Мамандығы 5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі




НазваниеМамандығы 5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі
страница1/12
Дата конвертации16.11.2012
Размер0.55 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


БІЗДЕ КЕЛЕСІ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША БІЛІМ АЛУҒА БОЛАДЫ:
БІЛІМ

Мамандығы 5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі



Біліктілігі – шет тілі бакалавры

Оқу мерзімі – 4 жыл

Бакалавр өзінің кәсіби қызметін жеке тұлғаның шетел тілінің оқу

құралдары арқылы дамуын қамтамасыз ететін шетел тілі білімін меңгеру саласында атқарады.

Түлектердің кәсіби қызметінің нысандары – шетел тілдік үздіксіз және

бірізді білім беретін оқу орындары болып табылады:

- бастауыш, негізгі және профильді мектептер;

- мамандандырылған мектептер;

- орта техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары.

Көрсетілген мамандық бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің нысаны мыналар:

- базалық негізгі шетел тілі бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру;

- тілді арнайы мақсаттар негізінде үйретуге байланысты оқу үдерісін ұйымдастыру;

- оқу үдерісін тілді академиялық мақсаттар негізінде үйретуге байланысты ұйымдастыру;

- екінші шетел тілін оқытуға байланысты оқу үдерісін ұйымдастыру болып табылады.

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

Мамандығы 5В020300 – Тарих



Біліктілігі – тарих бакалавры

Оқу мерзімі – 4 жыл

Тарих бакалаврының кәсіби қызметінің өрісі білім және ғылым, тарихи-білім салалары, мемлекеттік басқару секторы болып табылады.

Маман-тарихшының кәсіби қызметінің нысанадары жалпы білім беретін және арнаулы мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер. Сонымен қатар бакалавр-тарихшылар жоғары оқу орындарында, мемлекеттік мекемелерде және бұқаралық ақпарат салаларында (ғылыми-зерттеу институттары, педагогикалық және тарих кабинеттері, баспалар, әкімшіліктер, кітапханалар, мұрағаттар, мұражай, мамандықты жетілдіру институттары, газеттер, радио, теледидар) қызмет істей алады.

Тарих бакалаврының кәсіби қызметінің нысаны тарихи көздер, соның ішінде мұрағаттық құжаттар, мұражай жәдігерлері, археологиялық-этнографиялық деректер, ұлттық кітапхана қоры, оқу-әдістемелік әдебиет, арнайы ғылыми зерттеулер, қазіргі нормативтік-құқықтық актілер және құжаттар болып табылады.


БІЗДЕ КЕЛЕСІ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША БІЛІМ АЛУҒА БОЛАДЫ:

Мамандығы 5В020500 – Филология


Қазақ филологиясы; орыс филологиясы; шетел филологиясы

Біліктілігіфилология бакалавры

Оқу мерзімі – 4 жыл

Бітіруші бакалавриат мықты лингвист және әдебиеттанушылық білімдерді шетел тілдерін практикалық меңгеру негізінде талап ететін филолог, гуманитарлық бағыттағы орта бейінді және кәсіби, орта мектептен кейінгі кәсіби оқу орындарының, мамандандырылған орта мектептердің, лицей, колледж, гимназиялардың шетел тілі мен әдебиеті оқытушысы; аудармашы; оқу жұмыстарын ұйымдастырушысы; редактор; корректор; референт және т.б. қызметтерді атқара алады.

Бітірушілер қайда жұмыс істей алады:

- гуманитарлық бағыттағы орта бейінді (гимназия, лицей) мен орта мектептен кейінгі кәсіби (колледж) оқу орындары;

- аудармашы қажет ететін мекемелер;

- баспа, радио және теледидар, газет және журнал редакциялары;

- бейінді ғылыми мекемелер, кітапханалар;

мамандықтың бейінімен сәйкес келетін басқа нысаналар.


Мамандығы 5В020700 – Аударма ісі
Мамандануы – аудармашы-референт; гид-аудармашы

Синхроншы - аудармашы; аударма ісі оқытушысы


Біліктілігі – аударма ісінің бакалавр

Оқу мерзімі – 4 жыл

Бітірушілердің кєсiптiк ќызмет нысанасы мєдениет мекемелерi, халыќаралыќ ұйымдар, әр түрлі аќпараттыќ-талдау орталыќтары, елшiлiктер, өкiлдiктер, министрлiктер, туризм агенттiгi, баспалар, аударма бюросы және басқа да ұйымдар мен кәсіпорындар болып табылады.

Негізгі және арнайы алынған дайындыққа байланысты кәсіби қызметінің пәндеріне әр түрлі аудармадағы түрлі жанрдағы және стилдегі мәтіндер, анықтама кітаптар және ақпараттың басқа да түрлері жатады.

Түлек мынадай салаларда қызмет атқаруға дайын:

- әкімшілік-басқару жүйесі саласы;

- білім және ғылым саласы;

- мәдениет және мәдениетаралық қарым-қатынас саласы;

- халықаралық қатынас саласы;

- баспа ісі саласы;

- бұқаралық-ақпараттық құралдар саласы;

- ақпараттық-сараптама саласы және басқа салаларда.


БІЗДЕ КЕЛЕСІ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША БІЛІМ АЛУҒА БОЛАДЫ:
ҚҰҚЫҚ
Мамандығы 5В030100 – Құқықтану

Біліктілігі – құқықтану бакалавры

Оқу мерзімі – 4 жыл

Кәсіби қызметінің саласы:

Мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың құқық саласында туындайтын заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуын қорғау, қамтамасыз ету, кепілдік беру.

Бітірушілердің кәсіптік қызмет нысанасы құқық қорғау органдары; мемлекеттік билік пен басқарудың сот, атқарушы және өкілетті органдары; мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар; адвокаттық мекеме; банкілер; сақтандыру және аудиторлық компаниялар; білім беру ұйымдары бола алады.

Кәсіби қызметінің нысаны:

- құқықтық нормалар;

- заңға қатысы бар оқиғалар мен әрекеттер;

- мемлекеттік және мемлекеттік емес институттарының қызметі саласында пайда болатын құқықтық қатынастар;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жеке және заңды тұлғалардың арасындағы құқықтық қатынастар.


ӨНЕР
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

Мамандығы 5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі iconФилология факультеті 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
Берілетін дәреже: Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын меңгерген және қорытынды мемлекеттік аттестациядан өткен тұлғаларға 5В011900...
Мамандығы 5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі iconОҚУ курстарының каталогы мамандығы 5В011900- шет тілі: екі шет тілі Шымкент 2010 Құрметті студенттер!

Мамандығы 5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
В011900–Шетел тілі: екі шетел тілі (050119-Шет тілі: екі шет тілі) (бакалавриат) мамандығының
Мамандығы 5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі iconСтуденттерге арналған пән бағдарламасы
«Шет тілі: екі шет тілі» мамандықтың студенттеріне жалпы орта кәсеби білім негізінде күндізгі және сырттай оқу бөліміне арналған
Мамандығы 5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі iconМекенжайы: Алматы қаласы телефоны: 377 3339 (13 38) еmail
Дипломатиялық аударма кафедрасында «Халықаралық қатынастар», «Халықаралық құқық» мамандықтары бойынша 1-4 курс бакалавр-студенттерге...
Мамандығы 5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі iconНаурыз Ақнұр Темірбекқызы Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды пайдаланудың тиімділігі
М011900 шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша білім магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Мамандығы 5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі iconҚытай тілі мамндығы бойынша емтихан тақырыптарының тізімі «Базалық шет (шығыс) тілі» пәні
Нәтижелі етістік дегеніміз екі бөліктен тұрады: Етістік (іс-қимылды білдіреді)+нәтиже (сол іс-әрекет немесе нәтижені білдіретін шылау)....
Мамандығы 5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі iconЖанибекова гүлдана бекбайқызы ағылшын тілі сабақтарында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативті біліктілігін дамыту
Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған
Мамандығы 5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі icon«Қазақ тілі-шет тілі немесе екінші тіл ретінде» үздіксіз білім беру моделі арқылы кілтті тапсырмамен қазақ тілін оқытудың типтік оқу-әдістемелік кешенінің стандарт-технологиясын
«Қазақ тілі-шет тілі немесе екінші тіл ретінде» үздіксіз білім беру моделі арқылы кілтті тапсырмамен қазақ тілін оқытудың типтік...
Мамандығы 5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі iconКәсіби шет тілі бойынша (ағылшын тілі) тмд елдері жоғары оқу орындарының лингвистикалық емес техникалық мамандықтары студенттеріне арналған Халықаралық интернет-олимпиада туралы Ереже
Кәсіби шет тіл бойынша (ағылшын тілі) тмд елдері жоғары оқу орындарының лингвистикалық емес техникалық мамандықтары студенттеріне...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница