Қысқаша әдіснамалық түсініктемелер Туристік индустрия Туристік кәсіпорын




Скачать 83.39 Kb.
НазваниеҚысқаша әдіснамалық түсініктемелер Туристік индустрия Туристік кәсіпорын
Дата конвертации07.02.2013
Размер83.39 Kb.
ТипДокументы
Қысқаша әдіснамалық түсініктемелер

Туристік индустрия

Туристік кәсіпорын – бұл мүлікті еңбек ұжымының пайдалануы негізінде өнім өндіретін және өткізетін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін заңды тұлға құқығын иеленетін дербес шаруашылық жүргізуші субъект. Еңбек ұжымы мүшелерінің әлеуметтік және экономикалық мүдделерін және мүлікті меншіктенуші мүдделерін қанағаттандыру үшін табыс алуға бағытталған шаруашылық қызметі туристік кәсіпорынның ең басты мәселесі болып табылады.

Туристік кәсіпорын жұмыстан бос уақытты, рекреацияны, демалысты ұйымдастыруға және халықты емдеуге; олардың таныстары мен туысқандарына баруға және заңмен рұқсат етілген және жарғыға сәйкес өзге де мақсаттарға бағытталған қызмет түрін жүзеге асырады.

Туризм - демалу мақсатында, іскерлік және өзге мақсаттарда қатарынан бір жылдан аспайтын кезең ішінде саяхаттайтын және әдеттегі ортасынан тыс жерде орналасқан орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар қызметі.

Туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар заңды тұлғалардың өздерiнiң туристiк өнiмдерiн қалыптастыру, ұсыну және туристiк агенттер мен туристерге өткiзу жөнiндегi қызметi.

Туристiк агенттiк қызмет (турагенттiк қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың туристiк өнiмдi ұсыну және өткiзу жөнiндегi қызметi.

Тур - белгiленген мерзiмдер шеңберiнде белгiлі бiр маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені.

Туристік жолдама - туристік қызмет көрсету кешенін алуға құқықты растайтын құжат.

Туристiк өнiм - саяхат барысында туристiң қажетiн қанағаттандыру үшiн жеткiлiктi туристiк қызмет көрсетулер жиынтығы.

Туристiк қызмет көрсету - туристiк саяхат кезеңiнде және осы саяхатқа байланысты туристiң қажеттіліктерiн қанағаттандыру үшiн маңызы зор қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушылары, гидтер (гид-аудармашылар) көрсететін қызметтер және сапар мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер).

Экскурсант - бiр жерге, елдi мекенге, аумаққа немесе сол жердегi басқа елге туризм мақсатында жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа уақытша келген жеке тұлға.

Экскурсиялық қызмет – азаматтардың уақытша болатын елдегi (жердегi) туристiк ресурстарды танымдық мақсатта аралап көруiн ұйымдастыру жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет, ол туристердi орналастыру (түнету) жөнiндегi қызметтi көздемейдi және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзiмдi қамтиды.

Экскурсовод - уақытша болатын елдегi (жердегi) туристiк ресурстармен таныстыру жөнiнде туристерге экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдық қызмет көрсетуге лайықты бiлiктiлiгi бар, кәсiби даярланған жеке тұлға.

Туризмнің ұйымдық нысаны - халықаралық және ішкі туризм.

Халықаралық туризмге:

келу туризмi - Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың Қазақстан Республикасы шегiндегi саяхаты;

шығу туризмі - Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Рес-публикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхатын қамтиды.

ішкi туризм - Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегiндегi саяхаты кіреді.
Туристік қызметтер бағасы

Бағалардың өзгеруі туралы ақпараттарды жинау республика астанасында, Алматы қаласында, барлық облыс орталықтарында және қалалар мен аудан орталықтарының іріктелген шеңберінде жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау сол орында жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету түрлерінің барлық объектілері іріктеледі, яғни ол зерттеуге ұсынылатын әртүрлі деңгейдегі сауда орындары мен көпшіліктің сұранысындағы тауарларды (қызметтерді) тұрақты өткізетін сауда кәсіпорындары үшін қажет.

Бағалар туралы ақпарат жинау тікелей тауарларды (қызметтерді) өткізу орындарында баға тіркеушілермен жүргізіледі. Зерттеу жүргізілген күні қолма-қол төленген бағалар, салықтарды қоса, бірақ оларды жеткізу үшін қосымша алымдарды қоспай тіркеледі. Республика бойынша орташа бағаның деңгейі жекелеген өңірлердегі баға деңгейінің орташа арифметикалық салмақтағы шамасымен анықталады.

Үй шаруашылығы - бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін біріктіретін (толық немесе ішінара) және тауарлар мен қызметтердің белгілі бір түрлерін, ең бастысы тұрғын үй мен тамақ өнімдерін бірлесіп тұтынатын адамдардың шағын тобы. Үй шаруашылығы бір адамнан да тұруы мүмкін.

Тұтыну шығыстары - халықтың тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерге бағытталған ақшалай шығыстарының бөлігі. Бұған тамақ өнімдерін сатып алу, үйден тыс тамақтану, алкогольді ішімдіктер, темекі өнімдерін, азық-түлік емес тауарлары мен ақылы қызметтер сатып алу шығыстары кіреді.

«Сапарлар» бабы бойынша халықаралық қызмет көрсету экспорты мен импортын бағалаудың әдістемелік қағидаттары

Төлем балансының әдіснамасына сәйкес “Сапарлар” бабы, ең алдымен, келушілер (Қазақстандағы резидент еместер, шет елдердегі резиденттер), егер олардың келу мерзімі бір жылдан аспаса, осы елде сатып алған сол тауарлар мен қызмет көрсетулерді қамтиды. Төлем балансында осы бап бойынша тіркелетін сома келушілердің келген елінде тауарларды және қызмет көрсетуді сатып алуға арналған шығыстарының құнын бағалауды білдіреді. Бұл топқа есебі "Жолаушылар тасымалдау" бабы бойынша жүргізілетін халықаралық қатынас жолаушыларын (билеттің құны) тасымалдау кірмейді.

«Сапарлар» бабы бойынша қызмет көрсету экспорты/импорты бір сапарға жұмсалатын орташа шығыс нормасы мен барушылар/келушілер санының көбейтіндісі ретінде есептеледі.

Бір сапарға орташа шығыс нормасы Қазақстанның шекарасынан өтетін жеке тұлғаларды бару/келу елдері және мақсаттары (қызмет бабымен, туризм, жеке мақсатпен) бөлігінде зерттеу нәтижелері бойынша айқындалды.

Азаматтығы, сапар мақсаттары және елдер бойынша барушылардың/келушілердің саны жөніндегі бастапқы ақпарат Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара Қызметінің және Ресей Федерациясының Федералдық Шекара Қызметінің деректері болып табылады.

Бұл нормативтер «Сапарлар» бабын есептеу үшін 2001 жылдың 1-тоқсанынан бастап қолданылуда.
Туристік тасымал

Қатынас жолдары желілерінің ұзақтығы - көлік қатынасы жолдары учаскелерінің километрдегі жиынтықты ұзақтығы. Желіні құрайтын жеке учаскелердің ұзындықтарын жиынтықтау арқылы есепті күнге анықталады.

Тасымалданған жолаушылар - белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны, көлік, қатынас түрлері, тасымалдау бағыттары бойынша ескеріледі. Жолаушы-сапар жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы қадағалау бірлігі болып саналады.

Көліктегі жолаушылар айналымы - жолаушыларды тасымалдау бойынша көліктегі жұмыс көлемі. Өлшеу бірлігі жолаушы-километр, яғни жолаушылардың 1 км қашықтыққа орын ауыстыруы болып саналады. Тасымалдаудың әрбір позициясы бойынша жолаушылар санын тасымалдау қашықтығына көбейтудің жиынтықталуымен анықталады, көлік түрлері, тасымалдау қатынастары, басқа да белгілері бойынша бөлек есептелінеді.

Әуе көлігіндегі жолаушылар айналымы әрбір ұшу учаскесіндегі тасымалданған жолаушылар санын осы учаскеге сәйкес пайдалану қашықтығына көбейту сомасы ретінде анықталады.

Әуе көлігімен тасымалданған жолаушылар саны есепті кезеңде көлік авиациясы ұшақтарымен тасымалданған барлық жолаушылар санының сомасы ретінде есептеледі.

Теміржол - рельс жолы болып табылатын және тек темір жол көлік құралдарына арналған қатынас желісі.

Теміржол жолдары - жылжымалы құрамның орын ауыстыруы жүзеге асырылатын жылжымайтын дүние-мүлік объектілері (кең және тар жолтабанның магистралдық, станциялық кірме жолдары).

Автобус - жолаушыларды тасымалдауға арналған және тоғыздан артық (жүргізушінің орнын есептемегенде) отыратын орындары бар жолаушылар механикалық жол көлігі құралы.

Жолаушыларды автобустармен тасымалдау қолданылатын тарифке қарамастан қала ішіндегі, қала маңындағы, қалааралық және халықаралық қатынастағы автобустармен тасымалданған, сондай-ақ ақысыз жол жүру құқығын немесе кәсіпорындар (ұйымдар) төлеген жол жүру құжаттарын пайдаланатын жолаушыларды қоса барлық жолаушылар сомасы ретінде есептелінеді.

Қонақ үй шаруашылығы кәсіпорындары

Туристерді орналастыру орындары - қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақтарға арналған үйлер, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы және оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа үйлер мен ғимараттар.

Қонақ үй - уақытша тұруға арналған, әдетте, оқшауланған үйлер (үйлер кешені) болып табылатын заңды тұлға.

Мотель - автомобиль жолдарына жақын орналасқан қонақ үй.

Кемпингтер - шатырға, автофургонға, автотіркемеге, доңғалақтағы үй мен туристік лашыққа арналған жабық алаңда орналастырылатын ұжымдық объектілер.

Сырттан келгендерге арналған жатақхана - қонақ үйдің алуан түрлілігі; ол, әдетте, ұйымның балансында тұрады және оның мамандарының, сондай-ақ осы ұйыммен іскерлік байланысты жүзеге асыратын, коммерциялық қызметпен айналысатын адамдардың уақытша тұруы үшін арналған.

Қонақ үй кәсіпорындарының бір жолғы сыйымдылығы барлық нөмірлерде қойылған тұрақты кереует саны бойынша анықталады.

Қонақ үй кәсіпорындарының түнеуді (тәуліктік төсек-орын) ұсынуы нөмірлер мен орындарды сақтап қоюмен қоса тұрақты және уақытша орындардың пайдаланылған санын көрсетеді және тұрушылардың тіркеу кітабы негізінде анықталады.

Нөмірлік қорды (бар орындарды) пайдалану коэффициенті түнеу санын бір жолғы сыйымдылық пен жыл ішіндегі күндер санының көбейтіндісіне бөлу арқылы есептеледі.

Мамандандырылған орналастыру орындары

Бөлімде мамандандырылған орналастыру құралдары - санаторий-курорттық мекемелердің қызметі туралы ақпараттар жарияланған.

Бұл ішкі сыныпқа кіреді:

- санаторийлердің, санаторий-профилакторийлердің, курорттық емдік пансионаттардың, курорттық емханалардың, бальнеологиялық емханалардың, балшықпен емдеу орындарының қызметі;

- тәулік бойғы мамандандырылған санаторлық балалар лагерлерінің қызметі.

Емдік санаторийлер мен пансионаттар - төсектермен жабдықталған және табиғи емдік факторлардың (климат, минералды сулар, емдік балшық және т.б.) шипалық қасиеттері негізінде нақты мерзім ішінде науқасты еңбекке жарамды ету емімен қамтамасыз ететін емдеу - алдын алу ұйымдары. Олардың барлығы мамандандырылған және бір немесе көп профильді, әдетте курорттар мен емдік сауықтыру орындары шегінде орналасқан. Жинақта бірлік саны туралы, науқастарды қабылдауға дайын, олардың саны ең көп айдағы, төсектер (орындар) туралы және емделіп демалған адамдар саны туралы деректер көрсетілген.

Санаторий-профилакторийлер - төсектермен жабдықталған, қызметкерлерді жұмыстан бос уақытында, өндірістен үзіліссіз, емдік-сауықтыру шараларымен қамтамасыз ететін ұйымдар жанында қызмет атқарушы емдеу - алдын алу ұйымдары.

Демалыс үйлері, пансионаттар, базалар мен басқа демалыс ұйымдары, туристік базалар - демалыс үшін арналған, онда демалушыларға нақты мерзімге орналастыру мен тамақтандыру немесе тек орналастыру ұсынылады, сонымен қатар туристік - экскурсиялық қызмет көрсету, және, әдетте, курорттардың, емдеу-сауықтыру орындарының, қала маңындағы аймақтар-дың шегінде орналасқан. Мұндай ұйымдар жыл бойы (жылдық) немесе маусым бойы (маусымдық) жұмыс істей алады.

Сауда және қоғамдық тамақтандыру

Сауда және қоғамдық тамақтандыру бойынша сатылған тауарлар мен көрсетілген қызметтердің барлық көлемі кіреді, туризм саласында қарастырылып отырған көлемдерді қоса.

Бөлшек сауда - жеке тұтыну немесе үй шаруашылығында пайдалану немесе кәдеге жарату үшін халыққа жаңа және бұрын тұтынуда болған тауарларды алып-сату (өңдеусіз сату). Көтерме сауда - бөлшек саудагерлерге, өнеркәсіптік, коммерциялық, институционалдық немесе кәсіби пайдаланушыларға немесе басқа да көтерме саудагерлерге, сондай-ақ тауарларды сатып алу кезінде бір адамның немесе компанияның немесе оларға тауарларды сату кезінде агенттер мен маклерлер міндетін атқарушы адамдарға жаңа және бұрын тұтынуда болған тауарларды алып сату(өңдеусіз сату).

Қоғамдық тамақтандыру - өндірумен, өңдеумен, өткізумен және тамақ өнімдерін тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсіпкерлік қызмет.

Похожие:

Қысқаша әдіснамалық түсініктемелер Туристік индустрия Туристік кәсіпорын iconӘдіснамалық ТҮсініктемелер
Туризмнің қосалқы шоты (бұдан әрі – ТҚШ) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Дүниежүзілік туристік ұйым, Еуропалық қауымдастықтың...
Қысқаша әдіснамалық түсініктемелер Туристік индустрия Туристік кәсіпорын iconТуристік индустрия қызметін дамыту
Дүниежүзілік Туристік Ұйымның ұғынымдарына сәйкес жүргізілді. Осы мақсаттарда статистикалық есеп беру нысандары жыл сайын қайта қаралады...
Қысқаша әдіснамалық түсініктемелер Туристік индустрия Туристік кәсіпорын iconҚазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы
Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар", "туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалары" деген сөздермен ауыстырылды ҚР-ның 2008....
Қысқаша әдіснамалық түсініктемелер Туристік индустрия Туристік кәсіпорын iconҚазақстан Туристік Ассоциациясы (ҚТА) Қазақстан Республикасында 1999 жылдан бері өз қызметін атқарып келе жатыр
Алдаберген Исаевқа, сонымен қатар семинар кеңестің лекторлары, Қазақстан туристік ассоциациясының, Байқоңыр қаласының сала мамандарына,...
Қысқаша әдіснамалық түсініктемелер Туристік индустрия Туристік кәсіпорын iconҚысқаша әдіснамалық түсініктемелер
Интернетке жоғары жылдамдықпен қатынауды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа технология. Мұның өзінде телефон желісі бос қалады
Қысқаша әдіснамалық түсініктемелер Туристік индустрия Туристік кәсіпорын icon«бекітемін» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы
Р өңірлеріндегі туристік орталықтардың құрылысына жобалау құжаттамасын инвестицияны тарту үшін әзірлеу (4 бірлік), соның ішінде туристік...
Қысқаша әдіснамалық түсініктемелер Туристік индустрия Туристік кәсіпорын iconҚысқаша әдіснамалық түсініктемелер
Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам
Қысқаша әдіснамалық түсініктемелер Туристік индустрия Туристік кәсіпорын iconСерикова нагима ухияновна оқушыларды туристік-өлкетану іс-әрекеттері арқылы қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу
Оқушыларды туристік-өлкетану іс-әрекеттері арқылы қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу
Қысқаша әдіснамалық түсініктемелер Туристік индустрия Туристік кәсіпорын iconАлматы облысында орналасқан туристік объектілер тізімі

Қысқаша әдіснамалық түсініктемелер Туристік индустрия Туристік кәсіпорын iconМаханбет ержан тайбағАРҰлы студенттерді туристік іс-әрекетке даярлаудың педагогикалық шарттары

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница