Курстық ЖҰмыс тақырыптары және оны орындау мен безендіру бойынша әдістемелік нүСҚаулар «Экономикалық зерттеу әдістемесі» пәні бойынша




Скачать 159.17 Kb.
НазваниеКурстық ЖҰмыс тақырыптары және оны орындау мен безендіру бойынша әдістемелік нүСҚаулар «Экономикалық зерттеу әдістемесі» пәні бойынша
Дата конвертации12.02.2013
Размер159.17 Kb.
ТипДокументы
Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

Оқу-әдістемелік кеңестің

отырысында «Бекітілді»

(хаттама № __

«__» ________20__г.)

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ОРЫНДАУ МЕН БЕЗЕНДІРУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҮСҚАУЛАР

«Экономикалық зерттеу әдістемесі» пәні бойынша

6М0508 «Есеп және аудит» мамандығы


оқу нысаны - күндізгі



Астана, 2012



6М0508 «Есеп және аудит» мамандағы магистранттарына арналған «Экономикалық зерттеу әдістемесі» пәні бойынша курстық жұмыс тақырыптары және оны орындау мен безеңдіру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар аталмаш мамандықтың оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес «Есеп және аудит» кафедрасының профессоры Утибаев Б.С. құрастырды.

Әдістемелік нұсқаулар «Есеп және аудит» кафедрасының отырысында талқыланып, қолданды.
«___» 20 ___жыл, хаттама № ___
Кафедра меңгерушісі ____________э.ғ.д., профессор м.а. М.Қ. Әлиев

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінде қаралып, пайдалануға ұсынылды
«___» 20 ___жыл, хаттама № ___

Оқу-әдістемелік кеңесінің төрайымы_________э.ғ.д., профессор С.С. Сағынтаева



КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ



Курстық жұмыстың арнайы элементтері келесі түрде орналасуы тиісті:

  • титул беті (үлгісін қосымшамада қараңыз);

  • мазмұны (тура осылай «мазмұны», «жоспар» емес);

  • кіріспе;

  • теориялық тарау («теориялық тарау» деген сөздер жазылмайды, «1 ТАРАУ» деген сөзден кейін тараудың атауы жазылады);

  • тәжірибелік тарау (тексте «тәжірибелік тарау» де жазылмайды, «2 ТАРАУ» деген сөзден кейін тараудың атауы жазылады);

  • қорытынды;

  • пайдаланған әдебиеттер тізімі (тура осылай, «әдебиеттер тізімі» емес);

  • қосымшалар (егерде олар болса).

Әрбір элемент жаңа беттен басталады. Жоғарыда келтірілген элементтердің бірі болмаған жағдай жұмыстың бағасына әсер етеді.

Курстық жұмыстың көлемі (қосымшаларсыз) компьютерлік текспен 25-30 парақтан аспауы тиіс.
ЖҰМЫС МАЗМҰНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


1. Кіріспенің мазмұны. Кіріспеде келесі сұрақтар қарастырылуы тиіс (көрсетілген тәртіп бойнша):

  • таңдалған тақырып өзектілігі;

  • тақырып бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың негізгі зерттеулері;

  • зерттеу мақсаты;

  • қойылған зерттеу мақсатына байланысты міндеттер;

  • зерттеу объектісі;

  • зерттеу пәні;

  • зерттеу әдістері.

Өзектілікте автор тақырыптың бүгінгі күннің зерттеулік деңгейін және оның ғылыми және/немесе тәжірибелік мәнін дәлелдейді. Сонымен бірге тақырып бойынша әдебиеттерге қысқаша шолу жасау қажет, мысалы, осы тақырып жөнінде еңбектері бар белгілі ғалымдарды атап өту (еңбектерін атамай).

Зерттеу мақсаты – жұмысты орындау барысында жетуге тиісті алға қойылған нәтиже.

Міндеттер – мақсатпен байланысты жұмысты орындау процесінде талқыланатын және тізбекті түрде жетуге тиісті бірнеше сұрақтар. Әдетте олардың саны тараулар (параграфтар) санына сәйкес болады. Бірақта жұмыстың сапасы қашанда болмаса міндеттердің шешуі мен қойылған зерттеу мақсатына жетуіне байланысты.

Зерттеу объектісі – зерттеу үшін таңдалған мәселелік процесс немесе құбылыс.

Зерттеу пәні – ол объект бойынша анықталатын, нақты зерттеу соған бағытталатын, оған негізгі назар аударылатын қатынас. Зерттеу пәнінің тұжырымдамасы жұмыс тақырыбымен сәйкес болуы тиіс.

Зерттеу әдістеріжұмысты орындау процесінде қолданылған ғылыми-тәжірибелік зертеудің жалпығылымдық, нақтығылымдық және арнайы әдіс-тәсілдердің атаулары.

Кіріспенің көлемі 2-3 парақтан кем болмауы тиісті.

Кіріспенің әрбір элементінің өз орны мен мәні бар, сондықтан олардың біреуінің болмағаны жұмыстың бағасын төмендетуге негіз болады.

2. Негізгі – теориялық және тәжірибелік (практикалық) – тараулардың мазмұны.

2.1 Теориялық тараудың мазмұны. Бұл тарау 3 параграфтан қалыптасуы тиіс (олар былай белгіленеді: 1.1 Атауы, 1.2 Атауы, 1.3 Атауы).

Бірінші тарауда таңдалған тақырыптың теориялық аспектілері көрсетіледі. Мысалы, курстық жұмыстың авторы қолданылатын негізгі ережелер, анықтамалар, модельдер, терминдер түсініктері және жұмыста қойылған міндеттерді шешуге қажетті концепциялар мен концептуалды модельдер, талдау мен бағалаудың әдістемелерінің салыстырмалы сипаттамалары, қарастырылып отырған мәселелер жөніндегі ой-пікірлер; отандық және шетелдік тәжірибе және т.б.

2.2 Тәжірибелік тараудың мазмұны. Екінші тарауда автор тәжірибелік зерттеудің негізгі нәтижелерін көрсетуі тиіс. Мысалы, құқықтық-нормативтік актілердің және зерттеу объектісінің негізгі сипаттамаларын көрсету, реттеуші және есептілік құжаттарды бағалау және қолдану, әртүрлі қажетті әдістерді пайдалану үлгілерін келтіру, экономикалық зерттеу әдістемесін пайдалана отырып, объектінің дамуының жалпы тенденцияларын анықтау және зерттеу пәніне сәйкес жүргізілген жұмыс бойынша қортындылар жасау.

Екінші тарауда параграфтар болмауы мүмкін. Оны жұмыстың қөлеміне байланысты автор өзі анықтауына болады. Мысалы, егер бірінші тарауда 6 парақтан үш параграф болса (барлығысы 18 бет құрайды), ал жұмыстың жалпы көлемі 25-30 беттен аспаса, онда екінші тарауды параграфтарға бөлудің қажеті жоқ және тарау атауының астынан тікелей текст келтіріленеді (6-7 парағы көлемінде).

3.Қорытындының мазмұны. Қорытынды жұмыстың барлық мазмұнының қысқаша түрде қайталауы болмасын. Мұнда тек нәтижелік түйіндер жариялануы тиіс! Сондықтан, бүл тарау жүргізілген зерттеу логикасымен дәлелденіп отырған жұмыстың жинақталған нысаны ретінде тұжырымдылық рөл атқарады. Басқаша айтқанда, бұл анықталған нәтижелерді тізбекті және логикалық түрде көрсету және олардың кіріспеде қойылған жалпы мақсатпен және нақты міндеттермен байланысын жария ету.

Қорытындыда автор жұмыс бойынша тұжырым жасап, алға қойылған мақсат пен міндеттерді орындау жөнінде 3-4 түйін мен ұсыныстар келтіреді. Қорытындыда жаңа материалдар болмауы тиіс.

4.Қосымшылардың мазмұны. Қосымшылар ретінде барлық маңызсыз, бірақта акпараттық қажеті бар материалдар көрсетіледі, яғни үлкен кестелер, есептемелер және сатистикалық материалдар. Себебі олар жұмыстың көлемін ұлғайтады, ал қосымшылар парақтары жалпы жұмыс көлеміне кірмейді.

БЕЗЕНДІРУ ТАЛАПТАРЫ


Жұмыс тек компьютірде орындалады, қолжазбалы жұмыстар тексеруге қабылданбайды.

Негізгі тексті безендіру. Шрифт 14 Тimes New Roman. Жоларалық интервал 1,5. Теңестіру жалпақтығынан. Абзац – 10 мм. Жиектері: жоғарыда – 20 мм, төменінде – 20 мм, солжағында – 30 мм, оңжағында – 10 мм.

Атауларды безендіру. Бірінші деңгейдің атаулары (тараулар атаулары) шрифт 14, бас әріп, қалын қара. Жоларалық интервал 1,5. Теңестіру ортадан, абзацсыз. Мысалы:
1 ТАРАУ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Назар аударыңыздар: бірінші деңгей атауларында тыныс белгілері жоқ (қажетті үтірлерден басқа).

Екінші деңгейлер атаулары (параграфтар атаулары) алдыңғы текстен 2 интервалдан кейін келтіріледі, шрифт 14, қалын қара, тармақ әріп. Жоларалық интервал 1,5. Теңестіру ортадан, абзацсыз. Мысалы:
1.2 Экономикалық жүйелерді талдаудың қазіргі тәсілдерімдері
Атаудан кейін де сондай 2 интервал. Назар аударыңыздар: нөмір мен атаудан кейін нүкте қойылмайды.

Тарауларға бөліп қою (рубрикация – бөлімдерге, тарауларға және параграфтарға бөлу). Жұмыста тек 2 деңгей атауларын пайдаланған жөн. Демек, мазмұнға тек 1-ші және 2-ші деңгей атаулары еңгізіледі, ал «кіріспе», «қорытынды», «пайдаланған әдебиеттер тізімі» атты атаулар 1-ші деңгей атаулары (тарау атаулары) сияқты жазылады.

Қажет! Алдынғы текст қалай аяқталғанына байланыссыз әр тарау (2-ші деңгей емес 1-ші деңгей) жаңа беттен басталуы тиіс!.

Парақтарды нөмірлеу. Нөмір парақтың төменгі оңжақ бұрышына қойылады, титул бетте нөмір қойылмайды.

Кестелерді безендіру. Кесте негізгі текстен 1 интервал төмен келтіріледі. Сканерленген және ксерокспен көшірмеленген кестелер келтіруге рұқсат етілмейді. Кестелерді толайым нөмірлеген дұрыс болады (1, 2, 3… n). Қажет болса кестенің өлшем бірлігін келтірген жөн (мысалы, мың теңге немесе мың адам). Кестеде пайдаланған мәліметтер көздерін атап өту қажет. Мысал:

1 Кесте
Кәсіпорын іс-әрекетінің негізгі көрсеткіштері, мың теңге

Көрсеткіштер

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

Пайда көлемі

1000,0

2500,0

15000,0

Сату көлемі

10000,0

25000,0

100000,0

Ескерту: Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности. Уч. пос. Алматы: Экономика, 2009. – 240 с.
Суреттерді (схемаларды) безендіру.

Сурет (схема) негізгі текстен 1 интервал төмен келтіріледі. Сканерленген және ксерокспен көшірмеленген суреттерді келтіруге рұқсат етілмейді. Кестені қалын қара қаламмен де жасауға болады.

Мысал:











1 сурет. Экономикалық әдістерді жіктеу схемасы
Суреттің атауы мен нөмірі оның астында көрсетіледі. Суреттерді де толайым нөмірлеген дұрыс болады (1, 2, 3… n). Суретте пайдаланған мәліметтер көздерін атап өту қажет.

Қажет! Жұмыстың тарауы немесе параграфы (негізгі текст) кесте немесе суретпен аяқталмайды! Кестеден немесе суреттен кейін міндетті түрде текст болуы тиіс!

Сілтеме (түсірме) безендіру. Бұлар екі түрде болады. Қажет! Жұмыста сілтеменің тек бір түрі қолданылады.

Техникалық сілтемелер пайдаланған цитаттан кейін шаршы жақтаның ішінде келтіріледі. Шаршы жақтаның ішіндегі бірінші цифр – пайдаланған әдебиеттер тізіміндегі сол көздің нөмірі, екінші цифр – алынған цитаттың көздегі парағының нөмірі. Мысал: [2, б. 23].

Жолма-жол (гуманитарлық) түсірме парақтың төменгі жағында келтіріледі, шрифт 10. Мысал:

__________________

1 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности. Учебное пособие. Алматы: Экономика, 2009. – с 17.
Жұмыста сілтемелердің болуы міндетті! Сілтемелердің жоғы – плагиат деп есептеуге болады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімін безендіру. Тізім автордың тегі немесе пайдаланған көздің атауы бойынша алфавиттік тәртіппен құрастырылады. Қазақ және орыс тіліндегі көздерден кейін шетел көздері (шетел тілінде) латын алфавитімен келтіріледі. Содан кейін автордың аты-жөні мен шығарманың атауы көрсетілген интернет-сайттар орналастырылады. Безендіру мысалдары.

Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности.//Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2009. – 240 с.

3 және одан артық авторлары бар шығарыдар.

Финансы. – Искаков У.М., Мельников В.Д. и др. – Алматы: Экономика, 2008 – 370с.

Редакциялықпен жарық көрген шығарымдар.

Финансы / под ред. Искакова У.М. – Алматы: Экономика. – 2004, 410с.

Арнайы жинақ алынған мақалалар.

Серикбаев М.Т. Методы оценки финансовой устойчивости//Материалы науч.-практ. конференции. – Алматы: изд-во КазНУ им. Аль-Фараби. – 2010, с. 17 – 26.

Журналдардан алынған мақалалар.

Сагатов А.А. Вопросы оценки вероятности банкротства//Экономист –2002, №11, с. 17-26

Интернет-шығарымдар.

Сагатов А.А. Вопросы оценки вероятности банкротства /www.narod-da.ru/…… html/

Ізденіс жүйелерді пайдалануға жасалған көрсету дұрыс емес, мысалы, rambler немесе monah.ru, referat.ru, referatov.net және т.б.

Пайдаланған әдебиеттер тізіміндегі көздер саны 15-тен аз болмауы тиіс, одан аз болса, онда автор тақырыпты толық оқыған жоқ деп есептеледі.

Қосымшаларды безендіру.

Сканерленген және ксерокспен көшірмеленген қосымшалар келтіруге рұқсат етілмейді. Қосымшаның нөмірі парақтың жоғарғы оңжақ бұрышында бас әріптермен белгіленеді (Ә, А, Б, В және т.б.). Мысал: ҚОСЫМША А

Тексте қосымшаларға сілтеме болуы тиіс (мысалы, А қосымшаны қараңыз), әйтпесе қосымшаның қажеті болмайды.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАР ТАҚЫРЫПТАРЫ





  1. Жалпығылымдық әдістер түсінігі және олардың экономикалық зерттеулердегі рөлі.

  2. Экономиканы тану сатылары және олардың экономикалық зерттеулердегі рөлі.

  3. Экономикалық талдаудың ғылыми әдістерін зерттеу және оларды пайдалану.

  4. Зерттеу нәтижелерін сатистикалық өндеу әдістері және оларды қолдану аймағы.

  5. Жазбаның ғылыми стилін зерттеу.

  6. Ғылыми еңбекті безендіруді филологиялық жанамалауды зерттеу.

  7. Экономикалық зерттеудің мақсатын, міндеттерін және ғылыми әдістерін дәлелдеу.

  8. Ғылыми идеяның түсінігін зерттеу және оның экономикадағы іздестіру әдістері.

  9. Гипотеза: түсінігі, дәлелдеуі, түрлері және экономикалық зерттеуде пайдалануы.

  10. Ғылыми экономикалық зертеуді жоспарлау және бағдарламасын әзірлеу.

  11. Жүйелік талдау әдістерін таңдауды дәлелдеу және оларды пайдалану.

  12. Кешендік талдау әдістерін таңдауды дәлелдеу және оларды пайдалану.

  13. Функционалды-құндық талдау әдістерін таңдауды дәлелдеу және оларды пайдалану.

  14. Қолданбалы сипаттағы арнайы әдістерді таңдауды дәлелдеу және оларды пайдалану.

  15. Ғылыми-зерттеу жұмыстың құрылымын дәлелдеу әдістемесі.

  16. Ғылыми-зерттеу жұмыстың жеке бөлімдерінің мазмұнын дәлелдеу.

  17. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді таңдап алу әдістемесі.

  18. Қағаз және электрондық құралдармен жұмыс істеу әдістемесінің ерекшіліктері.

  19. Пайдаланған әдебиеттер тізімін безендіру әдістемесі.

  20. Конференцияларға қатысу үшін баяндамаларды безендіру әдістемесі мен мазмұны.


Курстық жұмыс тақырыбы магистранттың сынақ кітапшамасы нөмірінің (алғашқы үш цифр) ӘҚЫРҒЫ ЦИФРЫНА сәйкес таңдалады


цифра

тақыпып №

цифра

тақырып №

0

1 или 11

5

6 или 16

1

2 или 12

6

7 или 17

2

3 или 13

7

8 или 18

3

4 или 14

8

9 или 19

4

5 или 15

9

10 или 20



Титул беттің үлгісі
ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА УНИВЕРСИТЕТІ

ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ КАФЕДРАСЫ

ЖАЛПЫҒЫЛЫМДЫҚ ӘДІСТЕР ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ РӨЛІ
1 тақырып

«Экономикалық зерттеулер әдістемесі» пәні бойынша

курстық жұмыс


Орындаған:

«Есеп және аудит» мамандығының

1 курс магистранты,

сынақ кіт. № _________

_____________________

Ф.А.Т.

Тексерген:

_____________________

Ф.А.Т.

«_____» ______________ 200__г.

______________________

баға:

Астана, 20___

Похожие:

Курстық ЖҰмыс тақырыптары және оны орындау мен безендіру бойынша әдістемелік нүСҚаулар «Экономикалық зерттеу әдістемесі» пәні бойынша iconКурстық жұмыстын рәсімдеу және жазу бойынша нұсқаулықтар Жұмыс оқу жоспарына сәйкес 5В 0503100 Юриспруденция мамандығының күндізгі және сырттай бөлім студенттері «Мемлекет және құқық теориясы»
«Мемлекет және құқық теориясы» пәні бойынша курстық жұмыстарын орындау студенттердің пәнді оқу барысындағы студенттердің білімін...
Курстық ЖҰмыс тақырыптары және оны орындау мен безендіру бойынша әдістемелік нүСҚаулар «Экономикалық зерттеу әдістемесі» пәні бойынша iconҚылмыстық құқық пәні бойынша Курстық жұмысы
Менің курстық жұмысымның тақырыбым «Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері». Бұл тақырыпты зерттеу барысында әдебиеттер мен басылымдарды...
Курстық ЖҰмыс тақырыптары және оны орындау мен безендіру бойынша әдістемелік нүСҚаулар «Экономикалық зерттеу әдістемесі» пәні бойынша iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
В071200 – Машинажасау мамандығының студенттеріне «Металл кескіш станоктар» пәні бойынша курстық жобаны орындау үшін арналған әдістемелік...
Курстық ЖҰмыс тақырыптары және оны орындау мен безендіру бойынша әдістемелік нүСҚаулар «Экономикалық зерттеу әдістемесі» пәні бойынша icon«макроэкономика» ПӘні бойынша курстық ЖҰмыстың жуық тақырыптары
Жұмысбастылық пен жұмысыздық: демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштерге байланысты
Курстық ЖҰмыс тақырыптары және оны орындау мен безендіру бойынша әдістемелік нүСҚаулар «Экономикалық зерттеу әдістемесі» пәні бойынша iconҚазақ тілі курсы бойынша 050202 «халықаралық Қатынастар» мамандығына арналған оқУ – Әдістемелік кешен
Курстың негізгі тақырыптары кестемен берілген. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі көрсетілген. Тапсырмаларды орындау үшін тақырып...
Курстық ЖҰмыс тақырыптары және оны орындау мен безендіру бойынша әдістемелік нүСҚаулар «Экономикалық зерттеу әдістемесі» пәні бойынша iconКурсы бойынша курстық жобалар (жұмыстар) тақырыптары
«Еңбекті өтеу бойынша қызметкерлермен есептесу» бағдарламалық модулінің үйлесімделуі және адаптациясы
Курстық ЖҰмыс тақырыптары және оны орындау мен безендіру бойынша әдістемелік нүСҚаулар «Экономикалық зерттеу әдістемесі» пәні бойынша iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
«Қазіргі қазақ әдебиеті» пәнінен 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған курстық жұмыс бойынша
Курстық ЖҰмыс тақырыптары және оны орындау мен безендіру бойынша әдістемелік нүСҚаулар «Экономикалық зерттеу әдістемесі» пәні бойынша iconЭкономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасы
Курстық жұмысты жазу бойынша әдістемелік ұсыныстар «Экономикалық теория» пәнінің типтік бағдарламасы негізінде аға оқытушы Б.Қ. Спанова...
Курстық ЖҰмыс тақырыптары және оны орындау мен безендіру бойынша әдістемелік нүСҚаулар «Экономикалық зерттеу әдістемесі» пәні бойынша iconПәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
«Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті» пәні бойынша 050713«Көлік, көлік техникасы және технологиялар» мамандығының студенттеріне...
Курстық ЖҰмыс тақырыптары және оны орындау мен безендіру бойынша әдістемелік нүСҚаулар «Экономикалық зерттеу әдістемесі» пәні бойынша icon«Химия тарихы» пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен
Студенттер пәнге байланысты материалды толық және тереңірек игеру үшін оларға дәрістік сабақ конспектілері, тестілер, бақылау мен...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница