Мектеп басшыларына! 18. 03. 2011 жыл 1 2011 жылдың 20, 21 сәуірі күндері бастауыш класс мұғалімдеріне арналған қалалық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі 2011»




Скачать 28.68 Kb.
НазваниеМектеп басшыларына! 18. 03. 2011 жыл 1 2011 жылдың 20, 21 сәуірі күндері бастауыш класс мұғалімдеріне арналған қалалық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі 2011»
Дата конвертации06.02.2013
Размер28.68 Kb.
ТипДокументы
Мектеп басшыларына! 18. 03. 2011 жыл
1) 2011 жылдың 20, 21 сәуірі күндері бастауыш класс мұғалімдеріне арналған қалалық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі - 2011» байқауы өткізіледі. Сұраныс 12 - сәуірге дейін қабылданады.

БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ

Байқаудың мақсаты мен міндеттері

    1. 1.1. Мақсаты

Бастауыш буында білім мен тәрбие берудің бағыттарын жан-жақты меңгерген, психология, педагогика ғылымдары жетістіктерін тәжірибеге енгізе отырып, шығармашылықпен жұмыс жасап жүрген мұғалімдерді анықтау.

1.2. Міндеттері

-қала мен жалпы орта білім беретін мектептердің әдістемелік қызметін жетілдіру, дамыту;

-нәтижеге бағытталған жаңа педагогикалық идеялардың тиімділігін арттыру;

-үздік педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және тарату;

2. Байқауға қатысушылар

Байқауға бастауыш класс мұғалімдері қатыса алады.

Байқауға қатысушы үміткердің жасына шек қойылмайды, педагогикалық еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы керек.

3. Байқауды ұйымдастыру және өткізу

Байқаудың өткізілу мерзімі - 20 – 21 сәуір, 2011 жыл.

Қатысушы жұмысын бағалайтын әділқазылар алқасы сайланады.

Байқауға қатысушыларды тіркеу үшін қалалық ұйымдастыру комитетіне (ҚББ № 36 кабинет) сұраныс тапсырылады (аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, педагогикалық өтілі, санаты, мадақтаулары, сабақ беретін класы толық көрсетілген).

4. Байқау кезеңдері

I кезеңде байқауға қатысушылар диктант жазады, есеп шығарады. Жұмыс соңында қатесіз жазылған диктант мәтіні мен дұрыс орындалған есеп нәтижесі байқауға қатысушылар отырған аудиторияға ілінеді, бір аудиторияда отырған қатысушылар жұмыстарды өзара тексеріп, ұпай қояды (ұпайдың қалай қойылатындығы сол жерде түсіндіріледі), содан соң тиісті ұпай жинаған жұмыстарды әділқазылар алқасы қайта тексереді. Жеңімпаздар екінші кезеңге өтеді.

ІІ кезеңде байқауға қатысушы өзінің жеке педагогикалық проблемасы бойынша өзге қатысушылармен шебер – класс өткізеді (15 минут ішінде). Бағалау анықтауыштары:

- жалпы мәдениеттілігі, шеберлігі;

- проблемасы бойынша әдістемелік ой-өрісі;

- баяндаудың бірегейлігі, мазмұндылығы;

- педагогикалық көзқарасын ғылыми-тәжірибелік негізде дәлелдей білуі;

- аудиториямен жұмыс жасай білуі;

- уақытты пайдалана білуі;

- жаңашылдығы, жан-жақтылығы;

Кезең жеңімпаздары үшінші кезеңге өтеді.

ІІІ кезеңде байқауға қатысушы жалпы орта білім беретін басқа мектеп оқушыларымен сабақ жүргізеді (оқу бағдарламасына сәйкес тақырып пен класс сұраныста көрсетілуі қажет).

5. Марапаттау

Жеңімпаздарға Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ, ІҮ дәрежелі дипломдар және «Кәсіби шебер мұғалім»; «Үздік тәжірибе таратушы»; «Ең сауатты маман» номинациялары (бір - бірден) беріледі.
2) 2011 жылдың 10,11 ақпанында оқыту семинарынан өткен мектепалды даярлық класс тәрбиешілері сертификаттарын № 36 кабинеттен алып кетулері сұралады.

ҚҒӘО әдіскері К. Рахатова

Мектеп басшыларына!
Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасының 2011-2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасын орындау мақсатында Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті алдағы уақытта мектеп оқушылардың тоқсан сайын демалысқа шығуларына байланысты, Ішкі істер басқармасымен бірлесіп, «Демалыс» атты акциясын ұйымдастырады. Акция барысында көңіл көтеретін орындар, компьютерлік клубтар, тіміржолдар мен автовокзалдарға рейд жұмыстары жүргізіліп, балалардың бос уақыты ұйымдастырылу қажет.

Акцияның мақсаты: балалардың бос уақытын ұйымдастыру, жасөспірімдердің құқық бұзушылығын, қараусыздық пен панасыздықтың алдын алу, спорттық және шығармашылық үйірмелермен қызықтыру.

Осыған байланысты Сіздің тарапыныздан мектеп оқушылардың көктемгі демалысы кезінде жергілікті деңгейде акцияны өткізіп, анықталған нақты фактілер бойынша (баланың аты-жөні, мекен-жайы, отбасы жағдайы туралы толық мәлімет, фото суреттер) атқарылған шаралар нәтижесі жөнінде 8 сәуірге дейін ақпараттандыруыңыз сұралады.

Өткізілген іс-шаралар бойынша мәліметті жергілікті БАҚ-да жариялап, мақаланың көшермесін жолдау қажет.
А.Шагирова

Похожие:

Мектеп басшыларына! 18. 03. 2011 жыл 1 2011 жылдың 20, 21 сәуірі күндері бастауыш класс мұғалімдеріне арналған қалалық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі 2011» iconМектеп басшыларына! 22. 12. 2008 ж. 1
Ом базасында бастауыш класс мұғалімдеріне арналған әдістемелік ринг өткізіледі. Шараға қазақ, аралас тілді мектептерден 1 бастауыш...
Мектеп басшыларына! 18. 03. 2011 жыл 1 2011 жылдың 20, 21 сәуірі күндері бастауыш класс мұғалімдеріне арналған қалалық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі 2011» iconМектеп басшыларына !!! 10. 2011 ж. Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармония 2011 жылдың 7-8 қазан күндері Халықаралық
Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармония 2011 жылдың 7-8 қазан күндері Халықаралық «Aktobe-jazz-2011» джаз музыка фестивалін...
Мектеп басшыларына! 18. 03. 2011 жыл 1 2011 жылдың 20, 21 сәуірі күндері бастауыш класс мұғалімдеріне арналған қалалық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі 2011» iconМектеп басшыларына! 29. 05. 2012 ж
Мектеп директорының бастауыш кластар ісі жөніндегі орынбасары немесе бастауыш класс ісін жүргізуші орынбасар төмендегі кестені толтырып,...
Мектеп басшыларына! 18. 03. 2011 жыл 1 2011 жылдың 20, 21 сәуірі күндері бастауыш класс мұғалімдеріне арналған қалалық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі 2011» iconБастауыш сынып оқушыларының пәндік олимпиадасы
Пәндер бойынша тест сұрақтары оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылды. 2 – турға 38 оқушы өтті. Қалалық бастауыш 4 сынып оқушыларына...
Мектеп басшыларына! 18. 03. 2011 жыл 1 2011 жылдың 20, 21 сәуірі күндері бастауыш класс мұғалімдеріне арналған қалалық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі 2011» iconМектеп басшыларына! 24. 02. 2012 ж
...
Мектеп басшыларына! 18. 03. 2011 жыл 1 2011 жылдың 20, 21 сәуірі күндері бастауыш класс мұғалімдеріне арналған қалалық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі 2011» iconБастауыш сынып оқушыларын субьект ретінде ана тілі сабағындағы белсенді әдіс – тәсілдерді қалыптастыру. О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейі. Бастауыш сынып мұғалімі: Ибраева А. Б
Субъект-аса жоғары белсенділік, біртұтастық, жүйелілік, автономдық деңгейі. Оқытудың белсенді әдісі, дидактика заңдары, теориялық...
Мектеп басшыларына! 18. 03. 2011 жыл 1 2011 жылдың 20, 21 сәуірі күндері бастауыш класс мұғалімдеріне арналған қалалық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі 2011» iconСырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Ж.Қ. Утебаеваның 3 «Б» сынып оқушыларымен өткізген тәрбие сағыты

Мектеп басшыларына! 18. 03. 2011 жыл 1 2011 жылдың 20, 21 сәуірі күндері бастауыш класс мұғалімдеріне арналған қалалық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі 2011» iconӨскемен қаласы «№42 орта мектеп» мм 2 сынып Өзін өзі тану пәні Бастауыш сынып мұғалімі
Балалар кәне енді бүгінгі сабағымызда бір – бірімізге тілектерімізді айтып шығайық
Мектеп басшыларына! 18. 03. 2011 жыл 1 2011 жылдың 20, 21 сәуірі күндері бастауыш класс мұғалімдеріне арналған қалалық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі 2011» iconТарбағатай аудандық білім беру бөлімінің 2011 жылдың 4 айында атқарған жұмыстарынан
Аудандық білім беру бөліміне қарасты 50 мектеп, оның ішінде 1 гимназия–интернаты, 36 орта мектеп, 2 негізгі мектеп 11 бастауыш мектеп...
Мектеп басшыларына! 18. 03. 2011 жыл 1 2011 жылдың 20, 21 сәуірі күндері бастауыш класс мұғалімдеріне арналған қалалық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі 2011» iconҚайран қарасазым-ай
Омар Айтжан Мұсылханқызы, бастауыш сынып мұғалімі Ә. Марғұлан атындағы №40 ом педөтілі 28 жыл санаты І
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница