Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы

НазваниеҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
страница1/9
Дата конвертации20.01.2013
Размер0.97 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 Қаулысы
"Егемен Қазақстан" газетi 3, 5 ақпан 2010 ж., № 38-39, 40-42 (25885, 25888); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., N 5, 61-құжат

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2010.07.20 N 745 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
      2. Қоса берiлiп отырған мемлекеттiк қызмет стандарттары бекiтiлсiн:
      1) «Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою»;
      2) «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу»;
      3) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мұрағаттарынан шығатын және шетелге жiберiлетiн мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерiн апостильдеу»;
      4) «Мұрағаттық анықтамалар беру».
      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2315 қаулысымен     
бекiтiлген        

«Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою»
мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» стандарты (бұдан әрi - стандарт) Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңiстiгiн дұрыс әрi уақтылы статистикалық есепке алу және оның жай-күйiн талдауды жүзеге асыру мақсатында мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою, қайта есепке қою және мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою, қайта есепке қою туралы куәлiк (куәлiк телнұсқасын) беру жөнiнде мемлекеттiк қызмет көрсетудiң (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) тәртiбiн анықтайды.
      2. Мемлекеттiк қызметтiң көрсетiлетiн түрi автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 4-3-бабы 2) тармақшасы негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызметтi Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi (бұдан әрi - Комитет) көрсетедi.
      Мемлекеттiк қызметтi көрсету орны: Астана қаласы, «Министрлiктер үйi» ғимараты, А блогы, 15-кiреберiс, интернет-ресурсы: www.mki.gov.kz.
      5. Мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нысаны мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлiк беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде көрсетiледi:
      өтiнiш Комитет кеңсесiнде тiркелген күннен бастап 15 күн iшiнде;
      мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттарды тапсырған кезде, сондай-ақ құжаттарды алу кезiндегi кезек күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты - 5 минут.
      8. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» Қазақстан Республикасының Кодексiне сәйкес мемлекеттiк қызметтi көрсеткенi үшiн алынатын алым ставкасы мынаны құрайды:
      1) балалар және ғылыми тақырыптағы мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн құратын жеке немесе заңды тұлғалардан алымды төлеу күнi қолданылатын екi айлық есептiк көрсеткiш;
      2) өзге тақырыптағы мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн құратын жеке немесе заңды тұлғалардан - алымды төлеу күнi қолданылатын бес айлық есептiк көрсеткiш.
      Мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлiктiң телнұсқасын беру үшiн төленетiн алым ставкасы мынаны құрайды:
      осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген жеке немесе заңды тұлғалардан - алымды төлеу күнi қолданылатын бiр бүтiн оннан алты айлық есептiк көрсеткiш;
      осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген жеке немесе заңды тұлғалардан - алымды төлеу күнi қолданылатын төрт айлық есептiк көрсеткiш.
      Мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн қайта есепке қою тегiн жүзеге асырылады.
      Алым Қазақстан Республикасының банктерi арқылы төленедi, олар төлемнiң мөлшерi мен күнiн растайтын түбiртек бередi.
      9. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi мен қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат электрондық Үкiмет порталында: www.e.gov.kz, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң интернет-ресурсында: www.mki.gov.kz, ресми ақпарат көздерiнде, «Министрлiктер үйi» ғимаратындағы ақпараттық тақталарда орналастырылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет сенбi мен жексенбiден басқа күндерi күн сайын көрсетiледi. Құжаттарды қабылдау сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн жүргiзiледi, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.
      Қабылдау кезекке тұру тәртiбiмен жүзеге асырылады, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      11. Қызмет мына мекенжайда көрсетiледi: Астана қаласы, «Министрлiктер үйi» ғимараты, А блогы, 15-кiреберiс, 227-кабинет. Үй-жайдың жұмыс iстеу режимi: күн сайын сенбi мен жексенбiден басқа күндерi сағат 9-00-ден бастап 18-30-ға дейiн. Түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн. Құқықтық тәртiптi қолдау үшiн үй-жайда тәулiктiк күзет бекетi, өртке қарсы сигнализация және басқа да қауiпсiздiк шаралары бар. Кiреберiс дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы мына құжаттарды ұсынады:
      1) осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
      2) жеке тұлғалар үшiн - кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      3) заңды тұлғалар үшiн - заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң, құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
      4) мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын құжат.
      Мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн қайта есепке қою үшiн (меншiк иесiнiң ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының, тiлiнiң, таралу аумағының, негiзгi тақырыптық бағытының және шығару мерзiмдiлiгiнiң өзгеруiне байланысты) тұтынушы мыналарды ұсынады:
      1) осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
      2) жеке тұлғалар үшiн - кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      3) заңды тұлғалар үшiн - заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң, құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
      4) бұрын берiлген мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлiктiң түпнұсқасы;;
      5) меншiк иесi өзгерген жағдайда осы өзгерiстердi растайтын  құжат талап етiледi;
      6) мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн иелену құқығын басқа тұлғаға берудi растайтын шарт.
      Мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлiктi жоғалтып алуға байланысты телнұсқа алу үшiн тұтынушы мыналарды ұсынады:
      1) жоғалу себептерiн көрсете отырып, еркiн нысанда жазылған өтiнiш;
      2) жеке тұлғалар үшiн - кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      3) заңды тұлғалар үшiн - заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң, құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
      4) мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлiктiң телнұсқасын бергенi үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын құжат.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiш бланкiсiн Комитет қызметкерлерi мына мекенжайда бередi: Астана қаласы, «Министрлiктер үйi» ғимараты, А блогы, 15-кiреберiс, 227-кабинет, телефон: (7172) 74-04-73, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң интернет-ресурсында: www.mki.gov.kz орналастырылады.
      14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн құжаттар мына мекенжай бойынша тiркеледi: Астана қаласы, «Министрлiктер үйi» ғимараты, А блогы, 15-кiреберiс, 227-кабинет, телефон: (7172) 74-04-73.
      15. Тұтынушының мемлекеттiк қызметтi алғанын Комитеттiң осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген барлық қажеттi құжаттарды қабылдап алғанын көрсете отырып, оларды тiркеу кiтабына (журналына) тiркеуi растайды.
      16. Мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлiк тұтынушының жеке өзiне берiледi не пошта арқылы жiберiледi.
      Тұтынушыға дайын құжаттар мына мекенжайда берiледi: Астана қаласы, «Министрлiктер үйi» ғимараты, А блогы, 15-кiреберiс, 227-кабинет, телефон: (7172)74-04-73.
      17. Өтiнiш берушiнiң осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген құжаттардың бiреуiн өткiзбеуi мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға негiз болады.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Комитеттiң қызметi адамның конституциялық құқықтарын, қызметтiк борышты орындау кезiнде заңдылықты сақтауға негiзделедi және сыпайылық, жеткiлiктi әрi толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелерi

      19. Тұтынушыға мемлекеттiк қызмет көрсету жұмысының нәтижелерi осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      20. Мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен қол жетiмдiлiгiнiң мақсатты көрсеткiштерiн жыл сайын Комитеттiң жауапты қызметкерлерiнен арнайы құрылған жұмыс тобы бекiтедi.

5. Шағымдану тәртiбi

      21. Комитеттiң уәкiлеттi лауазымды тұлғаларының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн Комитеттiң мемлекеттiк сатып алулар және ұйымдастыру құқықтық жұмыс басқармасының бастығы мына мекенжай бойынша түсiндiредi: Астана қаласы, «Министрлiктер үйi» ғимараты, А блогы, 15-кiреберiс, 221-кабинет, телефон: (7172) 74-04-79.
      22. Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына наразылық болған жағдайда Комитет төрағасының атына шағым берiледi.
      Шағым жазбаша түрде поштамен, не қолдан Комитет кеңсесi арқылы мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, «Министрлiктер үйi» ғимараты, А блогы, 15-кiреберiс, 224-кабинет, жұмыс күндерi сағат 9-00-ден бастап 18-00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.
      Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғары сатыда қарауды талап етсе, тұтынушы шағымды жазбаша, сондай-ақ электронды түрде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi басшылығының атына мына мекенжайға жiбере алады, Астана қаласы, «Министрлiктер үйi» ғимараты, А блогы, 15-кiреберiс, 309 кабинет, телефон: (7172)74-01-63.
      Даулы мәселелер азаматтық сот iсi тәртiбiмен шешiледi.
      23. Қабылданған шағым Комитеттiң кiрiс хат-хабарды есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мерзiмде қаралады.
      Шағымның екiншi данасы не шағымның көшiрмесi шағымды қабылдағанын растайтын құжат болып табылады, онда шағымды қабылдайтын тұлға берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын және шағымның қаралу барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерiн көрсетедi.
      Шағымды қарау нәтижелерi туралы тұтынушыға жазбаша түрде пошта арқылы, не электронды поштамен хабарланады.

6. Байланыс ақпараты

      24. Комитет басшыларының жұмыс iстеу және қабылдау кестесi осы стандарттың 10-тармағында белгiленген Комитеттiң жұмыс кестесiне сәйкес анықталады.
      Комитеттiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, «Министрлiктер үйi» ғимараты, А блогы, 15-кiреберiс, 225-кабинет.
      Комитет төрағасының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: (7172) 74-02-51.
      25. Ұсынылатын мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң интернет-ресурсынан алуға болады: www.mki.gov.kz.

«Бұқаралық ақпарат құралдарын
есепке алу» мемлекеттiк қызмет
стандартына 1-қосымша   

Қазақстан Республикасы    
Мәдениет және ақпарат министрлiгi
Ақпарат және мұрағат     
комитетiнiң төрағасына    
_____________ -дан/ден, -тан/тен

Өтiнiш

      Сiзден ___________________________ мерзiмдi баспасөз басылымын
                   (атауы)
немесе ақпарат агенттiгiн есепке алуды (қайта есепке алуды, телнұсқа
берудi жүзеге асыруды) сұраймын (мерзiмдi баспасөз басылымы үшiн түрi
көрсетiледi). (Қайта есепке алу және телнұсқа берудi жүзеге
асырғанда себебi көрсетiледi).
      Меншiк иесiнiң атауы, заңды мекен жайы (телефоны) _____________
      Мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпарат агенттiгiнiң атауы
_____________________________________________________________________
      Мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпарат агенттiгiнiң тiлi
_____________________________________________________________________
      Жиiлiгi _______________________________________________________
      Тақырыптық бағыты ____________________________________________
      Таралу аумағы _________________________________________________
      Редакцияның мекен жайы ________________________________________
      Бас редактордың тегi, аты, әкесiнiң аты _______________________

      Қолы, күнi, мөрi

      Ескертпе: Мерзiмдi баспасөз басылымның түрi деп газет немесе журнал танылады.

«Бұқаралық ақпарат құралдарын
есепке алу» мемлекеттiк қызмет
стандартына 2-қосымша    

Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерi

Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну жағдайларының %-ы (үлесi)

1.2. Қызмет алуды кезекте 30 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың %-ы (үлесi)

2. Сапасы

2.1. Қызметтi көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

2.2. Құжаттарды лауазымды адам дұрыс ресiмдеген жағдайлардың (жүргiзiлген төлемдер, есеп айырысулар және тағы басқалар) %-ы (үлесi)

3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызметтi көрсету тәртiбi туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бастапқыдан тапсырған жағдайлардың %-ы (үлесi)

3.3. Ақпаратқа Интернет арқылы қол жеткiзуге болатын қызметтердiң %-ы (үлесi)

4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Қызметтiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санына негiзделген шағымдардың %-ы (үлесi)

4.2. Белгiленген мерзiмде қаралған және қанағаттандырылған негiзделген шағымдардың %-ы (үлесi)

4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың % -ы (үлесi)

4.4. Шағымдану мерзiмiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы icon"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту
Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы №1278 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007...

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы iconМемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org

База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница