Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтың «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі. 03. 06. 2011




Скачать 50.21 Kb.
НазваниеАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтың «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі. 03. 06. 2011
Дата конвертации04.02.2013
Размер50.21 Kb.
ТипДокументы
Аудан әкімі Т.Мүсәпірбековтың «Туған жерге тағзым»

акциясында сөйлеген сөзі.

03.06.2011
Құрметті жерлестер, қонақтар!

Қадірменді ата жұртын аңсап келген іскер азаматтар!
Көгінде көк байрағы желбіреген қазақ елі өз тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсанында тұр. Бүгінде әр аймақ, аудан, ауыл, әр ұжым, ел азаматтары, барша халық осынау мерейлі мерекені лайықты қарсы алу жолында жұмыла еңбек етуде. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңындағы бағалы бастамалар, жарқын істер, қайырымдылық акциялары кеңінен қанат жайып, ел тынысына тың серпін беруде.

Міне, осындай бүкілхалықтық өрлеу кезінде, жаздың алғашқы күндерінде сіздермен «Туған жерге тағзым» акциясы аясында бас қосып отырмыз.

Халқымызда:

Туған жер еш нәрсе жоқ, сенен ыстық,

Себебі, сенде туып,сенен ұштық, - деген қанатты сөз бар.

Туған жердің әр түлегі қай жерде, қандай қызметте жүрсе де, атамекен - алтын бесігін бір сәт естен шығармай, оған мәңгілік қарыздармын деп есептейтіні сөзсіз. Өйткені, азамат бойындағы дарын, қабілет, тектілік сынды абзал қасиеттер ана сүті, әке қаны, туған жердің топырағынан дариды.

Ал сіздердің туған жерлеріңіз – ұлылар мекені. Ұлы Абай, кемеңгер Шәкәрім, ғұлама Мұхтар дүниеге келген қасиетті, киелі Шынғыстау өңірі.

Бұл – баршамызға ерекше мақтаныш, мерей.

Туған жердің туын биіктетіп, ел құрметіне бөленген, жүрегі жомарт, жаны жайсаң жерлестер! Туған жерге қош келдіңіздер!

Алаш арысы Ахмет Байтұрсынов: «Елім дейтін ұл болмаса, ұлым дейтін ел қайдан болсын» - деп, ұрпаққа ұлағат қалдырған еді. Осынау аталы сөзде айтылғандай «Туған жерге тағзым» акциясына шақыру алысымен бірден хабарласып, туған жерді көркейтуге, әлеуметтік мәселелерді шешуге дереу қол ұштарын беріп, көмектесуге ат салысып жатқан азаматтар аз емес. Бұл көңілге қуаныш ұялатады. Қашанда өнегелі бастамалары, игілікті істерімен халық құрметіне бөленіп жүрген азаматтарға ел атынан алғысымыз шексіз.

Осы орайда, Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы, Шәкәрім атындағы Семей университетінің ректоры, белгілі ғалым, қоғам қайраткері Ерлан Сыдықовтың Қарауыл ауылында қонақ үй салуға демеушілік жасап отырғандығын үлкен ризашылықпен айтамыз.

Ұзақ жылдар шаруашылық басқарып, іскерліктері, ұйымдастыру қабілеттерімен республикаға танылған, ауданымыздың құрметті азаматтары, қадірлі ағаларымыз Сайлау Кошкин мен Амантай Мұқатаевтар мерейтой қарсаңында ақын Көкбай Жанатайұлының медресесі мен кесенесін толықтай күрделі жөндеуден өткізуді қолға алуда.

Курчатов қаласындағы «Дегелең тас» кәсіпорнының директоры Владимир Ковалёв Қарауыл ауылындағы орталық аланды, сахнаны толықтай қайта жөндеп, жабдықтап ретке келтірмек.

Таяуда мектеп бітірушілердің соңғы қонырау салтанатында Саржал ауылындағы Ш.Тоғжігітов атындағы орта мектепті 1991 жылы бітірген түлектер алтын ұя мектебіне «Газель» автокөлігін сыйлады. Осындай игілікті істер жалғаса берері сөзсіз.

Облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлының тікелей бастамасымен ұйымдастырылып, халықтан қолдау тапқан «Туған жерге тағзым» акциясына белсене қатысып, халық қамын ойлайтын, әлеуметтік мәселелерді шешуге мүдделі азаматтардың қатары арта түсетіндігіне сенімдіміз.

Енді ауданда соңғы жылдары атқарылған жұмыстармен және елдің бүгінгі тыныс-тіршілігіне назар аударайық.

Аудан экономикасының негізгі саласы мал шаруашылығында мал басы барлық түліктен өсіп, мал тұқымын асылдандыру жұмысы жылдан жылға жақсарып келеді. Бүгінде асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар саны 30-ға жетті.

Қасқабұлақ, Көкбай, Құндызды ауылдарының мәдениет үйлері қайтадан күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.

Архат ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория, аудан бойынша 12 тұрғын үй салынды.

Аудан орталығында З.Белібаев атындағы Женіс аланы толықтай қайта жасалды. Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш орнатылып, гүлзарлар жасалды. Балалардың ойын алаңы пайдалануға берілді.

Биыл Медеу ауылындағы клуб үйі қайта жөнделуде. Қарауылдағы «Арман» кинотеатры қайта күрделі жөндеуден өтіп «Жастар үйі» болады. Құрылыс жұмыстары тамыз айында аяқталмақ.

Саржал ауылында су құбыры тартылуда. Жоба құны 208 млн. 872 мың теңге.

Қарауыл ауылында қатты тұрмыстық қалдық полигоны салынуда. Жоба құны 55 млн. 200 мың теңге.

Қарауыл гимназиясының жанынан құны 63 млн. 100 мың теңге тұратын спорт залы салынуда.

Аудандағы орталық емхана мен Көкбай ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аудан орталығында құны 5 млн. 714 мың теңге тұратын спорт алаңы салынуда.

Аудан орталығы Қарауыл ауылының бас жоспары әзірленуде, оған 16 млн. 731 мың теңге қаралған.

Сондай–ақ, Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойы аясында өтетін «20 жарқын іс» жобаларына сәйкес біршама жұмыстар істелуде.

Қарауыл ауылында Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған алаң, ескерткіш салынуда.

Жаңадан «Ана мен бала» гүлзары жасайды. М.Әуезов, үш ақын ескерткіштері қайта жөнделді. Аудан орталығына қаладан кіре берісте ағаштар отырғызылып, саябақ жасалды.

Қарауыл ауылында екі көше жарықтандырылып, Саржал ауылында тұрмысы төмен отбасыларының үйіне демеушілікпен су құбыры тартылады.

Көкбай ауылында демеуші арқылы мектепке қажетті парталар жасалып, беріледі.

Сондай-ақ, бюджет қаржысы мен демеушілер арқылы біршама жұмыстар атқарылғанымен, ауданның қазіргі жағдайы алаңдатарлық дәрежеде.

Абай елі – қазақтың рухани Меккесі дейміз. Жидебайдағы Абай мұражайы мен Абай–Шәкәрім мемориалдық кешенінің қазіргі жағдайы еш сын көтермейді. 1995 жылғы Абайдың 150 жылдық мерейтойынан кейін күрделі жөндеу жұмыстары жүрмегендіктен мұражай да, кесене де тозып кеткен. Қожа Ахмет Яссауи, Бекет ата кесенелерімен салыстыруға мүлде келмейді.

Аудан орталығындағы әлеуметтік ғимараттар, тұрғын үйлер кеңестік кезеңде салынған. Қайта жанартылып, әрленбеген. Сырт келбеттері жұтаң. Аудан орталығында, ауылдарда қазіргі заман талабына сай салынған қонақ үйі, тойхана, ресторан, дәмханалар жоқ.

Халықтың негізгі күн көрісі – төрт түлік мал өнімі. Осы мал өнімдерін өндейтін шағын цехтар, кәсіпорындар қажет. Малдың терісі, жүні пайдаға аспай, өнделмей, шіріп жатыр.

590-ға жуық шаруа қожалықтары бар. Қожалық жетекшілерінің көбі Семейде тұратын кәсіпкерлер. Осы қожалық жетекшілері мәселеге мән беріп, аудан халқының табысты болуына, әлеуметтік мәселелерді шешуге белсене атсалысады деп ойлаймыз.

Ардақты ағайын! Ауыл әкімдері, мекеме басшылары!

Өз мекемелерініздің ғимараттарын, тұрғын үйлеріңізді көркейтуге, абаттандыруға айрықша маңыз берулеріңіз қажет. Қай салада болмасын атқарылатын жұмыстарға тың серпіліс қажет.

«Өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол» деген. Бар ауыртпалық ел азаматтарына түспей ме?!

Сіздерді осындай күрделі кезеңде аудан халқына демеу болып, ауыртпалықты бірге көтерісуге дайын, қиындыққа арқа тосар, нар тұлғалы, кең пейілді азаматтар деп білеміз.

«Қайда жүрсең, атамекен,

Көкейіңде жатады екен - деп, ақын жырлағандай, әрдайым жүректерініздің түкпірінде жататын, шет жүргенде сағынатын, тіпті түтініде ыстық болып көрінетін туған жерді көркейтуге, абаттандыруға, гүлдендіруге Шыңғыстаудың және барша еліміздің өздеріңіздей аяулы перзенттері патриоттық құлшыныспен үлес қосады деп сенемін.

Қашанда бірге болайық! Баршанызға мықты денсаулық, жанұялық бақыт, алдағы мақсатты істеріңізге табыс тілеймін.

Похожие:

Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтың «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі. 03. 06. 2011 iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі
Ынтымақтығы жарасқан аудан халқы ел тәуелсіздігінің 20 жыл ішінде қол жеткен табыстарын баянды ете отырып, ұлы жерлесіміз әлемге...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтың «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі. 03. 06. 2011 iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Аудан мұғалімдерінің дәстүрлі тамыз маслихатында сөйлеген сөзі
Ең алдымен сіздерді аудан мұғалімдерінің дәстүрлі тамыз маслихатымен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Баршаларыңызға жас ұрпаққа білім...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтың «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі. 03. 06. 2011 iconТарбағатай ауданында «Туған жерге-тағзым» акциясы аясында 2011 жылы іске асырылатын шаралардың жоспары

Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтың «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі. 03. 06. 2011 iconСөйлеген сөзі Атасу кенті 12 желтоқсан 2009 жыл Құрметті жерлестер! Қадірменді қауым!
Аудан әкімі Х. Н. Омаровтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыста
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтың «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі. 03. 06. 2011 iconҚұрметті конференцияға қатысушылар! Қадірлі әріптестер!
Облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың Білім қызметкерлерінің тамыз конференциясында сөйлеген сөзі
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтың «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі. 03. 06. 2011 iconАрдақты ардагерлер!
Облыс әкімі Қ. А. Бозымбаевтың 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай орталық «Достық» алаңында сөйлеген сөзі
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтың «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі. 03. 06. 2011 iconСөйлеген сөзі 2011 жылғы 12 шілде с. Көкпекті
«Шемонаиха ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін жақсарту бойынша қолданылатын шаралар туралы» Шемонаиха ауданының...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтың «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі. 03. 06. 2011 iconАудан әкімі С. Ж. Аймақовтың есебі 2011 жыл. Құрметті жерлестер!
...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтың «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі. 03. 06. 2011 iconБекітемін Айыртау ауданының әкімі Е. Айнабеков
...
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтың «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі. 03. 06. 2011 iconАтбасар ауданы әкімі аппаратының жұмыстарының 2012 жылдың 1-ші жарты жылдық Жоспары
Аудан әкімі орынбасарлары мен аудан әкімі аппаратының жетекшілерімен жедел кеңестер
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница