Спорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру тәртiбiнiң регламентiн бекiту туралы




Скачать 266.74 Kb.
НазваниеСпорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру тәртiбiнiң регламентiн бекiту туралы
страница1/3
Дата конвертации17.11.2012
Размер266.74 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
Спорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру тәртiбiнiң регламентiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 15 шiлдедегi N 06-2-2/214 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылғы 8 тамызда тiркелдi. Тiркеу N 2429
"Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлер Бюллетенi", 2004 ж., N 1-4, 904-құжат.


Қазақстан Республикасының  
Бiлiм және ғылым министрi  
2003 жылғы 15 шiлдеде   
келiсiлдi         
 
Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау министрi 
2003 жылғы 11 шiлдеде  
келiсiлдi         

      Қазақстан Республикасының " Бiлiм туралы ", "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңдарына , "Мектептен тыс ұйымдардың қызметi туралы ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 22 маусымдағы N 849 қаулысына  сәйкес және "Мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiне еңбекақы төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысын  iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Спорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастырудың тәртiбi туралы регламент бекiтiлсiн.
      2. Спорт басқармасы (Ю.П.Гуськов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен келiсе отырып Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде белгiленген тәртiппен тiркеуден өткiзсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды төрағаның орынбасары Е.Б.Қанағатовқа жүктелсiн.
      4. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.

      Төраға

Қазақстан Республикасының   
Туризм және спорт жөнiндегi  
агенттiгi Төрағасының     
2003 жылғы 15 шiлдедегi   
N 06-2-2/214 бұйрығымен   
бекiтiлген          

Спорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастырудың тәртiбi туралы регламент

1. Ұйымдық-әдiстемелiк нұсқаулар

      1. Спорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру тәртiбi туралы регламентi Қазақстан Республикасының " Бiлiм туралы ", "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңдарының , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Мектептен тыс ұйымдардың қызметi ережесiн бекiту туралы" 2001 жылғы 22 маусымдағы N 849 қаулысының  негiзiнде әзiрлендi.

      2. Спорт мектептерi өз қызметiнде мынадай мiндеттердi шешуi қажет:
      - балалар, жасөспiрiмдер мен жастар арасында олардың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты дене жетiлуiне бағытталған дене шынықтыру - сауықтыру және тәрбие жұмысын жүзеге асыруы;
      - оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту жөнiнде тұрақты жұмыс жүргiзу, жалпы бiлiм беретiн мектептерде БЖСМ-да жүргiзiлетiн спорт түрлерi бойынша әдiстемелiк және спорттық-бұқаралық жұмыстарға жан-жақты жәрдем көрсету, спорт мектептерiнiң, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың, олимпиадалық резервтiң мамандандырылған мектептерiнiң, жоғары спорт шеберлiгi мектептерiнiң жұмысындағы сабақтастықты дамытуға ықпал етуi;
      - оларды балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiнде, олимпиадалық резервтiң мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiнде, спорттық бейiмдегi мектеп-интернаттардағы және спорт шеберлiгi мектептерiндегi мамандандырылған сабақтарға тарту үшiн жүйелi оқыту процесiнде қабiлеттi балалар мен жасөспiрiмдер табуы;
      - гигиена және алғашқы медициналық жәрдем саласында, сондай-ақ теориялық негiздi игеру және өз жағдайын бағалаудың қарапайым тәсiлдерiн игеруде оқушылардың қажеттi бiлiм алуын қамтамасыз етуi;
      - мамандандырылған мектептерде, олимпиадалық резервтiң мамандандырылған мектептерiнде және жоғары спорт шеберлiгi мектептерiнде спорт резервiн даярлауды және халықаралық дәрежедегi спортшыларды тәрбиелеудi қамтамасыз етуi қажет.

      3. Осы мiндеттердi шешуде спорт мектептерiнiң басшылары мен жаттықтырушы-оқытушылар құрамы спорт мектептерiнiң күнделiктi қызметiнде мыналарға:
      - жыл бойы тұрақты сабақтар өткiзу үшiн жағдайлар жасау, спортпен шұғылданушыларға қалаған спорт түрiне деген қызығушылықты оятуға;
      - тәрбие жұмысын жүйелi ұйымдастыру, спорттық әдеп, жинақылық, тәртiп, өз ұжымына сүйiспеншiлiк пен берiлгендiк дағдыларын сақтауды жас спортшылардың бойына дарытуға;
      - оқу-жаттығу үдерiсiн жiтi ұйымдастыру, шұғылданушылардың спорттық шеберлiгiн және жiгерлiлiк қасиеттерiн жетiлдiрудiң маңызды шарты ретiнде ғылым мен алдыңғы қатарлы практиканың деректерiн қолдануға;
      - спорт жарыстарын жүйелi өткiзу және өз ұжымындағы, қаладағы, облыстағы және т.б. жарыстарға шұғылданушыларды белсендi қатыстыруға;
      - шұғылданушыларға таңдаған спорт түрi бойынша сабақ сапасының және өнiмдiлiгiнiң маңызды факторы ретiнде қажеттi теориялық бiлiмдi игертуге ерекше назар аударуы қажет.

      4. Спорт мектептерi спортпен шұғылдануға медициналық жағынан терiстеу айғақтары және денсаулығында ауытқушылығы жоқ балалар мен жасөспiрiмдердiң оқуға түсуi және оқуы үшiн тең жағдайлар, ал жоғары жетiстiктер спортында келешегi бар адамдар үшiн олардың спорттық жетiлуi үшiн қажеттi жағдайлар жасайды.

      5. Спорттық жаттығу үдерiсi кезiнде шұғылданушылар мынадай көпжылдық дайындық кезеңдерiнен өтедi:
___________________________________________________________________
  Дайындық кезеңдерi  |Дайындық кезеңi |   Спорт мектептерi
                      |     (жыл)      |
___________________________________________________________________
                                       |   БЖСМ,     МБЖСМ,  ЖСШМ,
                                       |Спорт клубы  ОРМБЖМ   ОДО
___________________________________________________________________
Спорттық-сауықтыру       Барлық кезең         х        *
Алғашқы даярлық          1-3 жыл              +        х
Оқу-жаттығу              4-5 жыл              +        +
Спорттық жетiлдiру       3-4 жыл              х        +      +
Жоғары спорт шеберлiгi   3 және одан          х        +      +
                         да көп жыл
___________________________________________________________________

      Шартты белгiлер:       х - құрылтайшының шешiмi бойынша
                             + - негiзгi қызметi
                             *  - мамандандырылмаған бөлiмшелерде

      Ескерту:  спорттық - сауықтыру даярлау кезеңiнде денсаулықты нығайту және қозғалудың табиғи қажеттiлiгiн қанағаттандыру мақсатында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданғысы келетiн 6 жастан 15-ке дейiнгi балалармен және жасөспiрiмдермен сабақтар өтедi.
      Алғашқы даярлау кезеңiнде осы спорт түрiне белгiленген жасқа сәйкес спортта дарынды балаларды және жасөспiрiмдердi оқу-жаттығу топтарына iрiктеу мақсатында спортпен шұғылданғысы келетiн балалармен сабақтар өтедi.
      Оқу-жаттығу дайындық кезеңiнде таңдаған спорт түрi бойынша мамандану мақсатында алғашқы спорттық даярлау курсын табысты игерген оқушылардың iшiнен топтар жасақталады.
      Спорттық жетiлдiру кезеңiнде елдiң жастар құрама командаларын толықтыру мақсатында бақылау нормативтерiн орындаған және оқу-жаттығу топтарында даярлану кезеңiнен өткен спортшылардың арасынан топтар жасақталады.
      Жоғары спорт шеберлiгi кезеңiнде спорт түрлерi бойынша республиканың ұлттық құрама командаларын толықтыру мақсатында спорттық жетiлдiру кезеңiнен өткен спортшылар арасынан топтар жасақталады.

      6. Көп жылғы спорттық даярлау кезеңiндегi спорт мектептерiнiң қызметiн бағалаудың өлшемi:
      1) Спорттық-сауықтыру
      шұғылданушылар құрамының тұрақтылығы, олардың жаттығу сабақтарына қатысуы;
      шұғылданушылардың дене жетiлуiнiң жеке көрсеткiштерiнiң серпiнi;
      гигиена және өзiн-өзi бақылау негiздерiн игеру деңгейi.
      2) Алғашқы даярлық
      шұғылданушылар құрамының тұрақтылығы;
      шұғылданушылардың дене жетiлуiнiң жеке көрсеткiштерiнiң өсу серпiнi;
      спорт түрлерiнiң техникасын, гигиена және өзiн-өзi бақылау дағдыларын игеру деңгейi.
      3) Оқу-жаттығу
      шұғылданушылардың денсаулық жағдайы, физикалық жетiлу деңгейi;
      шұғылданушылардың жеке ерекшелiктерiне байланысты даярлық деңгейiнiң серпiнi;
      спорт түрлерi бойынша бағдарламаларда көзделген жаттығу жүктемелерiнiң көлемiн игеру;
      бағдарламаның теориялық бөлiмiн игеру.
      4) Спорттық жетiлдiру
      шұғылданушылардың дене жетiлуi мен функциональдық жай-күйiнiң деңгейi;
      спортшыны даярлаудың жеке жоспарында көзделген жаттығу мен жарыс жүктемелерi көлемiн орындауы;
      спорттық-техникалық көрсеткiштердiң серпiнi;
      республикалық жарыстардағы көрсеткiштерi.
      5) Жоғары спорт шеберлiгi
      Республикалық және халықаралық жарыстардағы көрсеткiштердiң тұрақтылығы;
      Қазақстан Республикасы құрама командасының сапына даярланған спортшылар саны;
      Әлем, Азия чемпионаттары мен Азия, Олимпиада ойындарында жоғары орындарды иеленген спортшылар саны.

      7. Осы ережеде анықталған қызметтерден басқа, спорт түрлерi бойынша республикалық және халықаралық негiзгi жарыстарға, республика құрама командаларын қалыптастыру мен даярлау, республика құрама командасына таяу арада резерв, спорттың ойын түрлерi бойынша шеберлер командасын даярлау басты мiндетi болып табылатын республикалық және облыстық (Алматы мен Астана қалаларында қалалық) спорт мектептерi болады.
      Ведомстволық бағыныстылығына, тағылымдамашыларға және республика құрама командасының мүшелiгiне (негiзгi, жастар, жасөспiрiмдер құрамы) қарамастан, республикалық және облыстық спорт мектептерiнiң құрылымында тұрақты әрi өзгермелi спортшы-оқушылар құрамы болады.

2. Спорт мектептерi мен олимпиадалық даярлау
орталықтарын жинақтау және олардың қызметi

      8. Спорт мектептерi жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк-техникалық мектептердiң, колледждер мен жоғары оқу орындарының оқушыларынан, жұмыс iстейтiн жастардан және әскери қызметшiлерден жинақталады.
      Олимпиадалық даярлау орталықтарында, олимпиадалық резерв даярлау орталығында шұғылданушылардың шектелiмi халықаралық спорт ареналарында жоғары нәтижелерге жеткен Қазақстан Республикасының жетекшi спортшыларынан жинақталады.

      9. Спорт мектептерiнiң алғашқы даярлау топтарына қабылдауға арналған балалар мен жасөспiрiмдердiң жасы
___________________________________________________________________
 Жасы   |   Спорт түрлерi
 (жыл)  |
___________________________________________________________________
6-8        Спорттық гимнастика (қыздар), көркем гимнастика,
           мәнерлеп сырғанау
___________________________________________________________________
7-9        Акробатика, су шаңғысы, спорттық гимнастика (ұлдар),
           үстел теннисi, жүзу, суға секiру, керме серiппеде
           секiру, үйлесiмдi жүзу, теннис, ушу, фристайл, шахмат,
           дойбы
___________________________________________________________________
8-10       Бадминтон, баскетбол, қалашық спорты, спорттық
           бағдарлау, футбол, спорттық туризм
___________________________________________________________________
9-11       Бейсбол, биатлон, су добы, волейбол, қол добы, коньки
           спорты, жеңiл атлетика, шаңғы жарысы, шаңғы қоссайысы,
           желкен спорты, шаңғымен тақтай серiппеден секiру, регби,
           көгалдағы хоккей, допты хоккей, шайбалы хоккей,
           шорт-трек, ұлттық ат спорты түрлерi, саят
___________________________________________________________________
10-12      Сомдалу, бильярд спорты, бокс, велоспорт, еркiн күрес,
           кiр тасы спорты, академиялық есу, байдарка мен каноэде
           есу, дзюдо, каратэ-до, кекусинкай, кикбоксинг, грек-рим
           күресi, самбо, шаңғы спорты, шыңға өрмелеу, қазiргi
           көпсайыс, нысана көздеу, таэквандо, триатлон, ауыр
           атлетика, семсерлесу, ат спорты
___________________________________________________________________
11-13      Садақ ату
___________________________________________________________________
12-14      Стенд ату
___________________________________________________________________
13-14      Ауыр атлетика (қыздар)
___________________________________________________________________

      Ескерту:  спорт мектептерi қажет болған жағдайда, құрылтайшының және дене шынықтыру мен спорт жөнiндегi уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша спорт түрлерiнiң жiктемесiне енген ұлттық спорт және өзге спорт түрлерi бойынша алғашқы даярлау тобын аша алады.

      10. Алғашқы даярлау тобында шұғылданушыларға қойылған емтихандарын орындамаған жалпы бiлiм беретiн мектептердiң жасы 6-дан 15-ке дейiнгi оқушыларынан спорттық-сауықтыру топтары құрылады.
      Алғашқы даярлау топтары спортпен шұғылдануға ниеттi жалпы бiлiм беретiн мектептердiң оқушыларынан жинақталады.
      Оқу-жаттығу топтары алғашқы спорттық даярлықтан өткен, жалпы физикалық және арнайы даярлықтың нормативтiк қабылдау талаптарын орындаған спортта дарынды балалар мен жасөспiрiмдерден жинақталады.
      Спорттық жетiлдiру топтары Қазақстан құрама командасының үмiткерлерiнен немесе оның резервтiк құрамының тиiстi емтихандарынан және даярлықтың бұрынғы кезеңiнен өткен оқушылардан жинақталады.

      11. Келесi оқу жылына оқушыларды ауыстыру сабақ өтiлiнiң, олардың жалпы және арнайы дене дайындығы бойынша ауыстыру емтихандарын орындауының негiзiнде жаттықтырушылар кеңесiнiң шешiмiмен жүргiзiледi. Осы талаптарды орындамаған оқушылар келесi оқу жылына көшiрiлмейдi. Жоғары спорт шеберлiгi тобындағы оқушылардан басқа, мұндай спортшылар спорт мектебiнiң педагогикалық кеңесiнiң шешiмiмен даярлау кезеңiнде кемiнде бiр рет оқу жылында қайтадан оқуды жалғастыра алады. Егер осы топтар үшiн белгiленген нормативтер мен талаптарды жыл сайын бекiткен жағдайда, олар спорттық жетiлдiру және жоғары спорт шеберлiгi топтарына қабылданған оқушылардың жасына шек қойылмайды.
      Ескерту:  келесi оқу жылындағы топқа ауысу үшiн белгiленген жасқа жетпеген, бiрақ өткен оқу жылында бағдарламалық талаптарды орындаған жекелеген оқушыларға дәрiгердiң жеке шешiмiмен және педагогикалық кеңестiң шешiмiмен мерзiмiнен бұрын өте алады.

      12. Оқушылар саны, оқу топтарының құрамы және спорт мектебiндегi оқу сағаттарының жылдық есебiн жыл сайын 1 қыркүйекте БЖСМ, ОРМБЖМ, ал жоғары спорт шеберлiгi мектептерi мен олимпиадалық даярлау орталықтарында 1 қаңтарда құрылтайшылар бекiтедi. Жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқу жылы аяқталған кезде, БЖСМ мен ОРМБЖМ топтарының сандық құрамының 50%-iн құрайды.

      13. Спорт мектептерiнiң алғашқы даярлау топтарына оқушыларды қабылдау оқуға түсушiнiң ата-анасының, жалпы бiлiм беретiн мектеп басшылығының келiсiмiмен тұрғылықты жерi бойынша балалар дәрiгерiнiң немесе жалпы бiлiм беретiн мектептiң дәрiгерiнiң жазбаша рұқсатымен жүргiзiледi. Алғашқы даярлау топтарына қабылдау спорт мектебiнiң 25 қыркүйекке дейiнгi бұйрығымен жүргiзiледi. Оқушы топтан шыққан жағдайда, жаттықтырушы-оқытушы оны бiр ай мерзiм iшiнде жасақтауға мiндеттi.

      14. Кейiнгi оқу жылында оқушыларды топтарға қабылдау дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерiнiң қорытындысы негiзiнде, осы топтарға көзделген және құрылтайшы бекiткен жаттықтырушылар кеңесiнiң ұсынысы және бақылау нормативтерiн орындаудың нәтижелерiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
      Қабылдау емтихандарын тапсырмаған оқушылар мектептiң оқу-жаттығу топтарына алынбайды.

      15. Оқушыларды қабылдау және оларды шығару спорт мектебi директорының бұйрығымен рәсiмделедi.
      16. Спорттың ойын түрлерiнен спорт шеберлiгiн көтеруге бағытталған спорт мектептерiнiң оқушылары спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың, спорт колледждерiнiң, жоғары спорт шеберлiгi мектептерiнiң топ құрамына кiрмейдi, бiрақ сол спорт мектебiнiң тәрбиеленушiлерi болып саналады және соның командасына алынады. Топтарды жабдықтағанға дейiн оған алдыңғы оқу жылынан алынған оқушылар қабылдануы мүмкiн. Оқу-жаттығу жұмысының режимi және осы топты толықтыру оқытудың әрбiр кезеңi аяқталғанға дейiн сақталады.
      ЖСШМ, СДБМИ, спорт колледждерiнiң спорттың ойын түрлерi бойынша шеберлер командасы, спорт шеберлiгiн көтеру үшiн спорт мектептерiне жiберiлген жекелеген оқушылар және оқу топтары жарыстардың өту кезеңiнiң iшiнде (1, 2, 4 жыл) номенклатурадағы басшы қызметкерлер мен мамандардың алған өтемақысы сақтала отырып, осы мектептiң төрт жылдық кезеңi iшiнде өтемақы төлеу топтары сақталады.
      Оқу-жаттығу топтарында оқытудың барлық кезеңiнен өткен және СДБМИ-ге, спорт колледждерiне, жоғары спорт шеберлiгi мектептерiне спорттық жетiлдiруге жiберiлген спорт мектептерiнiң "Қазақстан Республикасының спорт шеберi" атағын орындаған оқушылар екi ұйымға да (олимпиадалық кезең бойында) бiрдей есептеледi.
  1   2   3

Похожие:

Спорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру тәртiбiнiң регламентiн бекiту туралы iconДене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубтарының қызметін ұйымдастыру қағидалары Жалпы ережелер
Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубтарының қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі Қағидалар) «Дене шынықтыру...
Спорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру тәртiбiнiң регламентiн бекiту туралы iconҚашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары Жалпы ережелер Осы Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы»
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 29 тармақшасына сәйкес әзірленген және қашықтықтан...
Спорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру тәртiбiнiң регламентiн бекiту туралы iconЛифтiлердiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентiн бекiту туралы
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының...
Спорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру тәртiбiнiң регламентiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 29 желтоқсандағы №2231 Қаулысы
Мұнай-газ кәсiпшiлiгi, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтар қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентiн...
Спорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру тәртiбiнiң регламентiн бекiту туралы icon2011 жылғы 14 сәуір №02-02-18/59 Астана қаласы Спорт ғимараттарын пайдалану ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы»
Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ереженің 14-тармағына сәйкес және спорт ғимараттарын пайдалануды одан әрі жетілдіру,...
Спорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру тәртiбiнiң регламентiн бекiту туралы icon«Азаматтық iстер бойынша сот актiлерiнiң заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулықты бекiту туралы»
Азақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 27 маусымдағы n 37 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде
Спорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру тәртiбiнiң регламентiн бекiту туралы iconТехника-тактикалық әрекеттердің орындалуы биомеханикалық ерекшеліктері, ғылыми-әдістемелік кепілдеменің дара стиль құру
Пәннiң мақсаты – студенттерге заманға сай білім беріп және оларды тәжірбиелі бапкер болуға үйрету, күреспен айналысатындардың әдістерін...
Спорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру тәртiбiнiң регламентiн бекiту туралы iconУақыттың өзгеруімен бірге біз де өзгереміз Времена меняются, и мы меняемся вместе с ними
Университеттің оқу-әдістемелік, нормативті-ақпараттық және ұйымдастыру-кеңестік білім қызметін және оқу үрдісін ұйымдастыру
Спорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру тәртiбiнiң регламентiн бекiту туралы iconКонсервiлер, пресервiлер қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
Консервiлер, пресервiлер қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентiн бекiту туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң...
Спорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру тәртiбiнiң регламентiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 шiлдедегi №731 Қаулысы
Көмiрдiң және оны өндiрудiң, қайта өңдеудiң, сақтаудың және тасымалдаудың өндiрiстiк үдерiстерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница