Спорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру тәртiбiнiң регламентiн бекiту туралы




Скачать 266.74 Kb.
НазваниеСпорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру тәртiбiнiң регламентiн бекiту туралы
страница2/3
Дата конвертации17.11.2012
Размер266.74 Kb.
ТипДокументы
1   2   3

3. Оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру

      17. БЖСМ-да оқу жылы 1 қыркүйектен, ал жоғары спорт шеберлiгi мен олимпиадалық даярлау орталығында 1 қаңтардан басталады. Спорт түрлерi бойынша бөлiмшелердегi оқу-жаттығу сабақтары оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары бойынша оқу-жаттығу сабақтары 52 аптаға есептелген оқу-жаттығу сабақтарында тiкелей спорт мектебiнiң жағдайында, оқу-жаттығу жиындарына қатысуды қоса отырып, жарыстарда, спорттық-сауықтыру лагерьлерiнде және оқушылардың демалысы кезiнде олардың жан-жақты тынығуы үшiн жеке жоспар бойынша тiкелей жүргiзiледi.
      Ереженiң негiзiнде әрбiр спорт мектебi мен олимпиадалық даярлау орталығы өзi таңдаған жұмысты, спорт түрлерiнiң ерекшелiгiн, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етудi, сондай-ақ қалыптасқан дәстүрлердi ескере отырып, өзiнiң қызметiнiң бағдарламасын әзiрлейдi. Қызмет бағдарламасы БЖСМ, МБЖСМ, ОРМБЖМ, ЖСШМ және ОДО-ның педагогикалық ұжымы әзiрлейдi және құрылтайшылар бекiтедi.

      18. Спорт мектептерi, спорт клубтары, жоғары спорт шеберлiгi мектептерi, олимпиадалық даярлау орталықтары және олимпиадалық резерв дайындау орталықтары облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуға жiберiлген командалар мен оқушыларды дайындау үшiн оқу-жаттығу жұмысына арналған қаржы бөлудiң шегiнде ұзақтығы 18 күнге дейiн облыстық және ұзақтығы 24 күнге дейiн республикалық, халықаралық жарыстарға дайындалудың оқу-жаттығу жиындарын өткiзуге құқылы және балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiнде жылына 150 күнге дейiн, жоғары спорт шеберлiгi мектептерi мен спорт клубтарында, олимпиадалық даярлау орталықтары мен олимпиадалық резерв дайындау орталықтарында 250 күнге дейiн оқу-жаттығу жиындарын өткiзуге құқылы.

      19. Спорт мектептерi (БЖСМ, МБЖСМ, ОРМБЖМ және ЖШСМ) жұмысының негiзгi нысандары мыналар:
      оқу-жаттығу жиындары (жеке және топтық);
      оқу-жаттығу жиындарына арналған оқу-жаттығу сабақтары;
      спорт жарыстарына қатысу;
      спорттық-сауықтыру лагерьлерiндегi оқу-жаттығу үдерiсi;
      медициналық қалпына келтiру iс-шаралары;
      теориялық сабақтар;
      оқушылардың нұсқаушылық және төрешiлiк практикасы;
      оқу кинофильмдерiн, киноқайталауларды, кинограммаларды, бейне бағдарламаларды, спорт жарыстарын көру және талдауды;
      перспективалық жоспар құру және бiр жылдық жұмысқа талдау жасау;
      Олимпиадалық даярлау орталықтарында және олимпиада резервiн даярлау орталықтарында оқу-жаттығу сабақтары жаттықтырушы-оқытушының әзiрлеген дайындықтың жеке жоспары бойынша өтедi.
      Спорттық-сауықтыру топтары мен алғашқы даярлау топтарындағы сабақтар жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқу жылы көлемiнде қолда бар спорт ғимараттарын пайдалану арқылы өтiледi. Оқушылар құрамы бар болған жағдайда, белгiленген сандағы топтарға арналған сабақтар демалыс кезiнде де жалғаса беретiн болады.
      Спорттық-сауықтыру топтарындағы және алғашқы даярлау тобындағы бiр сабақтың ұзақтығы кемiнде аптасына төрт рет сабақ өту кезiнде екi-үш академиялық сағаттан аспауы керек; аптасына жүктемесi 20 және одан да көп сағатты құрайтын топтарда аптасына 4 академиялық сағатқа, ал күнiне екi рет жаттығу сабағы кезiнде үш академиялық сағатқа дейiн болуы керек. Спорттық жетiлдiру және жоғары спорт шеберлiгi топтарында төрт академиялық сағаттан болады.
      Қазiргi көпсайыстан сабақтарға қаражат бөлудi ескере отырып, оқу сағаттары 2,5 есеге көбейтiлуi қажет, спорттық және көркем гимнастика, конькиде мәнерлеп сырғанау, суға секiру, акробатика, үйлесiмдi жүзу, биатлон, фристайл, су шаңғысы спорты, триатлонда 2 есеге көбейту, ал шаңғы қоссайысы, жеңiл атлетика көпсайысы, ат спорты, полиатлон, оқу бағдарламасына енбейтiн спорт түрлерi бойынша жаттықтырушы-оқытушылардың еңбек ақысы 1,5 есе көбейтiледi.
      Оқу сабақтарының сағаттар санын көбейту жұмысқа топпен бiрге негiзгi жаттықтырушы-оқытушыны және спорттың ұқсас түрлерi бойынша жаттықтырушы-оқытушыларды жұмысқа бiрден алған жағдайда жүргiзiледi.

      20. Оқу-жаттығу, спорттық жетiлдiру және оқу-жаттығу топтарында сабақ өткiзу үшiн осы топтарға арнап бекiтiлген оқу-жаттығу жұмысы оқу бағдарламасындағы сағат сандарының шегiнде, спорт түрлерiнен негiзгi жаттықтырушы-оқытушыдан басқа, қосымша екiншi жаттықтырушы-оқытушы жұмысқа шақырылады.

      21. Спорттық және көркем гимнастика, акробатика, үйлесiмдi жүзу, конькиде мәнерлеп сырғанау бөлiмшелерiнде оқу-жаттығу сабақтарының жалпы санының 70%-не дейiн музыкалық сүйемелдеумен жүргiзiлуi мүмкiн. Суға секiруде, батутада секiруде, фристайлда сүйемелдеушiлердiң мөлшерлемелерi оқу жоспары бойынша хореографияға бөлiнген жалпы сағат саны есебiнде көзделедi.

      22. Жыл бойғы жаттығулары мен оқушылардың демалысы кезiнде белсендi тынығуды қамтамасыз ету үшiн спорттық-сауықтыру лагерьлерi ұйымдастырылатын болады.

      23. Директор бекiткен жоспар бойынша спорт мектебi оқушылармен идеялық-тәрбиелiк жұмыс ұйымдастырады және жүргiзедi. Спорт мектебiндегi тәрбие жұмысы жеке тұлғаның жан-жақты үйлесiмдi дамуына, Отанды сүюге және ұжым алдындағы жауапкершiлiктi дамытуға ықпал ететiн болады және оқушылардың жасы мен жеке ерекшелiгiн, спорт шеберлiгi деңгейiн ескерiп, жүзеге асырылады.

4. Спорт мектептерiн жинақтау, оқу топтарын толықтыру тәртiбi, оқу-жаттығу жұмысының режiмi

___________________________________________________________________
                 | Оқу  |Топтардағы  |   Оқу топтарын толтыру
                 | жылы |оқу-жаттығу |   Спорт түрi бойынша топтар
                 |      | жұмысының  |
                 |      |  режiмi    |
                 |      | аптасына   |
                 |      |   сағ.     |
___________________________________________________________________
                                     |      1  |  2  |  3  |  4
___________________________________________________________________
       1         |  2   |     3      |      4  |  5  |  6  |  7
___________________________________________________________________
1. Спортшы-оқушыларды спорт мектептерiнiң дайындық кезеңдерiне әзiрлеу
___________________________________________________________________
Жоғары спорт    Барлық
шеберлiгi       кезеңде    32 (36)         3     6     4     2

Спорттық        1 жыл      24              5     6     6     3
жетiлдiру       2 жыл      26              4     6     5     3
                2 жылдан   28              4     6     5     3
                жоғары

Оқу-жаттығу     1 жыл      12              8    12    10     5
                2 жыл      14              8    12    10     4
                3 жыл      18              6    12     8     4
                3 жылдан   20              6    12     8     3
                жоғары

Алғашқы даярлау 1 жылдан    8             14    18    14     8
                жоғары     10             12    16    12     6  

Спорттық        Кезең
сауықтыру       бойы        6             16    20    18    12
___________________________________________________________________
2. Дене шынықтыру және спорт ұйымдарында шұғылданушыларды даярлау
___________________________________________________________________
Спорт           Кезең 
секциялары      бойы        6            16     20    18    12

Дене шынық.
тыру-сауықтыру
(спорт
түрлерiне       Кезең
қарамастан)     бойы        6            20     20    20    20
___________________________________________________________________

      Ескерту:  спорт түрлерi бойынша жаттықтырушы-оқытушының мөлшерлемесi аптасына 24 сағат көлемiнде бекiтiледi. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз мектебiндегi спорт түрi бойынша жаттықтырушы-оқытушыларға арналған мөлшерлемелердiң есебiнен ақы төлеу арқылы спорт мектебiнiң директорына, оқу бөлiмiнiң меңгерушiсiне (директордың орынбасарына), аға нұсқаушы-әдiскерге және нұсқаушы-әдiскерге күнiне (аптасына 12 сағат) 2 сағат сабақ өткiзуге рұқсат етiледi;
      Мәнерлеп сырғанаудан спорттық және би жұптары үшiн спорттық жетiлдiру және жоғары спорт шеберлiгiнiң кезеңiнде топтар саны 4 адамға толығады;
      Оқу топтарының құрамында (ЖСШТ) Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының негiзгi құраманың мүшесi бар болған жағдайда, спорт түрi бойынша осы топтың аптасына сағат саны 36-ға дейiн артуы мүмкiн;
      спорт секцияларында және дене шынықтыру-сауықтыру топтарында оқу оқытушылық жұмыстың нақты режимi шұғылданушылардың көрсетiлген шектелiмiне арналған оқу бағдарламасына сәйкес белгiленедi;
      жекелеген жағдайда спорттық жетiлдiру және жоғары спорт шеберлiгiнiң кезеңiне арналған оқу топтарының сандық құрамы спорт мектебi басшылығының шешiмi және жаттықтырушылар кеңесiнiң қорытындысы бойынша 1-2 адамға көбейiп, бекiтiледi;
      1-топқа: акробатика, биатлон, бобслей, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, тау шаңғысы спорты, шаңғы қоссайысы, ат спорты, жеңiл атлетика көпсайысы, сырықпен секiру, батутада секiру, шаңғымен серiппе тақтайдан секiру, шана спорты, үйлесiмдi жүзу, шыңға өрмелеу, садақ ату, нысана көздеу, стенд ату, қазiргi көпсайыс, мәнерлеп сырғанау, фристайл, семсерлесу, велоспорт (трек, тас жол), су шаңғысы спорты, автомобиль, мотоцикл, су моторлы, су асты, ұшақ, тiкұшақ, желкерме, планер, дельта планер спорт түрлерi, спорттық жүрiс, марафон, триатлон, полиатлон және қолданбалы спорт түрлерi жатады;
      2-топқа спорттың командалық ойын түрлерi жатады, көкпар;
      3-топқа спорттың қалған түрлерiнiң бәрi жатады;
      4-топқа ұлттық ат спорты түрлерi (бәйге, аламан бәйге, жорға, қыз қуу) қыран құстармен аң аулау-саят, аударыспақ, сайыс, теңге алу жатады;
      1-топқа енген спорт түрлерiнде негiзгi жаттықтырушыдан басқа ұқсас спорт түрлерiнiң бапкерлерi, сондай-ақ хореографтар, сүйемелдеушiлер жұмысқа шақырылады. Олардың еңбегiне ақы төлеу мөлшерi оқу бағдарламасының талаптарын ескере отырып, белгiленедi және негiзгi жаттықтырушыға белгiленген нормативтен 50%-ке артық болмауы қажет;
      кезектi оқу жылы мен даярлау кезеңiне ауысу емтихандарын тапсырмаған (оқу-жаттығу, спорттық жетiлдiру, жоғары спорт шеберлiгi) спортшы-оқушыларды қабылдау жарыстағы көрсеткiштерi жақсарған жағдайда және жалпы, арнайы және техникалық даярлау сынақтарынан өткенде және дайындық кезеңi бойынша олардың спорт шеберлiгiнiң ауысу емтихандарын орындаған жағдайда жүргiзiледi;
      спорт мектептерiнде спортшы-оқушылардың шеберлiк деңгейiне мынадай талаптар қойылады;
      өткен жылы спорттың командалық түрлерiнде спорт шеберлiгiнен кандидат разряды талаптарын орындаған және сол разрядты бекiткен, ал қалған спорт түрлерiнде "Қазақстан Республикасының спорт шеберi" атағынан кем емес спорт атағы бар жоғары спорт атағының талаптарын орындаған спортшы-оқушылар жоғары спорт шеберлiгi кезеңiне алынады;
      спорттық жетiлдiру кезеңiне спорт түрлерi бойынша бағдарламаның нормативтiк талаптарын орындаған және алдыңғы жылы спорттың командалық ойын түрлерiнен 18 жастан асқан спортшылар үшiн коньки спорты мен жеңiл атлетикадан бiрiншi спорттық разрядты, ал қалған спорт түрлерiнде "Спорт шеберлiгiнен үмiткер" талаптарын орындаған спортшы-оқушылар қабылданады;
      оқу-жаттығу процесiнде алғашқы даярлау кезеңiнде бiр оқу жылын аяқтаған спортшы-оқушылар қабылданады.

      24. Спорт мектептерiнiң, спорт клубтарының, олимпиадалық даярлау орталықтарының жаттықтырушы-оқытушылар құрамының жұмысы:
      алғашқы даярлау топтарындағы оқу топтарының тұрақтылығы БЖСМ бағдарламаларын игеру деңгейi, жалпы дене дайындығы, оқу-жаттығу топтарына конкурс бойынша түскен шұғылданушылардың саны ескерiле отырып;
      оқу-жаттығу топтарында топ құрамының тұрақтылығы ескерiле отырып, жалпы және арнаулы дене дайындығының нормативтiк көрсеткiштерiн орындаған, жарыстарда нәтижелерге жеткен түлектерiнiң арасынан қоғамдық нұсқаушылар мен спорт жөнiндегi төрешiлердi дайындауына;
      спорттық жетiлдiру топтарында шұғылданушылардың бағдарламалық талаптарды, соның iшiнде спорттық даярлау бойынша ел құрама командаларына даярланған үмiткерлер саны, республикалық және халықаралық жарыстардағы нәтижелерiне;
      жоғары спорт шеберлiгi топтарында елдiң құрама командаларына (негiзгi және резервтiк құрам) даярланған үмiткерлердiң санын ескере отырып, олардың республикалық және халықаралық жарыстардағы көрсеткен нәтижелерiне байланысты бағаланады.

      25. Спортшыларды даярлауда қол жеткен табыстарына және оқушыларды СДБМИ, ЖШСМ, ОРМБЖМ-ге жiбергенi үшiн жаттықтырушы-оқытушылар белгiленген тәртiппен бiлiктiлiк санаттарына, құрметтi атақтарға, грамотаға және басқа да ынталандыру шараларына ұсынылады.

      26. БЖСМ, ОРМБЖМ, ЖШСМ және МБЖСМ-да педагогикалық кеңес құрылады, оның құрамында: директор (кеңестiң төрағасы), оқу бөлiмiнiң меңгерушiсi (төрағаның орынбасары), аға нұсқаушы-әдiскер, спорт жөнiндегi аға жаттықтырушы-оқытушылар, дәрiгер, ата-аналар комитетiнiң төрағасы, бiлiм, кәсiптiк бiлiм, дене шынықтыру органдарының, кәсiподақ және басқа қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi болады.
      Педагогикалық кеңес кемiнде тоқсан сайын бiр рет өткiзiледi. Ол өзiнiң отырысында оқу-жаттығу, идеялық-тәрбиелiк, әдiстемелiк, спорттық-бұқаралық жұмыстарды, дәрiгерлiк бақылауды тыңдап, талқылайды және солар бойынша шешiмдер қабылдайды.

      27. Спорт түрлерi бойынша бөлiмшелерде егер олардың әрқайсысының басшылығымен толық жүктемемен кемiнде 3 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс iстейтiн болса, онда мектеп директорының бұйрығымен жетекшi жаттықтырушы-оқытушылар арасынан бөлiмшенiң аға жаттықтырушы-оқытушылары тағайындалады. Бұл ретте екi қосымша жұмыс iстеушi бiр жаттықтырушы-оқытушы штаты болып есептеледi. Аға жаттықтырушы-оқытушылар бөлiмшеге түгелдей басшылық жасау үшiн де, оқу кезеңдерi, жасөспiрiмдер мен қыздардың құрамы бойынша да тағайындалады.

      28. Спорт түрлерiнен бөлiмшелерде жаттықтырушылар кеңесi құрылады, онда спорт жөнiндегi аға жаттықтырушы-оқытушылардың басшылығымен оқу-жаттығу, тәрбие жұмысы, спортшыларды даярлаудың жеке жоспары, жарыстарға қатысу мәселелерi қаралады, спорт жөнiнен жаттықтырушы-оқытушылардың жаттығу процесiн жетiлдiрудiң әдiстемелерi, ашық жаттығу сабақтарын өткiзу, соңынан оларды талқылау және тәжiрибе алмасу жөнiндегi хабарламалары мен баяндамалары тыңдалады.

      29. Бүкiл спорт мектептерiнiң толық немесе мектептiң спорт түрiнен бөлiмшесiнiң жұмыс нәтижелерi бойынша олимпиадалық емес спорт түрлерi бойынша мамандандырылған мектеп (бөлiмше) МБЖСМ мәртебесi және олимпиадалық спорт түрлерi бойынша (ОРМБЖМ) мамандандырылған мектеп мәртебесi берiлуi мүмкiн.
      МБЖСМ-ға егер осы спорт мектебiнде кемiнде 2/3 бөлiмшенiң мамандандырылған, олимпиадалық резервтiң мамандандырылған атағы болған жағдайда олимпиадалық резерв мәртебесi берiледi.
      БЖСМ-да "Қазақстан Республикасының спорт шеберi" атағын иеленген спортшыларды даярлау немесе Қазақстан Республикасының чемпиондарын, немесе бiрiншiлiктерге, Азия, әлем чемпионаттарына, Азия және Олимпиада ойындарына қатысушыларды тiкелей даярлау спорт мектебiне мамандандырылған мәртебе берудiң шарты болып табылады.
      Осы спорт түрi бойынша спорттық жетiлдiрудiң кемiнде екi тобын жасақтау үшiн адам құрамы жеткiлiктi болған жағдайда спорт мектебiнiң бөлiмшесiне спорт түрiнен мамандандырылған мәртебесi берiлуi мүмкiн.
      Мамандандырылған мектептер (МБЖСМ, МОРБСМ, бөлiмшелер) ашу мен осы мектептер (бөлiмшелер) үшiн көзделген еңбекке ақы төлеу шарттарын ендiру құрылтайшының шешiмi бойынша жүргiзiледi және оны дене шынықтыру мен спорт саласындағы республикалық уәкiлеттi орган бекiтедi.
      Төрт жыл өткеннен кейiн МБЖСМ, ОРМБЖМ және мамандандырылған бөлiмшелер белгiленген тәртiппен қайта бекiтiледi.
      МБЖСМ, ОРМБЖМ және мамандандырылған бөлiмшелер, спорт түрлерiнен олимпиадалық резервтiң мамандандырылған бөлiмшелерi жұмыс көрсеткiштерiн төмендеткен жағдайда, құрылтайшының шешiмiмен және дене шынықтыру мен спорт жөнiндегi уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша БЖСМ-ға көзделген еңбекке ақы төлеу шарттарына көшiрiлуi мүмкiн.
      БЖСМ және спорттан бөлiмшелер жұмыстарын жақсартқан жағдайда, жалпы негiзде мамандандырылған номенклатураға көшiрiлуi мүмкiн.

      30. Спорт мектептерiнде спорт түрлерiнен бөлiмшелер алғашқы даярлау тобынан, оқу-жаттығу топтарынан және спорттық жетiлдiру топтарынан құрылады. Спорттық жетiлдiру топтары топтардың жеке тiзiмi бекiтiлген жағдайда дене шынықтыру мен спорт саласындағы облыстық уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша спорттық жетiлдiру топтарынан құрылтайшының шешiмi бойынша жасақталады.
      Мамандандырылған спорт мектептерiнде оқу-жаттығу топтарының жұмысы жоғары дәрежеге жеткен жағдайда жоғары спорт шеберлiгi топтары ашылатын болады.
      Жоғары спорт шеберлiгi тобының топ құрамының жеке тiзiмi бекiтiлген жағдайда, дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша құрылтайшының шешiмiмен ашылады.
1   2   3

Похожие:

Спорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру тәртiбiнiң регламентiн бекiту туралы iconДене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубтарының қызметін ұйымдастыру қағидалары Жалпы ережелер
Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубтарының қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі Қағидалар) «Дене шынықтыру...
Спорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру тәртiбiнiң регламентiн бекiту туралы iconҚашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары Жалпы ережелер Осы Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы»
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 29 тармақшасына сәйкес әзірленген және қашықтықтан...
Спорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру тәртiбiнiң регламентiн бекiту туралы iconЛифтiлердiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентiн бекiту туралы
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының...
Спорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру тәртiбiнiң регламентiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 29 желтоқсандағы №2231 Қаулысы
Мұнай-газ кәсiпшiлiгi, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтар қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентiн...
Спорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру тәртiбiнiң регламентiн бекiту туралы icon2011 жылғы 14 сәуір №02-02-18/59 Астана қаласы Спорт ғимараттарын пайдалану ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы»
Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ереженің 14-тармағына сәйкес және спорт ғимараттарын пайдалануды одан әрі жетілдіру,...
Спорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру тәртiбiнiң регламентiн бекiту туралы icon«Азаматтық iстер бойынша сот актiлерiнiң заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулықты бекiту туралы»
Азақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 27 маусымдағы n 37 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде
Спорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру тәртiбiнiң регламентiн бекiту туралы iconТехника-тактикалық әрекеттердің орындалуы биомеханикалық ерекшеліктері, ғылыми-әдістемелік кепілдеменің дара стиль құру
Пәннiң мақсаты – студенттерге заманға сай білім беріп және оларды тәжірбиелі бапкер болуға үйрету, күреспен айналысатындардың әдістерін...
Спорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру тәртiбiнiң регламентiн бекiту туралы iconУақыттың өзгеруімен бірге біз де өзгереміз Времена меняются, и мы меняемся вместе с ними
Университеттің оқу-әдістемелік, нормативті-ақпараттық және ұйымдастыру-кеңестік білім қызметін және оқу үрдісін ұйымдастыру
Спорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру тәртiбiнiң регламентiн бекiту туралы iconКонсервiлер, пресервiлер қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
Консервiлер, пресервiлер қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентiн бекiту туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң...
Спорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру тәртiбiнiң регламентiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 шiлдедегi №731 Қаулысы
Көмiрдiң және оны өндiрудiң, қайта өңдеудiң, сақтаудың және тасымалдаудың өндiрiстiк үдерiстерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница