Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы №3 хаттама Жезқазған қ. 2007 жылғы 19 қазан «Қазақмыс»




Скачать 70.83 Kb.
НазваниеҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы №3 хаттама Жезқазған қ. 2007 жылғы 19 қазан «Қазақмыс»
Дата конвертации08.02.2013
Размер70.83 Kb.
ТипДокументы


Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы
№ 3 хаттама Жезқазған қ.

2007 жылғы 19 қазан «Қазақмыс» корпорациясының

медицина орталығы
Әлеуметтік-еңбек және олармен байланысты экономикалық проблемаларды

шешу жөніндегі үш жақты келісім аясында Жезқазған қаласының жұмыс берушілерінің, кәсіподақтар бірлестіктерінің және атқарушы өкімет органдарының жұмысы туралы

Шешім
Жезқазған аймағында әлеуметтік әріптестік жүйесі 2001 жылы тараптар қалалық үш жақты комиссия (ҚҮК) құрғаннан бастап дами бастады. Бүгін комиссия құрамында тараптардың уәкілеттігі бекітілген 5 өкілі бар. Үйлестіруші болып қала әкімі аппаратының бір қызметкері тағайындалған.

ҚҮК құрамында кәсіподақтар жағын: Жезқазған аймағының кәсіподақтар Ассоциациясы және «Қазақмыс» корпорациясының ЖШС кәсіподағы, «Атамекен» кәсіпкерлері және жұмыс берушілер Ассоциациясы мен жұмыс берушілер Кеңесі ұсынған жұмыс берушілер ұсынады.

Қалада 2007-2008 жылдарға үш жақты келісімге қол қойылды.

Қалалық үш жақты келісім аясында кәсіподақтар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті бөлімімен бірлесіп қоғамдық инспекторларға арналған семинар өткізді. ЖРЭК, «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС, білім беру, денсаулық сақтау ұйымдары болып тараптар өкілдері оқу орындарын бітірушілерді өндірістік тәжірибеден өткізу және келешекте жұмысқа орналастыру тәртібі туралы екі жақты келісімге қол қойды. Ірі және орта кәсіпорындардың ұжымдық келісім-шарттарында жұмыскерлердің біліктілігі мен шеберлігін арттыру шаралары көзделген.

Қала кәсіподақтары мен жұмыс берушілері әлеуметтік жеңілдіктердің белгілі бір тізбесін көздейтін ұжымдық келісім-шарттар арқылы тараптар арасындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейді. Қаланың басқа ұйымдарымен салыстырғанда «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-інің ұжымдық келісім-шарты әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктердің ең үлкен пакетін ескерген.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің мамандары қалалық үш жақты комиссия қызметінің ұйымдастырылуымен және берілген құжаттармен танысу барысында комиссия отырысының жүйелі түрде өтетінін атап көрсеткен болатын. Барлығы 2006 жылы жыл бойы және ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы ішінде 6 отырыс болып, 13 мәселе қаралды. Талқылауға шығарылған проблемалардың жалпы санынан 5-і әлеуметтік-еңбек бағыттанушылығынан. Сонымен қатар әлеуметтік әріптестік жөніндегі қалалық үш жақты комиссия қызметінің ұйымдастырылуына бірқатар ескертулер бар.

Сонымен, әлеуметтік-еңбек бағыттанушылығының 5 мәселесінен 2006-2007 жылдары тараптар қарастырған 4 мәселені атқарушы өкімет органдарының өкілдері баяндады. Бұл негізі халықты жұмыспен қамту және кадрлар даярлығы мәселесі.

2006 жылы жыл бойы қала жұмыс берушілері мен кәсіподақтары бір де бір мәселе талқылаған жоқ. 2007 жылы тараптар қалыптасқан жағдайды түзеу шараларын қолданды және 2007-2008 жылдарға ҚҮК отырыстарының жоспары барлық тараптардың қатысу есебімен қалыптастырылған.

«Қалада азаматтардың ипотекалық, білім беру, тұтынушылық несие түрінде несиелік ресурстар алу жағдайы туралы» мәселесі жөніндегі шешім мен хаттаманың талдауы осы мәселенің қала кәсіподақтарымен бастау алғанын көрсетті, комиссияда несиелендіру түрлері туралы ақпарат тек тыңдалды. Әйтсе де, қалалық келісімнің 56 тармағында көзделгендей қажеттілігінде тапсырма беру, тараптардың қатысуы мен жәрдемдесуі, азаматтардың несиелік ресурстар алуымен байланысты проблемаларын анықтау ҚҮК-нің міндеті.

Қалалық үш жақты комиссия шешімдерінде тек мәселе жөніндегі ақпарат бар, бірақ тараптар ұстанымы қамтылмайды, нақты тапсырмалар жоқ, атқаруға жауапты адамдар көрсетілмеген.

Комиссия отырыстарының хаттамаларында мәселе талқылауында тараптар ұстанымы мен қатысуы жазылмайды.

Тараптар өкілдерінің 2007-2008 жылдарға қалалық үш жақты келісім мәтінін талқылағаны жөнінде бір де бір хаттама жоқ. Тараптар қабылдаған Келісім нәтижесі тәрізді облыстық келісімнің әр бағыты бойынша нақтылықсыз, мағынасыз облыстық келісім мәтінін іс жүзінде көшіріп алады.

Қалалық келісімді орындау туралы тараптар ұсынған ақпаратта өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауда тараптардың қатысуы нашар қамтылған. Кәсіподақтар мен жұмыс берушілердің ақпараты жалпы түрде беріледі, нақты деректер жоқ, мәселені дамыту динамикасын қамтымайды.

Жезқазған қаласының үш жақты комиссиясының отырыстарында қала кәсіпорындарында ұжымдық келісім-шарт қатынастарын дамыту, шағын және орта бизнесті дамыту, еңбек заңнамасын сақтау, кәсіби науқастық жағдайы сияқты аймақта туындайтын мерзімі жеткен, көкейкесті проблемаларды қарау қолданылмайды. 2006 жылғы қыркүйекте орын алған «Тау-кен жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігінің бірыңғай ережелері мен нормаларын» және техника қауіпсіздігін өрескел бұзу мәселесін талқылауға бастама жасалмаған, соның нәтижесінде Шығыс Жезқазған және Анненский кеніштерінде шахтаның қопарылып құлауына апарып соқтырды және мыс балқыту зауытындағы еңбек дау-дамайының себептері және аймақтың басқа да проблемалары қарастырылмаған.

2005 жылдан бастап қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің штатында әлеуметтік әріптестік мамандарының барлық бірлігі қысқартылған.

Үш жақты әлеуметтік әріптестік жүйесінде Жезқазған қаласы үшін қала құрушы кәсіпорындар, «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС әкімшілігі іс жүзінде қатыспайды. 2003 жылдан бастап қала әкімшілігі «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС басшылығына қалалық үш жақты келісімді жасауға және қол қоюға қатысуына, қала жұмыс берушілері Кеңесінің құрамына кіруге бірнеше рет ұсыныс жасаған болатын, алайда қолданыстағы еңбек заңнамасын бұзып (ҚР Еңбек кодексінің 280 бабы) корпорация басшылығы ұсыныстан бұлтарды.

Қаладағы 849 әрекеттегі ұйымнан 97 ұйымда ұжымдық шарт жасалды. Облыстық үш жақты комиссия мүшелері қалада ұжымдық шарт қатынастары нашар дамуда деп атап көрсетті, соңғы жылдары барлығы 2 ұжымдық шарт қосымша жасалған.

Осы мәселені талқылау нәтижесінде Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясының мүшелері шешім етті:

1. Жезқазған қаласының әкімі М.Т.Танабаевтың әлеуметтік әріптестікті ұйымдастырудағы кемшіліктеріне назар аударып және қолдану:

1.1. қалада әлеуметтік әріптестік жүйесі мен қағидаларын дамыту мәселесін тұрақты бақылауға алу, ҚҮК қызметін басымдықтар қатарына қою, әкімдіктің отырыстарында, мәжілістерінде әлеуметтік әріптестік мәселесін қарау;

1.2. әлеуметтік-еңбек мәселелерін реттеуде және шешуде қалалық үш жақты комиссия рөлі мен статусын арттыру шараларын қолдану;

1.3. қалалық үш жақты келісімді бағдарламалық құжат деңгейіне көтеру;

1.4. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің штатында әлеуметтік әріптестік мамандарының барлық бірлігін енгізу мүмкіндігін қарастыру;

1.5. қалалық үш жақты комиссия мүшелерінің облыс кәсіпкерлері Ассоциациясының өкілдері Г.Т.Құрбанбаевамен, Орталық Қазақстан ассоциациясы кәсіпкерлері Ж.Т.Алдоңғаровпен, облыс кәсіподақтары Федерациясы А.А.Мадияровамен, облыстың еркін кәсіподақтары Конфедерациясы С.Л.Белкинмен кездесуін ұйымдастыру ұсынылсын.

2. Жезқазған қаласының әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссия төрағасына (С.В.Филипович), кәсіподақтар өкілдеріне (З.К.Абдрахманова, А.Ж.Нұралин) және қала жұмыс берушілеріне (Т.М.Магзумов, С.С.Абуладзе) комиссия қызметін ұйымдастыруды жақсартуға бағытталған шаралар қолдану :

2.1. тараптардың әрқайсы комиссия отырысына жоспар сұрақтарын әзірлеуде талқыланатын мәселе бойынша тараптар ұстанымын көрсететін ақпаратты ұсыну, қалада шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін дамыту үшін еңбекті қорғау және қауіпсіздік жағдайын, кәсіптік сырқаттар, ұжымдық-шарттық қатынастар және аймақтың басқа да ең маңызды мәселелерін көтеру;

2.2. ҚҮК шешімдерінде тараптардың әрқайсының ұстанымын көрсету, атқаруға жауаптыларды көрсетіп нақты тапсырмалар беру;

2.3. сұрақтарды алдын-ала және толығырақ әзірлеу мақсатында қалалық үш жақты комиссияның жұмыс тобын құру;

2.4. 2007-2008 жылдарға Жезқазған қаласының әкімі мен қала жұмыс берушілері, кәсіпкерлер ассоциациясы және кәсіподақтар бірлестіктері (қызметкерлері) арасындағы қалалық келісімде қабылданған міндеттемелер мен шарттарды орындауды және қабылданған шешімдерді қамтамасыз етуді;

2.5. қалалық келісімнің әрбір тармағы бойынша қабылданған міндеттемелерді орындау жөніндегі ақпаратты ұсыну;

2.6. «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС әкімшілігіне комиссия жұмысына қатысуға өз өкілін жіберу туралы жазбаша ұсыныспен өтініш білдіру тапсырылсын.

3. Қала жұмыс берушілеріне (Т.М.Магзумов, С.С.Абуладзе) бюджеттік ұйымдар өкілдерінің (Жезқазған гуманитарлық колледжі мен қалалық мемлекеттік инспекциялық қоршаған ортаны қорғау бөлімінің) ротациясын өткізу және қалалық үш жақты комиссияның құрамында қала құрушы кәсіпорындардың уәкілеттігін көздеуді ұсынсын, өз ұйымдарында кәсіподақтардың құрылуына кедергі жасамай, тәжірибеге ұжымдық шарттар қызметкерлерімен жасасуды енгізсін.

4. Осы шешімнің орындалуы туралы әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссияның төрағасы, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары 2008 жылдың екінші жартыжылдығында облыстық үш жақты комиссия отырысында тыңдалсын.

5. Жұмыс тобы (С.Ш.Әкенов) және үйлестіруші жұмыста қолданып, қаперге алу үшін облыстың қалалары мен аудандарының әкімдеріне осы мәселе жөнінде шешім жіберсін, ОҮК шешімін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

6. Осы шешімнің орындалуына жауапты ұйымдардың басшылары әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық үш жақты комиссияға 2008 жылдың 20 қаңтары және 20 шілдесіне дейін ақпарат берсін.

7. Осы шешімнің орындалуын бақылау ОҮК жұмыс тобына (С.Ш.Әкенов) және ОҮК үйлестірушісіне жүктелсін.

Тараптар:
Үш жақты комиссия Облыс кәсіподақтар Облыс жұмыс берушілері

төрағасы Федерациясының төрайымы Кеңесінің төрағасы
А.Базарбаев А.Мадиярова М.Хамитов

Орталық Қазақстан кәсіпкерлері Қарағанды облысының еркін

ассоциациясының Президенті кәсіподақтары Конфедерациясының Президенті
Т.Доскенов С.Белкин
Қарағанды облысының кәсіпкерлері

Ассоциациясының атқарушы директоры Г.Құрбанбаева


Похожие:

Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы №3 хаттама Жезқазған қ. 2007 жылғы 19 қазан «Қазақмыс» iconҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы №3 хаттама Жезқазған қ. 2007 жылғы 19 қазан «Қазақмыс»
Республикасы «Жұмыскерлердің еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгені үшін жұмыс берушінің...
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы №3 хаттама Жезқазған қ. 2007 жылғы 19 қазан «Қазақмыс» iconҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы
Ағымдағы жылда жоспарда көзделген іс-шараларды жүзеге асыру қалалар мен аудандардың бюджеттерінде 513,2 млн теңге қаралған
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы №3 хаттама Жезқазған қ. 2007 жылғы 19 қазан «Қазақмыс» iconҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы
Р ек 124-бабы қарастырылғандай, еңбекақыны көбейту тиісті кезеңге ҚР нормативтік құқықтық актілерімен анықталған инфляция деңгейінен...
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы №3 хаттама Жезқазған қ. 2007 жылғы 19 қазан «Қазақмыс» iconҚарағанды облысының әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия
Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар және Қарағанды облысының әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу...
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы №3 хаттама Жезқазған қ. 2007 жылғы 19 қазан «Қазақмыс» iconҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы
Федерациясы Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, заңнамасын орындауда еңбек шарттары ерекше жұмыстармен...
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы №3 хаттама Жезқазған қ. 2007 жылғы 19 қазан «Қазақмыс» iconҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы
Жұмыскерлерге еңбекақыны, жинақтаушы зейнетақы қорына жұмысшылардың міндетті зейнетақы салымдарын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру...
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы №3 хаттама Жезқазған қ. 2007 жылғы 19 қазан «Қазақмыс» iconӘлеуметтік серіктестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Қарағанды облысының үш жақты комиссиясы №3
Облыстық үш жақты комиссияның 2009 жылғы 31 наурыздағы шешімімен комиссияның үйлестірушісі болып Қарағанды облысының әкімі аппаратының...
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы №3 хаттама Жезқазған қ. 2007 жылғы 19 қазан «Қазақмыс» iconҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы
Жұмыс берушілерге рұқсат бергенде ерекше жағдай жасау жүктеледі: даярлық, қайта даярлау және шетел жұмыс күші тартылатын мамандықтар...
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы №3 хаттама Жезқазған қ. 2007 жылғы 19 қазан «Қазақмыс» iconҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комисиясы
Тарифтерді негізсіз өсіруді болдырмау шаралары және табиғи монополиялар тарифтерін реттеу жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органның...
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы №3 хаттама Жезқазған қ. 2007 жылғы 19 қазан «Қазақмыс» iconҚарағанды облысының әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия №2 Хаттама Қарағанды қ. 2009 жылғы 26 маусым Обләкімдік, Конференц-залы «Централ Азия Цемент»
«Централ Азия Цемент» АҚ қала-салушы кәсіпорындарында тұрақсыз жұмыс кезеңінде жұмыскерлерді қайта оқыту мен жұмысқа орналастыру...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница