Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған




Скачать 464.17 Kb.
НазваниеАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған
страница1/4
Дата конвертации05.02.2013
Размер464.17 Kb.
ТипАвтореферат
  1   2   3   4



ӘОЖ 373.5.016.0267:796.29-053.6 (574) Қолжазба құқығында

ТӨЛЕГЕНОВ ЕРКІН ҚАЛИМҰЛЫ
Ауылдық жердегі балалардың қазақтың ұлттық ойындары

арқылы өзіндік сабақтарында дене дайындығы дағдыларын қалыптастыруы
13.00.04 – Дене тәрбиесі, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейімдеу дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі
Педагогика ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алуға дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған

Ғылыми жетекші Педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Х.Ф. Анарқұлов

Ресми оппоненттер Педагогика ғылымдарының докторы,

профессор С.І. Қасымбекова


Педагогика ғылымдарының кандидаты,

профессор Е.Ә.Әлімханов

Жетекші ұйым Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты


Қорғау 2010 жылы «29» қазан сағат 14.00 Қазақтың спорт және туризм академиясы жанындағы Д 14.41.03 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 050022, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 83/85, факс (727) 292-68-05


Диссертациямен Қазақтың спорт және туризм академиясының кітапханасында танысуға болады


Автореферат 2010 жылы « » қырқүйекте таратылды

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, педагогика

ғылымдарының докторы Ө.Е. Бектұрғанов

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Диссертациялық зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес адамның денесін жетілдіруді саналы түрде қалыптастыру жас кезінен басталатыны анықталған, яғни бұл дағды отбасында, мектепте және оқу орындарында қалыптасып, салауатты-тәрбиелік бағыттың әдістемелік бағдарламаларын жетілдіру, дене тәрбиесі мен қазақтың қозғалмалы ұлттық спорттық ойындарын дамытудың жолдары негізінде өз бетінше жүргізілетін сабақтар арқылы дене дайындығы дағдыларын қалыптастырудың жүзеге асатыны және оның алғышарттары, оларға жасалатын жағдайды жетілдіру жолдары қарастырылған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақтың ұлттық дене шынықтыру мәдениеті жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің құрамдас бір бөлігі ретінде мектептегі кезеңнен қалыптаса бастайды. Сондықтан оны пайдалану тек қозғалғалмалы біліктілік, дағдыларды дамытып қана қоймайды, сонымен қатар мектеп оқушыларынан қазақтың ұлттық спорт түрлеріне деген көзқарасын қалыптастырып, дене жаттығулары мен ойындарын өз беттерінше дамытуға тәрбиелеп, оқу-ойын материалдарын бір жүйе ретінде олардың руханилығын, адамгершілігін, дене тәрбиесін тәрбиелеуге баулуды қарастырады.

Педагогикалық эксперимент нәтижелерінің сапалық көрсеткіштерін анықтау үшін математикалық-статистикалық әдістерді, соның ішінде, Ю.Ф. Курамшин [2004], Л.П. Матвеев[1991], Н.И. Шарабакин [1997], Қ.І. Адамбеков [1995], Х.Ф. Анарқұлов [2007], Т.Ә. Ботағариев [2002], С.І. Қасымбекова [2002], А.М. Мамытов [1997], А.Н. Макогонов [2003] және басқа ғалымдардың жан-жақты дамуға бағытталған қозғалыс белсенділігі тек дене шынықтыру сабақтарымен ғана шектелетінін, олар қажетті локомоцияның тек тәуліктік көлемінің қажетті 10% пайызын ғана игере алатынын атап айтқан. Оқушылардың басым көпшілігі ортатәуліктік қозғалғыш белсенділігінің 35-40% пайызы гигиеналық нормаға сай келмегендіктен, оқушылардың денсаулығына кері әсер ететіні белгілі.

Бұндай жағдай Қазақстан Республикасының оқушыларының көпшілігінде ұлттық спортпен, ұлттық ойындармен, дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуға деген мұқтаждықтың, осы саладағы өз бетінше жүргізілетін сабақтардың ғылыми негізделген әдістемесінің жоқтығын, сонымен қатар көптеген жалпыға міндетті білім беру мекемелерінде, мектептерде (әсіресе, ауыл мектептерінде) оқудың материалдық базасының нашарлығынан, оқушылардың оқитын орындары да қашықта болғандықтан, мектептен тыс сабақтар мүлдем жүргізілмейді. Осы жоғарыда айтқан мәселелердің бәрі аталған тақырыптың әлі де болса жан-жақты толық зерттеуді қажет ететіндігін көрсетеді.

Мектеп оқушыларының дене тәрбиесін жетілдіру мәселелері көптеген жетекші ғалымдар зерттеулерінің негізгі нысанына айналды. Мектеп оқушыларының дене тәрбиесін дайындаудың тиімділігі бойынша көптеген нұсқаулар жасалынды. Алайда, бұл зерттеулердің бәрі негізінен, дене тәрбиесі сабақтарының тиімділігін арттыруға, сабақтағы дене сапасын дамытуға ғана арналған, сондай-ақ өз бетінше жүргізілетін жұмыстың ғылыми-әдістемелік негіздері жеткілікті дәрежеде жасалмаған. I-XI сыныптардағы дене тәрбиесінің кешенді бағдарламасы дене жаттығуларының ұлттық түрін пайдаланумен бірге өз бетінше жүргізілетін сабақтардың санының көбейтілуін талап етеді.

Ғылыми-әдістемелік жұмыстар мен жетекші оқытушылардың тәжірибесінен байқайтынымыз, дене жаттығуларының ұлттық түрін үй тапсырмасына қосу оқушылардың тәрбиесі мен оны оқытуға ерекше ықпал етеді. Осындай кешенді нұсқаулар мен әдістемелер бола тұра, нақты анықталған, ғылыми негізделген әдістеме күні бүгінге дейін жасалмаған. Оның ішінде дене жаттығуларының ұлттық түрін оқушылардың өз бетінше жүргізілетін сабақтарының күнделікті тәртібіне енгізу мәселесі тағы жоқ. Практикалық нұсқаулардың көпшілігі «дене жаттығуларының классикалық түрін» қамтыған. Сондықтан оларды республикамыздағы кейбір ерекше жағдайларға байланысты өз деңгейінде пайдалану мүмкін болмай тұр.

Зерттеу мәселесі қазақ ұлттық ойындары бойынша жаттығулардың түрін қамтитын өз бетінше жүргізілетін сабақтардың әдістемесі, мазмұны, ғылыми тұрғыдан жоспарлануы, дене жүктемесінің бөлінуі, организмнің жағдайын бақылау күні бүгінге дейін жеткілікті деңгейде жасалмаған. Дене жаттығуларының аталған ұлттық сипаты өте төмен дәрежеде ынталандырылған.

Осы деректердің барлығы жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың өз бетінше жүргізілетін сабақтарында қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларының түрлерін пайдаланудың жолдарын іздестіру және ғылыми тұрғыдан негіздеу қажеттігін көрсетеді.

Зерттеу нысаны – оқу-тәрбие жұмыстарының заңдылықтарымен қатар, қазақ ұлттық ойындарының түрлері бойынша дене жаттығуларының түрлерін пайдалану тиімділігін көрсету арқылы құрылған 11-12 жастағы оқушылар дайындығының нақты үдерісі.

Зерттеу пәні – қазақ ұлттық ойындарын өз бетінше жүргізілетін сабақтардың дене пайдалану әдістемелерін ғылыми тұрғыдан негіздеу.

Зерттеу болжамы. Өз бетінше жүргізілетін сабақтардың дене жаттығуларында қазақтың ұлттық ойындарын пайдаланудың өзіндік ерекшелігін анықтап, оларды практикада тиімді пайдалану үшін ойындардың нақты және тиімді түрлерін айқындап, 11-12 жас аралығындағы оқушыларға өз бетінше жүргізілетін сабақтарда қазақ ұлттық дене жаттығуларын пайдаланудың тиімді жолдарын күшейтуге болады.

Зерттеу мақсаты. 11-12 жастағы жасөспірімдердің дене тәрбиесінде өз бетінше жүргізілетін сабақтарға қазақтың ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын енгізу әдістемесін жасау мен тәжірибелік тұрғыдан негіздеу.

Зерттеу міндеттері.

  1. Ауыл мектептері оқушыларының дене тәрбиесі үдерісінде қазақ ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары бойынша өз бетінше сабақтар өткізудің практикалық тәжірибесін ұйымдастыру мен әдістемесін зерттеу.

  2. Ауылдық және қалалық жасөспірімдердің дене дамуы мен қозғалыс дайындығы ерекшеліктерін анықтау.

  3. Түрлі сипаттар мен бағыттардағы қазақтың ұлттық дене жаттығуларын орындау барысында 11-12 жастағы жасөспірімдерге арналған мүмкін дене жүктемелерін белгілеу.

  4. 11-12 жастағы ауылдық жасөспірімдердің қазақ ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары бойынша дене жаттығуларына арналған өз бетінше жүргізілетін сабақтарының әдістемесін (моделін) жасау және оның тиімділігін бағалау.

Бізге белгілі болғандай, көрсетілген міндеттер мектеп оқушыларының дене тәрбиесінің мазмұнына толық сәйкес келеді, олардың организмі мен саналарындағы шынайы өзгерістерді түсінудің логикалық байланысына сәйкес ғылыми-практикалық сараптамалармен және нұсқаулармен қамтамасыз етеді.

Зерттеу әдістері. Зерттеу әдісінің ерекшеліктеріне қарай түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланылды. Мәселен, зерттеудің бастапқы сатысында олар келесідей сипатта болды: әдебиеттерді талдау және жинақтау, оқушылар арасында сауалнама жүргізу және сұрақ-жауап алу, алынған тақырыптың ғылыми-әдістемелік негіздерінің теориялық мәселелерін зерттеу. Бұдан әрі жетекші әдістердің қатарында зертханалық әдіс, яғни тәжірибе арқылы алынған деректерді өңдеу. Осы әдістер арқылы дене дайындығының деңгейлерін, өзгеру қарқынын, ықпал ету ерекшелігін, оқушылардың функционалдық жағдайын байқадық, әсіресе, бұндағы педагогикалық үдерістер қатаң сынға алынды, алайда ең басты нысанда қазақ ұлттық дене жаттығуларының 11-12 жастағы балаларға жүргізілетін өз бетінше сабақтарында ұйымдастырылуына әсер ету деңгейлерін анықтау.

Зерттеу көздері мен әдіснамалық негіздері. Зерттеудің негізгі дерек көздері ресми жалпы мемлекеттік құжаттар болып табылады: «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Президенттің халыққа Жолдауы (2007), Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (2007), Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы (2000), Қазақстан Республикасының білім жүйесінде қазақ ұлттық спорты мен ұлттық ойындарын дамыту тұжырымдамасы (2003), 050108 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша Мемлекеттік білім стандарты (2007).

«Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі», «Мектептегі дене тәрбиесі» оқу пәндерінің негізгі ережелері және дене тәрбиесі мен спорт саласындағы жетекші мамандардың Ю.Ф. Курамшин [2004], Л.П. Матвеев [1991], Қ.І. Адамбеков [1995], Х.Ф. Анарқұлов [2007], А.М. Мамытов [1997], С.І. Қасымбекова [2002], М.В. Антропов [1997] және басқа ғалымдардың еңбектеріндегі негізгі теориялық тұжырымдамалары зерттеудің әдіснамалық негізі болып табылады.

Бұлардан басқа осы мәселеге қатысы бар философиялық, тарихи, педагогикалық, биологиялық, медициналық және психологиялық сипаттағы еңбектер де пайдаланылды.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы:

- өз бетінше жүргізілетін сабақтарда қазақ ұлттық ойындары бойынша дене

жаттығуларын пайдалануды ғылыми түрде негіздеу және сипаттамасын белгілеу;

- жалпы білім беретін мектеп оқушыларының өз бетінше жүргізілетін сабақтарында қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларын пайдаланудың тиімді жолдарын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеу;

- 11-12 жастағы оқушылардың өз бетінше жүргізілетін сабақтарында қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларын пайдаланудың теориялық кешенді тиімді әдістерін зерделеу;

- Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене тәрбиесі жүйесінде қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларын жан-жақты пайдаланудың тиімділігін көрсету.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы өз бетінше жүргізілген сабақтарда дене тәрбиесінің ұлттық әдіс-тәсілдерін пайдалану негізінде өз бетінше жүргізілетін сабақтарға ынталандыру арқылы олардың сапасын арттыру болып табылады. Олардың түрлері:

- 11-12 жастағы оқушылардың өз бетінше жүргізілетін сабақтарында пайдаланылатын қазақтың ұлттық ойындарының дене жаттығуларына өте қолайлы түрлері;

- жалпы білім беретін мектеп оқушыларының өз бетінше жүргізілетін сабақтарында қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларының түрлерін пайдаланудағы педагогикалық қызметтің сипаты;

- 11-12 жастағы оқушыларға өз бетінше жүргізілетін сабақтарда пайдаланылатын қазақ ұлттық ойындары негізінде дене жаттығуларының түрі бойынша нұсқаулар;

- қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығулар түрлерінің әдістемелік сипатын қалыптастыруда олардың білімдік, сауықтыру және тәрбиелік жақтарына ерекше мән беру;

  • қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларының түрлері бар өз бетінше сабақтарында қимыл-әрекеттің сапасын арттыру, денсаулықты нығайтуға бағытталған мектеп бағдарламасындағы нормативтік талаптарды күшейту, дене тәрбиесіндегі тұрақтылықты сақтау әдістемесін қалыптастыру.

Диссертациялық жұмыста ұсынылған өз бетінше жүргізілетін сабақтарында қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығулары түрлерінің мазмұны мен ұсыныстарын ауыл мектептерінде де және қалалық мектептерде пайдалануға болады.

Практикалық нұсқаулар негізінен, дене тәрбиесі оқытушыларының жұмыстарында және физкультурник-студенттерге арналған лекцияларда, оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курстарында пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы төмендегідей бірқатар мәселелерден туындайды:

- 11-12 жастағы балалардың дене жаттығулары барысында қазақ ұлттық ойындары түрлерін өз бетінше сабақтарда оңтайландыруды және жоспарлауды жүйелі түрде негіздеу тәжірибелік әдіспен жүзеге асады;

- Қазақстан Республикасының Атырау облысында тұратын 10-14 жастағы мектеп оқушыларының қимыл-әрекетінің дайындығы мен денесінің дамуының сипаттамалық ерекшеліктерін бекіту;

- заңды өзгерістері байқалатын көптеген нәтижелер алынды, мәселен әр түрлі сипаттағы дене жаттығуларын орындау барысында жүрек-қан-тамырлары жүйесінің көрсеткіштерінің қалыпқа келуі, зерттеуге алынған организмдердің негізгі жүйесіне оң әсер етуінің нәтижесін көрсететін деректердің жинақталуы;

- 11-12 жастағы оқушылардың қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларын өз бетінше орындауда тиісті дене жүктемелері анықталды;

- қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларының түрлері негізінде өз бетінше жүргізілетін сабақтың моделі әзірленіп, ғылыми түрде негізделді, ол бес сатыны қамтитын, мектеп бағдарламасы аясындағы дене дайындығының сапалы жетістігін көрсететін тұйық жылдық циклды құрайды.

Қорғауға ұсынылған қағидалар:

- ауыл мектептері оқушыларының дене тәрбиесін қазақ ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары бойынша өз бетінше жүргізілетін сабақтары жүйесінің дене жаттығуларын кең түрде пайдаланудың тиімділігімен арттыруға болады;

- дене дайындық көрсеткіштерінің байқалатын заңды өзгерістері мен қалыпқа келуі, ауыл балаларының қала балаларына қарағанда денесінің даму ерекшелігі және олардың қимыл-әрекеттері бойынша дайындығы;

- 11-12 жастағы жасөспірімдердің қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларын жасайтын өз бетінше сабақтары жүйесінің моделін жасау, қимыл-әрекеттің сапасын арттыру, денсаулықты нығайтуға бағытталған мектеп бағдарламасындағы нормативтік талаптарды күшейту;

- 11-12 жастағы жасөспірімдердің өз бетінше сабақты жүргізуге деген ынтасы, олардың әр түрлі сипаттағы жаттығуларды орындаудағы жүктемелерін оңтайландыру, дене тәрбиесіндегі тұрақтылықты сақтау мақсатында қазақ ұлттық ойындары бойынша өз бетінше сабақтар әдістемесін қалыптастыру мен оны тәжірібелік бағалау.

Автордың жеке үлесін мынадай факторлардан анықтауға болады:

- жұмыс болжамын ғылыми түрде негіздеп белгіленген тәртіп бойынша жүйелі түрде жүргізілген өз бетінше сабақтардағы қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларының (білімдік, сауықтыру және тәрбиелік) сипаты мен өлшемдерін өзгерту;

- аталған үдеріс оқушылардың педагогикалық және функционалдық сипаттарына әсер етуінің анықтап өз бетінше сабақтарында қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығулардың қажеттігін көрсете білуі;

- 11-12 жастағы жасөспірімдердің өз бетінше сабақтарындағы қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларының ұйымдастырылуы мен әдістемесін қалыптастырудағы маңызды талаптар қоя білуі және жасөспірімдердің дене дайындығының басты көрсеткішін және қимыл-әрекеттерінің сапасын көрсететін ерекшеліктерді көрсете білуі;

- тиісті дене жүктемелерін белгілеп өз бетінше сабақтарында орындалатын қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларының моделін жасай білуі;

- практикалық нұсқаулар жасап, оны оқу-тәрбие үдерісіне ендіріп халықаралық және отандық практикалық маңызы бар конференцияларда жариялауы.

Зерттеудің негізділігі. Зерттеу оқушылардың денсаулығын, білімін, сонымен қатар мектептегі дене тәрбиесін жетілдіруге бағытталған. Оның үстіне, мектеп оқушыларының дене тәрбиесін жетілдірудегі қиындықтардың объективті және субъективті жақтары тыс қалған жоқ.

Зерттеу нәтижелерінің нақтылығы ғылыми деректерді жинақтаудағы лайықты және дұрыс әдістерді пайдалану арқылы, жасалған ғылыми қорытындыларды шығаруға басты ықпал ететін статистикалық материалдарды дұрыс өңдеуді жүзеге асыру мақсатында зерттеу барысында анықталған нақты фактілерді ұтымды пайдалану әдіс-тәсілдері қолданылды.

Нәтижелерді жүзеге асыру. Зерттеу нәтижелері Атырау облысындағы ауылдық жерлердегі жалпы білім беретін мектептердің және Мұнай және Газ институтының оқу-тәрбиелік үдерісіне енгізілді.

Зерттеу нәтижелерінің жарияланымы. Ғылыми зерттеудің мазмұны бойынша Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің бекіткен тізімі бойынша үш ғылыми мақала, практикалық және халықаралық маңызы бар конференцияларда үш тезисі жарық көрді. Сонымен қатар ТМД елдерінде де жарық көрген мақалалары бар.

Диссертацияның көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. 218 әдебиет пайдаланылды, оның 9 шетелдік әдебиеттер. Диссертация бойынша 23 кесте және 11 сурет жасалынды.

Диссертациялық зерттеудің кіріспесінде зерттелетін тақырыптың өзектілігі, оның зерттелу деңгейі, зерттеудің теориялық міндеттерін шешуге бағытталған мақсаттар мен міндеттер анықталған. Сонымен қатар, нысаны мен пәні айқындалып, зерттеудің әдістері көрсетілген. Зерттеудің ғылыми жаңалығына сипаттама беріліп, қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар берілген, жұмыстың құрылымы талаптарға сай негізделген.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
«Таңдап алынған тақырыптың жасалу жолдары» деп аталатын 1 бөлім «10-14 жастағы жасөспірімдердің денесінің дамуы мен ептілікке дайындықтарының ерекшеліктері» деп аталатын бөлімшеден басталады.

А.А. Гужаловский [1987] балалар мен жасөспірімдердің қимыл-әрекеттерінің дамуының төрт сенситивтік түрін ажыратып көрсетті: өсудің максималды қарқыны; өсудің субмаксималды қарқыны; өсудің бірқалыпты жоғары қарқыны және жай даму кезеңі.

Мектеп оқушыларының қимыл-әрекеті функцияларын қалыптастыру жоғары жүйке қызметін, жүйке-бұлшық ет аппаратын және олардың функцияларын, ішкі органдардың дамуымен, зат алмасу үдерісін жетілдірумен тығыз байланысты болады.

Ауылдық жерлерде өнеркәсіп мекемелері, көліктер аз, жасыл-желек баршылық. Ауыл адамдары қала адамдарына қарағанда калориясы мол үйдің азық-түлігімен тамақтанады, химиясы жоқ таза ауамен дем алады. Осының бәрі адамдардың денсаулығына игі ықпалын тигізеді. Осындай факторларға қарап, ауылдық балалардың дене дамуы мен қимыл-әрекеттерінің дайындығы қала балаларына қарағанда едәуір жоғары екенін байқадық. Алайда, бірқатар авторлардың пікіріне қарасақ, мейлі қала болсын, мейлі ауыл болсын олардың денелерінің дамуында белгілі бір заңдылық бар екені де байқалады. Мәселен, жылдамдық, шапшаңдық сипаттағы жаттығуларда, сондай-ақ үйлесімдік қабілеттілігі бар және орындалу техникасы жоғары жаттығуларда қалалық балалар ауыл балаларына қарағанда алдыңғы қатардан көрінеді, ал күш сынасу немесе табандылыққа келгенде ауыл балалары ешкімге жол бермейді.

Көптеген ғалымдарымыз күнделікті жүйелі түрде дене жаттығуларын, қимыл-әрекет жасау дененің дамуына, денсаулықтың жағдайына жақсы әсер ететінін, сондай-ақ еңбекке қабілеттілігін дамытып, организмнің функционалдық жағдайын жақсартатынын айтқан. Спортпен айналысатын жасөспірімдер өте жоғары антрометрикалық көрсеткіштерге ие: бойларының ұзындығы және дене салмағы, демалу көлемі, көкірек клеткаларының дамуы т.б. Сондай-ақ дене жаттығуларын күнделікті өмірдің тәртібіне ендіру олардың денсаулығына, жалпы организмнің жағдайына, ақыл-ойының дамуына, оқушылардың еңбекке қабілеттілігін дамытуға оң әсер ететінін М.В. Антропов [1987] және т.б. авторлар да айтқан болатын.

Ауыл балаларының денелерінің дамуы және қимыл-әрекетке ширақтығы қала балаларына қарағанда төмендігі оқу-материалдық базалардың нашарлығымен, ауыл мектептеріндегі ғылыми-әдістемелік әдебиеттердің жоқтығымен, сабақтан тыс уақытта дене жаттығуларын игеруге тиісті мөлшерде көңіл аудармағандығынан болады. Олай болса, ауыл балаларының денелерінің дұрыс дамуы, денсаулықтарын нығайту олардың күнделікті өмір тәртібіне қимыл-әрекет белсенділігін арттыру мен олардың әлеуметтік жағдайының жақсартуды оңтайлы ұйымдастырудан барып туындайды.

«Балалар мен жасөспірімдердің организмдерінің функциясына қозғалу белсенділігінің әсері» деп аталатын 1.2 бөлімше адамның бүкіл моторлы қызметінің биологиялық негізі болғандықтан да оның қимыл-әрекетке деген мұқтаждығы қалыптасады. Шығармашылық дамудың тұжырымдамасындағы белгілі бір нәтижелердің бірі кинезофилия жүйкелігі теориясының пайда болуын көрсетеді. Кинезофилия – мида тұқым қуалау арқылы қалған және жоғары жүйке қызметінде (функциялардың жүйеаралық келісуі, бейімділік мінез-құлық, психика) байқалатын энергияның күшті көзі. Кинезофилия – қимыл-әрекетке деген табиғи мұқтаждық адаммен еңбекке араласу кезінде жүзеге асады.

Ауыл мектептерінде жүргізілген зерттеулер ауыл және қала балаларының тәуліктік қозғалыс белсенділігінен бәлендей айырмашылықты таппаған. Ауыл мектептеріндегі оқушылардың қозғалыс тәртібіндегі басты ерекшелік бір күнге қозғалыс әрекетін бірдей бөле білу. Ауыл мектептері оқушыларының жалпы тәуліктік қимыл-әрекетінің 75% ертеңгі және күндізгі уақытта, ал қалалық балаларда 50% орындалатыны байқалды. Қала балалары мен ауыл балаларының күн тәртібін зерттей отырып, олардың қимыл-әрекеттерінің, қозғалу белсенділігін төмендететіні маңызды факторы артық майдың жиналуы, дәл сол аз қимылдың әсері екенін байқатады. Мектеп жасындағы жеткілікті дәрежеде қозғалмау, қозғалу стеореотипінің қалыптасуына әкеліп соқтырады.

Зерттеулерге қарап күн тәртібіне енген дене жаттығулары мектеп оқушыларының дене және ақыл-ойының дамуына жақсы әсер етеді. Мектепте болған уақытында қозғалу белсенділігін 40% арттырғанда және дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын бағытты жүргізгенде физиометриялық көрсеткіштердің өзгеруіне оң әсер етеді және аурушаңдыққа да қарсы күресе алады. Зерттеулер деректеріндегі мектеп оқушыларының күнделікті өмірінде әр түрлі дене жаттығуларының және қозғалу ойындарын оңтайлы нұсқада пайдалана алуы, олардың еңбекке және ақыл-ой қабілеттіліктеріне маңызды әсер ететіндігін дәлелдеген және олардың жалпы жағдайы да жақсарта түседі.

10-13 жас аралығындағы биологиялық қозғалысқа деген мұқтаждық күніне 4 сағатты құрайтынын білдіреді. Осы санда уақыттың 20% орташа дене жүктемесін атқарады, қалған уақытта – ең кіші жүктемемен орындайды. Соңғы уақытта өмірдің жақсы жағдайына қарай жасөспірімдер аз қозғалу позициясын ұстануда (көбіне көп теледидар көру немесе компьютер ойнау т.б.), яғни гипокинезия жағдайында өмір сүруде.

Әдебиеттердегі деректерге сүйенсек, балалар мен жасөспірімдердің қозғалу белсенділігі оқу үдерісі басталысымен 50% азаяды. В.К. Бальсевич [1997] оқушылардың күндізгі уақытының 60% отырған жағдайда өткізетінін және оған еш энергия да жұмсамайтынын келтірген.

Гипокинезия барлық аурудың түрін де асқындырып жібереді және жүйке-бұлшық ет жүйелерінің, ішкі органдардың, қан айналымы, тыныс алу органдарының патологиясына әкеп соқтырады. «Гипокинезиялық ауру» деп аталатын ауру пайда болады, ол үлкен ми қыртысының астенизациялануымен, локомоторлы және висцералды саланың функционалдық жағдайының бұзылуына әкеп соқтырады.

Қозғалу белсенділігінің заңдылықтары мен маңыздылығы бойынша әдебиеттерді талдай отырып, мынадай қорытынды жасаймыз:

1. Балалар мен жасөспірімдердің үйлесімді, дұрыс дамуы үшін қозғалу белсенділігін күнделікті арттырып отырған жөн.

2. Қозғалу белсенділігі онтогенетикалық, тәуліктік және мерзімдік өзгерістерімен байқалады.

3. Гипокинезияны жою үшін ең алдымен арнайы ұйымдастырылған, жоспарланған дене жаттығулары бар өз бетінше сабақтар қажет.

4. Дене тәрбиесінде қандай да бір жетістікке қол жеткізу үшін тәуліктік қозғалу стеореотипін құру қажет.

«Жасөспірімдердің қозғалу сапасын дамыту сипаттамасы» деп аталатын 1.3 бөлімшеде көптеген зерттеулердің нәтижелеріне қарап қозғалу сапаларының өте белсенді дамитын кезеңі 7-8 жас пен 12-13 жас аралықтарында болатынын байқатады. Дәл осы кезең барлық сапалық қабілеттердің онтайлы дамуына өте жақсы ықпал етеді.

Кейбір авторлардың еңбектерінде жүгіру жылдамдығының маңызды көрсеткіші — қадамдардың жиілеуі, әсіресе 7-12 жас аралығында қарқынды дами түседі. Л.П. матвеева [1979], Н.И. Шарабакина [2004] еңбектерінде жасөспірімдердің организмінің жоғары икемділігімен, сондай-ақ жүйке үрдісінің қозғалысымен, білімнің шартты-рефлекстік байланыстарымен түсіндіріледі. 12-13 жаста жүгіру қарқыны едәуір төмендейді және олардың даму қарқыны толқын іспеттес. 12-14 жастағы балалардың жүгіру қарқыны төмендеуін мамандар жыныстық ерекшеліктерімен байланыстырып, ол кезеңде олардың тоқтай алу және қозу барысында тепе-теңдіктің бұзылуымен байқалады. 15-16 жастағы жасөспірімдердің жүгіру қарқынының көрсеткіштері өте төмен .
«Жеке зерттеу материалдарын жинақтау және өңдеу » деп аталатын екінші бөлім «Тәжірибелік зерттеулердің әдістемелері» деп аталатын бөлімшеде зерттеуді ұйымдастырудан басталады.

Осы зерттеудің міндеттері және осы мәселенің төңірегінде шешілетін мәселелер бойынша алынған деректерді өңдеу барысында әртүрлі әдістер пайдаланылды. Диссертацияның бірінші бөлімінің материалдары зерттеудің ғылыми-әдістемелік алғышарттарын және тақырыптың зерттелу аясын зерттеу барысында мынадай әдіс-тәсілдер пайдаланылды: практикалық сипаттағы материалдар мен әдеби көздерді жинақталды, әдістемелері талданды. Алайда, бұлар біздің зерттеуіміздің аясында аздық етеді, сондықтан басқа да көптеген әдістерді пайдалануды көздедік. Осы өзіміздің жеке материалымызды өңдеу барысында мынадай әдістер пайдаланылды: педагогикалық бақылау, антропометрия, оқушылардың қимыл-әрекетінің дайындығын бағалау, пульсометрия және қан қысымын өлшеу, электрокардиография, жүрек соғысының вариациялық талдануы, зертханалық тәжірибе, педагогикалық тәжірибе, математикалық-статистикалық әдістер.

Сауалнамалық сұрақ-жауапқа дене шынықтыру сабағының 123 оқытушысы және 290 оқушылары қатысты. Сауалнама материалдарын талдай отырып, мектептерге қаншалықты ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарының өз бетінше сабақтарда ендірілу деңгейін анықтауға және ауыл балалары мен қала балаларының араларындағы қозғалыс белсенділіктерінің деректерін салыстырып зерттеуге мүмкіндік беретіні анықталды.

Педагогикалық бақылау Атырау облысының мектептеріндегі негізгі медициналық топтардың оқушылары арасындағы дене тәрбиесі сабақтарында оқытушылардың өз беттерінше жүргізілетін сабақтарында ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары мен дене жаттығуларының қолданылуының әдіс-тәсілдерін, мазмұнын, тәжірибесін, ұйымдастырылу түрлерін зерттеуге арналған. Антропометриялық өлшеу жалпыға бірдей әдіс арқылы жүргізілді және мынадай деректерді қамтыды: дене ұзындығы (0,5 см дейін дәлдігімен); дене салмағы (50 г дейін дәлдігімен); көкірек клеткасының аясы (ККА) қатты дем алып және дем шығарғанда көкірек клеткасына саяхат жасау (1см дейінгі дәлдікпен); өкпенің өмірлік көлемі (ӨӨК), су спирометрімен дем алғанды (50 мл дәлдікпен).

Педагогикалық тәжірибе 2007-2008 оқу жылдарында Атырау облысының ауылдық жерлеріндегі орта мектептерінде өз бетінше сабақтардың мазмұнына ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарының және дене жаттығуларын енгізудің қаншалықты тиімділігін көрсететін және жасалған оңтайлы әдістемені тексеру мақсатында жүргізілді. Ұлттық құралдар арқылы өз бетінше сабақтардың өткізілу әдістерінің тиімділігінің өлшемдеріне мыналар жатады: бақылау жаттығуларының нәтижелерінің өсуі (%), мектеп бағдарламаларын толық орындап шыққан сыналушылардың саны (%), жүрек-қан-тамырларының жүйесінің функционалдық жағдайының өзгеру динамикасы, мектеп оқушыларының еңбекке қабілеттілігі және денсаулығының жағдайы.

«Зерттеуді ұйымдастыру» деген 2.2 бөлімшеде мектеп оқушыларының қозғалыс әрекетін бағалау үшін жаттығуларды іріктеу жүргізілді. Жоғары деңгейде қабылданатын жаттығулар әдебиеттерден іріктелініп алынды.

Зерттеу кезеңдері. Бірінші кезеңде (2004-2006 оқу жылдары) қазақ ұлттық ойындарының түрлеріне жататын спорт түрлері бойынша арнайы әдебиеттер зерттелді. Олар: жалпы педагогикалық, психологиялық, философиялық, медициналық-биологиялық және бүгінгі таңда қазақ ұлттық спортының өзекті мәселелерін көрсететін, оны жан-жақты сипаттайтын әлеуметтік әдебиеттер қолданылды. Сонымен қатар, осы сатыда тақырыптың өзектілігі анықталып, мәселенің әдістемелік жақтары нақтыланды, орындалуға тиіс жұмыстың әдіс-тәсілдері іріктелінді, қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларын өз беттерінше орындайтын сабақтардағы орындалу шарты мен жағдайы анықталды, сонымен қатар осы сабақтарда пайдаланылатын ұлттық құрал-жабдықтар реттеліп, жүргізілетін педагогикалық тәжірибенің тәсілі мен орны анықталды, қимыл-әрекеттің белсенділігін арттыра түсетін сапа мен талап күшейіп, олардың деңгейлері мен дәрежесі анықталды, 10-14 жас аралығындағы жасөспірімдердің дене жағдайы қатаң бақылауға алынып, олардың денесінің дамуына өз бетінше жүргізілетін сабақтардағы қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларының алатын ролі мен тиімді әсерінің дәрежесі анықталды. Екінші кезеңде (2006-2007 оқу жылдары) респонденттерге сұрақ қойылып, сауалнама жүргізу арқылы әлеуметтік зерттеулер жүзеге асты. 11-12 жастағы оқушылардың өз бетінше сабақтарындағы қазақ ұлттық дене жаттығуларының қағидалық мүмкіндігі мен оларды сабақта пайдаланудың тиімділігі расталды. Қимыл-әрекеттер мен ширақтылықты дамытудың әр түрлі деңгейін көрсететін дене жүктемесінің өлшемдерін оңтайландырылуы анықталды. Тәжірибеге қатысты бағдарлама жасалып, оның игерілуге тиіс әдістемесі де жасалды, қажетті жоспарға енген және есепке алынған құжаттар дайындалды. Үшінші кезеңде (2007-2008 оқу жылы) зерттеу жұмысының негізгі мазмұнын мақұлдауға арналған зертханалық және педагогикалық тәжірибелер жүзеге асты, өз бетінше сабақтардағы қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларының тиімділігін көрсететін әдістемелер бағаланып, зерттеу матриалдары жинақталды.
«Мектеп оқушыларының өз бетінше сабақтарындағы қазақ ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары бойынша дене жаттығуларын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеу (алғышарттары)» атты үшінші бөлімде оқытушылар мен оқушылардан сауалнама алу негізінде өз бетінше жүргізілетін сабақтардағы қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларының енгізілу дәрежесіне сипаттама берілген. 10-14 жастағы жасөспірімдердің қимыл-қозғалыс дайындығының және денесінің дамуының салыстырмалы материалдары берілген. Оқушылардың дене тәрбиесі бойынша оқу бағдарламасын игеруіне әсер ететін қимыл-әрекеттерінің динамикасы зерттелінді. Жалпы білім беретін мектептерде 10-12 жас аралығындағы оқушылардың әр түрлі сипаттағы жаттығуларды орындау барысындағы дене жүктемелері анықталды.

Шапшаңдық-жылдамдықты дамытуға арналған жаттығуларды орындағаннан кейін жүрек қан-тамырлары жүйесінің көрсеткіштері тез қалпына келеді. 3 минутте жүрек жиырылуының жиілігі 72%, ал пульстік қысым 76% төмендеген. Әрі қарай қалыпқа келу үдерісі нашарлап, 15 минутта дегенде жүрек жиырылуының жиілігі 8% ғана көтерілді, ал артериалдық қысым толығымен қалыпқа келген.

Бір орнында 10 секунд жүгіруді бірнеше рет қайталағанда, ер балалар арасында алғашқы төрт рет қайталануында бұлшық еттерінің жұмысқа қабілеттілігі тұрақтылықты көрсеткен. Төртіншіден кейін ғана қимылдың жиілігіне сәл ауытқушылық (максималдыдан 5%) байқалған, ал бесіншіден кейін айтарлықтай өзгеріс байқалып, бұл көрсеткіштердің төмендеп кеткенін байқаймыз. 9 рет қайталағанда максималды жиілілікпен әрекет жасағанда нәтиже 19% төмендеген.

Жүрек қан-тамырлар жүйесінің бұл жүктемеге реакциясы алғашқы төрт серияда ЖЖЖ 93% артқанымен анықталса, ал төртіншіден жетіншіге дейін оның 112% артқанын байқаймыз, тек тоғызыншыдан кейін ғана ЖЖЖ кейбір өзгерістері байқалады (5% төмендеуі). Бұлшық еттерінің жұмыс қабілетінің PWC170 төмендеу кезеңінде ЖЖЖ кенеттен артқанын байқаймыз. Дәл осындай өзгеріс артериалдық қысымнан да байқалады. Мәселен, бесінші рет қайталанғаннан кейін пульстік қысым 62% артқан, ал бесіншіден жетіншіге дейін алғашқыға қарағанда 90% артқан.

Бұл бөлімде «Дене жаттығуларының қазақ ұлттық ойындары түріндегі төзімділікті жетілдіруге бағытталған дене жүктемелері», «Шапшаңдықты дамытуға бағытталған қазақ ұлттық дене жаттығуларының дене жүктемелері», «Қазақ ұлттық ойындарындағы жылдамдық-күш және күш сипаттары бар дене жаттығулары бойынша дене жүктемелері» деп аталатын бөлімшелерінде төзімділікке арналған дене жүктемелерінің оңтайлы өлшемдері 60% қарқындылықпен жүгіру моделі арқылы анықталған. Нәтижесінде оқушылар орта есеппен 210 с, 700-750 м. Дистанцияға қол жеткізді. Бұндай көрсеткіш 100% нәтиже берді. Әрі қарай біз максималды ұзақтықпен 90, 80 және 70% жүктемелердің нұсқалары қарастырылды. Қайталанған жүгірулердің басталуын жүректің соғуының 110-120 мин/рет жетуінің жиілілігіне қарай анықталды.

90% ұзақтығына қарай жүгіруді тәжірибеге қатысушылар 1 мәртеде - 12,5%, 2 мәртеде - 37,5% және 3 мәртеде – 50% орындады. 80% ұзақтықта жүгіру 2 мәртеде – 10%, 3 – 40% және 4 – 50% құрады. 70% ұзақтықта ауыл мектеп оқушылары 3 мәртеде 6-ға дейін, 3 мәртеде - 10,4- 27%, 5 - 36% және 6 –27% орындай алды. Қалыпқа келу кезеңі 11-12 жас аралығындағы балалардың организмдерінің 1-3 мин қажетті дәрежеге қол жеткізетіндей тез қалыпқа келуімен сипатталды. Әрі қарай қалыпқа келу кезеңі жәй сипат алып, толқынды сипатқа ие болды. Жүрек қан-тамыр жүйесінің толық қалыпқа келгені дем алу кезеңінің 15 мин да анықтау қиынға соқты, бұл әрине, қайталанып берілген жеке дене жүктемелерін балалардың организмін жіті қарап, оларды қажытпауға тырысу қажеттігін туындатады. Алайда, қалыпқа келу кезеңінің 70% ұзақтықпен жүгіру барысындағы ерекше жылдамдықты аңғартады.

Сөйтіп, жеке дене жүктемесін қайталаған жағдайда ғана ЭКГ көрсеткіштері өзгерді. Мәселен, систол жиілілігі күшейіп, R-R интервалының систоликалық көрсеткіштері өзгертілді. 60% қарқындылықпен жүгіру барысында байқағанымыз еңбекке қабілеттілік тек 90% ұзақтылықта екі мәрте қайталанған жүктемені орындағанда жүзеге асса, ал 80% ұзақтықта үш мәртеден кейін, 70% ұзақтықта төрт мәртеден кейін. Олай болса, табандылықты дамытуға бағытталған жүгірудің барлығы балалардың денсаулығына тиімді әсерін тигізеді деген сөз. Зерттеу үдерісінде шапшаңдыққа бағытталған ойын мен дене жаттығуларын орындау барысындағы бұлшық еттің жұмысқа қабілеттілігі мен жүрек қан-тамырлары жүйесінің реакциясы зерттелді. Зерттеуге алынғандар 30 м кесіндіде максималды жиілілікте қимыл-әрекет жасап 10 мин қайталап жүгіріп отырды. Қайталанған жаттығулар дем алу интервалынан кейін, ЖЖЖ 110-120 мин/рет соғатындай етіп қалыпқа келтіру барысында басталды.

Шапшаңдық пен жылдамдықты дамытуға бағытталған жаттығуларды мектеп оқушылары бірнеше рет қайталап орындағаннан кейін, олардың бұлшық еттерінің жұмыс қабілеттілігінің өзгергенін бірнеше сатыға бөліп қараймыз. Алғашқы үшеуінде 30 м кесіндіде жүгіру барысындағы нәтижелерде айтарлықтай өзгеріс байқалмайды, кейінгілерінде нәтижелер төмендеп кеткен, бұлшық еттің жұмысқа қабілеттілігі төртіншіден кейін 6%, ал бесіншіде - 11%, алтыншыда - 13% бұзылған.

Жүрек қан-тамырлар жүйесінің көрсеткіштерінің өзгеруі бұлшық еттің жұмыс қабілеттілігінің динамикасымен тікелей байланысты. Мәселен, ЖЖЖ алғашқы төрт рет талаптанғанда шыққандағысына қарағанда 103% артқан, бесіншіде шамамен сол деңгейде қалған, алтыншы рет талаптанғанда артқандықты тағы да байқалады. ЖЖЖ артуы кезінде бұлшық ет жұмысының қабілеттілігі төмендегенін көрсетеді. Бұндай сипаттағы жаттығуларды пайдалану өз бетінше жүргізілетін сабақтарда мектеп оқушыларының қимыл-әрекеттерін жақсарту үшін қажет. Жылдамдық-күшті арттыру мақсатында 90% қарқындылықпен бірнеше рет жоғары биіктікке қарғу және тас лақтыру қолданылды. Бұндайда жұмысқа қабілеттілік жіті бақылауда болып, жүректің жиырылу жиілігі мен қан қысымы да тексеріліп отырды.

Көлбеу зерттеуіндегі талдауларда мектеп оқушыларының бұлшық еттерінің жұмыс қабілеттілігінің төмендегені байқалады. Олар барлығы бес сериядан артық орындай алмаған, оның ішінде бірінші серияда ғана 80% өте жақсы нәтиже берген, 2-ші сериядан бастап - 10%, 3-шіде - 20%, төртіншіде - 30% төмендеп кеткен. Олардың ер балалар артық қимыл жасап, ол кейінгі қарғуларды орындауға бөгет болған.

Бұл жағдайда жүрек қан-тамырлар жүйесін тексеру барысында байқағанымыз, оның функционалдық жағдайындағы күшеюдің өсуі. Ол жүректің жиырылуының жиілеуін күшейтіп, бірінші сериядан кейін кейінгілерге қарағанда 9% төмендеп кеткенін көрсетеді, ал бесінші серияда қайтадан 4% артқанын байқаймыз. Дәл осындай өзгерістер қан айналымы қысымында да байқалған. Пульстік қысым бірінші сериядан кейін 66% өсіп, дәл сол қалпын екінші серияда да сақтады, үшінші сериядан кейін 24% құрайтын, қайтадан өсу байқалады. Төртінші мен бесіншіде 12% төмендеген.
«Қазақ ұлттық ойындары түрлеріндегі дене жаттығуларының өз бетінше жүргізілетін сабақтарының тиімділігі және оның тәжірибелік маңызы» деп аталатын төртінші бөлімде дене тәрбиесіндегі жаңа кешенді бағдарламаға көшу мәселесіне байланысты оқытушылар алдында оқушылардың дене тәрбиесін жетілдірудегі басым бағыттарды іздеу мәселесі көтерілді. Осындай мәселенің шешуші бір тәсілі ретінде оқу-жаттықтыру жүктемелерін оңтайландыру ұсынылады.

Әдеби көздерді зерттей отырып, біз оқу-жаттықтыру жүктемелерін оңтайландыру ұғымына толығырақ тоқталамыз, яғни ондағы көп жағдайда оқу-жаттықтыру үдерісін арттыруға, оның бүгінгі күннің талабына сай болуына және айналысушылардың организмінің функционалдық жағдайының мүмкіндігіне аса үлкен мән беретін дене жүктемесіне жағдай жасалатын үдеріс деп түсіндірілген. Негізгі оңтайландыру белгілері мыналар:

1) физиологиялық нормадан аспайтын организмнің негізгі функционалдық жүйесінің реакциясы;

2) дененің жұмысқа қабілеттілігін қалыпқа келтірудің тиімділігі;

3) дене жүктемесіне бейімделудің қысқа мерзімі;

4) дәл сол кезеңдегі әрбір оқушының қимыл-дағдыларын дамытудағы максималды мүмкіндікке қол жеткізуге тырысуы.

Осындай концептуалды тұжырымдарға сүйене отырып, біз қазақ ұлттық ойындары түрлеріндегі дене жаттығуларының өз бетінше жүргізілу сабақтарының оңтайландырылған моделін жасауға және оның тиімділігін тәжірибе арқылы дәлелдеуге бағытталған педагогикалық тәжірибе ұйымдастырылды (1 кесте).
1 кесте – 11-12 жастағы ер балалардың дене дайындығының деңгейі




Жаттығулар мен өлшеу жекелігі

Тәжірибелік тобы,


n=42

Бақылау

тобы


n=40


Айыр-ма


P





1

60 м жүгіру, с

11,120,19

10,860,12

0,26

<0,05

2

1500 м жүгіру, с

514,3015,23

502,3012,23

12,00

<0,05

3

150 г допты лақтыру, м

31,101,38

29,701,20

1,40

<0,05

4

жүгіре келіп секіру, см

309,126,34

316,429,34

7,30

>0,05

5

салмақпен тартылу, рет

4,600,50

4,150,30

0,45

<0,05

6

екпінімен келіп 30 м жүгіру, с

5,420,08

5,280,12

0,24

<0,01

7

60% қарқындылықпен бір орнында жүгіру, с

216,5019,30

224,5019,30

8,00

>0,05

8

тұрған орыннан ұзындыққа секіру, см

143,404,42

145,473,89

2,07

<0,05

9

тығыздалған 1 кг допты лақтыру, см

399,4316,23

390,7311,38

8,70

>0,05

10

оң қол саусақтарының күші, кг

22,301,20

23,500,83

1,20

<0,05

11

дене күші, кг

68,901,96

70,502,38

1,60

>0,05
  1   2   3   4

Похожие:

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған
Спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында жаттығушылардың спорт түрлеріне бейімділігін анықтау
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған
Дене тәрбиесі мен спорт мамандарын дайындауда жеке тұлғаны әлеуметтендірудің рөлі
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған
Дене шынықтыру сабақтарында 10-11 жастағы оқушыларды баскетбол ойыны техникасына үйретуді оңтайландыру
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған
Студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында айналма жаттығу әдісін қолдану әдістемесі
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған
Дене тәрбиесі, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейімдеу дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясында орындалған

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Ұлттық ақпараттандыру орталығында орындалған
Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі ақпараттандыру)
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Ұлттық ақпараттандыру орталығында орындалған
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Диссертациялық жұмыс: Қазақстан республикасының ауыл шаруашылық министрлігі «ҚазАгроИнновация» АҚ «Қазақ өсімдік қорғау және карантин...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница