Тұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы №385-ii қазақстан Республикасының Заңы




Скачать 379.5 Kb.
НазваниеТұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы №385-ii қазақстан Республикасының Заңы
страница1/3
Дата конвертации16.02.2013
Размер379.5 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
Тұқым шаруашылығы туралы

2003 жылғы 8 ақпандағы № 385-II Қазақстан Республикасының Заңы

(2010.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1-тарау. Жалпы ережелер                                                 (1 - 3 баптар)

2-тарау. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеу мен басқару   (4 - 10 баптар)

3-тарау. Тұқым шаруашылығын ұйымдастыру                                 (11 - 12 баптар)

4-тарау. Тұқымдарды өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату   (13 - 20 баптар)

         және пайдалану

5-тарау. Тұқымның сорттық және егу сапаларын анықтау тәртібі            (21 - 23 баптар)

6-тарау. Тұқым шаруашылығы саласындағы дауларды шешу және жауапкершілік (24 - 25 баптар)

 

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган», «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға», «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органды», «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның», «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың», «тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік органмен» деген сөздер «уәкілетті орган», «уәкілетті органға», «уәкілетті органды», «уәкілетті органның», «уәкілетті органдардың», «уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

Осы Заң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерiн белгiлейдi және тұқым шаруашылығы жүйесiнiң ұйымдастырылуы мен жұмыс iстеуi және ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқымдарын өндiру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату мен пайдалану iсiн мемлекеттiк бақылау мәселелерiн реттеуге бағытталған.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен мазмұн 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) агент – акцияларының (үлестерінің) жүз проценті агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингке немесе Қазақстан Респуб­ли­касының Үкіметі айқындаған оның еншілес ұйымына тие­сілі және мемлекеттік тұқым ресурстарын басқару жө­ніндегі өкілеттікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын заңды тұлға;

2) аттестаттау - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың тұқым шаруашылығы субьектісінің мәртебесіне сәйкестігін анықтау (растау);

3) аттестаттау туралы куәлік - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы берген, мемлекеттің тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған субъектілердің қызметін тануын куәландыратын құжат;

4) ауыл шаруашылық өсімдіктері - дәнді, дәнді-бұршақтық, жармалық, азықтық, майлы, эфирлі-майлы, техникалық, көкөністік, дәрі-дәрмектік, гүлдік, жемістік, жидектік дақылдар, картоп, жүзім;

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) байқаудан өткізуші - Қазақстан Рес­пуб­ликасының заңнамасында көзделген тәртіппен ауыл шаруашылық өсімдіктерінің сортты егістерін сынақтан өткізу құқығына аттестатталған жеке адам;

6) бақылау сынақтары - ауыл шаруашылық өсімдігінің сорт белгілерінің сақталуын және әр түрінің осы сортқа сәйкестігін анықтау;

7) бірегей тұқымдар - ауыл шаруашылық өсімдігі сортының авторы, ол уәкілдік берген адам немесе сорттың оригинаторы өсіріп шығарған және элиталық тұқымдарды өндіруге арналған тұқым;

8) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдар - тұқымдар элитасының жылдар бойынша кейіннен өсіріп-өндірілуі: бірінші жыл - бірінші көбейтілген тұқым, екінші жыл - екінші көбейтілген тұқым, үшінші жыл - үшінші көбейтілген тұқым;

9) егістерді байқаудан өткізу - ауыл шаруашылық өсімдіктері егістерінің сорттық сапаларын: сорттық тазалығын, сортқа тәнділігін, арамшөптер басу, ауруға шалдығу және зиянкестерден бүліну дәрежесін анықтау;

10) жерге егіп бағалау - тұқымдардың белгілі бір түрге, сортқа жататындығы мен сорттық тазалығын оларды арнаулы учаскелерде егу және өсімдіктер бойынша сорттық сапаларын кейіннен тексеру жолымен анықтау;

11) зертханалық сорттық сынақтар - тұқымдардың белгілі бір сортқа тиістілігін белгілеу және зертханалық талдау жүргізу жолымен тұқымдардың сорттық тазалығын анықтау;

12) кондициясына жеткізілмеген тұқым - сорттық және егу сапасы жағынан тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сай келмейтін тұқым;

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен мазмұн 12-1) тармақшамен толықтырылды

12-1) Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия - өсімдік сорттарының патент қабілеттілігін және шаруашылыққа пайдалылығын сараптамадан өткізуді және сынауды жүзеге асыратын, уәкілетті органның қарауындағы ұйым;

13) сорт ауыстыру - тұқым өсірушілердің өндірісте егіліп жүрген ескі сорттарды неғұрлым шығымды немесе ауыстырылатын сорттан шаруашылық-бағалылық белгілері мен қасиеттері жағынан артық жаңа, пайдалануға рұқсат етілген сорттармен ауыстыруы;

14) сорт жаңарту - өндірісте пайдалану кезінде сорттық және биологиялық сапасы нашарлаған тұқымдарды сол сорттың жақсы тұқымдарымен ауыстыру;

15) сортқа тәнділік - айқас тозаңдандырылатын ауыл шаруашылық өсімдіктерінің сорттық тазалығының көрсеткіші;

16) сорт оригинаторы - сорттың сақталуын қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлға;

17) сорттық бақылау - ауыл шаруашылық өсімдіктері егістерінің сорттық тазалығын анықтау және тұқымдардың белгілі бір сортқа жататындығын белгілеу жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылау;

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

18) сорттық сынақ - селекциялық жетістіктің патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілетін сараптамадан және сынақтан өткізу;

19) сорттық тазалық - негізгі сорт өсімдіктерінің немесе сабақтарының осы ауыл шаруашылық өсімдіктерінің немесе сабақтарының жалпы санына проценттік қатынасы;

20) суперэлиталық тұқымдар - бірегей тұқымдарға жататын, өсіріп-өндіру көшеттігінің өнімінен алынған, мемлекеттік стандарттар мен тұқым шаруашылығы саласындағы өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сай келетін және элиталық тұқымдарды өндіруге арналған тұқымдар;

21) тұқымдар - өсімдіктердің сортын молықтыру үшін пайдаланылатын генеративтік және вегетативтік органдары: тұқымның өзі, жемістер, күрделі жемістердің бөлігі, қосалқы жеміс, масақтар, көшеттер, жуашық, түйнек, қалемшелер, түзуші ұлпалар және басқалар;

22) тұқымдардың кондициялылығы - тұқымдардың тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігі;

23) тұқымдардың сорттық сапасы - тұқымдардың ауыл шаруашылық өсімдігінің белгілі бір сортына жататындығын сипаттайтын белгілер жиынтығы;

24) тұқымдар тобы - тиісті құжатпен (байқаудан өткізу актісімен, тұқымның аттестатымен, тұқым куәлігімен, тұқымның кондициялылығы туралы куәлікпен, тұқымдарға талдау жасау нәтижесімен, карантиндік сертификатпен, фитосанитариялық сертификатпен немесе импорттық карантиндік рұқсатпен) расталған, шығу тегі мен сапасы жөнінен біртектес тұқымның белгілі бір мөлшері;

25) тұқымдық бақылау - тұқымның егу сапасын анықтау жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау;

26) тұқым куәлігі - тұқымдардың алғашқы және одан кейінгі көбейтілуінің сорттық және егу сапасын растайтын құжат;

27) тұқымның егу сапасы - тұқымдардың егуге (отырғызуға) жарамдылық дәрежесін сипаттайтын сапа көрсеткіштерінің жиынтығы;

28) тұқым өндірушілер - осы Заңға сәйкес тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

29) тұқым өсіру шаруашылығы - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарды өндіру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект;

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен мазмұн 29-1) тармақшамен толықтырылды

29-1) тұқым өткізуші – облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының партияларын өткізу және (немесе) тұқым несиесін беру жөніндегі қызметті жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға;

30) тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана - тұқымдардың сорттық және егу сапасының тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігіне зерттеулер жүргізу құқығына белгіленген тәртіппен; аттестатталған заңды тұлға;

31) тұқым сараптамасы - тұқымдардың сорттық және егу сапасының техникалық регламенттердің және тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін анықтау жөніндегі іс-шаралар кешені;

32) тұқым сарапшысы - тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тұқымдардың сорттық және егу сапасына сараптама жүргізу құқығына аттестатталған маманы;

33) тұқым шаруашылығы - тұқымдарды өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату және пайдалану жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтитын қызмет, сондай-ақ мемлекеттік бақылау, оның ішінде сорттық және тұқымдық бақылау;

34) тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор - уәкілетті органның тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамы;

35) тұқым шаруашылығының схемасы - көшеттіктер мен тұқымдық егістіктердің өзара байланысты топтары, оларда белгілі бір реттілікпен, сұрыптау және өсіріп-өндіру жолымен сортты молықтыру процесі жүзеге асырылады;

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 36) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

36) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - өз құзыреті шегінде тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты және оның ғылыми қамтамасыз етілуін іске асыруды, тұқым шаруашылығына қатысу­шылардың қызметін үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

37) элиталық тұқымдар - ауыл шаруашылық өсімдіктерінің бірегей немесе суперэлиталық тұқымнан алынған және Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының талаптарына сай келетін тұқымдары;

38) элиталық тұқым өсіру шаруашылығы - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, элиталық тұқымдарды өндіру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект.

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы объектiлер мен субъектiлер

1. Тұқым шаруашылығы саласындағы объектiлерге:

сорт (өскiн, топ, будан, жеке түр, аралас сорттар);

тұқымдар;

тұқымдық және тұқым өcipy егiстерi мен екпелерi жатады.

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Тұқым шаруашылығы саласындағы субъектiлерге:

сорттың авторы;

сорттың оригинаторы;

тұқым өндiрушiлер;

тұқымдарды сату құқығынсыз үй жанындағы, бау-бақ, саяжай және бақша учаскелерiнде пайдалану үшiн тұқым өндiрумен шұғылданатан жеке адамдарды қоспағанда, тұқымдарды тұтынушылар;

тұқымдардың сорттық және егу сапасын анықтау бойынша қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

тұқым өткізушілер;

Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорт сынағын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия;

агент жатады.

 

 

3-бап. Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

2-тарау. Тұқым шаруашылығы саласындағы

мемлекеттік реттеу мен басқару

4-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк реттеу

Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк реттеу:

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) мыналарды:

тұқым шаруашылығы субъектілерін алғашқы аттестаттауды;

аттестаттау туралы куәліктің қолданылу мерзімі өткеннен кейін тұқым шаруашылығы субъектілерін:

бірегей тұқым өндірушілерді – бес жылда бір рет;

элиталы тұқым өсіру шаруашылықтарын – үш жылда бір рет;

тұқым өсіру шаруашылықтарын – үш жылда бір рет;

тұқым өткізушілерді – екі жылда бір рет;

тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды – үш жылда бір рет;

байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын үш жылда бір рет қайта аттестаттауды;

тұқым шаруашылығы субъектілерін біліктілік талаптарына сәйкестігі нысанасына аттестаттаудан кейін жыл сайын зерттеп-тексеруді қамтитын тұқым шаруашылығы субъектілерін аттестаттау;

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін жүргiзу;

3) тұқымның сорттық және егу сапасына мiндеттi сараптама жасау;

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттiк бақылау жүргiзу;

5) аттестатталған тұқым өндiрушiлер қызметiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сай келуiн бақылау;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұқым шаруашылығы және селекция саласында ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тектiк қорын сақтау, дамыту және пайдалану жөнiндегi iргелi және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер жүргiзу;

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) бiрегей тұқымдар өсiруге субсидия беру және Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген элиталық тұқым сорттарының отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерi сататын құнын арзандату;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

8) ауыл шаруашылық өсiмдiктерiн сорттық сынақтан өткiзудi, тұқымдардың, соның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң егуiне арналған тұқымдардың сорттық және егiстiк сапасының сараптамасын мемлекеттiк қамтамасыз ету;

9) тұқымдардың мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру және олардың сан-сапа жағынан жай-күйiн бақылау;

10) тұқым шаруашылығы саласындағы инвестициялық, кредиттiк саясатты қалыптастыру;

11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру кезiнде тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң мүдделерiн құқықтық жағынан қорғау;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 12) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

12) ерекше жағдайларда мемлекеттiк стандарттарда белгiленген тұқым сапасы көрсеткiштерiн бiр жылдан аспайтын мерзiмге төмендету;

13) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды

14) техникалық реттеу - саласындағы қауіпсіздікті (бұдан әрі  - қауіпсіздік) қамтамасыз ету;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды

15) тұқым шаруашылығы саласында қауіпсіздікке қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелетін әрекеттердің алдын алу арқылы жүзеге асырылады.

 

5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкiметi:

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1) тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;

2) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органды белгiлейдi;

3) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша селекция мен тұқым шаруашылығы жөнiндегi ғылыми-техникалық және салалық бағдарламаларды бекiтедi;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша тұқым шаруашылығын мемлекеттiк қолдаудың бағыттарын, тұқымдарына бюджет қаражаты есебiнен субсидия берiлуге тиiстi ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тiзбесiн және оларға бөлiнетiн субсидиялардың нормативтерiн белгiлейдi;

5) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынысы бойынша мемлекеттiк тұқым ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану тәртiбiн, олардың құрылымы мен көлемiн белгiлейдi;

6) тұқым шаруашылығы саласындағы, соның iшiнде тұқымдарды экспорттау және импорттау мәселелерi жөнiндегi халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады және үкiметаралық келiсiмдер жасайды;

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) білім беру саласындағы уәкілетті мем­ле­кет­тік органның және уәкілетті органның ұсынуы бойынша кадрларды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын бекiтедi;

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен мазмұн 7-1) тармақшамен толықтырылды

7-1) патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесін бекітеді;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген сорттардың бірегей тұқымдарының өндiрiсiн субсидиялау және отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерi үшiн элиталық тұқымдарының құнын арзандату тәртiбiн айқындайды;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9)-10) тармақшалармен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)

9) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң сорттық сынағын өткiзу тәртiбiн айқындайды;

10) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша тұқымның, соның iшiнде отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiнiң егуiне арналған тұқымның сорттық және егiстiк сапасына сараптама жүргiзу тәртiбiн айқындайды.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды

11) техникалық регламенттерді бекітеді.

6-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның құзыретi

1. Тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган:

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)

1) тұқым шаруашылығын дамыту жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлейдi;

2) селекция, сортты сынақтан өткiзу және тұқым шаруашылығы жөнiндегi ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады;

3) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

4) тұқымның мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру мен басқаруды және олардың сан-сапа жағынан жай-күйiне бақылау жасауды жүзеге асырады;

5) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген ауыл шаруашылық өсiмдiктерi сорттарының тұқымдарын өндiру және сату көлемiне болжам жасайды;

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) бiрегей және элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқымдар өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді, тұқым сапасын сараптамадан өткізетін зертханаларды, байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау жөніндегі нормативтік актілерді бекiтедi;

7) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен мазмұн 7-1) тармақшамен толықтырылды

7-1) патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесін әзірлейді;

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен мазмұн 7-2) тармақшамен толықтырылды

7-2) мыналарды:

Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін;

ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені;

ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне сорт сынағын жүргізудің әдістемесін;

тұқым шаруашлығының аттестатталған субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге жыл сайын квота белгілеудің тәртібін бекітеді;

8) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес тұқым шаруашылығы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;

9) сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сорттық егiстердi байқаудан өткiзудi, жерге егiп бағалауды, зертханалық сорттық сынақтан өткiзудi, тұқымның сапасына сараптама жасауды жүргiзу тәртiбiн бекiтедi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

10) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

11) сортты сынақтан өткiзу мен тұқым шаруашылығы мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi және тұқымға арналған құжаттаманың нысандарын әзiрлейдi және бекiтедi;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды

11-1) техникалық регламенттерді әзірлейді;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау жөніндегі қолда бар мемлекеттік стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өтініштері негізінде тұқым сапасының мемлекеттік стандарттарда белгіленген көрсеткіштерін ерекше жағдайларда бір жылдан аспайтын мерзімге төмендетуге рұқсат береді;

14) бастапқы, элиталық және өнеркәсiптiк (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргiзудiң схемалары мен әдiстерiн әзiрлейдi және бекiтедi;

15) отандық және шетелдiк селекция сорттарына мемлекеттiк сынақ ұйымдастырады;

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16) уәкілетті орган бекіткен сорттар ориги­на­тор­ларын тіркеу ережелеріне сәйкес сорттар ори­ги­наторларын тіркейді;

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

17) осы тармақтың 20) тармақшасына сәйкес ай­қындалатын квота шегінде субсидиялауға жататын тұқымды өткізудің шекті бағасын белгілейді;

18) республиканың тұқым ресурстарының мониторингiн жүзеге асырады;

19) өз құзыретi шегiнде селекция және тұқым шаруашылығы жөнiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 20) тармақша өзгерді  (бұр. ред. қара); 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

20) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:

тұқым шаруашылығында аттестатталған әрбір субъекті үшін –бірегей тұқымдар бойынша;

әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін элиталық тұқым бойынша айқындайды;

21) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн және ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң перспективалы сорттарының тiзбесiн бекiтедi;

22) бiрегей тұқымдардың және отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне арзандатылып сатылған тұқымдардың нысаналы пайдаланылуын бақылайды;

23) тұқым шаруашылығы саласында ғылыми кадрларды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады, байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

24) ауыл шаруашылық өсiмдiктерi тұқымдарының сорттық және егу сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

25) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 26) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

26) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты жергілікті атқарушы органдардан сұратады;

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

27) республика бойынша тұқымдар балансын жасайды.

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 28) тармақшамен толықтырылды; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 28) тармақша өзгертілді  (бұр. ред. қара)

28) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.

2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 29) тармақшамен толықтырылды

29) патент беруге арналған қорытындысымен қоса сорт сипаттамасының, сорттың патент қабілеттілігі туралы қорытындының нысандарын белгілейді.

2. Тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган өз қызметiн аумақтық органдар арқылы жүзеге асырады.

 

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
  1   2   3

Похожие:

Тұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы №385-ii қазақстан Республикасының Заңы iconТұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеу ережесiн бекiту туралы
Республикасының "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2004 жылғы 2 желтоқсандағы және "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003...
Тұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы №385-ii қазақстан Республикасының Заңы icon30 шілдедегі №434 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына сәйкес, Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын...
Тұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы №385-ii қазақстан Республикасының Заңы iconАуыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесін бекіту туралы
«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының...
Тұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы №385-ii қазақстан Республикасының Заңы iconТұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесін бекіту туралы
Сының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және...
Тұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы №385-ii қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»...
Тұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы №385-ii қазақстан Республикасының Заңы icon30. 03. 11 г. №297 Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы
Азақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет...
Тұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы №385-ii қазақстан Республикасының Заңы iconОблыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын
Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»...
Тұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы №385-ii қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы №297 қаулысы Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы»
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін...
Тұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы №385-ii қазақстан Республикасының Заңы iconТұқым шаруашылығы туралы
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., n 3, 16-құжат; "Егемен Қазақстан" 2003 жылғы 14 ақпан n 35-36
Тұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы №385-ii қазақстан Республикасының Заңы iconТұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94-1 Қазақстан Республикасының Заңы
Р 2012 жылғы 13 ақпандағы №553-iv заңы қараңыз (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница