Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру




Скачать 94.88 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру
Дата конвертации20.01.2013
Размер94.88 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру

 жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 442 бұйрығы

 
БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бекітілсін.

2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Г.Н. Доғалова) осы бұйрықтың көшірмесін жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Г.Н. Доғаловаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министрінің міндетін атқарушы

М. Сарыбеков



 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2010жылғы 2 қыркүйектегі № 442

бұйрығымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру

жөніндегі әдестімелік ұсынымдар

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Жоғары оқу орындарындағы дайындық бөлімдері «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 62-бабының 5-тармағына және қазақ диаспорасы өкілдерінің, Қазақстан Республикасында тұратын, этникалық тегі жағынан қазақ болып табылатын азаматтығы жоқ тұлғалардың (бұдан әрі - азаматтығы жоқ тұлғалар) және шетел азаматтарының жалпы білім дайындығының деңгейін арттыру, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына (бұдан әрі - ЖОО) оқуға түсуге қажетті жағдайлар жасау үшін күшіне енген халықаралық келісімдердің негізінде ұйымдастырылады.

2. Дайындық бөлімдері тиісті материалдық-техникалық, зертханалық және әлеуметтік базасы бар және білім беру саласындағы уәкілетті органның рұқсатымен ЖОО-ларда ұйымдастырылады.

3. Дайындық бөлімдерінде:

1) қазақ диаспорасының өкілдері және азаматтығы жоқ тұлғалар;

2) Қазақстан Республикасының ЖОО-ларында оқуға тілек білдірген шетел азаматтары оқи алады.

4. Дайындық бөліміне қабылдау және оқыту мемлекеттік білім беру тапсырысы сияқты ақылы негізде де жүзеге асырылады.

5. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ЖОО-лардың дайындық бөліміне оқуға қабылдау квотасын жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

6. Дайындық бөлімдерінде оқу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын білім беру саласындағы уәкілетті орган оқу сапасын, білім беру процесінің кадрлық және материалдық-техникалық жарақтандырылуын, оқыту әдебиеттерімен қамтамасыз етілуін, білім алушыларға жатақхана беру, қоғамдық тамақтану, медициналық қызмет көрсету мүмкіндіктерін ескере отырып, ЖОО-да орналастырады.

Тыңдаушыларды оқыту белгіленген мемлекеттік білім беру тапсырысынан тыс оқуға кеткен шығындарды толық өтеу арқылы шарт негізінде жүзеге асырылады.

7. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады.

8. Конкурс және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу құқығына Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратың қазақ диаспорасының өкілдері, азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ, шетел азаматтары ие болады.

9. Дайындық бөлімінде қайта оқуды ақылы негізде ЖОО-лар жүзеге асырады.

10. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ЖОО-лар мүдделі ведомстволармен бірге тыңдаушыларды паспорттық-визалық қолдаумен қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасына келіп-кету тәртібімен, дайындық бөлімдеріндегі тыңдаушылардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты басқа да заңнамалық актілермен таныстырады.

11. Іріктеуді білім беру саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетімен (бұдан әрі - Комитет) бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі - ҚР СІМ) қолдауымен жүргізеді.

12. ЖОО-лар дайындық бөліміне түсу үшін үміткерлерден мынадай ресмилендірілген немесе апостильденген құжаттар жинауды және беруді жүзеге асырады:

тұрғылықты мекен-жайын толық көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің атына өтініш;

білім туралы құжаттың және оның қосымшасының мемлекеттік және/немесе орыс тіліндегі аудармасының нотариалдық расталған (немесе дипломатиялық қызмет өкілдігі тарапынан) нұсқасы;

білім туралы құжат иесінің жеке басын куәландырушы құжаттың нотариалды расталған көшірмесі.

Осы тармақта көрсетілген құжаттарды тапсыру төмендегідей жүзеге асырылады:

Қазақстан Республикасында - ЖОО-лар білім беру саласындағы уәкілетті органға;

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде - үміткерлер Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерге;

13. Азаматтығы жоқ тұлғаларды дайындық бөлімдерінде оқыту үшін іріктеудің тәртібі Комитетпен бірге мынадай түрде жүзеге асырылады;

1) білім беру саласындағы уәкілетті орган Комитетке алдын ала алдағы оқу жылында Қазақстан Республикасы ЖОО-ларындағы дайындық бөлімдері туралы мәліметті береді;

2) Комитет алған мәліметтерді өзінің аумақтық органдарына жібереді, азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы өңірлер бойынша географиялық қоныстану жағдайларын негізге ала отырып, белгіленген ЖОО-ларға бөлінген республика өңірлері туралы хабарлайды;

3) Комитеттің аумақтық органдары азаматтығы жоқ тұлғалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, білім беру саласындағы уәкілетті органға 20 тамызға дейін үміткерлер тізімін ұсынады және тиісті ЖОО-лардағы дайындық бөлімдеріне құжаттарын тапсыруға жібереді.

14. Азаматтығы жоқ тұлғаларды дайындық бөлімдеріне жіберу төмендегі құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің атына толық тұрғылықты мекен-жайы көрсетілген өтініш;

білім туралы құжаттың және оның қосымшасының мемлекеттік және/немесе орыс тіліндегі нотариалдық расталған нұсқасы;

білім туралы құжат иесінің жеке басын куәландырушы құжаттың нотариалды расталған көшірмесі.

15. Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде Қазақстан Республикасы ЖОО-ларының дайындық бөлімдерінде оқыту үшін шетелдік азаматтарды іріктеудің тәртібі мынадай түрде жүзеге асырылады:

1) шет мемлекеттің мектептері мен жергілікті басқару органдарының ұсынымдамалары бойынша шетел азаматтарының кандидатураларын үміткерлер тізімін Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне жіберетін шетел мемлекеттерінің білім беру саласындағы орталық атқарушы органы қарастырады. Кандидаттар тізіміне аттестаттың нотариалды расталған аудармасы мен үміткер туралы мәлімет (төлқұжат деректері, толық тұрғылықты мекен-жайы) қоса беріледі.

2) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қабылдайды және оларды білім беру саласындағы уәкілетті органға жібереді.

16. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасының білім саласындағы ынтымақтастық туралы күшіне енген халықаралық шарттарының негізінде танылады. Халықаралық шарттар болмаған жағдайда, азаматтардың шетелдік білім беру ұйымдарында алған білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы белгілеген тәртіппен міндетті тануға және нострификациялауға жатады.

17. ЖОО-лар қазақ диаспорасының өкілдерін, азаматтығы жоқ тұлғаларды, сондай-ақ шетел азаматтарын дайындық бөлімдеріне оқуға қабылдауды кешенді тестілеу нысанында өткізілген конкурстық негізде түсу емтихандарының нәтижелері бойынша жүзеге асырады.

18. Мемлекеттік тілді немесе орыс тілін білмейтін тұлғаларды, шетелдік қазақ диаспорасының өкілдерін және шетел азаматтарын кешенді тестілеу ағылшын тілінде жүзеге асырылады.

19. ЖОО-лар кешенді тестілеуді екі пән бойынша жүзеге асырады: «Қазақ тілі» немесе «Орыс тілі» және «Математика». Әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 25. Әрбір тест тапсырмасына берілген дұрыс жауап 1 балмен бағаланады. Кешенді тестілеудің ұзақтығы - 1 сағат 30 минут. Тестілеуді қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

20. Кешенді тестілеуге келген үміткер жеке басын анықтау жеке басын куәландыратын тиісті құжатын ұсыну арқылы жүргізіледі.

21. Түсу емтихандарының нәтижелерін Комиссия қарайды. Оның құрамын білім беру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын тамыз айында бекітеді. Білім беру саласындағы уәкілетті орган анықтайтын түсуге арналған балдың шекті деңгейі негізге алынады, және кешенді тестілеудің нәтижесі өткізілген күні хабарланады.

Үміткерлердің алған балдары тең болған жағдайда аттестаттағы орташа балы жоғары болған үміткер басым құқыққа ие болады.

Комиссия дайындық бөлімінің тыңдаушыларының қатарына кешенді тестілеуден сәтті өткен үміткерлерді қабылдау туралы ұсыныс (бұдан әрі - тізім) енгізуді білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен қабылдау квотасына сәйкес қыркүйек айында жүзеге асырады.

Комиссия ұсынған тізім білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі, оның негізінде қыркүйек айында Қазақстан Республикасының ЖОО-ларының дайындық бөлімдеріне қабылдауға ұсынылған шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерінің, сондай-ақ шетел азаматтарының атына шақыру хаттарды ҚР СІМ арқылы Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне жіберу жүзеге асырылады.

ЖОО-лар бекітілген тізімге сәйкес конкурстық іріктеуден өткен шетелдегі қазақ диспорасы өкілдерін, азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетел азаматтарын дайындық бөлімдеріне қабылданған сәтінен бастап қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін білім беру саласындағы уәкілетті органға онкүндік мерзім ішінде ұсынады.

22. Дайындық бөлімдерінде оқу күндізгі оқу нысаны бойынша жүзеге асырылады. Сабақтар 1 қазаннан басталады. Оқыту мерзімі 9 айды құрайды.

23. Дайындық бөлімдерінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Оқу жұмыс жоспарлары Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы бекіткен Үлгі оқу жоспарына сәйкес жасалады.

24. Жоғары оқу орны дайындық бөлімінің тыңдаушыларын оқудан шығару үшін мынадай негіздерге сүйенеді:

1) тыңдаушының өз өтініші бойынша;

2) ЖОО-ның ішкі тәртібін бұзғанда;

3). ЖОО-мен байланысты үзгенде.

Тыңдаушы ЖОО-дан оқудан шығару ректордың бұйрығымен рәсімделеді, оқудан шыққан күнінен бастап үшкүндік мерзім ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға қажетті құжаттардың қосымшасымен қоса жіберіледі.

25. Дайындық бөлімінің тыңдаушылары қорытынды аттестаттау ЖОО-лар тестілеу түрінде өткізеді.

26. ЖОО-лар жыл сайын 15 шілдеден кешіктірмей, білім беру саласындағы уәкілетті органға дайындық бөлімдерінің жұмысы туралы қорытынды есеп береді.

27. ЖОО-лар дайындық бөлімдері тыңдаушыларының статистикалық, паспорттық және басқа да есебін жүргізеді.

 

 

Похожие:

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру iconҚазақстан-2012: жоғары оқу орындарының басты рейтингісі
БСҚТҚА жоғары оқу орындарының ұлттық рей­тингі қазақстандық жоо-ның көптүрлілігін есепке алатындықтан оқу орын­дары келесі бағыттар...
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру icon2010 жылы қазақстан республикасы жоғары оқу орындары студенттік контингентін қалыптастырудың Қорытындылары қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Бт өткізу пунктерінде (бұдан әрі – Ұбт өП) өткізілуде. 2010 жылы республика бойынша 154 Ұбт өткізу орталығы жұмыс істеді, олардың...
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру iconЖоғары оқу орындарының оқытушыларына тағылымдама тақырыптары
Жоғары оқу орындарында компьютерлік жүйені оқытудың теориялық әдістемесі және зерттеу негіздері
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру iconЖоғары оқу орындарының жетекшілеріне АҚпараттандыру парағЫ
Алматы қаласы мен Қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарына да ашық болғандығын пайдалана отырып, университеттің ғылыми және...
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру iconҚарары: 2011 жылғы 14-16 маусым Астана қ., Қазақстан
«Кадрларды даярлау және академиялық ұтқырлық: тәжірибе алмасу, проблемалары мен келешегі» тақырыбындағы Қазақстан-Француз жоғары...
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру iconБілім беру қызметін жүргізуге құқылы лицензиясы жоғары оқұ орындарының тізімі

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру iconУақыттың өзгеруімен бірге біз де өзгереміз Времена меняются, и мы меняемся вместе с ними
Университеттің оқу-әдістемелік, нормативті-ақпараттық және ұйымдастыру-кеңестік білім қызметін және оқу үрдісін ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру iconС. Д. Асфендиярова
Му студенттері Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина және Белорусия мемлекеттерінің барлық аймақтарының жоғары оқу орындарының...
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру iconҚазақстанның жоғары оқу орындарының рейтингі 2008

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру icon«кгти-лингва» ОҚУ
«кгти-лингва» ОҚУ Қазақстандағы беделді жоғары оқу орындарының бірі ретінде мемлекеттік және орыс тілдерінде күндізгі және сырттай...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница