Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 29 желтоқсандағы №2231 Қаулысы




Скачать 360.13 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 29 желтоқсандағы №2231 Қаулысы
страница1/4
Дата конвертации16.11.2012
Размер360.13 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4




Мұнай-газ кәсiпшiлiгi, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтар қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентiн бекiту туралы







Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2231 Қаулысы



-->
"Казахстанская правда" от 23.02.2010 г., № 41 (26102); "Егемен Қазақстан" газетi 10.03.2010 ж., № 88-89 (25935); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 3, 25-құжат

      «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған «Мұнай-газ кәсiпшiлiгi, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтар қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                    К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң           
2009 жылы 29 желтоқсандағы 
№ 2231 қаулысымен       
бекiтiлген          

«Мұнай-газ кәсiпшiлiгi, бұрғылау, геологиялық барлау және
геофизикалық жабдықтар қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар»
техникалық регламентi

1. Қолдану саласы

      1. Осы «Мұнай-газ кәсiпшiлiгi, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтар қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi (бұдан әрi — Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сағалық мұнай-газ кәсiпшiлiгi, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтарға қолданылады.
      2. Техникалық регламент тiзбесi Техникалық регламенттiң 1-қосымшасында келтiрiлген жабдыққа Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасының кодтарына (бұдан әрi - ҚР СЭҚ ТН) сәйкес қолданылады.
      3. Сағалық мұнай-газ кәсiпшiлiгi, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтарды сәйкестендiру ҚР СЭҚ ТН кодтарын және оларға сәйкес келетiн Экономикалық қызмет түрлерi бойынша өнiм жiктеуiшi бойынша (ЭҚТ ҰК) ҚР МК 04-2003 кодтарын, жиынтығында тану үшiн жеткiлiктi болатын таңбалау және iлеспе құжаттар, параметрлерi, көрсеткiштерi мен талаптары бойынша пайдалану жолымен жүргiзiледi.
      Мұнай-газ жабдықтарын толық сәйкестендiру үшiн, тұтынушыға арналған ақпарат қажеттi ең аз деректер болжамды қызмет мерзiмi iшiнде анық әрi өшiрiлмейтiндей өнiмнiң көрiнетiн жерiнде орналастырылуы және таңбалау түрiнде орындалуы тиiс:
      дайындаушының атауы мен мекен жайы;
      өнiмнiң атауы;
      сериясының немесе үлгiсiнiң белгiленуi;
      сериялық зауыттық нөмiрi;
      дайындалған жылы;
      ескерту жазбалары;
      детальдардың ең көп айналу жылдамдығы;
      2 жабдықтың массасы, жарылыс қаупi ықтимал атмосферада пайдалану, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану қажеттiлiгi.
      4. Таңбалау, белгiлер және ескерту жазбалары бiр мағынада, түсiнерлiктей болуы тиiс.
      5. Сағалық мұнай-газ кәсiпшiлiгiн, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтарды қолдану кезiнде мұқият болуға тиiс негiзгi қауiптi факторлар (тәуекелдер):
      1) сағалық мұнай-газ кәсiпшiлiгiн, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтарды монтаждау және пайдалану кезiнде, астында тұрған жұмыскерлердiң үстiне құлап кету немесе опырылып түсу қауiпi бар, жоғары орналасқан және осал бекiтiлген заттар және конструкциялардың осал бөлшектерi;
      2) сағалық мұнай-газ кәсiпшiлiгiн, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтарды монтаждау және пайдалану кезiнде шудың және дiрiлдiң артып кеткен деңгейi;
      3) сағалық мұнай-газ кәсiпшiлiгiн, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтарды монтаждау және пайдалану кезiнде техника қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды сақтамауға байланысты пайда болған қауiптi өндiрiстiк факторлар;
      4) сағалық мұнай-газ кәсiпшiлiгi, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтардың қозғалатын бөлшектерi, қозғалатын бұйымдар;
      5) жұмыс аймағының жеткiлiксiз жарықтандырылуы;
      6) жұмыскерге электр тогының әсер ету мүмкiндiгi;
      7) қауiптi пайдалану процестерi кезiнде бөлiнетiн артық жылу мөлшерi;
      8) фланецтi қосылыстардың, арматураның саңылауы;
      9) тасымалдау және iлу кезiндегi жүктiң тең бөлiнбеуi болып табылады.

2. Терминдер мен анықтамалар

      6. Техникалық регламентте Қазақстан Республикасының «Қауiптi өндiрiстiк обьектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы» 2002 жылғы 3 сәуiрдегi, «Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы, «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарына сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылды, сондай-ақ:
      1) агрессивтi орта - пайдалану процесiнде негiзгi құралдардың қатты тозуына (ескiруiне) әкелетiн табиғи және (немесе) жасанды факторлар ықпалының жиынтығы;
      2) бұрғылау жабдығы - мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау үшiн пайдаланылатын техникалық құрал немесе техникалық құралдар жиынтығы;
      3) геологиялық барлау және геофизикалық жабдық - ұңғыманың жайғасқан орнын анықтауға, ұңғыманы бұрғылау процессiн бақылауға, ұңғыманың геологиялық қимасын зерделеуге, кен қабаттарын аршуды және сынаудың барысын геологиялық бақылауға арналған техникалық құрал немесе техникалық құралдар жиынтығы;
      4) жабдықты сынау - жабдық жұмыс iстеген кезде оған әсер ету нәтижесi ретiндегi оның қасиеттерiнiң сандық және (немесе) сапалық сипаттамаларының тәжiрибелiк анықтамасы;
      5) жабдық - машинаға орналастырылатын және машиналардың негiзгi және (немесе) қосымша функцияларын орындау үшiн қажеттi, сондай-ақ оларды бiртұтас кешенге бiрiктiруге арналған техникалық құрылғы;
      6) жабдықты қабылдау сынағы - осы жабдықты өндiрiске қою және (немесе) мақсаты бойынша пайдаланудың орындылығы туралы мәселенi шешу мақсатында өткiзiлетiн дайын жабдықты бақылау сынағы;
      7) кiрiс бақылау - өнiм берушiнiң тұтынушыға немесе тапсырыс берушiге келiп түскен және өнiмдердi дайындау, жөндеу немесе қолдану кезiнде пайдалануға арналған өнiмдерiн бақылау;
      8) қорғаныш қоршау - машинаның физикалық тосқауыл арқылы сақтауды қамтамасыз ету үшiн арнайы пайдаланылатын бөлiгi;
      9) өнеркәсiп қауiпсiздiгiнiң декларациясы - мынадай мәлiметтердi:
      қауiптi заттар (оның iшiнде өндiрiлетiн) тiзбесiн және олардың сипаттамаларын;
      қауiптi әсер ету факторларын (эр фактор жеке; басқа факторлармен өзара әрекетте; қоршаған ортамен өзара әрекетте);
      қауiптi факторлардың таралуы туралы технологиялық деректердi;
      қауiптiлiк пен тәуекелдi талдауды;
      қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi техникалық шешiмдердi;
      авариялық жағдайлардың туындау жағдайына талдауды;
      персоналды авария жағдайында iс-әрекетке дайындауды;
      авариялардың туындауы мен дамуының ықтимал сценарийлерiнiң схемасын;
      аварияны жою жоспарын (хабарлау жүйесi; адамдарды қорғау жөнiндегi құралдар мен шаралар; аварияларды, төтенше жағдайларды жоюға арналған резервтiк ресурстар; зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша медициналық қамтамасыз ету) қамтитын құжат;
      10) сағалық мұнай-газ кәсiпшiлiгi жабдығы - мұнай ұңғымасының немесе газ ұңғымасының сағасына орнатылған, оны құру, пайдалану немесе жөндеу кезiнде сағаны саңылаусыздауға байланысты бiр немесе бiрнеше дербес функцияларды орындауға арналған техникалық құрал немесе техникалық құралдар жиынтығы;
      11) iстен шығу (ақау) — жабдықтың жұмысқа жарамды күйiнiң бұзылуына байланысты болатын оқиға.

3. Жабдықты нарықта орналастыру жағдайлары

      7. Айналымға шығарылатын сағалық мұнай-газ кәсiпшiлiгi, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдық (соның iшiнде импортталатын) мынадай құжаттармен және арнайы ақпаратпен сүйемелденуi тиiс:
      1) қауiпсiздiк паспорты немесе оның көшiрмесi;
      2) сағалық мұнай-газ кәсiпшiлiгi, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтарды монтаждауға қажеттi техникалық құжаттама;
      3) сәйкестiгiн растайтын құжаттар;
      4) тiкелей бұйымдағы немесе iлеспе құжаттамадағы бiрдейлендiретiн таңбалау;
      5) өрт сөндiру тәсiлдерi мен құралдары (қажет болған жағдайда).
      8. Ескертпелiк таңбаланымына енгiзiлетiн ақпараттың құрамы мен мазмұнына қойылатын ең аз талаптар «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгi жапсыруға және оларды дұрыс түсiруге қойылатын талаптар» техникалық регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 қаулысымен бекiтiлген техникалық регламенттiң талаптары мен нормативтiк құжаттарға сәйкес келуi тиiс.
      9. Ескертпелiк және бiрдейлендiру таңбаланымы мәтiн, символдар, пиктограммалар түрiнде түсiрiледi (жазылады).
      10. Тұтынушыға арналған ақпарат анық және жеңiл оқылуы тиiс.
      11. Ақпаратты түсiру құралдары өнiмдердi сақтау, тасымалдау және қолдану кезiнде таңбалаудың берiктiгiн қамтамасыз етуi тиiс.
      12. Сағалық мұнай-газ кәсiпшiлiгi, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдыққа, оның iшiнде шетелдiк өндiрiске арналған техникалық құжаттамада дайындаушы-ұйым (өнiм берушi) тетiктердiң жабдықтарын қауiпсiз пайдаланудың шарттары мен талаптарын (оның iшiнде коррозиялық-агрессивтi орта жағдайында), осы құрылғылардың бақылау сынақтарын (тексерiстерiн) жүргiзу әдiстемесiн, ресурс пен пайдалану мерзiмiн, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және диагностикалау тәртiбiн көрсетедi.
      13. Адамның өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға әлеуеттi қауiп төндiретiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Қауiптi өндiрiстiк обьектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы» 2002 жылғы 3 сәуiрдегi, «Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi заңдарында белгiленген қауiпсiздiк талаптарына және осы Техникалық регламентке сәйкес келмейтiн сағалық мұнай-газ кәсiпшiлiгi, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтарды Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлмейдi.
      14. Егер сынау жабдығы өлшеу құралы болса немесе оның құрамына өлшеу құралдары кiретiн болса, онда ол «Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес қолданылуға тиiстi.
      15. Сағалық мұнай-газ кәсiпшiлiгi, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтардың тiршiлiк циклiнiң барлық кезеңiнде (жобалау, дайындау, тасымалдау, монтаждау, пайдалану, жөндеу, консервациялау, жою) аварияларды болдырмау және олардың салдарын оқшауландыру жөнiндегi iс-шаралар әзiрленуге және орындалуға тиiс.

4. Пайдалану кезiнде сағалық мұнай-газ кәсiпшiлiгi, бұрғылау,
геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтардың
қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар

      16. Күкiрттi сутектiң ықпалына тап болған сағалық мұнай-газ кәсiпшiлiгi, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдық, технологиялық процестердiң параметрлерi мен коррозиялық-агрессивтi ортаның сипаттамаларын ескере отырып таңдалуы тиiс.
      17. Сульфидтiк-коррозиялық жарылуға тұрақты сағалық мұнай-газ кәсiпшiлiгi, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтың паспорттарында дайындаушы-ұйымның оны көрсетiлген ортада қолдануға кепiлдiгi болуға тиiстi. Бұл кепiлдiк ингибиторлық қорғанысты бұзбайды.
      18. Күкiрттi сутектiң ықпал ету жағдайында пайдаланылатын сағалық мұнай-газ кәсiпшiлiгi, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықты коррозиядан қорғау үшiн коррозия ингибиторлары, арнайы жабындар және өнiмнiң коррозиялық белсендiлiгiн төмендететiн технологиялық әдiстер қолданылуы тиiс.
      19. Сағалық мұнай-газ кәсiпшiлiгi, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықты пайдалану кезiнде тiршiлiк циклi мен кәдеге жаратудың барлық кезеңiнде әзiрленген қауiпсiздiк шаралары:
      1) қауiпсiздiк және еңбек гигиенасы талаптарын қамтамасыз ету iс-шараларын;
      2) қоршаған ортаның ластануының алдын алу және жою iс-шараларын;
      3) қоршаған ортаны қорғауға, оны қалпына келтiруге мүмкiндiк туғызатын, ресурсты үнемдейтiн, қалдығы аз және қауiпсiз технологияларды пайдалану;
      4) сағалық мұнай-газ кәсiпшiлiгi, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықты жасау кезiнде технологиялары өрт қауiптiлiгiнiң, жарылыс қаупiнiң, электр қауiптiлiгiнiң мүмкiндiгiнше ең аз көрсеткiштерiмен сипатталатын зерттелген қасиеттерi бар заттар мен материалдарды пайдалану;
      5) сағалық мұнай-газ кәсiпшiлiгi, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықпен тiкелей байланыста жұмыс iстеу кезiнде қауiптi ықпал ету салдарын болдырмайтын техникалық шешiмдердi қолдану (жабдықтың қорғалмаған ыстық үстiңгi бетiмен, айналатын және (немесе) қозғалатын бөлшектерiмен).
      20. Аварияның алдын алу iс-шараларын әзiрлеу кезiнде қауiп көздерi, тәуекелдiк факторлары, аварияның пайда болу себептерi және оның сценарийi, өндiрiстiк персоналдың саны мен орналасуы ескерiлуi тиiс.
      21. Аварияның алдын алу және оның салдарын оқшаулау жөнiндегi iс-шаралар:
      1) сағалық мұнай-газ кәсiпшiлiгi, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтардың саңылаусыздығын жоюдың және өндiрiстiк персонал мен қоршаған ортаға қауiп тудыратын мөлшердегi қауiптi заттардың шығарындыларының алдын алу бойынша;
      2) сағалық мұнай-газ кэсiпшiлiгi, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықты тиiмдi автоматты жүйелермен және жарылыстан қорғау құралдарымен жарақтандыру бойынша;
      3) персоналды өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтау, нұсқаухат және өрт сөндiру құралдарын пайдалануға үйрету бойынша;
      4) өндiрiстiк персоналды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету бойынша;
      5) сағалық мұнай-газ кәсiпшiлiгi, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықты автоматты басқару, бұғаттау, белгi беру және авариясыз тоқтату жүйелерiн орнату бойынша;
      6) сағалық мұнай-газ кәсiпшiлiгi, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтың жанындағы қызмет көрсетушi персоналдың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және авария кезiнде мұнай-газ кәсiпшiлiгi, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықты басқару мүмкiндiгi бойынша;
      7) авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларының кедергiсiз кiруi мен қозғалысын қамтамасыз ету бойынша шешiмдердi қамтиды.
      22. Техникалық шешiмдердi таңдау кезiнде аварияның алдын алу шаралары авария зардаптарының ауырлығын азайту шараларына қарағанда басым болуға тиiстi.
      23. Сағалық мұнай-газ кәсiпшiлiгi, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдық бастапқы өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiлуi тиiс.
      24. Аварияға қарсы қорғаныс жүйесi сағалық мұнай-газ кәсiпшiлiгi, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықта оның барлық ықтимал жұмыс режимдерiнде жарылыс қаупi бар ортаның пайда болуының алдын алуды және болуы мүмкiн авариялық жағдайлар кезiнде оның қауiпсiз тоқтауын қамтамасыз етуге тиiс.
      25. Жарылыс қаупi бар аймақтарда пайдалануға арналған сағалық мұнай-газ кәсiпшiлiгi, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдық жарылыстан қорғалған пайдалану және жарылыс қаупi бар аймақ класына сәйкесетiн қорғаныс деңгейi және жарылыс қаупi бар қоспалардың санаттары мен топтарына сәйкесетiн жарылыстан қорғау түрi болуы тиiс.
      26. Сағалық мұнай-газ кәсiпшiлiгi, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықты автоматты басқару және бақылау құралдарымен жабдықтау:
      1) негiзгi жұмыс параметрлерi мөлшерiнiң ауытқуын болдырмайтын автоматты реттеу, қашықтан бақылау және дабылдамамен;
      2) болуы мүмкiн авариялық жағдай кезiнде сағалық мұнай-газ кәсiпшiлiгi, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықты автоматты және қашықтан ажыратуды;
      3) кезеңдiк жұмыс iстейтiн сағалық мұнай-газ кәсiпшiлiгi, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықты автоматты қосу-сөндiрудi;
  1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 29 желтоқсандағы №2231 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 3 қараша №1285 Астана, Үкімет Үйі
Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттау жүргiзу ережесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 29 желтоқсандағы №2231 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 29 шiлдедегi n 763 Қаулысы
Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 6 ақпандағы №119 және 2006 жылғы 10 қарашадағы №1074 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 29 желтоқсандағы №2231 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 7 ақпандағы n 114 Қаулысы
Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 53-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 29 желтоқсандағы №2231 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 желтоқсандағы №2101 Қаулысы
Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiк пен шетелдiктерге тұруға ықтиярхат беру бойынша мемлекеттiк қызмет...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 29 желтоқсандағы №2231 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2010 жылғы 31 желтоқсан №1532 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 29 желтоқсандағы №2231 Қаулысы iconОблыс әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №396 «Атырау облысы бойынша жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы»
«Мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына толықтыру...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 29 желтоқсандағы №2231 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 18 маусымдағы №827...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 29 желтоқсандағы №2231 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 желтоқсандағы №1262 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi
Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 желтоқсандағы №1262 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 29 желтоқсандағы №2231 Қаулысы icon"Қоғамдық тамақтану объектiлерiне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1665 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнiң 6-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 29 желтоқсандағы №2231 Қаулысы iconҚазақстан Республикасының визаларын беру ережелерін бекіту туралы
Республикасы Сыртқы істер министрінің м а. 2009 жылғы 14 желтоқсандағы №08-1-1-1/457 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница