 6890 шақырым немесе 29 %.

Атырау қаласының газ тарату желілері екі бөлікке Жайық өзенінің оң жағалау және сол жағалауына бөлінген. Қаланың оң жағалау бөлігін газбен жабдықтау «Финская» автоматтандырылған газ тарату станциясынан (АГТС) жүзеге асырылады, Атырау қаласының оң жағалау бөлігі, жалпы халық саны 14 032 адамнан тұратын қала маңындағы елді мекендер: Алмалы, Ракуша, Еркінқала, Береке, Рембаза, Жұмыскер селолары.

Қаланың сол жағалау бөлігін газбен жабдықтау «Урожай-10» АГТС-нан жүзеге асырылады. АГТС-нан таратушы газ құбырлары Атырау қаласының сол жағалау бөлігін және Талғайраң, Ақжар, Ақсай, Бірлік, Бесікті, Томарлы, Геолог, жалпы тұрғындар саны 15398 адамнан тұратын қала маңындағы елді мекендерді қамтиды.

Мұнан басқа, «ЖылуЭлектр Орталығы» АГТС-нен тұрғындарының жалпы саны 27 296 адам болатын Дамбы, Құрманғазы, Жаңаталап, Атырау, Көкарна, Ақжайық, Тасқала, Водников, Балықшы елді мекендерін, Құрсай ауылын газбен жабдықтау жүзеге асырылады.

Жылыой ауданының халқын табиғи газбен «Құлсарыгаз» ЖШС қамтамасыз етеді, тұрғындарының жалпы саны 72 343 адам.

«Атырау облысының елді мекендерін газдандырудың 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы Атырау облысының халқы мен кәсіпорындарын табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жасқаталған. Бағдарламада қолданыстағы газ құбырларын жаңарту және облыстың газдандырылмаған елді мекендерін газдандыру көзделеді. Бағдарламада авариялық газ құбырларын жаңғырту, полиэтилен құбырларды қолдана отырып, жаңа газ қүұбырларының құрылысын іске асыру және өндірістен алынған жабдықтарды (ГТПШ, ГСГО, ГТС) неғұрлым қуатты, осы заманғы технологиялар талаптарына жауап беретін жабдықтарға ауыстыру жөніндегі шұғыл шаралар көрсетілген.

Қазіргі уақытта облыстың 178 елді мекенінің табиғи газбен 69 селосы қамтылмаған. Олардың ішінде 25 елді мекеннің халқы аз болып саналады. Соңғы 9 жылда 19 364 шақырымнан астам газ құбырларының желілерінің құрылысы салынды, осылайша тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету деңгейі 2000 жылғы 24,5%-дан 2009 жылы 95% -ға дейін өсті.

2009 жылы жалпы халық саны 31 838 адамды құрайтын 33 елді мекен газдандырылды, оның ішінде 14 елді мекен республикалық бюджеттің қаражатынан және 19 елді мекен жергілікті бюджеттің қаражатынан жүзеге асырылды.

Ұзындығы 1697,4 км газ құбырларының құрылысы салынатын болады. Қалған елді мекендерді газдандыру 2011 жылдан кейін жоспарланып отыр.

Атырау облысы әкімиятының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы «Атырау қаласы мен Атырау облысының елді мекендерін газдандырудың 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы туралы» қаулысына сәйкес барлығы 13 587 014 000 теңге бөлінді.

Сонымен қатар, «Игілік» бағдарламасы бойынша Атырау қаласында 1-ші участкені газдандыру үшін және «Восток» ГРПБ №1 АГТС-нан газ құбырын жүргізуге 356 020 000 теңге бөлінді. 1-ші участкені газдандыру аяқталды, газ қосылды.

Жоғарыда көрсетілген бағдарламаға сәйкес, бағдарлама әкімгері Атырау облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы облыстың елді мекендерін газдандыру бойынша жұмыстар жүргізді. Бүгінгі күні облыс халқының 95%-ы табиғи газды пайдаланады. Облыс халқын табиғи газбен 100% қамтамасыз ету мақсатында 2012 жылға қарай Атырау облысының елді мекендерін газдандыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Атырау облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының iconГосударственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Костанайюжэлектросервис» Управления энергетики и коммунального хозяйства акимата Костанайской области
Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының “Костанайюжэлектросервис” шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық...
Атырау облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының iconГосударственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Костанайюжэлектросервис» Управления энергетики и коммунального хозяйства акимата Костанайской области
Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының “Костанайюжэлектросервис” шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық...
Атырау облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының iconШҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы А. С. Шерубаевтың облыс әкімдігі отырысындағы баяндамасы
ШҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы А. С. Шерубаевтың облыс әкімдігі отырысындағы
Атырау облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының iconАстана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының
Міндеті және көрініс
Атырау облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының iconҚызылорда облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы атқарылған жұмыстары мен 2012 жылдың екінші жартыжылдығындағы міндеттері
Республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі арқылы мақсатты трансферт...
Атырау облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының iconАтырау облысы Қаржы басқармасының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Атырау 2009 ж. Мазмұны
Тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету және облыстың коммуналдық меншігін...
Атырау облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының iconШҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының 2010 жылғы жұмысының қорытындысы және
Рме және бөлшек сауда нарығының болу жағдайында қызмет істеуді анықтау саласында, инвестициялық міндеттемелерді (басқару, жалға алу...
Атырау облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының iconАтырау облысы жұмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының 2010 жылы атқАРҒан жұмыстардан есебі атырау қаласы 2011 жыл
Улысымен «Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар бөлімі» болып құрылып, облыс әкімиятының 2006 жылдың 14 қаңтардағы...
Атырау облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының iconБекiтемiн: Ақтөбе облысының энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасының бастығы Қ. Бақберген
Тапсырыс берушi Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, «Ақтөбе облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасы», стн...
Атырау облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының iconАтырау облысы Білім беру басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары Атырау қаласы Мазмұны
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница