Скачать 6.11 Mb.
|
§ 7. Өндірістік бақылау тобы 635. Зертханашы-дәрігер (провизор), зертханашы, санитар лауазымдары жылына 15 тоннаға дейін плазма фракциялағанда қызметкерлердің әрбір санатына 1 лауазымнан және 15 тоннадан астам әрбір 5 тоннаға қызметкерлердің әрбір категориясы үшін 0,25 лауазым есебінен белгіленеді. § 8. Техникалық бақылау бөлімі 636. Бөлім меңгерушісі - 1 лауазым. 637. Аға зертханашы - 1 лауазым. 638. Қан препараттары өндірісін бақылау тобы үшін мына лауазымдар белгіленеді: зертханашы-дәрігер (провизор), зертханашы (фельдшер-зертханашы), тазалықшы лауазымдары әрбір 90 серияға қызметкерлердің категориясына сәйкес 1,5, 3, 1 есебімен және 90-нан астам сериялар үшін әрбір 50 серияға, әрбір қызметкерлердің категориясына сай 0,5, 0,75, 075 сәйкестікпен белгіленеді. 639. Технологиялық жабдықтардың жұмысын қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық жұмысшылардың штаты (электриктер, тоңазытқыш жөндеушілер, КИПиА және т.б.) салалық нормаларға сәйкес қолданылатын жабдықтардың, қондырғылардың санына қарай анықталады. 640. Қан орталықтарының үлгілік штаты және штат нормативтеріне сәйкес қан өнімдерін дайындау, қан және плазманы қайта өндеу бойынша бекітілген мемлекеттік тапсырыстың жылдық көлемі негізінде ҚО штат саны белгіленеді. 641. Зертхана меңгерушісі зертханашы-дәрігерінің өндірістік жүктемесін орындайды: толық - құрылымдық бөлімшенің штатында жоғары және орта білімді қызметкер саны 5-ке дейін болғанда; 50%-ға дейін көлемінде - құрылымдық бөлімшенің штатында жоғары және орта білімді қызметкер саны 5-тен көп болғанда. Басқа бөлімшелердің меңгерушілері дәрігер жұмысын 50%-ға дейін көлемде орындайды. 642. ҚО құрылымдық бөлімшелерінің аға медициналық бикелері медициналық бике жұмысын 50%-ға дейін көлемінде істейді. § 9. Дайын өнім қоймасының үлгі штаттары (қан препараттарын жасау өндірісі болғанда) 643. Қойма меңгерушісі (медбике, фармацевт), экспедитор, санитар лауазымдары қан препараттарын жасайтын 1-2 санаттағы ҚО қызметкерлердің әрбір санатына 1 ставка есебінен белгіленеді. 2-тарау. Виварийдің үлгі штаттары 644. Меңгеруші, зоотехник, ветеринариялық дәрігер, автоклавер және санитар лауазымдары ерітінділерді дайындайтын ҚО вивариилерінің әрқайсысына 1 ставка есебінен белгіленеді. 645. Жануарларға қызмет көрсететін жұмысшы лауазымы жануарларды тамақтандыру кестесін есепке алғанда 2 ставка есебінен белгіленеді. 646. Зертханашы лауазымы бір кезекшілікке 4,5 ставка есебінен белгіленеді. 647. Санитар лауазымы дәрігер және зертханашының әр 5 ставкасына (екеуін қосқанда) 2 ставка есебінен белгіленеді. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.27.01. № 55 бұйрығымен 13-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13-тарау. Дің жасушалары банкінің үлгі штаттары 648. Банк меңгерушісі - трансфузиолог-дәрігері - 1 ставка, аға мейірбике - 1 ставка, медициналық мекемелермен байланыс жөніндегі менеджер - 1 ставка, шаруа-бикесі - 1 ставка. 649. Трансфузиолог-дәрігері - 3 ставка (сепарациялау, дің жасушаларын мұздату және сақтау). 650. Цитометрия зертханасы (дің жасушаларын сепарациялау, цитометрия, өмірге қабілеттілігін бақылау үшін): Зертханашы-дәрігер - 4,5; Медициналық бике - 4 ставка; Фельдшер-зертханашы (зертханашы) - 4,5 ставка; Медициналық тіркеуші - 2 ставка; Тазалықшы - 3 ставка; Аппаратшы (техник) - 3 ставка. 4-бөлім. Қан орталықтары жедел және шұғыл медициналық жәрдем ұйымдарды стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының әкімшілік-шаруашылық, жалпы аурухана қызметкерлер құрамы және емхана бөлімшесінің үлгі штаттары мен штат нормативтері 14-тарау. Стационарлық көмек көрсететін және амбулаториялық-емхана бөлімшелері бар денсаулық сақтау ұйымдары 651. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының әкімшілік-шаруашылық, жалпы аурухана персоналы және емхана бөлімшесінің үлгі штаттары және штат нормативтері осы Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына 7-қосымшаға сәйкес белгіленеді. 15-тарау. Стационарлық көмек көрсететін және амбулаториялық-емханалық бөлімшелері жоқ денсаулық сақтау ұйымдары 652. Амбулаториялық-емханалық бөлімшелері жоқ стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының әкімшілік-шаруашылық, жалпы аурухана персоналының үлгі штаттары және штат нормативтері осы Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына 8-қосымшаға сәйкес белгіленеді. 16-тарау. Қан орталықтары 653. Қан орталықтарының әкімшілік-шаруашылық, жалпы аурухана персоналының үлгі штаттары және штат нормативтері осы Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына 9-қосымшаға сәйкес белгіленеді. 654. 1 сантты ҚО қосымша № 152 арнайы медициналық жабдықтау қоймасы енгізіледі: қойма меңгерушісі (провизор, фармацевт) - 1 лауазым; мейірбике (фармацевт)- 1 ставка; бухгалтер - 1 ставка; қойма үй-жайларын тазалаушы- 1 ставка; аула тазалаушы - 1 ставка; жүк тиеуші - 1 ставка. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.27.01. № 55 бұйрығымен 655-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 655. Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі барлық қан орталықтарында құрылады. Штат саны: 1) 1-санаттағы ҚО үшін: бөлім меңгерушісі - 1 лауазым; жүйелік бас әкімші - 1 лауазым; жүйелік инженер - 2 лауазым; бағдарламашы - 1 лауазым; дерекқор жөніндегі маман - 2 лауазым; 2) 2-4-санаттағы ҚО үшін: бөлім меңгерушісі - 1 лауазым; жүйелік бас әкімші - 1 лауазым; жүйелік инженер - 1 лауазым; бағдарламашы - 1 лауазым: мәліметтер базасы жөніндегі маман - 1 лауазым есебінен анықталады. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.27.01. № 55 бұйрығымен 655-1-тармақпен толықтырылды 655-1. Ұйымдастыру-әдістемелік бөлім: бөлім меңгерушісі - 1-4-санаттағы ҚО-да 1 лауазым; әдіскер-дәрігер - 1-санаттағы ҚО-да 1 лауазым; медициналық статистик - 1-4-санаттағы ҚО-да 2 лауазым. 17-тарау. Жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциялары 656. Жедел және шұғыл медициналық жәрдем станцияларының штат үлгілері мен штат нормативтері осы Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына 10-қосымшаға сәйкес белгіленеді. 18-тарау. Ұйымның жұмыс істеуінің және жұмыс көлемінің және қызмет етудің ұйымдастырушылық-техникалық жағдайына байланысты енгізілетін лауазымдар (мамандықтар) 657. Ұйымның жұмыс істеуінің және жұмыс көлемінің және қызмет етудің ұйымдастырушылық-техникалық жағдайына байланысты енгізілетін лауазымдар (мамандықтар) осы Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына 11-қосымшаға сәйкес белгіленеді. 19-тарау. Денсаулық сақтау ұйымдары бухгалтерияларының қызметкерлер құрамының штат нормативтері 658. Бухгалтердің лауазымы әр бухгалтерияда белгіленеді. 659. Бас бухгалтердің орынбасарының лауазымы 5-тен 10-ға дейінгі бухгалтер лауазымдары бар бухгалтерияда - 1 лауазым; 11-ден астам бухгалтер лауазымдары бар бухгалтерияда - 2 лауазым белгіленеді. 660. Есеп тобы жетекшісінің лауазымы бір немесе одан да көп функциялық топтарының әрбіріне 4-8 бухгалтер лауазымы біреуінің орнына тиіс болып белгіленеді. Көрсетілген лауазымдар жылдық бюджет есеп көлемі және бюджеттен тыс шығыс қызмет көрсетілетін ұйымдардың 100 000-нан жоғары 1 ең төмен есеп көрсеткіш бухгалтерияларына бекітіледі. 661. Аға бухгалтерлердің лауазымдары бухгалтерлер лауазымдарының орнына енгізіледі. Аға бухгалтерлер лауазымдары саны штат бойынша бекітілген бухгалтерлер санынан 50% аспауы керек. 662. Тамақ өнімдерін калькуляциялау және есеп бойынша жұмыс істейтін бухгалтерлердің лауазымы (балалар үйлеріндегі) 300 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді. 663. Материалдық құндылықтардың есебі бойынша бухгалтерлердің лауазымы 1 лауазым есебінен белгіленеді: (балалар үйлеріндегі) 300 төсек; стационарлары жоқ ұйымдарға 100 дәрігерлік лауазым. 664. Жұмыскерлер және қызметкерлермен есеп жүргізу жөніндегі бухгалтерлердің лауазымдары 200 жұмыскерге 1 лауазым есебінен белгіленеді. 665. Қаржы есеп бойынша бухгалтерлердің лауазымдары 60000 ең төмен айлық есеп көрсеткішінен жылдық бюджет есеп көлемі және бюджеттен тыс шығыстарына 1 лауазым есебінен белгіленеді. Қаржы есебі бойынша бухгалтерлердің лауазымы белгіленеді: қазынашылық жүйе және мемлекеттік сатып алу арқылы кассалық операция жасау үшін 1 лауазым; 1 және 2-санаттағы қан орталықтарына қызмет көрсету үшін 1 лауазым; медициналық жедел жәрдем көрсету қызмет көрсетілетін (бөлімшелерде) станцияларда жылына 100000-100000-нан астам шақыртулар үшін 1 лауазым. 666. Аға кассир лауазымы 500 қызметкерден астам және карта - есебі бойынша қызмет көрсетілмейтін ұйымдарда бір кассир лауазымының орнына 10 осы үлгілік штат бойынша тиісті болып белгіленеді. 667. Кассир лауазымы әр бухгалтерияда белгіленеді. Тікелей халықпен қаржы есебін жүргізген кезде қосымша кассир лауазымдары белгіленеді: күніне өткізу қабілеттілігімен асүйлерде қызмет көрсету үшін: 2 мыңға дейін бір кісілік үлес мөлшер үшін - 0,5 лауазым; 2 мыңнан жоғары бір кісілік үлес мөлшер үшін - 1 лауазым; ақылы донорлардан алынған дайындалған 2 мың литрден аз емес қан құю бөлімшесі бар болған жағдайда - 0,5 лауазым; денсаулық сақтау ұйымдары ақылы қызмет көрсеткенде ауысымына 1 лауазым. 668. Қаржы жұмысы жөніндегі аға экономист лауазымы 60000 ең төмен айлық есеп көрсеткішінен жылдық бюджет есеп көлемі және бюджеттен тыс шығыстар бар және экономисттің 2 лауазымы болған жағдайда белгіленеді; 669. Қаржы жұмысы жөніндегі экономисттің лауазымы белгіленеді: 60000-нан ең төмен есеп көрсеткішінен жылдық бюджет есеп көлемі және бюджеттен тыс шығыстар бар және 60000-нан жоғары ең төмен есеп көрсеткішінен жылдық бюджет есеп көлемі және бюджеттен тыс шығыстар бар жағдайда 2 лауазым белгіленеді; медициналық жедел жәрдем станцияларында жылына 100000 шақыртуға 1 лауазым; сот-медициналық сараптама қызмет көрсету бюросындағы 60 дәрігерлік лауазымға 1 лауазым. 670. бухгалтерлер саны 4-тен 6-ға дейін болса 0,5 машинист лауазымы, ал осы саннан асса 1 лауазым белгіленеді. 671. Бухгалтерияда шаруашылық қызмет көрсету (тазалау және жайды жөндеу аппараттар мен жабдықтарды ағымдағы қарау және т.б) жұмысын ұйымның қызметкерлері орындайды. 672. Штаттарды бекіткен жағдайда 0,5 лауазымынан кем лауазым белгіленбеуі тиіс. Лауазымдар есептегенде 0,25 дейінгі қорытынды сандар шегіндіріледі, 0,25 жоғары 0,75 дейін, 0,5 дейін жинақталынады және 0,75 жоғары - бірлікке дейін жинақталынады. 673. Лауазымдарды қолданыстағы үлгілік штаттармен көзделгеннен артық рұқсат берілмейді. Орган (ұйым) басшысы ведомостволық бағынысты бухгалтерияларда бюджеттік бағдарлама әкімшісінің рұқсатымен топ басшыларының бір лауазым есебінен бас бухгалтердің орынбасары ретінде үшінші лауазымын енгізе алады. |